Азаматтарға жүктелетін құқықтар мен міндеттер


«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі
Курстық жұмыс
Пәні: «Азаматтық құқығы»
Тақырыбы: «Қазақстан Республика азаматтары және басқа тұлғалар»
Топ: 3Қ-17
Тексерген: Саидова Г. С.
Орындаған:Бахыт. А
Мазмұны.
Кіріспе . . . 3-4
I тарау. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық құқық субъектілері . . . 5-6
1. 1Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң . . . 7-9
1. 2Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері . . . 10-12
II тарау. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану . . . 13-15
2. 1Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы . . . 16-19
2. 2Азаматтарға жүктелетін құқықтар мен міндеттер . . . 20-21
III тарау. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар . . . 22-23
IV тарау. Қорытынды . . . 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Қазақстан Ресубликасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан әрбір азамат пен азаматтшалардын құқығы заңмен қорғалады. Яғни олардын құқығына ешкім шектеу қоя алмайды. Әрбір азаматтың омир сүруге, оқуға, еңбек етуге, өз таңдауын жасауға құқығы бар. Ол туралы ата заңымызда да көзделген яғни конституциянын бірінші бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасында тек Қазақстан азаматтары ғана емес шетел азамааттары, азаматтығы жоқ азаматтар, басқа ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатыр. Сол азаматтардын барлығы Қазақстанда бейбіт, соғыссыз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Азаматтығы жоқ адамдар мен шетел азаматтарыныңда құқықтары заңмен қорғалады. Азаматтың құқығына ешкімде шекетеу қоя алмайды. Оның құқығы ол дүниге келгеннен басталып, дүниеден өткенде тоқтатылады.
Қазіргі таңдағы экономикалық және техникалық даму азаматтық құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтарға да үлкен ықпалын тигізеді. Осы дамулар нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен міндеттерінде де өзгерістер байқалады. Азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтардың жалпы дүниенің және Қазақстанның экономикалық және техникалық дамуына ықпал тигізері сөзсіз. Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттіктерінің осы заманға сай толықтырылып заң құжаттарымен анықталуы, олардың құқықтарының тиісінше қорғалуы болашақ ұрпақ үшін бүгінгі күннің парызы. Мемлекеттердің Конституцияларының және азаматтық құқықтың негізгі тірегі болып саналатын адам және азаматтық құқықтың шығуы оның қолданылуы барысында ерекше мәнге ие. Қазіргі көптеген елдерде азаматтық құқық пәнінде азаматтарды құқық субъектісі ретінде қарастырады. Өйткені азаматтық құқық пәні жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін құқық саласы болғандықтан азаматтық құқықта азаматтарға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы алғанда, Қазақстанның конституциялық құқық ғылымында азаматтардың міндеттеріне қатысты мәселе толық шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, бұл бағытта орындалып жатқан ғылыми зерттеулер бар екендігін айтып кеткен жөн. Мәселен, қазақстандық зерттеуші А. Сманның докторлық диссертациясында азаматтардың конституциялық міндеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Автор мұндай міндеттерді қоғамның эволюциялық дамуының объективтік нәтижесі ретінде белгілейді, әрі тұлғаның міндеті ретінде жеке дара, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге сәйкес нормативтік-құқықтық тәртіпте бекітілген тұлғаның қажет етілетін, тиіс болатын жүріс-тұрысының шамасын қарастырады. Яғни, міндет жүктелген тұлғаның талап етілетін жүріс-тұрысты жүзеге асырудан басқа таңдауы болмайды. Міндеттің сыртқы көрінісі оның орындалуы арқылы байқалады, әйтпесе, керісінше жағдайда мемлекет тарапынан санкциялар қолданылуы мүмкін. Жалпы алғанда, Қазақстанның конституциялық құқық ғылымында азаматтардың міндеттеріне қатысты мәселе толық шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, бұл бағытта орындалып жатқан ғылыми зерттеулер бар екендігін айтып кеткен жөн. Мәселен, қазақстандық зерттеуші А. Сманның докторлық диссертациясында азаматтардың конституциялық міндеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Автор мұндай міндеттерді қоғамның эволюциялық дамуының объективтік нәтижесі ретінде белгілейді, әрі тұлғаның міндеті ретінде жеке дара, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге сәйкес нормативтік-құқықтық тәртіпте бекітілген тұлғаның қажет етілетін, тиіс болатын жүріс-тұрысының шамасын қарастырады. Яғни, міндет жүктелген тұлғаның талап етілетін жүріс-тұрысты жүзеге асырудан басқа таңдауы болмайды. Міндеттің сыртқы көрінісі оның орындалуы арқылы байқалады, әйтпесе, керісінше жағдайда мемлекет тарапынан санкциялар қолданылуы мүмкін
Өзектілігі:
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.
Мақсатты:
Азаматтық заңдармен реттелетін катынастардын субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ак, әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады .
http://flatik. ru/azastan-respublikasini-azamatti-kodeks
I Тарау. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық құқық субъектілері.
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар Азаматтық Кодексте-де ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде кездеседі. Құқық субъектілерінің (немесе тұлғаларының) ішінен де Қазақстан Республиксының азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады. "Жеке тұлға" жалпы ұғымы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекснің 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекетгердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал Азаматтық Кодексі Қазақстан Республикалар-дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминін қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдікгер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, "азамат" терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады (ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 7-тармағы) . "Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады. Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты - құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады. Азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі - жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін құқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі - құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы зандық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететініндей, әдете бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының терминологиясында құқық субъектіліктің нақ әрбір тұлғаға тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған. Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиетгерінде нақты субъективтік құқықтар мен міндетгер құқығын иеленудің абстрактілік алғы-шарты ретінде құқық субъектіліктің сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстракіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болады. Кейбір авторлар құқық субъектілі құқықты иеленудің абстрактілік мүмкіндігі ретінде құқық субъектісінің жеке құқықтарының жиынтығы немесе кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мүлде оның мазмұнсыздығын көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктің өз көлемі, өз мазмұны бар, оның үстіне, әр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және занды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмүны болады. Бұған қоса, тіпті әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны да түрліше болады. Азаматтық Кодексінің 14-бабында азаматтардың құқық субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементгері туралы айтылады. Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысу, жеке өзі немесе басқа азаматтармен және занды тұлғалармен бірігіп, занды тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндетгемелерге қатысу, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және өзіндік құқықтары көзделген. Өзінің зандық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше субъективтік құқық - мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену құқығы болып табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық субъектіліктің табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан ерекше айқьш байқалады. Мәселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы, республикада кімдердің заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматық конституциялық құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді.
http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K940001000_
1. 1 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң
Қазақстан республикасының азаматтығы туралы заңы - Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту қүқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдыретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституңиясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі. Осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерде территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- 1) тууы бойынша;
- 2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
- 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;
- 4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен мiндеттерiнiң жиынтығынан көрiнедi. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995. 10. 03. N 2477 Заң күшi бар Жарлығымен.
1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Азамат және мемлекет Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерiн, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттiк тiл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тiлдерiне, әдет-ғұрпына, дәстүрлерiне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдiретiн, егемендiгiн және тәуелсiздiгiн нығайтуға жәрдемдесуге мiндеттi. Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002. 05. 17. N322 Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу мына адамдар:
осы Заң күшiне енгiзiлген күнге дейiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшiн жағдай жасайды. Адам құқықтары тұжырымдамасының дамуы жалғасуда. Ұлттық заңнамалар мен саяси тәжірибені адам құқықтарының халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру маңызды мәселе болып отыр. Саяси тұрғыдан адам құқықтарының нормативтік қырларынан бұрын оның функционалды қырлары, яғни, ең алдымен, қазіргі саяси қауымдастықтардың дамуы мен тиімді қызмет етуі үшін адам құқықтарының мәні мен маңыздылығы түсінуді және негізделуді талап етеді. Мұның төңірегінде пайда болатын мәселелердің саяси ұшқырлығымен түсіндіруге болатын кең тараған пікірлер мен көзқарастардың бар екендігін айту керек. Осындай айырмашылықтардың болуына қарамастан теориялық та, тәжірибелік те жағынан жалпыға маңызды болып танылған бірқатар мәселелер бар. Осындай мәселелердің қатарына, мысалы, саяси қауымдастық мүшесінің құқықтары мен міндеттерінің арасындағы айырмашылықты жою мәселесі жатады. Әу баста, ежелгі замандағы полистік демократия жағдайында құқықтар мен міндеттер ажырамас компоненттер болып есептелген, өйткені құқықтардың өзі азаматтық міндеттерді орындау құқығы саналған, ал бұл міндеттерді орындау тек полис азаматтарының ғана артықшылығы (құқығы) ретінде түсінілген болатын. Қазіргі жағдайда формальді, механикалық түрде құқықтар мен міндеттерді тепе-теңдікке (балансқа) келтіру бойынша жасалған талпыныстар олардың функционалды бөлінуі мен қайшылықтарын жоюға, сондай-ақ саясат субъектілері арасындағы құқықтар мен міндеттердің ассимметриялық бөлінуін теңестіруге мүмкіндік бермей отыр [1, 310-311 б. ] . Жалпы алғанда, Қазақстанның конституциялық құқық ғылымында азаматтардың міндеттеріне қатысты мәселе толық шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, бұл бағытта орындалып жатқан ғылыми зерттеулер бар екендігін айтып кеткен жөн. Мәселен, қазақстандық зерттеуші А. Сманның докторлық диссертациясында азаматтардың конституциялық міндеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Автор мұндай міндеттерді қоғамның эволюциялық дамуының объективтік нәтижесі ретінде белгілейді, әрі тұлғаның міндеті ретінде жеке дара, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге сәйкес нормативтік-құқықтық тәртіпте бекітілген тұлғаның қажет етілетін, тиіс болатын жүріс-тұрысының шамасын қарастырады. Яғни, міндет жүктелген тұлғаның талап етілетін жүріс-тұрысты жүзеге асырудан басқа таңдауы болмайды. Міндеттің сыртқы көрінісі оның орындалуы арқылы байқалады, әйтпесе, керісінше жағдайда мемлекет тарапынан санкциялар қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар А. Сман құқықтық міндеттердің ішінен конституциялық міндеттерді бөлек ажыратып, оларды ҚР Конституциясында бекітілген жеке дара және қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру үшін керек болатын ең маңызды құндылықтарды сақтау мен қорғауға байланысты әрі мемлекеттің мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етілетін әрбір адам мен азаматқа қойылатын жоғарғы құқықтық талаптар ретінде анықтайды [2, 18-19 б. ] .
http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K940001000_
1. 2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері.
Құқық субъектілерін дараландырмайынша, нақ қандай құқық субъектісінің мәміле жасайтынын, оның қандай субъективтік құқықтары мен міндеттері болатынын анықтамайынша, құқық субъектілерінің мәміле жасауы, нақты құқықтық қатынастарға қатысуы мүмкін емес. Азаматтық құқықта құқық субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғаларды дараландыру процесі өтетін белгілер түрліше болады. Азаматтар үшін мұндай белгілер олардың есімі мен тұрғылықты жері болып табылады. Азаматтың есімі - оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімімен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК-ның 15-бабының 1-тармағы) . Заң есім ретінде азаматтың фамилиясын, өз есімін, қаласа әкесінің атын қоса алғанда, оның толық есімін түсінеді. Белгіленген тәртіппен берілген және құжаттарда (туу туралы куәлікте, жеке куәлікте, төлқұжатта және т. с. с. ) жазылған есімнің ғана зандық маңызы болады. Заңдарда азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін. Мәселен, ауызша түрде жасалатын сатып алу-сату мәмілелерінің көпшілігі оларға қатысушылардың есімдерін анықтауды және жазуды қажет етпейді.
Заңдарда құқықтарды жасырын атпен немесе бүркеншік есіммен жүзеге асырудың арнайы ережелері көзделуі мүмкін. Мысалы, автордың туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен шығару құқығы бар (АК-ның 977-бабы, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 ж. 10 маусымдағы Заңның 15-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы) . Алғашында адам туылған соң отбасылық зандарда белгіленген тәртіппен оған есім қойылады. Азамат отбасылық зандарда белгіленген жалпы тәртіппен немесе кейбір жағдайлар үшін көзделген зандардағы тәртіппен өз есімін немесе оның құрамдас бөліктерін өзгертуге құқылы. Жалпы ереже бойынша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі. Есімді ауыстыруға дәлелді себептер болғанда ғана рүқсат етіледі. Некелескенде немесе ажырасқанда жұбайлардың өздерінің және олардың балаларының, сондай-ақ асырап алған балаларының фамилиялары арнайы тәртіппен өзгертіледі. Қазақ ұлтына жататын азаматтар фамилияларының өзгертілуін есімді ауыстырудан айыра білу керек. Бұл адамдар өздерінің қалауы бойынша қазақ тіліне жат қосымшалардан арыла отырып, бірақ фамилиясы мен әкесінің атындағы түбірлерді сақтау арқылы өз фамилиясы мен әкесінің аты жазылуын өзгертуге құқылы. Азаматтық хал-ахуал актілеріне өзгерістер енгізбестен, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру кезінде ішкі істер органдары фамилия мен әкесінің аты жазылуын өзгертуді оңайлатылған тәртіппен жүргізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ ұлтына жататын адамдардың фамилиясы мен әкесінің аты жазылуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 ж. 2 сәуірдегі Жарлығы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz