Орал өңірі ежелден қазақ тарихына көп бет қосқан өлке


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Х. ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ

ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ . . . 6-15

2. Х. Есенжанов романдарындағы тарихи

тұлғалар бейнесі . . . 16-30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31-32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

КІРІСПЕ

Қазақ прозасын тұтас қарағанда - прозаиктердің басым көпшілігі елеулі еңбек еткенін көреміз. Үлкені болсын, кішісі болсын әр жазушы-ақ жаңа туындылар берді.

Әр жазушы кешегісінен бүгін ілгері аттады. Жазған кітаптары әрқайсысының шығармашылық өміріне елеулі үлес қосты, жазушыны көркем ойдың жаңа бір сатысына көтерді, сонымен бірге қазақ прозасын да толықтырып, молықтыра түсті.

Қазіргі оқушы қауымның кәдесіне жараған, көркемдік, рухани азығына айналған көптеген шығармалар жарық көрді. X. Есенжановтың «Ақ Жайық» циклы, «Жүнісовтер трагедиясы», Ә. Нұрпейсовтың «Қан мен тер» трилогиясы сияқты көлемді, эпикалық туындылар, Әрине, бұл аталған шығармалар арқалаған әлеуметтік жүгі жағынан да, қазақ әдебиетіне қосқан көркемдік үлесі жағынан да бір-біріне тең емес. Бірақ бұлардың басым көпшілігі-ақ тақырыбы, зерттеген өмір құбылысы, жаңадан жасаған образдар галереясы, көркемдік құралы жағынан тұтас алғанда қазақ прозасына елеулі үлес қосты, оның ілгерілеп келе жатқан жаңашылдығын танытты. Әдебиетіміздегі іздену жолдарының, өсу процестерінің, даму тенденцияларының айғағы болды. Сонымен бірге әр автордың әр дәрежедегі іздену, өсу, ілгерілеу жолдарын да танытты.

Осы тұрғыдан қазақ прозасының «Абай жолы» эпопеясы шыққаннан кейінгі үлкен табысы деп оның көркемдік қуаты толысып, қазіргі заманғы маман (профессионал) әдебиет дәрежесіне еркін көтеріліп келе жатқанын айтар едік.

«Абай жолы» қазақ прозасының мерейін асырды. Сонысымен бірге қазақ үшін үлкен сын болды. Біз Әуезов қаламынан ұзақ уақыт толғатып, сирек туатын алып шығарма алдық. Бұл қуанышты жағдай жас прозаның алдына аса биік асу, салмағы зор міндет қойып берді. Бұл шығармадан кейін қазақ прозасына қойылатын критерий оқыс биіктеп кетті де жас әдебиеттің жотасына аса ауыр жүк артылды. Біз дәл бүгін «Абай жолымен» тепе-тең түсетін жеке шығарманы атай алмасақ та, қазақ прозасының жалпы табысы - ұлы шығарманың ізін суытпағанын үлкен медет етеміз. Және ол проза көп бағытта ізденіп, мәуелі ағаштай бұтақ жайып, кеңейіп келеді.

Осы орайда тарихи кезең, тарихи тақырып ретінде халқымыздың басынан кешірген ұлы қазан төңкерісі ұлттық әдебиетімізде қалай көрініс тапты деген заңды сұрақ туады. Бұл мәселе жөнінде жазушы Т. Ахтанов қазақ даласында Октябрь революциясының жеңіп шығуының тарихи өзгешеліктері, дара сипаттары бар екендігін, Қазақстанның феодализмнен бірден социализмге өткенін айта келіп:

«Біз қазақ прозаиктерінің соңғы жылдарда тарихи тақырыпта жазылған шығармаларынан алдымен осы екі проблеманың қалай шешілгенін іздейміз.

Қазақ оқушылары қаламына телміріп, қашан бітеді деп асыға күткен шығармалардың бірі - Хамза Есенжановтың «Ақ Жайығы».

«Ақ Жайық» - оқушыға бұрын проза жанрына ілікпеген, атымен соны аймақ туралы кітап. Орал өңірі ежелден қазақ тарихына көп бет қосқан өлке. Онда ежелден бері Россияда бар әлеуметтік құбылыстар да, қазақ даласында бар әлеуметтік құбылыстар да қоян-қолтық араласып келеді. Жиырмасыншы ғасырдың басында да, азамат соғысы жылдарында да екі өмірдің аласапырандары осы өңірде тоғысып, жиынтық көрініс тапты. Ұлы Октябрь революциясы тұсында да осы кезде бар әр қилы саяси құбылыстар бұл өлкеде түгел ұшырасты. Сондықтан да, мұндағы оқиғалар қазақ даласына ұлы Октябрьдің қалай келгенін толығырақ аша түседі. Автор да осыған тырысқан» [1, 233-234], - деген болатын.

Мұның бәрін біз жайдан-жай айтып отырғамыз жоқ. Біріншіден, бүгінде Қазан төңкерісіне деген көзқарас қайшылықтары да пайда болды. Екіншіден, бұл мәселелерді Х. Есенжанов өзінің «Ақ Жайық» және оның заңды жалғасы болып саналатын «Жүнісовтер трагедиясында» қалай жеткізе алды деген заңды сауалдар туындайды.

Хамза Есенжанов - бүгінгі ұрпақ игілігіне қалдырған әдеби мұрасы халық жүрегінде қалтқысыз сақталар қалаулы қаламгерлеріміздің бірі.

Өнер жолын сонау серіктесу кезеңінде қаршадай жасынан бастаса да, заманы дарытқан қиянат-зорлықтың кермек сорын татып келіп, өкінішті ұзақ үзілістен кейін, алпысыншы жылдар қарсаңында ғана өзінің көркемдік кемел ойын том-том ғұмырлы кітаптарға айналдыра бастаған қаламгер елу бесінші жылғы азаттық таңынан кейін қалай жұмыс істегенін, келер ұрпаққа қандай ғибраттар сыйлағанын біразымыз жақсы білеміз. "Ақ Жайық" жарыққа шығып, халыққа тарағаң соң, "өліп кетсем де арманым жоқ" деп, бойындағы парасат-білім байлығы, қажыр-қайраты мен қолындағы қаламына жүгінген тума дарын сол мұратына жеткен. Көзі тірісінде халқының құрметіне бөленіп, "Ақ Жайық" трилогиясы үшін кезінде - 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен жоғары бағаланған. Сол өрісті, эпикалық туындылар шындығы бауырластырған ғажайып тағдырлар көрінісі - қағазға түсуі бұрынырақ болғанымен, жариялануы кейін, жұртшылыққа танымал "Көп жыл өткен соң" романында суреткерлік жалғасын тапқандығы да белгілі.

Осы орайда біздің де негізгі мақсатымыз - қилы тағдыр иесі - Х. Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясындағы» тарихи тұлғалардың сомдалу ерекшеліктеріне назар аудару. Жалпы, «Ақ жайық» трилогиясы, «Жүнісовтер трагедиясы» роман-диологиялары белгілі бір кезеңнің нақты оқиғалары мен нақты тарихи тұлғаларына арналғандығын ескерсек, тарихи шындық пен көркем шындықтың, тарихи тұлға мен көркем образдардың ара-жігін ажырата түсудің маңызы зор. Бүгінде еліміз тәуелсіздік алған кең заманда соцреализмнің тар шеңберімен жазылған шығармаларға басқаша баға беру үрдісі белең алып отырғандығы да жасырын емес. Олай болса, Х. Есенжанов бұл мәселелерден жол тауып шыға алды ма, әлде, қасаң қағиданың, жалаң идеологиясын ғана насихаттады ма? - деген сауалдарға да жауап іздеу біздің міндетіміз.

1. Х. ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ

ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ

Ақтар бүлігі Оралда жаңа орнаған жас Кеңес өкіметін құлатып, бостандық шеруін қанға бояйтын он сегізінші жылғы қаралы оқиғадан бастап, біз еркіндік жорығының, жаңаша құрылыс құбылыстарының отызыншы жылдар тұсына дейінгі қилы кезең, қатерлі белестерін көз алдымыздан өткереміз. Әділет жақтаушысы Жүніс қажы үрім-бұтағының - төрт ұлы Хакім, Нұрым, Әлібек, Әділбектің тағдыр жолын арқау ете кереғар мүдделер тартысын, сана-сезім күресін, ел, жер, заман өзгерісін, жаңару, түлеу ерекшеліктерін мейлінше нақты халықтық характерлер шындығы аясында жан-жақты мүсіндеген. Белгілі қайраткерлер Ә. Әйтиев, М. Ипмағамбетов, әйгілі заңгер Бақытжан Қаратаев, өзгерген өмірге бетбұрыс жасаған халық бұқара өкілдері Мәмбет, Қажымұқан, соларға қарсы, өзгеше ұғымдар сойылын соғушы Досмұхамбетовтер, Абылаев, Шұғыл, шырғалаң тағдыр Құныскерей . . . - біз қайшыласқан қаншама көзқарастар сайысына куә боламыз.

Өз халқының өткен жолын, елдік, ерлік тарихын, атадан балаға жалғасқан адамгершілік, ізгілік дәстүрлерін жете сезінсем деген бүгінгі ұрпақ ешқашан ескерусіз қалдыра алмайтын Х. Есенжанов ромадары оқушы жүрегіне жол табуы ғана емес, жүзін жел шалмас көркемсөз қадір-қасиетін бағалай білетін заманыныздың талай әулие-ойшылдары назарына да дер кезінде іліккен. "Еуропа үлгісімен жазылған біздегі бірінші роман" [2, 196] деп алғашқы кітаптарымен-ақ Мұхтар Әуезовті қуанышқа кенелткен "Ақ Жайық" Михайл Шолоховты да жасандылықтан ада, шынайы шыншылдығымен толғандырған.

Осы өнер байлығын салмақтап талдап, насихаттауда бізде қаншама мамандар еңбек сіңірді. М. Қаратаев [3], Қ. Жұмалиев [4], Ш. Елеукенов[5], Х. Әдібаев [6], М. Атымов [7], М. Мағауин [8] сияқты талай ондаған талғампаз әдебиетшілер қауымы Жайық дариясының тереңдік қайнары мен қайырлайтын қайраңдарына дейін біршама сөз етті.

Жазушының көрнекті әдеби мұрасы - "Жүнісовтер трагедиясы" романы жылдар жотасында сүрленіп, халқына кешеуілдеп жетіп жатса, ол Х. Есенжановтың суреткерлік мәдениетінің кемдігінен емес.

Жұртшылық біле бермеуі мүмкін, меңдеткен сырқатқа мойымай, өмірінің соңғы сәтіне дейін қаламын қуат тұтқан қайсар талант халқы алдында азаматтық парызын біржола абыройлы өтеп кетті деп, көңілің көнши сөз етуге біздің тек енді ғана - бес кітаптан тұратын бүкіл романдар түзілісі түгенделіп қолымызға тигеннен кейін дерегіміз толықтай жеткілікті.

Жетпісінші жылдар басында "Жұлдыз" журналының екі-үш санында осы қорытынды еңбегінің ықшамдалған нобайын жариялап, көзі тірісінде сол қолжазбасын түгел жарыққа шығара алмаса да, жазушы бүкіл ғұмырын сарп еткен күретамыр тақырыбын - азаттық күресі, жаңару шежіресін жазу үстелінде көздеген көмбесіне жеткізіп үлгерген. "Ақ Жайық" трилогиясының табиғи жалғасы "Көп жыл өткен соң" дилогиясының екінші кітабы "Жүнісовтер трагедиясының" ақырғы сөйлемін қағазға түсіріп, еліне, ізбасар ұрпағына аманат етіп кеткен.

Жолы ауыр шығарманың бірі осы екен. Өткен күндердің - отызыншы жылдар сұмдығын, әділін айту шектеулі кезеңнің, тоқырау заманының қос үрей сақтығы автор қайтыс болғаннан кейін баспаға дайындар тұстарда шыншыл романның жан төбірентер оқиғаларының, ойлы толғаныстарының бәрін аяусыз сылдырып, қалық жұртшылық көзінен көп шындықты көлегейлеп қалдырыпты. Қолжазбаның тең жартысына жуығы жұлмаланып қысқартылып, аты да, заты да өзгеріп, "Ағайынды Жүнісовтер" деген тақырыппен қаңқасы ғана жарияланған 1977 жылғы басылым жазушы шығармаларының кейінгі алты томдық жинағында да сол қалпы қайталана салған.

Өнер туындысы кейіпкерлеріне айналған Сәкен Сейфуллин, Бақытжан Қаратаев, Ғабит Мүсірепов сынды халық перзенттерінің жанын сыздатып, қабырғасын қайыстырған сонау қысталаң заман қайшылықтарымен қадірмен оқушы енді, міне, "Жүнісовтер трагедиясының" 1990 жылғы тұңғыш кемел нұсқасы бойынша ғана жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.

Адамдар тағдыры тәлкекке түскен асыра сілтеу кезеңінің жалпы ауа райын бүкпелемей, қаз-қалпында жеткізген сыршыл шығарманың өн-бойынан бұрынғы басылымдарында сылынған ашық әңгімелер мен қаламгерлік толғаныстарды мүмкіндігінше қара орнына келтіру қашан да кезек күттірмейтін мәселе болып келді.

Осы тұста жазушының «Жүнісовтер трагедиясын» жарыққа шығаруда ерекше еңбек сіңірген сыншы, ғалым З. Серікқалиевтің төмендегі толғаныстары көп жайды аңғартса керек.

«Хамза Есенжановтың қалай жұмыс істегенін, шеберхана сырын және қандай қиянат жолын өткергенін жете сезіну үшін таратып айтқанда, ең бастылары:

Жазушы кебежесінде араб қарпімен жазылған негізгі қолжазбадан басқа, романның көлемі де, мазмұндық ұзын-ырғасы да бір-бірімен сәйкес келе бермейтін машинкаға басылған үш-төрт нұсқасы сақталған екен. Және солардың бірінің орысша жолма-жол аудармасы да жасалыпты.

Осыларды өзара салыстыра, тексере келгенде біз олардың бірде-біреуіне бірыңғай байланып қалуға болмайтынын аңғардық. Сырқат сыздатқан соңғы жылдары автор еңбегін өзі ойлағандай қалпында жарыққа шығара алмайтынын сезінгендіктен бе, әйтеуір әр түрлі нұсқаларына өз қолымен әр түрлі өзгерістер енгізіп те көріпті (ащы шындықтарды, жан-сезім құбылыстарын бірде жұмсартып, жеңілдетіп, бірде сыпайылап не қоюлатып дегендей) .

Біз осылардың бәрін екшей келіп, түлен түрлі нобайдан құрастырып, ортақ бір нұсқа дайындап шықтық. Алғашқы - 1977, 1980 жылдарғы басылымдар шығарманың тең жартысын да қамти алмаса, жаңа кітап көлемі енді міне екі еседей асып түсіп отыр.

Бұрын қос бөлім деп тек жобалап берілгені демесеңіз, ең өкініштісі, іс жүзінде роман ортанң белінен - кейінгі "Хакімдер" бөлімімің соңғы бес тарауы, эпилогы, яғни бүкіл "Ақ Жайық" трилогиясының, "Көп жыл өткен соң" дилогиясының ақырғы қорытынды көріністері шорт кесіліп, мүлдем аяқсыз қалып, оқушыға тіпті сұлбасы да жетпеген (кейінірек тек заман беті түзелуіне орай жазушының мүшелтойы тұсында бұл алуандас бұрын-соңды жарияланбаған хикаялар желісінің қайсыбір үзінділері "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінде жарық көруін кешеуілдеп болса да әйтеуір ұмытылмас өнер туындысына қамқорлық деп бағалауға тиіспіз-ақ) . Соның қай-қайсы да қалпына келтіріліп, бұрынғы басылымдарда романның ұзын-ырғасынан жол-жөнекей ойылып, сылынып қалған тағдыр сергелдеңінің бұдан да басқа қилы-қилы талай көріністері, сыршылдық толғаныстар мен ащы шындықтардың бәрі-бәрі өз орнына түсірілді.

Қай тұсқа жаңадан қандай қосымшалар енгізілгеніне көз жеткізу үшін, түгел тізіп жатпай-ақ тек мысал үшін, біз ұсынған кейінгі толық нұсқа мен 1977 жылғы басы-лымының 121, 123, 136, 145 (II бөлімнің басы - I тарау тұтастай жоқ), 146-148, 150, 156-158, 160-163, 168, 171, 176, 182, 184 (ары қарай біржола жоқ) беттерін салыстырып қараудың өзі жеткілікті болар. Бұрынғы басылымдарда алынып тасталған көріністер қандай жүк көтеріп тұрғанын және олардың бұл шығарма үшін қаншалықты мәнділігін аңғару тіпті де қиын емес.

Біз жазушы үстелінен жоғарыда айтылған араб ғарпілі негізгі қолжазбасында да машинкаға басылған әр түрлі нұсқаларында да, орысша аудармасында да жоқ автор тек ғұмыр жетсе кейін жазармын деп орнын қалдырып, белгілеп, аттап кеткен жекелеген көріністер жазбаларын да таптық. Олар әрқайсысы - төрт-бес беттен, кейбіреуі оншақты беттен тұратын он екі тармақ екен. Машинкаға бастыруға да үлгере алмай, қолжазба күйінде (араб әрпі) сақталыпты.

Бұлардың қай-қайсы да кейінгі толық нұсқада өз орнына түсірілді (негізінен екінші бөлімде) . Осындай қосымша өзгерістерге орай кейбір тараулар жігін қайта қараған автор қолтаңбасы барынша ескерілді [9, 198-199] .

Қандай үлкен тарихи тақырып болмасын бір жазушының, тіпті ол елден асқан ұлы жазушы болсын мейлі, өресіне түгел сыя бермейді, оның қыры мен сырын қандай ұлы талант болса да түгел сарқып, түгел тауысып кете алмайды. Әсіресе, бүкіл бір жаңа заман ашқан Октябрь тақырыбы. Біз бір тақырыптың әлі де талай ғасыр көркем творчествоның көзіне ілігетініне, бұл тақырыпқа әр дәуір, әр ұрпақ өзінше сусайтынына шексіз сенеміз. Біздің уақытымыз бұл тақырыптың барлық параллельдері мен барлық меридиандарына түгел көз салуды, барлық тереңіне түгел бойлауды, барлық қорын түгел шолуды міндеттеп отыр.

Қазақ жазушылары да осындай кең қарымды еңбекке құлаш ұрған. Жалғыз «Ақ Жайықтың» ғана емес, «Көз көргеннің» де, «Қан мен тердің» де тақырыбы - Октябрь революциясы және қазақ даласы, қазақ халқының социализмге қалай аттанғаны. Бірақ бұл тақырыпты әр автор өзінше шешіп, өзінше меңгергені өз алдына, әр қырынан, әр қабатынан қарастырған. «Ақ Жайық» революцияның қызу майданы жүріп жатқан жылдарды, революцияның қақ ортасында жүрген жылдарды қамтыса, Ғ. Мұстафиннің «Көз көргені» революция сарынының алыс ауылға қалай жеткенін кеңінен шолады. «Ақ Жайықтың» қаһармандары ұлы оқиғаға қатысқан адамдар болса, «Көз көргеннің» қаһармандары - сол жылдардың сырт куәгері жас азамат. Роман соның революцияны қалай қабылдағаны, қалай өскені, жаңа заманға тап болған жас азаматтың өсу эволюциясы жайлы. Кітапта сонау жиырмасыншы жылдардың өмірі мен қазіргі алпысыншы жылдардың зерттеуші ойы тізе қосып, қатар көрініп отырады. Бірақ, автор болған шындыққа зорлық жасамайды. Өмірлік фактының егжей-тегжейіне тереңдеп сүңгитін егде суреткер көзі сонау балауса азаматтың әсершіл де аңшыл жанарының аңдағанына қиянат қылмайды. Ғ. Мұстафин жиырмасыншы жылдар шындығын сонау жас өспірім Сарбаланың көзімен көріп, алпыстың асуынан асқан ақбас азаматтың көңілімен толғайды. Сонда бір кездегі Сарбаланың бір сырына түсінсе, бір сырына түсінбей сандалтқан алабажақ өмірі қазір сайдың тасындай сараланып, өзінің, өзімен қоса ұлтының іші-тысының қалай өзгергені жайлы шежіреге айналған. Егер X. Есенжанов сонау тарихи жылдардың шындығын мол қамту, мол қарпуға, барынша мол мағыналы жинақтауларға ұмтылса, Ғ. Мұстафин сол тұстағы қазақ өмірінің әр қилы көріністерін барынша бажайлап, бақайшақтап шағып көрсеткен. «Ақ Жайықта» мол қарпымды синтез басым болса, «Көз көргенде» болмыстың ұңғыл-шұңғылын үңіле зерттеген анализ басым. «Ақ Жайық» қазақ даласына ұлы Октябрь революциясының қалай келгенінен шежіре шертсе, «Көз көрген» оны қазақ даласының қалай қабылдағанын, революция өзгерістерін бойына қалай сіңіргенін баяндайды. «Ақ Жайықтың» композициялық дамуына оқиға үстемдік етседі.

Оның бас қаһарманы Хакім, орыс мектебінің шәкірті, қазақ даласының перзенті. Роман басталғанда ол екі әлемді де көріп жүр, екеуімен де етене араласа қойған жоқ; қаланың әр қилы алабажақ өмірі бұл үшін бір соны дүние; соның бел ортасына енуге ынтық; артта қазақ даласы, сахара өмірі; Хакім оны сағынады. Осындай әрі-сәрі жас жігіттің қаланы да, даланы да дүр сілкінтіп келген ұлы оқиғаның тұсында қалай есейіп, қалай ат жалына қолы жетіп азамат болғаны - трилогияның өзегі. Саяси күрес мектебінен өтпеген қазақ жігітінің революцияға келу жолы қиын да күрделі процесс. Мұның өзі жазушыға Хакімнің кезімен сол кездегі қазақ даласының көп шындығын қамтуға мүмкіндік берген. Біз алғашқы кітаптан мысқалдап ер жетіп, төңірегіндегі кереғар, айқыш-ұйқыш шындықты аңыра танып келе жатқан жас жігітті көрсек, соңында азамат боп атқа қонған Хакімді көреміз. Жазушы Хакімнің аңғарымпаз, зерттеуші зердесі арқылы әуелі қазақ даласының қилы-қиян шындығын, ел басына туған тарпхи кезеңде, бұл үшін де, бұның елі үшін де атымен соны тұрпатты Әбдірахман, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақ азаматтарын сол арқылы революция сипатын тани бастайды. Күрес арнасынан тысқары бозбала жігіт үшін әлгі айтып отырған революциялық кезеңдердің әрқайсысының өзі әлденеше жылға созылатын ұзақ процесс. Бірақ, сол кездегі бүкіл өңірге жайылып келе жатқан революция дүрбелеңі жас жігіттің дүние танымын, заман танымын тездетті.

Жазушы Хакімнің революцияға келуі жолын сол кездегі қазақ даласының сан тарап саяси өмірінің елегінен өткізіп суреттейді. Жазушының өз романына болары болып, бояуы сіңген, саяси көзқарасы әбден қалыптасқан профессионал революционердің өмір жолы емес, ауылда өсіп, қалада оқыған қазақ жігітінің революция жылдарындағы өмір жолын өзек еткені, сол жылдардың шындығын жан-жақты мол қамтуына, әр қырынан көрсетуіне, сол кездегі саяси өмірді егжей-тегжей ашуына мүмкіндік жасаған әділетшіл семьяда туып, оқыған, көзі ашық, көңілі сергек Хакімді революцияға әкелген ұстаз революционерлердің түзік тағылымы ғана емес, сол кездегі қазақ даласының тарихи шындығы. Жазушы осы процесті жіті зерттеп, жіті аша алған. Бір орыс жұмысшысына жолыға сала революционер болып шыға келетін шұғылдық мұнда жоқ. X. Есенжанов жас жігіттің рухани өсу эволюциясын, оған революция жылдарының әсерін психологиялық дәлелмен нанымды суреттейді. Жас жігіттің есею-ер жету процесі, дүние танымының өсуі күрт, шұғыл емес, ұтылы-сатылы. Жігіттің көзқарасындағы осы сатылап өсуді нанымды суреттей алған жазушы оның революциялық әрекеттерінде ара-тұра шұғыл кетіп, қаһарманды күрт қимылдатып алып отырады. Әрине, оның көбіне сол кездің оқыс оқиғаға, шұғыл қимылға толы қауырт мезгіл екендігін айтып ақтауға болады. Алайда, ондай жауапты тапсырмаларды мінсіз орындау үшін көзқарастың дұрыстығымен қоса, революциялық іске, астыртын жұмысқа үйренген жырындылық, тәжірибелілік керек. Хакімнің ондай мектептен өтпей жатып та ұрымтал қимылдап кете беретіні бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойыл уәлаяты
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Жәдік бидің ұрпақтарында қалған қанжары мен құран кітабы
БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: МӘДЕНИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Ордабасы кездесу және оның маңызы
Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы
Мұхамбет Салықтың Қазақтың көне мақалы
Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz