Көрнекі құралдар түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық
колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Педагогика, психология жеке пәндер
әдістемесі ____________________ кафедрасы
(кафедра атауы)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы Әдебиеттік оқу сабағында білім деңгейін арттырудағы көрнекіліктің
алатын маңызы
Шифр 0105000____ мамандығы Бастауыш білім беру
Пәні_Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Орындаған: Ә.Әбікей
(аты-жөні)
Ғылыми жетекшісі: _Қ.Мұқышева
(аты-жөні)
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______
Хаттама № ______

_____ _________________ 20 ____ ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Әдебиеттік оқу сабағында көрнекілікті қолданудың тиімділігі

1.1 Бастауыш сыныпта көрнекілікке қойылатын талаптар
... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Әдебиеттік оқу сабағына көрнекілік арқылы қызықтыру
жолдары ... ... ...13
1.3 Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру,
алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар
ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған
адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін
тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан
белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін,
саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі
жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген
қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім
өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет. Оқу сапасын,
оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы
ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның
уақыта талабына сай  түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік
қорын, сөйлеу тілдерін дамыту.
Зерттеудің міндеті: Әр түрлі әдебиетті зерттеу барысында көрнекілік деген
ұғымға анықтама беру. Сөйлеу мәдениетін дамытуға байланысты ғалымдардың ой
– пікірімен танысу. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға байланысты педагог
ғалымдардың іс – тәжірибесімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
арналған нәтижелі әдіс – тәсілдерді іріктеп, белгілеу.
Зерттеу нысаны: 2 сынып оқушылары.
Зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ – синтез.
Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі егеменді еліміз кемелденген заманда жас
ұрпақ терең сапалы білімді болуы және өз ана тілдерінде таза сөйлеулері
қажет.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім,
пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Мектепте оқу – тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден – бір жолы
сапалы білім берумен қатар, сол білімді алуға оқушылардың қызығушылығын
ояту, өз ана тілдерінде таза сөйлеуге баулу. Бүгінгі мектеп қабырғасында
жүрген оқушылар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес Әр баланың жеке
қабілетіне қарай иннеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын,
талантын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны
белгілі. Қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез
бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз
ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Сондықтан әр шәкіртін өз ана
тілін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына
өзгеріс енгізіп, сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына
байланысты.

І. Әдебиеттік оқу сабағында көрнекілікті қолданудың тиімділігі

1. Бастауыш сыныпта көрнекілікке қойылатын талаптар
Бастауыш мектепте оқу-әдістемелік кешенінің бір бөлігі ретінде
көрнекілік құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдістемесі мен
оқу-тәрбие жүйесінің біртұтастылығын талап етеді.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім. Сондай әдістердің ең
ұтымдыларының бірі – оқушылардың байқау, көру, қабілетін дамыту үшін
сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл
негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра
білуіне байланысты болып келеді. Мысалы, бастауыш сыныптарда көрнекі құрал
ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл
болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Көрнекілік құралдары терминінің түбірі көру етістігінен шықса да,
қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін
білдіреді. Педагогикалық сөздікте оқытудағы көрнекілікке оқушылардың
тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негізделген
дидактикалық ұстаным - деп анықтама беріледі.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде
мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады. Педагогика ғылымын
дамытушылардың бірқатары табиғаттың техникалық және қоршаған ортаның барлық
заттары мен құбылыстары көрнекіліктің құралы ретінде қарастырылуы керек деп
есептейді. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды рөл
атқаратыны және көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың қажетті құралдары
болып табылатыны белгілі. Мысалы, В.А.Сухомлинский жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына әсерін тигізетін көріністер мен қамтамасыз етудін құралы ретінде
баланы табиғи ортада тәрбиелеп-оқытуды қарастырды. Ол баланы табиғи ортада
оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, табиғат – бала ойын жетілдірудін
қайнар көзі деп атап көрсетті.
Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
1. Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық
көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын
болуы тиіс.
3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
4. Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет
ерекше бояумен берілуі керек.
5. Бір сабақта бір, не екі ғана көрнекі құрал қолдануы тиіс.
6. Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.
7. Көрнекі құралда жүйеліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты
қадағалау.
8. Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын,
түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы
керек.
9. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық
қамтитындай болғаны жөн.
10. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп
жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану). (1.53)
Мұғалімнің оқыту үрдісіндегі міндеті балалардың анық естіп, қабылдауы
мен сөйлеу қабңлетін дамыту . Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор.
Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының
сөйлегенін естіп қабылдайды. Сабақтарында көрнекілікке қойылатын талап:
оқушы және сөзді немесе оның бөлшектерін ( әріптерді, буындарды ,
морфемаларды ) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң
екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды
сақтап , сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін
көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше “көрнекілік“ деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды
да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалар, дәптерлердегі жазуларды
да қамтиды .
Қоршаған ортаның түрлі заттары мен құбылыстары көрнекілік құралдары
ретінде зор маңызға ие. Л.И.Мендельштман, Л.В. Занков, Л.И. Фридман, Л.Я.
Зорина, И.Н.Нұғыманов, К.Жүнісова және т.б. сияқты көптеген педагогтар осы
тұрғыдағы көзқарастарын өз еңбектерінде зерттеп, тұжырымдаған.
Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі
болғанымен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан,
көрнекілік құралдары ұғымы Л.И.Мендельштманның пікірінше шартты түрде
ғана айтылады.
Ал, көрнекілік туралы Л.И.Фридман өзінің көзқарасын былайша
тұжырымдайды:
- көрнекі нақты нысанның, заттың немесе құбылыстың қандай да бір
қасиеті немесесапасы емес, ол осы объектілердіңпсихологиялық бейнелерінің
ерекшелігі мен қасиеті;
- жеке адам үшін олардың қарапайымдылығы мен түсініктілігінің
көрсеткіші;
- адам санасында қалыптасатын бейненің көрнекілігі мен көрнексіздігі
көптеген себептергне тәуелді.
Олар – таным қабілетіне, даму деңгейіне, қызығушылығы мен
бейімділігіне, қажеттілігі мен қалауына байланысты болып келеді.
Көрнекіліктің құралы ретінде түрлі модельдер қарастырылады. Л.И.
Фридман модельдердің түрлерін олардың құрастырылған затына қарай былайша
жіктеп көрсеткен:

Сызба 1. – Модельдер түрлері
Модельдердің көрнекілігі негізделетін басты заңдылық: заттық және
идеалды (бейнелік және таңбалық-символикалық) модельдер модельденуші
объектінің көрнекі бейнелерінің алдын-ала ұғымдық модельдерде (қандайда бір
құбылыс, процесс немесе заттың теориялық сызба нұсқасын) құрастырылуы.
Оқытуда көрнекілік ұстанымының қажеттілігінің ойдың нақтылықтан
абстрактылыққа, сезімталдық сипаттан радикалдыққа (орнықтылыққа) көшу
диалектикасына негізделеді. Мәселен, Л.И.Фридман модельдердің оқытуға
арналған арнайы құралдар ретіндегі мазмұнын атап көрсетеді. Біріншіден,
модельдеу оқыту нәтижесінде оқушылардың меңгеруі тиіс білім мазмұны мен
игеруі қажет таным әдісіне қызмет етеді. Екіншіден, модельдеу жетілдірілген
оқытудың негізгі қозғаушы күші мен құралы болып табылады.
Ал, В.И.Евдокимовтың пікірінше, көрнекі құралдар дегеніміз – оқыту
барысында түрлі құбылыстар мен процесстерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын
арнайы таңдап алынған заттар мен құрастырмалар.
Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен
анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар:
1. Көрнекі құрал – нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың
түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал – таным құралы. Таным процессінде нақты заттарды,
құбылыстарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын
елестетуге мүмкіндік жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез-келген
заттық немесе идеалдық модель көрнекі құрал бола алады.
Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі
олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы
мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдарының жүйесі
және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық қызметтері
анықталады. Кейбір деректерде – мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды
түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдарды пайдалану әдістерінің
жеткіліксіздігіне әкеп соғады делінген.
Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп
жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе
әртүрлігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға
арналуы және т.б.) құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық тұрғыда
топтастырылады.
Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнеленуі десек, Е.В.
Евдокимовтың көрнекі құралдары ақиқатты бейнелеу тәсіліне сәйкес топтауы
негізді тұжырым деп есептейміз.
Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызбанұсқаны қарастырып көрейік:

Сызба 2. - Көрнекі құралдар түрлері
Табиғи көрнекіліктер - коллекциядағы кептірілген өсімдіктер хайуанаттар
мен құстардың тұлыбы, миниралдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі - муляж, геометриялық фигура, макет,
портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері
және т.б.
Символикалық көрнекілік - карталар, картграммалар, схемалар,
диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар:
хронологиялық, сингрондық, тақырыптық, графикалық кестелер және т.б.
Экранды – динамикалық – көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар:
диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілік – бұл грампластинкалар, магнитофондар,
радиоқабылдағыштар жатады. Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің
міндеттерін шектеуге көрнекі құралдарының қызметтері, олардың дидактикалық
құрылымдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі
көрнекілік құралдарының қызметтері олардың дидактикалық құрылымдары мен
тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Көрнекілік құралдары мектепте оқыту мен тәрбие беру барысында:
- оқушының жеке сезім күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, өнермен,
ғылыммен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі);
- ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпараттық таныстырушылық
қызметі);
- ақиқатты объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға
мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);
- іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);
- оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады ( бақылау мен
бағалау қызметі).
Көрнекілік құралдары төменгі шарттарды ескеру барысында ғана өз
мүмкіндіктерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы;
- қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік
мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу-тәрбие жүйсінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік
және кешендік мүмкіндіктерін ескеруі;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану
барысында.
Құрастырылған көрнекі құралдарының сапасын анықтайтын басты өлшемдер:
-көрнекі құралдардың мазмұндық өлшемдері;
- әдістемелік өлшемдері;
- эргономикалық өлшемдері;
- техникалық-экономикалық өлшемдер.
Әрине, бұл – көрнекілікке қойылатын талаптар ғана. Мәселе – оларды
көрнекі құралдарының өн бойында табиғи түрде ұйымдастырылып, қажетті,
қалыпты мөлшерде жүзеге асыра білу керектігінде. Олай болмағанда, оның бәрі
оқыту үрдісін қиындатып оқушыларға жағымсыз әсер ететіні сөзсіз. Бұл
дидактикалық материалдар сабақ оқытуда жыл бойы қолданылады. Өйткені,
қазіргі заман талабына сай төменгі сынып оқушыларына да оқытудың жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үрдісі кең етек алып
келеді.
Ал, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану, біріншіден – оқушының терең
білім алуын жеңілдетсе, екіншіден – мұғалімнің көрнекі құралдары өз бетінше
түрлендіріп даярлай алуына мүмкіндік туғызады. Бастауыш сыныптарда
пайдаланылатын көрнекі құралдар олардың танымдық қабілетін арттырып, сөздік
қорын молайтады. Әрине, бұл мәселеде әр мұғалімнің өзіне тән әдістемелік
әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктері бар екенін ескермеуге болмайды.
Қоғамдық өмірдің қай саласында болсын айрықша жаңарулар жүріп жатқан
қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан
да өсе түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы – адам, ал оның белсенді өмірлік
айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады. (2.176)
Оқушы ойын дамыта оқыту, бұл біріншіден – оқушылардың қабілетін дамыту,
екіншіден - өмір шындығына дұрыс көзқарасын қалыптастыру, үшіншіден –
оқушылардың ізденімпаздыққа баулу.
Оқушыны бір мәселе төңірегінде ойланып, өз бетімен қорытынды жасай
білуге үйрету ғылым негіздерін саналы түрде түсінуге жетелейді. Оқушының
ойлау қабілетін дамытуда әдебиеттік оқу сабағы ерекше орын алады. Өйткені,
оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Әдебиеттік оқу сабағында
баланың тілдік қорын дамыту, ойлау қабілетін шыңдау – басты мақсат. Себебі,
бала өзінің айтар сөзі мен ойын жүйелі әрі нақты айта, жаза білуге осы пән
арқылы машықтанады.

1.2 Әдебиеттік оқу сабағына көрнекілік арқылы қызықтыру жолдары
Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша
тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық
тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды
көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ
халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға
ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке
тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Пәнінің мақсаты –
дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының
көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде
тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз
өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу
әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен
рухани-адамгершілік тәрбие беру.  Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімі
өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да
танымдық белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлгені жөн. (4.45)
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың,
дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру
жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға
баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі
арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі –
көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы
қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі
байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам
санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің
нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға
салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-
сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне
байланысты талданып, қорытылады. Көрнекі құралдары оқушыларға бейнелі
түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге,
абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады.Әл-
Фараби, Ы.Алтынсарин тағы басқалар оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой
қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса,
оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары
туралы М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, К.Ж. Ягодовский, М.Н. Скаткин, Н.Я. Лернер,
Р.Г. Лемберг, Ю.К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов тағы
басқалар өз еңбектерінде талқылаған.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің тарихында ұлы
ағартушылардың, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде
оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқарастар ерекше орын
алады.
Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың
қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, міне-құліқ, ерік-жігер, қиял сияқты
психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда
педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері
дидактикалық мұра болып есептеледі.
Ұлы Абайдың: Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, тілмен татып,
мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады - деген дана ойы педагог
классиктермен ұштасады.
Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген: қазақ жастары
ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата
білулері керек, - деген.
Ол оқу әдістері мен тәсілдерін былай тұжырымдайды:
а) оқыту әдістері – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен
ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол;
ә) сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы,
әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту әдістері.
Бұл көрнекілік заттарды және өмір фктілерін пайдалануға көмек тигізеді:
заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әртүрлі
қорытындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса
бастайды. Профессор Т. Сабыров былай деп түйіндейді:
1. мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың
мақсатың, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап
жоспарын жасау.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін
қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін
жан-жаақты байқатқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап,
нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау
амалдарын қолданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың
өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз
етіп олардың өздігінен қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі
керек.
Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе
көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде
тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және тағы басқа таным
әрекеттерін жасайды.
Ендеше педагог ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту,
тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып
табылатын оқушылардың белсенді іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте жүргізу
керек. Сонда ғана оқушылар өз іс-қимылының мақсаты мен маңызын түсініп,
ұғынуға талпынады. Олардың ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп
жетіледі.
Педагогикалық сабақ кезеңдерінде әртүрлі көрнекілітерді шын түрлерімен
қолдана отырып мұғалімдердің байқағаны: оқушылардың сабаққа деген ынтасы
мен қызығушылығын арттыра түседі.
Көрнекі құралдарды оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары
оқытушының өз жұмысына байланысты. Бұл ішкі және сыртқы байланыстарға
байланысты анықталады. Оқытудың материалдары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекі құралдарды көрсету
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Математика сабағындағы дидактикалық материалдың маңыздылығы.
Оқытуда көрнекі әдістер
ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ
Математика сабағындағы құрал – жабдықтар
Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану
Пәндер