Сөз әрекетінің түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі кафедрасы
Тақырыбы: Тыңдалым арқылы орындалатын жаттығулар
Орындаған:
филология факультетінің
ҚБ-3 курс студенті Нұржақсин Н.Ж.
Тексерген: аға оқытушы Кұрманова
А.Қ.
Көкшетау 2006
Мазмұны:
І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 3 бет
ІІ. Негізгі бөлім

... ... ... ... ... 6 бет
Тыңдалым арқылы орындалатын
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 6 бет
1. Тыңдалым туралы ғалымдардың
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... . 6 бет
2. Тыңдалым кезінде кездесетін қиындықтар
... ... ... ... ... ... ... ... . 8 бет
3. Тыңдалымды жете меңгеруге қойылатын талаптар, алғышарттар және
көңіл аударатын мәселелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10 бет
4. Тыңдалымды оқытуға арналған жаттығулар жүйесі ... ... ... ... . 16
бет
ІІІ. Қорытынды

... ... ... ... .. 21 бет
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 бет
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Сөйлесім әрекеті - (речевая деятельность) әр түрлі ғылым
өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне
қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист-
ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын сөз етсе, психологтар
сөйлесім әрекетінің жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді.
Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін
тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік
тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу аппаратын, ойға қатысты қимыл-
қозғалысын дәлелдейді.
Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып
сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сөйлеу
әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын,
оларды неге үйрету керегін, не үшін, не мақсатпен және қалай оқыту
қажеттілігін қарастырады. Тілші әдіскерлердің ең бірінші мақсаты – сапалы
оқытудың жолдарын табу. Яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді?
деген сауалға жауап іздеу, соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық
тұрғыдан жүйелеп көрсету. 1.52
Тақырыптың зерттелу сипаты.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім
әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Мұны С.Әбдіғалиев
былай көрсетеді:
1. Ауызша айтылған сөзді тыңдап, оны түсіну;
2. Сөйлеу;
3. Оқу;
4. Жазу.
Бұлардың алғашқы екеуі ауызша сөз түріне, соңғы екеуі жазбаша сөз
түріне жатады. Бұлардан басқа сөздің тағы мынадай түрлері ажыратылады:
1. (импресивтік немесе рецептивтік) сөз түрлері, бұған тыңдап түсінумен
оқу жатады.
2. (экспрессивтік немесе продуктивтік) сөз түрлері, бұған сөйлеу мен
жазу жатады.
Мұны сызба арқылы былай көрсетуге болады:
Сөз әрекетінің түрлері
Импрессивтік (рецептивтік) Экспресивтік (продуктивтік)
Сөз Сөз
Тыңдап-түсіну Оқу Сөйлеу Жазу
Ауызша Жазбаша
2.70
Ал Ф.Оразбаева жан-жақты тәжірибеге сүйене келіп, сөйлесім әрекетін
бес түрге бөліп көрсетеді. Олар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым,
тілдесім. Бұлардың барлығы - әдістемелік ізденіс жолындағы жаңаша
терминдер. Қазақ тілінде бұл мәселе туралы бұрын-соңды арнайы сөз
болмағандықтан сөйлесім әрекетінің түрлері де бір жүйемен аталып, өзіндік
терминдері әлі қалыптаспаған. Шетел және орыс тілдерінде қолданылған
жоғарыда атап өткен терминдер – говорение - сөйлеу, аудирование -
аудиолық, чтение - оқу, письма - жазу деген сияқты сөздермен
айтылып жүр.
1. Біз бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. Өйткені олар,
біріншіден, тілдік қатынастың басты ерекшелігіне сәкес келеді,
екіншіден, олар қазақ тілінің сөздік қорына тән қолданыста өзіндік
орындары бар түбір сөздер, үшіншіден, олар зерттеу мәселемізге сай
әдістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді, төртіншіден, әрқайсысы әр
түрлі емес. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сәкес бір ізбен жасала
келіп, біртұтас қатысымдыық қызмет атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты – тыңдалым арқылы орындалатын жаттығулар жөнінде
түсінік қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында тыңдалымды жүзеге асыру. Осы
мақсатты орындау барысында мынадай міндеттер алға қойылды:
тыңдалым арқылы орындалатын жаттығуларды түпкілікті зерттеу;
тыңдалым арқылы орындалатын жаттығулардың мақсат-міндеттерін көрсету;
жаттығуларды техникалық құралдар арқылы тыңдату.
Курстық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сонымен тілдік қатысқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге
бөлінеді:
1. оқылым
2. жазылым
3. тыңдалым
4. айтылым
5. тілдесім
Осы бөліктердің ішінен ерекше тоқталатынымыз – тыңдалым.
Осы тыңдалым туралы ғалымдардың көзқарастарына тоқталайық.
Жоғарыда көрсетілген С.Әбдіғалиевтің топтастыруында ауызша сөз негізгі
екі компоненттен тұратынын байқаймыз: оның бірі – ауызша айтылған сөзді
тыңдап түсіну болса, екіншісі – сөйлесу. Ауызша сөздің бұл екі сыңарының
бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, кейбір әдістемешілер бұларды бір-
бірімен ажыратпайды.
Тыңдап түсінуге Ф.Оразбаева мынадай анықтама береді: Сөйлесім
әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол – түсіну. Бір адам
екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де
жүзеге аспайды. Біздің ойымызша, сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу
да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды
түсінуге негізделеді. Сондықтан аудирование дегенді біз түсіну емес,
тыңдалым деп атаймыз да, түсіну процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ
ұсталым ретінде танимыз.
Тыңдалым, яғни аудирование – соңғы жылдары көп сөз болып жүрген және
оқу процесінде кеңінен орын алған маңызды салалардың бірі.
Тыңдалым – аудирование деген терминнің білдіретін мағынасы – есту
арқылы түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған
аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау
және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Бұл атаудың ең баста мәні – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге
асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу.
Тыңдалым процесін тілдік қарым-қатынастағы сөзді қарапайым есту
құбылысымен алмастырмау керек. Есту – дыбысты акустикалық жағынан қабылдау,
ал тыңдалым тек есту ғана емес, сонымен бірге мағыналы, маңызды хабарды
ұғып алп, қажетке жарату. 1.64-65
С.Әбдіғалиев тыңдалымды екі мерзімдік еске бөледі. Тыңдалым қысқа
мерзімді және қысқа мерзімдік еске байланысты. Қысқа мерзімік ес келіп
түскен ақпарды қабылдаудың барлық сатыларында сақтап, оны ұзақ мерзімдік
еске жөнелтеді. Ұзақ мерзімдік ес сөздердің, сөз тіркестерінің,
синтаксистік құрылымдардың есту – артикуляциялық бейнесін және олардың бір-
бірімен тіркесу ережелерін сақтайды. Соның нәтижесінде сөйлемнің фразалық
құрылымы мен коммуникативтік типін түсінуге мүмкіндік туады.
Тыңдалым сөз әрекетінің басқа түрлері мен тығыз бірлікте өтеді. Ол ең
әуелі сөйлеумен тығыз байланысты: тыңдалым да, сөйлеу де сөздің ауызша
түріне жатады. Одан басқа, жоғарыда айтылғандай, тыңдаушы ауызша сөзді
қабылдай отырып, моторлы (сөз қозғау) анализатордың көмегімен
дыбыстықбейнелерді арткуляциялық бейнелерге айналдырады, яғни тыңдалым
барысына сөйлеу мүшелері де қатысады. Осыған орай тыңдалымның ішкі сөзбен
де тығыз байланысты екенін атап көрсету керек. Дыбыстық бейнелерді
артикуляциялық бейнелерге айналдыру арқылы тыңдаушы естігенін ішкі сөзде
қайталап отырады. Соның нәтижесінде ол естігенін түсінеді.
Тыңдап түсіну процесіне көру анализаторының қатысуы нәтижесінде
естігенді түсіну жеңілдейтіні туралы жоғарыда айтылды. Қосымша айта кететін
жайт мынау: естігенін түсінуді жеңілдетуде көру анализаторының тағы бір
көмегі бар. Егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтіннің жазбаша нұсқасын көріп
отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдалымның
оқумен тығыз байланыстылығын көреміз. Оның үстіне тыңдалым мен оқу сөз
әрекетінің импрессивтік түріне жатады, яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны
түсінеді. Тек тыңдалымда ауызша айтылған сөзді қабылдап, түсіну керек
болса, оқуда жазбаша сөзді қабылдап, түсіну керек.
Тыңдалым икемділігін қалыптастыру және дамыту барысында оқушылар
көптеген қиындықтармен кездеседі. Тыңдалымды дұрыс үйрету үшін мұғалім бұл
қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы білуге тиіс.
Аудитивтік дағдыларды қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды
негізінен екі топқа бөлуге болады:
а кез келген тілдегі сөзді тыңдалымға үйрету барысында кездесетін
жалпыға бірдей, ортақ қиындықтар;
ә тек белгілі бір тілдегі ауызша сөзді тыңдап түсінуге үйретуде
кездесетін арнайы қиындықтар.
Жалпыға ортақ қиындықтар.
Мәселен қазақ тілін үйретуде мынадай қиыншылықтар кездеседі.
1. Белгілі бір ойды, мазмұнды жеткізу үшін сөйлеуші қолданған тілдік
материал лексикалық және грамматикалық оқушылардың меңгерген тілдік
материалынан басқа болуы мүмкін. Өйткені тілдік материалды тыңдауда,
оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгерген тілдік материалын
ескермейді. Ол өзі жеткізгісі келген мазмұнды жан-жақты ашатын тілдік
материалды қолданады. Сондықтан кейбір лексикалық-грамматикалық
материал оқушыға таныс болмауы мүмкін. Әрине, бұл оқушыға тыңдаған
мәтінінің мазмұнын түсінуде үлкен қиындық келтіруі сөзсіз. Бұл
қиындықты жеңудің жолы оқушылардың пассивтік сөздік қоры мен
потениалдық сөздік қорын байыта түсу.
2. Әр адамның дыбыстарды айтуда, интонаиясында белгілі ерекшеліктері
болады. Демек, қазақ тілі мұғалімдерінің де әр қайсысының қазақ тілі
дыбыстарын айту, интонациялық ерекшеліктері бар. Оқушылар өз
мұғалімінің осындай сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да,
басқа адамның айтқан сөзі ерекше көрінеді. Әдетте оқушыларқазақ тілі
сабағында тек өз мұғалімінің ғана дауысын естиді, соның сөйлеу
ерекшеліктеріне дағдыланады. Бұл, әрине, басқа адамдардың сөзін тыңдап
түсінуде оқушыларға белгілі мөлшерде қиындықтар келтіреді. Бұларды
жоюдың жолы сабақта магнитофонды пайдалану: таспаға әр түрлі
адамдардың дауысын жазп алып, соларды тыңдату арқылы оқушыларға әр
түрлі адамдардың дауысын жазып алып, соларды тыңдату арқылы оқушыларға
әр түрлі адамның сөзін тыңдап түсінуге төселдіруге болады. Сөйтіп, бұл
жерде магнитофон мұғалімге үлкен көмек береді.
3. Әдетте мұғалім сабақта да жаттығу жұмыстары, диктант жүргізгенде баяу
сөйлейді. Оқушылар осы мұғалімнің баяу сөйлеуіне үйреніп, дағдыланады
да, одан тезірек сөйлегенде сөзді түсіне алмай қалады. Оларға қалыпты
жылдамдықпен айтылған сөз тым тез болып көрінеді. Бұл қиындықты жою
үшін де мұғалім сабақта магнитофонды қолданған жөн. Ұстаз өзі қалыпты
ырғақпен сөйлегенде, оқушыларының түсінбегенін байқаса, сөзін
баяулатады. Ал магнитофон тек бір ғана жылдамдықпен сөйлейді. Оқушылар
магнитофоннан осындай қалыпты ырғақпен айтылған сөзді тыңдап
дағдыланса, өмірде сондай жылдамдықпен айтылған сөзді тыңдап түсіне
алатын болады.
4. Жалпыға бірдей тағы да ортақ қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің
бет әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарын, бет әлпет қимылдарын
бақылап отырса, онда сөзді жеңіл түсінеді. Ал олай болмаған жағдайда
нашар түсінеді. Нағыз өзара байланыс барысында тыңдаушы сөйлеушіні
көре алмауы мүмкін. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде делік. Сондай-ақ
телефонмен біреумен тілдескенде де сөйлеушіні көре алмаймыз. Радио
хабарларын тыңдаған кезде де сөйлеушіні көріп, оның бет-әлпетін,
сөйлеу органдарының қимылын, ишаратын бақылау мүмкін емес. Бұл тыңдап
отырған сөзді түсінуді ауырлатады. Оны жеңудің жолы – магнитофонды
қолдану. Сабақта магнитофоннан ауызша сөзді тыңдағанда, оқушылар
сөйлеушіні көре алмайды. Осыған төселген шәкірттер сөйлеушіні көре
алмайтын басқа жағдайларда онша қиналмайтын болады. Сонымен, тыңдап
түсінуде кездеметін негізгі қиындықтарды жеңуде магнитофонның
атқаратын ролі, қызметі ерекше.
Міне, бұл аталғандар – жалпыға ортақ қиындықтар. 2.73-75
Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай белгілерді үйретумен
байланысты:
1. Басқа дыбыстардан тілдің дыбыс толқынын, олардың ерекшеліктерін
ажырата білу;
2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мен мәнін дұрыс қабылдай білу;
3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу;
4. Тыңдалымға қатысты негізгі көрсеткіштерді жан-жақты меңгеру.
Тілді үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін ең басты
көрсеткіш – тыңдалымға арналған мәтін, яғни аудиотест.
Арнаулы мәтін арқылы тыңдалымға тән мынадай басты белгілер: текстегі
қатысымдық және тілдік тұлғаларды тану, қабылдау, түсіну және қолдану – іс
жүзінде асады және сөйлесім әрекетінде үздіксіз жетіліп отырады.
Тілді үйрену барыснда тыңдалымның сапалы болуы екі факторға
байланысты:
1. объективтік фактор
2. субъективтік фактор.
Объективтік фактор тілді меңгеруге қатысты үйренушіге берілген
аудиомәтіннің ерекшелігінен және оны қабылдау үшін қамтамасыз етілген
жағдайдан тұрады. Объективтік фактор негізінен мәтінге байланысты фактор.
Субъективтік фактор тыңдаушының, яғни тіл үйренушінің тыңдалым
процесін меңгеруге арналған дайындық деңгейімен және психологиялық
ерекшелігімен анықталады.
Тыңдалымға арналған мәтін әр түрлі ерекшеліктеріне сай таңдалады:
үйренетін тілдің айрықша белгілері мен тілдік ерекшеліктеріне қарай;
тақырыбына қарай;
мазмұнына қарай;
қатысымдық тұлғалардың құрылымына қарай.
Жалпы аудиомәтінді дұрыс таңдап алу – бүкіл тыңдалым процесінің сапалы
өтуіне әсер ететін бірден-бір пайдалы алғышарт. Мәтін өте қиын болса,
оқушылардың түңілуіне әкеліп соғады. Егер өте жеңіл болса, тіл
үйренушілердің қызығушылығын жойып, жалықтырып жібереді.
Мәтінмен жұмыс хабарды түсіну дәрежесіне қарай әр түрлі мақсатты
көздейді:
1. мазмұнды толық түсіну;
2. ең басты ойды түсіну;
3. бөлшектеп түсіну. Ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну.
Мәтіннің мазмұнын толық түсіну оның құрамында таныс емес күрделі
лексика мен тіркестер болмауын қажет етеді. Мұнда мәтіннің мағынасы оқушыға
тұтас ұғынықты болып, оқушы оны бүтіндей сөйлеу процесінде қолданады.
Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, ол тұтас оқылады.
Бақылау жүргізіледі. Жіберген қателер түзетіліп отырады.
Мәтіндегі негізгі ойды түсіну кезінде оқушы кейбір білмейтін сөздерге
таныс емес сөздер 2% - тен аспау керек көңіл аудармай-ақ, онда айтылуға
тиісті ең маңызды ойды меңгеруге тырысады. Үйренуші мәтінді тыңдап отырып,
оның не туралы екенін есте сақтап қалады.
Тыңдалым мәтіндегі басты айтылар ойды толықтыру үшін берілген
жекелеген деректерді нақтылап, талдап түсіну – бөлшектеп түсіну деп
аталады. Мұндағы әрбір жеке ақпаратты оқушы қажетіне сай пайдаланып,
сөйлесім әрекетінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz