Қазақ фольклорының зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
1. Қазақ
фольклористикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...5
2. Қазақ фольклорының зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-11
ІІ Тарау. ҚАзақ ертегілері
2.1. қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі ... ... ... ... ...12-18
2.2. Ертегі жайлы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18-22
2.3. Жазушылар неге ертегі
жазбайды? ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .22-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Әдебиеттанушылар ертегіге кездейсоқ ойдан шығарылған арзан дүние
емес, керісінше, халық ауыз әдебиетінің құрылым жағынан алғанда ең
қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем
туындысы, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып,
жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани
әлем болмысының біртұтас түсінікті тілмен баян етілген көрінісі деп баға
береді. Дей келе, қазақ ертегілерін мазмұнына қарай, Исламға дейінгі және
одан кейінгі ертегілер деп екі топқа бөледі. Рас, исламға дейінгі
әдебиетте Таудыталпаң, Судысалпаң секілді халық қиялынан туған бейнелер
жеткілікті, дегенмен кейінгі әдебиет Жаратқанның бір екендігіне сенуге және
иман келтіргендер жақсылыққа бастайтынын насихат етеді. Айталық,
әдебиеттанушылардың зерттеулерінше, қазақ ертегілерінде кездесетін жалмауыз
кемпір, жезтырнақ, пері, дию дегендердің бәрі - Жаратқанның қаһарына
ұшыраған жын-шайтан мен кәпірлердің ертегілерде көрініс алған балама
кейіпкерлері. Ал қасиетті Құран Кәрімде баяндалатын игі жақсы кісілер
ертегілерде тазша бала, ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал, қойшы кедей
бейнелерінде көрінеді. Бұл - әдебиеттанушылардың пікірі. Біздің айтарымыз -
қазіргі қазақ баласына осы тектес сананы рухани байытатын ертегілер қажет-
ақ. Рухани тақырып - мәңгі. Демек, жазушылардың ертегі жазуда тақырып жоқ
деп қашқақтауы жөн емес. Ақын, дінтанушы Құл-Керім Елеместің әдебиет
саласын иманды және бейимани әдебиет деп екіге бөлетіні бар. Оның ішіне
ертегі де кіреді. Соған орай, жас қаламгерлердің өзі иманға келіп, иманды
ертегілер жазғанын қалар едік.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Зерттеудің мақсаты – ең алдымен, қазақ халық поэзиясының осы уақыт
аясындағы зерттеулер арқылы жанрлық жіктелісіне назар аударып, оның ішінде
тақырыпқа қатысты қазақ ертегілерінің алатын орнын анықтау. Сөйтіп, қазақ
ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі, жанрлық ерекшеліктері және поэтикалық
мәселелеріне тиянақты жауап беру.
Зерттеудің міндеті:
Қазақ ертегілерінің зерттелуі, жиналуы мен дамуы, жанрлық сыр-сипаты
жайындағы бізден бұрынғы зерттеу еңбектерді негізге алып, бүгінгі
тәуелсіздік тұрғысынан халқымыздың көнеден келе жатқан рухани мұрасы
ретінде жаңаша пайымдау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті талқыланады.
Алғашқы тарауда негізінен қазақ фольклорының жиналуы мен зерттелуіне
қатысты сөз болады. Екінші тарауда қазақ ертегілерінің жиналуы мен
зерттелуі, ертегілердің түрлері және ертегілердегі қаһармандар әлемі туралы
айтылған.
Қорытындыда жалпы жұмысты пайымдау болады.

І Тарау. Қазақ ауыз әдебиеті
1.1. Қазақ фольклористикасы.
Қазақ фольклорының жиналуы ХІХ ғасырдан бастау алады. ХХ ғасырдың бас
кезінде көптеген әнші, ақын-әдебиетшілер ел аузындағы фольклор үлгілерін
жинап, газет-журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастайды. “Қыз
Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырлары Қазанда
жеке-жеке жинақ болып басылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиетінің
көркем үлгілеріне арналған төрт томдық қолжазбасы болған. М. Сералин
“Шаһнаманың” кейбір тарауларын қазақ тіліне тәржімелеп шығады. Сонымен
қатар орыс ғалымдарының халық поэзиясын жинауға бағытталған іс-әрекеттері
де бұл ғылымның ілгері басуына көп септігін тигізді.
Қазақ фольклористикасы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары айрықша бой
көрсетеді. Бұл кезде Ә.Диваев, Х.Досмұханбетов, М.Әуезовтердің қатысуымен
қазақтың батырлық жырлары басқа да фольклор туындылары дүркін-дүркін жарық
көреді. Москвада Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов құрастырған “Жиырма үш
жоқтау” (1926) басылса, “Сана”, “Терме”, “Шолпан” журналдарында да фольклор
шығармалары жарық көріп тұрады.
Отызыншы жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастайды.
“Батырлар жыры”, “Алдар Көсе”, “Сексен өтірік” атты жинақтарды айтпағанда,
С.Аманжоловтың “Жұмбақтар”, Ө.Тұрманжановтың “Қазақтың мақал мәтелдері”
М.Әуезов тапқан “Қозы Көрпеш Баян сұлу” жырының жаңа нұсқасы, айтыстың
бірінші кітабы (С.Мұқановтың сөз басымен) басылады.
1.2. Қазақ фольклорының зерттелуі
Қазақ фольклорының тарихы деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында
осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше
себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп
өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем
әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор
тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану
ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол
әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды
пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың
көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі
түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге
жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай
дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп
жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы
немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту
мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да,
қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп
зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік
әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр
болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960
жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына
арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы
феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп
қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және
фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан,
езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді.
Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен
еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ)
кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта
болды да, аталмыш кітап зиянды деп танылып, ғылыми айналымнан алынып
тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті
бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын
бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән
ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі
идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте
фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа
болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ
фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу
мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни
нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт
өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы
сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену
салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң,
шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау. Осыдан әрі қарайғы
бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері;
шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген.
Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем
жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде
болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында
нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ Қазақ совет фольклоры деген жеке
бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен
әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен,
осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең,
жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп
өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық
әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық
әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп
тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза
әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені -
авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология
тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-
эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде
сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың
ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан
Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері
совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген
совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-
қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел
өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, совет
фольклоры деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.
Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық
ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған
еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан Очерки казахской народной поэзии
советской эпохи атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған
концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша,
импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды,
ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл
осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы
кітапта Тарихи жырлар бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық
поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы
жарыққа шыққан еңбекте Советский фольклор деп аталатын тараушада дәстүрлі
фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң
Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-
толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы
фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы
ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге
негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс
фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар,
бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар
фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары
басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан
Қазақ әдебиетінің тарихы атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет
фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы;
қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды,
сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық
дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды
талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен,
дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының
үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен
жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік
өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары
негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға
келе бермейтінін мойындаған деуге болады.
Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді
- деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық
фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, совет фольклоры деген
фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз
дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек
қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр
заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс
па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен
авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар,
әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып
саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше,
мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-
түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан
ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-
талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы
ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық,
отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ
фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.
Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның
әр дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат.
Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін
қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған История
казахской литературы атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын
атауға болады. Кітапта Очерк истории казахского фольклора деген тарау
беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза
казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.;
советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын
дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау
принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру
шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі
фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор
тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте
жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт
бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы
деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ
фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш
мәселе етіп қойған еңбек болды.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің
бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын
баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық
мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен фольклор деген не, оның
статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден
көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және
қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі
заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің
басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес.
Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға
айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы
мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып,
өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады,
қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында
қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін
көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен
тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен салыстыру арқылы
анықталады.

ІІ Тарау. Қазақ ертегілері
2.1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу
өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі –
ертегілер. Ол фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылғандықтан, оны халықтың
ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Табиғат күштерін қайткенде басқару жайын, әлемде туындап жатқан
сансыз құбылыстардың мәнін қалай ұғыну жағдайын адамзат баяғы заманнан бері
арман еткен, еркін еңбекті, әділдікті, бақытты көксеген. Барлық елдердегі
адамдардың арманы бір-біріне ұқсас болды, алайда әр халық оны өзінше
бейнеледі. Халықтың осы үміт-тілегінен, аңсау арманынан әр халықтың өзімен
бірге жасайтын, бірге өмір сүретін ғажайып ертегілер әлемі пайда болды.
Барлық түрлері өз алуан өзгешеліктерімен тұтас зерттеледі. Ертегі
деген аты ертедегі, ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде
ертек деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны ертегіші, ертекші
дейді.Осы аты көп ертегінің басында әдейі айтылып, аумай аталып та
отырады.Қазақ ертекшісінің бәрі де көптен – көп ертегісін: ертеде бір бай
бопты, ертеде бір хан бопты, ертеде бір кемпір мен шал болыпты деп
бастайды. Немесе, ертек – ертек ерте екен деген сияқты көпке ортақ,
ерекше, өлеңше бастауымен келеді. Кейде ерте күнде үш ағайынды жігіт
болыпты деген сөздер ертегінің басын бастайды.Осылайша ертегінің алдында
үнемі айтылып отыратын дағдылы сөздері әңгіменің жолын ашады, жөнін
аңғартады.
Ертегіні жұрт қолы боста, қыстың ұзақ кештерінде айтқыш, тыңдағыш
болады. Бірақ, бұған қарап ертегі еріккеннің ермегі деп ойламау керек.
Әрине, деректер жиналып болмай, ғылымдық байлау, қорытынды жасау
мүмкін емес. Әуелі ертектердің ауызында жүрген барлық мол байлығын жазып
алып, жиып жарыққа шығарудың өзі де ғылым жолындағы үлкен еңбек.
Осы жөнінен қарағанда, қазақ ертегісін жинай бастаған адамдар кімдер
еді, нелер жазды, соның өзін бір шолып өту қажет.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне
шығуы XІX ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте
Шоқан Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтың басқа бірнеше
адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Сол сияқты А.Е.Алекторов,
А.Васильев, Н.Пантусов,
Б.Дауылбаев, Ташмұхамбет Сейфуллин, О.Әлжанов, Жағыпар Айманов, Б.
Досымбеков, М. Ибрагимов,М.ғабдуллин т.б. зерттеушілер қазақ ертегілерін
жинап, сол кездегі баспасөз беттерінде үзбей жариялап тұрды.¹
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань
мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі
жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша
бастырады,кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде
шығаратын болса (сөзі қазақша, әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша
аударады.Бұлардың
жинаған материалдары өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап,
Дала уалаяты газетінде, Торғай облыстық ведомосында,
Ақмола облыстық ведомосында, Орынбор газетінде, Орынбор
губерниялық ведомосында, Астрахань газетінде т.б. үзбей басылып тұрады.
Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері,
әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда
айтарлықтай еңбек еткендер - А.Е.Алекторов, А.Васильев, Н.Пантусов,
Б.Дауылбаев, Б.Досымбековтар. Бұлар ел арасынан жиналған материалдарын төрт-
бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы,
А.Е.Алекторовтың жинаған ертегілері Орынбор, Омбы, Астрахань газеттерінде
үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бір ғана жерде бастыратын
болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы
Киргизская хрестоматия деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене
араласқан және бұл жөнінде асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі Н.Пантусов
болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды,
қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып
алып отырады; жинаған
Материалдарын орыс тіліне аударады.Оның материалдары, көбінесе, Дала
уалаяты газетінде екі тілде үзбей жарияланып тұрады. Кейіннен ол Қазақ-
қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар және Қазақ халық
әдебиетінің үлгілері деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша,
сөзі қазақша ) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл
жинақтарға қазақ ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, баспа
жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі
– А.Васильев. Ол қазақ ертегілерін жинауды 1890 жылдары бастады.
Көбінесе ертегілерді Торғай облысында тұратын қазақтардан жазып алады. Оның
жинаған материалдары Дала уалаяты газеті мен Торғай облыстық
ведомосында екі тілде үзбей басылып тұрады
және Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері деген атпен 1897 жылы Торғай
облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады.
Васильев жинаған Үлгілер 1898 жылы
Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша), жеке кітапша болып шығады. 1900
жылы Дала уалаяты газетінде Бозжігіт, 1901 жылы Қозы Көрпеш – Баян
сұлу жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды.
Кейін қызмет бабында ел аралаған кезінде көптеген ертегілерді қағазға
түсіріп отырған. Соларды жинақтай келіп, 1898 жылы жарық көрген Образцы
киргизской народной словесности деп аталатын кітабына тек қана қазақ
ертегілерін кіргізген.¹ Атап айтқанда, Васильевтің бүл кітабына мына
ертегілер кірген: Тазша бала; Қарашаш қыз; Ермағамбет; Қарымбай батыр; Шал
мен кемпір; Алтын Айдар; Бай баласы мен сұлу қыз; Алтын пышақ; Қара қылыш;
Түлкі мен тырна; Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек; Түлкі; Қырық құлақ; Оқыған
бала; алдар көсе; Сарт пен қазақ; залым ұры т.б.
А.Васильев 1906 жылы Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматия-сын қайта
шығарған кезде ағартушының өзі қалдырып кеткен қолжазбалардан деп Қара
батыр, Алтын Айдар, Тазша бала ертегілерін қосқан. Бұл нұсқалардың
соңғы екеуі васмльевтің 1898 жылғы өз кітабынан алынған үлгілер болады.
Сөйтіп, жинаушы барлығы 23 ертегі жазып алып, жарияланғаны белгілі болып
отыр. Қазірде осы үлгілердің 13-і қазақ ертегілері жинағына кіріп, рухани
айналымға қосылған. Олар Тазша бала, Түлкі мен тырна, Қаратай,
Қарашаш қыз, Түлкі, Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек, Қайсысы үлкен,
Алдар көсе мен бай баласы, Алдар көсе мен тоңғақ, Әлібек батыр, шал
мен кемпір.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Қазақ фольклоры
Фольклор және әдебиет
Салттан тыс фольклор туындылары
Фольклорлық практика есебі
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Фольклордың жанырлық түрлеріне талдау
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту
Пәндер