Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Жоспар
Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:
І. Экономикалық өсу және оның түрлері
1.1. Экономикалық өсу және оның типтері, көрсеткіштері,
факторлары ... ... ... ..5
1.2. Экономикалық өсудің тепе-теңдік теориялары және экономикалық
цикл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
2.1. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу проблемалары және оларды
шешудегі алға қойған
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстан Республикасының
алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .32
Қосымшалар
Кіріспе.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Еліміз
өркендеудің жаңа биіктеріне құлаш ұруды, бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына қосылуды және Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуді алға мақсат етіп
қойды.
Ол үшін экономиканың өсуін ұлғайту қажет екендігін атап айтты.
Болашақта экономикалық өсу қарқыны жылына 8,8 – 9,2 пайызға ұлғайтуды
қамтамасыз етумен қатар, ІЖӨ ( ішкі жалпы өнім) көлемі 2015 жылы 3,5 еседей
өсуі күтілетіндігін атап көрсетті. Сондықтан да қарастырып отырған тақырып
өте өзекті деп санаймыз.
Берілген курстық жұмыстың ең басты мақсаттары экономикалық өсу
түсінігінің мәнін ашу, еліміздің экономикалық өсуін анықтау болып табылады.
Осы мақсаттарға байланысты көптеген міндеттер туындайды. Оларды атап өтетін
болсақ:
І) экономикалық өсу және оның типтері, көрсеткіштері, факторларын анықтау.
ІІ) экономикалық өсу теориялары және экономикалық өсудің қазіргі типтері
мен ерекшеліктерін зерттеу.
ІІІ) экономикалық өсудің тепе – теңдік теорияларын түсіну.
ІV) экономикалық өсу мен құрылымдық өзгерістер саясатына анықтама беру.
V) Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу проблемалары мен оларды
шешудегі алға қойған мақсаттарын анықтау.
Экономикалық өсуді көптеген ғалымдар зерттеді. Осы зерттеу
жұмыстарының нәтижелерін өз еңбектерінде жарыққа шығарды. Олардың қатарына
Бимендиева, Шеденов, Байжомартов, Әубәкіров және т.б. жатқызуға болады. Бұл
ғалымдар өз еңбектері арқылы экономикалық өсуіне түсініктеме берді. Олардың
мән – мағынасын ашты. Экономиканың өсуі, циклдері, факторлары, типтері
жайлы жазды.
Берілген курстық жұмыс құрылымы бойынша екі тараудан тұрады.
Қысқаша тоқтала кететін болсақ: бірінші тарау үш бөлімнен тұрады. Бұл
тарауда экономиканың өсу түрлерін, типтерін, көрсеткіштерін, факторларын
қарастырып, оларға толықтай түсініктеме береміз.
Екінші тарау екі бөлімнен тұрады. Бұл тарауда Қазақстан
Республикасының экономикалық өсуі жайлы, Дүниежүзілік экономикалық
байланыстағы Қазақстан Республикасының алатын орнын қарастырамыз.
Қазіргі кезде еліміз өнеркәсіптің дамуы мен пайдалы қазбалардың
мол қорының арқасында біршама экономикалық өсті. Осы экономикалық
өсуіміздің арқасында 50 елдің қатарына қосылу жолдарын қарастырып, бұл
мәселені еліміз болашақтағы ең маңызды алға қойған мақсат етіп ұстануда.
І.Экономикалық өсу және оның түрлері.
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері, көрсеткіштері және факторлары.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік – экономикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Әлеуметтік – экономикалық прогресті
сипаттайтын ерекше көрсеткіш түрлері бар. Олар: статистикалық, динамикалық,
сандық және сапалық.
Динамикалық көрсеткіштерге экономикалық өсудің қарқыны жатады.
Бұл жалпы ұлттық өнімнің мөлшеріне сай оның өсімімен ( процент)
белгіленеді.
Экономикалық өсудің сандық көрсеткіштері – халықтың тұрмыс
дәрежесінің деңгейі. Бұл халық басына шаққандағы тұтынылған игіліктердің (
тауар мен қызмет) саны.
Сапа көрсеткіштері – өмірдің сапасы . Бұл адамдардың қоғам,
табиғат және өзара үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайтын әлеуметтік,
мәдени және моральдық қорларын қамтитын өте кең ұғым. Бұл ұғымның денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру тәрізді өзіндік көрсеткіштері
бар.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты экономикалық өсу де бірнеше
типке бөлінеді. (1- қосымша 1 – кесте).
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемен тәуелсіз мемлекет
ретінде дүниежүзінің 200-ден астам елдері мойындады.
Табиғи ресурстары бай және экономикалық қуаты күшті Қазақстан шетел
капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Бүгінгі таңда
еліміз 155 мемлекетпен сыртқы сауда әрекеттерін жүргізуде. Қазақстан 800 –
ден астам мемлекетаралық келісімшарттар мен келісімдерге қатысады, және 70
т- тен астам мемлекеттермен елшілік деңгейіндегі дипломатиялық қатынастар
жасайды. Қазақстан аумағында шетелдік инвестицияның қатысуымен құрылған
5000 – ға жуық кәсіпорындар тіркелген. Соңғы 3 жылда инвестицияның келуі
біршама өсіп 482 млн –ға жуық долларды құрады.
Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ,Германия;Ұлыбритания,Франция,
Жапония;Оңтүстік Корея және т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды
дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе –
Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта
Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз.
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен экономикалық қатынастар басым
бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның
экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделікті
байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен
және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас
жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан
астам елдермен сауда – саттық қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын
бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін
шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің
бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған
тауармен толтыруды мақсат етеді.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен
түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы
және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарына тұрады. Жыл
сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті
типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды
екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе
ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге
жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге
болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі
арақатынаста немесе бірін – бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.
Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының
негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы
қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі,
ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге
асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып
табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық
механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымының қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті
типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туақоймайды. Экономиканың
жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай
уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай
кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық
айналымына жекелеген, қомайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен
жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар
құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның
тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және
экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі
одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға
байланысты:
1. табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
2. еңбек ресурстарының саны мен сапасынан;
1. капитал ресурстарына;
1. қолда бар технологияға;
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз - өндірістің нақты
көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар мен
процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің жанама және тікелей
факторларға бөлінеді. ( 1 – қосымша 2-кесте).
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік
экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт
бағдарын өзгертуге тырысады. Эстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы
қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек
техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт – бағдар жасау: оларға
–материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші:
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс
(ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
( алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы
реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да – 200 млн. теңге болған,
онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн.теңге, ал салыстырмалы тұрғыда –5 %
құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу
қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ - нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы
нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол
айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ - ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде
көрсетеді). Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – ұлттық өнімнің сан жағынан
өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілді. Экономикалық өсудің өлшеу
тәсілдері: 1)нақты ЖҰӨ - ң өсуі; 2) ЖҰӨ -ң бір адамға шаққандағы өсуі;
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу
сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни
экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің
әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап,
алдағы уақытқа болжау құрды.
Өсу формуласының негізінде Кейнстің мультипликатор теориясы
жатыр. Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – бұл дайын өнім
сұранымының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффиценті. Мультифликатор
ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931 – ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М.
Кейнс өзінің Еңбекпен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы (1936)
кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон,
Н.Калдор және басқалары өз еңбектерінде қарастырды.
Мультипликатор – бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі
ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн долл. Тең дедік. Орташа табыс
жылына 1000 долл. Болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ
жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және
оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек ( сол бұрынғы жылдық табыс
бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың
(жұмыстылықтың) өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі
кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келіп, 800 адамды қосымша жұмысқа
тартады.
Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау
нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15
млн. долл табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл
жағдайда мультипликатор 3- ке тең.
Акселератордың іс - әрекеті мультипликатормен байланысты:
мультипликатор инвестицияның кюбеюімен ұлттық табыстың өсуін ( оның өсуі
еселенеді) қарастырады; акселератор ( дайын өнім сұранымының өсушілігіне
инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффиценті) – ұлттық табыстың өсуі
инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа
алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс - әрекет жасайтын
мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет
1913 – ші жылы француз экономисі А.Афтальон (1874 – 1956) және 1919 жылы
американ экономисі Дж.М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р.Харрод, Дж.Хикс,
П.Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж.
Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы
деңгейдегі табыс – орташа тұтынуға бейімділік - арасындағы тәуелділік.
Орташа тұтынуға бейімділікті (АРС - арқылы белгіленеді) экономикалық
ғылымда психологиялық фактор ретінде түсіндіреді. Себебі адамның тұтыну
тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз –
ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү),
яғни АРС = ___тұтыну____ немесе-------
Табыс
және шектеулі тұтынуға бейімділік (МРС) дегеніміз кез – келген тұтынудағы
өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының көрсетілуі , яғни
МРС = __тұтынудағы өзгеру = ДС
табыстағы өзгеру ДҮ
Бұдан басқа да, Дж Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі
табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті ендірді – орташа жинақтауға
бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.Жинақтауға бейімділікті
бірден – бір психологиялық фактор ретінде түсінеміз. Ол адамның ниетін
сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (АРС) ұлттық табыстың
жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен анықталады,
яғни
АРС = __жинақтау = S
Табыс Ү
Шектеулі жинақтауға бейімділік (МРS) жинақтаудағы кез – келген өзгерудің
сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни
МРС = ___жинақтаудағы өзгеру = S
жинақтаудағы табыс Ү
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал
жасады.
Қазіргі Батыстық неокллассикалық экономикалық мектебінің өкілдері
экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ,
көп факторлы Кобба – Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынандай:
Q = dQ xL + dQ + dQ x S
dL dK dS
мұндағы Q - өнім: K – капитал:
L – еңбек: S – жер
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның
әлеуметтік – экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы
критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық
прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы
қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар
өнідірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды
қалыптастырады – сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның
қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі.
Кез – келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын
тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың
тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани
игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе
осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның
өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес,
сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі,
материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми – техникалық
жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол
жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың
нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.
Оның артта қалуы ХХ – шы ғасырдың 50 –ші жылдары басталған ғылыми –
техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. ҒТР
жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады. ҒТР – ның
қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып ( 70-80 жылдар
басталды), ол мынаны байқатады:
4. еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай – ақ
машинасыз технологияны қолдану өнімді машинаны қолданбай ақ дайындау (
мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды –
сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері);
4. ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу
арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді
тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ыластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші
орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің
прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес
салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және
қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу
жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне
айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика
қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономика өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар,
экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің
көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша
мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және
ол әрбір адамның жігер – қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық
мүддделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізг
қайнар көзі – экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған
тұтыныстарды дөп көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі
инвестиция (күрделі қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі
табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық
шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік
қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал
жасады.Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып
табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз.
Сондай – ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік –
экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.
1.2.Экономикалық өсудің тепе – теңдік теориялары және экономикалық цикл.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының
төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты
тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы
экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның
экономикалық динамикасы тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық
экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық
өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде экономикалық
тепе – теңдікті қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін
тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде
де тепе – теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және
айналысуда. Себебі ол бірін –бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады:
экономикалық тепе – теңдік және экономикалық динамика. Тепе – теңдік
динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық
моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді ( 1772 – 1823)
жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады ( олар
сондай ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа
тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек табыс – шығынға
тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда
күрделі:тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады – табыс толық
жұмсалмайды ( бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін
займ ( несие) есебінен жүзеге асырады).
Бірақ нақты өмірде Жан Батист Сәй моделінде көрсетілгендей,
сұраным ұсыным болып табылады, яғни баланстайды. Себебі сұраным жинақтау
мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық
ұсыным мен жиынтық ұсыным тепе- теңдігі жинақталған инвестиция теңдігін
талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде
экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға
айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе- теңдікті бұзады.
Экономикалық өсудің идеалды моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау
инвестицияға ( күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын
қарастырады: табыстар – сұраным, бірақ табыстар – жинақтау емес.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын ылғи да бір – бірімен
тең екендігін Дж Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен
инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде
қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік ( капиталды) тауарларға
бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты
сұраным немесе инвестициялық сұраным боп аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден – бір ең
маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл моделдің бірден – бір
міндеті экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж.Кейнс мынаны көрсетті: тепе
– теңдік жағдайына жету ( жиынтық сұраным – жиынтық ұсыным) инфляция,
жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма –сай келеді.
Жиынтық сұраным - тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын
модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға
деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным – кез – келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі
байқалатын модель.
Басқаша айтар болсақ, тепе – теңдік жағдайы ресурстарды толық
қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынандай жағдайлар кездеседі: егер
өндіріс деңгейі ресурстарды толық қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ тепе – теңдігін
құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса,
онда ЖҰӨ тепе – теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни
өндіріс ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып
барады.
Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе
– теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным
ұсынымнан тұрақты түрде артып оытарды. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі
ресурстар толық қолданылып біткен.Ал сұранымының шексіз артық болуы
инфляцияға ұрындырады.
Сөйтіп, нарықтық экономика екі оттың арасында қалады –
жұмыссыздық пен инфляция ортасында. Алайда, жұмыссыздық пен инфляция
арасында тұрақты кері тәуелділік қалыптасады. Қисықтың бұлай аталуы осының
авторы Жаңа Зеландия экономисінің есімімен байланысты. Енді ғана
жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік туді және
кері құбылыста бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын талап
етеді.
Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық
экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының
ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.
Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары экономмикалық
толқулар немесе экономикалық цикл деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және оның
төрт фазасы ауысады. Олар дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. ( 2- қосымша 3-
кесте).
Дағдарыстың сипаттамасы.
1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен
кәсіпорындар бакротқа ұшырайды.
2.жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
3.бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
4.ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлемесі өседі.
Тоқырау фазасының сипаттамасы.
1.Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
2. жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
3. ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің
салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы.
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізг капиталдарын жаңартып,
өндірісті ұлғайтуға кірседі. Өндірілген тауарлар мен сапасы жағынан
өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежег жетед.
1. инвестициялар өседі.
1. бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
1. жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
1. ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлемесі өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы.
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
1. жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
1. тауарлардың бағасы өседі
1. қарыз капиталының ұсынысы өседі.
1. несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам
басады.
Алғашқы дағдарыс 1852 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж.
1841 ж. 1847жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылы
дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін
ол 1873, 1882, 1990 жылдарда қайталанады.
Ұлы тоқырау атын алған ең жойқын дағдарыстың сипаты 1929-1933
жылдарда болған еді. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және
ішкі түрлерге бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге
тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да
саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын
ашу ғылыми – техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін
таңбалардың пайда болуы т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар:
капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі тұтынудағы, өндіріс көлемінің,
жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы
өзгерістер. Мемлекет дағдарыстарға қарсы әртүрлі құралдар қолданады. ( 2-
қосымша 4- кесте).
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың
ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен
экономистер байқаған, сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші
экономистердің бірде – бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың
еңбектерінен циклдық дамуының байланыстылығы, экономикалық процестерге
әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі
пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады.Нарық
жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда
қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
1. К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану
себептерін тұрақты капиталдың оқтын – оқтын жаппай жаңаруымен
қарастырған.
1. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша: цикл фазасының алмасуы күрделі
қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшеріне
дейін түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда
мөлшері мен пайыз мөлшері төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға
қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz