Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы...
1.2 Сыртқы экономикалык қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ тарау ТМД елдерімен Қазақстанның саяси ынтымақтастығы және экономикалық
проблемасы
1. ТМД жүйесіндегі Қазақстан Респуликасының рөлі және орны ... ... ...
3. тарау. ҚР ішкі экомикалық саясаттың батыс елдерінің даму рөлі
3.1 Қазақстандық ішкі саясаттын Америкалық
векторы ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында СССР-дің құлау тенденциясы
байқалды. Ел бибітшілік уақытта ауыр экономикалық тауқыметті тартты. Елді
сақтап қалу немесе құлауы сұрақтары ең маңызды мәселенің бірі болды. Тарихи
жағдайдың күшіне екінші сценарийдің жағдайы ықтимал болды.
СССР-дің құлауы, бұрынғы совет республикасының өздігінен толқуына түсті.
Совет Одағының құлауы тек қана саяси сараптаманы ғана емес сонымен
қатар қиын – қыстау сараптамасы да күтіп тұрды.[1]
Қазақстандағы өткен ішкі саясатқы әр – түрлі қарауға болады. 1996 жылғы
қыркүйек айында өткен ШІМ-де өтке коллегияда Н.Ә.Назарбаев “ішкі саясат –
бұл Президенттің саясаты” деп атап кетекн. Әр бір өзін өзі сыйлайтын
мемлекетте саясат көп болмайды, сонымен қатар әртүрлі ведомстваларда өз
еркімен әр қыилы ішкі саясат болмайды. Бұл Ішкі істер Министрлігіне де
қатысы бар. Ол – орындаушы орган, бұл орган Президенттің ішкі саясатын
жүзеге асыруға жауапты.1
Қазақстан Республикасының ішкі саясатының қыйын – қыстау жағдайы,
тарихи жағдайда құрылмайды. Жас республикада ішкі саясатта, дәстүрлер,
дипломатиялық жағдайларда, мамандардың біліктілігін көтеруде болған жоқ.
“Бұл кезеңде тек қана басшылармен жеке қарым – қатынас, экономиканың
ішкі шататы, халықаралық ұйымдар ғана бұл жағдайды жеңе алды”[2] .
Білімді – саясаткерлержің ортасында Ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының
түрлі ойлары бар. Бүгінгі күннің игеруінен алып қарағанда, экономикалық
жағдайы, құқықтық айналымы, халықтық ауыр жағдайы этникалық конфликтің
тоқтамауы алдын ала одақ мемлекеті кезіндегі интеграцияны болжайды. Бұрынғы
Совет Одағына интеграция жолынан басқа ешқандай жағдайлар жоқ деп санағна.
Сұрақтар, былай қорытылған:
1. Интеграцияның сатысы қандай болу керек.
2. “Ресей – Беларусь” сияқты, Совет Одағын құруда және саяси
интеграциялау жобаланғанба
3. Интеграция тек экономикалық аспектілермен шектелуі керек.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевпен алғаш рет 1996 жылы Евра ЗЭС құру
айтылған.
СНГ шеңберіндегі интеграция Қазақстан Республикасындағы ішкі саясатқа ауыр
саланың бірі болды. Экономикалық сапектінің Қазақстан Республикасында ішкі
саясатқағы ең бір маңызды сұрақтың бірі, яғни мемлекет ішкі саясаттың жаңа
феноменін табады.
Осы жаңа тенденция экономикалық проблеманы шешуге ықпал етті. ШІМ – де
1998 жылы өткен коллегия отырысында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев ішкі саясат ведомствалары геоэконмикалық айналымға орташа
жақын болуы керек.
Қазақстанныі ішкі саясатына “экономика” өте маңызды.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен
саналады, бұл да барша жұр таныған ақиқат.
Ендігі бір жәйт. Қазақстан қазір Еуропа мен Азия арасындағы
коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндетіміз – осынау
бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың
мүдесі үшін пайдалану.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған иднустриялық –
инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл біздің болашағымыздың
бағдарламасы.

І тарау Халықлралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
I Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы
ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы
болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке
фирмалар мен ұйым-дар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей
түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен,
шаруашылыңтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың
ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып
жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан
көрінгді.
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы
диалектикалык сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың
диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәелсіздікке, ұлттык
шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың
интернационалднуына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек
бөлінісінің терендете алып келеді.
Халықаралык экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүййіін басты
компоненті. Халықаралык экономикалық
қатынастардың пәніне, біріншіден, халыкаралық экономикалык
қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргі-зуші
субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл
байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады [7,6.19].
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйсіне жеке елдер, интеграциялық
бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша
өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Халықаралық экономикалык қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі
жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және
айналым капиталыңың, ғылыми техникалык әлуеттің орналасуындағы географиялық
жәже тарихи калыптасқан теңсіздік болып саналады.
Негізінде халықаралық экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу жолымен іске асырылады. Халықаралық
экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметгік-
экономикалық, құкықтық және басқа да факторлар әсер етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне
оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, қүқықтық нормалар мен құралдар
(халықаралық экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.),
халықаралық экономикалық үйымдардың халықаралық экономикалық қатынастарды
мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.
Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты,
мемлекет аралық реттеуді талап етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейіне
халықаралық маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті үйымдастыру
мен оның техникасы кіреді. Халықаралық маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен
еырттай ұқсастығы болғанымеқ кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде басқарудың
айрықша құралы ретінде көрінеді. Оның айрықша
сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен
қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу әдістерінен білінеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.
Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қоз-ғалысы.
Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
Халықаралық валюталык-қаржылық және несиелік қатынастар.
Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен практикасын оқып
үйренгенде біз әлемдік шаруашылық деген ұғымға қарсы келеміз. Әлемдік
шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі бола
тұра, оның теориясы мен практикасын зерттеудің арнайы объектісі болып
табылмайды. Бірақ ол халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін
зерттеуде басты компонент болып саналады.
Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар)
әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер
арасында, аймақтар шеңберінде халықаралык экономикалық қатынастар дамыған.
Бұл қатынастар еларалык, тар аймақтық сипатта болды. Әлемдік шаруашылық
пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің
әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға
негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ,
халықаралық экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын
дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның
ішкі тетігіне айналады.
1.2 Сыртқы экономикалык қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы
ролі
Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінің
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар мемлекет, аймақ
және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар -
халықаралық экономикалық саудалық байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы
саудалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, валюталық-қаржылық және несиелік
байланыстардың әр алуан түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан
түрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі
бір аспектісі, кәсіпорындар мен үйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық
қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-
импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден,
сыртқы экономикалык қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы
экономикалық катынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық
инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация,
халықаралык, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады.
Сыртқы сауданыңтүрлері: экспорт, импорт, тауарлар мен қызметтің кері
экспорт және кері импорты.
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық несиелік келісім, халықаралық
каржылық лизинг, шетел инвестициясымее кәсіпорындар түрінде іске асырылады.
Өндірістік кооперацияның түрлері болып лицензиялык келісіммен өнім
өндіру; мамандану негізінде бірлескен өндіріс; мердігерлік кооперация және
бірлескен кәсіпорын; зауытгар мен өндірістік тізбелерді жеткізу жатады.
Ғылыми-техникалык ынтымақтастық технологиялық айырбас түрінде
көрінеді.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
үлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның
негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де
тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір
жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның
реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан -
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуімен
анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік
тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес,
сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық
ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы
экономикалық қызметке кед түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына, біріншіден,
экспорттан валюталық түсім алу жолымен әсер етеді. Қазіргі кезеңде экспорт
Қазақстан экономикасының өте ірі саласына айналды. 1998 жылы жалпы ішкі
өнімнің 26,6 пайызы экспортқа шығарылды. 1999 жылы экспорт көлемі 5592,3
млн доллар болды, ол 1998 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артық. Экспорт
көлемі 1999 жылы импорттан 1909,5 млн долларға артық, ал сыртқа сауда
айналымы сальдосының өсімі 1998 жылға қарағанда 75,5 пайыз болды. Валюталық
түсім импортты өтте мүмкіндік береді. [80, б.10]
Екіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасына инвестициялық
ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды.
Қазақстанда шетел капиталын белсенді түрде тарту 1992 жылы басталды.
Алғашқы кезде ол қарапайым түрде екі тарапты несие беру арқылы іске
асырылды. Бүкіл несие алу мемлекет тарапынан, немесе оның кепілдік беруімен
жүзеге асырылды. 1993 жылы республика аумағында бірінші рет, тікелей
шетелдік инвестициялар тіркеле басталды. Әдепкі кезде тікелей шетелдік
инвестицияның келу көлемі аз болды. Мысалы, 1995 жылы олар елдегі жалпы
күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің 1,5 пайызын ғана құрады. Бірақ бұл
бағыттың басымдылығына, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заңдық
негізді жетілдіруге байланысты тікелей шетелдік инвестицияның үлесі тұрақты
түрде өсті. 1999 жылы ол республикадағы бүкіл инвестицияның 42 пайызын
құрады. Экономикалық ақпараттық орталықтың мәліметтері бойынша Қазақстанға
1993-1999 жылдары тартылған жалпы инвестицияның көлемі 8,8 млрд. доллар
болды. [80, б. 11 ]. Көп жағдайда осындай қомақты инвестициялар негізінде
өндірістің базалық салаларында мұнай және газ өндіруде, қара және түсті
металлургияда, электроэнергетикада дағдарыстан шығуға мүмкіндік туды.
Үшіншіден сыртқы экономикалық қызмет осы заманғы техника мен
технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға
жағдай жасайды. Ғылыми-техникалық үдеріс әсерімен техника мен технологияның
моральдік ескіру қарқыны жылдамдады, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар шығыны артты. Сонымен қатар осы заманғы техника мен
технологияны алу жолында, өнеркәсібі дамыған елдердегі өндірушілердің,
ерекше трансүлттық корпорациялардың дербес техникалық саясат жүргізуіне
байланысты кедергілер туындайды.
Бүндай қайшылыкты шешуге Біріккен ¥лттар ¥йымының сауда және даму
конференциясының басшылығымем әзірленген халықаралык нормативтік құжат
Технология беру саласындағы мінез-кұлық кодексі жағдай жасайды.
Төртіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұзақ мерзімді өндірістік
ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру
мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау
жолымен экономиканын дамуына әсер етеді. Бұндай бірлескен қызмет бірнеше
бағытта іске асырылады: комплектілік технологиялық құрал-жабдықтарды сатып
алу, оның жұмысын жолға қою, қызметкерлерді оқыту үшін кеңестік қызмет
көрсету; жаңа технологияға патенттер мен лицензияларды сатып алу және т.б.
Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан
Республикасының Шетелдік инвестициялар туралы 27.12.94ж. №226 заңы
өзгертулерімен және толықтыруларымен, Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы 28.02.97ж. № 75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен
02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының жарлығымен 06.03.2000ж.
№349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара
кедендік баждан босату қарастырылған.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына
әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру
деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.

2 тарау. ТМД елдерімен Қазақстанның саяси ынтымақтастығы және экономикалық
проблемасы
2.1 ТМД жүйесіндегі Қазақстан Респуликасының рөлі және орны
Ашхабатта 1991 жылы желтоқсан айында Президенттердің қатысуымен кездесу
болды: Қазақстан, Қарғазстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан.Олардың
қабылдаған өтінішітерінде былай делінген, Тәуелсіз мемлекеттің
Ынтымақтастығын құру саласы қажет:
- Тәуелсіз мемлекеттер Ынтымақтастығы туралы құжаттар және шешімдерді
өңдеу саласында бұрынғы Совет Одағының қатысу субъектілері тең
құқықты, құрылған Ынтымақтастық, құрушының құндылығын және Келісім
мәтінінде көрсетілгендер қабылдануы керек – Жоғары Келісім шарт
жақтары;
- Тәуелсіз Ынтымақтастық құрушыларымен теңқұқықты болуға дайындығы
туралы өтінші, оның субъектілерінің қызығушылығын ескеру.
Ашхабадтқа қатысты өтініштің тиімді жағын ескеріп тек қана Союзда емес,
сонымен қатар барлық әлемде осы тапсырмаларды қарастыруды Қазақстан
Президенті Алматы қаласын ұсынды.
Жаңа кездесуде бұрынғы Совет Одағының 11 мемлекет лидерлері қатысты. 199
жылы 21 желтоқсанда қатысушылар Алматылық дикларацияға қол қойды.
Орта Азия лиделері экономикалық кеңістігін сақтап қалуға тырысты.
Сонымен қатар интеграциялық саланың объективтік факторлар қатарын
қыйындыққа әкеліп соғады:
- СНГ шеңберінде интеграцияға экономикалық жағдайы бір – бірінен
айырмашылығы бар елдер қатысады. Ресейге 80 пайыздан, ал бөлек салмақ
Украинаға – 8 пайыздан, Қазақстанаға – 3,7 пайыздан, Беларусияға – 2,3
пайыздан, Өзбекстанға – 2,6 пайыздан, ал басқа республикаларға –
пайыздың оннан бір бөлігі кекледі.
- Ынтымақтастықта интеграция экономикалық жағдайдың ауыр кезеңінен,
материалды және қаржы ресурстарының тапшылығы кезінде басталды;
- СНГ елдерінде рыноктық жағдай жаңғырмаған. Жүзеге асыру кезінде
бірталай келіспеушіліктер кездеседі. Бұл әртүрлі ұлттық экономикалық
моделге әкелді.
Ал 1992 жылдың ортасында экономикалық байланыстың реанимациясы ең басты
сұрақ болды. СНГ елдері ауыр қыйыншылықты төзді, 60 пайызға төмендеген
өндірістің құлауы экономикалық қатынастың үзілуіне әкеліп соқты.
1993 жылдан бастап шаруашылықтар көтеріле бастады.
Экономикалық интеграция келісіміне келіскен жатқтардың бірі Қазақстан.
1992 жылы қазан айындағы Бишкек қаласындағы СНГ мемлекетінің басына
кездесуде, Қазақстанның ұсынғандары:
1. СНГ – де Консультативті – координациалдық экономикалық кеңесті құру
туралы Келісімге қол қою, барлық қатысушыладың міндерірі көрсетіліп;
2. СНГ Союзында Банкті құру, кімдер руль зонасында қалса, және рубльды
ұлттық валюта қылу;
3. Экономикалық содты араластыру;
4. Парламентаралық ассамблеианың жұмысын ұйымдастыру.
Бұл кездесуде Қазақстан делегациясы “Біркелкі ақша жүйесіні және ақшалай –
несиемен келісілген және мемлекеттіге валюта саясаты, рульдың заңды төлем
ақы құнын сақтап қалу туралы келісімді” енгізді. Келісілген және
талқыланғаннан кейін ешқандай өзгерсіз қабылданды.
1993 жылы Москвада экономикалық союз туралы Келісім шарт бекітілді.
Келісі шарттың негізгі Заңды негізі болып СНГ Жарғысы болды және бұрын
соңды қабылданған нормативті құжаттар болып келді.
Келісім шартта Экономикалық союз мақсаты айтылған:
- Келісім шартқа отырған Жақтадың біркелкі экономикалық дамуы талаптарын
ұйымдастыру;
- Рыноктық қатынастағы экономикалық кеңістіктің жалпы құру сатысы;
- Барлық шаруашылық субъектілерге кепілдемелер және біркелкі
мүмкүндіктерді құру;
- Экономикалық жобаны бірге жүзіге асыру;
- Кеден союзы
- Валюта одағы (ақшалай)
- Мемлекетаралық ассоциациялардың бос сауда жүргізуі
СНГ өзінің пайда болған кезінен бастап мемлекеттермен – қатысушылардың
арасында қарым – қатынастың дамуында бірнеше сатылардан өтуге үлгерді.
1 саты: бұрынғы одақ республикалары саяси тәуелсіздікті, мемлекеттікті
құрды, халықаралық сенімдікті алды. Өз беттерімен қаржы – экономикалық,
бюджетті – салықтық, кенден салаларын құра бастады.
ІІ саты: жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің саяси тәуелсіздігін бекітті
(нығайтты), әлемдік қоғамдастықтың бөлінбес бөлігі болды, халықаралық
ұйымдардың мүшелері ННГ көршілес елдерімен экономикалық қарым – қатынасты
құрды.
Бірінші сатыды қабылданған құру бойынша шешімдер және Төлемақы Одағының
және басқада қарарлар, орындалмаған күйінде қалды.
ІІІ саты – 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СНГ мемлекеті қыйын –
қыстау жағдайды жеңуімен айналысуда.
Қазақстанның ұсынысы бойынша СНГ мемлекеті интеграция органдарының
қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыс істей бастады. Н.Ә.Назарбаевтың
концепциясы соңғы шешімін алды, ол жан жақты білім аумағының үлгісі болды.
Сонымен қатар ішні өнім көлемін көрсетуге болады (пайыз қатынасында)
1995ж, 1991 ж – 100 пайыз

РсМемлекеттер Жылдар

1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 1 Әзербайжан 77,4
59,5 47,8 42,2 45,2 49,7 49,7 59,4 2 Әрмения 58,2 53,1 55,9
59,8 63,3 65,3 70,0 72,3 3 Беларусь 90,4 83,5 73,0 65,4 67,2
74,2 80,2 83,6 4 Грузия 55,1 39,0 34,9 35,8 39,8 44,2 45,5
46,8 5 Қазақстан 94,7 75,2 86,0 75,2 69,0 69,3 69,0 70,4 6
Қырғызстан 86,1 72,8 58,1 55,0 58,9 64,7 65,9 68,5 7 Молдова -
100 69,1 67,8 62,5 63,3 57,9 56,6 8 Ресей 85,5 78,1 68,1
65,4 63,1 63,6 60,6 62,5
Тек қана СНГ елдерінің бірнеше елдері ғана динамикалық өсуін көрсетті
1) халықаралық конъюнктер экономикасының қолайлы жағдайына байланысты;
2) Шет ел инвестицияларының СНГ елдеріне бөлек экономикны қызықтыру;
3) Бөлек экономиканың технологиялық өсуі.
Қазақстан қызметі СНГ шеңберінде бірнеше бағыттаға – барлық СНГ
масшабатрында дами бастады.
Н.Ә.Назарбаевтың ойлауынша: “Ынтымақтастық әлі одақтық елдердің біріктіру
қызметі бола алған жоқ.
Жақын уақытта СНГ мемлекетінің жағдайы өзгермесе онда ол тек тарихта
Совет Одағының құлаған органы ретінде ғана қалады.[3]
Сонымен қатар СНГ басшылары барлық елдің экономикасынан тығыз байланыс
кезінде ғана жеңе алатынын атап кетті.
Экономиканы терең интеграциялауға келесі аяқ басыс ол Қазақстан, Ресей
және Беларусия үкіметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Халықаралық құқық субъектілік құқық
Жүйесіндегі халықаралық сауда
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер