Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

  1. Халықтық педагогика туралы жалпы мәлімет . . . 5

ІІ. Негізгі бөлім

Дүниетану пәнінде халықтық педагогиканы қолдану

  1. Халықтық педагогиканың оқушылардың оқу-танымына ықпалы . . . 9

2. 2. Дүниетану пәнін оқыту ерекшелігі және маңыздылығы . . . 14

2. 3. Дүниетану пәнін оқыту барысында халықтық педагогиканы қолдану және оның ерекшеліктері . . . 20

Қорытынды . . . 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде.

Тәрбиені қажет ету адамның пайда болуымен бірге туды және адам қоғамы қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай тәрбиенің дамуын халықтың, этностық қатысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.

Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани медениеті тарихын туғызды.

Халықтың рухани өмірін анықтаушы жейттер еңбектен, табиғаттан, ішкі дарындылықтан, табиғилықтан және адамгершіліктен туындады. Және дәл осылар тәрбиенің нағыз халықтық сипаттарын айқындап берді.

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тербиеленді, бәрін тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани өмірі арасын байланыстырушы ретінде алға шықты. Тұтас алғанда халықтың материалдық және рухани өміріндегі педагогикалық мәдениетінің ерекше хал-ахуалы осымен түсіндіріледі. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті педагогтардың қай-қайсысы болмасын халықтық педагогика этностық ұжымдық шығармашылығының құрамды бөлігі екендігін ескертіп, оның педагогикалық мәдениеті көрінісі ретінде ежелгі дәуірлерден тамыр алатындығына назар аудартуы осыдан.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдану тақырыбын ашу. Жан - жағынан сараптап, саралау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Халықтық педагогика туралы түсінік беру;

Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдану туралы түсініктеме беру.

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдану.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: берілген тақырыпта көптеген ғалымдар, филологтар жұмыс істеді. Берілген тақырыпта көптеген еңбектер жазылынып, берілген тақырып жан-жақты сараланды.

Курстық жұмыстың құралымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдану қарастырылған, жан-жағынан сараланған.

1. 1. Халықтық педагогика туралы жалпы мәлімет

Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білімі, тәжірибесі. Халық педагогикасының зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері тағы басқалар жатады. Орыс педагогикалық әдебиетінде “халық педагогикасы” терминін енгізген К. Д. Ушинский, ол халық шығармаларында орыс халық педагогикасының алғашқы және айқын белгілерін көрді. Ал қазақ кеңес энциклопедиясында “халықтық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі…” деп айтылған.

Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің дамып жетілмеген кезінде пайда болмағандықтан тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қолөнеріне негіздей жүргізуді уағыздады. Бертін оқу-білім дамып, ғылым мен техника өркендей бастаған кезде XVII ғасыр аяғында славян педагогы Я. А. Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев тағы басқа педагог-ғалымдардың бәрі оқу-тәрбие ісін ұлттық мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі деп қарап, олар ұлт тілі мен ұлттық әдебиетті, халықтық салт -дәстүрлерді білім беру ісі мен тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдалануды қуаттады.

Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі Г. Н. Волков. Ол екі монографияның авторы: “Чувашская народная педагогика”, “Этнопедагогика”. Оның анықтауы бойынша, халық педагогикасы - бұл халықтың тілегіне сәйкес жеке адамның бойына қасиеттерді дарыту мақсатымен педагогикалық дәстүрлердің, тәрбие мен оқыту құралдарының жиынтыгы.

Ал қазақтың халық педагогикасының тарихын адамзат мәдениетінің даму кезеңдерімен байланыстыра қарастырып шартты түрде 8 дәуірге бөліп қарастыруды жөн көрдік. Ол:

1. Алғашқы қауымдық құрылым кезеңіндегі тәрбие.

2. Сақтар мен ғұндар дәуіріндегі жауынгерлік тәрбие (б. з. д. VII-Vғ. ғ. ) .

3. Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IXғ. ғ. )

4. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері. (X-XIVғ. ғ. ) .

5. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар (XV-XVIIIғ. ғ. ) .

6. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі тәлім-тәрбие мен ағартушылық идеялардың өркен жаюы (XVІІІ-XXғ. ғ. 20 жылдары) .

7. Кеңестік дәуірдегі ұлттық ғылыми педагогиканың дамуы (1920-1990жж. )

8. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті кезіндегі тәлім-тәрбие көріністері (1991 жылдан кейінгі кезең) .

Қазақтың халық педагогикасы тарихының 1-5 дәуірлері барлық халықтарға ортақ болғандықтан, ол дәуірлерге тоқталмай, қазақ халық педагогикасының ғылым ретінде туып қалыптасу кезеңін қамтитын ұлттық тәрбиенің басқа кезеңдерін баяндауды жөн көрдік.

XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш сөз қозғап, еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушыларының қолжазбалары десек, екінші XX ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамбетов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов тағы басқа қазақ зиялылары еді. Әсіресе қазақ халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми негізін салуда М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың еңбектерін ерекше атап өтуге тура келеді. Қазақ педагогикасы ғылымы саласында Мағжанның пір тұтқаны: бірінші ұлы ойшыл, ақын Абайдың тәлімдік шығармалары болса, екінші қазақ халқының өткендегі

бай мұрасы ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін ғылыми зерттеу ісіне арқау етті. Ол қазақ бесігінің баланың жаны мен тәнін өсіріп жетілдірудегі ролін, “бесік жыры”, “санамақ”, “жаңылтпаш”, “жұмбақтардың” тәлімдік мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Баланың ойлау, қиялдау қабілетін жетілдіруде ертегілер мен төрт түлік малды мысалға алуы немесе ұлттық ойынның ерекшеліктерін сөз ету, тәрбиені күнделікті өмірмен байланыстыру, сана-сезімді, ой-қиялды жетілдірудің жолдарын ғылыми аспектіде қарастырып, тәрбиені халықтық педагогика құралдарына сүйене отырып жүргізудің жолдарын көрсетті. Ал жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймауытов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш “Психология”, “Жан жүйесі және өнер таңдау” атты еңбектердің авторы болды. Мұнда ол барлық мамандықтың қажеттілігін айта келіп, табиғи икемділік қабілетке, оның биологиялық негізіне ерекше көңіл бөледі. Адам тәрбиелеуде, маман шығаруда жетекші рольды қоғамдық факторлардың атқаратынына ден қояды. Алайда, 1930-1970 жылдар арасында Қазақстанда халық педагогикасын зерттеу ісіне мән берілмеді. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойнына алған пионер-комсомол ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. 1940-1950 жылғы үрдістен кейін 1970-1990 жылдарында қазақ халық педагогикасын зерттеу ісі қайта қолға алынып жандана бастады. Бұл кезеңде Ш. Ахметовтың, Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің, Ә. Табылдиевтің, С. Ұзақбаеваның, М. Құрсабаевтың тағы басқалардың баспа арқылы жарық көрген зерттеу еңбектерін атауға болады. Олар өз елінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырымы, жол-жораларын терең біліп, халық педагогикасын жан сала қолдап, зерттеді. Осыған олардың біраз көкейкесті мәселелерді алға тартатын ұлттық тәрбие жайындағы еңбектері дәлел болады. Білім беру мен тәрбие мәселелерінде жаңа идеялар дүниеге келді. Әсіресе нарықтық экономикаға көшу, жастардың өмірге деген көзқарасын мүлде жаңартуды талап етті. Оны шешуде білім беру, тәрбие ісімен бірге ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, жастарды іскер, өмірге бейім, адамгершілік қасиеттері мол, өзінің жеке бас мүмкіндіктерін бағалай білетін, өмірге сын көзімен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алатын азамат тәрбиелеу күн тәртібіне қойылды. Алайда бұл аталғандар ұлттық тәлім-тәрбие ісі мен ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы бастамасы ғана.

Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Демек, халық педагогикасы - тәлім тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халық педагогикасының саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету - борышымыз.

Осыдан халық педагогикасы мұрасының бірі - дәстүр.

Дәстүр - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, ол дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн болып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына, марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол - халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамтану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.

Дәстүр - адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрінде, қарым-қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрінде, еңбек дәстүрінде. Сонымен, қай халықтың болса да ұлттық үрдісі, біліктік қасиеті, өзіндік әуені, тағылымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз.

Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жұтаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді. Ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп, халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастады. Сондықтан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшеленіп өткен, бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші ұстаздардың абыройлы міндеті. Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдарының, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері - біртұтас ғылыми педагогикалық негізінде, тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Халықтық педагогиканың оқушылардың оқу-танымына ықпалы.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, халық педагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Өйткені, қазіргі қоғам дамуындағы нарықтық экономика талаптарына байланысты кез келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Бұл өз ретінде адам мүмкіндіктерін, оның мүдделері мен ұмтылыстарын жаңа талап тұрғысынан шешуді, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына динамикалық үрдіс ретінде қарауды қажет етеді. Ал қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің мәселесі. Бұл - ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе. Сондықтан біз бұл мәселелердің заңдылықтарын, негізін, ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарына сүйенеміз.

Қазіргі кездегі өмір отбасы тәрбиесінен бастап әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән сана-сезімі, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар тұлға екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:

  • халық тәжірибесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру;
  • қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этникалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының еркін гүлденуін жас ұрпақтың санасына сіңіру;
  • балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру. Өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;

- адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;

  • ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
  • еңбектің адам өміріндегі мәнін, маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары икемділікке бейімдеу.

Осымен халықтық педагогикасының озық дәстүрлерін білу адамгершілік қасиет-сапаларды қалыптастыруға негіз болады. Біздің мемлекет отбасындағы қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, балалардың отбасында дұрыс, жақсы тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысынан жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан жаңа Заң отбасындағы қарым-қатынастың нығаюын, баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің басты әліппесін бала отбасында алады, ұлттық тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі. Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазына - ұлттық тәлім-тәрбиеден нәр алумен ұштастырылуы талап етіледі.

Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары - көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Ол еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан бетін қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың мәселесін қайтармау: көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т. б) . Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көз қарастың сәйкестігі, кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған. Сөйтіп ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дархан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, ойлау жүйесінің негізі болды.

Әсіресе, орта ғасыр ойшылдары мен XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясында келелі сөз болған мәселе адам тәрбиесі еді. Қазақ ұғымындағы “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілік қасиетпен, ар-ожданмен өлшеу, “жеке адам” ұғымының ауқымын кеңейте түсті. Сол сияқты “Ақын елдің еркесі”, “Өнерліге өлім жоқ”, “Өнерлінің қолы алтын” деп қараған ата-бабамыздың өнерлі азамат, сал-сері жөніндегі ұғымы әлдеқайда ауқымды. Осыдан қазақтың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшелігі - ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға берілген. “Ақылдың көзі - аталы сөз” деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді “Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген”, “Сөз сүйектен өтеді”, “Жақсы сөз - жарым ырыс”, “Жақсы сөз жан семіртеді” және де тағы басқа мақал-мәтелдерден байқауға болады. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі - ұлттық базисы мен қондырғысы болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Екі қазақ кездесе кетіп, амандық сұрасса “Мал-жан аман ба?” - деп сұрауы да сол пікірге байланысты. Өйткені малдан айырылу жаннан айырылумен бірдей болған. “Мал ашуы - жан ашуы”, “Малдының беті шарық, малсыздың күні кәріп” - деп, ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмір жоқ, күн көрісің қараң деген ойды түйдірген. Осыған байланысты төрт түлік малға арналған мақал-мәтелдер, ертегі-әңгімелер, жаңылтпаш-жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, тіпті сұлу қызды “Ботакөз”, ал батыр, алғыр жігітті “нар жігіт” деп атауы, немесе баласын “құлыным”, “ботам” деп айналып, толғануы ұлттық тілдегі көрінісі болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңыз ертегілері
Қазақтың халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесінде алатын орны
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Балаларға арналған көркем мәтіндердегі бейнелі сөздерді үйрету жолдары
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Қазақта Баланы жастан
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz