Тәлім тәрбие құндылықтары
Жоспар:
I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Ғылыми зерттеу
аппараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1. Ұлттық құндылықтар туралы педагог-психологтардың
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Халық педагогикасы – ұлттық тәрбие
бесігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12
II Негізгі бөлім.
2.1 Қазақтың тәлім-тәрбие
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Ұлттық тәрбиенің озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу тәрбиесі
жүйесіне ендіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...17
2.3 Атамекен ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-
тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...23
III Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
I. Кіріспе бөлім.
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра
болып, өмір сынынан өткен, бүгінгі күнге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
негізінде тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты. Ұрпақ жалғастығымен адамзат
баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы
тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының
бағбаншысы – тәрбие. Демек, қай ғасырда болмасын, ұлт өмірін өркендеуші
саналы да, салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми
өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу - әрбір қоғам алдындағы басты міндет.
Кезінде А. Байтұрсыновтың: Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз
ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін азғыруға
тырысады, - деп айтса, М. Жұмабаев Педагогика оқулығында: Әр тәрбиенің
қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі, әрбір ұлттың бала тәрбиесінде ескіден келе
жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын
қолданып келе жатқан сара жол болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт
тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті, - деген ұлағатты ойы күні бүгінге дейін
өз мағынасын жоғалтқан жоқ.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиясында
болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу
қажеттілігіне тоқтала келе: 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз
мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті
қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек деп атап көрсеткен. Сонымен қатар,
1997 жылғы орта білім беру тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: Орта білім беру
міндеттерінің бірі – азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына
құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп
көрсетіледі. Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан
халқына Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика
үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Жолдауында: Ұлттық бәсекелестік
қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейі мен оның ішінде
патриоттықпен айқындалатын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында және қазақстан республикасы білім және ғылым
қызметкерлерінің III съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты
талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып,
Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды
тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Жолдауда білім беру мәселесінде ерекше көңіл аударатын нәрсе 12-жылдық
білім жүйесіне көшу үшін ұлттық мектептің моделін құру қажеттігі айтылған.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат
ұрпағымен мың жасайды - дегендей, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық
мәселе болған. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Бүкіл әлемдік
өркениетте ерекше орын алатын ғұлама әл-Фараби бабамыздан бастап, орта
ғасыр ойшылдары: Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Иассауи трактаттары, сондай-ақ
Алтын Орда дәуірінің даналары бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған
алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық
көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық
жұлдыздары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсаринмен қатар XX ғасырдың басында тәлімдік
ой-пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердіұлы,
А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, С.Торайғырұлы, М.Дулатұлылардың ұлттық
дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық мұралары
қазіргі заман талабымен үндесіп жатқандығы белгілі.
Ғалым Х.Беделбаева: Баланы қоршаған ортамен таныстыру – баланың
психикасын дамыту, оның жеке бастық сапасын қалыптастырудың қажетті шарты.
Қоршаған ортаны танып-білу балаларды адамдарға деген сүйіспеншілікке,
олардың қайғысы мен қуанышына ортақтасуға, мейірімділікке, еңбек адамын
құрметтеуге тәрбиелеумен тығыз ұштастырылған жағдайда ғана пайдалы болмақ
- деп құнды пікірін ортаға салады.
Білім мазмұнын қалыптастырудың бірінші кезегінде, яғни оның теориялық
деңгейінде ұлттық тәрбиені, қазақтың ұлттық педагогикасын іске асыру, ұлт
мектебінің ерекшеліктерін әрқашанда есепке алудың қажеттігі, жалпы білім
беретін мектептің негізгі мақсатына сәйкес білім мазмұнынанықтаудың
принциптері, қағидалары, заңдылықтары ретінде қарастырылатыны айқындалады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – көп ұлт мекендейтін ілгері
мемлекеттердің қатарына жататын қонақжай халықпыз. Түрлі ұлт өкілдерін
бауырымызға ала отырып, тату-тәтті өмір сүру біздің қанға дарыған
қасиеттеріміздің біріне айналуда. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Біз
құрып жатқан қоғамның ең құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол
үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары
мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу адамгершілік,
ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары
негізделген- деп жазады өзінің Қазақстан болашағы – қоғамдық
идеялықбірлігінде атты еңбегінде. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - өз
ұрпақтарымызға ұлттық сана-сезім мен рухани дүниені адамдардың бір-біріне
бауырмашылдық қадір-қасиетін бойына дарытқанда ғана қазақ елінің, дүние
жүзі халықтарының достастық шаңырағы берік бола алатындығына кәміл сене
аламыз. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан баланы ненің жақсы-
жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе.
Баланы елжандылық рухта тәрбиелеудің алғашқы кезі мекпетке дейінгі жастан
басталып әрі қарай жан-жақты жүзеге асатын үрдіс.
Ғылыми-зерттеу аппараты:
Зертеудің мақсаты: Оқушыларға мектепте тәрбие беру ерекшеліктерін
анықтау, жетілдіру жолдарын белгілеу.
Зертеудің объектісі: Ұлттық тәрбие үстінде оқушылардың белсенділігін,
ынтымақтасуын, өзара достық-жолдастық қарым-қатынастарын жетілдіру.
Зерттеудің міндеті:
1. Мақал-мәтелдердің балаға психологиялық әсерін анықтау;
2. Оқушылардың қызығушылығын оятып, танымдық белсенділігін арттыру
жолдарын белгілеу;
3. Тәрбие жұмысында ұлттық мақал-мәтелдердің оқушының жеке тұлғалық
қасиеттеріндегі маңызы.
Зерттеудің пәні: Ұлттық тәрбиенің оқушылардың жеке тұлғалық
қасиеттеріне ықпал ету жолдары.
Ғылыми болжам: Егер де ұлттық мақал-мәтелдерді, ойындарды жүйелі,
тиімді пайдаланған жағдайда, оқушылардың қазақ менталитететіне тән
ізгілік қасиеттері дами түсер еді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, тесттер,
эксперимент, бақылау, әңгіме.
1. Ұлттық құндылықтар туралы педагог-психологтардың көзқарастары.
Қазақ халқының өте ерте өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге
дейін кәдессіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық
педагогика. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі
жүйесінде жас буын жанына біртіндеп, сіңіп отыратын арнаулы жолдар, тиісті
тәсілдер де бар. Адам қай заманда өмір сүрсе де, басты құндылықтарға бай
келеді.
Баланың бастапқы елжандылық сезімі танымдық іс-әрекеттерімен тығыз
байланыста болғанда дамутыдың мүмкіндіктерін А.А. Люблинская, В.С. Мухина,
С.А. Козлова, А.Г. Усова, Д.Б. Эльконин, А.В. Запорожец, К.А. Оразбекова,
К.Т. Шерьязданова және т.б. психологтар еңбектерінде сөз қылады. Мысалы,
психолог А.А. Люблинская өзінің Детская психология оқулығында Мектепке
дейінгі жаста балалардың ортаны қабылдау барысында қалыптаса бастайтын
адамгершілік сезімінің ішінде, отангерлік сезімінің ерекшелігі айырықша
орын алады - деп, баланың елжандылық сезімінің психикалық қалыптасуы және
оның даму кезеңдеріне анықтама береді. Ал, психолог С.А. Козлова: Көп
қырлы отангерлік тәрбие қоршаған өмір мен тәрбиенің әсері балалық шақта
біртіндеп қалыптасып отырады- деп жазады.
Психология ғылымында ғалымдар сезім бөлімінде елжандылық рухта
дамытуға болатын бірнеше түрлерін төмендегідей бөліп қарастырады:
1) Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым-
қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық
қатынас және Отанға, достыққа, намыс-борышқа деген көзқарасы;
2) Интеллектуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл-ой процесінде пайда
болған адамның жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың
қанағат, юмор, ирония және жағалыққа ұмтылуы;
3) Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған
рахатты, отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету,
оларға өзінің эмоциялық-адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе
білуге, жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету
үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу
керек.
М. Жұмабаев: Тәрбие - адам баласын кәмелет жасқа толып, өзіне
өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру- деді. Ал, Сонда бала тәрбиесі
- ана сүтінен басталып, біреудің-біреуге ықпалы арқылы өмір бойы
қалыптасқан құбылыс. Мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, сыпайылық
адамдарды
құрметтеу, қадірлеу, сыйлау сияқты асыл қасиеттерді мектеп табылдырығынан
бастап дарытып, ойлай білу өзіндік ой-пікір айту дағдыларын дамыту
міндеттерін алға қоямыз.
Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұрғыда
тұжырымдаған орыс педагогі К.Д. Ушинский да, қазақтың ұлы ақыны Абай адамды
- тәрбие пәні ретінде зерттеді. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми
теориялық шығармалар жазып тікелей педагогика қызметімен шұғылданбаса да
оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір
дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен
тұжырымдарды көп кездестіруге болады. Ол тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып,
жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Адамға үш алуан адамнан мінез
жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құбылысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы
көрсе, содан көп жұғады дейді.
Ал жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж.Аймауытов
педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш “Психология”, “Жан жүйесі
және өнер таңдау” атты еңбектердің авторы болды. Мұнда ол барлық
мамандықтың қажеттілігін айта келіп, табиғи икемділік қабілетке, оның
биологиялық негізіне ерекше көңіл бөледі. Адам тәрбиелеуде, маман шығаруда
жетекші рольды қоғамдық факторлардың атқаратынына ден қояды. Алайда, 1930-
1970 жылдар арасында Қазақстанда халық педагогикасын зерттеу ісіне мән
берілмеді. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен
жауапкершілікті мойнына алған пионер-комсомол ұйымдары негізінен
коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. 1940-1950 жылдық үрдістен кейін
1970-1990 жылдарында қазақ халық педагогикасын зерттеу ісі қайта қолға
алынып жандана бастады. Бұл кезеңде Ш.Ахметовтың, Қ.Жарықбаевтың,
С.Қалиевтің, Ә.Табылдиевтің, С.Ұзақбаеваның, М.Құрсабаевтың тағы
басқалардың баспа арқылы жарық көрген зерттеу еңбектерін атауға болады.
Олар өз елінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырымы, жол-жораларын терең біліп,
халық педагогикасын жан сала қолдап, зерттеді. Осыған олардың біраз
көкейкесті мәселелерді алға тартатын ұлттық тәрбие жайындағы еңбектері
дәлел болады.
Міржақып Дулатовтың оқу-тәрбие процесін ұлтық сипатта жүзеге
асыру туралы ой-пікірлерінің маңызы мен мәні ерекше. Ол мектептің мақсаты:
Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса
беру, ...балқыған жас баланың бойының бойына, ана тілін анық үйретіп
шығару; әдіс-құралдары: оқу кітаптары ана тілімен, өз үлтының тұрмысымен
һәм табиғаттан жазылуы, бастауыш мектеп алған тәрбиенің әсерлі, күшті,
сенімді болуы; нәтижесі: ...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай
жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. ... қайда
болса да тірішілігінде, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы, болып
қалады деп, ұлтық тәрбиенінің әсерін тамаша көрсеткен.
Тәрбиенің басты ұстаныстары - өз халқының мәдениетін, әдебиетін,
тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халықтардың тілі мен мәдениетіне де
құрметпен карайтын адам қалыптастыру. Ал осы мәдениеттің тіл арқылы
келетіндігі белгілі. Рухсыз тіл дәрменсіз тіл. Ұлттық рухты ана тілдің
мазмұны нұрландырып тұрады (Қ.Жарықбаев).
Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен
жастарды адал қызмет ететін, жан-жақты білімді де білікті, нағыз адамзат
толық адам етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Абайдың толық адам туралы
танымы Сократ Платондағы сүйеніш, тірек еткен адам, қытайлардың Дао
іліміндегі әбден жетілген адам деген танысымен сабақтасып, туыстасып
жатады, Абай адам болуымен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын
жасай білген халықтың ұстазы Абай Құнанбаевтың еңбектеріндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы зор.
Абай Құнанбаев еңбектерідегі жалпы адамзаттық құндылықтар құрылымы:
Тәлім тәрбие құндылықтары Мәдени құндылықтар Материалдық
құндылықтар
Адам, ғаклиди иман, тамеди иман, Әдебиетке құштарлық:Ұрпағына
мінез, білім, ғылым, еңбек, өзін өзіөлендер, қарасөздер,қалдырған
тәрбиелеу, ғибат, ғибрат талап, халықтың өмірі, еңбектері
махаббат, әділеттілік, әдептілік, тұрмыс-салт жасаған мекен
достық, сабырлылық ар-ождан, әдеп-ғұрып, өнеріне жайлары.
мейірбандық, ақиқит, рақымдылық, (ән, күй, ұлттық
қанағатшылдық, ұят, ізгілік, тану, қолөнер) ерекше
рақым. Психологиялық құндылықтар: көңіл бөлуі.
жан куаты, тән куаты, жүрек, ақыл
ой, ес, құмарлық, мінез-құлық.
Егер ата-ана мен ұстаз тарапынан саналы тәрбие берілсе, оны бала дұрыс
қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына
жағдай жасайды.
Тәрбие төрт түрлі болады – дейді М.Жұмабаев
ТӘРБИЕ
Дене Ақыл Сұлулық Құлық
Тәрбиенің түпкі мақсаты – шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани
дегеніміз – кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге
араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі ел санатымен танылады, ұрпағымен
жалғасады.(7) Отанның намысын қорғауға, ізгі ниеттерге тәрбиелеу. Баланы
дұрыс тәрбиелеу бесік жарынан бастау алады. Бала – үлкен болайық, кіші
болайық, бәріміз де талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп
тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз.
Қазіргі таңда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы басты мақсат
ұлттық рухы жоғары, өз Отанын тұған жерін, халқын сүйетін, ана тілін
тарихын, мәдениетін, өнірін, әдет-ғұрпын жақсы білетін сауатты да саналы
ұрпақ тәрбиелеу ісі мектепке дейінгі тәрбиеден басталады.
Ж.Наурызбаевтың басқарумен ғылымдар тобы Қазақстан
Республикасындағы мәдениет-этникалық білім беру тұжырымдамасын жасады.
Онда этникалық білім берудің негізгі міндеттері былай көрсетілген: а) жан-
жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу; ә) тұлғаның өзіндік төл мәдениетті
түлғаны тәрбиелеу; б) мәдениеттерді игеруіне жағдай жасау, мәдениеттер
алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар беру; в) ана-тілінде еркін
ұғынысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.
Сонымен, бұл тұжырымдаманың мақсаты – мектепте ұлт тілін, ұлт
тарихын, ұлт мәдениетін, ұлтық салт-дәстүрлерді жүйелі оқыту арқылы
оқушылардың ұлттық санасын дамыту жәнек қалыптастыру.
Этнопедагогика ғылымының негізін қалаушы Ресей ғалымы Г.Н.Волков –
этнопедагогиканың пәні мен мәнін мазмұнын өзара тығыз байланыста
қарастырады. Этнопедагогиканың пәнін халықтық педагогика, халықтық тәрбие,
ал мәні – үш қасиеттен: ұлттың сақталу педагогикасы, тәрбиенің даналығы
және жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасынан тұрады. Этнопедагогиканың
мазмұны – халықтық тәрбие тәжірибелерін, халықтық педагогика дәстүрлерін,
ұлттың, халықтың, рудың, отбасының тұрмыстық, тәрбие ықылымдарын, тәрбие
әдіс – тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде қарастырды. Этнопедагогика
отбасы мен рудың , ұлт пен халықтың ғасырлар бойы жинактаған этниќалық және
этиќалық құндылықтарын тәжірибелер арқылы ұлттық мінез – құлықты реттеуге
пайдалана отырып тәрбиелеу себептері мен дәлелдемелерін, этниќалық баға
беру өлшемдерін зерттейтін ғылым ретінде тұжырымдаған.
Бертін оқу-білім дамып, ғылым мен техника өркендей бастаған кезде XVII
ғасыр аяғында славян педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми
педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский,
И.Г. Пестолоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев тағы басқа педагог-ғалымдардың бәрі оқу-тәрбие
ісін ұлттық мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі деп қарап, олар ұлт тілі мен
ұлттық әдебиетті, халықтық салт –дәстүрлерді білім беру ісі мен тәрбиенің
пәрменді құралы ретінде пайдалануды қуаттады.
2. Халық педагогикасы – ұлттық тәрбие бесігі.
Біздің ежелгі замандағы ата-бабаларымыз ұрпағына білім беру негізін
бесікте жатқан кезінен бастап қалаған. Баласын өлең-жыр мен әңгіме, ертегі,
тақпақ, санамақ арқылы ұлттық тәлім-тәрбиенің негізімен сусындатқан.
Қазіргі тәрбие проблемасындағы ең зәру мәселе – қазақылықты қалпына
келтіру, қазақ азаматының мінезін қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ
құбылысы болып енуге тиісті азататты дайындау. Ал, халықты, мемлекеттің
ерекшелігін әлемге танытатын нәрсе – сол мемлекттің ғылымы, білімі, тілі.
Мұның негізі білім беру мен тәрбиеде, мектепте жатқаны даусыз.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі
өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру,
халық педагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің
бірі. Өйткені, қазіргі қоғам дамуындағы нарықтық экономика талаптарына
байланысты кез келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше
рет ауыстыруға тура келеді. Ал қазақ мектебінің мәселесі – қазақ елдігінің
мәселесі. Бұл – ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.
Сондықтан біз бұл мәселелердің заңдылықтарын, негізін, ғылыми мәнін ашу
үшін педагогика, психология ғылымдарына сүйенеміз.
Қазіргі кездегі өмір отбасы тәрбиесінен бастап әрбір балаға жеке адам
ретінде қарап, оның өзіне тән сана-сезімі, еркі, өзіндік әрекет жасай
алатын қабілеті бар тұлға екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен
бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:
- халық тәжірибесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жас
жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру;
- қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этникалық салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрпының еркін гүлденуін жас ұрпақтың санасына сіңіру;
- балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой
қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру. Өмірлік мақсат-
мүддесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына
сай іске асыруға көмектесу;
- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру,
әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
- еңбектің адам өміріндегі мәнін, маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті
дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи
қажеттілікке айналдыру, жоғары ілкімділікке бейімдеу.
Осымен халықтық педагогикасының озық дәстүрлерін білу адамгершілік
қасиет-сапаларды қалыптастыруға негіз болады. Біздің мемлекет отбасындағы
қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, балалардың отбасында дұрыс, жақсы
тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан
жанұя тәрбие жұмысынан жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын
күшейту туралы шыққан жаңа Заң отбасындағы қарым-қатынастың нығаюын,
баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді.
Тәрбиенің басты әліппесін бала отбасында алады, ұлттық тәрбиесінің негізі
құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі. Бүгінгі
күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай
қазына – ұлттық тәлім-тәрбиеден нәр алумен ұштастырылуы талап етіледі.
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақтың тәлім-тәрбиенің ерекшеліктері.
Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары – көшпелі халық өзі өмір сүрген
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас
жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Ол
еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан бетін
қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен
алғырлық, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы
қонақтың мәселесін қайтармау: көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі,
бауырмал болу т.б). Сөйтіп ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай
білу, дархан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ
халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, ойлау
жүйесінің негізі болды.
Әсіресе, орта ғасыр ойшылдары мен XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар
поэзиясында келелі сөз болған мәселе адам тәрбиесі еді. Қазақтың тәлім-
тәрбиесіндегі ерекшелігі – ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары
баға берілген. “Ақылдың көзі – аталы сөз” деп ұққан бабаларымыз сөйлей
білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді “Шешеннің сөзі
мерген, шебердің көзі мерген”, “Сөз сүйектен өтеді”, “Жақсы сөз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz