Белдемше тігу технологиясы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БЕЛДЕМШЕ ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Белдікті киім топтарының бұйымдары

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, иықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.

Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы) . Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сэні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы.

Белдемшені құрастыру

Белдемше, басқа киімдер сияқты пішінде адамның бойына және өлшеміне қарай жақсы тұруы керек. Белдемшенің сызбасын құрастыру үшін мына өлшемдерді түсіреді.

БҰ - бұйымның ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.

АББҰ - артқы бойдың белге дейін ұзындығы, артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне дейін түсіріледі.

(Жетінші мойын омыртқасы) . Өлшем бел сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықты анықтау үшін қолданылады. Мөлшермен алғанда бел сызығынан жамбас сызығына дейінгі арақашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады.

БЖО - белдің жарты орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.

ЖЖО - жамбастың жарты орамы. Көлденеңінен жамбас түлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырмалардың енін анықтау үшін қолданылады. Тігін бұйымдарының сызба кесінділерініц шамасын есептеу үшін, өлшемнен басқа, еркін қонымдылығына қосымшаларды білу қажет. Еркін қонымдылығына қосымшаларды тігілген бұйым киілгенде еркін және ыңғайлы болып тұру үшін алған өлшемдерге қосады. Тіке беддемшені құрастырғанда бел және жамбас жарты орамдарына қосымшаларды береді. Қосымшалардың шамасы бұйымның атқару қызметіне, құрастыруына және де дене бөліктерінің қозғалуына байланысты болып келеді.

Тіке белдемшені құрастыру

Тіке белдемше екі бөліктен: алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады. Белдемшенің енін жамбастың орамымен есептейді. Бұл өлшем бел орамынан көбірек. Тіке белдемшелерде бел сызығындағы артық матаны бүрмеге жинайды немесе складкаға жинақтайды, ал қынамалыларды қымтырмаларға жинақтайды. Қымтырмаларды көбіне былайорналастырады: екеуі алдьшда, екеуі артында және бір-бірден бел сызықтарында орналастырады. Әр қымтырмалардың ені және ұзындығы бірдей емес, ол белдемшенің тіке дененің қай бөлігін қынап тұр, соған байланысты көбіне жан қымтырмалары ұзынырақ ендірек, алдыңғы қьмтырмалары жіңішке және қысқа болып келеді.

Құрастыру және үлгілеу алдында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Жұмыс орнына жарық сол жақтан түсуі керек, альбомнан жұмыс істеушінің көзінің ара қашықтығы 30 см болуы қажет. Есте сақтаңыз, қарындашты ұштағанда, циркульмен жұмыс істегенде, тесетін және қиятын құралдарды үқыпты қолдану керек.

Тіке белдемшенің сызбасын құрастыру

Құрал-жабдықтар: пішуші сызғышы (М1:4, 1:5), үшбұрыш, лекало, қарындаштар ҚЖ, 2Ж, өшіргіш, альбом. Өлшемдер (қыз баланың типтік пішініне 146-80) :

БЖО = 32, 5 см.

ЖЖО = 43, 7 см.

АББҰ= 35, 0 см.

БҰ=50, 0см.

Тіке белдемшенің сызбасын құрастыру.

Қосымшалар: Белдің жарты орамына Б. Қ - 1 см

Жамбастың жарты орамына Ж. Қ -2 см

Әріпті белгілеу
Тұрғызу жүйелігі
Есептеу формуласы
Есептеу
Типтік пішімге
өзіңе
№: 1
Әріпті белгілеу: 2
Тұрғызу жүйелігі: 3
Есептеу формуласы: 4
Есептеу: 5
6
№: 1
Әріпті белгілеу: Б.
Тұрғызу жүйелігі: Б нүктесінің биіктігімен тікбұрыш тұрғызу
Есептеу формуласы:
Есептеу:
№: 2
Әріпті белгілеу: БТ
Тұрғызу жүйелігі: Белдемшенің ұзындығын салу
Есептеу формуласы: БҰ
Есептеу: 50
№: 3
Әріпті белгілеу: ББ 1
Тұрғызу жүйелігі: Белдемшенің енін салу
Есептеу формуласы: ЖЖО+ЖҚ
Есептеу: 43, 7+2=45, 7
№: 4
Әріпті белгілеу: ББ 1 Т 1 Т
Тұрғызу жүйелігі: Тік бұрышты тұрғызу
Есептеу формуласы:
Есептеу:
№: 5
Әріпті белгілеу: БЖ
Тұрғызу жүйелігі: Жамбас сызығына дейінгі арақашықты салу
Есептеу формуласы: АББҰ:2-2
Есептеу: 35, 0:2-2=15, 5
№: 6
Әріпті белгілеу: Ж. Ж 2
Тұрғызу жүйелігі: Артқы бөлігінің енін салу
Есептеу формуласы: ЖЖО:2
Есептеу: 43, 7:2=21, 8
№: 7
Әріпті белгілеу: Б 2 О
Тұрғызу жүйелігі: Жанынан бел сызығын көтеру
Есептеу формуласы: т/ө=1
Есептеу: 1
№: 8
Әріпті белгілеу:

Ж7Ж3

Ж 1 Ж 4

Тұрғызу жүйелігі: Қымтырмалардың осьтік сызықтарын анықтау
Есептеу формуласы: 0, 2хЖЖО
Есептеу: 0, 2х43, 7=8, 7
№: 9
Әріпті белгілеу: Е
Тұрғызу жүйелігі: Қымтырманы есептеу
Есептеу формуласы:

(ЖЖО+ЖҚ)

БЖО+БҚ=Е

Есептеу: (43, 7+2) -(32, 5+1) =12, 2
№: 10
Әріпті белгілеу: Б 3 Б 4
Тұрғызу жүйелігі: Жан қымтырмасының енін салу
Есептеу формуласы: Е:2
Есептеу: 12, 2:2=6, 1
№: 11
Әріпті белгілеу: Б 5 Б 6
Тұрғызу жүйелігі: Артқы қымтырмасының енін салу
Есептеу формуласы:
Есептеу: 6, 1:3=2, 3
№: 12
Әріпті белгілеу: Б 7 Б 8
Тұрғызу жүйелігі: Алдыңғы қымтырманың енін салу
Есептеу формуласы: 1
Есептеу: 2, 3
№: 13
Әріпті белгілеу: Ж 2 Ж 5
Тұрғызу жүйелігі: Жан қымтырманың шетін салу
Есептеу формуласы: т/ө=
Есептеу:
№: 14
Әріпті белгілеу: Ж 3 Ж 6
Тұрғызу жүйелігі: Артқы қымтырманың шетін салу
Есептеу формуласы: m/ө=
Есептеу:


Белдемшенің алдыңғы бөлігінің сызықтарының аттары:

  1. Б1Т1- орта сызығы немесе ортасы;
  2. Б1Б4- жоғары немесе бел сызығы;
  3. Б4Ж5Т2- жан сызығы;
  4. Т2Т - төменгі сызығы;

5) Б 7 Ж 7 Б 8 - алдыңғы немесе бел қымтырмасы.

Белдемшенің артқы бөлігінің сызықтарының аттары:

  1. БТ - орта сызығы немесе ортасы;
  2. ББ3- жоғарғы немесе бел сызығы;
  3. Б3Ж5Т2- жан сызығы;
  4. Т2Т - төменгі сызығы;
  5. Б5Ж6Б6- артқы немесе бел қымтырмасы.

Белдемше өңдеудің технологиялық бірізділігі

  1. Матаны пішуге дайындау.
  2. Белдемшені пішу.
  3. Бөлшектерінің пішімін өңдеуге даярлау.
  4. Белдемшені өлшеуге даярлау.
  5. Шақтап өлшеуге даярлау.
  6. Шақтап өлшеуден кейінгі кемшіліктерін түзету.
  7. Шақтап өлшеуден кейінгі өңдеу.
  8. Қымтырмаларын өңдеу.
  9. Складкаларын өңдеу.

10. Жан тігістерін өңцеу.

11 Ысырма-ілгекті қолданып, белдемшенің ілгегін өңдеу.

  1. Белбеуді өңдеу.
  2. Қиыстыру белбеумен жоғары кесіндісін өңдеу.
  3. Төменгі кесіндісін өңдеу.

15. Түймеліктерін өңдеу.
Белдемшенің соңғы әшекейленуі және ылгалды-жылулық өңделуі:

а) әшекейлеу жұмыстары: клапан, қалта,
фурнитураны қосу, түймені қадау,

э) жіптердің үзінділерін алып тастау, тазарту (жүн мата болса, щетканы қолданады) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белдемшенің тарихы
Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының маңызы
Мини ұзындықтағы сәнді көйлектер
Белдемшелер тігу
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Мақта маталарын өңдеу
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Машина инешаншым тігімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz