ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ХІХ ғасыр ақындары шығармаларындағы әйел-ана тақырыбы
1.1. ХІХ ғасыр өкілдері шығармаларындағы әйел
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... .5
1.2. Шал ақын шығармаларындағы әйел-ана
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Майлықожа өлеңдеріндегі әйел
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 Жаңа реалистік әдебиеттегі әйел бейнесі
2.1. Абайдың әйел бейнесін
сомдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Әнші ақындар шығармаларындағы әйел
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Әйел-ана тақырыбы кез келген елдің
әдебиетінде өзінің бастауын тым ілгеріден алатын-барша әдебиеттер үшін
ежелден келе жатқан етене тақырып. Әрине, ана, жар, махаббат мәселесі дүние
жүзіндегі барша халықтарға ортақ ең бір көкейтесті проблема болғанымен,
оның сол халықтардың төл әдебиетіндегі көрініс табу жайының мазмұны жағынан
да бір-бірінен айтарлықтай өзгешеліктері баршылық. Ал, ол өзгешеліктер сол
әдебиеттердің жүріп өткен жолдарынан, ұлттық сипатынан туындайды.
Әйел тақырыбы, әйел бейнесі XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиетте орын
алғанмен үлкен әлеуметтік мәселе деңгейіне көтеріле алмады да, ақын-
жазушылар әйел бейнесін жырларына қосқанда "жақсы қатын", "жаман қатын"
сияқты дидактикалық сипаттағы сарындардан әрі асқан жоқ. XVIII ғасырдағы
қазақ поэзиясының туындылары әйел мәселесін жеке тақырып етіп қозғамаса да,
жаңа мазмұндағы әйелге сипат беру, жақсы, жаман әйелді салыстырып тәрбиелік
мәнге назар аудару жағынан ауыз әдебиетімен және осыған дейін XV-XVIII
ғасырларда ғұмыр кешкен Асанқайғы, Шалкиіз сияқты жыраулар толғауларымен
сабақтас, ақыл, нақыл, ғибрат, өсиет түріндегі дидактикалық жырлар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың әйел
тақырыбындағы өлеңдері ағартушылық сипатта болды. Қазақ әдебиетінің XIX
ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі рухани өмірді жырлаудағы өзіндік бір
ерекшелігі - оқшаулық, тұйықтық болса, мұның салқыны әйел бейнесін сомдау
талпыныстарына да тиіп, әйел тендігі мәселесі үлкен әлеуметтік мәселе
деңгейіне көтеріле алмады. ХІХ ғасырда қазақтың ескі өміріндегі жағымсыз
әдеттердің құрбаны болған әйелдердің аянышты тағдырына жоқшы болып,
кесапаттың тамырына балта шабар кездің таяу қалғанын халқымыздың сол
кездегі ірі ақындары батыл жырлаған Абай Құнанбайұлы, Майлықожа
Сұлтанқожаұлы, Құлан Алдабергенұлы, Шал ақын, ағартушы, ғалым Шоқан
Уәлиханов болды.
Әйел теңдігі мәселесі туралы сөз еткенде мына жағдайларға ерекше назар
аудару керектігін ескертеді. Әйелдердің саяси құқықта ерлермен тең болуын,
қалың малдың жойылуын, он алтыға толмаған қызға құда түспеуін, он алтыға
толмаған қызға һәм он сегізге толмаған жігітке неке оқылмауын, молда неке
оқыған кезде әйел мен еркекті қарама-қарсы қойып ризалықтарын біліп оқуын,
екінші қатын аламын деген кісі бұрынғы қатынының ризалығымен алуын, жеті
атаға келмеген жерден қазақтың қыз алмауын т.б
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
ХІХ ғасыр өкілдері шығармаларындағы әйел тақырыбына талдау жасау.
Негізгі мақсатты орындау үшін мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
-ХІХ ғасыр өкілдерінің шығармаларымен танысу;
-ХІХ ғасыр әдебиетіндегі әйел тақырыбын талдау;
-Жаңа реалистік әдебиеттегі әйел бейнесін сомдаудағы ерекшеліктерін
анықтап, талдау;
Курстық жұмыстың нысаны: Х.Сүйіншәлиевтің, М.Әуезовтің, Қ.Сыдиқовтың
еңбектері негізгі материал болды. Жұмысты жазу кезінде Қазақ әдебиетінің
тарихы оқулығының 4,5-томы пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: ХІХ ғасыр ақындары шығармалары талданып,
нақты мәліметтер келтірілді. ХІХ ғасырдағы әйел-ана тақырыбы талданып,
сараланды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-
тәсілдері – баяндау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда
талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХІХ ғасыр ақындары шығармаларындағы әйел-ана тақырыбы
1.1. ХІХ ғасыр өкілдері шығармаларындағы әйел сипаты
Ақындық өнерін қалың бұқара қамы үшін жұмсаған өткір тілді ақын Құлан
Алдабергенұлы да өз шығармаларында әлеуметтік теңсіздіктерді әшкерелеп,
қазақ ішіндегі әйелді қалың малға сату сияқты жағымсыз қылықты айыптайды,
осы арқылы жеке әйел образын жасамаса да, әйел бейнесіне деген құштарлығын,
махаббат сезімдерін білдіреді. Әйелдер бар әртүрлі – деп басталатын
толғауында Құлан ақын жақсы әйелдің бейнесін жасайды: әйелдің үй-ішіндегі
алар орнына жеке мән беріліп, адал жар, абзал ана болуымен қатар ер
жігіттің ырысы ретінде мадақталады.
Әйел үйдің қақпалы қорғаны екен,
Ләпсі адал жігіттің жан-жары екен.
Келген жерін мінезі сүйсіндірсе,
Бір ері емес сол елдің ардағы екен.
Ақылына ісі сай болып келсе,
Қосағы Құдай қосқан олжалы екен.
Аузын ашса сөз емес, дүр төгіліп,
Тыңдаған үлгі-өнеге алған екен.
Жайнаса жай тасындай көктен түскен,
Ондай жармен өмір бақ жанған екен.
Керісінше, осыған керағар жаман әйел бейнесін де даралап сомдайды.
Жаман әйел - шайпау сөз, қазық аяқ – деп қорытынды жасай келе жастарды
осындай тәрбиесіз қыздардан сақтандырады, өз теңін табуды насихаттайды.
Қатыны жаман қандай-ды,
Қағып бір төсек салмайды.
Қаттырақ бір ұрыссаң,
Көмекейі бүлкілдеп,
Кеуіп-ісіп барқылдап,
Қыр соңыңнан қалмайды[1,156].
Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов қазақ қыздарының
теңсіздігін үлкен әлеуметтік мәселе деп танып, ол туралы батыл түрде өзінің
пікірін білдірді. Қазақта қыздарын тым жас кезінде және, көбінесе, олардың
ықтиярынсыз күйеуге беру сияқты сөлекет әдет бар екендігін айта отырып,
осы іске ел басқарушылар, патша әкімдері араласып, белгілі бір заң шығарса,
жасы жетпеген ұлдар мен қыздарды дін жолымен зорлап қосуға тиым салынса
деген пікірлерін білдіреді. Бұл – сол кездегі қоғамдық құбылыстың сырын
түсінген батыл ой
Шоқан пікірін Ыбырай Алтынсарин жаңғырта, жаңарта түсті. Ол қазақ
топырағында қазақ қыздары үшін арнаулы оқу орнын ашып, игі істің бастамасын
жасады. Олар өнер-білімге жетелесе, өз бас бостандығын өз қамтамасыз етеді
деген ағартушы-демократтың идеясын басым ұстады. Өзінің Орынбор
ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің
очеркі деген еңбегінде қазақтың ескі әдет-ғұрпына батыл наразылық
білдіреді[2].
Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы
суреттейді.
Жаман болса қатының,
Қонбаса айтқан ақылың,
Үйіңнің іші жау болып,
Отыңның басы дау болып,
Көп көзінше қыжыңдап,
Оңашада ызыңдап,
Құрбың келсе, құрысып,
Көрінгенмен ұрысп,
Қайраумен тілің мұқалып,
Қалың өңің жұқарып,
Үйіңнің іші қаңырап,
Өмірден көңлің тоқырап,
Белдеу жаудан жаман жоқ[3,165].
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген
мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті
шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің
мүддесін алға тартып жырлайды. Ерлік, елдік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері
мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идея.
Ақын шығармаларының бір парасы тікелей осы елдік пен ерлік тақырыбына
арналған.Оның Бөрілі менің байрағым, Ту алып жауға шапсаң сен деген
өлеңдері осы тақырыпта жазылған:
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен..
Сүйінбайдың Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінде атынан көрініп
тұрғандай, жақсы мен жаман адам, оларға тән қасиеттер бір-біріне қарама-
қарсы қойылып сипатталған. Ол – өмірде асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы
мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, осы өлеңінде
жырлаған:
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай...
Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай...
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай[4,229].
Қорыта келе, ХІХ ғасыр өкілдері шығармаларының әйел тақырыбындағы ортақ
түйіні жаман әйел отбасын бұзушы, ұрыс шақырушы болса, жақсы әйел отбасының
ырысы, ынтымағы деген пікірмен сабақтас. ХІХ ғасыр ақындарының әйел
тақырыбындағы қай шығармасын алсақта, жақсы әйел мен жаман әйелдің
айырмашылықтарын ұтымды жеткізе біледі.Жаман әйел - шайпау сөз, қазық аяқ
– деп қорытынды жасай келе жастарды осындай тәрбиесіз қыздардан
сақтандырады, өз теңін табуды насихаттайды.
1.2.Шал ақын шығармаларындағы әйел-ана тақырыбы
Шал шығармаларында көп қайталайтын тақырыптың бірі-әйел жайы. Бұл қай
заманда да ең алдымен ақынның шабытын шақырып, қиялын қанаттандырып, ойына
ізгілік ұялатып, жүрегін нұрландыратын, сөйтіп әрдайым аузына жақсы сөз
салатын ұнамды ұғым ғой. Шал ақын да ақ бетіне қан құйған, ерініне бал
құйған қыз қылығын өмірдің мәңгілік сәнді бейнесіндей суреттейді. Кейінгі
өлеңдерінде де жақсы әйелді ер жігіттің маңдайына біткен артықша бағы деп,
әр орайда әртүрлі мадақтайды.
Алғаның жақсы болса қара жердей...
Алғаның жақсы болса қорғандай-ды...
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды...
Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер...
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас...
Жақсы қатын шығарар ердің атын...
Жақсы қатын алсаңыз,
Алладан жауған нұрмен тең...[5,78]
Үйішілік тұрмыста, басқа адамдармен қарым-қатынаста өзінің сыпайы
мінезімен өмірлік серігіне де, ағайын-туысқа да, жора-жолдасқа да қалтқысыз
қадір танытатын жақсы әйелдің ақын жырындағы ұнамды бейнелері осылай болып
келеді. Өмір бойы сыйласып, бірін-бірі құрметтеп келген ерлі-зайыпты
адамдардың қартайған шақтағы әзіл-қалжыңы да өзіндік жарасым тауып, көңілге
жылылық ұялатады.
Мұның бәрі дұрыс. Ал бірақ сөйте тұрып, ақын өлеңдерінде әйелге
айтылатын сын да көп. Кейде тіпті әйел атына дөрекі сөздер де айтылып
қалады. Көптеген өлең жолдарында әйел мінезсіз, шайпау, долы болып келеді.
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын-осы үшеуі ер адамды қартайтатын
қырсықтың символындай ылғи тіркесіп жүреді. Ол неліктен? Адамгершілік,
кісілік қасиеттер жағынан қарағанда, қазақ әйелдері өзге халықтардың әйел
жыныстыларынан кем болып па? Әсте де олай емес. Ендеше қазақтар өздерінің
тым қатал қарап,қит етсе қыңыр тартатын кісілік танытып отырған ба? Олай
деу де әділетті болмас еді. Бірақ, қалай болғанда да, бір шарттылықты
мойындамасқа болмайтын сияқты. Қысқасы, әр нәрсенің себебін де тарихи
жағдайдан, әр кезеңдегі қалыптасқан өмір салтынан іздестірген жөн.
Сонау көнедегі жаугершілік заманда қазақтың ержүрек қыздары мен
әйелдері еркектермен бірге бес қаруын сайлап, сарбаздар, сапында жорықтарға
қатынасты.
Үй тіршілігінің барлық қам-қарекеті мен ауыртпалығы әйелдерде қалды.
Үй шаруасын үлгірту, бала тәрбиесі, ата –енені күту, келген қонақтарды
қарсы алу, тағы басқа толып жатқан жұмыстардың кем-кетігі мен олпы-солпысы
үшін жаманатты болатын-тек үй бикесі. Сондықтан оның атына айтылатын сын да
көп, тағылатын мін де көп.
Ақын шығармаларында әйел атына айтылатын қаңқу сөздермен қағажу айып-
кінәлардың көбі осындай жағдайларда ел ұғымында қалыптасқан ұғым-
түсініктерді сол қалпында жеткізсе, сол үшін оны кінәлаудың жөні жоқ
сияқты. Сонымен бірге адамның теріс мінезі мінеліп, жөнсіз қылығы
жазғырылып жатса, оның еркек-әйеліне қарамай, түпкі тәрбиелік мәнін
әділдігімен бағалаған да әділдік болар еді.
Ал сол кездегі ерлі-зайыптылар болмысындағы болымсыз жайлар да ақын
назарынан тыс қалмапты. Екі қатын алғанның дауы үйінде деген бір ғана
өлең тармағының өзінде ақынның өз заманындағы, бәлкім, одан да бұрынғы үй-
ішілік тұрмыс-тіршілікте қалыптасқан жәйттердің бәріне бірдей келісе
бермегендігін көрсетсе керек.Әйелдің қоғамдағы, от басындағы ерекше орнын
жан-жақты ашып көрсетеді.
Алғаның жақсы болса қорғандай-ды,
Жаман болса, қайтесің сормаңдай-ды,
Атың жүйрік, алғаның жақсы болса,
Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды.
Тыңдасаң жақсы кеңес құлақ құрышы,
Тәтті ұйқы, қалың төсек, жанның тынышы,
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент адамның дәулет құсы...
Қарттың сөзі кітапқа жақын деген,
Жер ортада өлмесін атың деген.
Ер ортада өлмесін қатының деген.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген...
От басының берекелі болуын арман еткен Шал ақын адал достық пен
кіршіксіз махаббатқа негізделген тату-тәтті үй-іші тұрмысын, бақытты
тіршілігін аңсай келіп, адамның бар жақсылығы негізінен алғанда, оның ақылы
мен көріп білген тәлім-тәрбиесінде болатындығын айтады да, бұл мәселеде үй-
ішінің ажары да, сәні де, мәні де – дұрыс жар, яғни әйел таңдауға үлкен
назар аудару қажеттігін баса айтады:
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің [6,120].
– деп, жар таңдау мәселесіне осылай ақыл-кеңес береді де, жақсы, жаман
әйел арасын ашып, ұнамды, ұнамсыз әйелдердің бейнесін елестетеді:
Алғаның жақсы болса қара жердей,
...Алғаның жақсы болса қорғандай-ды,
Жаман болса қайтесің сормаңдайды
Атың жүйрік, алғаның жақсы болса
Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды, – деп жыраулық стилъмен бір толғап
кеп, келесі бір жыр шумағында:
Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер [7],
– деп екі түрлі әйел бейнесіне сипаттама жасап, өзіндік қорытынды
жасайды. Жақсы, инабатты, адамгершілігі жоғары әйел бейнесі мен, ер
жігіттің түбіне жетпей қоймайтын ұрысқақ, салақ, өсекші әйел, яғни "жаман
әйел" бейнесі ақынның басқа өлеңдері мен толғауларында жиі кездеседі.
Қарауыл қана дейтін бір қатын болады;
Таңертең тұрады, түндікті оңынан ашады.
Кетіп бара жатқанға көз салып,
Өтіп бара жатқанды адал алады.
Екінші әйел-қыналы бармақ дейтін:
Аз нәрсені көптей қылады,
Көп нәрсені көлдей қылды,
Киіміне кір жұқпайды,
Асына қылшық тұрмайды,
Дүниенің бәрі таза болады.
Ерінің бары, жоғын білгізбейді.
Ер егіз, еңбексіз жалғыз деген,
Осы талайлы ердің қолына түседі.
Үшінші әйел-ашып атар, жатып ішер...
Саптама етік көрпікдек,
Сиыр жапасы сырпылдақ,
Сормаңдай ерге жолығады[8,143].
Жақсы және жаман әйел бейнесін көбірек жырланған Шал ақын
шығармашылығы өзіне дейінгі және өзінен кейінгі ақындар туындыларымен
тұтаса жалғасып жатыр. Екі түрлі кереғар мінезді әйелдер бейнесін жырлау
қазақ поэзиясының желілі бір сарынын танытса керек.
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды,
Үйіне мейман түссе, хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.
Жаман әйел байымен ұрасады,
Мейман келсе қабағы тырысады.
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.
Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелдің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас[9,97].
Жалпы, қорытып айтқанда Шал ақын-біздің ақындық дәстүрлі ұлттық
поэзиямызда әйел-ана тақырыбын ел болудың, іргелі халық болудың үлкен
идеясын тарата отырып кеңінен көтерген өз замандыдағы кемел суреткер
ақынымыз деп танылуға лайықты. Өйткені, бұл-әуелден ақырға дейінгілердің
қай қайсысының да әманда ойынан кетпейтін, әрқашанда да актуальдылығы күн
тәртібінен түспейтін басты тақырып. Өйткені, ел болудың барша мәселелері
арқылы шешімін табады. Өйткені, бұл тек қана күн көріп, тірлік кешудің
күнделікті күйкі мәселесі емес. Шал ақын өз қлеңдерінде әйел-ана тақырыбын
көтере отырып, бүкіл қоғамның тәрбиесін әйел ұғымымен байланыстырады.
Отбасының ұйытқы әйел екенін, жақсы әйел мен жаман әйелді салыстыра отырып
көрсетеді. Жаман әйелдің ұйқышыл, салақ келерін айтып, әйелдің ақылына
қарап таңдауға үндейді. Қазақ қоғамындағы әйелдің алар орнын Шал ақын
шығармаларынан анық аңғаруға болады.Шал творчествосының біз қысқаша сөз
етіп отырған негізгі қырының елеулілігі осында.
1.3.Майлықожа өлеңдеріндегі әйел бейнесі
Майлықожа өз өлеңдерінде әйел теңдігі мен қалың малға қызды беру
салтына өз наразылығын білдіріп, Алдаберген байға деген арнау өлеңінде
жасы жетпістен асқан шалдың жеке басының мүддесі үшін жас тоқал алып,
әйелдерді қорлаған қылықтарын мазақ қылады.
Ақынның әйел туралы ойлары жалпы адамгершілік ниеттен туған. Соған
қарамастан ақын әйел теңдігін жалпылама айтады да, әйелдің қоғамдық-
әлеуметтік құқықтары туралы пікірін білдірмейді, әйелді отбасы, ошақ
қасының берекесі, сүйген жар, жақсы әйел бейнесінде ғана
түсіндіреді[10,94].
Сонымен қатар, ол өзінің мысал үлгісінде шығарған Тотынама
толғауында әйел бейнесіне жете мән беріп, ақылды әйелдің ер жігітке ырыс
болатындығы туралы дидактикалық-сарынды келтіреді де, еркекпін деп
өркөкіректікке ұрынған, дандайсыған ақымақтық қылықтарды сынап, әйелді
сыйлай білуді уағыздайды. Адамның бір-бірінен артықшылығы жынысында емес,
әйелдің еркекке бергісіз данасы да болатындығы туралы ой қозғап, әйел
атаулымен санасу керектігі жөнінде қазақ әдебиетінде алғаш рет өз үнін
білдіреді.
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды
ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы
әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол
шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де
жақсы, жаманы бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің
жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен
өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс[11,49-50].
Майлы өлеңдерінің тағы бір өзіндік тақырыбы әйел жұртының өмірден,
отбасынан алатын орнын белгілеу. Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны
өзінше бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, отбасы сәні,
жігіт қызығы - жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың
даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, шынайы, көркіне сай жан жары
болмақ. Бірақ әйелдердің де "жақсы", "жаманы" бар. Оларда ерлер сияқты екі
топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде,
адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын
серік,сарқылмас ырыс.
Ырыс қалың жігіттің
Қатыны шаруа томпаңдап,
Жаман қатын көп ұйықтар
Оятсаң араз қоңқаңдап.
Жақсы болса қатының,
Ер егізің, жақының.
Жан денең де жай тауып.
Тола да болар ақылың.
Өзіңе керек жұмыста
Көрмейсің істің қапылын.
Шолпан жұлдыз жар алсаң
Кіргізеді көркіңді-ай,
Қызықтықпен өткен күн
Болмай кетер бір күндей.
Ақын өзінше жаман әйел сиқын да шебер бейнелейді. Ондай әйелге
қосылған адамның күні қараң, өмірі қызықсыз деп қорытады ойын.
Жаман болса қатының
Ұқсайды тілі шешекке
Ызаға толар қос өкпе,
Әр жұмысты қылғанда,
Жолықтырар кесетке...
Арманда кетер өмірің.
Ақынның әйел туралы пікірлері - жалпы адамгершілік ниеттен туған, өз
кезеңінің салтына қайшы келмейтін пікірлер. Бірақ ақын әйелдің қоғамдық
құқықтары пікір қозғамайды. Әйел тек үй-ішінің құты, сүйген жар шеңберінде
ғана түсіндіреді[12,68].
Майлы басқа өлеңдерінде де әйел теңсіздігі мен калың мал салтына ашық
наразылық білдіреді. Жастардың өз теңдеріне қосылу керек, бірін-бірі көріп,
сүйіп құда түсуі орынды, кез келген ала салуға немесе шал-шақпытқа ұзата
беруге болмайды деп біледі. Ол:
Жақсы қатын жігіттің жан жолдасы
Үйір болып ақиретте қосылады,
Аумаса бір-бірінен ықыласы,-
дейді.
Ал әйел теңдігін аяққа басқан ескі салтты қостаушы малдыларды қатты
сынайды. Жасы жетпістен асқан шалдың жеке басының қызығы мен малын бағатын
жалшы керек болғандықтан жас тоқал алып, әйелді қорлайтындарын айтып,
ондайларды мазақ етеді. Мысалы, өзінің Алдаберген байға арнауында, оның
осы бір ерсі істерін бетіне басады.
Бай едің бағың асқан Алдаберген,
Қораңнан қой мен түйең аңдап өрген
Құтты болса байға құт, тоқалға сор,
Он бесінде қаусаған шалға келген.
Жетпісінде қыз алып болдың жігіт,
Тоқалға-сор, жұртқа ерсі, саған-қызық.
Қатын үсті қаңсыған шалға тиіп,
Тоқал сорлы қылады неден үміт?!
Майлы Төлеубай үйленген кезде тойының үстінен шығып, жаңа түскен
түскен келіннің бетін ашады. Төлеу төрт әйелінің үстіне тағы бір қыз алып,
оның обалын мойнына тағып, құдай алдында күнәлі болып отырғанын ескертеді.
Жас келін тағдырына аяушылық білдіреді.
Келін келді Жортпастан
Үсті-басын шоқ басқан.
Төрт қатынның үстіне
Бесінші боп қарағым,-
Қайтып келдің қорықпастан?!-
деп, келінге қарата сауал тастайды. Осы сауалдың өзі жай қойылмайды. Сол
арқылы ақын әйел теңсіздігіне өз наразылығын білдіреді[13,226].
Қорытындылай келе, Майлықожа шығармаларындағы әйел тақырыбы басқа ХІХ
ғасыр өкілдерінің шығармаларындағы әйел бейнесімен мазмұндас яғни, жақсы
әйел мен жаман әйелдің айырмашылықтарын баса көрсетеді. Сонымен қатар,
қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігін Майлықожа өлеңдерінен анық байқауға
болады.
2. Жаңа реалистік әдебиеттегі әйел бейнесі
2.1 Абайдың әйел бейнесін сомдауы
Қазақ әдебиетінде әйел тақырыбын ұлы ойшыл ақын Абай бұрын болмаған
дәрежеде дамытып, әйел бейнесін сомдауда үлкен төңкеріс жасады. Әйел
тендігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең қамтылып, жалпы адамгершілік
идеясымен қабысты. Ол қазақ қызының теңсіздікті басынан кешіріп, теңіне
қосыла алмай келген ауыр халіне күйінішін білдіріп, осыған наразылық
белгісі ретінде аянышты сезімге толы өлеңдерін арнады. Бір сұлу қыз
тұрыпты хан қолында – деп басталатын өлеңінде ескі салт бойынша қалың
малға қартаң жастағы ханға тоқалдыққа беріліп, жас өмірі қор болған қазақ
қызының аянышты халін суреттейді. Қанша байлық пен сән-салтанатта жүрсе де,
хан сыйлаған алтын-күміс алқаға алданбай, өз ары мен намысын жоғары ұстаған
қыздың әділетсіздік пен зорлық атаулыға наразылығын жақтап, қорлықта
жүргеннен гөрі өлгенді жөн көрген қыз шешімін қолдайды:
Етімді шал сипаған құрт жесін де,
Жартастан қыз құлапты терең суға [14,465] – деп өлеңнің бас жағында
қыз тағдырынан хабардар етеді де:
Сән-салтанат жұбатпас жас жүректі,
Кім де болса тұрғысын көксемектті– деп тең-теңімен деген мәтелдің
шын мағынасындағы мәніне назар аударып, махаббат бостандығын биік ту етеді.
Масғұт поэмасында да әйелді қоғамның тең мүшесі ретінде қарап, оның ана,
ақылшы, жанашыр, сүйген жар, үй-ішінің ұйытқысы ретіндегі ролін жете
түсіндіреді. Әйелді адам ретінде жоғары бағалап, гуманистік ойын танытады.
Әйел бейнесін сомдауда, оның өмірдегі орнын бағалауда Абай өзіне
дейінгі ақындардан шеберлігін асырып, әйел тақырыбы оның поэзиясының басты
өзегіне айналды. Абайға дейінгі ақындардың махаббат шығармалары қыздың
сыртқы сұлулығын мүсіндеуден аспайтын да, қыз бейнесін оны сүйген жігіттің
нысаны ретінде сүрең қалыпта кейіптелетін. Ал Абай поэзиясында әйел бейнесі
сүйе, күйе білетін кейіпте ғана емес, өз бойын құрсаған сезім – туралы сыр
ақтара алатын жанды кейіпте бейнеленді. Абай қазақ қызының шынайы бейнесін
жасады. Оның қиялынан туған қыз бейнесі бұрынғы аңыздар сомдаған шығыс
поэзиясына тән хор сұлуы емес, ұлы ақынның шебер қаламынанқиылып жасалған
нағыз дала мінезді, әдемі де биязы мінезді, қазақы қалыптағы сұлу
тұлғасымен мұндалады[15,253].
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең қамтылып, жалпы
адамгершілік идеясымен қабысып келді. Абай бұл мәселелерді көтеруде де
өзінің жаңашыл, еркін ойлы ақын екенін көрсетті. Ол қазақ қыздарының
теңсіздікте езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі
бұған, наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды. Қазақтың
ескі салты бойынша әйелдерді сүймеген адамына зорлап қосады.
Абай үйлену, ерлі-зайыпты болу ісіне немқұрайлы қарауға, мал беріп
алғанның бәрі жар болып, дос өмір сүре алады-мыс деген ескі түсініктерге
қарсы шығады.
Кәрі, жас дәурені өткен тату емес.
Епке көнер, ет жүрек сату емес.
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел
Мал беріп алғанымен қатын емес.
Немесе:
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жоқ...
Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, тату-тәтті, ерлі-зайыпты
өмірді мақұлдап, жүрек епке де, малға да, күшке де көнбейді, күні өткен
кәрі мен уылжып тұрған жас келісті өмір сүре алмайды деп, қалыңмал салтына
батыл наразылық білдіреді[16,132].
Абай өзінің шығармаларында әйелді біреуге ана, біреуге қарындас,
қыз, біреудің қорғаны, ақылшысы, жанашыр қымбаты, сүйген жары деп дұрыс
түсіндіреді. Өзінің Масғұт поэмасының бір жерінде Абай:
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызық жоқ кімнің басы,
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.
Тегінде адам басы сау бола ма?
Үйінде тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?-
дейді. Осы поэманың басты кейіпкері Масғұттың алдына таңдау ұсынғанда
дүниедегі ең байлық пен ақыл даналығын алғызбай, Абай оған әйел
жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады.
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер.
Масғұт: еңбексіз малды болам деп, біреуді жеп, не қайыршы болып тіленіп
нем бар? Ақылым артық дана болсам, мені кім ұғар, кім сыйлар? Көп ақылсыз
ішінде бір ақылдының өзі-ақ ақымақ танылар деген оймен, асқан дәулет пен
байлықты да, даналықты да қаламай, әйел жұртын сүюді ұйғарды. Бұл таңдау,
сөз жоқ, автордың да таңдауы. Оның дүниесіндегі ең қымбат санайтыны-адам,
оның ішінде аяулы ана, сүйген жар. Сондықтан да әйелді адам ретінде жоғары
бағалауы-ақынның озат ойының жемісі.
Әйел мәселесіне осы тұрғыдан қарағанда Абай махаббат мәселелерін
терең толғайды. Абай өлеңін оқығанда ғашық жастардың ішкі сезімі, жүрек
сыры, ақ ниет, адал пейілі көңіліне бірден ұялап, көз алдында тұрғандай
болады.
Ғашықтың тілі – тілсіз тіл.
Көзбен көр де, ішпен біл,
Сүйісер жастар, қате етпес,
Мейлің илан, мейлің құл,-
деген үзіндідегі автордың сырды терең толғауы сол кездегі ескі
түсінікке мүлде қарама-қарсы.
Абайдың А.С.Пушкиннен аударған Евгений Онегин үзінділері де осы
сүйіспеншілік тақырыбына сай өз пікірін толықтырарлық еңбектер.
Абай адамды қорлауға, бірін ер, бірін әйел деп бөліп кемсітуге
қарсы. Дүниенің қызығы, өмірдегі жан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz