Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
ЖОСПАР
Кіріспе
1. 20-шы жылдардың соңынан 30-шы жылдардың ортасына дейнгі кезендегі
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы.
2. Меншіктен айыруға және күшпен ұжымдастыруға қарсы халықтық
наразылық
2.2 Ұжымдастыру науқанының қоғам өміріне әсері, зардаптары
3. Қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру және оның ауыр салдарлары
4. Голощекиндік геноцидтің зардаптарын жоюға байланысты шаралар
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыбының өзектілігі
Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күштеп ұжымдастыру тақырыбы
Қазақстан тарихындағы жаңа, бұрын зерттелмеген тың тақырып емес. Бірақ
әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйе жағдайында оған көлеңке түсіретін тарихи
еңбектердің бәрі, тіптен ол обьективті ақиқат болса да, жарыққа шықпауы,
ғылыми тұрғыдан зерттелмеуі тиіс болды. Мұның өзі коммунистік идеология
жағдайында жұмыс істеген тарихшыларды осы кезеңді бірыңғай мараппаттайтын,
авторитарлық, деспоттық қылмысты жүйені ақтайтын тарихи жұмыстарды ғана
жазуға мәжбүр етті.
Сондықтанда, 80-інші жылдардың екінші жартысында жариялық және
демократия деген ұрандармен қоғамдымызда жаңа саяси серпіліс басталғанда
тарихымыздың әлі беймәлім ақтандақтарын ашып жазуға деген кұштарлық және
ықылас зиялы қауымға рухани қозғау салды. Ақтандақтары көп тарихи
тақырыптардың бірі біз зерттеп отырған мәселе. Сондықтан, осыған байланысты
жаңаша ой түйіп, ғылыми тұжырымдар жасау тарихшылардың міндеті болып отыр.
Біздін, бүгінгі тарихымыз Қазақстан республикасының тәуелсіздігін
идеялық жағынан негіздеуші болып, Қазақстан азаматтары санасына оның
бөлінбес, біртұтастығы туралы идеяны еңгізуге жұмыс істеуі тиіс. Мұндайда
қазақ жерінің байырғы тұрғындары қазақтар болғанын, тоталитарлық жүйенің
зорлау, күштеу және мәңгүрттендіру әдістерінің бұл халықты өз жерінде
жаппай қырғынға ұшыратуға, сөйтіп үлес салмағы жағынан ежелгі ата қонысында
азшылыққа айналуына алып келгенін ашып айтқан жөн. Осындай тарих көшіндегі
өзіміздің сәтсіздіктеріміз бен қасіреттеріміздің себеп-салдарын нақты
айқындағанда ғана және олардан тиісті сабак алып, қажетті қорытындылар
жасағанда ғана Қазақстан азаматтарын отаншыл, саналы патриот етіп
тәрбиелеуге қол жеткіземіз. Міне, сондықтанда 20-шы—30-шы жылдардағы қазақ
шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру процесінің күрделі
тарихы жаңа зерттеулерге мұқтаж. Қазақстандағы коллективтендіру бүкіл
елдегі науканның кұрамдас бөлігі бола тұрса да одан әсіресе көшпелі және
жартылай көшпелі қазақ шаруаларының ауыр азап шеккенін қазақ этносының
аяусыз қырғынға ұшырағанын, сөйтіп аса ауыр шығынды басынан кешкенін
көрсетеді.
Тарихи шындық осылай бола тұрса да қазақ ұлтшылдығының көрінісі
деген тәрізді айыптаулардан аулақ болу үшін Қазақстан тарихшылары кезінде
көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының, осы жылдардағы қасіретін
арнайы зерттеуді қолға ала алмады. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ғана бұл
тақырыпты терең зерттеуге жол ашты.
Мәселенің маңыздылығы оған шетелдік әріптестеріміздің көптеп және аса
назар аударуларынан да көрінеді. Өйткені көшпенділерді отырықшыландыру
дегеніміздің өзі жалпы адамзаттық процесс, яғни тек Қазақстан тарихының,
ғана емес, дүниежүзілік тарихтың да елеулі зерттеу тақырыбы болып табылады.
Оның үстіне Қазақстанда шаруаларды ұжымдастырудың күшпен жүргізілуінің аса
ауыр салдарлары өзімізге де, басқаларға да сабақ бола алады. Яғни бұл
тақырыпты терең, зерттеу тәуелсіз елімізде өткеннің қателіктері енді
қайталанбауы үшін де қажет.
Зерттеп отырған кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік саяси процесстерді
зерттеу әкімшіл шаруашылықтық жүйенің ішкі қалыптасу механизмдерін,
қайшылықтарын айқындай түсуге көмектеседі. Ал бұл Қазақстан тарихынан алда
жазылатын жаңа, іргелі жұмыстарға жол ашып, ғылыми негіз калайды.
Тақырыбының мақсаты және міндеттері
Зерттеудің мақсаты бұрын пайдаланылмаған жаңа тарихи деректердің
негізінде 20-шы жылдардың екінші жартысындағы және 30-шы жылдардағы
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық
процестерді талдау және әкімшіл-әміршіл сталиндік басқару жүйесінін,
қалыптасуы жағдайындағы қазақ шаруаларының азапты тарихи тағдырын жаңа
көзқараспен жан-жақты зерттеу.
Зерттеу жұмысы төмендегідей міндеттерді шешеді: — мәселенің деректерін
және тарихнамасын жаңа методология тұрғысынан талдау;
— ірі мал иелерін меншігінен айырудың адамгершіліктен жұрдай тұрпайы
да қатал механизмін әшкерелеу;
— 1928 және 1929 жылдары Қазақстандағы асты және ет дайындау
науқандарының зорлықпен жүргізілгенін көрсету;
— дәстүрлі мал шаруашылығының күйзеліске ұшырау себептерін ашу;
— күшпен ұжымдастыру барысындағы ауқатты шаруаларды тап ретінде жою
саясатын адам құқын аяқ асты ету ретінде айыптау;
— көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын зорлап
отырықшыландырудың қалай жүргізілгенін және неге сәтсіздікке ұшырағанын
анықтау:
—күшпен меншіктен айыруға және ұжымдастыруға қарсы болған шаруалар
көтерілістеріне жаңа сипаттамалар беру;
—қазақ шаруаларының босқыншылыққа ұшырау себептерін және онын ауыр
салдарларын ашын көрсету;
—қазақ шаруаларын меншігінен айырудың және ұжымдастырудың әлеуметтік-
демографиялық салдарларын зерттеу.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері шаруаларды меншігінен күшпен айыруға
және азық-түлік дағдарысынан туындаған сталиндік зорлық-зомбылық әдісіне
алғашқы алғышарттар жасаған 20-шы жылдардың екінші жартысынан басталады да,
ауыл шаруашылығын сталиндік жолмен қайта құру негізінен аяқталған 30-шы
жылдардың сонына қарай бітеді. Қазақстан тарихында осы зерттеу кезеңінің
өзін бірнеше этаптарға бөлуге болады. Алғашкы этап: 1927 жылдың соңынан —
1929 жылдың соңына дейін; екінші этап: 1930 жылдан — 1932 жылдың соңына
дейін, және үшінші этап 1933 жылдан басталып, 1937 жылмен аяқталады.
Алғашқы этап әртүрлі науқандарда ауқатты шаруаларды меншігінен
айырумен сипатталса, екінші этап жаппай зорлап отырықшыландырудың алғашқы
кезеңімен және меншік иелерін тап ретінде жою тәрізді (1930-1932жж.) саяси-
әлеуметтік процестермен ерекшеленеді де, ал үшінші этап негізінен босқын
қазақтарды орналастыру және колхоздарға кіргізу жұмыстарының аяқталуымен
айқындалады.
Тақырыбының жаңалығы :
Жұмыста бұрын айналымға шықпаған жаңа архивтік тың деректер негізінде
осы кезге дейін осы тақырыптың ақтандақтары саналып келген көптеген
мәселелер алғаш рет арнайы да кеңінен зерттелді және оларға жаңаша баға
берілді. Егер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қарайғы кезенде бұл
мәселе төңірегінде жалпы шолу түріндегі шағын ғылыми мақалалар мен
кітапшалардан басқа жаңаша көзқарастағы нақты, мақсатты және іргелі
зерттеулер жүргізілмегенін ескерер болсақ, біздің жұмысымыздың жаңашылдығы
және қажеттілігі айқындала түседі. Зерттеу өзінен бұрынғы тоталитарлық
жүйе жылдарында жазылған еңбектерде көтерілген мәселелерді қайталамайды
және кезінде түсінікті себептермен олар айта алмаған тың проблемаларды
көтеріп, барлық мәселеде тарих ғылымына қажетті, соны ойлар айтып, жаңа
тұжырымдар жасайды.
Зерттеу барысында тарихи окиғалардың және құбылыстардың таптық
тамырын және таптық мазмұнын анықдауды мақсат ететін партиялық принциптен
бас тартады. Өйткені мұндай принцип шаруалар тарихын біржақты, социалистік
құрылыстың көзімен ғана бағалауды басшылыққа алып келді. Нәтижесінде тарихи
шындықтың толық ашылмай қалғанын айтпағанда, ол тіп-тен дөрекі бұрмаланды
да.
Коммунистік құрылыстың мүддесіне қайшы келетін, оның же-
тістіктеріне көлеңке түсіретін, тіптен оның қуғын-сүргінге негізделген
ішкі механизмін әшкерелейтін көптеген жаңа деректерді ғылыми айналымға қосу
және кезінде буржуазиялық профессорлар, сондай-ақ ұлтшылдар атанып
жазаланған, есімдері тарихтың күрделі қатпарларында көзден таса қалған
әртүрлі ғалымдардың, мамандардың және қайраткерлердің сталинизмге балама
көзқарастарын жан-жақты талдау, өзара салыстыра қарау, Қазақстан-ның 20—30-
жылдардағы өзіндік, тарихи-табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеру
зерттеу жұмысында объективті қорытындылар мен тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді.
Сталиндік шаруаларды күштеп меншігінен айырудың, зорлап ұжымдастырудың
қазақ ұлтының дәстүрлі тарихи-табиғи, эволюциялық дамуға негізделген
тағдырына еріксіз таңылған қиянат болғаны белгілі. Сондықтанда, біздің
ойымызша, күштеп ұжымдастыру ғана емес, социализмнің біз бастан кешірген
сталиндік тоталитарлық үлгісі де тарихи процестің объективті заңдылықтарға
негізделген құбылысы емес.
Сонымен қатар , шаруаларды меншігінен аііырудың және күшпен
ұжымдастырудың өзінің бірнеше тарихи белестерден тұратын күрделі процесс
екенін ескердік және материалдарды хронологиялық жүйемен баяндадық.
1. 20-шы жылдардың соңынан 30-шы жылдардың ортасына дейінгі
кезеңдегі Қазақстан шаруалары тарихының , деректік негізі және тарихнамасы
Тарихи деректерді адамзат қызметінің нәтижесі ретінде қарастыру
зерттеу мәселесіндегі маңызды, жалпы адамзаттық ортақ көріністерді байқауға
көмектеседі.
Алайда тарих деректерін тану ісімен дербес, арнайы айналысып жүрген
тарихшы ғалымдардың Қазақстанда жоқтығы біз әңгімелеп отырған күрделі
кезеңнің деректерін ғылыми негізде жүйелеп жіктеуге (классификациялауға)
әлі де толық мүмкіншілік бермей отыр. Бұл мәселеде ресейлік ғалымдардың
талпыныстары назар аударуға тұрарлық деп ойлаймыз. Олардың кейбір
тарихшылары жаңа жағдайда тарихи деректерді жіктеудің негізіне деректің
іиығу принпипінің адам — коғам — мемлекет үштігін алуды ұсынуда. Мұндайда
тарихымыздың кеңестік кезеңінін барлық құжаттары төмендегідей үш топқа
белініп жіктеледі: жеке адамдардан шыққан кұжаттар; саяси партиялар мен
қоғамдық ұйымдар құжаттары; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар
құжаттары. Кеңес үкіметі кезеңінің деректерін бұлайша жіктеудің
тарихымызды жаңаша, қайта жазуға игі ықпал етері сөзсіз. Мұндайда біз, ең
бастысы, деректерді жіктеуде иерархиялық сатыдан бас тартып олардың
кейбіреулерін (мысалы, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларың, СОКП
органдарының құжаттарын және т. б.) тарихи деректердің ерекше түрі деп
орынсыз дәріптеуден кол үзер едік.
Деректердің, алғашкы тобы — жеке адамдар жасаған кұжаттар, еңбектер,
естеліктер, шығармалар, туындылар туралы айтқанда біз зерттеп отырған
кезеңде шаруаларды күштеп меншігінен айырудың, зорлап ұжымдастырудың және
көшпелілерді еріксіз жаппай отырықшыландырудың идеялық және рухани
жетекшісі болған И. Сталиннің шығармаларының тарихи танымдық, деректік рөлі
бар екені күдік туғыза қоймас. Ал сталиншілдер еңбектері туралы айтқанда ең
алдымен ауызға алатымыз сол жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің
жауапты хатшысы кызметінде болған Ф. И. Голошекиннің хаттары,
телеграммалары, сөйлеге сөздері. Бұларда Қазақстанның өзіндік даму
ерекшеліктерін ескермеушілік айқын көрініс беретініне қарамастан біз
зерттеп отырған кезеңнін ішкі саяси, әлеуметтік және экономикалық мәні
ашылған.
Жеке адамдар жасаған деректік материалдар тобына Ф. Голощекиннің
төңірегіндегі жауапты партия және мемлекет қызметкерлері қалдырған құжаттар
жатады. Бұлардың кейбірі соңғы жылдары жарық көре бастады.
Зерттеп отырған кезеңнің ауыртпалықтарын кезінде бастан кешкен көнекөз
қарттар әлі де баршылық. Олардың естеліктерінің тарих үшін деректік маңызы
өлшеусіз зор. 1932 жылғы нәубетке 60 жыл толуына орай бұл естеліктердің
біразы жарияланды.
Зерттеп отырған кезендегі тарихи деректердің екінші тобына партиялық
және қоғамдық ұйымдардың құжаттары жататынын атап көрсеттік. Партия
ұйымдарының ең басты деректік құжаттары негізінен Қазақстан Республикасынын
қазіргі заман тарихы орталық мемлекеттік архивінде және Мәскеудегі.
Қазіргі заман тарихының құжаттарын сақтайтын және зерттейтін ресейлік
орталықта шоғырланған. Зерттеу барысында мұндағы біраз құжаттармен
таныстық. Партия органдарының құжаттары туралы айтқанда бұлардың
кейбірінің баспадан жарық көргенін ұмытуға болмас. БК(б)П Қазақ өлкелік
комитетінің әртүрлі баспасөз орғандары да біз зерттеп отырған кезеңнен мол
деректер береді. Әрине коммунистік идеяның, дара үстемдігі жағдайында
бұлардағы материалдардың тарихи шындықты біржақты жазғанын ұмытуға
болмайды.
Ал енді қоғамдық ұйымдар мәселесіне келсек, олардың Қазақстандағы
әртүрлі төтенше науқандарды жүзеге асыру үшін құрылғаны және осы мақсатқа
жұмыс істегендері белгілі. Сондықтанда олар өздсрінен кейінгі тарихқа нақты
шынайы деректер беретін елеулі ресми құжаттар қалдыра алған жоқ.
Деректердің келесі, үшінші тобын құрайтын мемлекеттік органдар,
мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарының маңызы баға жеткісіз. Осы орайда
бірінші кезекте ауызға алатынымыз, Қазақстан Республикасының Ұлттық
кауіпсіздік комитетінің архивінде сақталған Қазақстандағы Біріккен
Мемлекеттік Саяси Баскарманың өкілетті өкілдігінің (ГІП ОГПУ) деректік
құжаттары.
Мемлекеттік органдар қалдырған деректік материалдар тобына Мәскеулік
екі архивтің — Ресей мемлекеттік экономика архивінің және Ресей
Федерациясының Мемлекеттік архивінің қорларындағы Қазақстанға қатысты
маңызды құжаттар да жатады. Мсмлекеттік органдардың аса бағалы құжаттары
негізінен Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінің
қорларында топтастырылған .
Мемлекеттік органдардың заң түріндегі деректерінің біразы кезінде
жарық көргені белгілі. Дегенменде, бұлар сол –кезеңнің болмысын толық
ашады дей алмаймыз. Осындай деректер қатарына әртүрлі статистикалық
мәліметтер беретін жинақтар да жатады. Әрине, сол жылдардағы ішкі
саясаттың талабына сәйкес бұларда ауыл шаруашылығын социалистік жолмен
қайта құруда орын алған қасіретті процестерді әшкерелейтін сандық
мәліметтер берілмеген.
Зерттеушілердің колхоз құрылысының, кеңестік шаруалар тарихынын,
тарихнамасын осы уақытқа дейін негізінен төмендегідей төрт кезеңге бөліп
зерттен келгенін айта кеткен жөн: алғашқы кезең жаппай коллективтендірудін
басталуынан (1929 жылдың күзі) бастау алса, ал екінші кезең 30-шы жылдардың
соңынан, үшінші кезең 50-ші жылдардың орта шенінен, төртінші кезең 60-шы
жылдардың ортасынан басталады.
Бірақ қазақстандық тарихшылардың бұл мәселеде өзіндік көз-қарастары
бар екендігі белгілі. Төл тарихымыз тәуелсіздік алған жаңа жағдайда, 20-шы
жылдардың соңындағы және 30-шы жылдардағы отандық шаруалар тарихының
тарихнамасын төмендегідей басты-басты үш кезеңге бөлген жөн: алғашқы кезең,
20-шы жылдардың орта шеңінен басталып, жаппай коллективтендірудің және
зорлап отырықшыландырудың басталуына дейін, яғнн 1929 жылдың соңына дейін
барады; екінші кезең 1930 жылдан 1985 жылдың басына дейін; үшінші кезең
1985 жылдың орта шенінен бүгінгі күнге дейін созылады. Екінші — сталинизм
және тоталитарлық коммунистік жүйе кезеңі тағы да төрт этаптап тұрады және
бұлар жоғарыда аталған, История советского крестьянства атты еңбекте
көрсетілген кезеңдерге сәйкес келеді деп ойлаймыз.
Алғашқы кезең күштеп коллективтендіру жәнс отырықшыландыру басталарға
дейін ауыл шаруашылығын қайта құрудың сталиндік концепциясына балама
теориялық ұсыныстардың болганын, бұл бағыттың Қазақстанда қазақ
шаруашыларының тарихи дәстүрлі даму жолын қорғау түрінде көрініс бергенін
дәлелдейтін теориялық және ғылыми еңбектерді қамтиды. Бұлардың көпшілігі
кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, сондықтан да айыпталып, бүгінгі тарихнама
назарынан тасада қалған болатын.
Кеңестік Қазақстан шаруалары тарихнамасындағы екінші кезең жоғарыдағы
алғашқы кезеңде жарық көрген профессорлардың, ауыл шаруашылығы мамандарының
еңбектерін айыптайтын теориялық жұмыстардың жаппай жарық көруімен
сипатталады. Авторлары негізінен большевиктік партия аппараттарының жауапты
қызметкерлері болып табылатын бұл жұмыстар саяси науқапшылдыктың және
сталиншілдіктің Қазақстанда орныға бастауының нақты көрінісі.
Шаруалар тарихының және колхоз құрылысының мәселелерін тарихшылардың
арнайы да нақты зерттей бастауы соғыстан кейінгі жылдары басталды.
Негізінен шағын ғылыми мақалалар және кітапшалар түрінде жарық көрген
бұлар, үлкен тақырыптың жекелеген мәселелерін ғана көтере алды.
50-ші жылдардың ортасынан басталатын жаңа этапта коммунистік рухтағы
әдебиеттер арасында Ә. Б. Тұрсынбаевтың ғылыми еңбектерінің орны бөлек.
Бұлар біздің тақырыптағы ең алғашқы және салихалы ғылыми зерттеулер болып
табылады. Бірақ Ә.Б. Тұрсынбаевтың теориялық тұжырымдары уақыт сынына
шыдамады. Қазақстан шаруалары тарихын жазуда қыруар еңбек тындырған белгілі
ғалымның зерттеушілік қажыр-кайратына зор құрметнен қарай отырып, Ә. Б.
Тұрсынбаев тәрізді үлкен таланттың белсенді зерттеушілік жылдарының әкімшіл-
әміршіл коммунистік жүйе кезеңіне сәйкес келгеніне және сол жүйенің
игілігіне жұмыс істегеніне еріксіз қынжыласыз.
Осы такырыпқа жазылған тарихи-партиялық әдебиет деп аталатын
зерттеулер шоғыры ішіндегі ең көрнектісі Ж. Жүмабековтың еңбектері.
Дегенмен де қазіргі тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қарағанда Ж-
Жұмабековтың еңбектеріндегі А. Байтұрсыновқа, С. Сәдуақасовқа, С. Қожановқа
берілген, оларды ұлтшылдыққа айыптайтын бағалармен біз келісе алмаймыз.
Қазақстан шаруалары тарихнамасының осы этапында өзінің зерттеу
хронологиясының және аймағының кеңдігімен, сондай-ақ тақырыбының
маңыздылығымен Б. А. Төлепбаевтың еңбектері назар аударады. Жаңа жағдайда
теориялық жағынан ескіргенімен бұлар Қазақстан мен Орта Азияның өмірінде
болган Кеңес өкіметі жылдарындағы аграрлық өзгерістерді өзара салыстырып
қарауға мүмкіндік береді.
Азаматтық тарих сипатындағы біз зерттеп отырған мәселеге байланысты
елеулі де комақты еңбектерді белгілі тарихшылар Г. Ф. Дахшлейгер мен К.
Нұрпейісов жазды. Коммунистік идеологияның дара үстемдігі жағдайында жарық
көре тұрса да авторлардың 1985 жылы жарық көрген. Исторня крестьянства
Советского Казахстана атты еңбегінің алғашқы томы кеңестік қазақ
шаруаларының тарихын алғаш рет кеңінен және жан-жақты ғылыми баяндау
бағытындағы сәтті талпыныс еді. Дегенмен де әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде
жарық көрген басқа тарихи әдебиеттер тәрізді теориялық мүлт кетулер мұнда
да кездеседі.
Зерттеп отырған мәселенің тарихнамасының үшінші кезеңі 1985 жылдың
орта шенінен басталады дедік. Жариялылық және демократия деген ұранмен
басталған қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер Қазакстан тарихына өз
ықпалын тигізді. 80-ші жылдардың соңына қарай күштеп коллективтендіру
қасіретін әшкерелейтін алғашқы тарихи мақалалар жарық көре бастады.
Қазіргі кезеңде мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға М. Қ. Қо-зыбаевтың
еңбектері алғашқы ғылыми негіздер қалады.(1) Бұларда Қазақстандағы
ашаршылық ақиқаты, Ф. Голощекиннің осы жылдардағы кайғылы рөлі, күшпен
коллективтендіру барысындағы жүгенсіздіктер ашық айтылды. М. Қ. Қозыбаев
осынау күрделі мәселені жан-жақты зерттеуге теориялық негіз жасап,
тарихшыларды архив құжаттарын терең зерттеуге жұмылдырушы рөл атқарды.(2)
Мәселені Қ. С. Алдажұмановтың, Ж- Б. Әбілқожиннің еңбек-тері жан-жақты
толықтыра түсті. Авторлардың күшпен коллективтендіру саясатын этноцид
ретінде сипаттауы тың, жаңа пікір.
Демографиялық астарларын анықтауға белгілі демограф-ғалым М. Б.
Тәтімов те үлкен еңбек сіңірді. Күштеп коллективтендіруге қарсы халық
наразылықтары туралы алғашқы тарихн зерттеулерді осы жолдардың жазды.
(3)Мәселенің бұрын зерттелмей келген қырлары осы жолдар авторының М.
Қойгелдиевпен бірігіп жазған кітабында тың архив деректері негізінде
зерттелген.(4) Проблемадағы әлеуметтік-демографиялық процестерге байланысты
қызықты сандық деректер М. X. Асылбеков пен Ә. Б. Ғалиевтің еңбегінде бар.
2. Меншіктен айыруға және күшпен коллективтендіруге қарсы халықтық
наразылы
1929-1931 жылдары Қазақстанда орын алған Тақтакөпірдегі,
Бостандықтағы, Батпаққарадағы, Созақтағы, Ырғыздағы, Қарақүмдағы, Сыр
бойындағы, Балқаштағы, Жетісудағы, Абралыдағы, Шыңғыстаудағы, Қастектегі,
Қордайдағы, Маңғыстаудағы көтерілістер жеке-жеке арнайы талданған. ПП ОГПУ-
дың, кұпия мәліметтеріне қарағанда көрсетілген жылдары Қазақстанда 372
бұкаралық бас көтерулер болған.
Шаруалар көтерілісінің себептеріне, қозғаушы күштеріне және сипатына
жаңаша көзқарас деп аталатын еңбекте автор бұрын бандиттік,
контрреволюциялық деп сипатталып келген осы наразылықтарға байланысты
соны, тың тұжырымдар айткан. Бұлар негізінен төмендегідей: 1) 1929-1931
жылдардағы қазақ шаруаларының наразылықтары мен көтерілістері кеңес
империясы өктемдігіне қарсы ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыс болды дей
аламыз. Оның бір орталыққа бағынатын, ұлттық мүддені белсенді қорғайтын
тұтасқан тасқынға айналуына сталиндік-голощекиндік империя жүйесі дер
кезінде кедергі жасап, бұл ұлттық қозғалысты жөргегінде тұншықтырып, қанға
бояп басты; 2). Бұл көтерілістердің бастаушы, жетекші күші — ауқатты қазақ
шаруалары және халыққа ықпалды дін басылары болды: Қазақ аулының ұлттық
дәстурлі мүдделерін, империялық үстемдіктен қорғайтындай ол кезде қазақ
қоғамында бұлардан басқа әлеуметтік күштер де қалған жоқ еді. Ұлт-азаттық
сипаттагы бас көтерулерге саяси бағдар беріп, оған салихалы басшылық
жасауға қабілетті ұлттық интеллигенцияны — алаш козғалысының көшбас-
таушыларын осы көтерілістің қарсаңында ғана коммунистік империяның
баскарушы және жазалаушы аппараты біржолата талқандап, күйретіп жіберген
еді; 3) 1929-1931 жылдардағы қазақ шаруаларының сталиндік коммунистік
империяның қатал саясатын — қазақ аулын оның дәстүрлі даму жолынан тайдыру
әрекетіне қарсы белсенді қарсылықтарын, кезінде патшалық Ресей нмпериясының
өктемдігіне қарсы жүргізілген қазақ шаруаларының жанкешті ұлт-азаттық
козғалыстарының занды, табиғи жалғасы және ең соңғы кезеңі деп
бағалағанымыз жөн.
Осы мәселенің тарихымыздағы ақтаңдактар қатарына жататынын ескерген
автор, халық наразылықтарының көлемін, қорытындыларын және күшпен басылуын
арнайы зерттеген.
1929-1931 жылдары Қазақстанда орын алған шаруалар наразылықтары
жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
қорытындысында дөрекі озбырлықка қарсылық ретінде атап өтілген. Осы ресми
құжатта оларға 80 мың-ға жуық адам қатысқаны айтылады. Кейбір жерлерде
қарулы бас көтерулерге ұласқан бұл көтерілістердің көлемі бүкіл Қазақстанды
шарпып, Алтайдан Манғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамта-ғанын Қазақстан
Халық Қомиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың өзі де І932 жылы
тамызда И. Сталинге жазған хатында мойындаған еді. Бұл көтерілістер туралы
Ф. Голощекиннңц де Мәскеудегі басшылықты бірнеше рет хабардар еткені бізге
белгілі. Мысалы, оның 1931 жылдың желтоқсанында И. Сталинге жазған хатында
мынандай жолдар бар: ...тап күресінің өрістеуін ГПУ-лін төмендегідей
анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандылардың 34.000-дай
адам қатысқан 15 бас көтерулері орын алды. Осы екі жылда 1350
контрреволюциялық топтар жойылды және оған қатынасқан 7,5 мын, кісі қолға
түсті....(5)
Халық наразылықтары туралы айтканда бір нәрсені ескермеуге болмайды:
Қазақстанның сол жылдардағы басшылығы кең өріс алып кеткен осынау халық
көтерілістерін Мәскеудегі П. Сталинге және оның төңірегіндегілерге сол
кезеңнің саяси ақуалына сәйкес таптық және интернацноналистік көзқарас
тұрғысынан ғана сипаттап, бір жақты түсіндірді. Осының нақты дәлелі Ф. И.
Голошекиннің Қазақ ауылындағы жағдай туралы БҚ(б)П ОК-не, Сталиннің,
Молотовтың, Қагановичтің, Смнрновтың, атына жолдаған хаты.(6) Хат 1930
жылдың 21 сәуірінде жазылған. Мұнда қазақ аулылдағы көтерілістер өлкедегі
барлық шиеленіскен оқиғалардың ең елеулісі ретінде атан көрсетіледі де,
оның негізгі себептері талданады.
Голощекиннің ойынша, бұл наразылықтардың орын алуына басты кінәлілер
байлар, атқамінерлер мен рубасылары және ұлтшылдар . Бірақ тарихи
шындық бұл көзқарасты мақұлдай қоймайды. Осының нақты дәлелі, 1930 жылы
көктемде болған Қаракұмдағы халық наразылығына катысушылардың, Республика
басшылығы жіберген мемлекеттік комиссияға жазба түрде қойған талаптары.
Онда мынандай мәселелер көтерілді:
1. 1928 жылы орташалардан әділетсіз кәмпескеленгендерді
-кайтару;
2.Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға
кедергі жасамау;
3.Ірі байлар кәмпескеленгеннен кейін енді кәмпескелеу болмайтыны
туралы декрет шыққан еді, бірақ, бұл іс орташаларға қарсы әлі жалғасуда;
4.Колхоздарға зорлап кіргізу тоқтатылсын. Олар тек еріктілік негізде
құрылсын;
5.Қазақ даласында тапқа бөліп жіктеуді қою керек және бұл істі
жүргізуге комсомолдарды жібермей, барлық мәселені ауылдың жалпы жиналысында
шешу қажет;
6.Салықтарды мал-мүліқтің санына қарай салу керек. Егін
екпейтіндерге астық салығы салынбасын....
Халыктың көтерілуіне басты себептер осы талаптардан анық көрінін тұр
деуге болады. Ал бұл талаптардың әділетті екеніне бүгінгі тарихи ойлау
күмән келтіре қоймас. Көтерілісшілердің бас көтеру себептерін және
мақсаттарын, олар жазған Қарақұмға жиналған азаматтардан! деп аталатын
үндеу де айқындай түседі: ...Ірі байларды компескелеген соң Еңбекші
казақ беттірінде, енді кәмпескелеудің болмайтыны бірнеше рет атап
көрсетілді. Бұған қарамастан, соңғы жылдары байларды ғана емес, тіптен
орташаларды да кәмпескелей бастады, сондай-ақ оларды жер аударды. Қазақ
даласымда байлар жоқ, сондықтанда 58-бапты басшы-лыкка алмай-ақ 58-бап
бойынша жер аударылғай байларга тек тиісті салық салуды өтінеміз... Біз
мемлекеттік міндеткерліктен ешқашанда жалтармаймыз, біз өкіметке қарсы
шықпаймыз және қарсы наразылық білдірмейміз, адамша өмір сүру құқымызды
қамтамасыз етуді етінеміз....
Көтерілісшілер талабы орынды және өтініш сипатында бола тұрса да ол
үкімет тарапынан қанағаттандырыла қоймады және жоғарғы органдарға бұл
талаптар бандиттік ұсыныстар ретінде жағымсыз сипатталып баяндалды.
Бандиттік қозғалыстар, — деп атап көрсетті И. Сталинге өзінің құпия
телеграммасында Қазақ Өлкелік партия комитетінің хатшысы Рошаль 1930 жылы
18 наурызда,— күштеп коллективтендіруге қарсы, дінді қудалауға қарсы, жер
аударуға қарсы, тұкымдык, қор жинауға қарсы, мүлікті кәмпескелеуді
болдырмау үшін, ислам үшін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz