Ұжым және жеке тұлғаның ара қатынастарының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі кездегі ұжым және жеке тұлғаның ара қатынас жасау ерекшеліктері.

Кіріспе

I тарау. Ұжым және жеке тұлғаның ара қатынастарының ерекшеліктері . . .

1. 1 Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы. .

1. 2 Жеке тұлғаның қалыптасушы факторлаы - тұқым қуалаушылық, орта және іс - әрекет

II тарау. Ұжым және жеке тұлғаның қалыптасуына іс - әрекет, қарым - қатынас маңызы . . .

2. 1 Ұжым және жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту, әлеуметтендіру . . .

2. 2 Жүргізілген іс - тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

1. 1 Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы.

Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қаже. Тұлға жан - жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамды ұйымдастыруды ортақ іс - әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, ерікті қоғамдар және т. б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.

Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден - бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Щацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қоғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің өоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымды тек жай ғана мейірімді Адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасы, яғни белгілерін көрсетті.

1. ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке Адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.

4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т. б.

Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Павловтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым - бұл көздеген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс - әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Коллективтің құдіретті күші» т. б. баяндалады.

В. А. Сухомлинский пікірі бойынша, әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі. В. А. Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс - әрекетімен (оқу, еңбек т. б. ) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.

Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту жне тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.

1. 2 Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлары - тұқым қуалаушылық, орта және іс - әрекет.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаныңдамуы мен қалыптасуы мәселенің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық - педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А, Дистерверг, К. Д. Ушинский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торындайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонеский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. )

Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқастар пайда болды. Осы көзқарастарының бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427 - 347ж. ж. б. з. б. ) мен Аристотель ( 384 - 322ж. ж. б. з. б. ) өз кездерінде - ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап - ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.

XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту)

Деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э. Торындайктің (1874 - 1949ж. ж. ) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана - сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл - ой қабілеті балаға «көздері, тістері және саусақтары» сияқты дүниеге келгенінен - ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан - ұрпаққа сол қалпында берілетін және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын «гендердің жинағы немесе батареясы» ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизатор жағынан түсінру прагматизм бағытына да тән. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи.

Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632 - 1704ж. ж. ) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің факторы деп есептелген. Д. локктің белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. ОРлар адамның рөлін төмендетеді.

«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К. Маркстің айруынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілі емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткеніаданың жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара - қатынасы арқасында қалыптасады.

2. 1 Ұжым және жеке тұлғаның шығармашылығың дамыту, әлеуметтендіру.

1. Шығармашыл тұлға - біртұтас жүйе.

Қазіргі таңда әлеуметтік, экономикалық талап - тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.

Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы - ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама - қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәртібіне тығыз байланысты. Өзінің қоршаған ортамен қатынасын арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысының мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарас қалыптасады, нығаяды. Тұлға - біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде Адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі - тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға - сана иесі. Шығармашыл Адам - жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.

К. Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайыйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі, өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып табылатын биопсихикалық құрылым.

Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.

Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық - бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте - бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын Адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шыртына, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі жетілдіруге тез бейімделеді.

Шығармашыл Адам жанашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.

И. Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына ұмтылудың мәні мақсаттың мағынасы мен құндылығында ғана емес, сол мақсатқа ұмтылуды» деген.

Психологтер Адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды төртке бөледі:

  1. адамның темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;
  2. адамның психологиялық әрекеттері мен жағдайын қамтитын қалыптасқан қасиеттері;
  3. әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық жағынан әлеуметтік жағының рөлі басым;
  4. тұлғаның іс - әрекетінің, мақсатының бағыты. Ол тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін - бірі дамытып отырады.

Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қалыптасуы алдыңғы үш бөлікті дамытады, жан - жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны қалыптастырады. Ал шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеялары мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс - әрекетте болады, іс - әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды.

2. Шығармашылық ұғымының сипаттамасы, бөліктері.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сапаға жаңалық ашатын іс - әрекет» деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. Выготский «шығармашылық» деп жаңадын ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі Я. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогикалық талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл - санасында, іс - әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдімтері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы басқару, реттеу жеке адамның ой - санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтама береді. Мысалы, И. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.

Педагогика ғылымының әлеуметтену деген ұғым аясындағы міндеттері алуан түрлі әлеуметтендіруші әсерлерді ( ұйымдастырылған және өздігінен орын алған) анықтау мен негіздеуді және оларды мақсатты түрдегі педагогикалық ықпалға айналдыруды көздейді. Бұл жағдайда жас ұрпақты мақсатты түрде әлеуметтендірудің негізгі ортасы мектеп болуы тиіс, өйткені, отбасы немесе басқа да әлеуметтік институт жастарды осы заманғы өркениет қиындықтарына даярлауға қабілетсіз.

Э. Дюркгейм мектеп педагогикасына арнаған өзіндік формуласын: «Әлеуметтендіре отырып, даралау» деген ойымен түйіндеген екен. «Индивид қоғамға қандай мөлшерде қатысты болса, сондай мөлшерде ол ойлану үстінде де, іс - әрекет үстінде де табиғи түрде өзін - өзі өсіріп, жетілдіреді» дейді ол.

Американың белгілі социологі әрі психологі Джордж Гербарт Мид ( 1863 - 1931) әлеуметтендірудің рөлдік тұжырымдамасын жақтайды. Ол өзінің «Әлеуметтік бихевиоризм» деп аталған теориясында адамды белсенді әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл белсенділік тұлғаның ерекше ішкі психологиялық жүйесінен туындайды.

Әлеуметтену барысында бала әлеуметтік рөлдердің атқарушысы болу үшін оларды бойына «өлшеп көру», жай ғана игеріп қоймай, нақты әлеуметтік жағдаятты интерпретациялайды (Дж. Мидтің термині), себебі, ол өзгенің рөлін ала отырып, өзіне деген жаңа қарым - қатынас пен көзқарасқа ие болады. Осылайша әлеуметтенуші бала өзіне қоғамның берген рөлдерін қабылдап, оларды өзі меңгереді. Дж. Мид шын мәнінде әлеуметтендіру теориясында субъект - субъект қатынастары саласына көп көңіл бөліп, тұлғаның субъект - объектілік әлеуметтік байланыстары мен қатынастарына назар аударған жоқ.

XX ғасырдың 70 - жылдарының соңы мен 80 - жылдарының басында батыстық социология мен психологияда әлеуметтену мәселесін зерттеу жаңадан жандана түсіп, әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын бірінше кезекке шығарды.

Бұл бағыттың теоретиктері тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдасмасын жақтаушылар теориялық жұмыстарында «өзін - өзі басқару», «өз мүмкіндігін іске асыру», (өз орнын табу», «өзін - өзі анықтау», «өзін рухани шоғырландыру», «қаржылық әлеуеті» т. б. ұғымдарды белсенді пайдаланады.

Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасының басты теоретиктерінің бірі - Карл Роджерс (1902 - 1987) . Ол ғылымға «гуманистік психология» теоретигі, психотерапиядағы өзгеше бағыттыңнегізін салушы ретінде енді. Ол өз еңбектерінде «әлеуметтендіру - тіпті де баладан жасанда түрде тұлға «құрастыру» дегенді емес. Оны іс жүзінде адамның өзі ғана істей алады әрі өзі ғана істеуі тиіс» деп қорытады. К. Роджерс әлеуметтендіру барысында тұлғаның бойында өзіне - өзі бағалауға икемділікті бұрын қалыптасқан құндылықтар жүйесін тәжірибе нәтижесінде қайта қарай білу қасиеттерін қалыптастыру маңызды деп есептейді. «Адам ұзақ уақыт бойы өзін өмірде экономикалық күштер, санасыз күштер немесе қоршаған орта шаблон бойынша жасаған қуаршақтай сезінді. Бірақ ол біртіндеп жаңа тәуелсіздік декларациясын жасап келеді. Ол қолайлы кітаптарлықтан бас тартуда. Ол өзін - өзі таңдап, ең күрделі, әрі көбінесе қасиеттері әлемде қуыршақ та, құлтемір де, машина да емес, өзімен - өзі болуға, тамаша, дербес «Мен» болуға ұмтылады» деп тұжырымдады К. Роджерс.

Мұндай ұғымда индивид оқиғалардың өзін өзгерте алмайды, бірақ сол оқиғаларды өзінің қабылдауын және түсінуін өзгерте алады. Қабылдау - әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын жақтаушылар үшін орталық ұғым. К. Роджерстің түсіндіруінше, ересектердің (ата - ананың, мектеп педагогтарының) міндеті - мәселені ұғыну және оның шешімін балаға көрсетіп бермеу, итермелемеу, тек «өзін - өзі тыңдауға», «өзіне - өзі оралуға» мүмкіндік беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияда шағын топтың зерттеуінің әдіснамалық мәселелері
Оқушылардың ұжымын қалыптастыру
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Ұжым тәрбие құралы туралы ақпарат
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz