Экономикалық өсудің факторлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТИПТЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің типтері және оларды қамтамасыз ету жолдары..5
1.2 Экономикалық өсудің
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ КЕЙНСТІК ҮЛГІСІ
2.1 Экономикалық өсудің Кейнстік үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
МӘСЕЛЕСІ
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу
жағдайы ... ... ... ... ... 14
3.2 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі.16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

КІРІСПЕ.
Экономикалық өсудің қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне тән жалпы
белгілері бар.Әрқашанда сол кезеңдегі өндірістің факторлары мен өндіріс
нәтижелерінің сапалық сипаттамаларына сәйкес келетін, нақты тарихи
формаларда көрінеді. Қазіргі кезең экономикалық өсудің өткен дәуірдің
бәрінен, принципті тұрғыдан өзгеше өтуімен сипатталады. Бұл өтудің негізі -
біздің көз алдымызда өрістеп, тереңдеп отырған ғылыми-техникалық өрлеу
болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысы бұл – ғылым мен техниканың қауырт өрлеуінің
дәуірі. Ғылыми- техникалық өрлеудің өндірістік , экономикалық, әскери,
әлеуметтік, құқықтық-психологиялық проблемалары – мамандардың аз ғана
тобының талқылау объектісі болудан әлдеқашан қалды. Ғылым мен техникадағы
жаңалықтар, мейлі ол жоғары температуралық барынша өткізгіштік әсер болсын,
немесе бесінші ұрпақтағы супер электронды есептеу машинасы болсын, немесе
хайуанаттар мен өсімдіктердің гендік инженерияның дамуы арқасында алынған
жаңа түрлері болсын, бұлардың барлығы қазіргі жұртты ішкі және халықаралық
өмірдің ең көкейкесті мәселелерінен кем ойландырмайды. Бір сөзбен айтқанда,
әңгіме өндірістің технологиялық әдістерінің ұзақ тарихында бұрын-сонды
естімеген революциялық төңкеріс болып отыр. Болып жатқан өзгерістердің
терең мәні мен сипатын түсіну үшін, өндірістің әр түрлі технологиялық
әдістерін талдау тарихына тоқтау қажет.
Осы дәуірде дүниежүзілік шаруашылықтың ерекшеліктерінің жедел әрі
қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы
екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын
терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдауынан,
ұлттық экономикаларының мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтың
халықаралық құрылымдардың жақындатылып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып,
дами бастағанынан көрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар – бәсекелі
қайшылықты диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық
экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген, халықаралық,
нарықтық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т.б. аспектілері бойынша
біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдіс-
амалдарынан өзгеше екені мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген
сыртқы. Экономикалық қатынастарға деген көз қарасымыз, нарықтық заңдарына
сәйкес құрылған экономикалық жүйелер де, өзінің шарсыздығын, кейде зиянды
екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті,
бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға
кетіреді.Сондықтан да, біз ХЭҚ мақсаттары мен міндеттерін оның құрылымын
және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі
тенденциялары мен өзгешеліктерін қарастырамыз. [1]

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН
ТИПТЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің типтері және оларды қамтамасыз ету
жолдары
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның
әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді.Мұндай прогрестің жалпы
критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа
сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен
тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып
табылады.Тұтыныстар өндіріcті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі
жаңа тұтыныстарды қалыптастырады. Сөйтіп, осылай қайталана береді. Бұл
қайшылық – оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының
табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар.
Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады.
Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани
игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе
осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның
өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес,
сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі
материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық
жетістіктердің негізінде , еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол
жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың
нәтижесінде ғана жүзеге асады.[2]
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол
мынамен байланыстырылады- оның артта қалуы ХХ ғасырдың 50-жылдары басталған
ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық
жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау
негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып
( 70-80 жылдары басталды ) , мынаны байқатады.
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану , яғни
работотехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ
машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау
(мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз плазмалық, электронды-
сәулелік, радиациялық,биологиялық және басқа технология түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өндеу
арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және шлам тоғандарына
қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді:бірінші
орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті
құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының
артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді
жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа
сапалық дәрежеге көтеріледі. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы
аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына,
экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді. Экономика өсуінің қайнар көзі
– экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады.
Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі
уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Рыноктық экономиканың негізін
жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы маиып,
олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің
сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі-экономикалық саясат және ол
қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды деп көрсетеді. Экономикалық дамудың
ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы
көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын
дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция
әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал
жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып
табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегінде айта аламыз.
Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық
прогрестің басты критериі болмақ. [3]

1.2. Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік мәселелерді шешуге
бағытталады.Сондықтан экономикалық теория экономикалық өсу категориясына
теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі,бұл жыл
сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан
тұрады.Өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан.Жыл сайынғы қоғамдық өнім
көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе
ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге
арттыру үшін жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс
күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі ара қатынаста
немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.Қазіргі жағдайда,ҒТР
жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған
елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты.Ол техникалық
жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету,қаржы
қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы
мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде.Экономиканың
өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын
құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі түрінде
ұлғаймалы.Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы
табыстың өсуі- бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің
көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. [4]
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі немесе адам басына
шаққандағы тұтынудың өсуі.
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы
құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі
және т.б.) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге
ауысуына негіз болады.
Неокейнстік
Неоклассикалық
Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады?
Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне
әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы
мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады
және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс
шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі төрт фактордан тәуелді. Олар
-табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
-еңбек ресурстарының сапасы мен саны
-негізгі капитал қорының көлемі
-технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторы ұсыныс факторлары деп
айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және
технологиялық әлует бірігіп нақты өнім ететін соңғы екі факторды
қарастырсақ, олар:
1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлеуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген
өнімді дер кезінде сату да маңызды. Экономикалық өсуіне әсер ететін сұраныс
және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі
(Кейнстік кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде
қарастырылады.Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың
деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің
көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы
(құбылысы; жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға
болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық
теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Экономикада нақты пайданың өсуі экономикалық өсу деп түсіндіріледі
және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан
жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол
экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиясымен және өндіріс
факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің
көбеюі нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің
экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының
салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға
байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбінесе экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге – технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуінде тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады:
экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды
спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.[5]

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ КЕЙНСТІК ҮЛГІСІ
2.1 Экономикалық өсудің Кейнстік үлгісі
Экономикалық өсудің негізгі үлгілерін қарастырайық.
Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі
график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында
пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ
экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір
мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндірістік факторлардың өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына,
еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін,
керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте
келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса
отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-
теңдігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е.Домар үлгісі болып табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан
шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді.Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К\Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып
келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол – капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып
табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
(1)
m-шығын мультипликаторы
b-тұтынуға шекті бейімділік
S-қор жинағына шекті бейімділік
=жиынтық ұсыныстың өсуі (2)
-капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз
етіледі, осыдан (3). Сондықтан, Е.Домардың теориясына сай,
экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар
өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне
және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе - капиталдың
қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс
бірдей қарқында өседі.
Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф.Харрод
(1939ж.)экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал салымының
өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорционалды:
(4)
мұндағы v- акселератор. [6]
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар
өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса,
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.
(5)
Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады:
v (6)
Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а=1.
Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезеңде өндірістің өсу
қарқынын өзгерусіз қалдырады:
(7)
Харрод s\v-s формуласын кепілдік өсу қарқыны деп атайды. Оны қолдай
отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс
ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай
экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамасыз етеді,
бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод табиғи өсу қарқынын енгізеді. Бұл
ең жоғары өсу қарқыны болып табылады.Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен
капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі
мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы
уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстің мультипликатор теориясы жатыр.
Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор – бұл дайын өнім
сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті.
Мультипликатор ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931 жылы ендірген, кейінірек
Дж. М. Кейнс өзінің Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы
(1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс,
П.Самуэльсон, Н.Калдор және басқалар, өз еңбектеріне қарастырған.
Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың
қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. Долларға тең делік және
орташа табыс жылына 1000 доллар болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа
тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар
қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы
жылдық табыс бойынша) болады. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі
тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі.
Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800
адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек, инвистициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау
нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15млн.
Доллар табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда
мультипликатор 3 – ке тең.
Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Экономикалық қарқынның факторлары
Бименгиева Экономикалық теория
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Экономикалық өсу және оның түрлері.
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Экономикалық өсу жайында
Пәндер