Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы алғашқы зерттеулер ... ... ... 4-7
2. Фонетика және дыбыстар туралы жалпы түсінік
2.1 Фонетиканың объектісі мен
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11
2.2 Дыбыс туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Дыбыстау
мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13-15
3. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
3.1 Қазақ тілі дауыстыларының кейбір
өзгешеліктері ... ... ... ... ... .. ... .16-18
3.2 Қазақ тілі дауыссыздарының басты
өзгешеліктері ... ... ... ... ... .. ... .19-23
3.3 Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 24-25
3.4
Дауыссыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29

Кіріспе

Кез-келген тілдің негізгі бірлігі - сол тілдің жасаушы
дыбыстары, яғни фонемалары екені белгілі. Қай тіл болмасын өзінің
қалыптасқан фонемалық жүйесінде ғана айтылмақшы ойды дұрыс
құрастырып, өз ойын басқа біреуге жеткізе алады, өз тілін қарым-
қатынас құралына айналдыра алады. Олай болса, тілді қарым-қатынас
құралына айналдыруда дыбыстардың атқаратын ролі айрықша.
Тіл біліміндегі үлкен тараудың бірі – фонетика тіл
дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі
құбылыс. Бұлай дейтін себебіміз, әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей,
оларды айтқанда немесе қолданғанда бірнеше қасиеттері мен
ерекшеліктері болады. Дыбыстардың өзіне тән белгілері сол тілде
сөйлеушілердің тарихи-қоғамдық тәжірибесіне, ұзақ замандар бойы
қалыптастырған дәстүрлеріне байланысты болып келеді.
Тіл тарихы, этимология, тіл туыстығының, тілдердің
қатынасының толып жатқан шым-шытырман мәселесі фонетикасыз шешілмейді.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс
деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән
құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс
шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа
толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш
түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа
келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ,
қуыс мүшелері.
Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз
болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Тіл
дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл –
фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары
мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Қазақ
тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына
әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі
синоним ретінде қолданыла береді.
Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде
фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы алғашқы зерттеулер

Елу жылда ел жаңа дегендей, уақыт өте келе тілдің фонетикалық
жүйесі өзгеріске түседі. Алғашқы зерттеулерде қазақ тілінің дыбыс жүйесі
туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір
де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі
бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары
еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың
зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде
ғана еді. Оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз
ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп
білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті
Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению
киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген
еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі
топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ),
дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨,
ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай
жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес
фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны
негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен Һ спиранты
кездеспейді. Шамасы, Н.И. Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл
материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың
артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.),
қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң
М.Терентьев жазған Грамматикада қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай
жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық
түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында
келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В.
Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің
салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін
сөз етті. Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың
сол кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы атты
еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ
фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде
дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол
дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм   құбылысы, екпін
категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен
салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір
фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü), 
консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды
қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι)
және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-
артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай
алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын  аралық  дыбыстар деп сонор
дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде
жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын
ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі  тәжірибе фонетикасының
берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w
(у), j (й) дыбыстары  акустика-артикуляциялық табиғаты бойынша сонор немесе
үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың
ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел,
ол сөздерін алайық, мұнда л соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде
жуан (ал), бірде жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар
атқаратын қызметіне қарай бір ғана фонеманы құрай алады. Фонема сөзде
әлденеше фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В.
Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс түсінген.
В. Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш мәселе есте
болуы қажет: оның бірі — екпін мәселесі, екінші мәселе — дыбыстардың
дистрибуциясы,  үшіншісі — түркі тілдерінің үндестік заңы. В. Радлов көп
буынды сөздерде сөз аяғына түсетін негізгі екпінн басқа көмекші екпіндердің
болатынын, көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін
екенін айтады. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың,
дистрибуциялық ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында
біраз мәлімет берген.
В. Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін
атап (палаталды — езу, лабиалды — ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара
жатыр деп қорытады.

П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің
грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология
мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы
(жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану
жайы, үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.
Дауыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ
мәлімет береді.
П. М. Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ
вокализмі тоғыз дауыстыдан(а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонантизм саласы
жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч,
1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке,
ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. Қу, ту,
би сөздерінде айтылатын у, и дыбыстарын  естілуіне қарай созылыңқы
дыбыстар деп таниды. П.М. Мелиоранский, В. Радлов айтқан пікірді қуаттай
отырып л сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес
фонема деп түсінеді. Тіл ортасы к, г және тіл арты қ, ғ дыбыстарын
көмей дыбыстары деп, олардың артикуляциялық-жасалу орнын теріс көрсеткен.
Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған
еңбектерден - В. Катаринскийдің. Грамматика киргизского языка (Фонетика,
этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың Материалы по казах-
киргизскому языку (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың Записки по
грамматике киргизского языка (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге
болар еді.
Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ,
көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Н. Катанов Опыт
исследования урянхайского языка (Казань, 1903) атты еңбегінде қазақ тілі
дыбыстарын өзге түркі тілдердің материалдарымен салыстыра, қазақ тіліне тән
кейбір заңдылықтарды көрсетеді. Октябрь революциясына дейін қазақ тілі
жайында жазылған шағың еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың
құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілінің дыбыс
құрылысы белгілі жүйеге салынып әржақты талданған емес. Фонетика
құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу
әдістері анықталмай қалды.
Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі
— кеңес дәуірі тұсынан басталды. Кеңес дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ
лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология,
стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін
дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл
білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс
істелді. фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала
түсті.
Фонетика саласы фонология, эксперименттік (тәжірибе) фонетика,
салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика тәрізді тармақтарға жіктеле бастады.
Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика,
орфография) жетілдіру ісімен байланысты әуелгі кезде қазақ фонетикасы
жөнінде біраз шағын еңбектер— мақалалар жарық көрді.
Г. В. Архангельский жазған Грамматикада қазақ тілі дыбыстарының
жіктелуі, дыбыстардың өзара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп
қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз
болады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз
деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне қарап дауыссыздарды
ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп
төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі
профессор Құдайберген Жұбановтан басталады. Профессор Қ. Жұбанов қазақ
лингвистикасының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының
бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен
жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы
және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі
шешімге келеді.

Фонетиканың объектісі мен салалары

Тіл туралы марксистік ілім - тіл білімінің қай саласына болса да
арқа сүйер негіз, басты тірек.
Тіл туралы марксистік анықтамамен байланысты тілдің о бастан
дыбыс тілі болуы туралы, тілдің жалпы құрылымы туралы марксистік
қағидалардан фонетика туралы да жүйелі пікірге келіге болады.
Марксистік ілімде тілдің фонетикалық жүйесінің зор мәні бар екені
көрсетіледі. Ойдың қимылы тілдің табиғи жаратылысынан аулақ (яғни тіл
дыбыстарынсыз-ақ) бола береді деген максистік концепция тілдің лексика,
грамматика салаларын да, фонетика саласын да шатастырады.
Тілдің өзіне лайық ерекшеліктерін, тіл дамуының ішкі заңдарын
зерттеумен байланысты белгілі бір тілдің немесе тілдер тобының фонетикалық
заңдарын білуге болады.
Тілдің негізін жасайтын – оның грамматикалық құрылыс мен негізгі
сөздік қоры. Бұл екеуі жиналып, тілдің құрылымы болатыны марксистік ілімде
анық айтылған. Тілдің грамматикалық құрылысы да, лексикалық құрамы да
фонетикалық құбылыстармен тығыз байланысты. Кез келген дыбыстардан немесе
дыбыстар тіркесінен қалай болса, солай сөз жасауға да, грамматикалық тұлға
жасауға да болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те
дыбыстардың белгілі біржүйелі тіркесі арқылы жасалады.
Бұдан келіп, дыбыс тіркесі мен сөздің мағынасында өзара табиғи
байланыс бар деп түсінбеу керек. Заттың (немесе құбылыстың) қасиеті тіл
дыбыстарымен табиғи байланыста болса, адамзат бір-ақ тілде сөйлеген болар
еді, сөзде бір мағынадан артық мағына да болмас еді. Жер шарындағы екі
мыңға жуық тілдерде ұғымы ортақ, қасиеті ортақ арнаулы бір зат (немесе
құбылыс ) әртүрлі дыбыстар [1, 95-б] тіркесі арқылы айтылуы дыбыс пен сөз
мағынасының (ұғымының) өзара табиғи байланысы жоқ екендігін көрсетеді.
Бірақ арнаулы бір тілде (немесе өзара туыстас тілдер тобында) белгілі
дыбыстар тіркесі белгілі мағынаны (ұғымды) білдіруі тілдік дәстүрге
айналған. Олай болуы нақтылы бір тілдің бірнеше ұрпақтарға ортақ екеніне
байланысты. Тек, осы мағынада ғана тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық,
грамматикалық қағидалары ішінара бір-біріне әсер етеді. Демек, фонетикалық
өзгерістер сол грамматикалық, лексикалық өзгерістерді түсінуге қандай қажет
болса, керісінше, бұл соңғы өзгерістер фонетикалық өзгерістерді түсінуге
сондай қажет. Бұлар өзара бір-бірімен байланыста, жиі қарым-қатынаста
болады. Сондықтан тілдің құрылымы жөніндегі марксистік ілім фонетика
құбылыстарын түсінудің де кілті болып табылады. Фонетиканың
зерттейтін объектілерінің бірі – фонема мәселесі. Фонетикалық заңдарды
білуде фонема туралы мәселенің де ролі бар. Фонема туралы теорияның
басымдығына ие – орыс ғалымдары.
Фонема жөнінен бірқыдыру дұрысырақ пікір айтқан кісі – Л. В.
Щерба. Бұл ғалымның ойынша сөз бен оның формаларын дифференциялайтын,
яғни адамның қатынас жасау мақсатына қызмет ететін дыбыстардың типтері
фонема болып есептеледі. Тілде нақты кездесетін дыбыстар – бүтіннің (яғни
фонеманың) бөлшегі арқылы көрінісі жалпының (яғни фонеманың) тілде нақты
айтылатын осындай түрлері – фонеманың нұсқалары деп аталады, - дейді Л. В.
Щерба. Л.В. Щербаның фонема жөніндегі тұжырымдамасы Н. Я. Маррдың да,
шетелдегі буржуазиялық лингвистердің де бұл мәселе туралы пікірлеріне
қарағанда тарихи шындыққа анағұрлым таяу. Н. Я. Марр тілдің материялық
көрінісін (демек, оның дыбыстық қабыршығын) жоққа шығарады. Осы тәрізді
тарихи шындықтан тыс, идеализм тұрғысынан талданған өзге пікірлер де бар.
Тіл туралы марксистік ілім фонетиканың бұл проблемасына да негіз болады.
Әр тілдің өзіне тән заңдары бар. Демек, белгілі бір тілдегі
дыбыстың фонемалық қасиеті екінші бір тілде өзгеше түрде (яғни фонема бола
алмайтын дәрежеде) кездесуі мүмкін. Мәселен, орыс тілінде белгілі жағдайда
дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке болып келуінде фонемалық қасиет бар. Ал,
қазақ тілінде (қ – к, ғ – г-лерді еске алмағанда) мұндай қасиет жоқ. Орыс
тілінде мол және моль, кон және конь сөздеріндегі жуан л,н-мен жіңішке ль,
нь-дің әрқайсысы – өз алдына бір-бір фонема. Өйткені осы мысалдағы жуан,
жіңішке дауыссыздар сөздің мағынасына ұйытқы болып тұр. Қазақ тілінде осы
тәрізді дауыссыздардың жуанды-жіңішкелігінің мағынаға тиер әсері жоқ: сал
және сәл, сан және сән дегенде (жуанды-жіңішкелі жұпта) мағынаға ұйытқы
болып тұрғандары – дауыстылар; осында мағына ажыратуға себепкер болып
тұрғандар: бірде а, бірде ә; ал и, с, л құлаққа естілуде бірде жуан, бірде
жіңішке болғанмен, оның (жуанды-жіңішкеліктің) сөз семантикасына қатысы
болмағандықтан, онда фонематикалық қасиет жоқ.[1, 96-б]
Тілдегі буындар дыбыстарға яғни фонемаларға бөлінеді. Фонема, қай
тілде болмасын, сөздер мен морфемаларды ажырату үшін жұмсалады. Сөйтіп,
фонема мағынамен ұштасады.
Сөздердің бір-бірінен айырмасы ол сөздердің тек бір дыбысының
өзгешелігімен де байланысты; мысалы Жамбылдың Алатау атты өлеңі мынадай
болып келеді:
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін,
Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Осындағы нудың деген сөз и дыбысынан юасталып тұр да, судың деген сөз с
дыбысынан басталып тұр; сол сияқты жетпейтін деген ж-дан, кетпейтін деген
сөз к-дан басталып тұр. Мағына ажыратып тұрған – осы сөздердің бас
дыбыстары; әр екі сөздің өзге дыбыстары – ортақ (өзінің сапасы мен саны
жағынан да айырмасы жоқ). Осы мысалда сөз мағынасының ерекшелігіне ұйтқы
болып тұрған бас дыбыс болғандықтан, оның фонематикалық қасиеті бар. Сөз
ішіндегі дыбыстардың саны мен сапасы бір бола тұрып, олардың орын тәртібі
ауысса, (метатеза болмаған жердің бәрінде) сөз мағынасы мүлде өзгеріп
кетеді. Сондықтан, арнаулы бір мағына туғызу үшін дыбыстардың сапасы,
сонымен қатар, олардың тіркесу тәртібінің де үлкен ролі бар. Мысалы, сол
Алатау өлеңінде мынадай делінеді:
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес
Сырласып бұлттарменен болған кептес,
Түрлі аңдар мекен етіп, өсіп-өніп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.
Осындағы, кетпес, кептес сөздеріндегі дыбыстардың сапасы да, саны да
бірдей. Солай бола тұрып, дыбыстардың тіркесуі әртүрлі болғандықтан,
бұлардың мағынасы әртүрлі.
Сөйтіп, фонеманың сапасы өзгерілсе де (нудың – судың, жетпейтін
– кетпейтін), саны өзгерілсе де (тегіс- егіс), орын тәртібі өзгерілсе де
(кетпес – кептес) сөз мағынасы, тиісінше, құлпырып отырады.
Жоғарыда көңіл бөлінген дыбыстар сөз мағынасына да, сөз кескініне
де үлкен ықпал етіп тұр. Дауыссыздар сөз ыңғайына қарай бірде жуан, бірде
жіңішке бола тұрса да, оның жуаны бір түрлі, жіңішкесі екінші түрлі мағына
тудыра алмайды.
Басқаша айтқанда, сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі
бар тілдегі ең кішкене дыбыстық бірлікті (көрнекі дыбысты) фонема деп
атаймыз.
Фонетика (гректің phonetikos деген дыбыс мағынасындағы сөзінен
шыққан) – тіл ғылымының басты бір бөлімі. [1, 97-б] Фонетика, жалпы түрде
айтқанда, тілдің дыбыс жүйесін тексереді. Тілдегі дыбыстардың акустикалық,
артикуляциялық қасиеттерін физиологиялық фонетика (немесе антропофоника)
тексереді. Физиологиялық фонетиканың осы объектісін лаборатория жолымен,
түрлі инструменттер, аппараттар арқылы эксперименталдық фонетика тексереді.
Эксперименталдық фонетика – тіл ғылымының өз алдына арнаулы бір саласы
емес, дыбыстарды тексерудің белгілі бір тәсілі. Белгілі бір тілдің дыбыс
құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салғастырып зерттейтін бөлім –
салыстырма фонетика делінеді. Сол неше алуан дыбыс құбылыстарының келіп
шығу және даму жолдарын тексеретін сала – тарихи фонетика, дәстүрлі тіл
ғылымында тілдегі дыбыс құбылыстарын фонематикалық тұрғыдан тексеретін
фонетиканың саласы – фонология делінеді.
Бұл шартты түрдегі фонетикалық бөлімдерді бірінен-бірін бөліп
алуға да, біріне–бірін қарсы қоюға да болмайды. Американығ реакцияшыл
филологиясында да, Батыс Еуропаның буржуазиялық лингвистикасында да тіл
дыбыстарын тек физикалық, физиологиялық тұрғыдан қарап, фонетиканың
қоғамдық мәнін (демек, лингвистиканың қоғамдық ғылым екенін) жоққа шығармақ
болады. Сөйтіп, фонетиканы түгелімен жаратылыстану пәндеріне жатқызбақ
болады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Қоғамдық құбылысқа жататын тілдің ерекше
өзгешеліктерін жанжақты білу, толық түсіну үшін жаратылыстану пәндерінің
табысын пайдалану өте қажет. Сол сияқты өзге пәндердің, әсіресе, қоғамдық
пәндердің табыстарын еске ала отыру – кеңес тіл ғылымының басты міндеті.
Тілдегі дыбыстарды (фонемаларды) зерттеуде, оларды сөзбен,
сөйлеммен, жалпы сөйлеу процесімен ұластыра зерттеген мақұл. Жеке
фонемалардың сыры, тілдегі атқаратын қызметі өзара бірлікте, қарым-
қатынаста анық байқалады. Сондықтан фонетика тілдегі дыбыстарды тексереді
деп, жалпылама айтқан жеткіліксіз. Фонетика тілдің дыбыстық құрылысын, оның
жүйелі заңдарын тексереді: кісінің ойы тілден тыс өмір сүре алмайды, демек
тілдің дыбыстық құрылысы – тілдің заттық қабыршығы; олай болса, қарым-
қатынас жасау үшін, кісінің ойын білдіру үшін қызмет ететін – тілдің
дыбыстық құрылысы, ол туралы ілім фонетика болып табылады.
Қазақ тілінің фонетикалық мәселелері түгел зерттелді дей
алмаймыз. А. Ысқақов пен М. Балақаевтың Қазіргі қазақ тілі еңбегінде
қазақ тілі фонетикасының басты мәселелері ғана сөз болды. Олардың зерттеу
дәрежесіне қарай кейбірі толығырақ, кейбірі ықшамдау баяндалды. А. Ысқақов
пен М. Балақаев қазақ тілі фонетикасын мына салаларға бөліп қараған: 1)
кіріспе, 2) фонетиканың объектісі мен салалары, 3) дыбыс туралы жалпы ұғым,
4) дыбыстау мүшелері, 5) дауысты дыбыстар, 6) дауыссыз дыбыстар, 7) буын,
8) екпін, 9) дыбыстардың үндесуі, 10) фонетика бөлімінде қолданылған
транскрипция туралы.[1, 98-б]
Дыбыс туралы жалпы ұғым

Дыбыстың жасалуы. Дыбыс атаулының қандайы болса да серпінді
(сығылмалы) заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да
- күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс.
Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы, күші, әуеніне
қарай дыбыстар әр түрлі болады. Дыбыстардың ырғағы, күші, әуеніне қарай
тілдегі дыбыстардың түрлерін, олардың кейбір қасиеттерін білуге болады.
Дыбыс ырғағы. Ол бір секунд ішінде дірілдің мөлшеріне байланысты.
Неғұрлым діріл мөлшері көбейсе, соғұрлым дыбыс ырғағы күшейеді де,
керісінше, неғұрлым діріл мөлшері азайса, соғұрлым дыбыс ырғағы да
әлсірейді. Бір секунд ішінде кемінде 16 рет, көп дегенде 20 000 рет
дірілдің нәтижесінде болған дыбыс қана құлаққа естіле алады. Тілдегі
дыбыстардың ырғағына қарай сөздің, сөйлемнің интонациясын және мелодикасын
білуге болады. Үнді (музыкалық) екпінді де осы дыбыс ырғағы арқылы аңғаруға
болады.
Дыбыс күші бір секунд ішіндегі дірілдің қарқынымен байланысты.
Неғұрлым діріл қарқыны (амплитудасы) көбейе түссе, соғұрлым дыбыс күші
ұлғая түседі. Дыбыс күші діріл қарқынының жиеленуімен де байланысты
болғандықтан, діріл амплитудасы көбейген сайын дыбыс жіңішке (ащы) шығады
да, керісінше, кеміген сайын дыбыс жуан (солғын) шығады. Дыбыс күшіне қарай
тілдегі лепті (динамикалық) екпіннің сырын білуге болады.
Тілдегі дыбыстар негізгі тон және көмекші тоннан тұрады. Өзінің
ырғағы мен күшіне қарай көмекші тон негізгі тонмен тығыз байланысты болады:
арнаулы бір дыбыстың (көбіне дауыстының) өзге дыбыстан айырмасы көмекші тон
арқылы байқалады; көмекші тонмен байланысты дыбыстың қасиеті дыбыстың әуені
деп аталады.
Тілдегі дыбыстардың бір саласы тонмен байланысты: бұлар –
дауыстылар. Енді бір сласы салдырмен байланысты: олар – дауыссыздар. Дыбыс
тонымен байланысты дыбыстар (дауыстылар) музыкалы болып келеді де,
салдырмен байланысты дыбыстарды (дауыссыздарда) бұл қасиет болмайды. [1, 99-
б]

Дыбыстау мүшелері

Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын
жан-жақты білу үшін, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін дыбыстау
мүшелерінің сол қызметін білу керек. Дыбыстардың жасалу шарттарын
(артикуляциясын), басқаша айтқанда, тіл дыбыстарының анатомиялық-
механикалық жақтарын білудің теориялық мәні зор. [1, 99-б] Дыбыстау
мүшелерінің қызметін білудің ана тілдің де, өзге тілдің де дыбыстарын,
сөздерін практика жағынан қатесіз, мүлтіксіз айтуға көп көмегі болады.
Дыбыстау мүшелері негізгі үш топқа бөлінеді: 1) тыныс мүшелері;
2) тамақ ; 3) қуыс мүшелері.
Тыныс мүшелері. Тыныс мүшелерінің бастысы – өкпе. Өкпе қолқамен
ұштас болады. Қолқа екіге тарамданып, ол екеуі жоғарғы жақтан кеңірдекпен
(трахеямен) жалғасады.
Өкпе, көрік секілді, бірде ауаны сыртқа теуіп (экспирация
жасалып), бірде ауаны ішке тартып (инспирация жасалып) тұрады. Басқаша
айтқанда, тыныс мүшелерінің қызметінің қарама-қарсы екі түрлі сәті бар:
бірі дем шығару, екіншісі дем алу.
Ауаны ішке тартқанда (дем алғанда, яғни инспирация болғанда),
кеуденің бұлшық еттері қабырғаны жоғары көтеріп, өкпені керіп тұрады да,
диафрагма төмен түсіп, қысылып тұрады. Ал, ауаны сыртқа тепкенде (дем
шығарғанда, яғни экспирация болғанда), кеуденің бұлшық еттері мен диафрагма
солғын қалыпта болады да, өкпе керіліп тұрмайды, тартылып тұрады.
Анығырақ айтқанда, ауаның кеудеге енуі өкпенің аясын кеңейтеді
де, ауаның кеудеден шығуы өкпенің аясын тарылтады. Өкпенің аясы тарылғанда,
ондағы ауаның бір бөлегі сыртқа шығады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның
сыртқа шығуымен (экспирациямен) байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден
біртіндеп баяу шығады да, өкпеге ол бірден тездеп енеді. Сондықтан сөйлеу
процесіндегі ауаның сыртқа тебілу, ішке тартылу мерзімі бірдей емес;
сөйлемей тұрғандағы жай тыныста ауаның сыртқа тебілуі мен ішке тартылуының
мерзімі бірдей болады.
Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ – кеңірдектің кеңейген жоғарғы
тұсы. Тамақтың сырт жағында жұтқыншық болады да, оның ішкі жағында
(жұтқыншақтың астында) дауыс шымылдығы болады. Кеңірдектің арт жағында өңеш
болады. Тамақ пен кеңірдек – ауа жүретін жол, өңеш – тамақ жүретін жол.
Тамақтың іш жағында қабаттасып қырынан жатқан екі пар бүршіктің
сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы болады да, астындағы екеуі нағыз дауыс
шымылдығы болады. Дауыс шымылдығының аралығы – дауыс түтігі деп аталады.
Дауыс шымылдығы ауағы тосқауыл жасап, бірде керіліп тұрады, бірде жиырылып
тұрады. Ол керіліп тұрса, діріл пайда болады да, үн шығады. Жиырылып тұрса,
діріл болмайды да, үн шықпайды. Дауыс шымылдығының дауысты фонемаларды
шығарудағы ролі айрықша күшті: дауыстылардың қай-қайсысы болса да, дауыс
шымылдығының дірілі (вибрациясы) арқылы пайда болады.[1, 100-б] Қатаңнан
басқа дауыссыз фонемаларды айтуда да бұл мүшенің ролі бар: үнділерді
айтқанда, дауыс шымылдығы жиірек дірілдейді де, ұяңдарды айтқанда дауыс
шымылдығы сирегірек дірілдейді. Ал қатаң фонемалардың артикуляциясында
дауыс шымылдығының қатысы болмайды.
Қуыс мүшелер. Бұл мүшелерге тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы
жатады.
Тамақ қуысы тамақтың жоғарғы жағында, ауыз қуысының арт жағында
болады. Тамақ қуысының дыбыстарды шығарудағы екі түрлі қызметі бар: оның
тарылуынан кейбір салдыр жасалып, дауыссыздардың дыбысталуына ол септесіп
тұрады. Тамақ қуысының дауыстылардың әуенін (тембрін) жасауға да қатысы
болады.
Ауыз қуысының тілдегі дыбыстардың қай-қайсысында болса да ролі
айрықша күшті. Ауыз қуысы да, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып,
резинаторлық қызмет атқарады. Дауыс шымылдығының біркелкі қызметінен пайда
болған дауысты фонемалар ауыздағы жаңғырық салдарынан мәнерленіп, әр алуан
түрге бөлінеді. Сол сияқты дауыссыз фонемаларды жасауда да ауыз қуысы
резонатор болып, оларға түрлі өң беріп тұрады.
Мұрын қуысы арқылы кейбір үнді дауыссыздар (м, н, ң) жасалады:
бұлардың жасалу орны ауыз қуысы болғанмен, фонациялық ауа мұрыннан
шығатындықтан, оларды мұрын жолды үнділер дейміз. Өзге дауыссыздарды және
барлық дауыстыларды айтқанда фонациялық ауа ауыздан шығады.
Ауыз қуысындағы мүшелер. Бұл мүшелердің ең бастысы тіл. Тіл – өте
жылжымалы мүше: ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығып, бірде ілгері-кейін
жүйткіп, бірде жоғары-төмен жүйткіп, бірде ұшынан, бірде орта, артқы
шенінен қимылдап, құбылып тұрады. Өзге мүшелерге тілдің не тиюі, не
жуықтауына қарай дыбыстарды сол мүшенің атымен таптастырамыз; дыбыстарды
тілдің артқы, орта шені немесе ұшы қимылдауына қарай да таптастырамыз.
Жылжымалы мүшелердің бірі – ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі
еріннен гөрі астыңғы еріннің ролі басым. Екі ерін (мысалы, п,б дыбыстарын
айтқанда) тіске қақтығысып, бірде (мысалы, ұ,о дыбыстарын айтқанда)
дөңгеленіп, бірде тартылу арқылы да түрлі дыбыстар жасалады.
Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің де қатысы бар: тіл ұшы бірде
үстіңгі күрек тіске, бірде астыңғы күрек тіске соқтығуынан кейбір дауыссыз
фонемалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі
Фонетиканы оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Мектепте фонетиканы оқыту
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері
Интонацияның компоненттері
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Пәндер