Түгендеу қорытындысын құжаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Инвентаризация мақсаты, уақыты, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Тауарларға инвентаризация жүргізу тәртібі: ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Құрылған комиссия мақсаты және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Түгендеу жүргізу әдісі, тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Түгендеу қорытындысын құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3. Түгендеу қорытындысын шығаруды бақылау ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...  26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін
қамтамасыз ету үшін субьектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен
міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-
жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады. Бухгалтерлік
есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары жайлы, олардың іс
жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін
қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі. Қызмет етіп тұрған
кәсіпорынды мысалға ала отырып, саудадағы тауарлы-материалды қорлардың
инвентаризациясы. Инвентаризация және оның қорытындыларын бақылау.
Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-
материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық туындауы
мүмкін:
• Табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрған кету, сусымалы тауарлардың
тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға
айналу, төгілу);
• Құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате
есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);
• Есептеу кезіндегі қателіктер – арифметикалық қателіктер, алғашқы
құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;
• Ұрлық, қымқыру, кем өлшеу – материалдық құндылықтарды қабылдау мен
босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру, есептеу, сондай-ақ
құралдарды тікелей сіңіріп кету.
Түгендеу – бұл негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар,
аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаты, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен
салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып
табылады.Түгендеуді материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық
тексерулерде, тергеу органдарының талаптары бойынша және тағы басқа
жағдайларда өткізеді.
Түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы №24
“Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есеп стандартына және оған
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит
әдістемесі департаментінің 1998 ж. 6 наурыздағы “Заңды тұлғалардың мүлік
пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы” 47 бұйрығымен
бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу қорытындыларын
рәсімдеу тәртібі белгіленген.
Тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас
бұрын түгендеудің жұмыс комиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті:
- Жеке кіретін және шығатын жерлері бар құндылықтар
сақталған барлық сақтау орындарын, қосалқы орындарды
пломбалау керек;
- Барлық салмақ өлшегім аспаптарының дұрыстығын тексеру
керек;
- Материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың қозғалысы
туралы түгендеу жүргізудің алдында соңғы кіріс және шығыс
құжаттарының тізілімдері мен есеп берулерді алу керек.
• Түгендеуді тексеретін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып
тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.
• Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы
әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында
бекітіледі.
• Түгендеуді тексеретін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып
тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.
• Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы
әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында
бекітіледі.

1. Инвентаризация мақсаты, уақыты, түрлері

Сауда кәсіпорынындағы нақты бар тауарлар мен ыдыстар туралы есептік
деректердің дұрыстығын анықтау және тексерудің маңызды әдісі түгендеу
болады.
Тауарлар мен ыдыстарды түгендеу – бұл оларды кірге қайта тарту, қайта
өлшеу және санау арқылы заттай бар болуын тексеру. Тауарлар мен ыдыстарды
түгендеудің мақсаты – тауарлық-материалдық қорлардың нақты барын есептік
деректермен салыстыру арқылы бухгалтерлік есеп деректерінің нақтылығын
анықтау. Тауарлар мен ыдыстарды мерзімдік түгендеу қажет, себебі олардың
нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында әртүрлі
себептермен айырмашылықтары болуы мүмкін: тауарлардың табиғи кемуі;
тауарлардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы; өлшегіш және таразы
аспаптарының бұзылуы; бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезіндегі есептеуде
жіберілген арифметикалық қателер; әдейі теріс пайдаланушылық (жұмсап қою,
қымқыру, тікелей меншіктену және т.б.) және басқа да себептер.
Көтерме базалар мен өндіріс тауарлар қоймаларында тауарлар мен
ыдыстарды мерзімдік түгендеулер жылына кем дегенде бір рет, азық-түлік
тауарларын, сондай-ақ дүкендерде және басқа бөлшек сауда кәсіпорындарында –
жылына кем дегенде екі рет (мұздатқыштар мен мұз комбинаттардағы ет және
кітап дүкендерінде – жылына кем дегенде бір рет) жүргізілуге тиіс. Тауарлық-
материалдық қорларды түгендеу мерзімділігі сауда мекемесінің
(кәсіпорынының) есеп саясатында көрсетіледі.
Мерзімдіктен басқа, түгендеу жылдық қаржылық есеп беруді жасаудың
алдында; тауарлық-материалдық қорларды бір материалдық жауапты тұлғаның
басқаға (ауысқанда) беруі; тауарларды қайта бағалау; қымқыру және басқа
әдейі теріс пайдалану фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ тауарлық-
материалдық қорлардың бұзылуы; апаттық (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және
т.б.), ұрлық, тонау, және форс-мажорлық жағдайлардан болған төтенше
ситуациялардан кейін; соттық-тергеу органдарының талабы; сондай-ақ жоғарғы
мекеме немесе кәсіпорын жетекшісінің нұсқауымен; мекемені (кәсіпорынын)
тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде тарату немесе білу теңгерімін
(балансын) жасау және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған
басқа жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі.
Комиссия төрағасы мен материалдық жауапты тұлға (бригадир) шағын
комиссиялар жасаған барлық түгендеу тізімдерінің жиынтық деректері бойынша
барлық түгендеу тізімдерінің жиынтық деректері бойынша барлық
кәсіпорындарындағы тауарлық-материалдық қорлардың бары туралы жинақ кесімін
рәсімдейді де, олар қол қояды. Түгендеу нәтижелерінің әділдігі мен
нақтылығын қамтамасыз ету үшін олардың кенеттілігінің үлкен маңызы бар.
Сондықтан кәсіпорынның тұлғалары түгендеу жүргізуді орындау тапсырылған
түгендеу комиссиясының келгеннен ерте белгіленген түгендеу мерзімі туралы
хабарды жеткізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің негізгі міндеттері:
• Бухгалтерлік есеп деректерінің нақтылығы мен тауарлық- материалдық
қорлардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларды есептік
деректермен салыстыру арқылы тауарлық-материалдық қорлардың нақты
бар болуы мен жай-күйін толық және тура көрсетуін бақылау;
• Тауарлық-материалдық қорлар бойынша есептік деректердің дұрыстығын,
олардың сауда мекемесінің есептік деректердің дұрыстығын, олардың
сауда мекемесінің (кәсіпорынының ) теңгерімінде (балансында) нақтылы
көрсетілуін тексеру;
• Өтімсіз, сапасы төмен, жатып қалған және тіпті пайдалануға жарамсыз
тауарларды, сондай-ақ үлгілері мен моделдері ескерген тауарлар,
өзінің бастапқы сапасын жоғалтқан тауарларды анықтау, бұл
мөлшерлерден (нормативтерден) тыс тауар қорларын жою бойынша шаралар
қолдану үшін өте маңызды;
• Тауарлық-материалдық қорлардың сақтану ережесі мен жағдайларының
сақталуын тексеру;
• Құндылықтар үшін материалдық жауапкершілікті ұйымдастыру
ережелерінің сақталуын тексеру.
Бригадалық материалдық жауапкершілік кезінде түгендеуді жүргізу
міндетті, егер бір бригада тауарлық-материалдық қорларды басқа бригадаға
берсе және, егер бригадир немесе бригаданың жартысынан көп мүшелері
жұмыстан босатылса немесе уақытша шығарылса (демалыс, ұзақ ауыру және
т.б.), сондай-ақ бригаданың бір немесе бірнеше мүшелерінің талаптары
бойынша. Бригаданың барлық мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша оның бір
мүшесін (бригадирден басқасы) жұмыстан босату түгендеу жүргізбей
жүргізіледі. Егер бригаданың жаңа қабылданған мүшесі бригаданың есебіндегі
тауарлық-материалдық қорлар үшін материалдық жауапкершілікті өзіне алатыны
жөнінде қолхат берсе, түгендеу жүргізілмеуі мүмкін.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу өзінің межесі мен мақсаты
бойынша жоспарлы және жоспардан тыс деп бөлінеді. Жоспарлы түгендеу есеп
беру жылының басында сауда мекемесінің (кәсіпорынының) бас бухгалтері алдын
ала жасаған және жетекшінің бекіткен оларды жүргізу кестесіне сәйкес
мерзімде жүргізіледі. Оларды сондай-ақ мерзімділік деп атайды. Бекітілген
кестелер бас бухгалтерде сақталуы керек ешкім білуге тиіс емес.
Жоспардан тыс түгендеулер ерекше қажетті жағдайларда және түгендеуді
жүргізудің бекітілген кестесінде (жоспарда) қарастырылмаған барлық қалған
жағдайларда, жоғарғы тұрған мекеменің жетекшісінің өкімі бойынша кестеден
(жоспардан) тыс жүргізіледі.
Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорларды тексеруді қамту
толықтығына байланысты толық және жарым-жартылай түгендеу деп бөлінеді.
Толық түгендеу – бұл сол сауда кәсіпорынында болған барлық тауарлық-
материалдық қорларды түгелімен (шып-шырғасын шығармай) – тауарларды,
ыдыстарды, бірнеше рет қайта-қайта пайдаланатын құралдарды (бұрынғы құны аз
және тез тозатын құралдар деп аталатын) – тексеру. Ол міндетті түрде жылдық
қаржылық есептілігін жасар алдында, материалдық жауапты тұлғалар (бригада
немесе бригадир) ауысқанда, сол немесе өзге материалдық жауапты тұлға
немесе бригаданың есеп беруіндегі болған тауарлар мен басқа құндылықтардың,
қайта бағалауға жатпайтындарын қосқанда құндылықтардың, қайта бағалауға
жатпайтындарын қосқанда, үштен бірінен көбін (сомасы бойынша) қайта
бағалағанда, апаттық және сауда кәсіпорнында бар барлық тауарлық-
материалдық қорлардың қалдықтарын білудің қажеттілігін тудыратын басқа да
жағдайларда жүргізіледі.
Жарым-жартылай түгендеу тауарлық-материалдық қорлардың тек бір бөлігін
немесе жеке түрлерін тексеру болып көрінеді. Мысалы, сол және өзге
материалдық жауапты тұлғалардағы немесе бригададағы тауарларды сомасы
бойынша үштен бір бөлігінен кемді қайта бағалауға жататын тауарларды ғана
түгендеу жүргізуге рұқсат етіледі.
Тауарлық-материалдық қорларды тексерумен қамту дәрежесіне байланысты
түгендеулер жаппай және таңдап түгендеулер болып бөлінеді.
Жаппай түгендеу – бұл сауда мекемесінің барлық кәсіпорындарындағы және
кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелеріндегі (бөлімдер, секция) және сол
кәсіпорынның филиалдарындағы, сондай-ақ оған бекітілген шағын бөлшек сауда
жүйелеріндегі (дүңгіршектер, ларектер және с.с.) тауарлық-материалдық
қорларды бір мезгілде тексеру.
Таңдап түгендеу - бұл сауда кәсіпорындағы бар тауарлардың жекеленген
атауларын тексеру, бұл – жарым-жартылай түгендеудің бір түрі. Таңдап
түгендеу тауарлық-материалдық қорларды заттай-құндық есеп жүргізетін
көтерме базарлары мен қоймаларында, көмекші бөлмелерде түгендеу мерзім
аралығында кем дегенде 2-3 рет жүргізу ұсынылады. Таңдап тексеруге бәрінен
бұрын өте бағалы және үлкен сұраныспен пайдаланылатын (тапшы) тауарлар,
сондай-ақ мөлшерлерден (нормативтерден) тыс жиналған қорларда немесе көп
уақыт олардың қозғалысы (түсу немесе шығу) болмаған тауарлар тартылады.
Егер таңдап түгендеулерде бухгалтерлік есеп деректерінің айырмашылықтары
анықталған болса, онда сауда кәсіпорнында бар тауарлық-материалдық қорларды
кезектен тыс жаппай түгендеу жүргізілуі (жаппай) түгендеу немесе жарым-
жартылай (таңдап) ең алдымен материалдық жауаптылығы бар лауазымға жаңадан
қабылданған тұлғаларда, сондай-ақ тауарлардың мөлшерлерден (нормативтерден)
тыс көбейетін қорлары жиналғанда, сондай-ақ тауарларды қабылдау, босату,
жөнелту және сату ережелерін бұзу фактілері, еңбек демалыстарын уақытылы
пайдаланбағанда және т.б. жөнінде хабар түскенде жүргізу керек.

2. Тауарларға инвентаризация жүргізу тәртібі
2.1 Құрылған комиссия мақсаты және құрамы

Тауарлық-материалдық қорларды түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері,
тәртібі және мерзімі “Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” атты 24
Бухгалтерлік есеп стандарты және оған берілген әдістемелік нұсқаулықтарға,
республиканың Қаржы министрлігі бекіткен “Түгендеу жөніндегі негізгі
ережелер” және Қазақстан Республикасының бұрынғы сауда министрлігінің
тиісті нұсқаулықтарын сәйкес белгіленеді және жүзеге асырылады.
Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес сауда мекемесінің
(кәсіпорнының) жетекшісі мен бас бухгалтері түгендеуді жүргізуге жалпы
басшылық пен бақылау жасайды да, оның дұрыс және уақытылы жүргізілуіне
жауапты болады. Олар тауарлық-материалдық қорлардың нақты барын қысқа
мерзім ішінде толық және дәлме-дәл тексеруді жүргізу үшін қажетті жағдайлар
(жұмыс күші мен тауарлық-материалдық қорларды қайта өлшеу және орынын
ауыстыру үшін тиеу-түсіру техникасымен, салмақ өлшейтін техникалық түзу
құралдарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасауға міндетті. Бас бухгалтер
сауда мекемесінің (кәсіпорнының) және олардың құрылымдық бөлімшесінің
жетекшілерімен бірге түгендеуді өткізу ережелерін сақтауға тиянақты бақылау
жасауға, оның нәтижелерін уақытында және дұрыс шығарып, оларды бухгалтерлік
есепте көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда мекемесінің (кәсіпорнының) жетекшісі және бас бухгалтері
түгендеуді дұрыс және уақытында жүргізуге жауапты тұлғалар ретінде, өздері
түгендеу комиссиясының мүшелерін іріктеумен шұғылданулары және олармен жан-
жақты нұсқаулық жұмыстар жүргізулері керек. Комиссияның құрамына
тексерілген, адал ниетті және тәжірибелі, толық сенімге ие тұлғалар,
түгендеуге жататын тауарлық-материалдық қорларды бастапқы есепті, бағалар
көрсеткіштерін (сатып алу немесе сату бағаларының қалыптасу тәртібін),
түгендеуді жүргізу және рәсімдеу тәртібін жақсы білетін тұлғалар
енгізіледі. Бұл жұмысқа менеджерлер,тауар жүргізушілер, бухгалтерлер,
аудиторлар, экономистер, сауда кәсіпорындарының жетекшілері (дүкеннің
директоры немесе меңгерушісі) және материалдық жауапты тұлғалар немесе оның
орынбасарлары жұмылдырылады.
Түгендеу жұмыстарының тиімділігін арттыру және түгендеу нәтижелерінің
ақиқаттылығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін сауда мекемелерінде
(кәсіпорындарында) тұрақты жұмыс істейтін орталық түгендеу комиссияларын
ұрады, олар сауда кәсіпорындарының директорлары мен бухгалтерлеріне
түгендеуді ұйымдастыру мен жүргізуге көмектеседі. Комиссияны немесе
(кәсіпорын) жетекшісі және оның орынбасары басқарады, оның құрамына бас
бухгалтер, құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бастықтары, қоғамдық
өкілдер енгізіледі. Бұл комиссиялардың құрамы және олардың жұмыс тәртібі
сауда мекемесінің (кәсіпорнының) жетекшінің бұйрығымен бекітіледі.
Тұрақты жұмыс істейтін орталық түгендеу комиссиялары тауарлық-
материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде сақтандыратын жұмыс
жүргізеді, түгендеу жүргізуді ұйымдастырады, жұмысты түгендеу жүргізу
барысында және оның нәтижелерін дұрыс шығаруға, сақтау орындарындағы
құндылықтардың сорттарының алмасып кетуі бойынша есепке жатқызу
ұсыныстарының негізділігіне бақылау жасайды, түгендеу нәтижелерін қарауға
қатынасады, сондай-ақ ірі жетіспеушілік және басқа да бұзушылықтар
анықталған жағдайда сауда мекемесінің (кәсіпорнының) жетекшісінің тапсырысы
бойынша қайталанған жаппай түгендеу жүргізіледі, құндылықтардың
жетіспеушілігіне немесе бұзылуына, сондай-ақ басқа да бұзушылықтарға жол
берген тұлғалардан алынған түсініктемелерді қарайды және осылар бойынша
қорытынды және құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында
тауарлық-материалдық қорларды қабылдап алу, сақтау және босату, оларды
есепке алу мен бақылау жасауды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері жөнінде
ұсыныстар береді.
Тауарлық-материалдық қорлар мен басқа құндылықтарды сақтану орындары
және әрбір материалдық жауапты тұлғалар бойынша жеке түгендеуді тікелей
жүргізу үшін сауда мекемесі (кәсіпорын) жетекшісінің бұйрығымен түгендеу
жұмыс комиссиялары құрылады. Оның құрамына кәсіпорын әкімшілігінің өкілі
(комиссия төрағасы), жетекші және тәжірибелі мамандар, менеджерлер, тауар
жүргізушілер, бухгалтерлік қызметтің өкілдері, маркетологтар, аудиторлар
және т.б. енгізіледі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерінің әділдігін және
нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бір және сол материалдық жауапты
тұлғаларға жұмыс түгендеу комиссиясының төрағасы қылып қайтадан бір және
сол тұлғаны тағайындауға тыйым салынады. Түгендеу комиссиясының құрамына
осы мекеменің басқа кәсіпорнынан материалдық жауапты тұлғаларды
тағайындауға да тыйым салынады.
Тауарлық-материалдық қорларды бір материалдық жауапты тұлғадан
екіншіге өткізгенде жұмыс түгендеу комиссиясының құрамына құндылықтарды
өткізуші мен оларды қабылдаушы тұлғалар енгізіледі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу материалдық жауапты тұлғалар
жоқ болғанда (ауру, қайтыс болу және с.с.), сондай-ақ ұрлық және тонаудан
кейін жүргізілген жағдайда, жұмыс түгендеу комиссиясының құрамына
өкілеттіліктерін растайтын құжаттары (куәліктері) бар жергілікті үкімет
немесе полиция өкілі шақырылады, бұл туралы түгендеу тізімінде белгі
жасалады.
Түгендеу апаттардан (су тасқыны, өрт және с.с.) кейін жүргізілгенде
түгендеу комиссиясының құрамына сақтандыру органдарының өкілдері
шақырылады.
Түгендеу жұмыс комиссиясын (әрі қарай – түгендеу комиссиясы)
тағайындау сауда мекемесі (кәсіпорыны) жетекшісі жазбаша өкімімен
(бұйрығымен) рәсімделеді (үлгілі төменде келтірген). Онда комиссияның жеке
құрамы көрсетіледі; құндылықтардың қай түрлері түгендеуге жатады;
түгендеуді жүргізудің негізі (жоспарлы, материалдық жауапты тұлғалардың
ауысуы, қайта бағалау және т.б.), түрі және көлемі; түгендеудің басталу
және аяқталу күні мен уақыты; бухгалтерияға түгендеу құжаттарын өткізу
мерзімі. Өкімге (бұйрыққа) сауда мекемесі (кәсіпорын) жетекшісі мен бас
бухгалтер қол қояды, және бухгалтер оны түгендеуді өткізу туралы өкімдердің
(бұйрықтардың) орындалуына бақылау кітабына тіркейді.
Түгендеу комиссиялары түгендеуді белгіленген тәртіп пен уақыттылы
жүргізуді сақтау; тексерілген тауарлық-материалдық қорлардың заттай нақты
қалдықтары туралы түгендеу тізімінде жазылған деректердің толық және
дұрыстығына; түгендеу тізімінде көрсетілген тауарлардың ерекшелік
белгілерінің (баға көрсеткіштерінің реттік нөмірі, артикул,сорт,мөлшері
және т.б) дұрыстығын; және оларды сауда мекемесінің (кәсіпорынның)
бухгалтериясына дер кезінде өткізу үшін жауапты болады.
Тауарлар мен басқа құндылықтардың жетіспеушіліктері мен ысыраптарын
немесе артықшылықтарын жасыру мақсатында тауарлық-материалдық қорлардың
нақты құндылықтары туралы біле тұра дұрыс емес деректерді түгендеу тізіміне
енгізген үшін тергеу комиссиясының мүшелері заңмен белгіленген тәртіппен
жауапкершілікке тартылады.
Құндылықтардың нақты құндылықтарын олардың барлық сақтау орындарында
анықтауды тездету мақсатында ірі көтерме (базарлар мен қоймалар) және
бөлшек сауда кәсіпорындарда (универсамдар, гастрономдар) бірнеше шағын
комиссиялар құрылуы мүмкін, олар түгендеу комиссиясы төрағасының құрамына
әкімшілік өкілі (шағын комиссия төрағасы), бухгалтерлік қызметтің өкілі
және материалдық жауапты тұлғалар (кәсіпорындардың, бөлімдердің
меңгерушілері және олардың орынбасарлары) немесе материалдық жауапты
тұлғалар бригадасының бір немесе бірнеше мүшелері кіреді. Түгендеу
комиссиясының төрағасы шағын комиссияның жұмысын ұйымдастырады, кәсіпорын
бойынша бүтіндей түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

№ 16 ӨКІМ

“Тарлан” ЖШС бойынша

мекеме атауы

“1” наурыз 20хх ж.
Қостанай қ.

№ 1 азық-түлік қоймасындағы құндылықтарға түгендеу жүргізу туралы

Кәсіпорын атауы

№ 1 азық-түлік қоймасындағы құндылықтарға түгендеу жүргізу үшін түгендеу

Комиссия мынандай құрамда құрылады:

1. Төрағасы: менеджер Ахметов Т.О.
қызметі, аты-жөні

2. Комиссияның мүшелері:
а) бухгалтер Суркова Т.В.

қызметі, аты-жөні

б) №1 қойманың меңгерушісі Қарабаев Н.М.

қызметі, аты-жөні

Түгендеу тауарлар мен ыдыстар жатады

құндылықты көрсету керек

Түгендеу кенеттен 1 наурызға 2016 ж. сағат 20-да кірісіп 2 наурыз 2016
сағат 8-де аяқтау керек.

Түгендеу себебі жоспарлы___________________________ ______

жоспарлық, бақылау, материалдық жауапты тұлғалардың ауысуы
ж. т.б.

Көрсетілген түгендеуді қолданыстағы “Құндылықтар мен есеп айырысуды
түгендеуді жүргізу тәртібі туралы” нұсқауларға сәйкес жүргізілсін.

Түгендеу құжаттары “Тарлан ” ЖШС бухгалтериясына 2 наурыз 2016 ж. сағат 9
дан кешіктірмей өткізілсін.

М.П. Мекеме жетекші Жанаділов Қ.Ж.

Бас бухгалтер Нұрмагамбетова
А.Д.

Түгендеу өткізу тәртібі туралы нұсқау беріледі №1 азық-түлік қоймасында
құндылықтарды түгендеу жүргізу туралы 1 наурыз 20ХХ ж. №16 өкімі және №56
пломбирді алдым: комиссия төрағасы Ахметов Т.О “01” наурыз 20хх ж.

___________________________________ _________________________________

аты-жөні

Мекеме “Тарлан” ЖШС

Кәсіпорын азық-түлік дүкені

Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімі

Құжаттың Жасалған күні Операция Құрылымдық Өндіріс түріЦех
нөмірі түрінің коды бірліктің коды (қойма)
06 01.03.20ХХ ж. 10 - - 01

Тауарлар мен ыдыстар

тауарлық –материалдық құндылықтар түрі

ҚОЛХАТ

Түгендеу барысында барлық тауарлық-материалдық құндылықтардың кірістері мен
шығыстары бойынша жасалған барлық құжаттар бухгалтерияға өткізілген және
менің (біздің) жауапкершілігіме түскен барлық тауарлық-материалдық
құндылықтар қабылданды, ал босытылғандар шығысқа шығарылды.

Материалдық жауапты тұлға

қойма меңгерушісі Қарабаев
Қарабаев Н.М.

Лауазымы қол таңба
Т.А.Ә.

2.2 Түгендеу жүргізу әдісі, тәртібі

Нақты бары тексерілген тауарлық-материалдық қорлар түгендеу тізіміне
(үлгілі жоғарыда келтірілген) енгізіледі де, ол үш данада, ал материалдық
жауапты тұлғалар ауысқан кезде бес данада толтырылады.
Тізімнің бір-бір данасын материалдық жауапты тұлғалар, ал қалғандарын
көшіргі қағаз арқылы түгендеу комиссиясының төрағасы немесе оның
мүшелерінің бірі толтырады.
Түгендеу тізімдері сиямен, шарикті қаламмен немесе химиялық
қарындашпен, анық және толтырылуға тиіс. Ешқандай түзетулер, өшірулер және
сызып тастаулар рұқсат етілмейді. Жіберілген қателерді түзету түгендеу
тізімдерінің барлық даналарында дұрыс емес жазуларды жіңішке сызықпен
сызып, үстіне қажетті түзетулер жасау арқылы жүргізілу тиіс. Тізімдердегі
жасалған түзетулер ескертілуге және түгендеу комиссиясының барлық
мүшелерінің қолтаңбаларымен расталуға тиіс.
Түгендеу тізімдерінде жазулардың реттік нөмірлері және құндылықтардың
әрбір түрі бойынша – тауардың атауы, номенклатуралық немесе баға
көрсеткіштері бойынша реттік нөмірі, артикулдер нөмірі, сорты және тауардың
баға көрсеткіштерімен қарастырылған басқа да ерекше белгілері, орындар
саны, өлшем бірлігі, тауардың саны, салмағы жалпы (брутто) және таза
(нетто), бірлік үшін бағасы және сомасы, сондай-ақ басқа да қажетті
деректері көрсетіледі.
Түгендеу тізімінің әрбір бетін толтырудың бітуіне қарай оның барлық
даналарының өзара салыстыруы жүргізіледі. Айырмашылықтар анықталған
жағдайда айырмашылық шыққан тауарлар қайта тексеріледі де, түзетулер
енгізіледі. Түгендеу тізіміне құндылықтардың қалдықтары туралы деректерді
нақты қайта санаусыз, таразыға тартусыз және өлшеусіз материалдық жауапты
тұлғалардың сөзінен енгізуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Тізімдерде
толтырылмаған жолдар жіберуге рұқсат етілмейді. Тізімдердің соңғы
беттеріндегі бос болғар сызылып тасталады.
Тауарларды түгендеуді жүргізумен бірге бір уақытта кәсіпорындағы
ыдыстардың қалдықтарын (бос және тауармен) түгендейді. Олар жеке тізімге
ыдыстардың түрлері бойынша, атаулары, баға көрсеткіштеріндегі нөмері,
ыдыстың арналуы мен сапалық күйін (жаңа, бұрын ұсталған, жөндеуді қажет
ететін және с.с.), анықтайтын белгілер, саны және берлік үшін бағасы
енгізіледі.
Түгендеу комиссиясының мүшелері мен материалдық жауапты тұлғалар
толтырылған түгендеу тізімдерінің барлық даналарын өзара салыстырғаннан
кейін олардың әрбір бетінде саны мен сомаларының жиынтығы есептеледі және
тізімдер беттерінің қандай реттік нөмірімен басталғаны және аяқталғаны, осы
бетте жазылған тауарлық-материалдық қорлардың реттік нөмірінің саны және
қандай өлшем бірліктеріне (дана, килограмм, метр және т.б.) қарамастан
барлық құндылықтардың натуралды көрсеткіштеріндегі санының жалпы жиынтығы
жазбаша көрсетіледі.
Түгендеудің толық аяқталуына қарай түгендеу тізімінің соңына
көрсетілген деректерді жеке соңғы бетте және барлық түгендеу тізімі бойынша
өткізу керек.
Түгендеу тізімінің барлық даналарының әрбір бетіне және тізімге
бүтіндей материалдық жауапты тұлғалар, бригадалық материалдық
жауапкершілікті-бригадир және түгендеуге қатысқан бригаданың барлық
мүшелері қол қояды. Түгендеу тізімдерін рәсімдеудің бұл тәртібі қателерді
болдырмайды, тізімдерге кейін қандай да бір толықтырулар мен өзгерістер
(қосу жазу) енгізу мүмкіндіктері болмайды.
Түгендеу тізімдерін рәсімдеу материалдық жауапты тұлғалардың келесі
мазмұндағы қолхатты толтыруымен аяқталады: Осы түгендеу тізіміндегі №__ден
№__кейінгі аты аталған барлық құндылықтарды комиссиямен менің (біздің)
қатысуымен (қатысуымызбен) заттай тексерілді және тізімге енгізілді, осыған
байланысты түгендеу комиссиясына шағымым (шағымымыз) жоқ.
Материалдық жауапты тұлға ауысқанда тізімге екі тұлға да:
кұндылықтарды қабылдап алған тұлға – оларды алғаны туралы, ал тауарларды
тапсырған тұлға – оларды өткізгені туралы қол қояды.
Түгендеу кезінде анықталған үлгілері мен модельдері ескірген және
өздерінің сапасын жарым-жартылай жоғалтқан тауарлар, өтімсіз және жатып
қалған тауарлар негізгі түгендеу тізіміне енгізілмейді де, олар жеке
тізімге жазылады. Бұл тізімге сауда кәсіпорыны жетекшісінің осындай
тауарлардың болуының себептері туралы жазбаша түсініктемесі тіркеледі де,
оларды пайдалану және сату мерзімдері туралы ұсыныстар енгізіледі.
Толық жарамсыз болған (сыну, бұзылу және ақау) тауарлар да негізгі
түгендеу тізіміне енгізілмейді, оларға бұзылу, оның себептері мен кінәлі
адамдарды көрсетіп кесім жасалады да, оны белгіленген тәртіппен сауда
мекемесі (кәсіпорын) жетекшісіне қарап талдауға береді.
Сатылған және сатып алушылармен төленген, тауарлық есеп беру бойынша
шығысқа шығарылған, бірақ түгендеу басына дейін сатып алушылар тасып шығара
алмаған (жөнелтілмеген) тауарлар да түгендеуге жатады және Түгендеуге
дейін сатылған тауарлар, бірақ сатып алушылар тасып шығара алмаған атты
жеке тізімге жазылады. Бұл тізімде тауар туралы қажетті деректерден басқа,
сондай-ақ сатып алушылардың атауы, тауарлық құжаттар мен жазылған шоттардың
нөмірлері көрсетіледі. Бұл тауарларды босатуға жазылған құжаттар түгендеуге
дейін жасалған тауарлық есеп беру немесе тізімге енгізіледі де, материалдық
жауапты тұлғалардың шоттарынан сатылған тауарларды шығару үшін
бухгалтерияға өткізіледі.
Жазылған нарядтарға сәйкес жөнелтуге дайындалған, бірақ түгендеуге
дейін сатып алушылар төлемеген және тасып шығара алмаған тауарлар меншікті
(сатылмаған) тауарлар ретінде негізгі түгендеу тізіміне енгізіледі.
Мұндайда буып-түйілген тауарлар (фабрикалық буып - түйілген тауарлардан
басқа) ашылып, тізімге ілеспе құжаттар бойынша емес, заттай (натуралды)
түрінде енгізіледі.
Басқа мекемелерге (кәсіпорындарға) тән және жауапты сақтауда болған
тауарлар меншікті тауарлармен бірге түгенделеді де, жеке тізімге жазылады,
онда жауапты сақтауға алынған тауарларды растайтын тиісті құжаттарға
сілтеме жасалады. Материалдық жауапты тұлғалар түгендеуге дейін оларға жеке
тауарлық есеп беру толтырады да, түгендеу комиссиясына көрсетеді.
Кәсіпорынға түгендеу жүргізу кезеңінде келіп түскен тауарларды
материалдық жауапты тұлғалар түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдап
алады да, Түгендеу кезінде түскен тауарлық-материалдық құндылықтар атты
тиісті нысандағы жеке тізімге жазылады. Тізімде құндылықтар қашан, кімнен
түсті, ілеспе құжаттың күні мен нөмірі, құндылықтардың атауы, саны, бағасы
және сомасы көрсетіледі. Мұнымен бірге бір уақытта түгендеу комиссиясы
төрағасының қолымен кіріс құжаттарына (шот-фактура, тауар-көлік құжаттарына
және т.б.) Түгендеуден кейін деген белгі жасалып, бұл құжаттар жазылған
түгендеу тізімінің күніне сілтеме жасалады.
Түгендеу жүргізілген кезеңде келіп түскен тауарларға жасалған кіріс
құжаттары қабылданып, түгендеуден кейін жасалған бірінші тауарлық есеп
беруге енгізіледі.
Ірі сауда кәсіпорындарында түгендеуді ұзақ уақыт жүргізгенде, ерекше
жағдайларда және тек қана мекеме (кәсіпорын) жетекшісі мен бас бухгалтердің
жазбаша рұқсатымен материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік құжаттар туралы
Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
Қорлар есебі
Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету
Өндірістік шығындардың есебі мен аудиты
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Аудиттің стандарттары және аудит жүргізудің дәйектілігі мен сапасын бақылау
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есептің мәні мен әдісі
Пәндер