Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы
1.1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың құқықтық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Халықтың денсаулығына қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
1.3. Адамгершілікке қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы-халықтың денсаулығына
қарсы қылмыстардың алдын-алу және күресу шараларының бірі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28

Кіріспе

Әрбір жеке адамның денсаулығы-ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы-оның негізгі байлығы.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің,
қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен бірге әрбір қоғам мүшесі
денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып,
халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар
қолданып, қоғам үшін біршама септігін тизізуі керек.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,
осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
жұмыс атқаруда. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат
бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың
денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге
көрсетілген. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты
қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің
құқықтық, оның ішінде қылмыстық құқық нормалары арқылы қорғалуы аса қажет.
Бірақ қазіргі кезде қоғамымызда есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін
заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекеттермен
шұғылдану сияқты қылмыстың етек алуы қатты алаңдатушылық туғызып отыр.
Жоғарыда аталған қылмыстарды жан-жақты қарастырып, талқылау және
олармен күрес жолдарын іздестіру- менің курстық жұмысымның басты мақсаты
болып отыр.

1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы
1.1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстардың
құқықтық сипаттамасы

Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау
болып беріліп отырған себебі қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің
бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік
қасиеттерінің құқықтық нормалар арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың өмірін,
денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды,
адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Кейбір
жағдайларда осы принциптер бұзылып зиян келтіріледі. Есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат
іс-әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстың етек алуы алаңдатушылық
туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы
тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа: халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы
қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға:
➢ есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және сату (259-
бап);
➢ есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не
қорқытып алу (260-бап);
➢ есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға
көндіру (261-бап);
➢ құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді
заңсыз өсіру (262-бап);
➢ есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз
айналымы (263-бап);
➢ есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);
➢ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзу (265-бап);
➢ жекеше медициналық практикамен немесе жекеше формацевтикалық
қызметпен заңсыз айналысу (266-бап);
➢ адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар
туралы ақпаратты жасыру (268-бап);
➢ қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату,
жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап).
Адамгершілікке қарсы қылмыстар:
➢ жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап);
➢ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе
ұстау және жеңгетайлық (271-бап);
➢ дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап);
➢ порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-
бап);
➢ қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды
заңсыз тарату (274-бап);
➢ өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-
бап); адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1 бап);
жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға
түсірумен байланысты іс әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты ҚК-тің
259-265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін
жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті
әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты
қылмыстардың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.
Көрсетілген қылмыстардың затына есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және ҚК-тің 263-бабына
сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.
Есірткі, психотроптық заттар, сол тектес,прекурсорлар айналымын
мемлекеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына
қарсы іс қимыл шаралары ҚР-ның 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен,
Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар және
прекурсорлар туралы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен
бекітілген тізім бойынша жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961
жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972
жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға,
БҰҰ-ның Есірткі заттардың және псхотроптық заттардың заңсыз айналымына
қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап)
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу
тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Халықтың денсаулығы аталған қылмыстың тікелей объектісі болып
табылады.
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі
заттар - адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін
синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.
ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген
тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың
72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын
және т.б. заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар адамның психикалық
функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойыша мұндай заттардың 38
атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцил т.б.
жатады.
Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды - заңсыз алғаны немесе
дайындағаны арқылы сипатталады. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың
немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың
(259-баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндетті белгісі заңда
көрсетілген затар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы
болып табылады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын,
психотроптық заттарды шағын,ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін
жиынтық кестеге жүгіну қажет.
Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол
заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған
болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз
алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі – 16- ға толған,есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстың ауырырақ
түрі: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай ақ осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген,есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық
көзделген.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса
ауырлататын түрлері: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды,
тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.
а)алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б)әлденеше рет;
в)есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі
мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында
заңсыз иемденіп алуды,тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді
а)ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаса;
б)оларға өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі
заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек
көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты
қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды
әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен
адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сондай-ақ осы бап
бойынша есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың ірі және өте ірі
мөлшері Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз
айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279-1 Заңымен бекітілген заңсыз
айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және
прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық
кестеде белгіленеді.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға
салу не қорқытып алу (260-бап)
Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі,
денсаулығы немесе меншігі болады.
Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы - талан–тараж немесе
қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық
нәрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып
кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып
қоюын немесе айналдыруын айтамыз.
Талданып отырған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір
белгісі есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді медициналық мекемелерден
немесе дәріханалардан заңсыз алады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік
мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі -14-ке толған адам.
Қылмыстық кодекстің 260-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрлері:
а)адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
б)әлденеше рет;
в)адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы;
г)өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш
қолданумен қорқыту арқылы жасалса.
Қылмыстық кодекстің 260-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса
ауырлататын түрлері:
а)ұйымдасқан топ;
б)ірі мөлшерде есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар
жөнінде
в)өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш
қолданумен қорқыту арқылы жасалған үшін жауаптылық белгіленген.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
(261-бап)
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.
Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы: басқа адамды
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс,
өтініш жасау, алдау, организмге осы заттарды енгізу ерекше сезімге
бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру, екіншісі басқа адамды
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға күш қолданып немесе
күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды
тұтынуға көндірген сәттен бастап аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады.
Қылмыс субъектісі ға толған адам.
ҚК-тің бабының тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар
жөнінде;
г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекеттер
үшін жауаптылық белгіленген. Ал ҚК-тің бабының тармағында:
а) осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер,
егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген. Ауыр зардаптарға абайсызда
жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залал, есірткіге тәуелді болу,
жәбірленушінің өзін өзі өлтіруі, жүйке ауруына ұшырауы, ВИЧ инъекциясын
жұқтыру жатады.
Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді
заңсыз өсіру (262-бап)
Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым
салынған өсімдіктер саналады.
Қылмыстың объективтік жағы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу
немесе өсіру немесе сораны, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар
басқа да өсімдіктер сорттарын өсіру арқылы сипатталады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі -16-ға толған кез келген адам.
ҚК-тің бабының тармағында ауырлататын түрлері:адамдар тобы алдын ала
сөз байласу арқылы; әлденеше рет; ірі мөлшерде үшін жауаптылық көзделген.
Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы
заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-
саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-адамдардың денсаулығы.
Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланатын зат,
аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады.
Қылмыстың объективтік жағы есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды дайындау үшін пайдаланатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз
дайындау: сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе соларды заңсыз
өткізгені арбқылы көрініс табады.
Субъективтік жағынан-қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы, заңда көрсетілген заттарды дайындау үшін
пайдаланатын заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге лицензиясы
бар, олардың өндіру тәртібін қатаң сақтауға жауапты лауазымды немесе
лауазымды емес адамдар.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-халықтың денсаулығы,ал қосымша
тікелей объектісі-адамгершілік. Қылмыстың заты-заңда көрсетілгендегідей
есірткі заттарды немесе жүйкеге әср ететін тұтынатын притондар болып
табылады.
Қылмыстың объективті жағы екі әрекеттен тұрады-притондар ұйымдастыру
немесе ұстау.
Қылмыс формальдық құрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен сипатталады.
Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы мақсат
-наркотикалық заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуды
қамтамасыз ету болып табылады.
Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған кез келген адам.
ҚК-тің 264-бабының 2-тармағында осы қылмыстың мынадай ауырлататын
түрлері: адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған немесе әлденеше рет
жасаған немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық
белгіленген.
Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн
бұзу (265-бап)
Халықтың денсаулығы аталған қылмыстың тікелей объектісі болып
табылады.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, алу, сақтау,
есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету және жөнелту не жою ережелерін
бұзу арқылы сипатталады.
Қылмыс құрамының диспозициясы-бланкеттік.
Көрсетілген ережелерді бұзуды анықтау үшін Қазақстан республикасының
Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы
мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 9
наурыздағы №186 Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар
және прекурсорлар туралы қаулысын, басқа да арнаулы нормативтік –құқықтық
актілерді, Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы нұсқауларын басшылыққа
алу қажет.
Қылмыстық кодекстің 265-бабының 1-тармағымен жауапқа тарту үшін
көрсетілген заттармен айналысу ережесін бұзу фактісі жеткілікті болып
табылады.
Қажет болған жағдайда ережені бұзу фактісін анықтау сараптама жасау
арқылы айқындалады. Қылмыс құрамы формальдық, заңда көрсетілген заттармен
айналысу ережесін бұзған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен (тікелей немесе жанама)
істеледі.
Қылмыстың субъектісі-өздеріне ұқсас жұмыс немесе қызмет бабы бойынша
тиісті ережелерді сақтау міндеті жүктелген лауазымды немесе лауазымды емес
адамдар болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 265-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстың
ауыр түрі: есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін және улы заттардың
ұрлануына не өзге елеулі зиян келтірілуіне әкеп соққан әрекеттер үшін
жауаптылық көзделген.
ҚР ҚК-ң 175-бабының ескертуінің 1-тармағында: ұрлық деп пайдакүнемдiк
мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне
залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз
қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады деп көрсетілген.
Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе
психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де
құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (266-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-халықтың денсаулығы, ал қосымша
негізгі объект адамдардың өмірі.
Объективтік жағынан ҚР ҚК-ң 266-бабының 1-тармағында көрсетілген
қылмыс-қызметтің тандап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның медициналық
практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуы, егер бұл
абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы
сипатталады.
Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық, протездік-
ортопедикалық, реабилитациялық қызмет көрсетулер жатады.
Фармацевтикалық қызметке-дәрі-дәрмектерді дайындау, зерттеу, сақтау
және оларды босату әрекеттері жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Ол заңда көрсетілген зардап орын алған
сәттен бастап аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан адамның лицензиясыз қызметпен айналысуы
қасақаналықпен, ал қылмыстың зардабына тек қана абайсыздықпен жол береді.
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, лицензиясыз көрсетілген қызметті
таңдап алған адам.
ҚР ҚК-ң 266-бабының өзге тармақтарында осы қылмыстың ауырлататын
түрлері үшін жауаптылық көзделген.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар

Адамгершілікке қарсы топқа жататын қылмыстардың тікелей объектісі
қоғамда орын алып отырған моральдық, қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
табылады.
Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік, ал қосымша
тікелей объектісі адамның денсаулығы, ар намысы және өміріне қол
сұғылмайтындығы немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар
ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Адамгершілікке қарсы қылмыстар
Денсаулықты сақтау саласындағы қылмыстар
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Пәндер