Моңғол тіліндегі атаулар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
2. Негізгі бөлім: Этнотопонимдердің тарихи-лингвистикалық
сипаты
2.1. Жалқы есімдерді зерттеудің жаңа
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5-10
2.2. Қазақ жалқы есімдерінің қызмет
аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-12
2.3. Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша этнотопонимдердің
тарихи-лингвистикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... .13-27
2.4.Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-31
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

1.1.Дүние жүзіндегі бай тілдердің бірі саналатын қазақ
тілінің де қазіргі таңда зерттелмей, назардан тыс қалып, аса
күрделі зерттеуді қажет ететін мәселелері баршылық. Солардың
бірі – ономасиология саласында қарастырылатын
этнотопонимдердің лексика – семантикалық сипатын, шығу тарихын
зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселе болып табылады.
Тарихи лингвистика ұлттың этникалық, қоғамдық - тарихи,
әлеуметтік, жағрафиялық және басқа да факторлардың жиынтығын
тілдің даму жолымен тығыз байланыста қарастыратын тіл
білімінің саласы. Тарихи лингвистиканың қарастыратын
мәселелерінің ішіндегі маңыздыларының бірі – халқымыздың көне
замандардан бері келе жатқан заттардың аталу себептері,
олардың ерекшеліктері.
Белгілі лингвист-ғалым К.Аханов: Ономасиология зат
немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі
неліктен екендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз
семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық
жағына назар аударылады да, ономасиологиялық тұрғыдан
қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар
аударылады, - деген.
Ономасиология – номинация теориясы.
Ономасиологияның жалқы есімдерді зерттейтін айрықша бір
саласы ономастика объектілер категориясына қарай дәстүрлі
салаларға жіктеледі: антропонимика – адам есімдерін зерттейді;
топонимика – географиялық атауларды зерттейді; зоонимика –
жануарлардың лақап аттарын қарастырады; астронимика – аспан
денелерінің атауларын зерттейді. Ономастика жалқы есімдерді
“реалионим” (бұрын болған, қазіргі таңда да бар объектілер)
және “мифоним” (ойдан шығарылған объектілер) деп екіге бөлініп
қарастырады.
Топонимика – географиялық атаулардың қызметін, маңызы мен

шығу тегін, құрылысы мен тарау шеңберін, белгілі бір уақытта
дамуы мен өзгеруін зерттеумен айналысатын ономастиканың
бөлігі. Белгілі бір

3
жердегі топонимдер жиынтығы сол жердің топонимиясы деп
аталады. Объектілердің сипатына байланысты топонимиялардың
негізгі түрлері мынадай: ойконимия (грекше oikos – үй,
баспана) – елді-мекендердің атауы, гидронимия (грекше hudor -
су) – су объектілерінің атауы, космонимия – аспан денелерінің
атауы. Топонимияның екі деңгейі болады: 1)макротопонимия – ірі
табиғи немесе жасанды объектілердің және саяси әкімшілік
бірлестіктерінің атауы; 2) микротопонимия – кіші географиялық
объектілердің жергілікті ландшафты (орман, дала, сай және тағы
басқалары) атаулары.
Семей мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к.
Ш.Сейітова: Ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар – белгілі
бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары
туралы мәлімет алудың бірден-бір дерек көзі деп, ру атауынан
қойылған елді мекен атауларына этнотопоним, этноним деген
түсініктемелер береді.
Қазақ халқының этимологиясына, лексикалық қат –
қабаттарына, грамматикалық құрылысына арналған мақалалар,
зерттеулер жарияланып, кандидаттық және докторлық
диссертациялар да қорғалды. Бұл салада 1950 жылдардан бері
қарай үзбей зерттеу жұмыстарын жүргізіп, танымал болған ғалым,
докторлар Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов, бастаған ғалымдар
тобын, ал жалқы есімдер бағыты бойынша қызмет аясы тұрғысынан
еңбек етіп келе жатқан филилогия ғылымының докторлары
М.Мырзахметұлы мен Е.Керімбаев еңбектерін атап өткен орынды
болар еді.
Қазақ тарихында жер-су атаулары көбінесе қонысты қай
атаның кімі жайлап отырғандығын білдіретін этникалық көрсеткіш
болып табылады. Кейбір этнонимдік топонимдер халықтың басынан
өткен белгілі бір тарихи оқиғалардан елес береді.

4
2.1. Қазақ жалқы есімдерін лексикологиялық тұрғыдан қарастыру және оларды
топтастыру мен сұрыптау мәселелері бірінші кезекте оның атауыштық мәндеріне
сай, атауыштық объектілердің бір – бірімен байланысы негізінде әр түрлі
дәрежеде жан – жақты зерттеліп келеді. Сондай – ақ, жалқы есімдердің жиі
өзгеріске түсуіне экстролингвистикалық, әлеуметтік – лингвистикалық және
идеологиялық факторлардың әсері себеп болады. Бұл туралы профессор
М.Мырзахметұлы ата – мекеннің топонимикалық атауларының бастау алар тұсы
халық фольклоры мен эпостық және тарихи жыр – дастандар екендігін ескере
келіп, Түркі қағанаты дәуіріндегі елді мекен, жер – су атаулары тікелей
сол халықтың ана тілінде жасалып, қоспасыз саф алтындай таза сақталғаны
себепті, мұндай таза құбылысты халықтық топонимдер деп атаса жөн болар деп
тұжырымдайды. Шындығында, XX ғасыр соңына дейінгі қазақ жеріндегі
ономастикалық атаулардың көпшілігі байырғы қазақ тілі негізінде жасалған.
Жер – су атауларының осындай тарихи - әлеуметтік негіздерін есепке ала
отырып, ғалым М.Мырзахметұлы Көбінесе, ел тарихындағы жауынгершілік,
отаршылдық, жаулап алушылық әрекеттерімен тікелей байланысты болуы
себепті, бұларды біз үш салаға, яғни халықтық, отаршылдық, тоталитарлық
топонимдер деп жіктейміз деп, оған саяси – идеологиялық мазмұн беру арқылы
топтастырады. Яғни, осындай халықтық емес топонимдер халқымыздың рухани ар
– ожданына мүлде сәйкес келмейді.
Бұл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сол қоғамның тарихи - әлеуметтік,
идеологиялық мәселелерімен тығыз бірлікте дамып, өзгеріске, түсіп отырады.
Тіл мен сөйлеу бір – бірімен тығыз байланысты, бірақ екі бөлек құбылыс
болғанымен, 1)әрі қоғамдық - әлеуметтік; 2)әрі жеке дербестік мәні бар;
3)әрі қатысымдық құбылыстар. Сондықтан, сөз жоқ, бұл тұста әрбір зерттеуші
таза фактілердің аясында ешуақытта да қала алмайды. Енді соған қоғамның
даму заңдылықтарын танытатын философия, тарих, этнография және халықтың
замандар бойындағы ақыл – ойының, салт – санасының көркемдік – эстетикалық
танымының айнасы болған әдебиет қамтылады.

5
Демек, осылардың бәрінің бірлігі және осы бірлікті жасаудың жүйесі
мен соған лайық зерттеу әдісі керек болады да, зерттеушінің ойлау әдісінде
де өзгеріс болуын талап етеді.
Ұлан - байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін
өлкеміздің жер суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар
түрлі өзгерістерге ұшырап отырды. Көпшілік атаулар өзен - көлдердің өзіндік
ерекшеліктеріне, яғни түр – түсіне, суының дәміне, айналасындағы өсімдік
пен жан – жануарлар дүниесіне, сан – мөлшеріне, географиялық орнына, тағы
да басқа көптеген белгілеріне байланысты айтылады. Атауды да соған лайық
дәл тауып қоя берген. Сол атаудың өзінен көп жағдайларды, ол маңның жер
бедерін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, климат ерекшеліктерін, табиғат
байлықтарын тануға, байқауға болады. Сонымен қатар, бұл атауларда араб,
иран, парсы, моңғол, орыс тілінен енген сөздер мен қазақтың байырғы ру,
тайпаларының аттары және адам есімдері де жиі кездеседі. Сондықтан, оларды
зерттеуде көне дәуір кезеңінен бастап, қазақ тарихының кезеңдеріне сай
(түркілік, арабтық, моңғолдық, қалмақтық, орыстық және кеңестік) тарихи -
әлеуметтік және экстралингвистік тұрғыдан зерттеу қажет сияқты. Біздің
қазақ – деп көрсетеді Мұхтар Әуезов - жер атын сол ортаның сыр – сипатына
қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан
дүзде кездесетін кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән – мағына,
шешілмеген құпия сыр жатады. Сонымен, Қазақстандағы су, өзен, жер
атауларын соңғы зерттеулер бойынша ерекшеліктеріне сай төмендегіше топтап
қарастыруға болады:
1. Ру, тайпа, халық аттарына қойған атаулар;
2. Кісі есімдерінен қойылған атаулар;
3. Көне түркі және қазақ тіліндегі атаулар;
4. Араб, иран тіліндегі атаулар;
5. Моңғол тіліндегі атаулар.
Осы топтарға қалмақ тіліндегі, орыс тіліндегі және кеңестік дәуірдегі

6
жалқы есімдер деп те кірістіріп, қарастыру дұрыс сияқты. Себебі, қазақ
жалқы есімдерін зерттеуді сонау түркілік кезеңнен бастап, оны елді мекен,
жер – су атауларының, керек десеңіз, тіпті халықтың өз атының өзгеріп
кетуіне байланысты саяси - әлеуметтік тарихи оқиғаларға негіздей келіп,
яғни әлеуметтік – лингвистикалық тұрғыдан қарастыру, зерттеу орынды болады.
Қазақ жалқы есімдерін кезеңдерге топтастырып зерттеу, ономастика мен
оның салаларын оқып – үйренуге, қызмет аясының ерекшеліктерін тануға, әр
аудан, облыс, аймақ, жалпы республика картасын түзуге мүмкіндік туғызары
даусыз. Сондай – ақ, жалқы есімдерді мектепте, жоғарғы оқу орындарында
оқытудың жаңа бағыттары мен бағдарламасын жасау маңызды рөл атқарады..
Қазақ топонимдері мен антропонимдерінің өткені, бүгіні және ертеңі,
яғни болашағына тоқталатын болсақ, Тұран жеріндегі топонимдік елді мекен,
жер атаулары 895 жылдан бастап арабтар тарапынан карта бетіне түсіріле
бастады. Ал, Ресей патшалығы 1914 жылы Азиялық Ресей атласы картасын
жариялады. Бүгінгі тәуелсіз елге айналған Қазақстан республикасының
картасындағы елді мекен, жер атауларының өзгерістерге түсуінің түп –
тамыры, саяси - әлеуметтік себебі қайда жатыр. Әрине, мұның басты себебі
россияцентристік саясаттың күшпен өндірілуінде жатыр.
Кеңес үкіметі алғаш құрылған жылдарда отаршылдық мақсатпен қойылған
ірі – ірі елді мекен, жер атауларын өзгертіп, оларды коммунистік рухтағы
топонимдермен алмастырып жатты. Бірақ, бұл бақыт ұзаққа созылмады. КСРО –
ның барлық аймағында Ресей империясы кезіндегі отаршылдық мақсатпен
қойылған елді мекен, жер атаулары өзгермей, сол қалпында сақталып қалуының
үстіне Кеңес үкіметі саналы түрде жүргізген саясат кезінде тоталитарлық
топонимдер қаптап кетті. Әрине, бұл өзгерістердің бәрі де көп ұлтты Кеңес
халқының бұрындары қалыптасқан тарихи жадын өшіріп, бір стандартқа
түсірілген үйретімді менталитетті орнықтыру мақсатымен бірге ол ұлттарды
орыс ұлтына сіңіріп жіберу, осы арқылы бірыңғай совет халқын қалыптастыру
саясатын көздеді.

7
Бұл алақол саясаттың бір ғана үстем ұлт мүддесі тұрғысынан
жүргізілгені Азия мен Еуропаның шекарасындағы жер айрығы ретіндегі Орал
тауы мен Орал өзенінің ар жағы мен бер жағына назар аударып көз жүгіртсең-
ақ болды, екі аймақтағы елді мекен, жер атаулары арасындағы теңсіздік
бадырайып, менмұндалап тұрады. Оралдың ар жағы біркелкі орыс тілді елді
мекен, жер атауларымен тұтасып, арасында Азиялық халықтардың бір де бір жер
атаулары кездеспесе, бер жағы, яғни Азиялық тұрғындар жерінде орыс тілді
елді мекен, жер атаулары қаптап тұрады. Ал Қазақстан жері де отаршылдық –
тоталитарлық орыс атауларымен шұбарланып, тұтастығынан айрылғаны ешқандай
дәлелді қажет етпейді. Яғни, қазақтың тілінде орыс тілін қосақтап сөйлейтін
шала қазақтың тіліндей алашұбарланып, дүбәраланып кеткен. Міне, осы
құбылыстардың қозғаушы күшіне айналған саяси - әлеуметтік себептердің
тамырын іздегенге Мағжан ақын осы құбылыстың түп - төркінін ерте сезініп,
келер ұрпақтың есінде жүрсін дегендей:
Орал өзен – екі елдің шекарасы,
Ар жағы – түн, бер жағы күн баласы.
Ар жағы үймелеген жын ұясы,
Бер жағы Ер Түріктің сардаласы, -
деп, тебірене сыр шерткен еді. Ойшыл ақын Мағжаннаң бұлайша тіл қатуында
географиялық атаулардың мазмұны жағынан саясатпен тікелей байланыста
жататын құбылыс болу себепті отаршыл Ресей империясының басқыншылық
саясатын, табиғи шекараны бұзуын меңзеп отыр.
Қазақстан Республикасында географиялық елді мекен, жер атауларына
ұлттық негізде бастапқы халықтық атауларын қалыптастыру әрекеті қызу
жүргізілуде. Әрине, бұл әрекет – тәуелсіздіктің белгісі. Бірақ, осы
әрекетімізде біз топонимикалық сауатсыздыққа елеулі түрде жол берілді. Бұл
қателік түбінде бір түзетілер. Осындай шарасыздықтан саналы түрде тезірек
арылудың жолы қоғамдық санаға қозғау салу қажеттілігі. Топонимикалық
сауатсыздықтағы басты қателік географиялық елді мекен, жер
атаулары

8
саласындағы ғасырлар бойы қалыптасып бекіген ұлттық сипаттағы аса берік
халықтық дәстүрімізді ұмытудан немесе социалистік негіздегі қоғамның
жасанды менталитетінен арыла алмаудан туындап отырған санадағы салғырттық,
немкеттілік тәрізді қалыптан туындайтын проблемалар шеңберінде жатыр.
Оларды бас – басына атап өтер болсақ: біздің ата-баба дәстүрі бойынша
ешуақытта макротопонимдер адам атына қойылған емес, бірақ микротопонимдерге
кісі аттарының қойылатыны болатын-ды. Географиялық елді мекен, жер
атауларын қоюда біз осы халықтық дәстүрден қол үзіп, россияцентристік
қалыпқа түсіп, тіпті облыс, аудан аттарын да жеке кісі аттарына қою дәстүрі
үйреншікті болып кетті. Мысалы, Шал ақын ауданы, Жамбыл ауданы, Тимирязев
ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, т.б. орысша қалыпқа түсірілген Ғабит
Мүсірепов ауданы, Шоқан Уәлиханов ауданы тәрізді көптеген атаулар да орын
ала бастады.
Жоғарыда мысал ретінде келтірілген елді мекен, жер атауларындағы
қазақы (жалпы - түріктік) халықтық дәстүрлердің табиғи қалпы бұзылып, бізді
бодандыққа айналдырған жат елдің топонимикадағы бөгде дәстүрдің үстем түсіп
жатуының түпкі себебі қайда жатыр? Бұның екі түрлі себебі бар тәрізді:
1.Ресей мемлекеті X ғасырда провославия дінін Византия империясынан
қабылдау арқылы онда үстем болған географиялық елді мекен, жер атауларын
жеке кісі атына қою дәстүрін де қоса қабылдады. Қазіргі орыс жазуының түпкі
нұсқасы да солар арқылы келді. Міне, осы кезден бастап бүкіл орыс жеріндегі
ірілі – ұсақты географиялық елді мекен, жер атаулары тұтас жеке кісі атына
қойыла бастады. Осы дәстүр үстем болуы себепті, қазіргі Ресей
федерациясының әкімшілік-территориялық картасына назар салсақ, жеке кісі
аттарына қойылатын ірілі-ұсақты географиялық елді мекен, жер атаулары тұнып
тұр. Біздің макротопонимдерге жеке кісі аттарын қойып шатасып жүруіміздің
түп-төркіні бодандық, құлдық сананың дертіне ұрынып, ата – бабамыздың
қалыптастырған ұлттық дәстүрлерден қол үзуімізде жатыр. Осы себептен, ауыр
да болса, жіберген қателігімізді түзетудің бірден бір жолы –

9
ата-баба дәстүріне қайта оралуымызда жатыр.
2. Кейбір микротопонимдерді кісінің аты мен тегіне, яғни фамилиясын
қабаттап қою да біздің ұлттық дәстүрімізге жат құбылыс. Бұларды өзіміздің
ұлттық қалыптасуымызға, ата дәстүрімізге сай атауымыз қажет. Мысалы, Жамбыл
ауданы, Жамбыл фамилиясын қоспай өз атымен ғана атаймыз. Бұл – дұрыс, әрі
бағыты біздің ұлттық дәстүрімізге сай келетін құбылыс. Ал, енді келіп не
себепті Мағжан Жұмабаев ауданына Мағжанның аты мен фамилиясын қоса
қабаттастырып айтамыз. Бұл, әрине, Мағжанды Жамбылдан жоғары бағалағанымыз
емес. Бұның себебі, күнделікті қолданыста Жамбыл атамыздың фамилиясын
қоспай-ақ атап жүргендіктен.
Ендігі міндет – жалқы есімдердің қолданылу аясына жіті көңіл
бөлініп, ұлттық менталитетімізге сай топонимдерді зерттеп, дұрыс жолға қою.

10
2.2. Қазақ ономастикасында немесе қазақ тілінің ономастикалық кеңістігінде
антропонимика, топонимика (оның бөлімдері гидронимика космонимика,
ойкономика т.б.), зоонимика (салыстыру ретінде) салалары әр түрлі дәрежеде
қарастырылған. Ол зерттеулердің барлығында дерлік онимдердің лексико-
семантикалық түрлері басқа тілден енген лексикалық қат-қабаттары, жалқы
есімдердің бірізділік (хронологиялық қабаттары құрылымдық және сөзжасамдық
модельдері мен морфологиялық түрлері) қарстырылады. Демек, қазақ халқы
есімдерінің лексикологиялық және типологиялық қызметтерімен қатар сөйлеу
процесіндегі экстролингвистикалық қызметін де байқаймыз.
Біздің пікірімізше, жалқы есімдердің қызметін екі түрге бөліп қарау
керек, - деп көрсетеді Е.Керімбаев: 1)тілдік (сөйлеу қызметі). 2)
экстролингвистикалық қызметі (Казахская ономастика о этнокультурном
аспектах. А., 1995, 173 бет). Жалқы есімдерді мұндай екі түрге бөлу белгілі
дәрежеде шартты түрде, себебі олардың қолданылу аясының айғақтары өзара
шартты түрде және бұл тұрғыдан қарағанда қызметтері көп салалы. Жалқы
есімдердің қай-қайсысының болмасын, негізгі атқаратын қызметі оның
атауыштық мәні екені анық. Жалқы есімдердің тілдегі атауыштық қызметі
жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Ал қазақ халқы есімдерінің тілдік
мәдени қауымдағы және адамдар қарым-қатынасындағы іске асатын қызметтері
ешкімнің мақсатты түрде бағытталған зерттеу объектісіне айналмай отыр. В.А.
Никонов (1965) топонимдердің үш түрін айтады: мекендік, дискриптивтік
(жазба түрде сипаттау) және идеологиялық. В.Д. Беленькая (1969)
топонимдердің мынадай қызметтерін көрсетеді: көрсеткіштік (бағыт)
көрсеткіштік + сипаттамалық, көрсеткіштік + идеологиялық қызметі,
көрсеткіштік + эмоционалдық.
Жалқы есімдердің қызметтік аясы мәселелеріне шолу барысында олардың
қызметінің әр алуандылығы мен күрделілігі анықтала түседі. Сондықтан, жалқы
есімдер қызметінің ерекшелігін сипаттау үшін көптеген тілдік және
экстролингвистикалық айғақтарға есеп және талдау жүргізу

11
қажеттілігі байқалады. Сонымен қатар, жалқы есімдердің атқаратын қызметін
зерттеу барысында тілдік қолданыстар мен стильдік тармақтарды ескеру
қажеттілігі туындайды.
Қазақ ономастикасында бұл мәселеге, яғни, қазақ жалқы есімдерінің
қызмет аясына арналған арнайы мақала Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясы хабаршысында алғаш рет ауызға алынып, баспа түрінде жарық
көрді. (Ә.Қайдаров, Е.Керімбаев), (Қазақ ономастикасының
этнолингвистикалық аспектісі Қазақ ССР-і ҒА хабаршысы 1990. № 3 – 13
бет). Бұл мақалада қазақ жалқы есімдерінің аясы мәселелері тіл мен сөйлеуді
шартты түрде қоя отырып, сипаттама беру бағытында (яғни әдеби -
диалектілік, мүмкіндік - ақиқат, әлеуметтік - жеке) қарастырылады. Мақала
авторы алғаш рет зерттеу үлесіне ғылыми салаға жалпы халықтық ономастикон
және жеке ономастикон деген терминдер енгізіп, жеке адамның мәдени –
білімділік және тілді меңгеру дәрежесін аңғартатын, сөздік қорын анықтайтын
жеке ономастикалық сөздік жөнінде әңгімелейді. Жалқы есімдердің қолданылу,
сөйлеу қызметі аясы теориясына негізделген жоғарыдағыдай бағыттағы
зерттеулерді жүйелі түрде ғылыми негізде жүргізу барысында болашақта жалқы
есімдердің қызмет аясының қыр-сырын жан-жақты тануға мүмкіндік туғызады.
Сондай-ақ, оларды экстролингвистикалық, әлеуметтік және идеологиялық
тұрғыдан түсіндіру жолдары ғылыми негізде іске асады.

12
2.3.Қазақстан Республикасының солтүстік өңірі кең жазиралы орманды дала
аймағын алып жатыр. Бүгіндері Еуразия елдерін мекен еткен көп халық көне
уақытта сан тарау соқпақтармен шиырлап, тіршілік жасады. Тарихи тамыры
мыңжылдықтар тереңінен бастау алатын осынау тамаша өлкенің дамуына
географиялық орналасуы да игі әсерін тигізді.
Солтүстік Қазақстан облысы 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап қазіргі
шегінде. Облыста он үш әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғабит
Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы,
Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Шоқан Уәлиханов, Шал ақын атындағылар; бес қала
– Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; қала үлгісіндегі төрт кент –
Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облыс орталығы – Петропавл қаласы.
Солтүстік Қазақстан облысының жер бедері және жер үсті, жер асты
сулары өте көп. Облыстың жер беті суларына Есіл, Сілеті, Шағалалы,
Қамысақты, Ащысу, Қарасу өзендері мен өзен тармақтары жатады. Бұл өлкеде үш
мыңға жуық аумағы шағын көл бар. Көлдердің атауында түрік және орыс тілінен
енген гидронимдер басым. Ащыкөл (Солоное озеро), Сладкое (Тәтті көл),
Питное (Нәрлі көл) сияқты су қоймалардың суын айқындайтын белгіге судың
сапасы мен дәмі жатады. Атаулардың өзі олардың шаруашылық іс-әрекетке
жарамды не жарамсыздығын көрсетеді.
Судың түр-түсін сипаттайтын атаулар да мол: Қаракөл, Ақкөл, Сарыбұлақ,
Жайнақ, Жаңаөзек, Жалтыркөл, Светлое, Красное, Темное, Пестрое.
Көлдердің мөлшерін анықтайтын сипаттаулар: Ұлыкөл, Кішкенекөл, Үлкен
және Кіші Қамысты, Үлкен және Кіші Ақши т.б.
Бұл аймақта қыпшақ, қимақ, ғұн тайпаларымен қатар басқа да көптеген
ұлыстар мекендеп, мәдениет пен өркениеттің іргесін қалаған. Бұл
мәліметтерді тарихи деректермен растайтын топонимикалық жер-су атаулары
көптеп кездеседі. Атап айтқанда, Қызылжар, Есіл, Тараңкөл, Аютас,
Қамысақты,

13
Суаткөл, Жаманкөл, Айыртау, Имантау, Жамантау, Сырымбет сияқты көнеден келе
жатқан атаулардан көруімізге болады.
Солтүстік Қазақстан жер-су, елді мекен атауларының ішіндегі
қазақтың
көне атауларымен бірге орыс тілінен енген елді мекен атаулары да бар.
Мысалы, Заречное, Сергеевка, Заградовка, Зеленый гай, Мироновка және т.б.
Көпшілік атаулар жер-судың өзіндік ерекшелігіне байланысты және жер бедері,
өсімдік, жануарлар дүниесіне, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, еліміздегі
тарихи, саяси-әлеуметтік оқиғаларға байланысты қойылған. Мысалы, Көктерек,
Қарағай елді мекен атаулары ағаш, өсімдік әлемінен дерек берсе, Бұлақ,
Суаткөл, Саумалкөл, Қамысақты сол маңдағы көл, өзен атауына байланысты
қойылған.
Түр-түсіне байланысты атаулар: Қызылжар, Қызыләскер, Сарыөзек,
Сарыбай, Қызылжұлдыз, Көктерек, Аққайың т.б.
Санға байланысты атаулар: Бескөл, Қоскөл, Жалғызтау, Жетікөл т.б.
Жаман, жақсы, кіші сөздерімен аталатын атаулар: Жаманкөл, Жақсы,
Жамантау, Кішкенекөл, Кіші Ақши т.б.
Жергілікті жер-су атауларын жаңадан қоныстанушылар орыс, украин, орыс
казактары өздерінің тілдеріне ыңғайластыру нәтижесінде қалыптасқан атаулар
да көптеп кездеседі. Солтүстік Қазақстанға алғаш қоныстанған орыс казактары
және Сталыпин реформасы нәтижесінде көшіп келген орыс, украин шаруаларының
кезеңіндегі атауларға бұрын қазақша Мезгіл аталған Келлеровка, Қызылжар
аталған Петропавл, Явленка, Покровка, Мамлютка, Сергеевка, Заградовка,
Славянка, Пресновка, Краснокаменка, Подлесное, Летовочное, Булаево,
Обуховка, Зеленый гай, Соколовка, Озерное, Шотовское, Пресногорьковка және
т.б. жатқызамыз.
Кеңестік дәуірде қалыптасқан атауларға: Қызыләскер, Бостандық,
Қызылжұлдыз, Жаңаталап, Тимирязев, Ленин, Смирнов, Кутузов, Советское,
Молодежное т.б. жатады.

14
Әлеуметтік, тарихи оқиғаларға байланысты атаулар: Сырымбет, Дәуқара,
Қалмақкөл, Балуан, Бексейіт т.б.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы жер-

су, елді мекен атауларына қазақша өзінің тарихи атаулары қайтарылды.
Мысалы, бұрынғы Сергеевка ауданының қазіргі атауы Шал ақын ауданы болып
өзгерді. Себебі ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген атақты Шал ақын Құлекеұлы осы
ауданда өмір сүрген. Бұрынғы Советское ауданы Аққайың ауданына,
Красноармеец ауданы бұрынғы Тайынша ауданы болып қайта аталса, Володаровка
селосы Саумалкөл деп аталды. Булаев ауданы – Мағжан Жұмабаев ауданы болып
өзгерді. Себебі, Мағжан Жұмабаев сынды халқымыздың біртуар ұлы осы ауданның
тумасы еді.
Жоғарыда аталған көл атаулары сияқты облыс аумағында орналасқан ауыл,
қалалардың да атауының өзіндік ерекшеліктері бар.
Ағынтай батыр – Айыртау ауданы, Арықбалық округіндегі ауыл. Иманбұрлық
өзенінің сол жағасында орналасқан. 2002 жылға дейін ауыл Златогорка аталып,
кейін атақты Ағынтай батырдың құрметіне Ағынтай батыр ауылы атанған.
Ағынтай батыр Орбұлақ шайқасында Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп
берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болған. Аңыздарда Ағынтай
батырдың орасан зор қара күш иесі екенідігі де айтылады. Жұдырығы тигенді
сау қалдырмағандықтан халық жұдырығы қатты адамды Ағынтай жұдырық деп
атаған. Дүниеден өткен соң Ағынтайды Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау
ауданы, Құлшынбай төбесіне жерлеген.
Айымжан – Жамбыл ауданындағы ауыл. Айымжан көлі жағағсында орналасқан.
Аңыз бойынша ауылда Айымжан атты ақылды, көрікті, ауылдың ардақты қызы
болған екен. Әйгілі әнші-композитор Біржан сал Қожағұлұлының ағасы – Нұржан
мен Айымжан сұлу бірін-бірі ұнатады. Бірақ Нұржанның әкесі Қожағұл екі
жастың үйленіп, үй болуына қарсы тұрады. Айымжанның ата-анасы жат
жерліктермен ұрыста қолға түскен тұтқын

15
еді. Бір күні Айымжанды түн жарымында біреулер ұрлап, алып қашады. Қыз
жолда олардан қашып шығып, көл жағасындағы қалың қамысқа тығылады. Алып
қашқандар қызды түні бойы іздейді. Сазды, көгалды жердегі томар,
төмпешіктен мүк жинап жүрген адамдар бір аптадан соң ғана айымданның өлі
денесін қалың қамыс арасындағы судан тауып алады. Кейін бұл жерде үлкен көл
пайда болып, ел оның атын Айымжан сұлудың атымен атап кетеді.
Аққайың ауданы – облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орнласқан әкімшілік
бөлік. 1928 жылы Кедей атты кент орталығы бар № 1 -10 ауыл кеңестері
құрамында Бейнетқор ауданы атауымен құрылды. 1940 жылы Бейнетқор ауданы
Совет ауданы болып өзгертілді. 1941 жылы Совет ауданының орталығы Смирнов
селосына көшірілді, кейіннен 1973 жылы кент деп өзгертілді. 1999 жылы
наурыздың жиырма төрті Совет ауданы Аққайың ауданы атанды.
Ақтау – ежелгі темір ғасырындағы қаланың орны. Новопавлов сеосынан
солтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан. Алғаш рет СҚО-ның
археологиялық барлау экспедициясы Б.Зданович отряды 1966 жылы тауып,
зерттеді. Тұрақты археологиялық зерттеулер 1978-80 жылдары
М.К.Кабдуллинаның бастауымен жүргізілді.
Асанов – Қызылжар ауданындағы ауыл. Негізі 1894 жылы теміржол
станциясы ретінде Транссібір теміржол магистралінде қаланған.
Қоныстанушылар Одесса облысынан жер аударылғандар, негізінен немістер. Өз
атауын Одессада тұрған казак есаулы Асановтың атынан алған.
Баян – Жамбыл ауданындағы ауыл. 1929 жылы Мықтыбай, Бажы, Балта,
Байсал, Шалабай, Кент, Дүйсе ауылдары Қосшы одағына, кейіннен Баян
ұжымдарына бірікті. Ауыл VII-VIII ғасырларда өмір сүрген Қантай руы басшысы
бәйбішесінің атымен аталған. Қыстау Маса көлі жағасында орналасқан.
Долматов – Қызылжар ауданына қарайтын ауыл. Бескөл ауылынан
солтүстікке қарай 300 км жерде, Есіл өзенінің оң жағасында, Түмен облысы

16
(Ресей) шектескен тұста орналасқан. Іргесі 1758 жылы Волгин селосы ретінде
қаланған. Ертеректе Лумский ауылы арқылы (қазір ол жоқ) Сібірге Ресей мен
Қазақстаннан сауда мен пошта жолдары өткен. 1938-96 жылдары Ленин жолы
астық ұжымшарының орталығы болған. Ұжымшар негізінде Доматов ұжымдық
кәсіпорны құрылды.
Жәкей ауылы – Мағжан Жұмабаев ауданындағы ежелгі жұрт, жер аты.
Вольный экономикалық қоғамының корреспондент мүшесі, Қазақстанның солтүстік
уездеріне жасалған экспедиция басшысы В.Кузнецовтың тарихи-ғылыми
еңбектерінде аталып өткен жер атауы. Оның 1908 жылғы Киргизское хозяйство
еңбегінде (ІІІ том, Петропавл уъезі) Полудин болысында 600 жылға жуық бойы
келе жатқан байырғы қазақ мекендерінің бірі ретінде № 9 Жәкей Оразбаев
ауылы аталып өтілген. Жәкей аулының ескі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
Қарқаралы өңірі топонимдері
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Түркі тілдерінен енген сөздер
Кірме сөздер
Пәндер