Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.1. Өлеңмен өрілген
өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...4
1.1.1. Лирикалық-дидактикалық
өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5-10
1.2. Ширатқан шым жібектен өлең-жырын
1.2.1. Төлеген Қажыбайдың сөз
өрнегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11-16
1.2.2. Өлеңдеріндегі метафоралық
қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17-19
1.2.3. Фразеологияларды қолданудағы
шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 20-21
1.2.4. Шебер табиғат
суреткері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22-25
Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Осы заманның ақындар поэзиясы жан-жақты
талданып, даму барысын, ақындар мұрасына қатысты көркемдік тәсілдер мен
көркемдік көріністерін жан-жақты қарастыру мақсатында келешек
зерттеулердің үлгісін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Т.Қажыбай поэзиясындағы көркемдік өрнектерді
ашу, сан қырлы өлеңдерін зерттеп, зерделей отырып ақынның тылсым
табиғатына, әр жазған өлеңіндегі мөлдір сезімдеріне, ішкі жан дүниесіне
үңілу. Қазіргі қазақ позэиясын жастардың ауқымдырақ тануына жағдай жасау.
Зерттеудің міндеттері: Поэзия - ол тылсым құбылыс. Ал, тылсым дүниені
кез келген адам түсініп, байыбына бара бермейді. Сондықтан алдыңғы буын
ағалардың көркем дүниелерін кейінгі буын жастарға насиқаттау, өлеңнің
құдіретін түсіне білуге жағдай жасау.
Зерттеудің обьектісі: Төлеген Қажыбай поэзиясының көркемдік айшығын
таныту.
Зерттеу көздері: Т.Қажыбайдың өлеңдер жинағы, Қазақстандық ғалымдардың
берген сын- пікірлері, фразеологиялық сөздіктер, мерзімді басылымдар тағы
басқа ақпарат көздері.
Зерттеудің жетекші идеясы: Төлеген Қажыбай поэзиясының сырын ашу,
табиғатпен үндестігін анықтау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде зерттеу жұмысы бойынша
материалдар жиналып, жүйеге келтірілді. Ғылыми аппараты анықталып оның
мақсаты, міндеттері, әдістері айқындалды. Екінші кезеңде Т.Қажыбай
шығармалары оқылып, көркемдік өрнектері ашылды. Үшінші кезеңде зерттеу
нәтижелері және қолданылған әдебиеттер жүйеге келтірілді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі және
қорытынды бөлімдер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе: Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: өзектілігі,
мақсаты, пәні, міндеттері, зерттеудің әдістері мен зерттеудің негізгі
кезеңдері көрсетіліп, курстық жұмыстың практикалық мәнділігі, қорғауға
ұсынылатын қағидалар баяндалады.
"Өлеңмен өрілген өмір" деп аталатын бірінші бөлімде поэзияның құдіреті,
оның адам өміріне әсері, құпиясы және тұлғалардың поэзия жайлы пікірлері
айтылады.
Ақын өлеңдерінен үзінділер келтіріліп, оның әйел затына, туған жерге,
адамзатқа деген ыстық махаббаты, сол махаббаты суреттеудегі шеберлігі,
жұдырықтай жүрегіндегі тулаған теңіздей, есе соққан самалдай, салдырап
аққан бұлақтай мөлдір сезімі жайлы сөз қозғалады.
"Ширатқан шым жібектен өлең-жырын" атты екінші бөлімде ақынның сөздік
қоры, оларды қолдану шеберлігі, өлеңдерінің табиғатпен үндестігі,
шығармаларындағы тіл шұрайлылығы айтылады.
1.1. Өлеңмен өрілген өмір.
Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі, әрі қасиеттісі –
көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгіндей бірлігі бола тұра
өзгешеліктері де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бердей
жетімді деу қиын, сөз – бояу мен дыбыс емес, барлық халыққа бердей
түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма
сол тілде ғана туады. Бұл көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз
бөгеу, тіпті тұсау екені рас.
Көркем сөз - құдіретті нәрсе. Оны әзілге саю да, оны әжуалау да - ақылдан
кенде пенденің қылығы.
Қазақ халқының біршама мол сақталған әдеби мұрасы- поэзиясы. Поэзияны
дүниеге әкелген сөз зергерлерінің өмірі мен шығармашылығы барлығымызға
жақсы таныс, әйтсе де, осы күнге жеткен ақын мұраларының ашылмаған қыр,
сыры да аз емес. Соның бірі- ақын поэзиясының көркемдік еркшеліктері. Біз
ақыннан жеткен асыл мұраның басты-басты өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік
құнарын байыптап қарадық. Себебі, өрнек ерекшеліктері ақынның жан сезімі
мен ой қиялын, арман-мұратын, белгілі адамға деген көзқарасын, сайып
келгенде, суреткер мұрасын шынайы танып-білуімізге мүмкіндік береді.
Ойды шашыратпай жүйелі айту, толғау құрылысының мазмұны мен идеясына
лайық келуі ақынға тән көркемдік тәсіл. Өмір көрінісін, болмысты, өткен
оқиғаны, әрекетті айтып, оған ақын өз қатынасын, көз-қарасын, пікірін
көрсететін мазмұн жүйесі.
Осы заманның ақындар поэзиясы жан-жақты талданып, даму барысында.
Ақындар мұрасына қатысты көркемдік тәсілдердің бірқатарын, көркемдік
көріністерді жан-жақты қарастыру- келешек зерттеулердің үлесі.
Ө нер адамға арналады. Адамның санасы мен сезімін (егер де жоғары
болса) ішкі психологиялық тебіреністер арқылы үлкен идеяға бастайтын өнер
десек артық болмас. Ал идея адамның рухани тегершісі, саналық түпқазығы-
идеалға бастайды. Сондықтан адам өнерді тани білу, түсіне білу арқылы
өмірін руханиятты жақсы жолға бағыттай алады.
Поэзияны біреу- су десе, біреу- от дейді (Белинский). Әдебиет- су
де емес, от та емес. Әдебиет- өнер. Өнердің түрі көп емес. Кескін өнері,
мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет-сөз өнері.
Қоғамдағы сананың айырықша саласы- өнер десек, мұның жалпы адамзат
мәдениетінен алар орны ерекше, адамның парасат дүниесінде атқарар қызметі
орасан зор. Мекеланжеолс жасаған мүсін, Абай жазған лирика, Суриков салғн
сурет мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген,
тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне
сусындата бермек.
1.1.1. Лирикалық-дидактикалық өлеңдері.
Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға ерекше
сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын қабылдаудан,
сезім-әсер байлығынан туады. Осы сезім сырын психологиялық мотивировка
жағынан шебер суреттеуге әдебиет тарландары алдарына жан салмайды. Осындай
сыршыл сезімге толы өлеңдерін өмірлік серік етіп жүрген жерлес ақынымыз
Төлеген Қажыбай поэзиялық қуаты мол шығармаларымен өзіндік үнін танытуда.
Ақын көркемдік шығарманы поэзиялық биікке көтеретін- өмір шындығына
қоса оқырман көңілін аялап, сезімге шомылдырып, еріксіз ойға батыратын,
мөлдір сағынышқа бөлейтін лирикалық нәзік сезім иірімдерімен оқырман
көңілінен шығуда.
Төлеген Қажыбайдың сезім лирикасы тақырабындағы айшықты өлеңдерінің бірі –
Сағыныш сазы. Бұл өлеңде ақын:
Теңселіп кетті,
Әндерін шырқап.
Тым-тырыс тұрған тоғай да,
Ақ боран- сезім,
Өтті бір бұрқап,
Сағыныш шіркін оңай ма?...
Дедектей аққан
Бұлақ та сенің
Күлкіңді еске салады.
Қайдасың, қайда?
Таппадым жаным,
Жаутаңдап жанар талады,-
деп сағыныш сазын табиғат үнімен, табиғат бояуымен астастырып, тұтас бір
бедерлі суреттер тудырған. Сонымен бірге ұлы сезім табиғаттың өзін
жайнатып, сыңғырлаған күлкіге үйіріп әкететіндігін айтады. Ал ақын әйел,
әйелге байланысты әсемдік әлемін мына Әйелге мадақ өлеңінде терең
аңғартады:
Есептеген шаттығын отырып кім?
Таусылдым деп мен босқа опыныппын.
Әйел деген бар жырдың бастамасы,
Әйел деген жүректің отын ұқтым.
Сезім барда жыр шіркін сарқылмайды,
От-қуаныш болғанда, салқын қайғы.
Сыры бөлек мақпалдай мына тірлік,
Көз ұшына әйел боп жарқылдайды.
Бұл өлеңде ақын әйелге, жай әйел ретінде қарамай, әйел бойына тән парасат
көркін, ізгілік, ізет шуағын жарқырата көрсетеді. Өмірде әйелдерсіз жанға
сая болмайтындығын және әйелдерсіз жер бетінде тіршілік оты жанбайтындығын
ақын нәзік сезіммен жырлайды.
Ақын Төлеген Қажыбай поэзиясында элегия жабыраңқы көңіл-күйін
бейнелейтін мұңды лирикалық өлең болып табылады. Мысалы, ақынның Жартас.
Аққу. Күміс көл өлеңінде:
Сездің, әлде сезбедің,
Жанымдағы жалынды,
Көңілде күй, көзде мұң,
Үнсіз саған табындым.
Жан жұбатқан жасыл бел,
Көктемдегі сезім бе ең?
Жартас. Аққу. Күміс көл...
Еске түссе көз ілмен,-
деп тіршілікке, тағдырға, табиғатқа мегзей қарайтын лирикалық толғаныс,
нәзік сыршылдық бар. Ақынның ұлы сағыныш сезімін бейнелеген бұл өлеңде
поэтикалық көркемдік шыңына құлаш ұрғаны айқын байқалады. Ақынның жүрегін
көктемнің алғашқы күн шуағындай жібіткен де осы махаббаттың от сезімі
екенін тағы да мына өлең жолдарынан аңғаруға болады.
Тербел толқын, тағы да,
Тебіренбеуің бекер ғой.
Ойран салған жаныма,
От махаббат екен ғой,-
деп ақын өзінің көңіл-күйін ұлы шынайы сезіммен оқырман алдына жайып
салады. Яғни, махаббат адам жанында лаулап тұрар алау от екендігін
асқақтықпен жырлайды.
Ақын жан сарайыңды жаулап алып, оны құдіретті, ізгі және ілтипатшыл ететін
ұлы махаббат сезімі екенін, ал сағыныш осы махаббаттан туындап барлық
ізгілік, мейірлі, құдіретті, жылылық пен жарқындық атаулының жаратушысы
екенін Суынбас сезім атты өлеңінде анық байқатады.
Өрттеніп кетпей өзекке түскен жалынға,
Сабаңа түс, дамылда, көңіл дамылда,
Сағынуменен сірә да сені өтермін,
Сағыныш деген суынбас сезім барында,-
деп сағыныш сезімі құштарлық атаулының ең күштісі екендігін, ол ақыл-ойды
да, жүректі де, тәнді де қатар жаулап алатындығын және оның адам өміріндегі
маңыздылығына ақын осылай өте бейнелі, әрі терең тұжырым жасаса, ал Сыр
перне атты өлеңінде:
Бұл көңілім кімдерге дір етпеген,
Қай пенде жерлеп сені жүдетпеген.
Күтілген де жетілген ұстараның
Жүзі ме екен, беу шіркін жүрек деген,-
деп табиғат сыйлаған таланты бар ақын өзінің ішкі жүрек сезімін терең
сыршылдықпен жеткізуде үлкен шеберлік танытуда. Осы өлең жолдарынан-ақ ақын
жұртқа жігер, қайрат беретін, жабырқаған жүректі жұбататын көрнекті,
зерделі азамат ақын екендігін аңғартады.
Өзінің жан сырын жырымен жеткізе білген адамда арман бар ма,
шіркін?! Ия, жан-дүниеңді тербеген сезім атаулыны поэзия тілімен жеткізе
білу, әрине, ақынның ақындығын білдіреді. Ақынның осындай сыршыл сезімге
құрылған өлеңдерінің бірі- Аққуым. Бұл өлеңде ақын:
Сезімнен нәзік жаралған
Бейне бір үркек киіктей
Алдымнан өтсең, ақ арман
Кеудемнен ұшар биіктей,-
деп адам өмір бойы махаббатты аңсағандығын, осы сезім оны нәзік арман
қиялына бөлентіп, асқақтата түсетіндігін терең түрінде жеткізе білген.
Өмірдің сұлулығы мен әсемдігін сақтау- ар-ұят пен иманды, ұлттық
болмысымызды сақтау болып табылады. Еркек әйел сұлулығын бағалаған кезден
бастап, адамдар хайуандықты қойды- деп Чернышевский айтқандай, сұлулықты
бағалау, оны ұғыну адамзаттың адамшылығы деуімізге болады. Осыған орай
ақынның Сұлуды сүю атты өлеңіне тоқтала кеткеніміз жөн.
Қораштау көрінер басқаға,
Жай қарау мүмкін бе тасқа да,
Ғашықтық жөні бір басқа,
Сұлуды сүймеу масқара.
Жақсыға құмар кім-кім де,
Не жетсін, ой-хой, шіркінге.
Көрсоқыр сезім болмаса,
Сұлуды сүймеу мүмкін бе?
Ақын бұл өлеңінде хас сұлулық- бұл ұнамдылық, ал ұнамдалық әдемі көрікке
қызығушылықтан пайда болатындығын айтады. Яғни, сұлулықты түсінген жерде
ғана адамзат баласы өзін-өзі ұғынып, өзгенің жан сарайына еніп, әсемдік
әлеміне терең бойлай алады.
Жалпы махаббатта астар көп. Бұлардың әрқайсысының өз жарығы, өз мұңы, өз
бақыты, өз рахаты болады. Осыған байланысты ақынның махаббат лирикасына
арнап жазған өлеңдерінің биік шыңы болған- Махаббатқа мадақ атты өлеңіне
тоқталсақ:
Мақтасақ біз махаббатты мақтайық,
Ақтасақ біз ғашықтарды ақтайық!
Махаббаттың мұңлы, сырлы сипатын,
Ардай аппақ сезімдерде сақтайық,-
деген өлең шумағында ақын махаббаттың ұлы сезіміне сөз асылын таппай, ішкі
толғаныс сырларын ерекше көркемдеп мәнермен жеткізуде. Сонымен бірге
махаббаттың ұлылығын танып бақытты болуға үйрету, бұл өзіңді-өзің құрметтей
білуге үйрету және адам баласының бойындағы ұлы парасаттылық қасиетке
үйрету болып табылады. Сонда ғана пәк, таза, мөлдір махаббат болатындығын
ақын жастардың жүрегіне көркем тілмен ұялата білген. Ақын өзінің осындай
бірнеше сыршыл сезімге толы өлеңдерінде махаббаттың күштілігі соншалықты,
ол адам балысын қайта жарата алатындағын да асыл сөз мәйегімен шебер
жеткізе алған.
Қорыта айтқанда, жалпы жер бетінде адам баласы алуан тілде сөйлегенімен,
бір тілде ғашықтығын жан сезімін білдіреді. Яғни, бұл салада барлық адамға
тән бір бағыт, бағдар, мақсат бар деген сөз.
Адамның табиғи сұлулығы, яғни, сыпайы, биязы мінезі болмаса, ғашық
бола алмайды. Өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты
екені даусыз. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып,
бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті
күшке ешкім ұстаздық ете алмайтындығын ақын Төлеген Қажыбай өз өлеңдерінде
осылай сыршыл сезіммен, айшықты тілмен айқын жеткізе білген. Мұны ақын
бойындағы сыршыл сезімнің ұлылығы мен іңкәр жүректің жылылығы деп ұғынуымыз
керек.
Өмірдің мәні мен мағынасына көз жүгіртсең. Сыршыл сезім шертілген көңіл-
күйдің коңыр әуеніне еліге құлақ тігесің. Ақын сезімі оқырман сезіміне
айналып кеткендей. Тұтас бір көркем, жазиралы әлемге айналғандай күй
кешесің. Ой мен сезім дүниесінің талай сырлары өз сырына айналғандай
кеудеде күбір қағып жаттала береді.
Ақынның бұл жинағына топтасқан өлеңдерінде күрмеуі қиын тіршіліктің әр
түрлі сыр-түйіндері, заманға, қоғамға, адамға деген өзінің ынты-шынты ақ
адал көңіл-күйі, сезім сыры сұлу сөз боп төгіледі. Ақын деген әмсе бұл
өмірдің жұмбағын шешемін деп тамсанып та, таңданып та өткен ғой. Төлеген
ақын бұл жерде:
...Тылсыз жұмбақ шешусіз жатыр әлі,
Осынысымен қызық-ау дүние жалған,-
деп дүние болмысының жұмбақ екенін мең зейді. Асылы қалай десек те ақындық
дегеннің өзі де бір жатқан жұмбақ әлем ғой. Осылай болса, біз де Төлеген
ақынның жұмбақ әлеміне барлау жасау үшін оның бірнеше өлеңдеріне шолу
жасап, өз тұрғымызда талдап көрсек.
Поэзияны асыл сөз, көркем сөз, сөз сарасы деп жатамыз. Оның барлығы
шындық. Әйтсе де поэзиядағы ең басты мәселе, негізгі тақырып жүрекке
тірелсе керек. Жүрек- поэзияның сөзі. Поэзияның өзі де жүрек сөзі арқылы
жетеді. Абайдың өзі де жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді деп айтпаушы
ма еді.
Төлеген үшін де жүрек- ақындықтың күре тамыры, бұлқынған, ширыққан асау
сезімнің қимылы, өр толқынның дамылсыз жағаны ұрғылап жатқан серпіні,
өмірдің мәңгі бітпес тартыста драмалық өрісі.
Мұны ақын өзінің Дариға жүрек деген өлеңінде:
...Дариға жүрек,
Қажыдың ба, қажырлым.
Бір жүрек жылап жатыр деп
Әлдилей қойсын қазір кім?
...Дариға жүрек...
Жыласаң бүгін жылап қал,
Абайдан әулие емеспін.
(Дариға жүрек)
немесе:
Сағынтып жетер көктемдей
Жастығым қалды көк белде.
Жүректен басқа бір жалғыз,
Таяныш сірә, жоқ менде.
... Төгіле көрме мөлдіреп
Білемін мені қимайсың.
Бәрібір мына кеудеме,
Күндердің күні сыймайсың.
(Сағынтып жетер көктемдей)
Жоғарыдағы жыр жолдарында ақын жүректің поэтикалық болмысын ой мен сезімге
қатар бөлей отырып, жадағайлықтан аулақ лиризмнің сыршыл өрнегін мөлдірете
тізген.
Жалпы ақын стилін, оның даралық болмысын айқындайтын бір өлшем- оның
көркем, айшықты тілі.
Төлеген Қажыбай жырларында да шебер суретшіге тән небір сауырында су
шайқалмас тайпалған жорғаның жүрісіндей әсер қалдыратын жатық та көркем
тіл, әдемі сурет- сезімдер мол ұшырасады. Бұл жерде ақын құрғақ ділмарсу,
жалаң тілден аулақ. Ақынның әрбір сөзі бейнелі, суретті болып келеді.
Шуақты да нұрлы көркем ойға бөленген әрбір құбылыстың образдық табиғаты
ғажап үйлесімділік құрайды. Ақынға сөз берейік:
Келеді көктем көшіп, көктем көшіп,
Қызықтағың келсе оны, бөктерге шық.
Қыр біткен қарын сілкіп жұтынады,
Жел-көсеу жіберген соң көсіп-көсіп.
Мұз сүңгі күн нұрымен жарқ-жұрқ етіп,
Маңғаз бел елтіп жатыр есі кетіп.
Оянған таңмен талас ақ бұлақтың
Күледі тас таңдайы тақ-тұқ етіп.
Даламның кеңігендей көкірегі,
Мол судан мелтек етіп кекіреді.
Сыйламаған арнасына сілусін-сең,
Жағаға талас ұрып секіреді...
(Көктем экскиздері)
немесе
Шуақтан Бұқпа таудың басы зеңгіп,
Етекке құлады су- алтын белдік.
Сәскесіз көрпе серіппес мұнсыз жандай,
Қопа көл дәл-сал қалпы жатыр кетіп.
...Жия алмай жатса дағы еркін есің,
Қарсы қалып күбір-күбір көктем көшің,
Құлындай құлдыраңдап Қылшықты-су,
Шапқылап бара жатыр дала төсін
(Шуақтан Бұқпа)
Жоғарыдағы ақын қаламынан туындаған табиғат суреттерін оқығанда
бетімізге көктемнің ерке самалы соққандай, бұлақтың сылдыр қаққан үні
келгендей, құстардың көңілді шуылы құлаққа жеткендей әсерленесіз.
Үзінділердегі қарқын сілкіп жұтынған қыр, таңмен талас оянған тас
таңдайы тақ-тқұ етіп күлген ақ бұлақ, жел көсеу, мал судан мелтек атып
кекірген дала, арнасына сыймай жағаға алас ұрып секірген сілеусін-сең,
шуақтан басы зеңгіген Бұқпа тау, етекке құлаған алтын белдік-су,
сәскеге дейін көрпе серіппес дел-сал қалпы кергіп жатқандай- Қопа көл,
дала төсінде құлындай құлпыраңдап шапқылап бара жатқан Қылшықты-су міне,
осылардың барлығы болмысқа жан бітіріп тұрған ғажайып метафоралық өрнектер
емес деп кім айта алады?!
Тек ақын сыршыл сурет, сұлу сезімдер ғана туғызуға шебер емес, оның
қаламынан, салмақты ойға, үлкен философиялық жүгі бар терең, астарлы идеяға
жетелейтін ойлы да нәрлі, пәлсапалық түйіндері сан-тарау туындылар да туып
жатады. Мысалы, ақынның Дүние жалған деген мына өлеңінен бірер шумақ
үзінділерді алып қарасық:
Қазықұрттың басында кеме қалған
Ол әулие болмаса, неге қалған?...
Неге қалған дейсің де жауап таппай,
Ойға сүңгіп кетесің, дүние жалған
Бұл жолдар кім-кімді болса да жалған дүниенің қыр-сырлары туралы
терең ойға жетелері хақ. Бұл тараптағы ақын өлеңдері: Ақын мен жендет,
Қаралы таулар, О, тоба, Пушкин ескерткіші түбінде, Көк бөрі,
Құлагердің өлімі ақтау сөз, Өңеш философиясы т.б.
Біз осы жинақтағы жан-жүрегімізді тербеген, сезімімізді шуақты
ойларымен жылытқан ақынның 3-4 лирикалық туындысына ғана тоқталып өттік.
Сыршыл қаламы қолында тұрса Төлеген Қажыбай секілді сарабдал ақын алда да
туатын өз туындыларымен оқырман қауымды рухани ләззатқа бөлей берер деп
кәміл сенеміз.
1.2. Ширатқан шым жібектен өлең-жырын.
1.2.1. Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі.
Өлең- тілмен берілетін контекст, сондықтан кез-келген тіл маманының
алдында сол контекстегі көркем құралдардың көрінісін зерттеу, ақынның
көркемдік сөз кестесін, яғни поэтикалық әлемін тану мақсаты тұрады.
Төлеген Қажыбаевтың жырларын оқи отыра, өлең мәтіндеріндегі көркемдік
құралдардың (эпитет, метафора, поэтикалық синоним, антонимдер,
фразеологиялық тіркестер т.б.) ақынның айтайын деген жеріне жеткізе
бейнелеп, көздеген жерден дәл шығатындығының куәсі боламыз.
Енді осы айтылғандарға нақтырақ тоқтала кетейік.
Ақын өзінің айтар идеясын әсерлі, көркем етіп жеткізу үшін және
поэтикалық образы дәл беру үшін синонимдік қатарларды таңдап шебер
пайдаланады.
Мен оған көне аламын, келісе аламын,
Сеннен безсем- безгенім намыс, ардан...
(Абайға жүгініс)
Сен өмірге келдің де, масайрадым, марқайдым.
(Сен өмірге келдің де)
...Жоқтауменен келемін, жылауменен,
Сүрінумен келемін, құлауменен.
Адасумен келемін, жаңылумен,
Сағынумен келемін, сарылумен.
(Жоқтауменен келемін)
-деген жолдардағы көне аламын; келісе аламын; намыс, ар; масайрадым,
марқайдым; сүрінумен, құлауменен; адасумен, жаңылумен; сарылумен, сағынумен
келемін синонимдері ұтымды қолданылған.
Жалпы синонимия- ұлттық тілдің дәлдігін, айқындылығын, бейнелегіштік
күшін көрсететін тілдік құбылыс, әрі синонимдер қалаулар мен
шұбараңқылықтардан аулақ болу үшін ғана емес, сонымен қатар стильдік қызмет
те атқарады.
Сонымен-ақ автор тілінде жиі байқалатын құбылыс- синонимдердің
қосарланып келуі.
Мысалы:
Онда жатыр тың дала дыбыстары,
Онда жатыр туған ел табыстары.
Онда жатыр Ақанның қайғы-шері,
Онда жатыр Құлагердің шабыстары.
(Арнау)
немесе,
Адам өлді,
Тұрыңдар. Қайғырыңдар.
Өмір барда өлім бар,
Қайғы- мұң бар.
(Адам
өлді)
Синонимдердің қосарлануы- сөздердің мағынасы мен экспрессиясын
күшейтіп, көркем дәлдік жасау тәслі.
Ақынның өмірге көзқарасың, философиялық ой-түйінін өмір мен өлім,
қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық сияқты бір-біріне қарама-қарсы,
кереғар плюстерді көрсетуінен де аңғарамыз.
Сездіріп кейде қаласың,
Өлім мен өмір арасын .
Өткеріп бастан келесің,
Тірліктің қайғы, наласын.
(Сағынтып жетер көктемдей)
немесе,
Сезім бар да жыр шіркін сарқылмайды,
От-қуаныш болғанда, салқын-қайғы.
(Әйелге
мадақ)
сол сияқты,
Мен ілгері, сен кейіндеп келетін
Қосылмайтын қос сызықпыз шамасы.
(Жүрегімде жауындатып)
Бүгін бар да ертең жоқ,
Өткеннің бәрі өкініш...
(Жастықтың жықтым жалқауын)
Бұл жолдардағы өлім - өмір, куаныш - қайғы, ілгері - кейін, бүгін -
ертең, бар - жоқ тәрізді антоним сөздер зат есімдерден, мезгіл, мекен
үстеулерінен, модаль сөздерден жасалып, өмірдегі құбылыстарды дәл суреттеп,
әсерлі жеткізер шеберлік қырын танытып тұр.
Қатар келген сөзердің басқы дыбыстары, не болмаса өлең жолдарының
бірінші сөзі біркелкі дауысты дыбыстан басталып, ассонанс, біркелкі
дауыссыз дыбыстан басталып, аллитерация құрылуы арқылы текстің әуезділігі
немесе дыбыстық эффект пайда болады.
Мысалы:
Қорынба қор етер деп, қайран көңіл
немесе
Көңілімде күдік бар,
Күдік түбі жақсы емес.
Күдік түпсіз құдықтар,
Күдік түбі қатты егіс.
(Күдік)
Өлі дала,
Өлі сола
Өлі жұрттың мекені.
Өткен күннен құлағыма,
Өлім зары жетеді.
(Аза жыры)
деу арқылы ақын дыбыс үйлесімділігіне де айырықша көңіл бөлген.
Ақын поэзиясында сезім, жүрек, көңіл секілді ұғымдарға берілген тың
анықтамалар, эпиттетер тұрақты, тұрақсыз және метафоралық, синкреттік деп
бөлінеді. Бұл заттың, ұғымның белгілерін бейнелеп, әсерлі түрде айтайын,
әрі сол атаумен үнемі бірге қолданылатын эпитеттер болады. Олар негізінен
өзінің тура мағынасында келеді, бірақ анықтап тұрған сөзімен тіркесіп,
белгілі образ үшін жұмсалады. Бұлар тұрақты эпитеттер болып саналады.
Мысалы: қиғаш қас, бұраң бел, шиыр жол тұрақты эпитеттермен келген
тіркестер, ал асау сезім, желөкпе сезім, көрсоқыр сезім, ақберген сезім,
сайқал сезім, сыз көңіл, жерім көңіл, нұрлы жүрек сияқты тіркестердегі
сезім, көңіл жүректің белгісін атап тұрған асау, желөкпе, көрсоқыр,
ақберегн, сайқал, сыз, жетім, нұрлы деген анықтауыштар өздерінің тура
мағыналарында емес, ауыспалы мәнде келіп, тұрақсыз эпиттер болып тұр, яғни
көңілдің сыз, жетім, жүректің нұрлы, сезімнің асау, желөкпе т.с.с. болуы
өзіне тән белгілері емес.
Мысалы:
Ақберген сезім кетілді
Жұбанбас жаным жетім-ді
(Жастықтың шықтым
жалауынан)
Тағардай сырға сан қызға,
Желөкпе сезім азғырма.
(Қораштау көрінер)
Көрсоқыр сезім болмаса,
Сұлуды сүю мүмкін бе? (Бұл да
сонда)
Дос көргенің сырт беріп сызданады,
Сыз көңілден сезілер күз қабағы.
(Сор кешкен
Аралдайын)
Бұл эпитеттер ақынның көңіл-күйін, сезімін жеткізу мақсатымен
қолданылған, әр автордың өзіндік қолтаңбасын аңғартады.
Ақын синкреттік амалдарды да кеңінен пайдаланған, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz