Азотты тыңайтқыштар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І. Тыңайтқыштар және оларды қолдану
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .3
ІІ. Топырақ
тыңайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5
ІІІ. Фосфорлы
тыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
vІ. Әктас және гипс
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
v. Тыңайтқыштар менылғалдық топырақтағы микробиологиялық
процестерге
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..16
vІ. Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктерге
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, жарақаттанған жерлерді
культивациялау, негізінен, топырақтың кұнарлы қабаттары сақталмаған
жағдайларда өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе кұнары өте аз
топырактың төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған,
таза тау жыныстарын жерді қайта культивациялауға пайдалануға тура
келеді. Құнарсыз тау жынысында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі
қабаттарында ештеңе өсіп жарытпайтыны белгілі. Сондықтан оны ауыл
шаруашылығымызға пайдалану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бұл жерлерге
әр түрлі тыңайтқыштар енгізумен катар, осындай жағдайға өсуге бейім
өсімдіктерді таңдай білу керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған
тау жыныстарының құрамы, қасиеттері көп әсер етеді. Мәселен, тау
алқаптарында тараған лесс және осыған тектес тау жыныстары көп жағдайда
бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды
болып келеді. Ал кей реттерде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады,
бірақ оның көлемі қайта культивациялауға қажетті жерлерге төселуге
жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша
көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске енгізбей
тұрып, тәжірибе жүзінде тексеріп көрген дұрыс. Мұндай тәжірибе жұмыстары
Украинада, Мәскеу төңірегінде бар. Бірақ Қазақстан жағдайы Мәскеу мен
Украинадан бөлек. Тіпті Қазақстанның өзінде жер, климат жағдайлары әр
түрлі, сондықтан бір жерде жүргізілген тәжірибе екінші жерде ойдағыдай
нәтиже бермейді.

І. ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ
Тыңайтқыштар деп құрамында мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік
элементтері бар минералды, органикалык, және биологиялық заттарды айтады.
Оларды минералды, органикалық және бактериялы деп бөледі.
Минералды тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар
минералдың тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия
өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты
тыңайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен
аммиактың түзілуіне негізделген.
Барлық минералды тыңайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер
етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі
топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады
әк, ғаныш. Сонымен бірге тікелей әсер ететін тыңайтқыштар, мысалы, аммиак
селитрасы, суперфосфат жанама әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал
фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Әк, ғаныш топырақ реакциясын
өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент - кальциймен қамтамасыз
етеді.
Химиялық құрамы бойынша минералды тыңайтқыштар қарапайым бір ғана
коректік элементі бар және кешенді 2-3 элементі бар болады.
Физикалық күйі бойынша минералдық тыңайтқыштар сұйық және қатты түрде
шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйіршікті болады.
Азотты тыңайтқыштар. Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты
тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті
болып бөлінеді.
Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері
натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ
кристалды зат культивациялауға кажет карьерлердің көбісі ескірген. Ал соңғы
уақыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын құнарлы топырақ қабаты мұқият
алынып, оны жерді кайта культивациялау мақсаты үшін арнайы сақ-талған емес.
Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтың негізгі
қара шіріндісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде өзіміздің кателік жасап,
ескермеуімізбен рәсуә болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек
кезінде оны табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңды жер қыртысын бұзушы
мекемелер алдын ала құнарлы кабатты бөлек алып, жерді қайта культивациялау
үшін сақтау кажеттігі айтылған. Демек, бұдан былай казылатын карьерлерді
қайта культивациялау біршама оңайға түседі деген үміт бар.
Қазақстанның әр түрлі топырақ-климат жағдайларында бұл бағытта тәжірибе
жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Мұндай дәлелді тәжірибе жұмыстарынсыз өндіріске жерді қайта
культивациялау жобаларын енгізу, мемлекеттің көп қаржысын негізсіз жұмсауға
әкеп соғады. Ондай жобалар іске асудан бұрын жоғарғы айтылған мәселелерді
тәжірибе жүзінде шешіп, ғылыми түрде негіздеп, жобаға енгізу керек.
Бұл бағыттағы ғылыми-тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы жерді қайта
культивациялау жұмыстарының пионері болып отырған құрылыс материалдарын
өндіру министрлігі мен ғалымдардың бірлесіп, қоянқолтық тәжірибе жүргізу
істерінен басталды. Алматының тау алқабындағы суарылмайтын, бүлінген
жерлерді кайта культивациялағанда егілетін егістерді сынау жұмыстарын Қазақ
ауыл шаруашылық институты ғалымдары жүргізе, Оңтүстік Қазақстан облысының
тау етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егуге кажетті
дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу жұмыстары Топырақтану
институтының ғалымдарына жүктелген болатын. Соңғы жылдары Түсті металдар
министрлігінің өтініші бойынша мұндай жұмыстар республикамыздың шығысындағы
кенді Алтайда жүргізілді. Топырактану институты мен Орталық ботаника
бағының ғалымдары бұл салада көптеген игілікті істерді бірлесіп өткізуде.
Бүлінген жерлер Қазақстанның оңтүстік немесе шығыс облыстарында ғана
емес, баска да облыстарында толып жатыр. Жерді жаракаттайтын тек кұрылыс
материалдарын өндіретін және түсті металл министрліктерінің мекемелері мен
Қарағанды көміршілері ғана емес, ондай министрліктер көптеп кездеседі. Бұл
жағдайға бұдан әрі төзуге болмайды. Әңгіме үкіметіміздің жер туралы арнайы
каулылары мен зандарын бұлжытпай орындауға келіп тіреледі.
ІІ. ТОПЫРАҚ ТЫҢАЙТУ
Егілген егіннен мол өнім алу үшін топыракта өсімдіктерге кажетті
минералдық және органикалык заттар жеткілікті болуы шарт. Әдетте топырактың
қай жерде орналасуына және баска табиғи жағдайларға қарай оның кұрамында
өсімдіктер тіршілігіне кажетті коректік заттар мөлшері азды-көпті
кездеседі. Бірақ коректік заттардың қоры шексіз емес, олар жыл сайын
егілетін өсімдіктердің өсіп-жетілуінен, түскен өніміне қарай жұм-салып,
белгілі мөлшерде кеміп отырады.
Егістіктердің топырақ құрамынан каншалықты мөлшерде қоректік заттар
алатынын мына мысалдан анық көруге болады. Мәселен, жүгерінің гектарынан
600 центнер көк балауса жинау үшін өсімдік жерден 150 кг азот, 70 кг
фосфор, 200 кг калий тұздарын алады. Ал кант қызылшасының әр гектарынан 400
центнер тәтті тамыр алу үшін қызылша өзінің вегетация дәуірінде бойына орта
есеппен 160 кг азот, 60 кг фосфор, 260 кг калий сіңіреді екен. Өнім бұдан
жоғары болған жағдайда өсімдіктердің жерден алатын қоректік заттарының
мөлщері де арта түседі. Егер егістік жерлерден тұрақты әрі жоғары өнім
алғымыз келсе, онда қосымша тыңайтқыштар енгізу қажет. Егістікке
тыңайтқыштарды топырақтағы минералдық және органикалық заттардың мөлшеріне,
егілген егіндердің физиологиялық ерекшеліктеріне қарап енгізеді.
Бұл жөнінде республикамыздың барлық облыстарында жұмыс істейтін
агрохимиялық лабораториялардың колғабысы үлкен. Бұл лабораториялардың
қызметкерлері облыстардағы барлық колхоз-совхоздарда егіс танаптарының
агрохимиялық картограммаларын жасап, әрбір шаруашылық басшыларына қай жерге
қандай тыңайткыш және қандай мөлшерде енгізу туралы ұсы-ныстар береді.
Топырақтану институты кызметкерлерінің көп жылдық жүргізген агрохимиялық
зерттеу жұмыстары мынаны көрсетеді;
1. Қазакстанның барлық топырактары табиғи жағдайдың езінде калиймен
жақсы қамтамасыз етілген. Калий тыңайткышын тек картоп пен кызылша үшін
енгізген жөн.
2. Қазақстанның барлық топырақтары фосфорлы тыңайтқыштарды керек етеді.
Сондықтан оны барлық егістіктер үшін тиімді пайдаланған жөн. Әсіресе,
суармалы жерлерде фосфорлы тыңайтқыштар ауадай кажет.
3. Қазақстанның топырактары азотты тыңайтқыштарды да көп қажетсінеді.
Әсіресе, олар оңтүстік облыстардың суармалы техникалық дақылдар мен
суармалы жерлерде өсірілетін басқа дақылдар үшін өте қажет.
4. Қазақстан топырактары микроэлементтермен — жылжымалы бормен және
марганецпен камтамасыз етілген. Жылжымалы бордың Каспий маңы ойпатында
мөлшерден артық екендігі анықталды. Молибден мен мырыш оларда тапшы болса,
мыс орта мөлшерде кездеседі. Кобальт Қазақстанның барлық жерінде
мөлшердегіден аз. Тәжірибе көрсеткендей, егістікке тек қана жоғарыда
айтылған макротыңайтқыштарды ғана емес, сонымен қатар микротыңайтқыштарды
да кажетті мөлшерде енгізу егістіктің өнімін едәуір арттырады, сондай-ақ
дақылдардың сапасына да елеулі әсер етеді.
Минералды тыңайтқыштар, әсіресе, фосфор тыңайтқыштарын өндіруде
республика ТМД-да алдыңғы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау
аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты,
Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты
Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыт соңғы
жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.
Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш макроэлементтерден
(азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да,
кажетті ми-кро тыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан
топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт
екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал
жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егіс-тіктің өнімі, ал
жайылымдағы малдың қондылығы жо-ғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл
салада әлі ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді.
Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал, негізінен,
егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар
тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Органикалык тыңайткыштарды
күрделі немесе кешенді - тыңайткыштар деп те атауға болады. Себебі оның
құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да
кездеседі. Сондықтан олардың пайдасы екі жақты болып келеді. Органикалық
тыңайткыштардың бір түрі — жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар
немесе сидерация деп еккен кезде топырак кұнарын көп талап етпей, өніп-
өсіп, жақсы өнім беретін көп жылдық, не бір жылдық шөптерді есіп-жетіліп
тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі
еліміздің оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл
топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады.
Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі
бактериядан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу
процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде
бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ
тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп,
ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп қолғабыс
тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны
өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы
микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері өзінше
өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы
препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфор
Бұл тыңайтқыштар — органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл
тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық
тыңайткыштардың көп тараған түрлері: малдың көңі, көң садырасы, құс
саңырығы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.
бактерин т. б. енгізеді.
Сонымен, егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу моселесі оңай шаруа емес,
ол өте үқыптылық пен сауатты-лыкты қажет етеді. Міне, осыларды ескере
отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүр-гізу үшін
соңғы жылдары барлық облыста, ауданда арнайы химияландыру басқармасын
ұйымдастырған. Мәселе осылардың қолғабысын дұрыс пайдалануда болып отыр.
Біздің планетамызда тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар
аймақтар көп емес. Жердің басым көпшілігін, 71%-тін мүхиттар алып жатыр,
сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% кана. Құрғақ жердің барлығында бірдей
кұнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қар мен мұз басып
жатса, біразі аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз
аймақтарды таздың басындай жалтыраған такыр жерлер қамтиды. Құнарлы
жерлердің көп аймақтарын
АНТрактидақоспағандагы ңұрғақ
ны жерлер
•^үргАнтарЖырШалғынОрмҢазірг БасңБар-
аң ктида- -ды ан-і а лығы
кер көлемтылжерлердарпайдалжер-
!өлемі ғанмен а-нылм
і жержайы-л ай
лерымдар жүрген
жарам-
ды
жерлер
14,9 1,4 1,42,6 4,00,4 5,1 13,5

халық мекендеген калалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары,
аэродромдар т. б. көптеген коммуниканиялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы
мәліметтер 4-кестеде келтірілген. Ф. Н. Шипуновтың мәліметі бойын-ша (1968)
құрғақ жерлердің мөлшері миллиард гектар есебімен (16).
Дүниежүзілік топырақ картасының авторының бірі В. А. Қовданың мәліметіне
қарағанда (10), құрғақ жердің басым көпшілігі егіншілікке онша қолайлы
емес. Құрғақ жерлердің 70%-ті аз өнім беретін алқаптар, оның 20%-ті — өте
салқын аймақта, 20%-ті — өте кұрсақ аймақта, 20%-ті — өте биік тік
беткейлерде орналасқан, ал 10%-тінің топырақ қабаты өте жұқа. Соны-мен
құрғақ жердің тек 30%-ті ғана ауыл шаруашылығын пайдаланып жүр. Оның ішінде
10%-тінде егіншілік егілсе, 20%-ті жайылым, шалғынды және шабындық. жерлер.
Жер шарындағы әрбір континенттер және ТМД елдеріндегі егістікке жарамды
қорлары мен қазіргі егістікке игерілген жер көлемі жайында Америка ғалымы
Ревельдің мәліметтері (12) келтірілген.
Кестеден халық тығыз мекендеген елдерде (Азия, Европада) жерді егістікке
игеру мүмкіндігін барынша тауысуға жақындатқанын, керісінше, Оңтүстік
Америка, Австралия және Африка елдерінде игеруге жарамды жерлердің әлі де
мол екендігін көреміз. Ал ТМД елдерінде жарамды жерлердің әлі де біршама
екендігін байқаймыз. Бұл елдер құрғақ жердің 15%-тін алып жатыр. ТМД
елдерінің жер коры мол болғанымен ауыл шаруашылығы үшін игеруге ыңғайлы
жерлер аса көп емес, 58%-ті суық аймақтарда (тундра, орманды тундра,
терістік тайга). Жердің 15%-ті шөлді және жартылай шәлді аймақтарда
ораласқан.
ақ түсті тұз суда жақсы ериді, бойына ылғал сіңіргіш. Бұл тыңайтқыштың
азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондай-ақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай
шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда.
Кальций селитрасында 17,5% азот бар. Кристалды, суда тез еритін тұз.
Физиологиялың сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді.
Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритін ақ
немесе сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топыраңтарға әк
немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады.
Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт
қышқыл Ұнтаң. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға,
көкөністерге, жеміс-көкөніс даңылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама
жуылуы үшін күзде топыраң өңдеген кезде енгізуді ұсынады.
Сұйық, аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы
+34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және
тасымал дайды.
Аммиак суының бірінші сортында 20,5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз
немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот NH3 және NH4OH түрінде болады.
Біраң аммонийдың азоттан аммиакты азот көбірек болады.
Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат - әр түрлі
дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Кеп жылдар бойы бір жерге
қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті -
өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан
қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.
Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат,
суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен
аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл - көмірқышқыл аммоний тұзын
бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап
сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және
бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі
қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың
алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы ңалпына келеді.

ІІІ. Фосфорлы тыңайтқыштар.
Бұлар үш топқа бөлінеді: фосфоры суда ерігіш түрде болатын тыңайтқыштар
жай және қос суперфосфат, фосфоры суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда
нашар еритін тыңайтқыштар преципитат, томасшлак, фторсыз және т.б..
Фосфор аталған тыңайтңыштарда өсімдікке сінімді түрде болады.
Суперфосфат жай және қос болады. Жай суперфосфатта 14-20%, ал қосында 42-
49% фосфор бар. Негізінен түйіршікті суперфосфат шығарылады.
Фосфорит ұнтағы - қара сұр түсті ұнтақ. Фосфордың мөлшері 30-25-22-15%
болады.
Фосфорит ұны негізгі тыңайтқыш ретінде күзде жер жыртқан кезде топыраққа
енгізіледі. Оның тиімділігі көңмен бірге енгізгенде арта түседі.
Калийлі тыңайтқыштары тұзда сильвинит, каинит ноне суда еритін жоғары
концентратты хлорлы калий және 40% калий тұзы түрде шығарылады. Бір
бөлігі 15% -дейін кешенді тыңайтқыш түрінде шығарылады.
Хлорлы калийде 54-тен 62,5% дейін калий болады. Ұсақ кристалды ақ немесе
қызғылт түсті ұнтақ. Бұл негізгі калийлі тыңайтқыш, барлық дақылдардың
астына және кез-келген топыраққа енгізуге болады.
40% калий тұзын хлорлы калийді ұсақталынған сильвинитпен немесе
каинитпен араластырып алады. Құрамы және қасиеті бойынша каинит пен
сильвиниттің аралығында орналасады. Хлорға аса сезімтал дақылдар картоп
үшін бұл қолайсыз тыңайтқыш.
Күкірт қышқылды калийде 46% калий болады. Хлор-Fa сезімтал картоп,
қарақұмық, темекі, жүзім дақылдарға қолданылады.
Кешенді тыңайтқыштар. Қоректік заттардың бірнешеуі 2 немесе 3 болады.
Оларды үш топқа бөледі: араластырылған немесе қоспа тыңайтқыштар
механикалық жолмен араласқан, күрделі бір қосылыста бірнеше қоректік
заттары бар, құрама түйіршіктерде 2-3 қоректік заттар бар. Бұлардан
басқа сұйық және суспензияланған қойыртпаланған кешенді тыңайтқыш та
болады. Кешенді тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қолдану шығынын
азайтады.
Араластырылған қоспа тыңайтқыштар. Араластырылған тыңайтқыштардың
маңызы ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды технологиямен өсіргенде арта
түседі. Қоспаны сақтаған кезде физикалық қасиеттері кесектеліп қалуы,
дымқылдануы нашарлайтындықтан, оларды топыраққа енгізер алдында
дайындайды.
Кең таралған қоспаларға аммиак селитрасының суперфосфатпен және хлорлы
калиймен, мочевинаның сульфат аммониймен түйіршікті, мочевинаның
аммофоспен және диаммофоспен араластырылғандары жатады. Қоспаларды
топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілгендігін және мәдени
дақылдардың қажет етуін ескеріп жасайды.
Күрделі тыңайтқыштарға аммофос, диаммофос, калий селитрасы және т.б.
жатады.
Аммофоста 10-12% азот, 40-60% фосфор болады. Жақсы физикалық-химиялық
және механикалық қасиеттерге ие. Оны қоспалар жасауға және басқа
тыңайтқыштардың дым тартқыштығын азайтуға пайдаланады.
Диаммофоста 18-20% азот, 50% артың фосфор болады. Суда ерігіш, жақсы
физикалық қасиетке ие.
Калий селитрасында 13-18% азот, 46% калий болады. Дым тартқыш жақсы
себеленеді. Мұны хлорға сезімтал дақылдарға қолданады.
Кдграма тыңайтқыштар. Бұлардан кең тарағандарға нитрофоска, нитрофос,
нитроаммофоска және т.б. жатады.
Нитрофоскада үш қоректік элемент азот, фосфор, калийбар.
Нитрофоста екі элемент - азот пен фосфор 20% -дан болады.
Нитроаммосфада 17,5% азот, 52%-дан фосфор мен калий бар.
Органикалық тыңайтқыштар және ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолдану.
Көң. Барлық коректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі
және ең тиімді органикалық тыңайтқыш. Оны жүйелі түрде енгізгенде
топырақтың физикалық-химиялық сіңіру сыйымдылығы артады, қышқылдылығы
төмендейді, ауысу катиондарының құрамы жақсарады және т.б. биологиялық
қасиеттері жақсарады.
Көңсадрасында орта есеппен0,25% азот, 0,5% калий, 0,01% фосфор болады.
Ірі қара малдан қорада тұрған кезде 2 т дейін садра жиналады.
Құс саңрығы - бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементтермен
бірге микроэлементтер де марганец, кобальт, мыс болады. Негізгі тыңайтқыш
ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді.
Компостар кордалар. Бұл органикалық тыңайтқыштардың жасанды қоспасы.
Коспалардың түрлеріне қарай шымтезеккөңді торфкөңді, торфсадралы,
шымтезек-садралы және т.б. компостар болады.
Торфкөңді шымтезеккөңді компосты танаптың маңайына дайындайды.
Көктемде, жазда дайындағанда көңнің бір бөлігіне торфтың үш бөлігі, ал
қыста дайындағанда торфтың бір бөлігі алынады. Дайындаудың кең тараған
тәсілі - қабаттардың кезекпен салынуы: бір қабат 20-30 см көң, бір қабат
торф. Ертөленің штабель көлденеңі 4-5 м, биіктігі 1,5-2 м болады.
Компостың танапқа енгізу мөлшері таза көңдей 20-40 тга.
Жасыл тыңайтқыш сидерат. Бұлай деп, өскеннен кейін белгілі бір
кезеңінде топыраққа жыртып араластыратын өсімдік-сидераттарды атайды.
Сидерат ретінде бұршақ түқымдас өсімдіктерді көп және біржылдық бөрі
бұршақтар, сераделла, түйе жоңышқа және т.б. сондай-ақ, қыша, қарақұмық,
күздік және жаздық pane, күздік қара бидай, фацелия қолданылады.
Жасыл тыңайтқыш топыраққа кешенді әсер етеді: азот пен қара шіріктің
жиналуына, минералды заттардың жуылмауына және жауын-шашынды тиімді
пайдалануға, эрозияның болмауына, топырақтың физикалық касиеттерінің
жақсаруына, танаптың арамшөппен ластанбауына, саңырауқұлақ ауруларының
зияндығын кемітеді.
Бұл тыңайтқыш өз алдына жеке сидератты өскен та-набына
жыртыпараластырады, орыпалып сидератты бір танапта өсіріп екінші, жақын
жердегі сүрі танабына тасымалдап енгізеді, алшынкөк орып алғаннан кейінгі
шыққан алшынкөгін сол тананға жыртып енгізеді түрінде қолданады. Негізгі
сидерат жіңішке жапырақты бөрі бұршақты күздіктерді себерден 20-25 күн
бұрын сұрғылт бұршаң кезеңінде ауыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот тыңайтқышы және оның классификациясы
Нитратты тыңайтқыштар
Шабындықтар мен жайылымдарға минералды заттарды енгізу
Азот тыңайтқыштарының түрлері
Аммофос мочевина
Тыңайтқыштар туралы
Шіріген органикалық заттар
Тыңайтқыш - мол өнім көзі
Минералды және органикалық тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Пәндер