Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 3
1 Құқықтық нигилизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Құқықтық нигилизм ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Құқықтық нигилизмнің біліну формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Құқықтық нигилизмнің қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу 11
... ... ...
2.1 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... . ... ... 11
2.2 Құқықтық нигилизмді жеңу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Құқықтық білімнің маңызы мен құқықтық сауаттандыру ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14
бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды [1].
Нигилизм дүниеге көзқарас, әлеуметтік мінез-құлықтың бір түрі
ретінде жалпыға ортақ мұраттарды, адамгершілік нормаларын, дәстүрді,
мәдениет үлгілерін жоққа шығаруы себепті оның әлеуметтік, адамгершілік,
мәдени терең астарлары бар. Бұл өмір сүріп отырған қоғамның, тарихи
дәуірдің сипатына байланысты өзіндік ерекшелігі бар құбылыс, әрбір тарихи
кезең мен кеңістік халықтық болмысқа, индивидтік қалыпқа ықпал етіп, өз
ізін қалдырады, кейде бұл сүйекке сіңіп, мінезден көрініс табады. Кез-
келген құбылыс сияқты нигилизмнің де оң-теріс жақтары бар екенін мойындау
керек. Жағымды жағына келгенде, ешқандай бедел мен ережелерге бас ұрмау, өз
ұстанымына берік болу, айтқанға көніп, айдағанға жүрмеу, өз пікірін
құрметтеу тәрізді дара мінез ерекшелігі тұлға ретінде айшықтай түседі. Және
ол субъективті, тәуелсіз, оқшау ойлау көріністерімен астасып жатады.
Нигилистік көзқарастар әр кезде өзіндік реңктерге ие болып, сол
заманның сипатына сай қалыптасып отырды. Орта ғасырларда христиан дініне
қарсы еретиктерді нигилистер деп қуғындаса, 18-19 ғасырларда өмір сүріп
тұрған қоғамдық жүйені мойындамай, оған қарсы шыққан нигилистер осы бағытта
нақты іс-әрекет жасаумен көзге түсті. Тіпті, бұл қарсылық түптің түбінде
қалыптасқан режимді құлатуға алып келді, мысалы, большевиктердің патшалық
билікті құлатып, өз үстемдігін орнатуы да сол кезеңде нигилист аталған
тұлғалардың (халықшылдардың) идеяларынан бастау алған. Бұл ағымдағы
нигилистер негізінен басты идеялар ескіріп, жаңасының туа алмай жатқан
тұстары қолдауға ие болып, табысқа жетуі кездейсоқ емес. Бірақ, нигилизм
көбінесе бұра тарту, ешкімді де, ештеңені де құрметтемеу, дүниедегінің
бәрін мансұқтау, антиәлеуметтік көзқарас іспетті көріністерге ие болды.
Курстық жұмыстың пәні – Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмнің
қоғамдық құқық жүйесіндегі алатын рөлі, дамуы, басқа құқықтық салалармен
байланысы.
Қазіргі қазақстандық қоғамда бұрынғы кеңестік идеалдар әлі де
түбірімен жойылған жоқ (әсіресе, сол кезеңде билікте қызметте болғандар
арасында) батыстық либерализмды жақтаушылар бар.
Зерттеудің мақсаты заңды ниғилизмнің ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты:
- құқықтық негилизмнің ерекшеліктерін анықтау;
- негилизмді көрсету жолдарын зерттеу;
- құқықтық негилизнің нысандарын қарау;
- құқықтық және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттеу.
– Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмнің маңызын анықтап , толық
мәлімет беру.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін қарастыра отырып,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық
идеяның қажеттілігін айта кету қажет. Қазіргі таңда біздің қоғамда
келешектегі даму ориентирінің қалыптасу деңгейі өте нашар, ал барлық
мемлекеттік саясаттың өзі осы ориентирлер негізінде құрылатынын ескерсек,
бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтік саяси
құндылықтар қоғамға өзінің кері әсерін көптеп тигізуде.
Осының негізінде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгілі бір
дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазір мемлекет екі паррлельді әлемде
қатар өмір сүріп келеді, оның бірі – фантомдық легитимділік, яғни заңның
қағаз жүзінде ғанабілуі, ал екіншісі – біздің қоғамның нақты жағдайы онда
заң да, құқықта қағаз жүзінде қала береді. Бұл құқықты
әлеуметтік құндылық ретінде жоққа шығарып, құқықтыұ нигилизмге әкеп соғады.
Бұндай жағдайдың орын алу себебі – қазақстандық экономика деңгейі және
көптеген азаматтардың өмір сүру деңгейінің құлдырауы. Қоғамда ертеңгі күнге
деген сенімсіздік, үмітсіздік дерті өршіп келеді. Бұның барлығы әлуметтік
теңсіздік негізінде болып отыр.
1 Құқықтық нигилизм
1.1 Құқықтық нигилизм ұғымы
Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм
(немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан
(құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші
рөлін жете бағаламаудан көрінеді.
Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа
шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі
деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың
рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған
(құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып
мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:
1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді
қасақана тікелей бұзу.
2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа
әдейі ауыстырып жіберу.
5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-
намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да
құқықтарды бұзу.
6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының
алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары -
азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық
өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру;
құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық
пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды
құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу;
халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары
әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан
ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық
реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған
әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.
1.2 Құқықтық нигилизмнің біліну формалары
Құқықтық нигилизмнің түрлері: - нигилизм санқырлы, өте қауіпті
саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай
өзгерістеге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың
негізгі түрлері:
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс -
әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс
қылық, қоғамға, ұжымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян
келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан
шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаттық, әкімшілік тәртіпті бұзу. Бұл
мемлекеттің әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес нормативтік актілердің арасындағы
қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де
кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу... Заңдардың, биліктің күресі
– соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс -әрекет.
4) Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға
талаптанған ағымдар да өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті
дамуына көп зиян келтіреді.
5) Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес
–қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің
арасындағы келіспеушіліктер.
6) Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз
етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтіруі, соғысқа
апаруы мүмкін. Мысалы, Россиядағы чечен халқына қарсы соғыс.
7) Әртүрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы,
марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын
себепсіз дамытып дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.
Құқықтық нигилизмнің білдірілу нысандары- Құқықтық нигилизм
көппішінді және жетік. Ол тез бейімделуге, түрін ауыстыруға, жағдайға
қарай икемденуге қабілетті. Оның нақты пайда болуының , байқалуыны көптеген
формалары, жақтары, шектері бар. Солардың ең жарқын және айқындарын
айтайық:
1) Ең алдымен, бұл әрекет етуші заңдар мен басқа нормативтік
құқықтық актілерді тікелей қасақана бұзу. Бұл тәртіп бұзулар үлкен
қылмыстық жазаланушылық әрекеттер, және де азаматтық, әкімшілік, тәртіптік
және т.б теріс қылықтардан тұрады. Қастық ниетті қылмыстық іс – құқықтық
нигилизмнің ең тұрпайы және қауіпті, қоғамға анықтауға келмейтін сансыз
қыруар физикалық, материалдық, моральдық зиян әкелетін түрі.
2) Заңды жазбаларды әр жердегі көпшіліктің орындамай, қолданбауы.
Яғни, субьектілер (азаматтар, қызметтегі адамдар, мемлекеттік органдар,
қоғамдық ұйымдар) өзднрінің жүріс – тұрыстарын құқық нормаларының
талаптарына сай орындамай, өздерінің ережелеріне сай өмір сүріп әрекет
етуге тырысулары. Заңның орындамауы – бұл биліктің әлсіздігінің белгісі.
Заңға бағынбаушылықтың қоғамға әкелетін зардабы, заңды тікелей бұзудан кем
түспейді.
Мұндай барлығына ортақ мойынсұнбаушылық – өте төмен және бұзылған құқықтық
сананың нәтижесі, керекті құқықтық мәдениеттің жоқтығы, және де жалпы
жауапкершіліксіздітің салдары. Осындай бұлдар ортада, яғни қылмыстық
демократия жағдайында, заң бойынша өмір сүріп үйренбеген әр түрлі іскерлер
өздерін толықтай жақсы сезінеді. Ашық және жартылай жасырын түрде лас
қаражат айналымға түседі, материалдық игіліктер қайта реттеліп, қоғам өте
бай және өте кедейлерге бөлінеді. Римдік заңгерлер былай деген екен:
Өнегесіз елде заңның маңызы жоқ және де әрекет етпейтін заң, заңсыздықтн
да жаман деп айтып кеткен.
3) Заңдардың соғысы, бір – бірін әрекетсіздіктерін қарама – қайшы,
тіпті бір – бірін жоятын құқықтық актілердің басылымы. Заңның астындағы
актілердің заңнан жоғары шығып кетуі де сирек кездеспейді. Үлкен көлемде
қабылданып жатқан заң нормалары сәйкес келмейді. Нәтижесінде заңды
коллизиялар туындап, құқықтық нигилизмнің өсуіне жол беретін құнарлы
топырақ қалыптасады.
4) Заңдылықты саяси, прагматикалық немесе идеологиялық жөнге
ауыстыру, яғни әр түрлі ресми құзырлы тұлғалар мен органдардың, қоғамдық
топтар мен күштердің құқыққа сай келмейтін іс – әрекеттермен айналысу,
Коституциядан тыс немесе құқықтық салдан ауытқып өздерінің мүдделерін
жүзеге асыруға тырысу. Атап айтқанда, заң бойынша емес, түсінік бойынша
өмір сүре бастау. Және бұл жөніндегі ағым мемлекеттік, партиялық,
жергілікті, аумақтық, идеологиялық, тіпті жеке тұлғалық ұстанымдармен
әрекет ете алады. Қалай болса да, бір мақсатқа жету үшін, заң бөгет
жасайды. Әрине, заң шетке жылжытылады.
Сонымен қатар, заңдылық пен тәртіп идеясы белгілі бір жағдайларда
билік басындағылардың қызығушылығымен бұны адамдардың құқықтарын бұзып, күш
жұмсау үшін бір себеп ретінде пайдалануларын әбден байқай аламыз. Соңғы
кездің тәжірибесі бұны дәлелдейді. Барлығы білетіндей, заңды игілік жолында
емес, зиян әкелетін бір жағдайларға бейімделгендегі құқықтық конформизмнің
өзіне тән бір түрі.
И.А.Ильин өте ұқсас бір метемарфоза келтіреді: Өзінің обьективтік
белгісі бойынша құқықтық тәртіп, бейбітшілік пен бауырмашылықтың құралы; ал
жүзеге асырылғанда, өтірік пен зорлық – зомбылық, ұрыс – керіс, соғыс та
оны жиі тасалайды . Ш.Л.Монтескьенің де айтуы бойынша, ең қатал зұлымдық –
әдіодік пен заң арқылы әрекет ететіні. Р.Иеринг бұл ойын жалғастырады:
Құқықтық түріне енген сұмдық заңсыздық нағыз құқықтың өзіне үстемдік ете
алады.
5) Биліктің басқарушы және атқарушы органдарының әр деңгейінде
өзара күрес – қайшылықтары. Яғни, билік басындағылардың өзара
түсініспеушілігі, немесе өкілетті тұлғалардың жеке мүдделерін көздеуі
заңның, құқықтың дұрыс жүрмеуіне жол ашады.
6) Саяси – заңды нигилизмнің негізгі қайнар көзі және шығу формасы
болып адамдардың құқықтарын бұзу, әсіресе, біреудің өмірін қию, ар, намыс,
үй, мүлік, қауіпсіздік құқығын бұзу сияқтылары табылады.
Тұлғаның әлсіз құқықтық қорғалуы заңға, мемлекеттің қоғамдағы тәртіп
аен тыныштықтың қамтамасыз ете білуіне, адамдарды қылмыстық әрекеттерден
қорғай білуіне сенімін үзеді. Ал құқықтың әлсіздігі өзіне оң көзқарас,
жөнді қатынас тудыра алмайды, тек наразылық, қарсылық тудырады.
Адамдар құқықты бағалау, сыйлауды тоқтатады, өйткені онда бір
тірек,сенімді қорғаныс көрмейді. Бұл жағдайларда типті заңға мойынұсынатын
азаматтардың өзінде нигилизм, сенімсіздік қалыптасады.
Бағытталған іздестірулер көрсеткендей заңдық нигилизм отандық
теоретикалық құқықтық санада кең таралған. Орыс халқының революцияға
дейінгі ой пікірінің ерекшелігінің бірі қоғамдық ұжымдастыруды
идеализациялаумен байланысты құқыққа деген қарсылықты және шектен шығатын
қатынас болып табылады. Құқық алуан түрлі себептерге байланысты теріске
шығарылды: анархия немесе өзің – өзі билеушілік атына, Христос немесе
Маркстің атына, жоғары рухани құндылықтар немесе материалдық теңдіктің
атына.
1.3 Құқықтық нигилизмнің қайнар көздері
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт - құқықтық нигилизм. Құқықтық
нигилизм-әлеуметтік негилизм бір түрі.Оның мәні - заңға және қоғамдық
қатынастарды ұйымдастырудың құқықтық нысандарына негативті-теріс көзқарас.
Құқықты, заңды, нормативті тәртіпті жоққа шығарып, мойындамау, оларға
құрмет көрсетпеу; Ал себептеріне байланысты оның мәні - құқықтық
білімсіздікте, артта қалуда, тұрғындардың жалпы массасының құқықтық
тәрбиесінің жоқтығында.
Құқықтық нигилизм екі нысанда болуы мүмкін:1) теориялық (идиалогиялық
)- құқықтық нигилизмнің теоретикалық, концептуалдық негізделуі; мұнда
ғалымдар, философтар, саясаткерлер құққа қарағанда аса маңызды
құндылықтардың (мысалы, әлемдік пролетарлық революция) бар болуын
дәлелдейді. 2) тәжірибелік; мұнда аталған көзқарастар мен білімдерді
тәжірибеде жүзеге асыру орын алады-жаппай құқықтық нигилизм. Егер
мемлекеттік органдар, ведомствалар, лауазымды тұлғалар мемлекет бекіткен
заңдарды өздері орындамаса, онда ведомствалық құқықтық нигилизм
қалыптасады.
Құқықтық нигилизмнің көрінісі(түрлері):
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-
әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық, қылмыс немесе теріс
қылық;
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, субъектілер
(азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар)
құқық нормаларының талаптарына емес, өздерінің ойдан шығарған нормаларына
сәйкес әрекет етіп, өмір сүреді. Ал заңдардың орындалмауы – биліктің
әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес-соғыс, нормативті құқықтық актілердің
арасындағы қайшылықтар, бірбіріне қайшы келетін заңдарды қабылдау. Кейде
заңға тәуелді актілер заңнан жоғары болып кетуі кездеседі. Бұл нигилисттік
асыра сілтеу;
4) Мемлекеттің билік және басқару органдары арасындағы күрес-
қайшылықтар.
Құқықтық нигилизмнен құтылу жолдары: заң шығарушылықтың сапасын
көтеру; соттардың ролін көтеру; халықтың құқықтық тәрбиесін, заңгерлерді,
өзге лауазымды тұлғаларды кәсіби оқытуды және тәрбиелеуді уақыт талаптарына
сай келтіру; сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің барлық субъектілерінің
құқықтық мәдениет деңгейін көтеру бойынша жүйелі түрде жұмыс өткізу қажет;
Құқықтық нигилизммен бір қатарда, оған қарама-қайшы құбылыс – құқықтық
идеализм, немесе романтизм, бір сөзбен айтқанда, құқықтық нысанның шынайы
реттеу мүмкіндіктерін асыра арттыру, барлық проблемаларды шеше алатын
ғажайып күш ретінде санау. Платон идеалды мемлекетті құрудың басты құралы
ретінде ақылды билеушілермен қабылданатын идеалды заңдарды қарастырған.
Қазіргі күннің өзінде көптеген саясаткерлер қоғамдағы проблемаларды шешу
ісінде қателесіп, заңдарға аса үлкен үміт арттырады. Олардың пікірі бойынша
барлық проблемеларды тек жаңа, дұрыс заңдарды қабылдау арқылы шешуге болады
деп санайды. Егер құқықтық нигилизм құқықты бағаламаса, құқықтық идеализм
оны асыра түсіп бағалайды. Бұл қарама-қайшы құбылыстардың тамыры бір –
құқықтық білімсіздік, дамымаған және бұзылған құқықтық сана, саяси-құқықтық
мәдениеттің дефициті. Бір-бірін қоректендіретін құқықтық нигилизм мен
құқықтық идеализмді жеңу өте маңызды және қажетті болып табылады.
Леуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі
қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
Құқық – мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке-
ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда
болады. әдет-ғұрып, моральдық және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары
кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастың құқықтық
реттеуіне береді. Құқыққа көзқарас оның пайда болуы, орны және ролі
нормативтік реттеу жүйесінде қоғамның өзінің дамуына, құқықтық ойлардың
жетілуі, көптеген объективтік және субъективтік деректерге байланысты
ауысып отырады. Қарама-қайшылықтарына қарамастан әр түрлі құқық туралы
ойлардың, ілімдердің жалпы бағыты бір болады:
1. құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкін
емес;
2. құқық нормативтік нысанында жалпы адам баласының адалдығының
талабын көрсетуге міндетті, қоғамның мүддесіне түгелімен оның жекелеген
таптарына не болмаса, әлеуметтік топтарға қызмет жасауы керек, жекелеген
мүдделерді және жеке адамның қажеттілігін, қоғамның алғашқы негізін есепке
алуы қажет;
1. жеке меншік құқығы адамның барлық құқығының негізі;
2. құқық тәртіптіліктің өлшемі, ол мемлекепен белгіленеді және
қорғалады.
Демократия мен құқықтық мемлекет - адамның барлық құқықтары мен
негізгі бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етеді, адамдар арасындағы
байланыстарды дамыту және басқа да осымен байланысты ізгілік сипатындағы
мәселелерді шешу үшін маңызды.Мемлекеттер адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын толық құрметтеу және демократия мен заң үстемдігіне
негізделген қоғамдарды дамытуға талпынып жатқан тұрлаулы берік бейбітшілік,
қауіпсіздік , әділдік және ынтымақтастық жағдайын орнату ісінде прогресті
қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады.
Халықаралық келісімді қаматамасыз етуде мемлекет пен құқықтың ролі мен
орны өте ерекше. Көптеген мемлекеттер ынтымақтастық, әлеуметтік
бейбітшілік, қауіпсіздік орнату мақсатында өзара шарттар мен келісімдер
жасайды. Шартқа немесе келісімге қатысушы мемлекеттер адам құқықтары мен
негізгі бостандықтарын қорғау мен көтермелеу басқарудың негіз салушы
мақсаттарының бірі болып табылатынына өздерінің көз жеткізгенін білдіреді
және осы құқықтар мен бостандықтарды мойындау, бостандықтың, әділеттілік
пен бейбітшіліктің негізі болып табылатынын қуаттайды.Олар құқықтық
мемлекеттің негізін құрайтын осы әділеттілік қағидаларын қолдауға және
дамытуға толығымен бел байлайды.
2 Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
2.1 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың
бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың
асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне
үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін
қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын
жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және
рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды
туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,
жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін
күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен
қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың
алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс
құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр
қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын,
басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін
отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай
қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала
қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді,
өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін
жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін
жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз
бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені
даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-
қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де
жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі
студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу
орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете
керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей
тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі.
Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың
өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда
қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі
жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып,
қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз
жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары
бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне
сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің
айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның
өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында
Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы
күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі
әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы -
құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының
құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар
арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол
ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса
қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге
тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер
тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші
кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері,
ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен
шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы
қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру
ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ
тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер
әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға
әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін
жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық
негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет
етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық
пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында
болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз
байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі
теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру
барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады.
Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған
жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған
көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу,
оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық
мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты
құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл
құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең
бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға
ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық
тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-
құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-
әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп
қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей
байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды.
Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы
қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық
қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың
білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден
аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға
мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның
үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана
заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға
дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz