Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Жоспар
Кіріспе
І. Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
1.1 Ұлттық банктің басқару құрылымы.
1.2 Ұлттық банктің негізгі міндеттері және мақсаты.
1.3 Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік ақша-несие саясаты.
ІІ. Бөлім Ұлттық банктің экономикадағы рөлі.
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары.
2.2 Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық
резервтерді басқару.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан
Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы ( Мемлекеттік даму банкісінен басқасы ) –
екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші
деңгейдегі банктер деп атайды.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша –несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталған.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша –несиелік реттеудің негізгі обьектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма –қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Ұлттық банктің басқару құрылымы,
мақсаттары мен міндеттері қарастырылған.
Екінші бөлімінде Ұлттық банкінің шет елдік экономикалық қызметтері мен
алтын валюталық резервтерді басқаруы қарастырылған.
Курстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
банктік қызмет нарығында пайда болған қиыншылықтарды қарастыру және оны
шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті – курстық жұмыстың мақсатына сай
мынандай міндеттер шығарылады ;
- Ұлттық банктің қызметтерді ұсынуының теоретикалық аспектілерімен танысу.
- Ұлттық банктің негізгі даму беталысын анықтау.
- Банктің қызмет нарығында пайда болған қиыншылықтарды анықтау және оны
шешу жолдары.
1. Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
1.1 Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына
;Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып
табылады және басқармаға мынандай негізгі қызметтер жүктеледі;
-мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау:
- банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық
актілерін бекіту:
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім
қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резевтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін
бекіту;
- Қазақстан Ұлттық банк жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және
Президенттің бекітуіне беру;
- Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы
есебін қарау және бекіту;
- Қазақстан Ұлттық банк туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен
резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де
мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық банкінің
құрылымы және бюджетті, департамент директорларын, филиалдардың,
өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы
нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы
туралы шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің ( Директораттың ) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ–не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
- Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына;
- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директолар кеңесң болып
табылады. Директорлар кеңесң құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасары
және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кереді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді;
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметтен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметтен босатады;
- ҚҰБ нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР президенті
бекітеді;
- ҚҰБ нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы
Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс
істейді.ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен
өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функцианалдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты,филиалдары, өкілеттіктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынандай департаменттер мен дербес
басқармалары бар;
- зерттеу және статистика департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- монетарлық операциялар департаменті;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- қаржылық қадағалау департаменті;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі;
- Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді;
- Мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясының Ұлттық банк өкілеттігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Прогрессингтік орталық;
- Банктік сервис бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі. Кезектен
тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің
талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы
–бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім –шарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы
уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен жұмыстан
босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы
арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын
сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағалардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Үкіметтің бас банкирі, қаржы
кеңесшісі және агенті. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы
Заңында былай жазылған; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметтің
бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқа да мемлекет
органдарымен өзара мәмілеге келуі бойнша әрекет етеді.
Ұлттық банк барлық үкіметтік қорларының және басқа да мемлекеттік
органдардың депозитари- банкі болып табылады. Ол органдардың шот
қаражаттарын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай –ақ оларға
қаржылық қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың
шотын жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және Қаржы
Министрлігінің тапсырмесы бойнша төлемдерді жасайды. Ұлттық банк бюджеттің
кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуі жағынан
Үкіметтің фискальды агенті және дипозиттары қызмет көрсету функциясын,
барлық меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық
және жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен
атқарды.
Бюджет банк және оның жергілікті мекемелері Қаржы министрлігінің
органдарына хабар береді.
Қаржы министрлігі қарамағына қазыналық институттың құрылуы мен
байланыствы мемлекеттік бюджет кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған
құрылымға беріледі.
Қаржы министірлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір
бөлігін құрайтын, Үкіметпен шығарылған және кепілденген бағалы қағаздар
айналымын реттеуге қатысуға құқы бар, яғни ол мемлекеттік заемдардың
нарықта орналасқаны және эмиссиясы бойнша операциялар жасайды.
Мемлекеттік ақша –несие саясатының және қаржы жүйесі қызметінің
тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкіге Заңға сәйкес, келісім-
шарт негізінде Қарзы министрлігіне, 6 айдан аспайтын мерзімге бюджеттің
ағымдағы кірістері мен шығыстары арасында жылдың ішіндегі үзілістердщі
жабуға, яғни бюджет тапшылығын жабу үшін қысқа мерзімдщі несие береді. Бұл
несиенің мөлшері шектеулі, оған Қазақстан
Республикасының Парламаенті лимит белгілейді.
Қаржы министрлігіне берілген әрбір несие сомасы, оны төлеу мерзімі
және пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген келісімдерге қол қойылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген несиелік лимит негізінде
үкіметке берілген несие сомасына Ұлттық банк Қаржы министрлігінің бағалы
қағаздарды, оларды бірінші орналастырған кезде ( қазыналық міндеттеме )
сатып алады.
Шамамен осы өзара келісім шарттар бойынша Ұлттық банк Үкіметке
мемлекеттік қарызды жабуға, ақы төлеу, қайтару, көздеген мақсатқа жұмсау
шартымен несиелер береді. Ол үкіметтік несиелердің өтелу мерзімін бақылайды
және келісімде көрсетілген мерзімде олардың пайдалануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк Қаржы министрлігімен бірге отырып мемлекеттік заемдарды
өтеуге, пайыз бойынша олардың мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге
қатысады.
Ұлттық банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесшісі болып табылады.
Өйткені болашақта ақша қаржы, несие және басқа да макроэкономикалық
көрсекткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін,
ірі экономикалық, ғылыми және ақпараттық орталық бола бастайды.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамысыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы –несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметіне пайданы табу мақсатын көздемейді.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клинеттеріне - шаруашылық
субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның
клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды.
Осыдан келіп, Ұлттық банкіні ; банктердің банкі деп атайды.
Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап,
оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлтық банкіде банктерден және жинақ
менкемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Ұлттық
банк банктердің банкі қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты ұлттық банкке мынандай қосымша міндеттер жүктеледі;
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар
төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның
әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын
жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы
қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынандай көздерден құралады.
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу,
жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы банктері және банктік қызметтер туралы Заңға сәйкес банктерді
қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк;
- банктің құрылтайшыларын,олардың бекіткен шектен асқан акциялар көлемін,
иемденуіне,иелік етуіне, басқаруына бақылау жасауға;
- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік жарамдығын анықтауға;
- банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соның ішінде, орнында
немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылы, өзінің бақылау және қадағалау
қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті ақпаратты алуғу құзыретті;
Банктер Ұлттық банктің шешімдерін орындамаған жағдайда,оларға айып-
пұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар.Ұлттық валютанаң қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшанаң айналымы,олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшанаң жағдайы біршама деңгейде өзгерді.
Эмиссия – бұл банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың
шығарылуы. Ол қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі—кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағамсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ, 1995 жылдан бастап жағдай жақсара бастады, бұл кассалық
түсімдердің шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма- қол ақшаларды
эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша
–несие саясаты үшін үлкен мәні бар
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша – несие саясатын нақтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша –несие саясатының басты
мақсаты; ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттігі мен
басқа шетел валюталарыны қатысты қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша –несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағатталған шаралар жиынтығы.
Ақша –несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша –несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
обьектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма –қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады.
Шаруашылық коньюктурасының жағдайына байланысты ақша –несие саясатының
екі типі болады;
1. Рестракциялық
2. Экспанциондық ақша несие саясаты.
Рестракциялық ақша –несие саясаты - екінші деңгейлі бактердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесін деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспациондық ақша –несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша –несие саясатының басты көздеген бағыты
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қаматамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша –несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша –несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойнша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несиелер беру;
- Валюталық нарықта интервенциялау;
Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде
қолданылып отырғандары:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік мөлшерлемесі
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына
несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция
деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе Қазақстан Ұлттық банкі
Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша
қолданылады.
Ресми есептік мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер
бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық
банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында
қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыз мөлшерлеме болып
табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге
қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойнша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық
пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады. РЕПО ның мақсатты мөлшерлемесін ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді елеулі ауытқуын болдырмау.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ –ғы корреспонденттік шоттары
бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқталуы барысында бір түнге
берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ –ғы теңгеге ашқан корреспондеттік шоттары
бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аудармалар жасауға қажетті ақша
қаражаттары уақытша не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей кестемен
беруге болады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
Пайыздар, кезеңнің соңында
№ Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері 12..2002 ж12..2003 ж 12..2004
1 Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2 Есептік (дисконттық ) 12,5 8 8
3 Овернайт займдары бойнша 2012 9 129
4 РЕПО операциялары бойнша,
Оның ішінде
Овернайт - 5 5,5
1 жұма 6,5 5 5,5
2 жұма 5,5 5,5 5,5
Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюлетенінен алынған.
Ақша –несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің
нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай
өсіру үшін жағдай жасауға, сондай ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының
жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
2003 -2005 жылға арналған ақша – несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамын көрсетейік.
2003 -2005 жылдарға арналған ақша –несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы.
№ Көрсеткіштер 2002 2003 2004 2005
(бағалау
)
1 Инфляция
жылына орташа,% 6 4-6 4-6 3-5
2 Қайта қаржыландыру
жылдың соңында 7,5 6-7 5-6,5 4,5-6
3 Алтын валюта резерві
млн. АҚШ доллары 3008 3355 3541 3673
өзгерістер,% 16 11,5 5,5 3,7
4 Ақша базасы
млрд. теңге 207 237 268 304
өзгерістер,% 18,1 14,8 12,9 13,9
5 Ақша массасы
млрд тенге 707 865 1008 1168
өзгерістер,% 22,7 22,4 16,6 15.9
6 Банк жүйесңндегі резиденттердің
депозиттері
млрд тенге 544 671 788 910
өзгерістер, % 22,3 23,3 17,4 15,5
7 Экономикаға беретін банктің
несиелері
млрд тенге. 439 571 718 866
өзгерістер, % 58,8 30,1 25,7 20,8
8 Халықтың теңгедегі мерзімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz