Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстанның даму стратегиясы жүзеге асыруына тиімді ықпал ететін
негізгі елементтерінің бірі болып мемлекеттің фискалдық саясаты саналады.
Елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістер, оны нарық механизмімен
тиімді жұмыс істейтін елдердің қатарына тенестіру барысындағы ғылыми теория
мен категория мен олардың үкіметтің макроэкономикалық шешімдерін қабылдау
барысындағы қажетті құрамдас бөлігі ретіндегі тиімділігі де жатады.

Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және
мемлект міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін, қаржы
төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандықтан –
қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке баланысты толықтыру және
бюджетке кеіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу – экономикалық өсудің
тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Рыноктық экономикада бюджеттің
кірісі салық жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы салғанда салық
жүйесі, еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқада құнды
көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджеті
қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.

Қазіргі ғылыми-экономикатық еңбектерде, фискалдық саясатты жүзеге
асыру механизмін зерттеудің тұжырымдамасын толық өңделмеген.

Әлеуметтік салаға әсер ететін фискалдық саясаттың механизмін кешенді
қалыптастырудың теориялық және практикалық сұрақтарын жүйелік өңдеудің
еліміздің экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің
дамуының әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын,
тұрмыс-деңгейін көтеруге әсер етеді.

Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын, еліміздің
дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндірістің
циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен
қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.

Жоғарыда аталған жағдайға байланысты, Қазақстанда фискалдық саясатты
жүзеге асыру механизмін зерттеу толық жетілдірілмегендіктен және оның
қазіргі талаптардың баламасына сәйкес келмеуі, осы мәселені ғылыми
ізденістіруді талап етеді және өте өзекті болып келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты болып фискалдық саясатты дамытудың теориалық
және практикалық негіздерін зерттеу және Қазақстан Республикасында бюджетті-
салықтық қатынастарда жүзеге асырудың практикалық ұсыныстарын зерттеу болып
саналады.

Берілген курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді
қарастырамыз: бюджет түсінігі және мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні,
Қазақстан республикасында толық фискалды механизмді жетілдіру жолдарын.

Зерттеу объектісі болып бюджет тапшылығымен фискалдық саясат және оны
жүзеге асыру механизмі болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі. Қошанов А.К., Аубакиров Я.А.,
Аймағамбетов Е.Б., Танасилов М.Д., Жоламан Р.К., Шамшиков Ж.Е., Шеденов
Ө.Қ., Жатқанбаев Е.Б. осы ғалымдар бюджетпен фискалдық саясатты зерттеген
болатын.

Құрылымы: бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қортынды,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1.1 Бюджет түсінігі.
Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше
тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана
абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде
болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-
бірімен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай
бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен
заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады.
Мұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар
мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы,
екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдаланылуына
байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген
түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол
мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет табысы мен шығын
құрылымы және нарықтық экономикада біздің елдің мемлекеттік бюджеті жеке
баптар бойынша ара салмағы төмендегідей.

Қазқстан Республикасының бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы
экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай түрлер мен
деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттің түрлеріне:

- Түзетілген бюджет

- Бекітілген бюджет

- Нақтыланған бюджет

- Мемлекеттік бюджет

- Жергілікті бюджет

Бюджеттің деңгейлері:

- Республикалық бюджет

- Облыстық бюджет

- Аудан бюджеті

- Төтенше мемлекет бюджеті

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективті ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқада экономикалық
категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материлды негізі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы
жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда
бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды
қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық
қажеттілік шығындарды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры.

Экономикалық әдебиет беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда
пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында
немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде.
Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама
берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар; бюджет – ол басқарушылық жоспар;
бюджет – ол коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатын
дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте
кең, себебі оған мемлекет басқару органдарының негізгі функциялары,
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың
көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштеріне тағы басқа көрсеткіштер мен
ережелер кіреді.

Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

- Ол өз алдына жеке бір экономикалық категория;

- Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

- Ол экономиканы реттеуге арналған құрал;

- Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;

- Ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдыменол қоғамдық өндірістің дамуынакеректі
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттіліккебайланысты. Ақша қаражаттарды ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарланған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген – ол Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы
қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат
ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы
бюджет . Сонымен қатар мемлекеттік бюджет термині – мемлекет
құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында
да пайдаланады.

Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен
мәжілістің тұрақты комитеттері – Эканомика, қаржы, бюджет комитеттері
болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің
палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – Министрлер кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәріппен Парламентке Республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу,
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттрден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі кезеңділігін айқындайды,
Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан
туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан
экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару
саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүесін одан әрі
жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің
жарлығына сәйкес қайта құрылған қаржы министірлігі және оның жер-жерлерді
органдардың рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министірлігімен оған қосылған
мемлекеттік кіріс министірлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің
кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері экономика
және бюджеттік жоспарлау министірлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүектегі №962
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министірлігі туралы
қағидаға сәйкес басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте
мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарлуын бақылау, мемлекеттік
меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық
рәсімдердің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімнің
жүргзілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме
аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын
Қазақстан Републикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс
жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен жергілікті мүдделерді
қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның
саясаттық әлеуметтік дамуын көрсетеді.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні.

Мемлекеттік бюджетті, басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің
ұйымдстырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып,
оны экономиканы баскарудың әсершіл құралына құралына айналдырады. Бджетті
басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай манызды қасиетерімен
дәлелденеді:ол заң күшіне ие;мұнды қоғамдық өндірістің дамуына
бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей
көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы
оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

Экономикада тауарлы-ақша болғандықтан экономикалықпропорциялар екі
формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай).
Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында
материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал
құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің пропорцияларынанықтауды
қарастырады.

Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының
салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік
болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды
(қаржы, бюджет,несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің
құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға
мүмкіндік береді.

Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың сададық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын
реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады.
Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру,
экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да
әлеуметтік-экономикадық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы
басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады,
себебі бюджет негізі – бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның
тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюджетті – экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
керек. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынстарды негізгі қаржы құжатарқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі
ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын құндық құралыболып табылады.

Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымынеғұрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын
уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте
маңызды.

Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік
механизмарқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективті түрде
бар қатынастарды ұйымдстыруға мемлекеттің құрастырған және
пайдаланатынарнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-
әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта
бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Бюджеттік механизмнің объективтік негізімемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады.
Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік
механизмнің ішінде әр түрлі тібектер бар екеніндәлелдейді. Сондықтан,
бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар,
бюджетаралықбайланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға
сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әртүрлі формалары мен әдістерін
енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар
көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге
болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарпына жұмылдыратын әдістер;
әртүрлі іс-әрекет салаларында бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет
қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу
және олармен маневр жасайтын әдістер.

Бюджеттік механизмнің жоғарыда айтылған тізбектерді өз алдында
элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік
механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен
сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен іске
асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар
жіберу механизмі әртүрлі принциптер негізі бюджеттік ақша берудің әртүрлі
формалары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен
қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет
қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әртүрлі
әдістерімен сипатталады.

1.3 Фискалды саясаттың экономикалық рөлі мен мәні.

Қоғамның экономикалық өсу процесіндегі фискалдық саясатың
экономикалық рөлі мен мәні бюджетке келіп түсетін экономика субъектілерінің
міндетті ақшалай төлемдеріне сапалы сипаттама беруге, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
мен ұлттық табысты (ҰТ) орталықтандырылған қаржыны бөлудің құрамдас бөлігі
ретінде салық салуды ұйымдастырудың әдістемелік негізін анықтауға,
практикада жинақ пен инвестицияны, өндіріс пен тұтынуды мемлекеттік
реттеудің салықтық құралдар жүйесінің өзара байланысын өңдеуіне мүмкіндік
береді.

Фискалыдқ саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен
инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу,
мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар туралы саясаты.

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі құралы ретіндегі Фискалдық
саясаттың түсінігі Дж.М.Кейнс пен кейнсиандықтардың атымен тығыз байланысты
(Р.Харрод,Э.Хансен, А.Пигу және т.б.).

Фискалыдқ саясат фискалдық механизм арқылы жүзеге асырылады.
Фискалдық механизм – салық қатынастарын бөлу мен қайта бөлуді жүзеге асыру
процесінің қоамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін
әдістердің, құралдардвң және формаларының жиынтығы.

Кейнсиандық теорияның өкілдері фискалдық саясатты экономикалық
жағдайлардың өзгеруіне олардың сезіну механизміне байланысты дискреционды
және автоматты фискалдық саясат деп бөледі. Дискреционды фискалдық саясат –
үкіметтің мемлекет шығындары мен салықтарды саналы басқаруы. Экономикалық
өрлеу кезеңінде, жеке шығындардыңкөлемі артқан жағдайда, үкімет тауарлар
мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қысқартатынын білеміз. Мемлекет
шығынын қысыарту, ЖІӨ-нің бірнеше есе азайтады. Сонықтан да мемлекет,
өндірістің құлдырауы кезінде шығынды арттыра отырып, экономикалық
дағдарысты жеңілдетеді, ұлттық өндіріс көлемінің бірқалыпты артыуына қол
жеткізеді.

Дискреционды фискалдық саясат сондай-ақ салық ставкасының өзгеруін
болжайды. Салықтарды төмендету тұтыну шығындарының өсуіне, яғни өндіріс
көлемінің бір қалыпқа келуіне және жиынтық шығынның (ЖІӨ)-нің артуына
әсерін тигізеді. Сайып келгенде, салық өзгерістерінің де мультипликаторлық
әсері бар. Мемлекет шығындарының өзгеруіне қарағанда, салық өзгерістері
жиынтық шығынға, оған сәйкес ұлттық өнімнің көлеміне айтарлықтай әсерін
тигізбейді. Бұл салықтардың өсуінің орнын, жартылай жиынтық шығындарды
қысқартумен, жартылай жинақты азайтумен толтырады, ал мемлекеттік сатып
алудың өзгеруі тек жиынтық шығынға ғана әсерін тигізеді. Міне, сондықтан
да, салық мультипликаторы мемлекет шығынының мультипликаторына қарағанда
әлдеқайда кіші.Бұл айырмашылықтар фискалдық саясаттың керекті құрамын
талдау кезінде анықтаушы рөл атқарады . Егерде ол экономикада мемлекеттік
секторды кеңейтуге бағытталған болса, онда циклдік құлдырауды игеру үшін
мемлекеттік шығын арттырылады (күшті ынталандырушы әсер береді), ал
инфлияның көтерілуіне кедергі болуы үшін салықтардыкөтереді (салыстырмалы
жеңіл шнетелген шара болып саналады).

Салық – бұл мемлекет заң жүзінде белгіленген, шаруашылық субъектілері
мен жеке тұлғаларға белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарылмайтын және
қайта өтелмейтін түрдегі бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салық салу – мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасында ақшалай табысты
бөлу әдісі.

Экономикалық ілімдер арасындағы салықтар жайлы сұрақтардың алатын
орны тек қазіргі кездегі экономика ғылымдарының классиктері арасында ғана
емес, бұрынғы классиктердің, яғни А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, С.Вобан,
Ж.Монтескье, Ж.Сисмонди, Ф.Нитти және т.б. арасында елеулі болған. Олар
салықтар арқылы мемлекеттің табысы мен шығысына сипаттамалар берген, лардың
пайда болу көздеріне, мүліктер ен табыс айналымының әдістері мен
формаларына, саяси билікті қамтамасыз етумен байланысты қаржылай – бюджет
байланыстарының шектелуіне көптеген ойлар мен жобалар ұсынған.

Практикада мемлекеттік сатып алу мен салық деңгейі, үкімет сәйкесінше
шешімдерді қабылдамаған дағдайда да өзгеруі мүмкін. Мұны Дж.М.Кейнс
автоматты фискалдық саясатты анықтайтын кіріктірме тұрақтылықтың барымен
түсіндірді. Кіріктірме тұрақтылық өзін-өзі реттеу режимінде әрекет ететін
және экономикалық жағдайдың өзгерістеріне автоматты түрде икемделетін
механизмдерге негізделген. Индустриалды елдерде тұрақтандырғыш ретінде
салық салудың прогрессивті жүйесі, мемлекет трансферттерініңжүйесі, атап
айтқанда жұмыссыздық бойынша қамсыздындыру мен пайдаға қатысу жүйелері
саналады.

Жұмыссыздық пен әлеуметтік төлемдер бойынша жәрдемақы жүйесі
автоматты түрде циклге қарсы әсерін тигізеді.Мәселен, жұмыспен
қамтылудеңгейінің артуы, салықтың өсуіне әкеледі, ал бұлардың есебінен
жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы тіркеледі. Экономика заңдылығына
байланысты өндірістің құлдырау кезінде жұмыссыздар саны артады, ал ол
жиынтық сұранысты төмендетеді. Бірақ та мұнымен бірге жұмыссыздарға
берілетін жәрдемақы төлемінің сомасы да артады. Мұндай процесс тұтынуды
қолдайды, сұраныстың төмендеуін баяулатады және дағдарыстың артуына кері
әсерін тигізеді. Сонымен қатар мұндай автоматты режимде әлеуметтік
төлемдер, табысты индекстеу жүйелері де қолданылады.

Жоғарыда айтылған кейнсиандық теорияның көзқарасын қорыта келе
фискалдық саясаттың мәніне былайынан сипаттама беруге болады: Фискалдық
дамудың мәні экономиканы тұрақты дамуын, жұмыспен қамтуды арттыруды және
инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жиынтық сұранысты
салықтармен, трансферттермен және үкіметтің сатып алуын айла-шарғылап
басқаруынан тұрады.

Фискалдық саясат шығарылатын өнім көлемімен табыстың деңгейіне әсер
етеді және экономиканы тұрақтандыру үшін де қолданылады. Бірақ та
американдық экономистердің көзқарастары бойынша фискаодық саясат ЖІӨ
деңгйін толық тұрақтандыра алмайды, себебі салық ставкаларына немесе шығын
деңгейіне қандай өзгерістер енгізу қажеттілігінің айқынсыздығында және бұл
өзгерістердің бәрі ЖІӨ-ге әсерін, тек арада белгілі бір уақыт өткеннен соң
ғана көрсетеді.

Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын
пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және қазынаны
толтырудың негізгі көздерін анықтайды. Ары қарай фискалдық саясаттың
экономиканы реттеуін тікелей және жанама қаржылық тәсілдерге бөліп
қарастырады. Тікелей тәсілдерге ол бюджеттік реттеу әдістерін, атап
айтқанда: ұдайы өндірісті арттыру шығындарын, мемлекеттің өндіргіш емес
шығындарын, инфрақұрылымның дамуын, құрылымдық саясатты жүргізуін және тағы
да басқаларын жатқызады.Жанама тәсілдер мемлекеттің тұтыну сұранысының
мөлшеріне, көрсетілетін қызметтер мен тауар өндірушілердің қаржлық
мүмкіншіліктеріне көмектесуіне бағытталған. Фискалдық саясат мәнінің
осылайша талқылануы мемлекеттің экономикалық, қаржылық және фискалдық
саясатын ұқсастыру мәніне алып келеді.

Фискалдық саясаттың мәніне деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе
мынада анықтама беруге болады: фискалдық саясат - мемлекеттің алдында
тұрған стратегилық міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын
мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы.Мемлекеттің
оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамытудың негізі. Бүгінгі күн
Қазақстан Республикасының салық жүйесін нығайту және реформалау кезеңі
болып табылады. Тікелей салықтарды төлеу барысында мемлекет пен салық
төлеушілер тікелей байланысқа түсетіндіктен және жергілікті бюджеттің
негізін осы салықтар құратындықтан, салық жүйесіндегі осылардың алатын рөлі
зор. Тікелей салықтардың құрамына:әлуметтік салықтар,жеке тұлғалардың
табысына салынатын салықтар және т.б. жатады.

Қазақстандағы барлық әрекет ететін салықтардың іщіндегі ең жасы
болып – әлеуметтік салық есептеледі. Біздің елімізде бұл салық 1999 жылдан
бастап, соған дейінгі әрекет еткен сақтандыру жарналарының мынадай
әлекметтік, яғни зейнетақының, мемлекеттің әлеуметтік сақтандырудың,
міндетті медициналық сақтандырудың, халықты жұмыспен қамту қорларының
орнына қабылданған. Осы салықтың ағашқы сомалық ставкасы еңбекақы қорының
28% құраса, кейінен ол 21%-ға дейін төмендетіледі. Мемлекеттік бюджет
кірісінің құрамындағы бұл салықтың үлес салмағы 2001-ші жылдың мәліметтерді
бойынша 17%-ды, ал қазіргі уақытта жергіліктібюджеттердің шамамен 58%-ып
құрайды.

Әлеуметтік салықты төлеушілер болып: жеке кәсіпкерлер, жеке меншік
нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар саналады.Әлеуметтік салықты енгізу,
бюджеттің кіріс бөлігінде әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыру үшін
қажет болды. Осы салықты енгізген азғана уақыт ішінде салық ставкасына,
өндіріп алу базасына және есеп беруіне, бірнеше өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді. Алғашқы кезде әлеуметтік салықтардың басқа салықтардан
ерекшелігі болып, оның бастапқы салық салу объектісінің қаржыландыру көзіне
қарамастан, сәйкес салықтарды ұстауға дейінгі еңбекақы қоры есептелінді. АЛ
салық төлеушілер болып, жұмысты ұсынушы – ұйымдар саналады. Олар бекітілген
ставка бойынша, метериалдық және әлеуметтік жеңілдік ретінде ақшалай және
натуралды формада есептеліп, жұмысшыларға төленді. Қазақстанда салық
төлеудің екі түрі бар. Бірі: еңбекақыға әлеуметтік есептеу болса, екіншісі
– жұмысшылардың жалақысынан табыс салығын ұстап қалу. Қазіргі жағдайдағы
осы салықтың заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып, жұмысты
ұсынушының жұмысшылар санына байданысты материалдық, әлеуметтік игіліктері
немесе басқа да материалдық пайдасы ретінде, ақшалай және натуралды формада
төлейтін табысы есептеледі. Еліміздің салық жүйесінде орын алып отырған
әлеуметтік салық, компания иелерінің өз қызметтерінің жалақы мөлшерін
көбейтуін ынталандырудың орнына, керісінше бұл салықтан қалай құтылуды
ойластыруда. Қазіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың
жалақысына екі түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады.
Мәселенің жайын жалақыны төлейтін заңды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ,
онда жалақыны үйлестіру барысында, кәсіпорындардың қосымша қаржыға
шығындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын, кәсіпорындар
әлеуметтік салықты соғұрлым көп төлейді.

2.1 Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық одақтас Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде
Қазақстан егеменді ел болған соң, Республика үкіметі өзінің ұлттық
мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады.
Нарықтық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-
жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығынаөнімін сату
бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік
бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекеттік дотациялап
отырады.

Республикалық бюдеттің және жергілікті бюджеттердің теңгерушілігі
бюджеттік-қаржы саясатының бас мақсаты. Сондықтан мемлекет қашан да болмаса
бюджеттің теңгерушілікті болуына тырмысады, яғни тапшылықсыз бюджетке.
Бюджеттік тапшылық маңында мемлекеттік шығыстардың мемлекеттік кірістерден
арттыруы қарастырады. Негізінде тұрақты бюджеттік тапшылық болатыннмұндай
арттыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Қаржылық жоспарлау жайлы
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Пәндер