Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы...
1.2 Сыртқы экономикалык қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ-тарау. Осы заманғы халықаралық сауда.
2.1. Халықаралық сауданың ерекшеліктері, серпіні және тауарлық құрылымы.
2.2.Осы заманғы халықаралық сауданың қайшылықтары. Дүниежүзілік сауда
ұйымының рольі.
2.3. Қазақстанның халықарлық саудадағы орны мен ролі.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында СССР-дің құлау тенденциясы
байқалды. Ел бибітшілік уақытта ауыр экономикалық тауқыметті тартты. Елді
сақтап қалу немесе құлауы сұрақтары ең маңызды мәселенің бірі болды. Тарихи
жағдайдың күшіне екінші сценарийдің жағдайы ықтимал болды.
СССР-дің құлауы, бұрынғы совет республикасының өздігінен толқуына түсті.
Совет Одағының құлауы тек қана саяси сараптаманы ғана емес сонымен
қатар қиын – қыстау сараптамасы да күтіп тұрды.[1]
Қазақстандағы өткен ішкі саясатқы әр – түрлі қарауға болады. 1996 жылғы
қыркүйек айында өткен ШІМ-де өтке коллегияда Н.Ә.Назарбаев “ішкі саясат –
бұл Президенттің саясаты” деп атап кетекн. Әр бір өзін өзі сыйлайтын
мемлекетте саясат көп болмайды, сонымен қатар әртүрлі ведомстваларда өз
еркімен әр қыилы ішкі саясат болмайды. Бұл Ішкі істер Министрлігіне де
қатысы бар. Ол – орындаушы орган, бұл орган Президенттің ішкі саясатын
жүзеге асыруға жауапты.1
Қазақстан Республикасының ішкі саясатының қыйын – қыстау жағдайы,
тарихи жағдайда құрылмайды. Жас республикада ішкі саясатта, дәстүрлер,
дипломатиялық жағдайларда, мамандардың біліктілігін көтеруде болған жоқ.
“Бұл кезеңде тек қана басшылармен жеке қарым – қатынас, экономиканың
ішкі шататы, халықаралық ұйымдар ғана бұл жағдайды жеңе алды”[2] .
Білімді – саясаткерлержің ортасында Ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының
түрлі ойлары бар. Бүгінгі күннің игеруінен алып қарағанда, экономикалық
жағдайы, құқықтық айналымы, халықтық ауыр жағдайы этникалық конфликтің
тоқтамауы алдын ала одақ мемлекеті кезіндегі интеграцияны болжайды. Бұрынғы
Совет Одағына интеграция жолынан басқа ешқандай жағдайлар жоқ деп санағна.
Сұрақтар, былай қорытылған:
1. Интеграцияның сатысы қандай болу керек.
2. “Ресей – Беларусь” сияқты, Совет Одағын құруда және саяси
интеграциялау жобаланғанба
3. Интеграция тек экономикалық аспектілермен шектелуі керек.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевпен алғаш рет 1996 жылы Евра ЗЭС құру
айтылған.
СНГ шеңберіндегі интеграция Қазақстан Республикасындағы ішкі саясатқа ауыр
саланың бірі болды. Экономикалық сапектінің Қазақстан Республикасында ішкі
саясатқағы ең бір маңызды сұрақтың бірі, яғни мемлекет ішкі саясаттың жаңа
феноменін табады.
Осы жаңа тенденция экономикалық проблеманы шешуге ықпал етті. ШІМ – де
1998 жылы өткен коллегия отырысында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев ішкі саясат ведомствалары геоэконмикалық айналымға орташа
жақын болуы керек.
Қазақстанныі ішкі саясатына “экономика” өте маңызды.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен
саналады, бұл да барша жұр таныған ақиқат.
Ендігі бір жәйт. Қазақстан қазір Еуропа мен Азия арасындағы
коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндетіміз – осынау
бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың
мүдесі үшін пайдалану.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған иднустриялық –
инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл біздің болашағымыздың
бағдарламасы.

І тарау Халықлралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
I Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы
ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы
болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке
фирмалар мен ұйым-дар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей
түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен,
шаруашылыңтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың
ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып
жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан
көрінгді.
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы
диалектикалык сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың
диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәелсіздікке, ұлттык
шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың
интернационалднуына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек
бөлінісінің терендете алып келеді.
Халықаралык экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүййіін басты
компоненті. Халықаралык экономикалық
қатынастардың пәніне, біріншіден, халыкаралық экономикалык
қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргі-зуші
субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл
байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады [7,6.19].
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйсіне жеке елдер, интеграциялық
бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша
өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Халықаралық экономикалык қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі
жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және
айналым капиталыңың, ғылыми техникалык әлуеттің орналасуындағы географиялық
жәже тарихи калыптасқан теңсіздік болып саналады.
Негізінде халықаралық экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу жолымен іске асырылады. Халықаралық
экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметгік-
экономикалық, құкықтық және басқа да факторлар әсер етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне
оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, қүқықтық нормалар мен құралдар
(халықаралық экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.),
халықаралық экономикалық үйымдардың халықаралық экономикалық қатынастарды
мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.
Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты,
мемлекет аралық реттеуді талап етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейіне
халықаралық маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті үйымдастыру
мен оның техникасы кіреді. Халықаралық маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен
еырттай ұқсастығы болғанымеқ кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде басқарудың
айрықша құралы ретінде көрінеді. Оның айрықша
сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен
қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу әдістерінен білінеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.
Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қоз-ғалысы.
Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
Халықаралық валюталык-қаржылық және несиелік қатынастар.
Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен практикасын оқып
үйренгенде біз әлемдік шаруашылық деген ұғымға қарсы келеміз. Әлемдік
шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі бола
тұра, оның теориясы мен практикасын зерттеудің арнайы объектісі болып
табылмайды. Бірақ ол халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін
зерттеуде басты компонент болып саналады.
Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар)
әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер
арасында, аймақтар шеңберінде халықаралык экономикалық қатынастар дамыған.
Бұл қатынастар еларалык, тар аймақтық сипатта болды. Әлемдік шаруашылық
пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің
әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға
негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ,
халықаралық экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын
дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның
ішкі тетігіне айналады.
1.2 Сыртқы экономикалык қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы
ролі
Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінің
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар мемлекет, аймақ
және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар -
халықаралық экономикалық саудалық байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы
саудалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, валюталық-қаржылық және несиелік
байланыстардың әр алуан түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан
түрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі
бір аспектісі, кәсіпорындар мен үйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық
қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-
импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден,
сыртқы экономикалык қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы
экономикалық катынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық
инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация,
халықаралык, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады.
Сыртқы сауданыңтүрлері: экспорт, импорт, тауарлар мен қызметтің кері
экспорт және кері импорты.
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық несиелік келісім, халықаралық
каржылық лизинг, шетел инвестициясымее кәсіпорындар түрінде іске асырылады.
Өндірістік кооперацияның түрлері болып лицензиялык келісіммен өнім
өндіру; мамандану негізінде бірлескен өндіріс; мердігерлік кооперация және
бірлескен кәсіпорын; зауытгар мен өндірістік тізбелерді жеткізу жатады.
Ғылыми-техникалык ынтымақтастық технологиялық айырбас түрінде
көрінеді.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
үлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның
негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де
тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір
жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның
реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан -
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуімен
анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік
тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес,
сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық
ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы
экономикалық қызметке кед түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына, біріншіден,
экспорттан валюталық түсім алу жолымен әсер етеді. Қазіргі кезеңде экспорт
Қазақстан экономикасының өте ірі саласына айналды. 1998 жылы жалпы ішкі
өнімнің 26,6 пайызы экспортқа шығарылды. 1999 жылы экспорт көлемі 5592,3
млн доллар болды, ол 1998 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артық. Экспорт
көлемі 1999 жылы импорттан 1909,5 млн долларға артық, ал сыртқа сауда
айналымы сальдосының өсімі 1998 жылға қарағанда 75,5 пайыз болды. Валюталық
түсім импортты өтте мүмкіндік береді. [80, б.10]
Екіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасына инвестициялық
ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды.
Қазақстанда шетел капиталын белсенді түрде тарту 1992 жылы басталды.
Алғашқы кезде ол қарапайым түрде екі тарапты несие беру арқылы іске
асырылды. Бүкіл несие алу мемлекет тарапынан, немесе оның кепілдік беруімен
жүзеге асырылды. 1993 жылы республика аумағында бірінші рет, тікелей
шетелдік инвестициялар тіркеле басталды. Әдепкі кезде тікелей шетелдік
инвестицияның келу көлемі аз болды. Мысалы, 1995 жылы олар елдегі жалпы
күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің 1,5 пайызын ғана құрады. Бірақ бұл
бағыттың басымдылығына, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заңдық
негізді жетілдіруге байланысты тікелей шетелдік инвестицияның үлесі тұрақты
түрде өсті. 1999 жылы ол республикадағы бүкіл инвестицияның 42 пайызын
құрады. Экономикалық ақпараттық орталықтың мәліметтері бойынша Қазақстанға
1993-1999 жылдары тартылған жалпы инвестицияның көлемі 8,8 млрд. доллар
болды. [80, б. 11 ]. Көп жағдайда осындай қомақты инвестициялар негізінде
өндірістің базалық салаларында мұнай және газ өндіруде, қара және түсті
металлургияда, электроэнергетикада дағдарыстан шығуға мүмкіндік туды.
Үшіншіден сыртқы экономикалық қызмет осы заманғы техника мен
технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға
жағдай жасайды. Ғылыми-техникалық үдеріс әсерімен техника мен технологияның
моральдік ескіру қарқыны жылдамдады, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар шығыны артты. Сонымен қатар осы заманғы техника мен
технологияны алу жолында, өнеркәсібі дамыған елдердегі өндірушілердің,
ерекше трансүлттық корпорациялардың дербес техникалық саясат жүргізуіне
байланысты кедергілер туындайды.
Бүндай қайшылыкты шешуге Біріккен ¥лттар ¥йымының сауда және даму
конференциясының басшылығымем әзірленген халықаралык нормативтік құжат
Технология беру саласындағы мінез-кұлық кодексі жағдай жасайды.
Төртіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұзақ мерзімді өндірістік
ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру
мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау
жолымен экономиканын дамуына әсер етеді. Бұндай бірлескен қызмет бірнеше
бағытта іске асырылады: комплектілік технологиялық құрал-жабдықтарды сатып
алу, оның жұмысын жолға қою, қызметкерлерді оқыту үшін кеңестік қызмет
көрсету; жаңа технологияға патенттер мен лицензияларды сатып алу және т.б.
Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан
Республикасының Шетелдік инвестициялар туралы 27.12.94ж. №226 заңы
өзгертулерімен және толықтыруларымен, Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы 28.02.97ж. № 75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен
02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының жарлығымен 06.03.2000ж.
№349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара
кедендік баждан босату қарастырылған.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына
әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру
деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.

ІІ-тарау. Осы заманғы халықарлық сауда.
2.1. Халықаралық сауданың ерекшеліктері, серпіні және тауарлық құрылымы.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен дами бастады. 1950-1994 жылдар арасында әлемдік сауда айналымы 14
есе өсті. Батыс мамандарының баға беруі бойынша , 1950-1970 жылдар
арасындағы кезеңді халықаралық сауданың дамуындағы алтын ғасыр деп
сипаттауға болады. Атап айтқанда осы кезеңде әлемдік экспорт жыл сайынғы 7
пайыздық өсімге жетті. 70 жылдары ол біршама төмендеді. (5%). 80- жылдардың
соңында әлемдік экспорт біраз жанданды (1998 жылы 8,5 пайызға жетті). 90
жылдардың басында уақытша аздап төмендеп , 90 жылдардың екінші жартысынан
бастап халықаралық сауда қайтадан тұрақты жоғары өсім көрсетті.(7-9 пайыз)
Халықаралық сауданың айтарлықтай тұрақты орнықты өсуіне келесі
факторлар әсер етеді:
• Бейбітшілік жағдайында маллекетаралық қатынастарды тұрақтандыру;
• Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, өндірістің және капиталдың
инвестициялануы;
• Негізгі капиталдың жаңартылуына, экономиканың жаңа салаларын құруға ,
ескі салаларын қайта жаңғыртуға әсер ететін ғылыми-техникалық
ревалюция;Әлемдік нарықта халықаралық корпарациялардың белсенді
қызметі;
• Жаңа коммерциялық ақиқаттың , стандартталған тауар үшін жалпы әлемдік
нарықтың пайда болуы;
• Халықаралық сауда ұйымының іс шаралары арқылы халықаралық сауданы
реттеу (ырықтандыру);
• Көптеген елдердің негізгі әлемдік валютаның сауда және төлем
балансының салыстырмалы тұрақтылығын қолдайтын халықаралық қаржы –
экономикалық ұйымдардың , мысалы халықаралық валюта қорының қызметі;
• Әлемдік банктің әлемдік экономиканы тұрақтандыруға бағытталған қызметі
келесі сыртқы сауданы ырықтандыру , көптеген елдердің импортқа шек
қойылуын жюуы және кеденді к баждың әжептәуір төмендетуі, еркін
экономикалық аймақ құруы;
• Сауда экономикалық интеграция үдерісін дамыту: аймақтық кедергілерді
жою, ортақ нарық, еркін сауда аймағын қалыптастыру;
• Бұрынғы колониялды елдердің саяси бостандық алуы. Олардың ішінен
экономикасының үлгісі сыртқы нарыққа бейімделген елдердің бөлініп
шығуы.
Әлемдік сауданың 90 жылдардың ортасында жылдам өсуі негізінен АҚШ
,Италия,Канада,Испанияда импорттың шұғыл артуы экономикалық ынтымақтастық
және даму елдері тобының ішіндегі сауданың кеңуі, сонымен бірге Қыйыр
Шығыстағы (Жапониядан басқа) және Латын Америкасындағы дамыған елдердегі
шаруашылықтың конюктураның жақсаруымен байланысты.
Егер сауда кедергілерін жою табысты жалғасын тапса, онда жақын арадағы
10 жыл бойы (2000 жвылдан бастап) тауарлар нарығының сыйымдылығы жыл сайын
орташа 6 пайызға өседі. Бұл 60 жылдардан бері өте жоғары көрсеткіш болады.
Қызмет саласындағы сауда бұдан да жоғарғы қарқынмен артады, оған ақпарат
пен байланыс саласындағы табыстар біраз әсер етеді.
Сонғы 15 жыл ішіндегі әлемдегі тауар айналымының тұрақты өсуі, оның
жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынынан жоғарлығы , барлық елдердің халықаралық
еңбек бөлінісіне күштірек тартылып жатқанын куәландырады. Әлемдік экспорт 2
еседен артық өсті, яғни 1980 жылдан 1997 жылға дейін 2 триллион доллардан
5,5 триллион долларға жетті. Бұл 80 жылдары экспорт көлемінің 70 пайыздан
және 90 жылдардың бірінші жартысында 30 пайыздан артық өскенін көрсетеді.
Импорт көрсеткіштері де бұл сандарға жақын.
Жобалы бағалау бойынша 2002 жылы әлемдік сауда айналымы 11,9 триллион
долларға жетті.

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Тауар айналымы 7656 10116 10359 11309 11812
Экспорт
(млрд.долл) 3809 5033 5100 5574 5824
Импорт
(млрд.долл) 3847 5083 5259 5735 6018

Халықаралық сауданың өзгерістерін талдау, оны екі аспектіде
қарастыруды қажет етеді: Біріншіден, оның толық өсу қарқыны (экспорттық,
импорттық) және өндірістің өсуімен салыстырғанда; Екіншіден құрылымдағы
өзгерістер: тауарлық (негізгі тауарлар мен қызмет топтарының қарым
қатынасы) және географиялық ( аймақтар , елдер топтпры және жеке елдердің
үлесі).
Біріншісіне байланысты мыналарды айтуға болады: әлемдік сауда
айналымының әлемдік нарықтың сыйымдылығының артуымен байланысты тұрақты
басым қарқынымен өсуі, халықаралық сауданың жаңа сапалық көрсеткіштерінің
сипаты болып саналады.
Әлемдік сауданың қарқынды дамушы секторы қайта өңдеу өндірісі
өнімдерін , ерекше ғылымды қажетсінетін тауарларды сату болып отыр. Мысалы
ғылымды қажетсінетін өнімдер экспортты көлемі бір жылда 500 миллиард
доллар, өндірісі дамыған елдердің жоғарғы техналогиялық өнімінің үлесі 40
пайызға жақындайды.
Машина және құрал жабдықтармен сауданың маңызы да әжептеуір артты.
Бұнда басты үрдіс дамыған елдер арасындағы осы тауар тобымен сауда болып
табылады. Осындай сауданың өсуі қызмет айырбасы көлемінің артуына әсер
етеді. Ол ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық , қаржылық-несиелік
сипаттағы қызметтер.
Машина мен құрал жабдықтармен белсенді сауда қызметтің жаңа түрлерінің
пайда болуына алып келді: инжиниринг, лизинг , консалтинг, ақпараттық
есептеу қызметтері. 1980 – 1992 жылдар арасында өндірісі дамыған елдерден
машина және құрал жабдықтардың экспортты үш есе артты. Өте жылдам қарқында
электро техникалық және электрондық құрал жабдықтардың экспорты артып
келеді, машина техникалық өнімдер экспортындағы олардың үлесі 25 пайыздан
асады.
Халықаралық сауданың жылдам дамып келе жатқан саласының бірі
химия өнімдері мен сауда. Шикізат пен энергия ресурстардың пайдаланудың өсу
үрдісін атап айтуға болады. Бірақ шикізат пен сауданың өсу қарқыны әлемдік
сауданың артуының жалпы қарқынынан төмен. Ол шикізатты айырбастайтын
өнымдердің шығарылуына , олардың үнемді пайдаланылуына , қайта өнделіуінің
жақсаруына байланысты болды.
Азық түлікпен әлемдік саудада оларға сұраныстың азайғандығы байқалады.
Оның себебі азық түлік өнімдері өндірісінің өнеркәсібі дамыған елдерде
кеңейуі болып табылады.
Бұның бәрі әлемдік сыртқы сауда айналымының тауардық және геогрфиялық
құрылымының түбегейлі өзгеруіне әсер етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының пәні
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мемлекеттің белгілеріне жататындар
Мемлекет пен құқық теориясының негіздері
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер