Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
І-тарау. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу ... ... ... . 5
1.2. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу 6
себептері ... ... ... ... ... ... . .
1.3. Үлгермейтін оқушылардың өзіндік 12
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ – тарау. Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың
іс-әрекеті.

2.1. Педагогикалық баға және оның үлгермейтін оқушы
тұлғасының қалыптасуына 14
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Үлгермеушілікті болдырмау 17
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Қосымша 23
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам
дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы
да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кеңістік дәуірде туып-өскен адамдардың
түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік
емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да
қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер
даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасының табалдырығын жаңа
ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға
ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының
орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім
жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам,
тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап
қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар
оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке
көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең
алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп
жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір
тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының
жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша
көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында айқын көрсеткен: Білім беру жүйесінің басты мақсаты
– ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның
қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау.
Көптеген мектептерде мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен қатар
жаңа пәндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретін және тәрбиелік
бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру
бағдарламаларының игеріліп өз нәтижесін беріп жатқандығы кеңінен мәлім.
Мұның барлығы шәкірттермен жұмыс істейтін әр типтегі барлық білім беру
мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие саласын жетілдіруде
бағытталған.
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық
педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту,
оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп
жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында
білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып:
бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының
белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру
негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім
беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы
білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның
қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әректенің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол
алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен
жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге
қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік
көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық
белсенді әрекеті.
Ғалым-педагог Л.В.Занков: Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын
қамтамасыз етуі қажет, - дейді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады – деп тұжырымдайды.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық
белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып
жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды
қажет етеді.
Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. Таным – ойдың
білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай
ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Адам танымы байқаудан нақты
аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория
практикада қолдануға қарай жүріп отырады.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар
күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы
және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушыладың білім алуды ілгері
қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала
білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар
кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол- педагогикалық міндет талаптармен
оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазірі
деңгейі арасындағы қайшылық.

І-тарау. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу.
Үлгермеушілікті болдырмау мәселесі бойынша көптеген әдебиеттерді
шетелдердегідей біздің елімізде де кездестіруге болады. Ол әдебиеттерде
нақты дәлелдемелерді қажет етпейтін бағалы тәжірибелік жалпы пікірлер
жинқталған.
Мектеп оқушыларының сабақтағы үлгермеушілігі олардың жеке дара
ерекшеліктеріне және даму жағдайларына байланысты болып келеді.
Осы мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы балаларды мектепте оқыту және
тәрбилеу.
Үлгермеушілікті зерттеу адам, тұлға, индивид туралы барлық ғылымдардағы
әлеуметтік мәселелермен байланысты болып келеді.
Үлгермеушілік тек педагогика ғылымымен ғана шектелмейді, басқа да
ғылымдармен зерттелу үстінде. Мысалы, дидактиканың басты міндеті – білім
мазмұны және мақсаттарына байланысты үлгермеушіліктің пайда болу себептерін
анықтау.
П.П.Блонский өзiнiң Қиын оқушылар атты еңбегiнде үлгермейтiн
оқушылардың типтерiн физикалық және психикалық даму ерекшелiктерiне
байланысты бөлiп қарастырған. Блонский оқушылардың үлгермеушiлiгiнде
физикалық әлсiздiктi бiрiншi орынға қойған едi.
Үлгермейтiн оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал
Л.С.Славинаның Үлгермейтiн және тәртiпсiз оқушыларға жеке ықпал ету
кiтабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтiн оқушылардың топтары,
үлгермеушiлiктiң негiзгi себебi анықталған.
Л.С.Славина үлермейтiн оқушылардың бес тобын көрсеткен.
1. Оқушыларды оқуға деген ықыласының болмауы.
2. Материалды қиындықпен игеретiн оқушылар.
3. Оқу процесiнiң дағдылары мен түрлерi қалыптаспаған оқушылар.
4. Еңбек ете алмайтын оқушылар
5. Танымға, оқуға деген ынталары жоқ оқушылар.
Б.Г.Ананьевпен психология ғылымында педагогикалық процестегі бағаның
ролі көп жақты зерттелді. Автор сан алуан әртүрлі мативтердің ішінен
оқушылардың оқу қызметінде олардың білім игерудегі мұғалімнің баға беруі
үлкен әсер етеді,- деп атап көрсеткен. Өзінің қызметінде жетістікке жету
мотиві мен өзіне талап қоя білу деңгейлері тығыз байланысты, осы арқылы ол
үлкен нәтижеге жетуін қажет ететінін психологиялық зерттеу көрсеткен.
В.С.Мерлин (1959) Жеке тұлға психологиясының очеркі еңбегінде былай
деген: Адам өзінің қоғамындағы қоршағандардан мақұлдауды қажет етеді.
Бірақ, ол әр адамда әртүрлі болып келеді. Кейбір оқушыға, мына жұмысты
жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде
бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екенi анықталады.
Л.И.Божович (1951) және П.Р.Чамата (1960) басшылығымен төменгі сынып
оқушыларының өзін-өзі бағалауы зерттелген.
Бұл зерттеуде төменгі сынып оқушыларының қабілеті оқу-тәрбие процесінің
жұмысында мұғалімнің басшылығымен оқу қызметінің қорытындылары және өзінің
тәртібін бағалау көрсетілген.

1.2. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.

Мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп,
оқушының эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі
кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-
психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші
сыныптағыларға бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей, онтогенез процесінде
балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың
болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбінесе психологиялық
дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.
Үлгермеушілік – оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу
бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы.
Үлгермеушілік – одан әрі оқытуға кедергі болады, бір сыныпта екі жыл оқуға
апарып соғады.
Білімнің мазмұнына білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес (бұлардың
игерілу деңгейін балдық шкала бойынша біршама дәл бағалауға болады),
сонымен қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі мен
тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан, үлгермеушілікті
қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге болмайды. Үлгермеушілік оқушылардың
жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым
кең көлемді құбылыс.
Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың
қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.
Артта қалушылықтың кейбір ортақ белгілерін саралауға болады (бұл белгілер
дидактикада оқу пәндері типтері бойынша топтастырылған).
Мұндай диагностика үшін сауалнама жүргізудің, оқушылардың сабақтағы
жұмысы мен эмоциялық реакцияларын бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады.
Кейін қалушылық байқалғанда, мұғалім оқушыға жеке консультациялар беріп,
топтармен қосымша сабақтар өткізіп, жақсы оқитындардың жәрдемін
ұйымдастырып көмектесе алады. Мұндай көмекпен қатар, мұғалім кейін
қалушылыққа себеп болған жағдайларға талдау жасайды. Алайда, мұндай
жағдайлар оқушы тап болатындай қиыншылықтарға педагог тарапынан жете назар
аударылмауының салдарынан да болуы мүмкін. Көптеген оқушылардың артта
қалушылығы саралап оқытудағы кемшіліктерден, оқушылардың мүмкіндіктері мен
мүдделерінің жете ескерілмеуінен, бағдарламалардың мазмұнының көлемі мен
күрделілігінің оны игеруге бөлінетін уақытқа сәйкес болмауынан туындайды.
Мұғалімнің жұмысында бұған себеп болатын жағдайлар оқыту әдістемесінің
босаңдығына, оқытуда қолданылатын ұйымдастыру нысандарының
бірсарындылығына, оқушылардың шығармашылық күштері мен танымдық мүдделерін
дамытуға көңіл бөлінбеуіне, сондай-ақ педагогтің білігінің жетімсіздігіне,
кейбір жағымсыз қасиеттеріне байланысты болады. Үлгермеушілікті оқышыларды
зерделеу, олардың қызметіне талдау жасау, үлгермейтін оқушылар типологиясын
саралау негізінде жеңуге болады.
Бұған арналған педагогикалық әдебиетте үлгермеушіліктің себептерін
талдауға және жіктеуге барынша назар аударылған. Үлгермеушілікті жою үшін
жекелеп оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке кезеңдерге бөлу,
сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар қолданылады.
Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушыларды келесі
сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады.
Зерттеулер мектептегі үлгермеушілік себептерінің үш тобын анықтады:
Әлеуметтік-экономикалық - отбасының материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-аналардың
педагогикалық жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі. Балаларға жалпы қоғамның
жағдайы, бірақ көбінесе отбасы жағдайы үлкен әсер етеді.
Биопсихологиялық – бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер, мінез-
құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие және отбасы
жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары жақсы болып туған
сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері бірдей.
Педагогикалық – мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде педагогикалық
орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалімнің кәсіби
әрекеті, баланың дамуында жетекші фактор.
Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты үлгермеушілік
себептерін атап өтуге болады:
• қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін,
барлығына бірдей білім мазмұны;
• оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-
күйді ескермеу;
• оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді
бақылаудың болмауы.
Тұрақты түрде жоғары үлгерімдегі оқушылар арасында психологиялық
зерттеу жүргізу нәтижесінде, бұл балалардың өздерінің жеке ерекшеліктері
бар екені байқалады. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына
кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған
білімдерін жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде
өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы
бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған
ортаның мақтауының нәтижесінде өзі-өзін асыра, жоғары бағалау да кездеседі.
Мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы
жағымды факторлардан бәрі бірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді
қамтамасыз етеді.
Тұрақты түрде үлгерімі төмен оқушыларды зерттей отырып басқаша
мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі
байқалды. Олар таным компонеттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне
байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді.
Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі
қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.
Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің
себептерін анықтау қажет.
Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне
байланысты. Оның негізгі компонеттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен
болуының басты себебі болып табылады.
Компонеттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына
байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: Педагогикалық жағынан назардан
тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда
әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет
етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін
қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі
дидактикалық және рольдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балалардың
сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару
керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықсыз
есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу
жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.
Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл
сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық
аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне
алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-
педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез
көнгіш болып келеді.
Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін
белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге
бағытталуы керек.
Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын
дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интеллекті балалар өз
ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға (ән айту, спортпен
шұғылдану, сурет салу т.б.) арналған.
Көптеген психологтар мен оқытушылар оқу үрдісінде (проблемалық қиын
ситуациялар құру) танымдық процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз
деген шешім шығарды, сонымен қатар арнайы жаттығулар, тренингтер, ойын
сабақтарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау процестерін, қиялдау, сете
сақтау сияқты таным тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлген.
Осы жұмыс процесінде бағыт бойынша кейбір жаңа тәжірибелер жинақталып,
көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай тренингтің
тиімділігін айқындайды.
Оқушылардың таным процестерінің қалыптасуында түрлі жағдайлар
кездеседі. Балалардың кейбірі ойын кезінде, бір-бірімен қатынас кезінде
ақылды және аса тапқыр келеді де, ал сабақта, практикалық жұмыста, үй
тапсырмасын орындауда оқу-танымдық іс-әрекетіне өте шорқақ болып шығады.
Мұндай балалардың психологиялық диагностикасын мұқият қараған кезде таным
процесінің құрылымында ешқандай ақау байқалмайды, бірақ оқу-таным
әрекетінде толық қызығушылығына эмоционалды жеке бастық коммуникативті
қиындықтар кедергі келтіретіні байқалады.
Олар сабақ кезінде ғана емес, таным процесіндегі ойын, тренинг кезінде
өзін көрсетуіне және әрі қарай дамуына кедергі келтіреді, мұндай балалар
сөйлемегенді, мүмкіндігінше үндемей құтылғанды жөн көреді, жиі ойын
тапсырмаларынан бас тартып, өздерін пассивті түрде көрсетеді.
Бұл жағдайда бала өзіне деген сенімділікті қалыптасыру керек.
Бұл үшін, ең алдымен, таным процестеріндегі болатын барлық эмоциональды
және жеке бастық коммуникативті кедергілерді болдырмау қажет, екіншіден,
максимум қабілеттерін пайдаланып, танымдық процестердің қызметіндегі толық
және эмоциональды қауіпсіз нәтижелерді қамтамасыз ету керек. Осы кезде
ғана бала түрлі болжамаларды еркін айтып, осыдан кейін өзімен жасты
оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп, өзін жеке адам ретінде көрсетеді.
Танымдылықты көрсетуге бағытталған жұмыстарды ойын формасында жүргізген
дұрыс. Қарапайым өмірдегі жеңіл материалдарды пайдаланып, балаларға
мәселені шешуге, түрлі есептің шешу жолдарын қарастыруға болатын
сәтсіздіктердің себептерін мойындауға, өзінің шешімін басқалардың жұмысымен
салыстыру арқылы үйретуге болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының жасы 6-7 –ден 9-10-ға дейінгі уақытты
қамтиды. Бұл кезеңде организмнің белсенді анатомиялық-физиологиялық дамуы
жүзеге асады. 6-7 жасқа қарай жүйке жүйесі үрдістерінің жылдамдғы артады,
қозу мен тежелуі теңеседі, дегенмен қозу үрдісі басымдау болады. Екінші
сигналдық жүйенің функционалдық маңызы жоғарылайды, сөйлеген сөздері
ересек адамдарға ұқсап жалпылама маңызда қалыптаса бстайды. Жалпы алғанда 7-
10 жасар балалардың жүйке жүйесі үрдістерінің негізгі ерекшеліктері кейбір
сипаттамаларына қарағанда ересек адамдарға жақындайды. Соған қарамастан
кейбір балаларда бұл ерекшеліктер әлі де тұрақсыз, сондықтан физиолгтар
бастауыш мектеп балаларының жүйке жүйесі типі туралы шартты түрде ғана
айтуға болады деп есептейді.
Бұл кезеңде дене мүшелерінде, организмде елеулі өзгерістер болады,
еңбекке шыдамдылықтары артады, анатомиялық-физиологиялық жетілуі дамиды.
Балалардың мектепке алғаш баруына байланысты олардың дамуының әлеуметтік
жағдайы өзгереді, оқу іс-әрекеті қалыптасады. Сол іс-әрекет негізінде
бастауыш мектеп балаларына психологиялық жаңа пайда болулар дамиды. Осы
тұрғыда Л.С.Выготский Оқу-ойлауды бала санасының ортасына қарай жылжытады
деп тұжырымдаған.
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б. ғылыми жұмыстарының арқасында бұл
жастағы балалардың таным мүмкіндіктерінің мол екендігі, оларды ойлаудың
теориялық формаларының негізін дамытуға болатындығы дәлелденген.
Белгілі американдық психолог Эриксонның тұжырымдамасына сәйкес, бұл кезеңде
әлеуметтік және психологиялық хабардарлық сияқты маңызды жеке қасиеттері
қалыптасады.
Кіші сынып балаларының өмірінде ерекше рөл атқаратын адам – алғашқы
мұғалімі, ал бұл кезеңнің аяғына қарай құрдастарының пікірі маңызды бола
бастайды.
Өйткені бала жолдастарының ортасында абыройлы болғысы келеді. Бастауыш
сынып оқушыларының өмірінде оқу іс-әрекетімен қоса ойын да маңызды орын
алады, әсіресе ережелі ойындар, драматизация ойындары.
Диагностикалық функциональдық дайындықты жүргізу үшін біздің және Шығыс
Европада Керн-Йерасек тесті қолданылады.
Психологиялық дайындықты анықтаудағы ең тиімді әдістерінің бірі
–Д.Б.Элькониннің Графикалық диктант диагностикасы. Баланың сабақтағы іс-
әрекетін ұйымдастыруда олардың мадақтауға, ескертуге қалай қарайтындығын
оқып-үйрену де маңызды рөл ойнайды.Психологиялық дайындықты анықтау үшін
оның барлық жақтарына диагностика жүргізу керек: ақыл-ой дайындығы; ерік-
жігер дайындығы; мотивациялық дайындық және баладағы мұғалімге, ересектерге
деген қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуы.
Сонымен балалардың мектептегі оқуға жалпы дайындығы туралы толық және жан-
жақты бағдарлама Д.Б.Эльконин мен А.Л.Венгердің жетекшілігімен
жүргізілген зерттеулерде берілген деуге болады.
1-сынып оқушыларына мектепке бейімделу кезеңі үлкен қиындықтар
туғызады. Әдетте ол 4-7 аптадай уақытқа созылады. Бейімделу кезеңінде
кейбір балалар шулайды, айғайлайды, коридор бойымен жүгіріп жүреді, сабақта
алаңдап ойлары бөліне береді, мұғаліммен дөрекі, әдепсіз болуы да мүмкін,
ал енді кейбіреулері керісінше ұялшақ, жасқаншақ болып, көзге түспеуге
тырысады. Егер оларға бір ескерту жасалса, бірден жылайды, тіпті ұйқылары,
тәбеттері бұзылады, қыңыр мінез пайда болады, ауыра бастайды. Функционалдық
деп аталатын бұл ауытқулар бала организмінің кенеттен өзгерген кезеңіне
байланысты және оның психикасына үлкен әсер етеді. Әсіресе, бұрын балалар
бақшасына бармаған, қарым-қатынасқа көп түспеген балалардың мектеп өміріне
бейімделуі қиынға соғады. Мұндай жағдайларда мектеп психологі мұғалімдер
мен ата-аналарға баланың мектепке тез үйренуіне көмектесетін тәрбие
жұмыстарының әдіс-тәсілдеріне бағытталған кеңестер береді.
Бейімделу кезеңінде психологтің сыныпты мұғаліммен жеке қалдырғаны
дұрыс, оның сабақтарға қатысуы онсыз да үйрене алмай жүрген балаға кері
әсер тигізуі ықтимал.
Мектепке дайындықтың функционалдық және психологиялық жақтарын анықтау
сақтандыру тұрғысында маңызды. Әр бірінші сыныпта артық педагогикалық
дайындықпен келген балалар кездеседі. Олар жақсы оқи біледі, жаза алады,
қосып, азайту амалдарын оңай қолданып есеп шығарады, өздеріне берілген
тапсырманы тез орындап қояды. Мұндай жағдайда баяу оқитын балалардың іс-
әректтерін бақылау қиынға түседі.
Бұл жердегі басты қауіп: педагогикалық дайындықтың жоғары деңгейі –
мектепке сәйкес психологиялық және функционалдық дайындықтың бекітілмей
қалуы. Мұндай балалар еш қиналмай жақсы баға алғанда, әрқашан оларды
мақтап отырғанға үйренеді де, бастауыштан орта мектепке көшкен кезде оқу
үлгерімі шұғыл төмендейді. Мектеп психологі ондай кезде балаларға көп
зейін аударуы қажет. Оқуға деген түңілу, қызығудың жоғалуы балалардың
таным белсенділігінің төмендеу нәтижесіне әкеліп соғады.
Мектеп психологінің бастауыш сыныптар мен жұмысындағы маңызды орын,
көбінесе мектеп бағдарламасын меңгере алмайтын, үлгерімі нашар балаларға
бөлінеді. Үлгермеушілік себептері әр түрлі болып келеді.
1. Ақыл-есі кем, психологиялық дамуы тежелген балалар кез келген
сыныпта кездеседі, оларға ыңғайлы бап табу үшін психолог психоневрологпен
немесе дефектологпен кеңесіп алуы керек.
2. Дефектологиялық және патопсихологиялық кемістігі бар дифференциаллды
диагнозды балалардың ақыл-ой деңгейін анықтау үшін Векслердің тестін
қолдануға болады.
3. Балалардың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы сөйлеудің, санаудың,
маториканың, ақыл-ойдың бұзылуына әкеліп соғады.
4. Ақыл-ой енжарлығына ұшыраған балалар да психолгтың зейін бөлуін
қажет етеді.
5. Денсаулығы нашар балалар тез шаршайды, ұйқылары бұзылады, ызақор
болады, осының бірі оқу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Оқудағы қиындық төменгі сынып оқушыларына еркіндік дамуының
жетіспеушілігінен, оқу іс-әректтің қажетті элементтерінің
қалыптаспағандығынан, сонымен қатар ес, зейін деңгейінің төмендігінен,
кейбір жеке ауытқушылатардан пайда болуы мүмкін.
Мектеп психологі мұндай қиыншылықтарды жеңе білу барысында
психологиялық шаралардың арнайы жүйесін құрастырып, оларды қолдануда және
іске асыруда басшылық жасауы тиіс.

1.3. Үлгермейтiн оқушылардың өзiндiк типтерi.

Жеке оқушының әрбiреуiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде мұғалімнің оқушылармен гумандық қарым-қатынасын көрсету
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Пәндер