Қазақ халық шығармашылығындағы өтірік өлеңдер
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
I.Қазақ халық шығармашылығындағы өтірік өлеңдер
1.1 Өтірік өлеңдердің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Өтірік өлеңдердің басқа жанрларымен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .8
II.Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты
2.1 Өтірік өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..23
Кіріспе
Өтірік өлең – қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз
әдебиетінің көне үлгісі..Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан
өзгешелігін, артықтығын көрсету өлең жанрының басты ерекшелігін саналады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халық өлеңдерінің қатарынан
лайықты орын алатын - өтірік өлеңдер. Халық шығармашылық өнеріне қатысты
зерттеушілер назарынан өтірік өлеңдер тыс қалмай, әр кезеңде айтылып,
байыпты бағалар берілген еді. Солай десек те, өтірік өлеңдердің шығу тегі
мен дамуы, жанрлық ерекшелігі, өзіндік табиғи болмыс-бітімі бүгінгі күнге
дейін арнайы тексерілмегендігіне көз жеткізуге болады. Ғұлама ғалым
Ә.Х.Марғұланның Өтірік өлеңдер басқа елдердің ауыз әдебиетінде сирек
болғанымен де, қазақтың халық әдебиетінде едәуір орны бар жанр. Мұнда
өтірік айтылса да, негізінде шындық жатады. Өмір құбылысы мен адамның
әрекет, айласын бейнелеу, көбіне әсірелеу арқылы көрсетіледі, -деуін ел
өтірігінің елеулі екендігіне мән беру керектігін ескерту деп түсінгеніміз
абзал.
Сонымен қатар қазақтың өтірік өлеңдерін басқа да халықтардың өтірік
өлеңдерімен салыстыра қарап, ғылымдағы озық әдіс-тәсілдермен түсіндіру
қажеттігі фольклортанудағы келелі іс болмақ. Халық өлеңдерінің бірі
делінетін өтірік өлеңдердің толық жинақталмауы және арнайы жеке жинақ
ретінде жарық көрмеуі де бұл саладағы келеңсіздікті көрсетеді.
Күні кешегі Кеңес заманында өтірік өлеңдер балалар әдебиетіне қатысты
қаралғаны болмаса, кең көлемде зерделенбеді. Халық шығармашылық өнеріндегі
өтірік өлеңдердің парқына бармай, тар шеңберде жаңсақ пікірлер айтылғаны
жасырын емес. Жаратылысқа жұптасу тән екендігін ескерсек, сөз өнеріндегі
өтірік пен шындықтың арасын пайымдау оңай іс емес. Өтірік болмаса шындықтың
салмағы, таразының басындағы ауырлығы білінбес те еді. Халық арасындағы
айтылатын астарлы ойдың түйіні - шындық пен өтірікті тайталасқа түсіріп,
шындыққа жетудің жолына жарық түсіру.
Зерттелу деңгейі. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан
жинақтап, жариялау ісімен айналысып, басқа халықтардың тіліне аударған XIX
ғасырдағы Европа ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектерінде өтірік өлеңдер
мен өтірік әңгімелер қалыс қалмаған. Мәселен, қазақ фольклоры тарихында
лайықты бағаланатын В.В.Радлов, Ә.Диваевтардың өтірік өлендерді жинақтап,
баспа жүзіне шығаруы және ел өтірігіне қатысты азды-көпті пікірлері барлығы
тексеру барысында нақтыланды. Бұл істе М.Ж.Көпеев, М.Жұмабаевтың үлесі бар
екендігін білдік. Өтірік өлеңдердің кейбір үлгілері Дала уалаятының
газеті, Жас қазақ, Жаңа мектеп журналдары және т.б. баспасөз
беттерінде жарияланып тұрған.
ХІХ ғасырдың бас кезеңінен бастап, қазақ фольклорын жинақтау, жариялау
және зерттеу ісі жедел қолға алынғаны мәлім. Осы кезеңде ел өтірігі де
елеусіз қалмай, көптеген ғалымдар жинақтау, жариялау ісімен қоса, бағалы
пікірлер қалдырған. Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері І.Жансүгіров
өтірік өлеңдерді жинап, арнайы алғы сөз жазып 1927 жылы Өтірік деген
атпен Мәскеудегі Кеңестер Одағының кіндік баспасынан кітап шығарады. Араб
таңбасымен жарық көрген бұл еңбек көптеген жылдар бойы қолжазба қорында
сақталып, жұрт назарынан тыс қалған еді. Кітап еліміздің тәуелсіздік
алғанынан кейін, жиырма бірінші ғасырда оқулық болып жарық көрді.
Қазақтың халық поэзиясындағы өтірік өлеңдерге қатысты А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Е.Ысмайловтар құнды пікірлер білдірсе, көп
томдықтарға мақала жазған Ә.Марғұлан, Ш.Ахметовтар өтірік өлендерге арнайы
тоқталған еді. Бұл істе балалар фольклорына байланысты маңызды бастамалар
көтерген Ш.Ахметов, Ш.Ыбыраев, К.Ісләмжанұлы, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбыраймов,
С.Шахиналардың еңбектерінде де ел өтірігінің назарда ұсталғандығын
түсіндік. Демек, өтірік өлеңдер зиялы қауымның нақты тексеру нысанасына
айналмаса да, халық шығармасының бір саласы екендігіне қатысты қарастырылып
келген.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Қазақ фольклорындағы өтірік өлеңдердің
халық шығармашылығы арқылы қалыптасуы мен дамуын, халық поэзиясындағы
алатын орнын анықтау зерттеу жұмысының басты міндеті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
• алдымен, өтірік өлеңдердің жиналуы мен жариялануына басты назар
аудардық. Нәтижесінде өтірік өлеңдердің екі ғасырға жуық уақытта
жинақталып, жарияланып келе жатқанын анықтадық. Екіншіден, өтірік
өлеңдердің зерттелу шежіресіне көңіл бөліп, халық поэзиясына қатысты
пікір білдірген ғалымдардың ізденістеріне жүгіндік. Нәтижесінде ел
өтірігінің арнайы тексеріліп, ғылыми тұрғыдан жан-жақты бағасын
алмағандығын түсіндік. Ол үшін төмендегідей маңызды мәселелерді жүзеге
асыру қажет деген түйінге тоқтадық:
• қазақ халық поэзиясындағы өтірік өлеңдердің шығу тегі мен
дамуына байланысты зерделеу ісі маңызды міндеттердің бірі болмақ;
• ғылыми ізденіс арқылы ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен өтірік
өлеңдердің байланыс-бірлігіне жауап беру қажет;
• басқа халық өлеңдеріне қарағанда, өтірік өлеңдердегі күлкі, әзіл-
ажуа, сын-сықақ барлығын ескеріп, ондағы юмор мен сатираның белгілерін
дәлелдеу өзекті мәселелердің бірі болмақ;
Зерттеу нысаны. Курстық жұмысты жазуда халық ауыз әдебиетіндегі
өтірік өлеңдер мен әңгімелер пайдаланылды.
I тарау. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР.
1.1 Өтірік өлеңдердің зерттелу тарихы
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан жинақтап, жариялау ісімен
айналысып, басқа халықтардың тіліне аударған XIX ғасырдағы Европа ғалымдары
мен саяхатшыларының еңбектерінде де өтірік өлеңдер мен өтірік әңгімелер
ұшырасады. Мәселен, қазақ фольклорын жинақтауға айтарлықтай үлес қосқан
В.В.Радлов еңбегінде өтірік өлең жинақталып, онда ғалым өтірік өлеңді Қара
өлең тобына жатқызған.
Қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинақтау, жариялау, зерттеу
мәселелері XX ғасырдың бас кезеңінде жедел қолға алынып, тиянақты жұмыстар
жүргізілгені мәлім. Халық арасынан жинақталған мұралардан сол кезеңде
өтірік өлеңдер де жазылып алынып, сол уақытта жаңадан жарық көре бастаған
газет-журнал беттерінде жариялана бастайды.
Бұдан кейінгі өтірік өлеңдердің кейбір үлгілері арнайы жазылған халық
әдебиетіне байланысты еңбектерде ұшырасады. Қазақ фольклорына арналған көп
томдықтағы өтірік өлеңдерге қатысты жазылған мақалаларда да кейбір
үзінділер мысалға алынған. 1962 жылы Өтірік әңгімелер жеке кітап болып
басылған. Халық арасындағы өтірік өлеңдер мен әңгімелердің молынан
жинақтаған үлгілерін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазба бөлімінен ұшыратамыз. Аталған І.Жансүгіровтің Өтірік кітабы
осында сақталған. Жинақталған мұралар арасынан Төреғали Бекжанұлының
өтірігі және түрлі жәндіктерге қатысты өтірік өлеңдер мен белгілі. Қырық
өтіріктің үлгілері сақтаулы екеніне көз жеткіздік. Осындағы бар мұралардың
көпшілігі Қазақстан Ғылым академиясының орталық кітапханасынан да табылады.
Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер туралы алғаш салмақты
пікір ірі түрколог, әдебиет теориясының негізін салушылардың бірі
А.Байтұрсынов тарапынан айтылған еді. Өзінің 1926 жылы жарық көрген
Әдебиет танытқыш кітабында былай дейді: Өтірік өлеңнің не екенін аты да
айтып тұр. Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар; ертегінің
қысқаша мазмұны - қырық ауыз қисынын келтіріп, өтірік өлең айтқан адамға
бір хан қызын берем деген. Соған біреу қырық ауыз өлең айтып, қызын алған
, -дей отырып, арнайы үзінділер келтірген. Бүл пікірден өтірік өлеңнің
шығу тегі мен дамуының негізін неден іздеу керектігіне мән беру бар
екендігін түсінеміз.
Фольклортанушы ғалым Ш.Ыбыраев өтірік өлеңдердің пайда болуы, оның
өзіндік дәстүрі мен көркемдік ерекшеліктері туралы құнды пікірлер айтады.
Қазақ фольклорының қазіргі жанрлық кестесін ұсынған ғалым өтірік өлеңдерді
балалар фольклорының қатарында қарайды. Бұл пікір К.Ісләмжанұлы еңбегінде
де қуатталған.
Сонымен өтірік өлеңдер мен өтірік әңгімелердің зерттелу тарихы бұл
жанрдың ежелден қалыптасып, дамуын түсіндіреді.
Өтірік өлеңдерге байланысты пікірлер айтқан ғалымдар назарынан оның
шығу тегі мен дамуы қалыс қалмаған. Мәселен, А.Байтұрсынов өтірік өлең
негізі ертегіде жатқанын атайды. Бұндай байлам М.Әуезов тарапынан да
болған. Аталған мәселеге неғұрлым тереңдеп барған І.Жансүгіров деудің
қисыны бар. Ақынның өзі жинақтаған Өтірік атты еңбегінде былай дейді:
Шынында біздің ел әдебиетінде өтірік араласпаса ажары кірген сөз бар ма?
Ел әдебиетінің бәрі де өтірікке, желдіртпеге, желөкпелікке шырмауықтай
шырмалған, - деп, оған дәлел ретінде батырлық жырларды атап, өтіріктің
қандай заманда пайда болғанына былайша жауап береді: Өтірік те күнінде
күпті заманда болады. Бұрын өтірікті айту үлкен мақтан да, мақсат та
болған. Өтірікшілер бәсекелесіп бәйгеге түскен, айтысқан, ұлы жиында ел
енжарласып бұларды ақындардай жарысқа салған. Әдейі ел қыдырып, өтірікті
таратқан өтірікшілер болған. Әрине, мұны туғызған ел өмірінің, қоғам
құрылысының жағдайы. Өмір күйі, шаруа шарты, қолы бостық, жұмысы жоқтық.
Айдаладағы андай, аспандағы құстай табиғат құшағына бөленіп өскен еркін
еркелік. Бұл жағдайлар өз дәуірінде күшті күй, әсем ән, өзгеше өтіріктерді
туғызып кетті", - дейді. Айтулы ақынның меңзеп отырғаны ертедегі көшпелі ел
өмірі, салт-дәстүрі, ойын-сауығы екендігін аңғару қиын емес. Сол заманның
жасампаз өнері - сөз өнері. Жан азасын жасау жолында сандаған саңлақтар
тарих сахнасына шықты. Қоғамдағы түрлі өзгерістер өткен заман өнерпаздарына
да өз өктемдігін туғызған. Оны аталған еңбегінде І.Жансүгіров те айтқан:
Міне, сөйтіп бұрынғы күнде ел аузынан үздіксіз айтыла беретұғын өтірік те,
шығарушы да құжырап таусылуға айналды. Баяғыдай көңіл алданыш, жан ермегі
үшін өтірік айтатын ауылда бұл күнде ешкім жоқ.
Сонда өтірік әңгіменің өзі қалай қалыптасқан? - деген заңды сауал
туындайды. Зерделі пікірлер айтқан зиялылар бұл мәселеге жауап беруге
тырысқан. Мәселен, ақын І.Жансүгіров өтірікшілер өнерлері көбіне ойын-
сауық, ұлы жиында байқалғанын айтқан. Бұл тұжырым М.Ғабдуллин тарапынан
толық қуатталған. Басқа халықтардың өтірік өлеңдерін тексерген
К.Чуковскийдің өтірік өлеңдерді Смысловая игра деп атауы бұл пікірлерді
нақтылай түседі.
Фольклордың бір түрі деп танылған өтірік өлеңдер болса, оны кімдер
қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа дамыта жеткізген деген сауалдың туындауы
заңды. Бұл мәселеде өтірікті көркемдей баяндайтын өлең, жырларды немесе
әңгімелерді айтушылардың кім болғанына бір Тазшадан басқаны атай алмай келе
жатқанымыз шындық. Біздіңше, өтірік өлеңнің кейбір белгілері кәдімгі
бақсылар мен балгерлердің шығармашылығынан байқалған. Бірақ мұндағы мақсат
ауруды емдеу, індетті елге жолатпау жолындағы күрес екені тұжырымдалған.
Солай дегенімізбен, бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдеріндегі бақа-шаянды,
айдаһар жыландарды тілге тиек етіп, жұртты иландыру, көңіл аулау ісіндегі
әрекеттер өтірік өлеңдердің белгілерін еске салады. Ал өтірік өлең,
жырларды дамытуға дәнекер болғандар саятшы, аңшылар екенін ерекшелеу жөн
секілді. Өйткені бізге жеткен ел өтірігінің негізгі жүгін көтерген солар
екен. Мысалы, Тазшаның өтірігі, Мейірманның өтірігі, Бұқабай мергеннің
өтірігі, Байсарының өтірігі т.б. бұны дәлелдеп береді. Саят өнерімен
айналысқандардың көпшілігі сал-серілер болғандығы аян.
Олардың әңгімелеріне өтірік қосылмаса, дәмі кірмейтіні тағы бар. Бұл
пікірімізді Е.Ысмайлов еңбегі де жоққа шығармайды. Ел өтірігін айтушылардың
енді бір типін әзілқой, қу тілді, айлалы адамдар құраған. Бұған жататындар:
Алдар көсе, Тазша бала, Ығай мен Сығай, Сұраубай, Судырахмет т.б. Сондай-
ақ, өтірікті келістіріп айтатындар қатарында ұрлықшылар да бар. Олардың
өтірігі көбіне өзін-өзі мақтап, дәріптеуге құрылады. Өтіріктің ендігі бір
шеберлері - балалар. Үлкендердің өтірігі секілді балалар өтірігінің өресі
ойындар арқылы бірін-бірі мазақтау, алдау кезеңінде кеңейген. Ойын балалары
өтірігінің көбіне көлемі шағын болып келеді. Балалардың сүйікті ойыны Ұшты-
ұшты, Саусақ санау, Жаңылма т.б. ойындарында өтірік пен шындық
тайталасқа түседі. Жалпы балалар ойыны десек те, қазақ ойындары сәбилер
ойыны, бозбалалар ойыны, жігіттер ойыны болып бөлінетіндігі Ә.Диваев
еңбегінде айтылған. Үлкендер өтірігіндегі өнер жарысының ойын-сауықта
сыналатындығын жоғарыда айтсақ, ендігі сөз болып отырған балалар өтірігінің
де ойын кезінде туатындығы тамаша ұқсастық. Бұл тұрғыда Ш.Ыбыраев былай
дейді: Өтірік өлең мен әңгімелердің алғашқы шығарушылары балалармен қатар
ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Балалар фольклорын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, балғындарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек.
Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы,
ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды. Бұл тұжырым
К.Ісләмжанұлы еңбегінде де нақтыланған.
1.2 Өтірік өлеңдердің басқа жанрларымен байланысы
Ел өтірігі өзінің болмыс-бітімі жағынан қарағанда халық шығармашылығының
көптеген түрлерімен байланысты болып келеді. Өтірік шығармашылықтың бастауы
болып табылатын өтірік әңгімелер көбіне тұрмыс-салт немесе шыншыл-реалистік
ертегілерді еске түсіреді. Алысқа бармай-ақ, Қырық өтірік әңгімесінің
Аяз би ертегісімен сабақтас екендігі таңғалыс тудырмайды. Жалпы
ертегілерден бұған байланысты дәлелді көптеп табамыз.
Қазақ фольклорындағы өтірік өлеңдердің халық шығармашылығының басқа
үлгілерімен ендігі бір байланысы жаңылтпаш, айтыс, жұмбақтардан байқалады.
Халық шығармалары ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін
ұстартуға жаттықтыратын жанр да бар. Ол - жаңылтпаш. Үлкен кісілерді
күлдіру үшін ағаттау естілетін бұрма сөздер тудырып, өңін айналдырып
жіберетін жаңылтпаштарды қоспағанда, бұл жанр көбіне балаларға арнала
айтылатын, соларға тән мұра [31, 359 б.],- дейді балалар әдебиетін
зерттеуге үлес қосқан ғалым Ш.Ахметов. Анықтай айтсақ, жаңылтпаш жанрын
айрықша байытқан өтірік өлеңдер екендігі анық. Жаңылтпаштың ең басты
қызметі - тіл үйрету. Бала тілін қалыптастыруға қызмет ететін өтірік
өлеңдердің бірнеше нұсқаларынан жаңылтпаштарды еске түсіріп, оның
ұқсастықтарын нақты дәйектейтіндігіне көз жеткізуге әбден болады. Мысалы:
Алты ана қасқыр,
Алты бала қасқыр.
Он кісі жиналып бір тырнаны жеген екен.
Ол тырнадан бір жілік қалған екен.
Ол жілікті кішкене дейін десе,
Алты қанат ақ ордаға тіреу екен.
Ол ақ орданы кішкене дейін десем,
Алты ақ нарға, алты қара нарға жүк екен [10, 46 б.].
Бұл өтірік өлендердің жаңылтпаштарға тән белгісі болса, өтірік өлең
табиғаты жағынан жұмбаққа жақын. Өтірік өлеңге әсіресе балалар бірден
елтіп, ондағы өтірік пен шындықтың ара-қатынасын пайымдауға көп тер төгеді.
Бұдан басқа өтірік өлеңдердің ауыз әдебиеті шығармаларындағы бір байланысын
айтыстар аңғартады. Балалардың бірін-бірі мазақтап сөз жарыстыруы, бірінен-
бірі асып түсудегі өлең үлгілері кәдімгі айтыстарды еске түсіреді. Сондай-
ақ, ел арасына ертеден тараған мысал айтыстары: Бәдік, Аң мен аңшының
айтысы, Мал мен иесінің айтысы, Өлі мен тірінің айтыстары өтіріктен
құр алақан емес. Жалпы өтірік өлеңдер әлем халықтары әдебиетінде де
кездеседі. Ел өтірігінің ауыз әдебиетінің негізінде қалыптасқандығын орыс,
корей, татар, башқұрт, азербайжан т.б. халықтардың ертегі, әңгіме,
өлеңдерінен білуге болады. Орыстың Небылицы аталатын Илья Муромец и
Издолище, Небылица про льдину, Небылица про щуку из Белого озера [40,
554-555 б.], - атты өлеңдерінде де мәңгілік мұз құрсанған көл жайлы,
шортан балықтың керемет күштілігі туралы сыр шертеді.
Өтірік өлеңдер аса қызықты, адам ақылына сыйымсыз, тіреуі жоқ оқыс
сөздерге құрылғандықтан, тыңдаушысының бәрі де қыран жамқан күлкіге, көңіл
сергітерлік ойын-сауыққа, думан сейілге айналдырып жібереді. Әсіресе
балаларды мәз-мейрам етеді. Ұзақ күнге арып-талып, біреудің қол астында
жалшылықта жүріп еңбек етсе де, халық өз көңілдерін көтеру үшін кей
кездерде осындай қуақы, оспақты әзіл-сөздермен балаларын жұбатып,
жарастықты қалжыңдар айтып, ойын-сауық құрып отырған.
Түйіндей айтсақ, ел өтірігінің халық әдебиетінің бір саласы екендігі
дау тудырмайды. Себебі оның ауызша туып, ауызша таралуы, бірнеше нұсқалы
болуы, халық тұрмысымен байланысты шығуы, орындалу мәнерімен, дәстүрлі
мақаммен айтылуының өзі фольклор мұрасы екендігін айғақтай алады.
II тарау. ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ.
2.1 Өтірік өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері
Өтірік өлең – қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туындаған ауыз
әдебиетінің көне үлгісі және өтiрiк өлең қазақ халық поэзиясындағы ерекше
қызғылықты, балалар құмарта, таңдана тыңдап, қызыға жаттап алатын
фольклорлық жанр. Өтірік өлеңдердің өзіндік дәстүрі бар. Тұрмыстағы
қарапайым заттар, жан-жануарлар, шыбын-шіркейлер тіршілігін, іс әрекеттерін
саналы түрде ұлғайтып көрсету арқылы олар адам қиялын небір ғажайып
дүниеге: қызықты оқиғаларға жетелейді. Күнделікті бір-бірінен алшақ
ұғымдар, ойға келе бермейтін іс-әрекеттер өтірік өлеңдерде әдемі үйлесімін
тауып, еріксіз күлкі тудырады. Осы оқиғалардың басы-қасында оларды көрген,
басынан өткерген қуақы тілді кейіпкер жүреді.
Өтірік өлеңдерде қиялға мейлінше еркіндік берілген. Алайда ол
күнделікті тіршіліктен, күн көру, кәсіптен туындап жатады. Сондықтан да
қиял-ғажайып ертегілердегі тылсым күш, сиқырлы заттар, мифтік каһармандар
бұған тән емес. Өтірік өлеңдердің көркемдік шарты - өтірікті жорта
шындықтай баяндау, қиыспайтынды шебер қиыстыру болып табылады. Қазақтың
ертедегі салты бойынша ойын-сауық кезінде айтылатын өлеңнің бір түрі. Бұл
алуандас өлеңдер көбіне күлкілі, қызықты сюжеттерге құрылады.
Өтірік өлеңдер кейде сан түрлі оқиғаларды қамтып, көлемі жағынан ұзақ
болып келсе, кейде қысқа қайырылады. Мұнымен қатар тұтас сюжетке құрылған,
бас-аяғы жинақталған өлеңдер де кездеседі.
Өтірік өлеңдерді айту оңай болып көрінгенмен, шығаруы оңай емес. Ол
ақынның ақындық өнерді талап етумен қатар, фантазияның мол болуын қажет
етеді. Өйткені өтірік өлең, оның сюжеті қиыннан құрастырылуды, түймедей
нәрсені түйедей етіп, болмаса, керісінше, түйедей нәрсені түймедей етіп
көрсетіп, жоқтан бар жасап, адам айтса нанғысыз оқиғаларды ойлап табуды
тілейді. Бұл өлеңдер суреттелетін нәрселердің бәрі адамның көз алдындағы
заттардан, нақтылы шындықтан, жалпыға түсінікті көріністерден алынады.
Бірақ олардың ісі, қарым-қатынасы, атқаратын қызметі шындыққа жанаспайтын,
адам сенбейтін жағдайда суреттелуі керек. Сонда ғана ол өтірік өлеңдік
дәрежесіне жетеді. Өтірік өлеңдер әрқашан да күлкілі, қызықты оқиғаларға
құрылады.
Өтірік өлеңдер айтайын деген ойын, суреттейтін деген көріністерін
тыңдаушыға әсірелеу, бейнелеу арқылы жеткізіп отырады. Осы ретпен ол неше
түрлі картиналар, образдар жасайды. Шендестіру арқылы бір заттың екінші
заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты
ерекшелігі саналады. Өтірік өлеңдер басқа елдердің ауыз әдебиетінде сирек
болғанымен де, қазақтың халық әдебиетінде едәуір орны бар жанрдың бір
саласы екендігінде шүбә жоқ. Мұнда өтірік айтылса да, оның арғы негізінде
шындық жатады. Өмір құбылысы мен адамның әрекет, айласы бейнелеу, көбіне,
әсірелеу арқылы көрсетіледі. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-
думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен
өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі
ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы
шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды:
Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.
Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Алты атанға үш төстеп артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым. -
деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Бұл келтірілген
мысалдарда суреттелген көріністердің бәрі әсірелеу, шендестіру ретімен
берілген. Бір нәрсені екіншісіне салыстыра отырып әдемі образдар жасаған.
Сонымен қатар нақтылы шындықтан алынған жанды-жансыз деректерді тыңдаушыға
қызық, күлкілі жеткізген. Бұлардың бәрін жыршы ақын өз атынан, өзін
қатыстыра айта отырып, адам сенбестік нанғысыз әңгімелер тудырған.
Жанрдың түбегейлі зерттелуін қазақтың көптеген ғалымдары зерттеп
кеткен болатын. Атап айтсақ, З.Ахметов, З.Қабдоллов, С.Қирабаев, Р.Нұрғали
сынды атақты ғалымдар осы салада өз зерттеулерін дәлелдеп берді.
Фольклортану саласында түрді танудың мәселесіне қатысты құнды ізденістер
дарынды ғалымдар М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин,
Н.С.Смирнова, Б.Уақатов еңбектерінен бастау алған. Бұл істі жалғастыруға
Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Е.Тұрсынов, С.Қасқабасов, Б.Әзібаева,
Ш.Ыбыраев, А.Сейдімбек, Б.Абылқасымов, Б.С.Рақымов т.б. үлес қосты. Өтірік
өлеңдердің жанрлық сипатына қатысты бұл еңбектер және басқа халықтардың
өтірік өнеріне баға берген ғалымдардың зерттеулері жолбасшы болды. Өтірік
өлеңдердің тарихына үңілген ғалымдар пікірлерін саралап барып, жанрлық
анықтама беруге болады.
Қазақтың өтірік өлеңдеріне қатысты тексерулер жүргізген
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, І.Жансүгіров,
М.Ғабдуллин, Т.Қожакеев, Ш.Ахметов, З.Ахметов, Ш.Ыбыраевтар еңбектерінде
жанрлық мәселеге байланысты пікірлерге орын берілген. Өтірік өлеңдерге
терең үңіліп, нақтылы анықтама берген академик З.Ахметов еді. Жанрлық
тұрғыдан ғалым мынадай тұжырым жасаған: Өтірік өлең — қазақ ауыз
әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең
түрі. Өтірік өлеңдердің жинақталуы және зерттелу тарихы рухани мұрамызда
Қазақ халық сатиралары бар деген қорытындыға әкеледі. Тек жағынан бұлар
драмаға тән. Себебі олардың тыңдаушысы, айтушысы, сыншылары бар. Тыңдаушысы
мен сыншысы халық болса, айтушылары сөзге жүйрік, қу тілді тапқыр
әзілкештер екен. Халық сатирасы түр жағынан өтірік өлеңдер, өтірік
әңгімелер, мысалдар, мысал айтыстары болып бөлінеді. Соның бірі — ел
өтірігі. Дер кезінде назар аудармағандықтан, олардың көбі бізге жетпеген.
Жетсе де, там-тұмдап, толық қалпы сақталмаған.
Түйіндей айтсақ, ел өтірігі мынадай түрлерде көрінеді:
Біріншісі, шын-дық пен өтіріктің арасын тайталасқа түсіретін, өтірік
арқылы қалтқысыз сендіруге тырысатын мақтаныш, алдау, мазақтау арқылы
айтылатын халық поэзиясыиың түрін - өтірік өлеңдер дейміз.
Екіншісі, өтірік жырлар - халық шығармашылығындағы өмір шындығын
ерекше түсініп, бірақ сол шындықтың өңін айналдырып ақиқатқа жатпайтындай
қылып кең көлемде баяндайтын туындылар.
Үшіншісі, өтірік өлеңдердің шығу тегін анықтайтын қара сөзбен айтылса
да, өзіндік белгілері поэзияға жақын және шындыққа жанаспайтын драмаға тән
күлкілі өтірік әңгімелер.
Өтірік өлең - өмір шындығын біліп, игерген өнер адамының сол шындықтың
өңін айналдырып, бір ауыз шындық қоспастан тамаша татымды шығарма жасаудың
негізінде пайда болған жанр екендігі анық.
Өтірік өлеңде, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен
логикалық жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін
фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық
жаңалықтаршынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады.
Бір күні, күн шыққан соң, таңда тұрып,
Ойыншық – резинка шарға мініп,
Жөнелдім қуып екі жер серігін,
Дем алдым Ай қасында жолда отырып.-
деген сияқты жаңа сипаттағы қиялға құрылады.
Өтірік өлеңнің “Қырық өтірік” ертегісі үлгісінде айтылатын нұсқалары
бар. Өтірік өлеңдер кейінгі кезде айтыстың жеке жанры ретінде жаңа сипатта
көрінді. Бұған І.Алтынбаев пен Ә.Ақылбаев секілді ақындардың өтірік өлең
айтысы (1984) айқын дәлел бола алады.
Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды,
тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi,
теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық Тазша
баланың қырық өтiрiгi жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей
жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi
жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын
В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк
өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты
белгiлi адамдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz