Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.ТРОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР ТОПЫРАҒЫ
1.1.Тропиктік топырақтың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .. 6
1.2. Қызыл топырақтардың құрылысы, қасиеттері,
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.Сары топырақтардың құрылысы, қасиеттері,
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4.Қара топырақтардың
құрылысы,қасиеттері,жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.ТРОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ-ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2.1.Тропиктік топырақтың
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..19
2.2.Тропиктік топырақтын құрамы және қорғалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
КІРІСПЕ
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ-топырақ түрі;
ылғалды субтропиктік климат жағдайында жалпақ жапырақты орман жамылғысы
астында, кейде тропиктік саванналарда түзіле ді.
Қызыл топырақтарға тән ерекшеліктер –табиғатынан ерекше болып келеді,
құрамында темір және алюминий оксид тері жоғары, ал кремний диоксиді
(кремнезем) мен негіздер төмен дәрежеде кездеседі, қарашірінді мөлшері аз
(6 - 9%-дай).
Темір оксидінің көп болуы Қызыл топырақтарға ашық қызыл және қызғылт
сары түс береді. Кәдімгі Қызыл топырақтар 8м -10м-тан 20м – 25м-қа дейінгі
еңіс беткейлерде қалыптасады, тік беткейлерде Қызыл топырақтар аз. Қызыл
топырақтардың реакциясы қышқылды және әлсіз қышқылды (сутектік көрсеткіші
рН-тың мәні 5,0 -5,7) болады. Механикалық құрамы ауыр балшықты немесе саз
балшықты келеді. ТМД елдерінің ішінде тек Қара теңіздің шығыс жағалауында,
Каспий теңізінің оңтүстік-батыс,оңтүстік аймағының шеткі жақ
жағалауында, Африка, Қытай, Жапония , Вьетнам, АҚШ, Бразилия, Австралия,
т.б. елдерде кездеседі.
Қызыл топырақтарда екпе шай, темекі, цитрус дақылдары, жүзімдіктер мол
өнім береді. Тропиктік белдеулер – Солтүстік және Оңтүстік жарты
шарлардағы, субтропиктік және субэкваторлық белдеулер аралығындағы
табиғи географиялық белдеулер. Негізінен 20` – 30` солтүстік ендік және
оңтүстік ендік аралығында жатыр. Тропиктік белдеулерде құрғақ және ыстық
тропиктік климатты қалыптастыратын пассаттық айналым басым; жер шарындағы
ауаның ең Жоғарғы температура көрсеткіші байқалады.
Құрлықтардың (әсіресе Африка мен Азияда) батыс және орталығы
бөліктеріндегі өте үлкен кеңістікті алып жатқан ландшафттың шөлдік және
шөлейт түрлері кең таралған. Үлкен аумақтарда беткі ағын жоқтың қасы,
өзендерінің көбі құрғап қалады.
Шөлдерде көбіне топырақ жамылғысы болмайды, өсімдіктері сирек.
Құрлықтардың шығыс шетіндегі (әсіресе Оңтүстік және Шығыс Азия, орталығы
Америка) Тропиктік белдеулер аймағында мұхиттардан
келетін муссондар мен пассаттар әсе рінен ылғалдылық өте жоғары. Жылдық
жауын-шашын мөлшері 1000 – 2000 мм, өзендерінің суы мол.
Шөлейттер мен шөлдер саванналарға, жапырағын тастайтын және мәңгі жасыл
ормандарға ауысады.
Құрлықтардың батыс және орталығы бөліктері көбіне жайылымды мал
шаруашылығы мен суармалы егістік орталығы, шығысында суармалы (сонымен
қатар террасалы) және тәлімі жер, плантациялық шаруашылығы (күріш, батат,
цитрус, құрма, банан, ананас, т.б. тропиктік және субтропиктік дақылдар)
дамыған. Тропиктік белдеулер мұхит суының температурасы мен тұздылығының
жоғары болуымен сипатталады., Ылғалды субтропика аймағы топырақтары ТМД
елдері аумағында 600 мың гектар ауданды қамтиды. Бұл аймақ Кавказ
тауларының беткейінде, Қара теңіз жағалауында (Грузияда), Әзербайжан елінде
кездеседі. Аймақта негізінен қызыл және сары топырақтар тараған.
Өзектілігі: Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға,
ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан
жердің негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың
құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық,
экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-
әрекеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.
Қазақстан Республикасының жер Кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен
міндеттері айқын көрсетілген. Осы Кодекстің 139 бабына сәйкес жерді
қорғаудың мақсаттары келесідей:
1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орман
мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын және басқа іс-шараларды жүргізу
арқылы жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да
қолайсыз зардаптарын болғызбау;
2) азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ету;
3) жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге
енгізу.
Жер Кодекснің 140-бабында жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушыларға
жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:
1) жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап
сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды
заттармен ластанудан, өзге де бүліну процестерінен қорғау шараларын іске
асыруға;
2) ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын
жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі
нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;
3) бүлінген жердің жаңартылуына, оның құнарлылығын және жердің басқа да
пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы
тартуға;
Мақсаты:Тропикалық белдеу топырағына қысқаша анықтама беру,және осы
белдеу топырағының таралу аймағы,топырақ түрлері,химиялық физикалық
қасиетіне анықтама беру.
Міндеті: Тропиктік белдеулер топырағы су эрозиясынан қорғау үшін де оның
үстінде мол өсімдік қалдықтарын қалдырып топырақты жазықтілгіш құралдармен
өндеу қолданылады.
1 ТРОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР ТОПЫРАҒЫ ТЕОРИЯСЫ
1.1.Тропиктік топырақтын түсінігі
Топырақ құралу жағдайлары.Аймақтың климаты өте ылғалды және жылы. Жыл
ішінде 1000мм-ден 2500мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Олар әсіресе күз және
қыс айларында мол түседі. Ауаның ылғалдылығы кейде 75-80% дейін жетеді. Жаз
мезгілі ұзақ, ал қыс қысқа әрі жұмсақ болып келеді. Жылдық орташа ауа
температурасы +13-150С, белсенді температура қосындысы 3000-40000С.
Вегетациялық кезең 240-250 күн болуы мүмкін. Қызыл және сары топырақтар
күрделі жер бедері бар тау баурайындағы шоқылар мен аласа таулы (биіктігі
600м-ден аспайтын) аумақтарда орналасқан. Қара теңіз жағалауында қызыл
топырақтар Аджар жотасындағы теңіз деңгейінен 40 м-ден 250-400 м-ге дейінгі
биіктікте орналасқан беткейлерде кездеседі. Аналық тау жыныстары төгілген
магмалық (андезит, базалит, порфер туфа) тау жыныстарының үгілуінен пайда
болған шөгінділер және балшықты, құмды-балшықты тақтатастар. Тау етегінің
төменгі бөлігінде аналық тау жыныстары аллювийлі, делювилі пролювийлі
балшықты-құмды және қиыршықты-малтатасты шөгінділер .[1]
Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30 градус
ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және
батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан.
Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Троптиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның
температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 90 градусқа
дейін қызады. Жауын- шашын барлық жерінде 100 мм-ге жетпейді. Сахарада
кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездерде де болады.
Өсімдік өте сирек, кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды жане тасты
шөлдер сұрықсыз болып келеді. Аздаған өсімдіктер ежелгі өзен арналарын,
жартастардың жарықтарын, тас қорымдарының шеттерін сағалайды.
Шөлдеріде әр түрлі жыландар, кесірткелер, бунақденелер көп болады. Ірі
жануарлар мен құстар оазистердең маңында ғана кездеседі.
Субтропиктік бедеу. Солтүстік жане Оңтүстік жарты шарлар 30-40
градусқа ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында
орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен
мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа
температурасы оң болып келеді (4 градустан 20 градусқа ). Сондықтан өсімдік
жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс,
шығыс жане ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа
жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтроптиктік
құрғақ континенті климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын
муссондар климаты қалыптасқан.
Осы айтылған климат түрлеріне жеке табиғат зоналары сәйкес келеді.
Субтропиктік белдеу ауспалы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар, қатқыл жапырақты
ормандар мен бұталар жане шөлдер мен шөлейттерге бөлінеді. Олардың бәрінің
ортақ белгісі қысының жылылығы, көпшілік бөлігінде ыстық жаз, қоңыржай
салқын қыс маусымдарының айқын бөлінуі болып табылады.
Өсімдік дүниесі ылғал сүйгіш, мәңгі жасыл ағаш және шөптесін
өсімдіктердің өте мардымды дамуымен сипатталады. Ағаштардан граб, каштан,
лаврлы-шие, түрлі шырмауық тектес өсімдіктер, жабайы жүзім, папоротниктер
өседі.
Қызыл және сары топырақтардың жаратылуына келесідей топырақ түзілу
үрдістері ықпал жасайды.
- Орман төсенішінің үлкен қарқынмен ыдырауы және аз мөлшерде
қарашіріндінің жиналуы. Өсімдік қалдықтарының ыдырауына саңырауқұлақтар
микрофлорасының қатысуы салдарынан фульватты қарашіріндінің пайда болуы
және олардың топырақ қабатында бекімеуі;
- Шайылмалы су режимі әсерінен топырақ кескінінен ерігіш тұздарың және
карбонаттардың толық шайылуы, қарапайым тұздар жиналған қабаттың болмауы;
- Топырақтың минералды бөлігінің аллиттену үрдісіне шалдығып, гетит,
гиббсит, каолинит, иллит сияқты туынды минералдардың жинақталуы;
- Топырақ түзілуінің ең басты нәтижесі – оның құрамында темірдің және
аллюмийдің тотықтарының шоғырлануы;
- Қызыл және сары топырақтар жаратылуы кезінде балшықтану, күлгіндену,
лесссиваж, латериттену құбылыстарының да байқалуы.
Топырақ құрамында темірдің гидрототықтары (Fe2O3 • п Н2О) мол жиналса
топырақ сары түсті болып, сары топырақтар түзіледі, ал темірдің сусыз
тотықтары (Fe2O3) мол жиналса – топырақ қызғылт-құба түске ие болып, қызыл
топырақтар түзіледі[1].
1.2.Қызыл топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі
Қызыл топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған: А0 – А1 - В1 -
В2 – С.
А0 – орман төсеніші немесе шым қабат, жартылай шіріген ағаш
жапырақтарымен папоротник қалдықтарынан құралған, қалыңдығы 3-4см;
А1 – қарашірінділі қабат, сұрғылт, күңгірт-қоңыр түсті, кесекті-дәнше
түйіртпекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты гранулометриялық құрамды,
тығыздалмаған, папортниктің мол мөлшерде тамырлары кездеседі.
В1 - аралық қабат, сұрғылт-қызыл, кесекті, ауыр немесе орташа
құмбалшықты, тығыздалған;
В2 - аралық қабат, құба-қызыл, қара және ақшылт сары дақтары бар,
біршама тығыздалған, кесекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты,
В1+В2 қабаттары қалыңдығы 35-45см және одан да қалың.
С - аналық тау жынысы, біртекті боялмаған қызыл түсті, мол мөлшерде қара
түсті темірлі-марганецті түйіршіктер және ақшылт-сары кремнезем дақтары
бар, жаңғақты-кесекті түйіртпекті, ауыр құмбалшықты, өте тығыздалған [2].
Қызыл топырақтар құрамында кремнезем (кремний тотығы SiO2) шамалы
(≈36%), ал біржарымдық тотықтар (Fe2O3, Al2O3 т.б.) мол (≈50%) болады. А
қабатында қарашірінді 5-6% және құрамында фульвоқышқылдар басым. Жалпы азот
0,2-0,4%, жалпы фосфор шамалы (0,08-01%), сонымен бірге жылжымалы фосфорда
аз мөлшерде болады. Алмасуға жарамды катиондар көлемі үстіңгі қабатта 20м-
экв, ал төменгі қабаттарда 10-12м-экв 100г топырақта. Алмаспалы сіңген
катиондары ішінде әсіресе сутегі және алюминий катиондары мол (60-75%).
Топырақ ортасының реакциясы өте қышқыл болып кедеді. Қызыл топырақтардың
физикалық қасиеттері оңтайлы. Суға төзімді түйіртпекті бар, су өткізгіштігі
жақсы, су тұтқыштығы және қуыстылығы жоғары болып қалыптасқан.
Қызыл топырақ типі 2 типшеге бөлінеді:
- нағыз қызыл топырақ;
- күлгінденген қызыл топырақ.
Тектерге аналық тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты келесідей болып
жіктеледі.
- төгілген тау жыныстарының эллювийінде пайда болған;
- қиыршық тасты элювийде пайда болған;
- ала жолақты балшықтарда түзілген;
- су ағынымен жиналған шөгінділерде қалыптасқан;
Күлгінденген қызыл топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай әлсіз және
орташа күлгінденген болып келеді. А қабатының қалыңдығына байланысты
түрлерге келесідей болып жіктеледі:
- әлсіз дамыған, А қабаты 10-см-ге дейін;
- жұқа қабатты, А қабаты 10-20см;
- кәдімгідей, А қабаты 20 см-ден қалың.
Жыртылып егістікке игерілген қызыл топырақтардың қарашірінді қабатының
қалыңдығы мәденилендіру қарқынына байланысты болады. Жақсы
мәденилендірілген қызыл топырақта қарашірінді қабаты 40-45см, орташа
мәденилендірілгендерде - 20-30см болады.[3]
Аз қарашірінділі қызыл топырақтартың А қабатында 6% қарашірінді , орташа
қарашірінділіде -6-9%, ал мол қарашірінділі де 9% - дан жоғары болады.[1]
1.3.Сары топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі
Сары топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған:
А0 – А1 - В1 - В2 – С.
А0 - орман төсеніші 3-4см;
А1 - қарашірінділі, сұрғылт-қуқыл, кесекті немесе кесекті-жаңғақты
түйіртпекті, тығыздалған, ауыр құмбалшықты;
А2 - айқын күлгінделмеген қабат, сарғыш-реңді, құба-қуқыл түсті,
тығыздалмаған;
В - иллювиальді қабат, ашық сары түсті, призмалы-марганецті дақтары бар,
кесекті призмалы түйіртпекті, тығыздалған құмбалшықты.
С - аналық тау жынысы, біркелкі боялмаған сарғыш-қызыл, темірлі-
марганецті- түйіртпектер бар.
Сары топырақтар, қызыл топырақтар сияқты ылғалды субтропикалық жағдайда
жаратылған, бірақ сары топырақтарда кремнезем (кремний тотығы SiO2) мол
мөлшерде (55-65%), ал біржарымдық тотықтар (Fe2O3, Al2O3 т.б.) аз мөлшерде
(25-30 %) болып келеді. Сонымен бірге бұл топырақтарда күлгіндену үрдісінің
белгілері анық байқалады. Топырақтың қалыңдығы 30-40 см-ден 60-70 см-ге
дейін болады [4].
Сары топырақтарда қарашірінді 4-5%, жалпы азот 0,2-0,4% болады және
топырақ қабаттары тереңдеген сайын олардың мөлшері күрт азаяды. Алмаспалы
сіңген катиондар арасында кальций басым болады. Сутегі және магний иондары
да бар. Топырақ ортасының реакциясы әлсіз қышқыл (рН=5-6). Сары
топырақтардың физикалық қасиеттері қызыл топырақтарға қарағанда нашар болып
келеді.
Сары топырақтарды 3 типке жіктейді. Олар:
- сары топырақтар;
- күлгінденген сары топырақтар;
- күлгінденген сары глейленген топырақтар.
Қызыл және сары топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану.Бұл
топырақтар ылғалдысубтропикалықбелдеуде орналасқандықтан көптеген ауыл
шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы болып келеді. Әсіресе шәй, цитрусты,
әтірлі-майлы дақылдарды, темекіні өсіруге жақсы жағдай бар. Бірақ бұл
топырақтарда қоректік заттар мөлшері аз болып келеді. Өсімдіктерге тиімді
азот қоры жауын-шашын ылғалымен терең қабаттарға шайылып кетеді, ал фосфор
қосылыстары топырақтың қатты бөлігімен тығыз байланысты болып өсімдіктерге
аз тиімді болады. Сондықтан бұл топырақтарға азот және фосфор
тыңайтқыштарын мол түрде шашу керек. Сонымен бірге органикалық
тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өнімділігін арттырып, топырақтың
құнарлылығын көтереді. Шәй өсімдігі тек қышқыл ортада жақсы дамитындықтан,
бұл топырақтар шәй бұталарын өсіру үшін қолайлы болып келеді[5].
Бұл аймақтың жер бедері таулы өлке болғандықтан және жауын-шашын мол
түсуіне байланысты осы аймақтағы топырақтар су эрозиясына жиі шалдығады.
Сондықтан топырақты пайдаланғанда су эрозиясына қарсы қолданылатын
шараларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет.
Өзен аңғарының мерзімді тасқын су басып қалатын аумағын өзен жайылмасы
деп айтады. Қазақстанда жайылмалық-шалғынды, ормандық-шалғынды, шабынды-
батпақ, батпақ топырақтар 7млн. 757мың га жерде тараған, яғни барлық
топырақ жамылғысының 3,3 % құрайды.
Топырақ құралу жағдайлары.Өзен жайылмасында топырақ түзілуі үрдісі
туралы ілімнің негізін салып және дамытқан ғалымдар В.Р.Вильямс,
С.С.Соболев, В.И.Шарг, Г.В.Добровольский, В.В.Егоров ж.т.б.
Тропиктік белдеулер топырақтары топырақ құралу жайылмалық және аллювилік
үрдістердің қатысуымен өтеді.
Жайылмалық үрдіс дегеніміз мерзімді тасқын судың өзен арнасының белгілі
бір бөлігін басып кетуі. Әдетте бұл тасқын су топырақ бетінде 15-30 күн
бойы тұрады. Бұл үрдіс топырақтың ылғалмен мол қамтамасыз етілуіне,
микробиологиялық үрдістердің қарқындылығына, тұздардың шайылуына оң әсерін
тигізіп, өсімдік жамылғысының мол өнім қалыптастыруына ықпал жасайды.
Аллювилік үрдіс дегеніміз тасқын сумен аралысып түрлі заттардың келуі,
жайылманың шайылуы мен оның үстіңгі қабатына судан лайдың, майда заттардың,
яғни аллювийдің шөгуі құбылыстары. Аллювийлік үрдіс жайылмаға жыл сайын
тасқын суда еріген заттарды және құрамында қоректік заттары мол майда
түйіршіктерді (лай, тозаң, шаң бөлшектерді) шоғырландырып топырақтың
құнарлығының артуына үлкен үлес қосады. Тропиктік белдеулер топырақтары
және жайылмалық үрдістердің сипатына, ерекшелігіне жайылма аумағының өзен
арнасынан орналасу қашықтығы ықпалын тигізеді.
Арна жағасы жайылмасына тасқын судан ірі мөлшерлі заттар, құм шөгеді, ал
орталық және текше маңы жайылмасына (тасқын судың ағыны әлсіруіне және ұзақ
уақыт судың топырақ бетінде тұруына байланысты) ұсақ майда бөлшектер – шаң,
тозаң, лай шөгеді.
Жер бедері арна жайылмасында толқынды құм жалдарынан құралған, ал
орталық жайылмада жер беті жалпылай тегіс болып келеді. Кейде осы аумақта
көтеріңкі жалдармен созыңқы немесе табақша тәрізді келген ойпатшалар
байқалады. Текше маңындағы жайылма орталық жайылма мен салыстырғанда төмен
деңгейде орналасады және бұл аумақта топырақтың ылғалдылығы артып, батпақты
болып келеді[6].
Тропиктік белдеулер топырақтары жайылмада өте мардымды дамыған. Бұл
жерде шалғынды аралас шөпті-астық тұқымдас шөптер тобы басым дамыған.
Әсіресе орталық жайылмада шөптесін өсімдіктердің өнімділігі жоғары болып,
бітік өседі. Бұл жерде жиналатын пішен өнімділігі 30-40цга дейін болады.
Жайылманың көтеріңкі жерлерінде өсімдік жамылғысы сирек және өнімділігі
төмен, ал текше маңындағы батпақты жерлерде сапасы нашар қоға, қамыс,
өлеңшөп сияқты өсімдіктер дамыған. Жайылмада шөптесін өсімдіктермен қатар
бұталар мен ағаштар өскен тоғайлар да жиі кездеседі.
Тянь-Шань таулары климатымен салыcтырғанда Алтай климаты салқын және
ылғалды болады. Тау бөктерінде жылдық орташа температура
+50С, орташа жауын-шашын 560мм-ді құрайды, ал тауда бұл көрсеткіштер
тиісінше 00 және 2000 мм –ге тең болады.
Тропиктік белдеулер топырақтары күңгірт-қара-қоңыр топырақтар
орналасқан. Олардың ішінде жазықтағы күңгірт-қара-қоңыр топырақтарға ұқсас
кебірленген түрлері кездеседі. Бұл топырақтар көбінесе гранулометриялық
құрамы ауыр делювийлерде қалыптасады.
Күңгірт қара-қоңыр топырақтардың үстінде қара топырақ аймағы басталады.
Алтай таулы қара топырақтары екі топқа бөлінеді: орманды-далалы және далалы
қара топырақтар. Орманды-дала қара топырақтарын әлсіз күлгінді,
сілтісізденген және нағыз типшелерін ажыратады.
1.4.Қара топырақтардың құрылысы,қасиеттері,жіктелуі.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат
жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі
борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді
сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ
құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі
бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ,
қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді.
Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды)
заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен
байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар
бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған
табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның
Петербургте басылып шыққаң Орыстың қара топырағы (1883 ж.) атты еңбегінде
топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген
түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға
байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер
бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми
зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы)
және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.
Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты
бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе
ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында
көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік).
Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды
өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан.
Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр
түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен,
қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы
санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал
кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С
қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін.
Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері
азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде
бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы
қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа
заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы,
ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге
болады.
Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты:
1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы
батпақ өсімдіктері);
2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер);
3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).
Топырақта тіршілік ететін организмдер
Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп
аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық
жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса,
аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады.
Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының
классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ
жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:
геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл
даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);
геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде
топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар -
Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде
дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;
геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде
пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде
тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін
дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:
микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ
микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасылбалдырлар
(Cyanophyta), бактериялар (Bacteria), саңырауқүлақтар (Fungi) және
қарапайымдар (Protozoa) жатады.
мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары
(Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және
басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен
қоректенеді.
макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).
мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы,
көртышқандар, жертесерлер және т.б.
Қара топырақ қара шірінді қабатының (А+В¹) қалыңдығына қарай үшке
бөлінеді:жұқа қабатты - 60 см-ден көп; орташа қабатты - 60-80 см; мол
қабатты - 80-120 см.
Г у м и н - гумустың экстракцияланбайтын (ыдырамайтын) бөлігі. Шамамен
екі типті қосындылар түрінде кездесуі мүмкін; балшықты минералдармен берік
баиланған гумустық заттар (балшық – гумусты гумин); анатомиялық құрылысын
жоғалтқан және берік компоненттермен, соның ішінде лигнинмен, байыған
жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детритті гумин). Гиматомелан
қышқылдары- фулъво жәнс гумин қышқылдарының орташа қасиеттерімен
сипатталған гумустық заттар тобы.
Бұрын гумин қьшқылдары тобына біріктіретін. Бірақ олардан полярлы
қышқылдарда еруі және басқа қасиеттерімен ерекшеленеді. Казіргі уақытта
фульво және гумин қышкылдарының құрамы мен құрылысы терең зерттелген.
Барлық гумустық заттардың топтарында азоттың мөлшері 2,5-нан 5,0 %-ке дейін
болады. Гумустық заттар орташа есептегенде, өсімдік қалдықтарына қарағанда,
азотқа бай болады. Оның себебі –органикалық қалдықтар минералдану мен
гумустену процестер көзінде, азотқа қарағанда, көміртегінің қос тотығы
ретінде, құрамындағы көміртегінен айырылады.
Гумустық заттардың қүрылысын зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады
сәл зерттеулердің нөтижесінде гумус қьішқылы молекуласының құрамындағы
шартты түрде козғалмалы бөлігі-шеткі (перифериялы) және тұракты -ядролық
(өзектік) болып екіге бөлінеді. Топырақгардың беткі қабатында гумустың 0,5-
1 %-тен 10-12 % және одан да көбірек.
Ол туралы келесідей концепциялар (көзқарастар) айтылған. Конденсациялық
(полимеризациялық) концепцияны 30 жылдары А. Трусов, М. Кононова, В. Фляй
және т.б жетіддірген. М. Кононова гумустену процесінің негізгі жағдайларын
келесідей тұжырымдайды:
1) өсімдік қалдықтарының гумусқа айналу процесі оның кұрамына кіретін
заттардың СО2, Н20, NН3 және басқа да азықтары ыдырап минералдануымен бірге
жүреді;
2) өсімдік денесінің барлық компоненттері ыдырау азықтарының кұрамдык
негіз болып саналады;
3) гумустық заттар түзілуінің негізі болып фенолдар- фенолоксидаза типті
ферменттермен тотығып конденсацияланған біріншілік құрылымы саналады;
4) гумустық заттардың түзілуінде басты химиялық процес поликонденсация
болып есептеледі. Гумусқұралудың конденсациялық концепциясы бойынша
фульвоқышқылдар гумин қышқылдарынан бұрын пайда болады деп тұжырымдалады,
сондықтан олар күрделену арқылы гумин қышқылын түзеді
Бүл ферментік процесс. Биохимиялық тотығу концепциясын 30-шы жылдары Тюрин
ұсынған, оны ары қарай Л. Александрова дамытқаН Бүл түрғыдан қарағанда
гумустену ете күрделі био-физика химиялық жолмен, өсімдіктердің органикалық
калдықтары ыдырауы барысында, арадағы органикалық жоғары молекулалы
азықтарынан ерекше косындылар-гумус-гумин қышқылдарын түзетін процесс.
Гумустену процесінде басты рөлді баяу жүретін биохимиялық тотығу
реакциялары атқарады, соның әсерінен жоғары молекулалы органикалыі
қыіпқьтлдар түзіледі, Гумустену ұзақ жүретін процесс болғандыктан, гумин
қышқылдары молекулаларының хош иістілер конденсациялануы арқылы емес,
керісінше жаңа пайда болған гумин қышқьшдарының тұрақсыздана
макромолекулаларының бөлінуі арқылы жүреді.
Осыныңәсерінен түтас жүйе біртіндеп, ерімтал әртүрлі және молекулалық
құрылысы өзгеше фракцияларға бөлінеді. Жүйенің дисперсиялық аз бөлігі суда
ерімейтін кальцийлі және 1,5 тотықты гумин қьшқылдар тұздары түріңде пайда
болады. Ал ерімтал түздар беретін дисперсиялы фракциясы фульвоқышқылдарын
түзеді. Орыс окымыстысы А. К. Тимирязевтің тілімен айтканда, карашірікте
күн сәулесінің бір кездегі энергиясы консерзіленген күйінде сақталады.
Қарашірікте өсімдік-терге керек болатын негізгі элементтер: азот, фосфор,
көміртегі, күкірт т. б. бар. Топырақтағы микробиологиялык процестердің
нәтижесінде қарашірік құрамындағы мұндай элементтер ыдырайды да, онымен
өсімдіктер коректенеді.
Тіпті ыдырамаса да, карашіріктің өзімен әсімдіктер коректенеді.
Топырақтың түсі карашірікке тікелей тәуелді. Ол топыракты кара, кара қоңыр
түске бояиды. Қарашірігі өте аз топырақтар ашык түсті, бозғылт болып
келеді. Қарашірік неғүрлым топырақта мол болса, топырақтың кұнарлылығы да
арта түседі. Қарашірікпен топырактыц баска да физикалық касиеттері
байланысты. Мысалы, топырақтағы карашірік мәлшерімен топырактың кұрылымын
(структурасы), су сыйымдылығы, жылылық режимі т. б. тікелей байланысты.
2 ТРОПИКТІК БЕЛДЕУЛЕР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ -ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2.1.Тропиктік топырақтың қасиеттері
Тропиктік белдеулер топырақтары аймағында күңгірт сұр-орман
топырақтары кең тараған. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері 12-14%-ға
дейін болуы мүмкін, бірақ оның мөлшері топырақ қабаттары тереңдеген кезде
күрт азаяды. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,6%, ал негіздер сіңіру сыйымдылығы
100грамм топырақта 30-40м экв болады.Тропиктік белдеулер топырақтары
орманның жоғарғы қабатында мол қарашірінділі (6-8%) таулы-күлгінді
топырақтар қалыптасады. Жалпы азот мөлшері 0,4-05 %, негіздер сіңіру сыйымы
100г топырақта 15-20 м-экв–ті құрайды. Топырақ сіңіру кешенінде сутегі
мөлшері өте жоғары (5-6 %). Биік тау аймақтарында таулы-шалғынды топырақтар
тараған. Олардың арасында таулы тундра жерлеріде кездеседі.
Тропиктік белдеулер топырақтары қара-қоңыр және қара топырақтарында
суармалы егіншілік тараған. Бұл аймақта жауын-шашын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz