Тәрбиенің комплекстілігі
Мазмұны
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Тәрбиелік істер
2.2 Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
2.3 Этикалық тәрбие істері
2.4 Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері
2.5 Экологиялық және еңбектік тәрбие істері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады.
Технология сөзі техно - өнер, ше,берлік және логос - ғылым
деген сөзден құралған. Технологияняң өндірістік процестердегі
мәні - бұл қолдану кезінде алдын – ала белгіленген нәтежиеге
жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға
керек болар ғылыми - өндірістік әдістер, құралдар мен
алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға
негізделеді. Технология – бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің
шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі
мен нәтижесі. Кез – келген іс - әрекет негізінде технология
немесе өнерлік сипат бар. Өнер интумцияға негізделеді, ал
технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік
үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе ұжымдық шеберліктің
жинақты көрінісі технологияға айналады.
Соңғы кезге дейін ой шығармашылығы, оның ішінде
адам тәрбиесі де технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі
педагогикалық теория технологияның мақсаттылығын рационалды,
яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі
технологияның механикалық түрде өтумен ешбір келіспейді.
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір –
бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке де қоғам өзінің
әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің
де алдын – ала қойыоған міндеттеріне сәйкес белгілі материялдық
базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге
өндірістегідей тәрбие процесіне бағытталады. Бұл процестің
негізі – жоспарланған пәтежиеге жету тәсілдермен, сол тәсілдердің
модельденуімен адамдар іс - әрекет және қылығын басқарумен
байланысты педагоктардың тәрбиелік іс - әрекеті. Мұндағы
педагоктарлдың басқару іс - әрекеті өндірістегідей жүйенің
жағдайы және оныңжүргізілу перменділігін сипаттайтын ақпараттар
негізінде іске асырылады.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс
секілді қоғамдық мақсаттар жолында материялдық базаны іске
қосып, оқу – тәрбиелік міндеттерді шешуге педагоктар ұжымына
арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс -
әрекеттердің басқаруын ұйымдастырып, сонымен бірге оларды
орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамассыз ететін
комуникативтік желіні іске қосады.
Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік
ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да
анық жұмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның
күтілмеген күрделі жәіттері мен белгілері сан қилы, олар:
1. Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы
оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға
жарып – бөлуге, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық
ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға
соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді – параллель схемада емес,
комплекс түрінде орындалады.
2.Сапаларды алыптастыру әдістемесін, яғни технологиялық
операцияларды игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте
байыппен салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық
процесті барысынан аяғына дейін жеткізу қажеттілігі тұрады,
яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен
ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешіге ортақ, ол
тұлғаны жан – жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша
кезеңдермен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап нәтежиеге
жету бағыт - бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті.
Тәрбие мәселесін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа
қол жеткізудің мехнатты жолын алдын – ала белгіленген өзекті
нүктелердің арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және
нақты жағдайларға байланысты шебрлік әрекетін жасай аладыв.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезіңінде
тұр. Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс
істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндеттерін
шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бұрылыс көрініс
көріне бастады. Пайдасы көп сарапталған технологиялық
жаңалықтарды енгізуге педогоктар қауымы ыңғай танытуда.
2. Тәрбиенің комплекстілігі
Тәжірибелік технологиядағы біртұтас тәрбие процесі оның
құрылым бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске
асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік мақсаттардың міндеттердің,
мазмұнның, әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді.
Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі
тәрбие жұмысы тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші
процестердің бірігімі ретінде танылуына байланысты болды. Бұл
процестер уақытында өз бетінше ұйымдастырылатын сонымен өзінше
жетілетін құбылыс деп есептелінеді. Осыдан бұл процесте
біртұтас тұлғаны қалыптастыруға емес сол тұлғаның жеке – дара
қасиеттерінің қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан –
жақты үйлесімді дамыту принцпі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт
мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушіге үш бағытта яғни санасына сезіміне және
қылықтарына әсер ету.
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтежиеге
қол жеткізу.
3. Тәрбеиге қатысты барлық фактолардың бірлігі мен реттелуі –
тәрбиеге комплексті түрде қарудың кезек күттірмес шұарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы
қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, прцестегі ой,
дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің
бір мезетте орындалуын талап ететін, нақты еомплексті
сипатта болуы қажет.
5. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны
басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және
ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей отырып,
бақару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың
әсер ету сипаты туралы педагоктың айқын түсінігі болуы
шарт.
Негізгі факторлар қатарына
жататындар:
1 ) оқушының өмір сүру қалпы; 2) әртүрлі аймақтардың өмір
сүру жағдайлары мен дәстүрлері; 3) бұқаралық ақпарат және
насихат құралдары; ³) ұжымның өмір сүру жағдайы мен даму
деңгейі; 5) оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы; 6)
тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы
жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескеріогені жөн.
Тәрбие комплекстілігінің маңызды шарт – тәрбие бірлігі.
Мұндай бірлікке келген ой мен әрекеттің қара – қарсылықсыз
орындалуы және алға қойған мақсат міндеттің нәтежиелерімен
сәйкес келуі комплекстілігінің жоғары деңгейде іске асқаны.
2.1 Тәрбиелік істер
Тәрбиенің жүйелілігі компекстілігі, бірізділігі, үздіксіз
тәрбие ісі деген түсінік береді. Бұны соңғы кезде
теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі –
тәрбиеленушілердің нақты іс - әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың
бір түрі. ТІ ең басты ерекшеліктері – қажеттілілігі,
пайдалылығы, міндетті орындалатындылығы.
Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты ТІ – нен тұрады.
ТІ ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан
және ұжымдық тәрбие істері ( ҰТІ ) немесе ұжымдық
шығармашылық істер ( ҰШІ ) деп талады. ТІ – де тәрбиеші мен
оқушылардың өзара әрекеттерінің формасы құралы және тәсілдері
үйлесіп келеді.
ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси,
ақыл – ой әсерлерін топтастырыды. Іс - әрекеттік тұрғыдан ТІ
тәрбие бағытын көрсетсе, комплексті қолданудан тәрбие сипаты
мен мазмұнын анықтайды.
ТІ білім жүйесіне сәйкес негізінен сабақтас құрылыды.
Кез келген ТІ кезеңдері: 1) мақсатты анықтау; 2) жоспарлау;
3)дайындық және ұйымдастыру; 4) жұмыстың міндетті түрде іске
асуы; 5) нәтижелерді талдау.
ТІ * нің мақсаты мен жоспарлауының негізгі көздері:
1) қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар; 2 )
белгілі бір кезеңге арналған оқу – тәрбие мекемесі жұмыстарының
мақсаттары; 3) тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Осындай негізгі көздердің бәрі ТІ – нің өмірлік
күшін толықтырады, оның нақты бағыты мен көкейтестілігінің
айқындауға көмектеседі. Осының арқасында төмендегі сұрақтарға
оңды жауаптар беріледі:
а) Тәрбиелік ықпал бағытталатын ұжым сипаты қандай?
б) Оның осы бағыттағы даму деңгейі кай дәрежеде?
в) Істерді орындау барысында неге қол жеткізу керек?
г) Жоспарланған нәтижеге қандай тәрбие құралдар жүйесі арқылы
жетуге болады.
ТІ педагогикалық тәжірибесін жалпылау арқылы келесі
әдістемелік ережелерді ұсынуға болады:
1. ТІ – нің міндеттерін терең түсіну.
2. ТІ, педогогиқалық іс - әрекетке нақты және комплексті назар
сала білуден құралады.
3. Процесте ТІ – нің міндеттері шешімдерінің баламалылығының
қолдау қажет.
4. ТІ –нің міндеттері мен жағдайларына қарай мазмұнын анықтап
алу өте маңызды.
5. ТІ әр кезеңіндегі істер мен құралдар рационалды түрде
жобаланады.
6. ТІ дайындық кезінде мейілінше ұйымдастыру сапасына мән беру
керек.
7. ТІ көптүрлілігі міндетті.
8. ТІ оқушылар көңілінің кң әсерлі қозғаушы көші ретінде
қабылдануы тиіс.
9. ТІ сіңірлі дәстүрге көнбейд, икемділік және тапқырлықтың
кеңдігі – ТІ – нің өзіндік ерекше белгілері.
Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді.
Ол мақсаттық кезеңнен теориялық жағынан бөлінгенімен,
практикалық жағынан үздіксіз процестің құрамды бөлігі. Бұл
кезеңде педогок алдына тұрған маңызды міндет – тәрбиеленушілермен
бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағытын белгілеу оқушылардың
жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай өткенімен
бірге енді істелінетін істің қалай жасалынатының көрсету.
Тәрбие істерін жоспарлауда оқушыларда атсалысып жұмыс
жоспарының ұйымдастыру мектебінен өтеді. Сол үшін жұмыс
жоспарының тәжірибелік мәнін жете түсіндірудің маңызы зор.
ТІ ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6
теориялық кезеңі ұсынылады, олар:
1. мақсатты айқын түсіну;
2. әрбір оқушының міндетін дәл анықтау;
3. мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттілікті
дайындау;
4 . нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу;
5. ТІ – не жауапкердің есеп беру сәтін есептеу;
6. орындаушыларға түсініктеме – нұсқау беру;
ТІ ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегідей маңызды
қасиеттерін тәрбиелейді:
а. мақсатқа жетуде шаршап – шалдықпау;
б. жаупкершілік;
в. бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу;
г. тәртіптілік;
д. орындаушылық;
Ті – нің барлық процестерінің орындау кезінде
ескерілетін жәйіттер:
1. тәрбиеші бастаған ісін оның аяғына дейін назардан тыс
қалдырмауы міндетті;
2. ТІ – нің кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт – бағдар ұстануы
қажет;
3. байқалған қателіктер дер кезінде түзелуі шарт.
Істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке
педогогикалық сарпқа бағытталады. Қойылатын мақсат – жетістік пен
кемшіліктердің себептерін анықтау.
ТІ талдау схемасында ескерілетін мәселелер:
1. Жоспарда ТІ дайындау мен өткізудің барша бағыт – бағдары
ескерілген бе?
2. Ұйымдастыру деңгейі көзделген мақсаттар мен міндеттерге
жауап бере ме?
3. Мазмұн мақсаттарына сәйкес келе ме?
4 .Жоспарланған істерге сәйкес қор жеткілікті ме?
5. Істің қай бөліктері жақсы нәиежие берді, не себепті?
6. ТІ жоспарлы уақыты сақталды ма?
7. Орындалу мерзімін кім және неліктен өзгертті не бұзды?
8. ТІ жзүйелі болды ма, әлде кездейсоқ байланысқан
бөліктермен шектелді ма?
9. Жаңалықты енгізудің пайдасы қаншалықты болды?
10. ТІ – нің эмоциялық жағы оның бастауы ниетіне сай ма?
11. ТІ – нің сапасы қанағаттанарлықпа, оқушылардың оған қатынасы
қандай және толғандыра ма?
12. ТІ қатысқан ұжымның әрбір мүшесі қандай бағаға лайық?
13. Оқушылардың әрекет қылығы ТІ – ге қаншалықты сәйкес болды?
14. Педогоктың кейбір әрекетіне оқушылар қарсылығы неліктен
туындады?
15. Кезекті ТІ – де неден аулақ болғаны жөн?
16. Келесі ТІ – ге қандай жаңалықтар енгізу қажет?
2.2 Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
ТІ мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық,
әлеуметтік бағдарлы (ӘБ ), эстетикалық, танымдық, спорт және
дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар
қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындагы ТІ – ін ӘБ деп атайды.
Бұл бағыттағы ТІ – дің негізгі мақсаты – оқушыларда әлеуметтік
қатынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару
және құқық мекемелеріне.
Тұлғаның негізгі қоғамдық сапаларынеың мазмұны қандай?
Маңыздысы – қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқанның
барлығына жеке азаматтық бағам білдіре алуы. Азаматтық борыш
қазщіргі жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл сапа
тәртіптілікпен, яғни тұлғаның маңызды әлеуметтік – адамгершілік
қасиеті мен тікелей байланысты.
Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынаста ұғуға
болады. Тәртіптілік әр адамның қоғам нормалары мен қылық
ережелерін саналы орындау әрекеттерінде көрінеді.
Саналы тәртіптің үйретудің негізгі жолы – ТІ – ін
ұйымдастыру.
Бұл жұмыстың мақсаты – оқушылардың мінез – құлық ережесін
күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс - әрекеттер
тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін әрбір оқу – орындарында
мінез – құлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер бір
жағынан қоғамдық мораль принцптерін танытса, екінші жағынан
сол оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.
Оқушылардың өмірі мен іс - әрекетінің тәртібін күн
ережесі деп атайды. Күн ережесі - бұл үздіксіз орындалатын
ТІ. Ереже талаптарын орындау – тәрбиенің нәтежиелілігі, ол
тұлғаның тұрақтылығы әдеттерін тез дамытады.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты:
1.тәрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді оның
мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес блолуы керек; 2. дәл
белгіленген мерзімде барлық іс - әрекеттің бірге орындалуын
міндеттейтін болуы қажет; 3. нақты; 4. шынайы орындалатын
әрекеттерді қамтуы шарт.
ТІ табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы
жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бұрынғыға негізделе отырып
сапалы тәртіп дайындығы процесін жоғары деңгейде жалғастыруы
міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа
қатып қалмай орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3)
тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндіктен тәрбие
істері де белгіленген нақты, жинақты жүйеде орындалуы керек.
Егер тәртіптілік сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда
педогок мінез ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп
үйренуі керек. Педогок шеберлігі ТІ белгілі кезеңде жаңа
сапаға бағыттай алуынан көрінеді.
ТІ – ін дұрыс ұйымдастыруға кедергі жасайтын
себептері:
1) Мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы.
2) Тәрбие жұмысының бір жақтылығы яғни тәртіптілік басқа
сапалардан бөлініп қалады немесе оларды кезекпен дамыту
ұстанымы белең асады.
3) Тәрбие жұмыстарында науқаншылықты жеңіп бірізділіктің болмауы.
4) Тәрбиешінің оқушылармен қатынасындағы мәдениеттің кемдігі.
5) Формализм педогоктың тек әсіре көрсеткішке көңіл бөлуі.
6) Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателік: орынсыз
төмен не асыра бақылау.
7) ТІ – де әрекеттердің келісімді жүйелі болмауы басты
проблема, тасада қалып елеусіздеріне үміт арту.
Өмірлік ұстаным (позиция) – бұл ішкі наным, тұлғаның
қоғамға субективті қатынасын көрсететін, оның дүние танымдық
моральдық, психологиялық сапаларынан шығатын сана – сезім
бағыттары. Адамның өмірлік ұстанымы белсенді және енжар болып
келеді. Белсенді тұлға болып жатқан жағдайға немқұрайлы
қарай алмайды. Ал енжар бағдарлы адам дайын көзқарас,
құндылықтар мен әдет – қылық үлгілерін қабылдайды олардцы сана
талдауына салалайды қайшылықтары аз тіпті жоқ жолды
таңдайды.
Әлеуметтік белсенділігі бар тұлға болып жатқан
жағдайды түбегейлі шектемейді, бірақ сын сарабына салады.
Елде әлемде болған жағдайларға өз бетінше баға беріп өмірді
жақсартуға ат салысады.
Енжар ұстаным мәні – жаңалықтан қорқу өз
белсенділігінен қашу, әрқашан қауыпсіздікке бола бағынышты
қалде жүру жауапкершіліктен бас тарту. Мектеп ықпалы отбасы
тәрбиесін реттеп оның қалыпқа түсуіне көмектеседі. Қоғамдық
белсенділік танытпайтын оқушылар тек үлгерімі мен жеңіл
жұмысты ғана істеуін қадағалайтын отбасылардан шығады.
Әлеуметтік бағдарлы тәрбие істері оқушылардың өмір
позициасын қалыптастыруда қажетті жағдайлар жасайды. Олар
арсында берілген тапсырмалар ойын түрінде емес, нағыз жауапты
жұмыс сипатында бала тарпынан қабылдануы тиіс.
2.3 Этикалық тәрбие істері
Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат
бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің
негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық
сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың
ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгаршілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам
байланымсын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болу
қажеттілігін сезідіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға
ауытыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру;
адамның басқалармен қатынасында жоғары мәдениет пен дамгершілік
әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектептерде адамгершілік тәрбиесінің мазмұны
жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген
өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әр оқушыларға төмендегі
проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға ең қымбат
- өмір 2) балалар өмір жалғасы 3) тәртіптілікпен байланысқан
еркіндік 4) отансүгіштік ( патриотизм) 5) ұлтжандылық 6)
интернационолизм 7) боыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау,
кішіпейілділік және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейкесті
проблемалар – бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке
қатынасы.
ТІ – нің этикалық бағыттағы құрылымына педогок адам
моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль – адам санасының
формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерінің
пормасымен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және
басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді.
Адамгершілік жағынан тұрақталған моральдық нормалардың шындыққа
сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ
адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным – сенімдер бекуін
өзінше қамтамассыз ете алмайды, тек оларның қалыптасуына
қажетті алғы шарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп
ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына
түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.
Этикалық ТІ – нің ең басты мақсаты - Адамгершілік
мінез – құлықтарды қалыптастыру, ТІ күнделікті өмір жағдайындағы
адамгершілік іс - әрекет бірлігінен құралады.
Этикалық ТІ-нің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды
қалыптастыру, ТІ күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет
бірлігінен қүралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы
жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін
соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін
қалыптастыру - этикалы ТІ-нің маңызды бөлігі.
Түлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру — оның түйсік жүйесіне
моральдық нормалар мен прин-циптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін
таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін тандау мүмкіндігін дамытудан этикалы
ТІ функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді
қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау түрақты
қажеттілікке айналады. Әдетгер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-түру
мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны
қажетсіну).
ТІ-ні орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі
ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс.
Тәрбие "күрес" емес, күнделікті күрделі жүмыстан түратын үзақ маңцай тер
ісі.
2. Түлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Түлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туывдату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа
нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары
болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5.Жоғарыадамгершілікқасиетқарапайым , жәйнәрселерге негізделеді.
Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды
мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу
мәнері, мейір белгілері.
6. Үжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгер-
і шілік қасиетгерді тәрбиелеу үшін арңайы әдеттерді үғыну керек:
басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоис-тік сезімін тежеу, үжым
талабын орындау, қауым алдын-дағы міндеттер, ез ісі мен сөзіне жауап беру
т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу,
басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің
салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете
білуі керек.
2.4 Эстетикалық және дене шынықтыру тэрбие істері
Эстетикалық (әсем) істер — арнайы бағыттағы тәрбие жүмыстарының жалпы
атауы, мақсаты - өмірге эстетика-лық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске,
табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту. Бүл тәрбиенің басты
міндеті — эстетикалық түсінік, баға, талқы, қажеттік, тандау және қабілет
дамыту.
Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті
сезінуден, өз өмірін сүлулық заңымен қүруға үмтылады. Эстетикалық тәрбие
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты.
Табиғатқа, өдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б.
өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді.
Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты
әр адамды жақсылыққа, үжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Дене тәрбиесі
сүлулықтың көп элемент-теріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-түрысы,
адам мінезі, ойлау мәнері т.б.
Әсемдік ТІ-не байланысты оқушылар эстетика теориясы білімдерін меңгеруі
тиіс. "Эстетика" термині гректің "эстезис" - сезімталдық деген сөзінен
шыққан. Бүл сезді алғаш рет неміс енертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау
ретінде енгізді. 1750 ж. оның "Эстетика" деген еңбегі жарық көрді. Сол
кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика үғымының өзі
ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді. Өркениет өрісінде адам
өзін қоршаған ортада сүлулық іздед, сезінуге үйренеді. Бүл қабілет
эстетикалык сезім деп атауыы алды. Ол еңбек процесіне орай дамиды және
кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын,
әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.
Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы.
Әсемдік - бүл өмірдің өзі, бүл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның
еңбегінің жемісі. ТІ процесінде эстетикалық білім дамыту шаралары - бүл
конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т.б.
Оқушылар оларда қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай
түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным
заңдары мен зандылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар
береді.
ТІ-ін үйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық зандылықтарын
ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық
форма мен мағына жағдайларының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға
бағыттап барған жөн.
Эстетикалық қабылдаудың маңызды түсы — шындықты бейнелеумен бірге
жүретін адамның көңіл шарпулары. Жоғары керкем өнер щығармаларын
қабылдай отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бүл
сезімдер балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды.
Эстетикалық тэрбиенің көптүрлі қүралдары көркем-дік жүмыстарда
көрінеді. ТІ-нің эстетикалық бағыттағы қүралдары сан-алуан: табиғат, еңбек,
адам қатынасы, өнер және т.б. тәрбиелеу көздері - қоршаған орта, оқу-үйрету
еңбегі, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т.б.
Қазіргі педагогика ТІ 'әртүрлі бағытта үйымдастыру және өткізуде үлкен
төжірибе жинады. Олардың ішінде: конкурстар, викторина, мектеп мекемелері,
үйірмелер, шығармашылық топтар, үжымдық жаңа жүмыс формасы - "ұшқын"
концерті, қуыршақ театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы,
гигиеналық мәдениет, тазалық пен төртіпті тек оқу орындарында емес, сол
аймақта сақтау қажеттігі мен байланыстыру - бұл эстетика бағытының
жүмысы.
ТІ дене шыныктыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы
тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:
1) Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дүрыс
өсуіне кемектесу;
2) Спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;
3) Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;
4) Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);
5) Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақтылық, тәртіп,
үжымшылдық);
6) Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-түрыс
мәдениеті);
7) Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуді. әдетке айналдыру;
8) Гигиеналық дағды мен ептілікгі қалыптастыру.
Дене тәрбиесі бағытындағы ТІ жан-жақтылығы алға қойылған міндеттерді
адамгершілік, ой-сана, эстетика, еңбек тәрбие түрлерімен бірге шешуге
кемектеседі.
Бұл бағьптағы ТІ-нің көп тараған түрі - сабақ алды мектептегі еңбек
күнін бастайтын дене машықтары.
ТІ дене тәрбиесі бағытындағы дене шынықтыру сәтгері, шаршағанда
сергітуші бүл бірнеше жаттығулар да маңызды келеді.
ТІ-ге "қозғалысты үзілісі" оқушылардың күнделікті сабақ арасында таза
ауамен тыныс алуына жәрдемдеседі.
2.5 Экологиялық және еңбектік тэрбие істері
Қазіргі кезеңце экологаялық апат қаупінің алдын алатын, жедел табиғатты
қорғау жүмыстарын жүргізу көкейкесті проблемалардың бірі болып түр.
Өмір бір жақты экологиялық ТІ-мен шектелмей, оларды үздіксіз табиғат
қорғау әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен үштастыруды талап етеді.
Осыған орай ТІ бастауы экология туралы білімдерге, яғни қажетті
ақпараттарды қабылдау, талқылау, түсіну.
Жергілікгі материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтерге қосымша
табиғатқа көмек қажеттігін түсіндіру — педагоггың тікелей парызы.
Егер жасөспірім өзінің ертеңгі күні, өзімен бірге достары жене
жақындарының бақыты ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе,
жасыл желек пен ағын суды таза үстауға көмек тигізсе, ол табиғатты
қорғаушылар қатарында болғаны.
Экологиялық ТІ негізі — табиғатгы қорғау ниетгерін тәрбие жүзінде іске
асыру. Бүл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz