Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Мазмұны
Жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 -3
І-тарау
Жалпы шетел библиографиясы
1. Библиография жайында жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-
5
2. Библиографиялық қызметтің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5-10
1.3 Библиографиялық қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15
ІІ-тарау
Библиографиялық ақпарат теориясының негіздер
2.1 Құжаттық коммуникация
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 16-20
ІІІ-тарау
Германияның библиографиясы
1. Германияның ұлттық библиографиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21-
26
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28
Кіріспе
Библиография сөзі ең алғаш ретежелгі Грецияда қолданыла бастаған. Ол
екі сөзден шыққан: ЬіЫіоп - кітап, дгарһо - жазамын және тура
мағынасында кітап жазу деген мағынаны білдіреді. Көп уақытқа дейін бұл
термин қолданылған жоқ. XVII ғасырда библиография екінші ретФранцияда
өмірге келді және кітап жазу мағынасына иеленді. Кітап басып шығару пайда
болғанға дейін, кітапты қолмен көшіру арқылы ғана көбейтетін болғандықтан,
кітап көшірушілерді библиограф деп атаған. Елде хаттанып жазуды білген
кісілерді жоғары мәртебелі деп санаған. Бұл жұмыс абыройлы және дәрежесі де
жоғары болып саналған. Библиографиялық қызметте библиографиялау аса маңызды
процесс болып табылады.
Библиографиялық қызмет негізгі уш құбылысты белгілейді: библиографиялық
қызмет, библиографиялық өнім құралдарды шығаруда және библиографиялық
білімді таратуда ой еңбегін керек ететін үлкен бір ғылым саласы.
ГОСТ 7.0-99 бойынша Ақпараттық библиографиялық қызмет. Библиография.
Терминдер және анықтамалар осы үш мағына әлемдік библиографияға өте қажет.
Библиография - жалпы адамзатқа, қоғам мүшелеріне білім берудің барлық
тармағын қамтып зерттейтін, баспа шығармаларын тіркеп әрі насихаттап
отыратын іс - тәжірибелік қызмет саласының бір тармағы болып табылады.
Мысалы, ұлттық библиография -ұлттық библиографиялық көрсеткіштер. Әлемдік
библиографияға бұл ұғымдар өте маңызды: халықаралық, универсалдық және
ұлттық. Библиографиялық сипаттама құрастыру құжаттар туралы библиографиялық
мәліметтерді стандартқа сәйкес анықтау және белгілеу болып табылады.
Халықаралық-библиография, бірнеше елдердің құжаттарың қамтиды. Құжатқа
библиографиялықталдау жасау барысында құжаттын мазмұнымен танысу, толық жан
- жақты библиографиялық құралдын мақсатына, оның оқырманға арналғандығына,
жеке әрбір құралға кіретін құжаттың сәйкестігін белгілеу көзделеді. XIX
ғасырдын соңғы тоқсанында халықаралық термині библиографиялық практикада
пайдаланды. Сол кезде халықаралық библиографиялық конгресстер құрылды,
халықаралық көрсеткіштердің, дүниежүзілік материалдардармен қамтуы боп ең
бірінші ғылыми- әдебиет халықаралық каталогы (1902-1919 жж.)болды.
Дүниежүзілік каталог қай қалыпта болса да, ірі кітапханалардын қорында
бар, әр -түрлі елдердін басылымдары жайында ақпарат алуды және көп
аспектілік ізденіс жүргізуді атқарады.
Ұлттық библиография - мемлекеттің аумағында шыққан және белгілі бір
халықтың бір қатар белгілерімен байланысты (тіліне, аумағыны) құжаттарды
бейнелейтін әдебиеттер көрсеткіші. Қүжаттардың есепке алудың үш негізгі
принциптері бар:
Аумақтық;
Тілдік;
Алғашқы екеуімен және экстериориканы қамтитын комплексті принцип.
Библиографиялық жұбалары төменгідей:
Мемлекеттік аумақтық құжаттарды есепке алу нышаны;
Жұмыстарды мемлекеттік библиографиялық орталық заңының негізінде жүргізу;
Әр-түрлі типтегі (кітап қана емес).
Осы ұлттық библиография үлгісін есепке ала отырып, библиографияның осы
түрін аумақтық құжаттарды қамту нышаны бойынша және оның көлемінің кеңдігі
жөнінен ұлттық библиография әлемдік библиографияның негізі болады.
І. тарау. Жалпы шетел библиографиясы
1.1 Библиография жайында жалпы түсінік
Алдымен алғашқы библиографиялық құралдар мен сол библиография өзі
қалай пайда болғанына тоқталайық. Библиография тарихы б.з.д. III ғ.
басталады. Антикалық кезеңнен ең ірі кітапханасы - Александрияда Әрбір
білім саласы бойынша атағы шыққан ғұлама ғалымдар және олардың
жазғандарынын кестесі құрастырылған. Зерттеушілердің пікірінше, еңалғашқы
библиографиялық еңбектердің бірі болып табылады.
Бұл Кестенің авторы - ірі оқымысты, ақын көрнекті кітапханашы және
библиограф Каллимах. Ол каталогтың 120 кітабында грек әдебиетінін негізгі
шығармаларына сараптама жасады, сондай-ақ олардың авторлары жайлы
мәліметтер деп берілген. Өкінішке орай ол Кесте бізге дейін жетпеді,
бірақ көптеген сақталып қалған еңбектер Каллимахтың әрбір кітап пен оның
авторы жайлы егжей-тегжейлі айтқысы келгендігін растайды. Автордыңаты
белгісіз болғанды, Каллимах оны қалпына келтіруге тырысты. Кітаптың атауы
болмаған жағдайда да ол мәселені шешуге ұмтылды. Сайып келгенде, Каллимах
әрбір шығарманың бірінші сөзін беріп отырған.
IV — V ғғ. Византияда библиографиялық анықтамалар құралды. IX ғ.
константинопольдың патриарх Фотияның Кітапханасы пайда болды. Бұл
кітапханада 168 авторлардың шығармалары қамтып көрсетіледі. Осы кезенде
библиографиялық материалдар энциклопедия түрінде пайда болады. Ең бірінші
библиографиялық енбектері боп, библиография материалдар ретінде - афишалар,
плакаттар, тізімдер, жәрменке каталогтары саналды.
Ресейдің белгілі библиографы Л.В. Астахова библиографияға былайша
анықтама берген: Библиография дегеніміз бұл белгілі бір библиографиялық
құралдары шығаруды және библиографиялық білімді таратуда ой еңбегін керек
ететін улкен бір ғылым саласы. Ағымдағы библиография пайда болмас бұрын,
ең алғаш өткен жылдар (ретроспективтік) библиографиясы XVI ғасырда өмірге
келді, ол ағылшын баспагері Джон Бейлдың 1548 жылғы библиографиялық еңбегі.
XVI - XVIII ғғ. Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштер әдетте
өзінің құрамына тек кітаптарды ғана еңгізді, оның өзінде де бәрін бірдей
есепке ала алмады, өйткені ағымдағы әдебиеттерді есепке алу әлі қолға
алынбаған еді. Сондықтан құрастырушылар шыққан әдебиеттер туралы мәліметтер
алу ушін өздерінін алдынғылардын еңбектерін, баспалар мен кітапханалардың
каталогтарын пайдаланып отыруға мәжбүр болды.
Қазақ халқының да жазба мұралары өте ертеден, сонау VII ғасырдағы Орхон
- Енисей жазбаларынан басталады десек болады. Одан беретін келе көптеген
ұлы ойшылдарымыз қаншама туындыларды өмірге әкелді.
Ғұламаойшылдарымыз, ағартушыларымыз келелі еңбектер жазып кейінгі
ұрпаққа мұраға қалдырғанын дәлелдеу мақсатында өткен жылдардың
(ретроспективтік) библиографиялық көрсеткіштері өмірге келді. Қазақстанда
шыққан еңалғашқы көлемді ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштерінің
бірі -1940 ж. Әдебиет және искусство журналының № 7-8 -сандарында
жарияланған А.Тоқмағамбетовтың Революцияға дейінгі қазақ әдебиетінің
библиографиясы. 1879-1914 жж. атты библиографилық құралы. Бұл көрсеткіште
қазақша жүз кітаптың сипаттамасы берілген.
Ғылымнын ұдайы дамып күрделенуіне орай кітаптардың көбеюі, кітап басу
ісінің жетіліуі библиографиятанудың жеке ғылым саласы болып іріктелуіне жол
ашты. Қазіргі таңда библиограф - оқырманының жасына, танып - білігіне,
дайындығына қарай кітап мұхитынан қажетін тандап оқуға бағыт сілтеуші
маман, кітаптану ғылымнан зерттеуші ғылым. Библиография - жалпы адамзатқа,
қоғам мүшелеріне білім берудін барлықтармағын қаптап зерттейтін, баспа
шығармаларын тіркеп әрі насихаттап отыратын іс-тәжірбиелік қызмет саласының
бір тармағы болып табылады.
1.2 Библиографиялық қызметтің негіздері
Библиографиялық қызмет оқырмандар құрамына, қордың көлеміне және жұмыс
профиліне қарамай кітапханалардың барлық типтерінде жүзеге асырылады.
Кітапханалардыңзор көлемді және алуан қырлы жұмысында библиографияның
маңызы ерекше. Бибиографиялық қызмет кітапхана жұмысының барлық негізгі
бөлімдеріне тән. Атап айтқанда библиографиялық процестер оқырмандардың
ақпараттық қажеттіліктерін орындауда кітапханалық және ғылыми - ақпараттық
қызметтерін жақындастырылады.
Библиографиялық қызмет- бұл библиографиялық ақпаратқа сұраныс
етушілердіңталаптарын қанағаттандыратын сала. Библиографиялық қызмет
негізгі екі процестен тұрады: библиографиялау және ақпарат тұтынушыларға
библиографиялық қызмет көрсету.
Библиографиялау процесі
Библиографиялау - библиографиялық ақпарат дайындап шығару процесі.
Библиографиялық қызметте библиографиялау аса маңызды процесс болып
табылады. Библиографиялық ақпараттың ертерек шыққан ресурстарының негізінде
библиографиялық қызмет көрсету орындалады.
Библиографиялау объектілері болып құжаттың жеке тұрлері, типтері,
оқырмандық, мақсаттық белгілері бойынша топтастырылған құжаттық ағымдар мен
массивтер.
Библиографиялау үш кезеңнен тұрады:
Дайындық;
Негізгі;
Қорытынды;
Құжаттарды библиографиялау кезендерінде жасалатындар:
^Тақырыпты таңдау мен зерттеу (библиографиялық құралдың жоспарын жасау);
•Құжатқа библиографиялықталдау жасау;
^Библиографиялық сипаттама құрастыру;
^Аннотациялау, рефераттау;
^Индекстеу;
^Құжаттарды библиографиялық іріктеу;
^ Библиографиялық жазбаларды топтау;
^Анықтама аппаратын құрастыру (көмекші көрсеткіштерді, кіріспе мақаланы,
алғы сөзді т.б.);
^Библиографиялық редакциялау, безендіру.
Тұтас алғанда библиографиялау қызметі барлық библиографиялық құралдарды
құрастыру немесе библиографиялық ақпаратты шығару әдістемесі болып
саналады. Оның әрбір іс- қимылы библиографиялау әдісі болып табылады.
Библиографиялау процесіне аналитикалық және синтетикалық әдістеріне
жататындар:
Құжаттарға библиографиялықталдау жасау;
Библиографиялық сипаттама құрастыру;
Аннотациялау, рефераттау;
Индекстеу.
Қүжатқа библиографиялық талдау жасау барысында құжаттың мазмұнымен
танысу, толық жан - жақты библиографиялық құралдың мақсатына, оның
оқырманға арналғандығына, жеке әрбір құралға кіретін құжаттың сәйкестігін
белгілеу көзделеді.
Библиографиялық сипаттама құрастыру құжаттар туралы библиографиялық
мәліметтерді стандартқа сәйкес анықтау және белгілеу болып табылады. Нақты
библиографиялық сипаттаманы құрастыруда қате жібермеу үшін тікелей түп-
нұсқаға сүйену қажет. Сондықтан библиографиялық сипаттама құжатты қарап сіе
ши (латын тілінде өз көзімен көріп, көзінше) жасалады.
Аннотациялау — құжаттың, оның бөлігінің немесе құжаттар тобының мақсаты,
формалары және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғандығы қысқаша
сипаттамасы.
Рефераттау - құжаттың немесе оның бөлігінін қысқаша мазмұны, оның
негізгі фактілері мен тұжырымдары келтіріледі. Ол библиографияда ізденіс
мақсатында құжаттың мазмұнының неғұрлым тереңдетіліп көрсетілуіне
қолданылады.
Индекстеу - библиографиялық тұрғыдан алғанда ақпараттық ізденіс тілінде
құжаттың мазмұнын білдіру процесі.
Библиографиялық құралдарды құрастырудың синтетикалық әдісі бұл:
құжатты библиографиялық анықтау;
библиографиялық іріктеу;
библиографиялық жазбалары топтау.
Библиографиялық анықтау - бұл келесі библиографиялық өндеу
мақсатындағы құжаттық немесе библиографиялық ақпараттық ізденіс болып
табылады.
Виблиографиялық іріктеу - қандай да бір белгілерге сәйкес: формалдық
(кеңістік жағынан, баспагерлік, хронологиялық, аумақтық, тілдік,
авторлықжәне басқалары жағынан), мазмұндық (тақырыптық), сапалық белгі
болса да библиографиялауға қажетті құжаттарды басылымдардың көлемінен
таңдап алу.
Библиографиялық жазбалары топтау - библиографиялық жазбаларды
құжаттыңбелгілерініңұқсастығы немесе айырмашылығы бойынша тәртіпке
келтіру. Топтаудың негізгі үш түрін атауға болады: формалды - әліпбилік
топтау
(авторлары немесе атаулары бойынша, сөздік, пәндікт.б.) және хронологиялық
топтау (шығармалар жазылған уақытты, жарияланымның басылу мерзімі);
мазмұндық (жүйелік және тақырыптықтоптау); ұсыныстық (оқуға басшылық ету
мақсатына сәйкес логикалықтәртіп бойынша) топтау. Таңдап алынған негізгі
топтау жай түрде (белгілі бір тәртіп бойынша) немесе күрделі (бөлім және
бөлімше, рубрикалар мен кіші рубрикалар бойынша) болуы мүмкін. Күрделі
топтауда жазбалардың әрбір бөлінісі ішінде де материалдар алдын ала алынған
белгілі бір ретпен (авторлардың аты - жөнімен немесе бас тақырып әліпбиі,
басылымның хронологиясы бойынша, әдебиеттіңтүрлері бойынша, логикалық
ретіне қарай-жалпыдан жалқыға, қарапайымнан күрделігіне қарай жәнет.б.)
орналастырылады.
Жаңа ақпараттықтехнологияны енгізу библиографиялаудың әр түрлі әдістерін
өзгертуіне әсерін тигізді. Негізгі екпін - библиографиялық жазбаларды
электрондық түрінде қалыптастыруына, библиографиялық сипаттамасының
толықтығын қамтуына және берілген мәліметтердің дәлелдігін толық келтіруіне
ауысады.
Қазіргі кезде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде библиографиялық
ақпараттың қорлануы, баспалықжәне электрондықтүрдегі библиографиялық
басылымдардың дайындалуы және шығару процестері жаңа компьютерлік
технологияның көмегімен жүзеге асырылады.
Мәліметтер базасындағы библиографиялық жазбалар әр түрлі тәртіп бойынша,
әрбір ізденіс белгі бойынша іріктелінуі және топтастырылуы мүмкін.
Аналитикалық және синтетикалық әдістер библиографияудың негізгі
кезендеріне тән.
Сонымен, библиографиялау - бүл библиографиялық қызметтің негізгі прцесі,
ол жеке құжаттарды, құжаттардың ағымы мен массивін библиографиялық
өнделуін, шыққан библиографиялық жазбалар мен құралдарды қайта өндеуі
негізіндегі жаңа библиографиялық ақпаратты шығаруын қамтамасыз етеді.
Библиографиялаудың нәтижесі - библиографиялық өнім.
Демек, библиографиялау құрылымы келесі көрнекі бейнеден тұрады:
Библиографиялық өнім - бұл библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етілген
ақпараттық өнімніңтүрі, ол библиографиялық ақпаратты қолданатын және
тарататын құжаттардың жиынтығын көрсетеді. Библиографиялық өнім
библиографиялық ақпараттың құжаттықтүрлерінен тұрады:
а) жеке мәнгі ие болатын бөлек библиографиялық жазбалар; ә)
барлықтүрдегі библиографиялық құралдар.
Библиографиялық өнімнің негізгі типтеріне жататындар: библиографиялық
сілтеме, каталогтық карточка, АІТ (ақпаратты іріктеп тарату жүйесі) бойынша
библиографиялық хабарлама, жеке электрондық библиографиялық жазба,
библиографиялық көрсеткіш, тізім, шолу, каталог, библиографиялық картотека,
библиографиялық мәліметтер базасы мен банкілері, жазбаша библиографиялық
анықтама.
Жазба тәсілі мен материалдықтапсырмалдаушыға байланысты библиографиялық
өнім әр түрлі формаларда шығарды алғашқы формалары қол
жазбалық, одан кейін баспалық кітап және карточка түрінде болды. ХХғасырда
машиналық жазба, библиографиялық өнім, баспа библиографиялық карточкалар,
микротасымалдаушылар (микрофильмдер, микроафишалар) және машина оқитын
библиографиялықөнім (магниттаспалары мен дискілердегі) пайда болады.
Барлық өнімдерінің арасында неғұрлым кең таралған формалары -
карточкалық каталогтар мен библиографиялық картотекалар, библиографиялық
басылымдар.
Мәліметтер базасы негізіндегі автоматтандырылған тәртіп бойынша толық
дайындалатын библиографиялық басылымдар мен библиографиялық анықтамалар,
электрондық библиографиялық өнімдер: машина оқитын жазбалар, мәліметтер
базалары мен банкілері, соның ішінде СО-КОМ-да жазылған т.б. электрондық
библиографиялық өнімнің көлемі ұдайы өсіп келеді.
1.3 Библиографиялық қызмет көрсету
Библиографиялық қызмет көрсету-буп библиографиялық ақпаратты
тұтынушыға жеткізудегі, оның нақты және болашақтағы қажеттіліктері мен
сұраныстарына сәйкес болатын процестердің жиынтығы.
Библиографиялық қызмет көрсету -кітапхананың, ақпараттық мекеме
ретіндегі жұмысының маңызды бөлігі.
Кәтапханаларда жүргізілетін библиографиялық өызмет көрсетудің негізгі
түрлері - библиографиялыҚ хабарлама беру және анықтамалық библиографиялық
қызмет көрсету.
Библиографиялық хабарлама беру
ГОСТ 7.0-99 бойынша библиографиялық хабарлама беру - ұзақ уақыт
қолданылытын сауалдарға сәйкес және (немесе) ондай сауалдарсыз
библиографиялықхабарламамен унемі қамтамасыз етіп отыру деп анықталған.
Библиографиялық хабарлама беруді: сараланған (жеке, топтық) және
сараланбаған (жаппай) түрлеріне бөлуге болады.
Саралаудың негізінде кітапхананың қалыптасқан жұмыстәжірибесіне сай
келетін сан белгісі алынған. Жеке библиографиялықхабарлама беру нақты
тұтынушыға оның қажеттілерін ескере отырып, хабарлама беруді, ал топтық
библиографиялық хабарлама беру хабарламаны тұтынушылардың қайсыбір
белгілері бойынша бөлінетін және мазмұны жағына хабарламалық өажеттері
жақын белгілі бір топтарына хабарлама беруді көздейді. Екінің бірінде
оларды бір кәсіптік топта болу немесе әр турлі кәсіп мамандары атқаратын
ортақ тапсырма (мысалы, ғылыми -зерттеу жұмыстары, қайсыбір объектіні
жобалау және т.б.) біріктіреді.
Жаппай библиографиялық қызмет көрсету тұтынушылардың белгілі бір тобына
бағдарланбаған және олардыңхабарламалық қажеттерін ескермейді.
Сараланбаған библиографиялық хабарламалардың топтық және жеке түрі
болады. Топтық өызмет көрсету ұқсас ақпараттар жиынтығына мұқтаж топтық
тұтынушыларға ұдайы және анда - санда библиографиялық хабарламалар беріп
тұрды. Ол ұжымдық абонент немесе тұрақты не уақытша қоғамдық және кәсіби
кішігірім бірлестік болу мүмкін. Ұжымдық немесе уақытша қоғамдықтоптар
ұдайы немесе анда - санда болатын шығармалар кезінде ұйымдастырылады.
Библиографиялық ақпараттардың ішінде жанадан шыққан әдебиеттер жөніндегі
абоненттерді ұдайы хабарлап тұру маңызды орын алды. Көріністік
библиографиялық ақпарат әр түрлі аудиторияда библиографиялық хабарламаларды
ауызша шолу түрінде береді де, кітапханалардың көпшілік және топтық
шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Көрмелердегі
библиографиялық ақпараттар уақытша жоқ құжаттардың орнына жұмсалады.
Мұндай жағдайда қажетті тапсырыс қабылдау үшін, құжаттың қай жерде бар
екені туралы деректер жазылады.
Берілетін ақпараттардың көпшілігі әдетте, әр айлық жазбаша хабарлар
түрінде іске асаттын жекелей библиографиялық мәлімдеу жиесінде жеткізіліді.
Кейде мәліметтелефон немесе басқа да байланыстүрлері арқылы беріледі.
Мәлімдеу абонентін тандау оның мәнділігімен анықталады. Библиографиялық
ақпараттаудың маңызды түрлері:
а)ақпаратты іріктеп тарату (АІТ);
б)басшылықтарға сараланған қызмет көрсету (БСҚК).
Қызмет көрсету алғашқы және қосымша келген құжаттарды жүйелік
библиографиялық іздеу негізінде іске асырылады. АІТ- ің ерекше белгісі:
Қызмет көрсеткен кезде тек жаңадан шыққан ғана емес, барлық құжаттардан
хабары болу;
Абоненттің қажеттіліктерін ұдайы анықтап отыру үшін кері байланыстың
карталарының болуы;
Екінұсқалык, алдымен библиографиялықхабарлар беру, ал егер ол өте жақсы
бағаланып, арнайы талаптары болса - құжаттардыңтолық мәтіндерін беру болып
табылады.
Егер де АІТ жүйесі бойынша қызметті кітапханалар іске асырса, онда АІТ-
ің жұмысы ақпараттық қажеттіліктердің өзекті тарауларың жасаудан басталады.
Ол мекемелердің құрылымы, жекеше бөлімшелер істерінің бағыттары, жоспарлыа-
есептік құжаттар, қызметкерлердің шығарған еңбектерініңтақырыбы т.б.
талданылады.
Абоненттерден өздерін қызықтыратын тақырыпты көрсетуін сұраған, өз
бетінше басылымдарды жүйелі қарайтын ортадан осы бағыт бойынша жетекші
авторларды атаған анкета пайдаланылады.
Басшылықтарға сараланған қызмет көрсету (БСҚК) жүйесі нәтижесінде
тұтынушыларға тақырыптық іріктеу, ақиқатты мәліметтер тізімін басшыларға
беретін хабарлаллаларды аналитикалық өңдеу жұмысын қарастырады. Сараланған
қызмет көрсету мақсаты тұтынушыларға ауывша немесе құжат бойынша тіркелген
шолулар, библиографиялық тізімдер турінде ақпарат беру.
Библиографиялық хабарланудың көлемділігі мен формасы кітапханалар немесе
ақпараттық орталықтар типі мен олардың материалдық - техникалық базалары,
ақпараттық ресурстары, пайдаланушылардың контингенті және басқа да дәстүрлі
факторларға байланысты. Библиографиялық хабарланудың сөзсіз болатын
элементі жаңа құжаттар туралы ақпарат беру болып табылады. Ұдайылық апта
сайынғыдан жыл сайынғыдан жыл сайынғылыққа түрленіп тұрады.
Библиографиялықхабарланудың мазмұны көрмелерде немесе басқалай да
көрсетілген жаңа түскен құжаттарды теңдей бейнелей алады. Көбінесе құжаттар
жөніндегі мәліметтерді аналитикалық сипаттамасы мен аннотациялар
толықтырады.
Библиографиялық хабарлану кітапханалар қорына түскен құжаттардың алдын
ала алады. Ол қордағы құжаттартұрған жеріне тікелей байланысты емес.
Библиографиялық хабарланудың жинақтық формасы қазіргі кездегі және өткенді
шолатын іріктеу жөніндегі құжаттармен хабардар етеді.
Кітапханалық қордың көлемін кеңейту мен оның құжаттарын түрлендіру
сапалы да әралуан библиографиялық қызмет көрсете алады, бірақ кітапханалық
ресурстардың өсуімен әдетте, абоненттердің саны өседі, ол ақпараттық
қажеттіліктерді қанағаттандыруды қиындатады. Сондықтан ірі әмбебап
кітапханалар приоритетті иегерлердің саралау қызметі мен библиографиялық
хабарланудың көпшілік формасын бетке ұстайды.
Сонда да библиографиялық хабар алуды қолданушылар үндеудің әр алуан
түрлері мен жекелей хабар алу жүйесінде хабарлама даярлайтын
библиографтардың арыла алмайтын субъектілікке тәуелділігін қысқартатын
формаларынан хабардар болуы керек.
Ақпараттықтехнологияны қолдану сигналды, реферативтік және шолу
туріндегі библиографиялықхабарламалар алуды құжаттардың көшірмесімен
үйлестіруге мүмкіндік береді. Кітапханаларды автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерге косу оны тұтынушылардан шектеулі ресурс пен белгілі бір уақытта
кітапханаға өзі бару қажеттілігінен босатады. Оларға жиі шектеулі ресурстар
бойынша жұмыс істейтін үлкен әмбебапты және арнайы кітапханалардан
библиографиялықхабар алу ұжымдарының мүмкіншіліктері арасындағы қарама
- қайшылық жеңілдетіледі.
Библиографиялық қызмет көрсету өрісінің келесі тенденциясы
библиографиялық қызметкердің аралық түрі болып табылады. Оның мәні мынада:
оқырмандардың сұрауына жауап құжаттар жөніндегі мәліметтермен емес,
қажетті материалдардыңтолық мәтіндері немесе факт бойынша мәліметтермен
беріледі. Сол сияқты кітапханада өткізілетін шараларды (көрмелер, мамандар
күні, шолу, ауызша журналдар) берушілердің көпшілігі библиографиялық
даярлақтарды:
библиографиялық мәліметтерді іздеу, іріктеу, топтау сияқты жұмыстарды
талап етеді.
Библиографиялық қызметтерді ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру
нәтижесінің қорытындысы емес, аралықтүріне айналдырса, кітапханалардың
толық жабдықталуын жоғарылатуға ұмтылыс пайда болады.
Анықтамалық -библиографиялық қызмет (АБҚ) көрсету.
Анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсету - ол оқырмандардың бір
жолдық сұранымдары бойынша библиографиялық қызмет көрсету. Анықтамалық
- библиографиялық қызмет- кітапханалардың міндеті түрде атқаратын
функциясы, тұтынушыларды кітапхана қорының құрамы туралы мәліметтермен
қамтамасыз етіп, ақпараттардың көзін тауып, тандауға кеңес береді.
Анықтамалық- библиографиялық қызмет- библиографиялық қызмет көрсетудің
- негізгі түрлерінің бірі болып табылады да, бір жолдық сұраным бойынша
тұтынушыларға библиографиялық, жанама дәлелдемелік хабарлар беру процесімен
байланыстырады.
- Библиографиялық аныктама - Анықтамалық - библиографиялық қызмет
технологиясы: бір жолдық библиографиялық сұраным (библиографиялық ізденіс)
тұтынушыларға жауап беру. Технологиялық жағынан библиографиялық анықтама
терминін орындалу, беру деген зат есімдерімен байланыстыру керектігі
дәлелденеді.
- Әдебиеттер іздеу қажеттігін тудырады да, тақырыптық библиографиялық сауал
қалыптасады. Деректі құжаттың орнына арналған библиографиялық бейнелеу
элементтерін жетерліліктей толық білмеу библиографиялық дәлелдеме
сауалдарын тудырады. Құжаттың қайда барын анықтау қажеттілігі мекенжайлық
библиографиялық сауалдарды қозғайды. Библиографиялық анықтамалар, сондай-ақ
бір жолдық библиографиялық сауалдар жіктеулерін жуйеге келтіреді де,
тақырыптық, нақтылаушы және мекенжайлық болып бөлімшелерге бөлінеді.
- Тақырыптык анықтамалар мазмуны. шығуы, тақырып бойынша нышандары
біріктірілген көптеген библиографиялықжазбаларды іздеу нәтижесі болып
табылады. Анықтама бір жазбадан немесе ақпарат қажеттілігін толық
қанағаттандыратын құжаттан тұруы мүмкін.
- Нактулаушы аныктамада суранымға сәйкес құжаттарды іздеп табуға
көмектесетін жетерліктей библиографиялық мәліметтері
болады.Тұтынушылардыңтілегі бойынша нақтылаушы сауалға жауап толық
библиографиялық бейнелеуді көрсете алады.
- Мекенжайлык аныктама көбінесе кітапханалар қорында іздеп отырған
басылымның бар, жоғына жауап береді; ол сондай- ақ оның кітапханаларда
сақталғаны жөнінде хабарлама бере алады.
- Іздеу заттарына сай әр алуан фактілерді бейнелейтін
фактографиялыканыктама ерекше қаралады. Сондай - ақ ол сауал арқылы
табылған мәтіндердің
- қысқаша фрагменттерін де қарастырады. Анықтамалық- библиографиялық қызмет-
факт ұғымы соралып отырған басқа да библиографиялық емес жайларды да
білдіреді. Оны іздеудің библиографиялық көзі тұтынушының қалауы бойынша
көрсетіледі.
- Анықтамалық- библиографиялық қызмет процестерінде анықтамалар тіпті
библиографиялық кеңестердің орнына журе алады. Анықтама сұрау + жауап
комплексін көрсететіндіктен, тек библиографиялық қана болмайды, сонымен
бірге фактографиялық, кейде бірнеше типті жауаптарды қамтитын құрамдас та
бола алады. Мекенжайлық сауалдар дәлелді іздеу салуды талап етеді де, іздеу
кезінде фактографиялық сұраулар тақырыптық болып кете алады.
- Теориялық жағынан анықтамалардың бірнеше түрі болғанымен, тәжірибелік
жағынан олар біреу ғана болып тіркеледі. Егер де іздеу жұмысы сәтсіз болып
қалса, сұраныстан бастартуға болады. Ондай жағдайда анықтамалық-
библиографиялық қызмет көрсету бойынша қойылған шектеулерге сәйкес, оны
сұраныстың алғашқы кезеңінде - ақ қабылдамауға болады.
ІІ- тарау. Библиографиялық ақпарат теориясының негіздері.
1. Құжаттық коммуникация жүйесі.
Алғашқы қолжазба кітаптар мен оныңоқырмандарының пайда болуы құжаттық
коммуникация ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz