Әрбір қылмыс құрамының белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, БЕЛГІЛЕРІ МЕН
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қылмыс және қылмыс
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН ДӘРЕЖЕЛЕУ ЖӘНЕ Қылмыс обьектілерін анықтаудың
қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
1.3 Қылмыс құрамының
дәрежелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Қылмыс обьектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
КІРІСПЕ
Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жаткызуға мүмкіндік беретін
қылмыстың объективтік және субъективтік жактарынан құралған элементтердің
және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс кұрамының әрқайсысы
оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер
секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементгерден тұрады. Осы
белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенін
болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл
жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын
бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4
түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік
жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін
қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып
біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою
немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-
әрекет ауырлататын жағдаңда жасалса ол-үшін 14-ке толған адам жауапқа
тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс
құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе
жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл
жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен
істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамынын белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың
диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті
баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр
түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып керсетілген. Мұның өзінде
диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа
қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегі 11 береді. Барлық
қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер
Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық
кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген.
Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшінг қылмыстың обьектісін
анықтаудың маңызы зор.
Әр бір істелген қылмыс белгілі бір обьектіге қол сұғумен қатар оған
белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен
қорғалатын обьектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да
қылмыстық қол сұғушылықтың обьектісін дұрыс анықтаудың теориялық,
тәжірибелік маңызы ерекше.
Қылмыс обьектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен, қылмысты
қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемждеседі. Өйткені қылмыстық
құқықтық қорғау обьектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай
ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Обьекті маңызды болса
соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны
қылмыстық құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың обьектісі деп қылмыстық қол
сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды
айтамыз. Әр бір істелген қылмыс белгілі бір қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады. Сондықтан да қылмыстық
құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы
обьектісі деп таниды.Қылмыстық заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын
қатынастардың тізбесі Қылмыстыөқ кодекстің оның заңдарының міндеттерін
айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген.
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше
бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы
деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана
береді. Қылмыстың құрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғампі қауіпті іс-
әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің
және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы
оның субъективтік және объективтік белгілерімен смпатталады. Барлық жүйелер

белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінін жоқ болуы жүйенің
болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл

түрлі элементтер жатады; объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік
жағы.
Сурет 1.2.1 – Қылмыс құрамының элементтері
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-
бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу,
екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана
істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-
ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ
болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін
абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс
құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты
белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның
Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің
баптарының диспозицияларында әртүрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып
көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын
және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін
береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына
тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады, Мысалы, бөтеннің мүлкін
ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы
қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында
көрсетілген. Қылмьтстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі —
басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі
арқылы ұрлық тонаумен ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында
көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс
құрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік
белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ,
олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының
көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән
белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары
болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңьтзы болмайды.
Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. б.) немесе ол
ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол
немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік
белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа
біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау- Егер басқа
біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда
ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы-тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана
қылмыстық құқылъқ нормада-бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап —
қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір
немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-
бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік
өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші
бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініпі, үшінші бөлігінде осы
қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей
істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе
қылмысқа қатысушы адамдардың; ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші
әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері
болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас
жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы — адам
өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше
бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің
болмауы олардың іс-әрекетіңде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл
жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекшс бөлімнің, сол
сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы,
әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің. әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және
24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының
заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау,
бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты.
Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органының
қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын,
бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Зандылық
талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның
әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс
қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды
дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының
талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-
дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда
көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп
саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары
немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету
қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның
іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері,
тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс
сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін
органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа
жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең
зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ, қылмысты
қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын
белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның
белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше
болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның
істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға
немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі
талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе
абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.
1.2 Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне
ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты
да әр түрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-
бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз
адамның әлеуметтік-құқылық қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді
міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана
қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәмін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық
құбылыстар әртүрлі нысан-а көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан
қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да
түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі — барлық қылмыстарға тән,
оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке
қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің
ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы — бұл қылмысты іс-әрекет
емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол — нақты қылмыстың заңды
сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстың
түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер — қоғамға қауіптілік, құқыққа
қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында
іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті
белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауілтілік қылмыс құрамының
емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-
түсініктерінің бағыты да әртүрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық
жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың
құрамының заңдылық базасын жасаудың қылмыстық құқықта оның құқылық
әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.
Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті
элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік
жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын,
оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.
Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып
бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін
дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу
үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы
қылмыстың объективтік жағын құрайды. Объективтік жағының белгісіне ең
алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі — адамның
әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі
және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда
қалдыру, т. б.). Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе
әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен
себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір
қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт,
орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып
жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты
саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор, Қылмыстың
субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері,
яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас
сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады.
Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде (20, 21-баптар)
көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық),
екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден
қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.
Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері
болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады.
Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен
қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша
белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді.
Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың
адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери
қызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты
саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін
белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында
қылмыстың құрамының жалпы түсінігі, қылмыс құрамының қажетті, міндетті
белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай
өзгешелену қылмыс құрамының мазмұның ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс
саралауға көмектеседі. Қылмыстың құрамының қажетті, міндетті белгілері
дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай
белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының
көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немесе
әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа
толуы.
Қылмыс құрамының факультативті нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының
кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады.
Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, қылмыстық
ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі, қылмыстың
зардабы, себепті байланыс.
Егер факультативтік белгі сол немесе басқа бір құрамда атап көрсетілсе,
онда ол өзінің мәні жағынан осы құрамның қажетті, негізгі белгісіне айналып
кетеді. Мысалы,баска біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі —
мүлікті ашықтан ашық алу, осы қылмыстың белгісі. Егер факультативтік
белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер
етпейді. Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады.
Мысалы, қызметшінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын саралауда оның қаңдай
тәсілмен, қандай құралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап). Бірақ
қолданылған тәсіл, мақсат. жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі. Қылмыс
құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны
нығайтудағы маңызы орасан зор.
Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін
тиісінше дұрыс түсіну қажет. Осындай әдіс қыл мыс құрамының жалпы
белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қыл мыс құрамының жалпы түсінігі нақты
қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады.

қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы
2.1 Қылмыс құрамының дәрежелеу
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу. олардың белгілерін
анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау
мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі
мүмкін.
Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда
негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында
қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы
Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады.
Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері
айтылмаған.
Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа
жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын
жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп айтамыз. Мұндай қылмыс құрамына
Қылмыстық кодекстің 98-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан
күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгідермен бірге
жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған
қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады. Сондай-ақ
құрам қатарына 129-баптың 3- бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс
істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі
ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша, бірнеше рет т. б. жағдайлар жатады. Қылмыс құрамының сипатталу
тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама
қылмыс құрамы деп бөлінеді. Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының
белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана
объективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125-баптың 1-бөлігінде
көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы
элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы,
субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (179-
бап — қарақшылық). Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап, 2-
бөлігі және т. б.). Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы
диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз.
Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс
құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы
ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формадьдық және
келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап
қылмыс құрамыңда көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп
атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан
бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан
бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып
қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап). Формальдық қылмыс құрамы деп
зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық қылмысқа жататындар: пара
беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (314-бап). Пара беру, параны кез
келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына
қарамастан аяқталған қылмыс деп саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстың
аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай
құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз. Келте қылмыс құрамына
адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалдыру (116-бап, 1-
бөлігі) жатады. Бұл құрам бойынша заң шығарушы аяқтау уақытын оның
зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыс деп
аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес,
оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп
танылады. Келте қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады. Бұл қылмыс
құрамы ұйымастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді.
Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе
әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің кейбір жағдайда жалпы
бөлімнің нормалары бойьшша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамының
белгілерін анықтау больш табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау -
бұл қылмысты дұрыс дәрежлеудің негізгі талабы.
Қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын, сонымен
қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс
дәрежелемеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы дұрыс
көзделмейді. Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс дәрежелегенде
ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегеңде қателесу ауыр зардаптарға
әкеліп соғады (негізсіз ауыр жаза тағайыңдау, ұзақ мерзімге бас
бостандығынан айыру).
Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір адамға
жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-әрекетін бұзақылық
үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін бас
бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (257-б. 1-ші бөлігі), ал
денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (105-б.) бір жылға
дейін мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға
жазаланады. Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмыс жасаған адамның құқықтарының
сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз - бұл қрғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтитын қылмыстық заңды толық қолдану және қылмысқа дұрыс қылмыстық-
құқылық баға беру.
Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелсу үшін ең алдымен кінәлінің істеген
әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын
мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және қылмыс істелген
уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің
өзі кінәлінің істеген қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің
жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған
әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімнің қайсы тарауын болмасын
зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz