Цинь Шихуанди - Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Цинь Шихуанди – Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы.

Мазмұны:

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Цинь Шихуандидің билік басына келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Цинь Шихуандидің өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Цинь Шихуандидің билік басына келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II тарау. Цинь Шихуандидің жүргізген саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Империялық жүйенің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қытайдың көшпенділермен қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
V Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Кіріспе

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі
саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және
тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері— өз кезегінде, қытай
өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі
өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси
белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің
арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары
әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі
ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың
жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды.
Әулиеттер ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік
басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер
мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының
баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік
(б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық
түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай
аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі
ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Мемлекет ішінде
шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу
жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен
қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы
көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы
менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық
потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
[7.63]
Бірақта Қытай тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі Цинь Шихуан-ди.
Цинь Шихуан-ди - Цинь бірінші императоры; шың аты Ин Чжэн б.з.д.
259—210 жж сүрген.
Б.з.д. 246 жылдан бастап Цинь патшалығының билеушісі. Цинь Шихуан-ди
Соғыссып жатқан патшалықтардың ұзақ жылға соғылған дәуірін аяқтаған тұлға
ретінде қарастырылады.
Цинь Шихуань-ди б.з.д. 221 жылға таман Ішкі Қытайдағы барлық
территориясына патшалық еткен және тарихта бірінші орталықтандырылған қытай
патшалығының көсемі ретінде танымал. Ол құрған Цинь империясы, оның арғы
ойы бойынша Қытайды 10 мың аулет буындарымен билейтініне қарамастан оның
өлемінен кейін бірнеше жылдан кейін тақтан құлатылды.
[ 1.29]
Курстық жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі
таңда маңызды деуге болады, себебі Қытай жерінде ертеден пайда болған
өркениеттермен этностарды, сонымен қатар бұл елдің тарихын тереңдетіп
оқып, білуге болады. Көрші елдің мәдениетімен, әдет – ғұрыптарымен танысу
болашақ тарихшыға өте маңызды деуге болады. Қытайдағы орталықтанған тұңғыш
ежелгі мемлекет-Цинь империясы. Қытайды бір орталыққа бағындырған тұңғьш
император Цинь Шихуандидің тұсында құрылғаны туралы, Цинь патшалығына дейін
Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүргені, Цинь
Шихуандидің жүргізген саясаты туралы осы менің курстық жұмысымнан біле
аласыз. Курстық жұмысымның басты өзекті мәселесі бүгінгі күні өткен
заманның тарихын оқып, білу.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: бұл тақырыпқа қатысты
көптеген атақты тарихшылар, филологтар және де ертеде жазылып кеткен
жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер көп хабар береді. Берілген
тақырыпта көптеген еңбектер жазылынып, берілген тақырып жан-жақты
қарастырылады. Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба
көздерге негізделген. Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен
тұратын иероглифтік жазудың дамыған жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында олар
18 мыңға жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын Әндер кітабы
мен Өзгерістер кітабы әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады. Қытай
тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір
мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің
көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи
мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы
жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының
көзқарасына әсер етті. Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына
мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао,
данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
• Цинь Шихуанди – Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы
тақырыбын ашу.
• Цинь империясы туралы толық хабар беру.
• Цинь Шихуандидің жүргізген саясатына шолу жасау. Цинь
Шихуаньдидің б.з.д. 221 жылға таман Ішкі Қытайдағы барлық
территориясына патшалық еткен және тарихта бірінші
орталықтандырылған қытай патшалығының көсемі ретінде танымал
болғанын айқындап, әңгімелеу.
• Қытайды бір орталыққа бағындырған тұңғьш император - Цинь
Шихуандидің тұсында құрылғанын баяндау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Цинь Шихуанди – Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы туралы
түсінік беру;
• Цинь Шихуанди тұлғасы туралы түсінік беру;
• Цинь Шихуанди – Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы ролінің
және ерекшеліктері туралы түсініктеме беру.
• Цинь империясының құрылуы мен құлдырауы туралы түсінік беру.
• Цинь Шихуандидің жүргізген ішкі және сыртқы жүргізген саясатына
сипаттама беру.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі:
Цинь Шихуанди – Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы.
Курстық жұмыстың құралымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымша
материалдардан және слайд презентациядан тұрады.

I Цинь Шихуандидің билік басына келуі

1.1 Цинь Шихуандидің өмірбаяны
Ши-хуанди, Ин Чжэн (б.з.б. 258 - 210) - Цинь патшалыгының билеушісі
(б.з.б. 238 — 221), Қытай императоры (б.з.б. 221 - 210). Билеуші тұқымнан
шыкқан. 22 жасында билікке келген Ин Чжэн 17 жыл бойы бытыранкылықта өмір
сүрген Қытай жерін бір орталыққа бағындыру жолында күрес жүргізді.
Б.з.б. 221 ж, Қытайдағы 6 патшалықты өзіне бағындырып, ұлы билеуші —
Цинь Шихуаньди — Циньнің бірінші императоры деген атпен бір орталыққа
бағынған біртұтас Қытай мемлекетін құрды. Бұл сол замандағы аса үлкен
мемлекет еді. Цинь Шихуанди қатаң тәртіпке, шексіз билікке негізделген
әміршілдік жүйе енгізеді. Ол ішкі саясатында егіншілік кәсіпке барынша
қолдау көрсетті. Ал қолөнер мен сауда жеке меншік сипатқа ие болды.
Мемлекеттің кайтадан ыдырап кетуіне жол бермеу үшін елде біріңғай заң
реформасын жасады. Ортақ ақша жасап, өлшем бірліктерін, жазуды біріңғай
жүйеге келтіреді. Басқыншылық соғыстар мен жат жерлерді басьп алу Цинь
Шихуандидың сыртқы саясатының негізі болды.
Б.з.б. 221 — 216 ж. соғыс кимылдары негізінен солтүстік және оңтүстік
бағытта жүрді. Солтүстіктегі сюнну (ғұндар) тайпаларына қарсы жүргізілген
соғыстар қорғаныстық сипатта болды. Бұл бағыттағы соғыстар империяның
солтүстік шекараларын нығайту және бұрын айрылып калған аумақтарды қайтарып
алу мақсатын көздеді. [1.45]
Б.з.б. 215 ж. Ц. Ш. 300 мындай әскерін солтүстікке жібереді. Цинь
әскерлері ғүндарды жеңіп, солтүстіктегі Гаоцюе, Иныпань және Бэйцзя
жерлерін кайтарып алды. Сөйгіп, екі жыл ішінде Цинь империясы өзінің
құрамына ұзындығы. 400 км-ге жуық аумақты қосты. Көшпелілерді біржолата
талқандау мүмкін емес еді, сондықтан ол б.з.б. 215 ж. солтүстіктегі шекара
бойында аса үлкен қорған салдыра бастады.
Құрылысқа әскерлермен катар, қылмысы үшін айыпталғандар, кұлдар және
қылмысын еңбекпен өтеу міндеткерлігіндегі түрлі адамдар тартылды. Б.з.б.
213 жылдың аяғында құрылыс негізінен аяқталады. Бұл алып кұрылыс миллионға
жуық адамның өмірін қиды.
Б.з.б. 212 ж. Ұлы Қытай қорғанынан шығысқа қарай, одан оңтүстікке Цинь
империясының астанасына дейін үлкен жол салынды. Ғүндардан тартып алынған
жерлерде 44 әкімшілік уезд кұрылды. Оған елдің орталық аудандарынан жер
аударылғандарды әкеліп қоныстандырып, олар мемлекет міндеткерліктен 10
жылға босатылды. Ал оңтүстікте қазіргі Гуаңдун және Гуанси провинциялары
мен Үндіқытай түбегінің солтүстік шығысындағы Аулак мемлекетінің юэ
тайпаларьша карсы басқыншылық соғыстар жүргізілді.
Оңтүстік өңір Цинь империясын өзінің байлығымен күшті дәрілер жасайтын
мүйіз-тұмсық мүйізі, піл сүйегі, сирек құстардың өшекейлі қауырсындары,
маржан тастар, т.б. қызықтырды.
Жаулап алу әрекеттері бес бағытта жүрді:
1) Таньчэнға;
2) Цзюншаньға;
3) Паньюйяға;
4) Наньюэге;
5) Юйганынуйға бағытталды.
Алайда б.з.б. 214 ж. юэ тайпа-лары Аулак мемлекетінің әскерлерімен
бірлесе отырып, Цинь армиясын талқандады. Дегенмен, Цинь әскерлері Намвьет
және Аулак мемлекетінің солтүстік. бөлігін толығымен басып алды. Басып
алынған жерлерде Наньхай, Гуйлин және Сян округтері кұрылды. Ол жерлерге де
оолтүстіктегідей саясат қолданьшып, орталық аудандардан көшіріліп
әкелінгендер көптеген жеңілдіктермен қоныстандырылды.
Цинь Шихуанди кенеттен қайтыс болып, орнына таққа отырған баласы
екінші император Эрши-хуан-ди төрт жылдай ғана билік құрды. Қарсыластары
Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін көтеріліске шығып, император отбасын
түгелімен жойып жіберді.[ 5.20-38]

1.2 Цинь Шихуандидің билік басына келуі
Б.з.д. 221 жылы Қытай мемлекеттерінің бірінің
билеушісі Цинь өз бацталастарын жекежеке жеңіп, букіл
Қытайды. цоластына біріктірді. Сөйтіп, ол өзін Цинъ Шихуан, яғни
"Тұңғыш әмірші Цинь" деп атауға жарлық етті. Жарлығында ол өзінің
баласынын, "Екінші әмірші Цинь", немересінін, "Үшінші әмірші Цинь" деп,
ондаған мың мүрагерлері осылайша ретретімен атала беретінін астын
сызып көрсетті. Мемлекеттін, алып жатқан жері 36 аймаққа белініп, оларды
патшаның өзі тағайындаған билеушілер басқарды. Цинь Шихуан өзінің
осы жеңісінен кейін "мәңгі бейбітшілік орнайды" деп жариялады
Ц и н ь и м п е р и я с ы б.з.б. 221 — 206 жылдарда өмір сүрген —
Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орталыққа
бағындырған тұңғьш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь
патшалығына дейін Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар
өмір сүрді. Патшалықгың астанасы — елдің солтүстік батысыңда орналаскан
Сяньян (казіргі Сиань) қаласы болды. Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-
кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа
біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің
орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді.
Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі
барлык шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық
жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің колдауына ие болмады.
Қайта тамақ, әсіресе, астык өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау
орнатылды. Мемлекеттік шеберханалар жүйесі құрылып, үсталар белгіленген
мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б.
қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалыкгардың
корғаныс камалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймактарға бөлінді.
Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал кылмыстык баптармен
толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және
өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-
ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің
біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықган әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық
бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан
шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. [3.68-69]
Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда кытай халқын мәдени
тұтастырушы күшке айналды. Цинь патшалығы сырткы саясатта солтүстік және
оңтүстік бағытга бірдей жаулап алу жорықгарын жүргізді. Жаулап алынған
жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен
ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны
салынды. Зерттеушілер қытай корғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза
болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мындаған жылдар Қытайдың
солтүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды.
Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу
құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың
салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға
негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мындаған адамдардың тартылуы
аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халыктың
орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Ши-хуанди қайтыс
болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші
Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрган
әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып
қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды. Бірақта Цинь
императоры қалдырған мұра Қытай тарихында алатын орны ерекше.[3.74]
Ежелгі Қытай тұрғындары өзіндік материалдық және рухани мәдениет
құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына, дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі
қарама-қарсы қарыштық күштер – Жарық пен Түнек қақтығысқанда
өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық)
қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды, олар тау, жер, өзен, күн, ай,
жаңбыр, жел рухтарына табынды.
Сәл кейінірек патша билігіне бас иді. Патша аспанның ұлы болып
саналды, яғни Құдайдың жердегі өкілі болып табылды. Қытайда ата-бабаларға
табыну күшті болды. Ежелгі Қытай этносы типінің ерекшелігі рухани өмірде
әлеуметтік этика мен әкімшілік практика басты роль атқарғандығы болды.
Дұрыс пікірдегі қытай өмір мен өлім проблемалары туралы ойланған жоқ, о
дүниедегі шатты өмір немесе қайғы-қасіреттен құтылу үшін емес, өмір үшін
тіршілік етті. Дін емес, салттық этика дәстүрлі қытай мәдениетінің бейнесін
қалыптастырды.
Басқару жүйесі мен қоғамдық салттық нормаларда іске асырылған рухани
мәдениет типі дүниеге көзқарас жиынтығының жалпы ұтымды бөлігі болды,
әлеуметтік және табиғи тәртіп бірлігі, тұрмыс толықтығы мен жеткіліктілігі,
табиғи өзі жетілетін тәртіп ретінде табиғи тәртіпті мойындау негіз болды.
Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру
болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын
жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген
(Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). Билеуші билеуші болады, бодан
бодан болып қалады, әке - әке, ұл – ұл болады. Конфуций негізгі
рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата
бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций
бойынша – идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір
адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек.
Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол
қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып,
әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу
функциясын атқарады.
Даосизмді жасаушы Лао-Цзы – Қарт дана (аңыз бойынша ол 200 жыл өмір
сүрген) болып саналады. Оның пікірінше барлығы әбігершілік. Даоның ізімен
жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер
Аспанның, Аспан Даоның, ал Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық
даосизм адам заттардың табиғи тәртібін өзгерте алмайды деп санайды,
сондықтан адамның еншісі - оқиғалардың табиғи барысын сырттан бақылап,
Даоға қол жеткізу. Даосизмді жақтаушылар белсенді әрекеттен бас тартуды
насихаттап, әрекетсіздік теориясын ұсынады. Олар әлем адам сияқты
тоқтаусыз өзгерістер процесі деп санады, сондықтан тану мүмкін емес. Басты
шарты – жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа келмеу, дүниеге
қосылу, оны тыңдай білу. [4.18-24]
Қытайдың барлық діни жүйелерінің ортақтығы бар: барлығына үлкендер мен
ата бабаларды құрметтеу, отбасыны тыңдау, әрекетсіздік идеясы, шындыққа
сырттан қарау қатынасы тән болды. Адамның тұлға ретінде өзіндік құндылығы
болған жоқ, қоғам тұлға – мемлекеттік пен ұжымдық алдында ештеңе емес
деген принцип бойынша өмір сүрді.
Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба көздерге
негізделген. Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен тұратын
иероглифтік жазудың дамыған жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға
жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын Әндер кітабы мен
Өзгерістер кітабы әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады.
Қытайлар ұзақ уақыт жібекке табиғи бояулармен жазды, біздің заманымызда
тушь пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды: қола айналарды
жасау, нефрит пен сүйекке ою жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан шет
жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап шығарылды, алуан лакты бұйымдар
пайда болды. [4.34]
Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас орталықтандырылған
мемлекетке біріккен уақыт (б.з. дейінгі 221-207 ж.ж.) Ұлы қытай
қабырғасының негізгі бөлігін салумен есте қалды, ол біздің заманымызға
дейін жартылай сақталып қалды. [29.137]
Сәулеттегі табыстарға математиканың дамуы себепкер болды. Б.з. дейінгі
V ғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта
бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті
аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия
дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з. дейінгі V ғ. 800
шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға
бөлді. Б.з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет
күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы
айналатын жұлдыз глобусын жасады.
Медицина едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта
қытайлықтарға екі ондық музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл,
сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен,
балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы
сарай маңындағы музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық
сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі
саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және
тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің
оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай
халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі
өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси
белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің
арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары
әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі
ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың
жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Әулеттер
ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың
баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау
халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы
анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.)
және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. [6.157-159]
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық
түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай
аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі
ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай
мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени
және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі
демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа
шығаруға болмайды.[ 8.96]

II Цинь Шихуандидің жүргізген саясаты

2.1 Империялық жүйенің қалыптасуы
Б.з.д. 221 жылы Қытай мемлекеттерінің бірінің
билеушісі Цинь өз бақталастарын жеке-жеке жеңіп, бүкіл
Қытайды қол астына біріктірді. Сөйтіп, ол өзін Цинъ Шихуан, яғни
"Тұңғыш әмірші Цинь" деп атауға жарлық етті. Жарлығында ол өзінің
баласынын, "Екінші әмірші Цинь", немересінін, "Үшінші әмірші Цинь" деп,
ондаған мың мүрагерлері осылайша рет-ретімен атала беретінін астын
сызып көрсетті. Мемлекеттін, алып жатқан жері 36 аймаққа белініп, оларды
патшаның өзі тағайындаған билеушілер басқарды. Цинь Шихуан өзінің
осы жеңісінен кейін "мәңгі бейбітшілік орнайды" деп жариялады.
Бірақ халық соғыссыз, бейбіт өмір сүре алған жоқ. Қытайдың өз
ішіндегі соғыс аяқталысымен, Цинь Шихуан көрші елдерге қарсы жорыққа
аттанды. Оны Оңтустік Қытай теңізінің жағалауындағы жерлер тартты да түрды.
Бүл жерлерде мол күріш өсірілетін. Осы жерден піл сүйегі, мүйізтұмсықтың
мүйізі, інжу, тауықтар мен басқа жабайы құстар әкелінетін. Жорыққа бес жүз
мың адам қатысты. Ол жердін, жолдарымен азық-түлік алып жүру қиынға соқты.
Өздерін басып алуға келе жатқандар жайында естіген халық дүние-
мүліктерін алып, малдарын айдап, тауға кетіп қалды. Қытайлар өңделген
жерлерді жауынгерлеріне бөліп беріп, олар үйлер салып, қоныстанып алды.
Осындай әскерлер қоныстарының көмегімен Қытай, ежелгі тарихшылардын,
сөзімен айтқанда "тұт ағашының жапырағын жеген" жібек құрты сияқты
біртіндеп өзге елдердің жерлерін жей берді. [16.91]
Қытайдын, солтүстігіндегі қарсыласы ғұн тайпалары болды. Ғүндар табын-
табын малдарымен байтақ далада көшіп жүрді. Олар киіз үйлерде тұрып, сүт
тағамдарымен, піскен етпен қоректенді. Олармен соғысу өте қиын болды. Қытай
әскерлері ғүндармен бетпе-бет келе алмай діңкеледі. Көшпе-
лілердің табан тіреп қорғайтын қала-лары болмады. Егер әскер жеңіл
желпі жүкпен олардын, соңына түссе, аштан қырылатынын ұқты. Егер азық-түлік
тиелген ауыр жүкпен жүрсе, желден жүйрік салт атты ғұндарды ешқашан қуып
жете алмайтын еді. Патшанын, данагөй кеңесшілерінің бірі: "көшпелілер-дің
соңына түсу өз көлеңкедді қуалаумен бірдей" деп, тегін айтқан жоқ-ты. Цинь
Шихуан ғүндарға қарсы үш жүз мың жауынгер аттандырды, қытайлар көшпелілерді
солтүстікке қарай бет алды.
Ғұндардан тартып алған жерін сақтап қалу үшін және олардын, шабуылынан
сауда жолда-рын қауіпсіз ету үшін, Ұлы Қытай қорғанының құрылысы басталды.
Оны кесек-кесек тастардан, кірпіштен, тапталған саз балшықтан тұрғызды.
Сотталғандар мен қарақұрым құлдар тас, балшық тасыды. Бірақ бүл да аздық
етті. Содан қарапайым қытайларды, күнделікті жүмыстарынан айырып алып, Ұлы
Қытай қорғанынын, құрылысына әкеп салды. Кісі-ні титықтататын ауыр да
азапты жұмыстан адамдар мыңдап қырылып, қырылғандарды алысқа апармай-ақ
қорғаннын, түбіне көміп жатты.
Қорғанның биіктігі екі-үш қабат үйдің биіктігіндей, ені екі арба қатар
жүріп өтетіндей етіп соғылды. Оның қарайтын сақылаулары, оқ ататын
тесіктері болды. Белгілі бір аралықта мүнаралар бой көтерді. Төменде мүнара
ішінде күзетші жауынгерлер тұрды. Олар әскери міндетін жоғарғы қабатта
атқарды. Сол жерге алау жағатын бұталар әкеп үйді. Олар бір қауіпті сезе
қалса, дереу от жақты. Бүл белгіні көрген көрші мұнаралардағы жауынгерлер
де бұталарды тұтатты. Белгі осындай тәсілмен шайқасқа сақадай сай тұрған
үлкен отрядқа жетті. Отряд дереу көмекке үмтылды. ¥лы Қытай қорғаны тау
шывдары мен төбелердің үстін басып өтіп, ойпаттар мен өзен аңғарларын
бойлап, мын, километрге дейін созылып, күні бүгінге дейін тұр. [29.168-169]
Сансыз көп әскерді қамтамасыз ету үшін көп қаржы керек болды.
Қарапайым халықтан жиналатын алым-салықтың көлемі ұлғайған үстіне үлғая
түсті. Қытай егіншілері алған өнімінін, үштен екісін салық жинаушыларға
беріп, өздері шала құрсақ күй кешті.
Өздерін басып алуға келе жатқандар жайында естіген халық дүние-
мүліктерін алып, малдарын айдап, тауға кетіп қалды. Қытайлар өңделген
жерлерді жауынгерлеріне бөліп беріп, олар үйлер салып, қоныстанып алды.
Осындай әскерлер қоныстарының көмегімен Қытай, ежелгі тарихшылардын,
сөзімен айтқанда "тұт ағашының жапырағын жеген" жібек құрты сияқты
біртіндеп өзге елдердің жерлерін жей берді.
Қытайдын, солтүстігіндегі қарсыласы Ғұн тайпалары болды. Ғүндар табын-
табын малдарымен байтақ далада көшіп жүрді. Олар киіз үйлерде тұрып, сүт
тағамдарымен, піскен етпен қоректенді. Олармен соғысу өте қиын болды. Қытай
әскерлері ғүндармен бетпе-бет келе алмай діңкеледі. Көшпелілердің табан
тіреп қорғайтын қала-лары болмады. Егер әскер жеңіл желпі жүкпен олардын,
соңына түссе, аштан қырылатынын ұқты. Егер азық-түлік тиелген ауыр жүкпен
жүрсе, желден жүйрік салт атты ғұндарды ешқашан қуып жете алмайтын еді.
Патшанын, данагөй кеңесшілерінің бірі: "көшпелілердің соңына түсу өз
көлеңкедді қуалаумен бірдей" деп, тегін айтқан жоқты.
Ұлы қорған ирелеңдеген тас соқпақты жолдың қалтарысында күтпеген
жерден алдыңнан шыға келіп, алып тұлғасымен көз алдыңа тұра қалады. Оның 15
метрлік тіс тәрізді дуалдары таудың құзар шыңдарына өрмелеп, біресе
шатқалға құлдилай, оны кесіп өтеді де, қайтадан қайқаң етіп, өрге
көтеріледі. Осылайша ұлы ғажайып ескерткіш Қытайдың шығысынан батысына
қарай алты мың километрден астам созылып жатыр.
Ұлы Қытай қорғаны – адамзаттың ақыл-ойымен жасалып, ғарыштан да айқын
көрінетін аз ғана алып құрылыстардың бірегейі. Әрине, біздің заманымызға
дейінгі ІІІ ғасырда салынған бұл құрылыс көне замандардан сыр шертеді,
бірақ та оның бірқатар бөліктері сақталмаған. Ал Бейжіңге таманғы бөлігі
туристер үшін жаңғыртылып, қайтадан қалпына келтірілді.
Қорған құрылысы Цинь Шихуан императорға дейін ежелгі қытай кінәздіктерін
жауынгер көшпелілерден қорғау үшін салыныпты. Қорғанды салу Цинь әулетінің
билігі құлағаннан кейін де жалғаса берген. Алайда тарих осы құрылыстың салу
идеясын Цинь әулетінің негізін салған император Цинь Шихуанның есімімен
байланыстырады. [29.173-179]
Мынадай бір заңдылық бар: мемлекет күшті болса, оған мыз-ғымас
дуалдардың қажеті жоқ, оған батылы барып, көрші елдер шабуыл жасай алмайды.
Ал, мемлекеттің күші әлсіресе, оған ешқандай қорған да, берік қамал да дауа
бола алмайды. Қорғанның іргесі қанша мықты болып, қат-қабат қоймалармен
жасақталып, терең құдықтарымен жау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цинь Шихуанди (б.д.д. 259-210 жылдар)
Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны
Қытай мәдениеті мен ғылымы
Қытай тарихын мерзімдеу
Мәдени мұралары
Қытай Халық Республикасы туралы мағлұмат
Қытай мәдениеті туралы
Қала, қолөнер және сауда
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Ежелгі Қытайдың мәдениеті
Пәндер