Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе бөлім
1. Халық педагогикасының теориялық негіздері
Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі мен мәдениеті талай
халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы,
жиһангез саяхатшылар мен ауыз әдебиеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар
мен әйелдердің моральдық-этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы,
кәсіптегі, отбасындағы, ауылдағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы,
ұлттық таным, наным, сенім, ұғым, әдет-ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі
мен құлқы туралы, жүзден астам рулардан бірігіп қалыптасқанына қарамастан
салты мен дәстүрінің біртұтастығы туралы, осынау кең ұлы далада көшпенді
өмір сүргеніне қарамастан бртұтастан біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнерінің,
ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қарарлық
үлгелері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Мұның барлығы қазақ халқының
қазіргі моральдық –психологилық, мәдени-әлеуметтік ахуалының түп тамыры
екендігін тарих, философия, филология, педагогика, психология,
этнопсихология ғылымының зиялы ғалымдары өз еңбектерінде дәлелдеп, олардың
тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғары екендігін анықталады.
Бұған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов
т.. демократ ағартушылардың қазақ мектебін құру жөніндегі пікірлері мен
қазіргі қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздерін жасаушы
ғалымдардың Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Қ.Бөлеев,
Р.Дүйсенбінова, А.Құсайынова, Ж.Наурызбай т.б. тұжырымдары негіз болады.
Халық тәрбиесінің табиғаты екі бағытта-Бүкіләлемдік және адам
(Г.Н.Волков) дамиды, адамның өз басының табиғаты және адам тәрбиесінің
табиғаты. Бүкіләлемдік табиғат-адамзаттық, ұлттық, халықтық, қоғамдық,
мемлекеттік, отандық болып бөлінеді. Мұның барлығы этнопедагогика ғылымының
әрекет ету кеңістігі. Отандық және мемлекеттік, табиғат адамдарды
ұйымдастырады, бағындырады, билік жүргізеді және тәрбиелейді. Адамзат
өзі жасаған баға жетпес рухани, мәдени және материалдық құндылықтар арқылы
тәрбиеге зор ықпал етеді. Халық тәрбиесінің жоғарыда айтылған қозғаушы
күштерін отбасы тәрбиесінде де, білім беру жүйесінде де барлығында да
кеңінен пайдалануға болады. Түптеп келгенде осы айтылғанның бәрі халық
педагогикасының дәстүрлі қағидаларын былайша жүйелеуге мүмкіндік береді:
❖ Халық педагогикасы дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқатты шындық-аксиома;
❖ Халық педагогикасы дәстүрлері – халық тәрбиесі. Халықтың білім мен
тәрбиедегі тәжірбиесі;
Халық педагогикасы ұлттылықты айқындайды;
Халық педагогикасы халықтың тарихи өмірін қорғаушы;
❖ Әр халықтың өзіне тән мәдени шыңы бар, мәдениеті жоқ-халық жоқ;
❖ Халықтың тарихи жадынсыз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет болмайды,
мәдениетсіз тәрбие жоқ, тәрбиесіз руханият жоқ, руханиятсыз жеке
тұлға жасалмайды, жеке тұлғасыз халық қалыптаспайды (Г.Н.Волков);
❖ Халық педагогикасы ізгілікті демократиялық педагогика. Оның
мақсаты жаңа заманға лайықты этноформалы-адами тұлға (ұлттық тұлға)
жасау;
❖ Халықтық оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік этнопедагогикалық
принциптері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері бар;
❖ Халық педагогикасының дәстүрлері арқылы саналық, патриотизм, ұлттық
мінез және ұлттық менталитет қалыптасады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты
жолдауынды осы заманғы білім беруді дамыту, әлемдік стандарттар деңгейінде
білім беру, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды арттыруды
міндеттеді. Сондықтан мектепке экономикалық және қоғамдық жаңару
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім жүйесі қажет.
12 жылдық оқуға көшу шеңберінде оқушылардың өмір бойы білім алу үшін
жан –жақты жұмыстар жүргізу қолға алынуда.
Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын, адамдар арасындағы
қарым-қатынысты меңгерген, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығарудағы ең негізгі
мақсат-мектепті ғылыми тұрғыдан сауатты басқару. Басқару жұмысында мектеп
Білім туралы заңға, Мектеп жарғысына, 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасына, Қазақстан -2030, стратегиялық бағдарламаа талаптарына
сүйенеді.
Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға-
директор және оның орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық
ұжым және оқушылар, ата-аналар арасындағы ынтымақтастық пен демократиялық
адамгершілік қағида негізінде іске асыра отырып, үздіксіз өз қызметтерін
жақсартуға және қайта құруға, оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге міндетті.
Туған жерін, халқын сүйетін, ана тілін, тарихын, мәдениетін, өнерін,
әдеп-ғұрпын жақсы білетін салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу ісі мектепке
дейінгі тәрбиеден басталуы тиіс. Бұл тұрғыда баланы отансүйгіштікке
тәрбиелеу басты міндет. Ел болам десең, бесігіңді түзе деп, М.Әуезов
айтқандай, адамның адам болып қалыптасуы бесіктен басталатын бабаларымыз
дәлелдеп кеткен.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат- оқушыларды мектептегі оқуға,
ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру, ойлау, сөйлеу бір –бірімен тіл табысу
қабілеттерін дамыту.
Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауыса алмаймыз. Туған тілге
деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса қиынға соғады. Жас
бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп, патриоттық тәрбие беру әр
ұстаздың міндеті. Ұстаз мамандығы – үнемі ізденісті қажет ететін, қызығы
мен қиындығы көп жұмыс.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру-ең
маңыздың бірі. Бұл әрине, мектепке дейінгі тәрбиенушілерден бастап үзбей
жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асырылады.
Мысалы, әкеміз бен шешемізді, бүкіл жанұямызды жақсы көру арқылы біз
Отанымызды сүюге тиіс екенімізді балаларға қарапайым тілмен түсіндіреміз.
Тіл сабақтарында патриоттық тәрбие берумен бірге халықтық педагогика
элементтерін пайдалану арқылы жас ұстаз өз білімін шыңдай түседі. Халықтық
педагогика-жастар тәрбиесіне арқау болатын бүкіл қоғамымызға ортақ жағдай.
Бұл мұра –ғұлама ойшылдардан, сал-серілерден, ақын-жыраулардан таралған ұлы
тәрбие. Ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз
болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн шуағы сияқты.
Аталмыш сабаққа халықтық педагогика элементтерін енгізе отырып, бала
бойына рухани-адамгершілік, ақыл-ой, патриоттық еңбек тәрбиесін дарытуға
болады. Қазақ халқы ауыз әдебиетінің бай мұрасында баланың дамуына, жалпы
тәлім-тәрбиеге ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар. Балаға ұлттық тәлім-
тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту ұстаздардың басты міндеті.
Халық педагогика элементтерін пайдаланудың бір түрі –ертегі. Бала
санасына ертегі ерекше ықпал етеді. Ол халық шығармасы, мұрасы. Онда
халықтың ертеңге деген сенімі, үміт-арманы, бақыт туралы ойлары тоғысып
жатады. Әдетте ертегілер ерте, ерте, ертеде немесе баяғы заманда деп
басталып, соңы жақсылықпен аяқталады. Баса айтқанда ертегі жанры баланың
сана-сезімін оятып, қиялын қанаттандырады, жаманнан жирендіріп,
адамгершілікке, имандалыққа тәрбиелейді. Сондықтан отбасында, бала бақшада,
мектеп ертегі –әрі білім, әрі тәрбие құралы.
Ана тілі, тіл дамыту сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың
бір элементі- ойын.
Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған
жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-
жай емас. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ана тілі сабақтарында ойынды
ұтымды пайдалану тиімді әдіс. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып,
сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіндік бар. Тіл дамыту, көркем әдебиет
сабақтарында балаларды жедел қимылдату мақсатымен халық ойындары қуыр,
қуыр, қуырмаш, Сөз ойла, тез ойла, т.б. ойнатуға болады.
Жұмбақ шешуді жарыс түрінде өткізуге болады. Бұл балалардың өздігінен
ойлауына үлкен әсер етеді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей
түседі.
Мектекпке алғаш келген балалардың кейбір әріптерге тілдері келмейді.
Осы кезеңде нағыз көмекші жаңылтпашты да ұтымдыс пайдалануға болады.
Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда маңызы зор.
Қорыта айтқанда ойын бала алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін оятады. Сонымен қатар ойын ойға жетелейді. Бала тәрбиесіне
байланысты халқымызда көптеген салт-дәстүрлер бар: шілдехана, балаға ат
қою, тұсау кесу т.б.

1.2 Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе
жатқан ұлттық тәлім- тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты
әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек. Білім беру, оқыту және
тәрбиелеу мәселелері туралы қазақ тілінде жарық көрген ғылыми мақалаларда
Халықтық педагогика ұғымының орнына бара-бар ұғым ретінде Халық
педагогикасы ұғымын пайдалану басым. Бұл ұғымдардың арасында шамалы болса
да, айырмашылық бар сияқты.
Халық ұғымы белгілі бір ел, мемлекет тұрғындарын білдіреді. Олай
болса, педагогика бар жоғы оқыту мен тәрбиелеу әдісі туралы ғылымның
жиынтығы болғандықтан, белгілі бір халыққа тиесілі, демек, дұрысы -
Халықтық педагогика ұғымы.
Халықтық педагогиканың кейбір теориялық мәселелерін, жекелеген
тақырыптары мен озық үлгілерін оқу-тәжірбие ісінде қолдану әдістемелерін
тілге тиек етіп, арнайы жазылған ғылыми мақалалар да, хабарламаларда және
тезистерде халықтық педагогика ұғымын бір- екі ауыз үстірт сөзбен
сылдырта өте шығып, анықтау баршылық.
Мысалы халықтық педагогика ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында
мынадай анықтама берілген. Тәжірбие жөніндегі халықтық ой-тәжірбиелердің
жиынтығын- халық педагогикасы - дейміз. Қазақ тілінде жарық көрген
педагогикалық ғылыми әдебиетте халықтық педагогика жөнінде түзу анықтама
берілмеген екен деген жалан ой тумаса керек.
Халықтық педагогика ұғымына берілген тәп-тәуір бірнеше анықтама
бар. Айталық, педагогика ғылымдарының кандидаты Е. Сағындықовтың
анықтамасы: Халық педагогикасы дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән
ерекшеліктеріне негізделген, өзін қоршаған қоғамдық- әлуметтік орта мен
табиғат жағдайына байланысты атадан — балаға мұра болып келе жатқан тәрбие
туралы ақыл — ой үлгілерінің жиынтығы, немесе зерттеуші Ш. Таубаеваның
анықтамасы Халық педагогикасына негізделген тәжірбие дегеніміз- белгілі
бір ұлттың өкілі болып табылатын халықтың өз ұрпағына қалдырып отыратын
мәдениеті, сөз өнері, қол өнері, музыка саласындағы жинақталған білімі,
дағдысы және іскерлігі.
Бұл анықтамалар алдыңғыларға қарағанда біршама толық болғанымен
Халықтық педагогика ұғымының мазмұнын толық аша алмаған. Халықтық
педагогиканың мазмұнын ажыратуға болмайтын кейбір қасиеттері анықтамадан
сырт қалған.
Халықтық педагогиканың нысаналы міндеті- өсіп келе жатқан жас
ұрпақтың бойына атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өзіндік
адамшыл қадір қасиеттерді, салт — дәстүрлермен әдет- ғұрыптардың терең
тәлімдік мәні бар озық үлгілі өнегелерін сіңдіру; шаруашылық жүргізудің
ұлттық машықтары мен іскерлігін меңгерту, жалпы адамзатқа тән білім
негіздерін оқытып үйрету, дағды іскерліктермен біліктіліктерге баулу,
өнерге, сөз өнеріне, би билеуге, әнге, қол өнеріне, еңбекке т.б бейімдеу.
Бір сөзбен айтқанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз ұлтының мәртебесін
тасытатындай лайықты өмір сүруге даярлау.
Олай болса, Халықтық педагогика дегеніміз — халық бұқарасының
тарихы және әлеуметтік тәжірбиесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
негізделген ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің
мағлұматтарының, бейімделіктері мен дағдыларының жинақталған және
практикада тексерілген жиынтығы.
Халақтық педагогика мұралары ескіден келе жатқан ертегілерде,
аңыздарда, эпостық жырларда, мақал — мәтелдерде, шешендік сөздерде, өнерде
сақталып, ұлттық өзіндік салт- дәстүрлері мен әдет ғұрыптарынан көрінеді,
өсіп келе жатқан жас ұрпақты бұқара халықтың ең озық мұраттары рухында
оқыту мен тәрбиелеуге қызмет етеді.
Халықтық педагогика - әлеуметтік тарихи феномен, оның пайда
болуы мен дамуынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Халық қаншалықты жасаса
да, халықтық педагогика да соншалықты өмір сүріп келеді. Айталық, қазақ
халқы қазақ екенін түсініп, ес біліп, етек — женін жинаған, тайпалық
қауымдастыққа, бірігіп, біртұтас ел болған бағзы заманнан-ақ ошағындағы
жаққан отын сөндірмей, ұрпақтан — ұрпаққа өткізер бұтағының тәлімді
тәрбиесіне талапты болған. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық дәстүрге,
әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, үлкенге- ізет, кішіге — құрмет көрсетуге,
кішіпейіл де қарапайым, ізетті болуға баулу — халықтық педагогиканың жанды
тақырыбы.
Адамгершілік пен инабаттылық, ізгілік пен имандылық,
мейірмандылық пен қайырымдылық, тәрбиелік пен мәдениеттілік, тазалық пен
сыйласымдылық, ата- ананы құрметтеу т.б. адамшыл, жағымды, сапалық
қасиеттерді өсіп келе жатқан ұрпақтақтың бойына сіңдіру ежелден — ақ
қазақтың дәстүріне айналған.
Жалпы, ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге, яғни
оларды әлуметтік өмірге даярлап, қосуға бағытталған тәлімдік дәстүрлі
өнеге — үлгісі, халықтың аңыз — әңгімелерінде, ертегілерінде, мақал —
мәтелдерінде, эпостық жырларында, күйі мен биінде, емшілік пен бақсы —
балгерлік іскерлігінде т.б сақталған.
Бір сөзбен айтқанда, қазақта халық педагогикасының тәлімдік
үлгі — өнегелерін қамтитын рухани мұра мол. Оны халқымыз үзбей, тәлім-
тірбие ісінде орнымен тиімді пайдаланып келеді. Халықтық педагогиканың
мазмұны бай, құрылымдылық элементтері әр түрлі.
Халықтық педагогиканың мазмұны бай, тәлімдік мәні бар белгілі
бір ұлтқа тән барлық құбылыстар кіреді. Олар мыналар: ұлттық болмыс, дін,
қадір-қасиет, ұлттық сана – сезім, өзіндік дүниетанымы, ұлттық
психологиялық ерекшеліктері, түйсік – түсінігі, көңіл-күйі, ұлттық
мақтанышы, ұлттық материалдық және рухани құндылықтары, ұлттық мүдделері,
мақсатмұраттары, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қолөнері, ән-күйі, сөз
өнері, отан қорғау, жауынгершілік, аң аулаушылық тәсілдері, іскерлігі,
ұлттық тәлім-тәрбие, білім беру, дағды іскерліктерге және біліктілікке
үйрету және т.б
Қорыта айтқанда, халықтық педагогика оқыту мен тәрбиелеу
процесінде жеткіншек жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан-
ғасырға, атадан-балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіедік ұлттық қадір
қасиетін, ұлттық сана – сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын; ұлт-мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен
фольклорын т.с.с; үлгі - өнегесі, жыраулық пен айтысқа, шешендікке,
әншілікке, т.с.с; еңбекке және қол өнеріне бейімдеу, бір сөзбен айтқанда,
адам баласына лайықты барлық адамшыл қасиеттер рухында байланыс тәрбиелеу
де қолданылатын тәлімдері.

Негізгі бөлім

2.1Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
Қазіргі кезде үздіксіз білім жүйесінің барлық салаларындағы ұлттық
тәрбие негізіндегі өнеге, тәлім –тәрбие беру жүйелі түрде қолға алынып
отыр, өйткені әр жеткіншекті халқының тәлімімен, салттық-трмытық дәстүрімен
тәрбиелегенде ғана азаматтық рухы жоғары ұрпақ қалыптасады. Оның үстіне
халық педагогикасындағы Бала-тәрбиесі бесіктен, Сынықтан өзгенің бәрі
жұғады деген тәрбиеге байланысты ұлағатты ой үстіне халықтық педагогиканың
алтын қоры болып саналатын ұлы Абай атамыздың 19- сөзіндегі: Естілердің
айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады,-деген ойын қоссақ,
адам атаанадан туғанда есті болмай, көре біле, ұғына жүріп есті болатын,
сондықтан әкесі қой баға білмейтіннің баласы да қозы баға білмейтінін, ол
үшін тәлім-тәрбие бала өмірінде үлкен орын алатынын ескергеніміз жөн.
Мектеп құрылымының қай сатысында болса да, оқу жоспарындағы пәндер
жүйесі халықтық халықтық педагогика бағытын ұстанатын пәндер болып
еңгізіліп, оның үстіне сол пәнді меңгертуші ұстаздарды халықтық педагогика
нәрін бала бойына сіңіруге қабілетті педагог болуын көздеп отыр.
Халықтық педагогиканың алтын қоры, оның байлығы, ұмытылған салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, оны тәрбиелеуде пайдалану жолдары жан-жақты іздестіріледі.
Дегенмен, осы бағытта белгілі бір жүйеге түскен, ғылымиланған,
балалардың психо-физиологиялық ерекшелігіне сәйкес берілуге болатын
бағдарламалық материал жинақталуы керек сияқты. Соның ішінде халықтық
педагогиканың нәрін болашақ педагог болып даярланып шығатын кадрларға
жеткізудің, бесік тәрбиесінде осы халықтық педагогикадан қағажау қалған,
бүгінде тәрбиелі болу үшін тәрбие нәрін бойына жинауға ыждағатты байқатып
отырған жастарға арналған халықтық тәрбиенің тереңіне сүңгуге, маржанын
теруге жетелеу жұмыстарын қолға алу қажет.
Әзірше педагогикалық тәлім-тәрбие беретін даналық ойлар жазылған
әдебиетіміз жоқ қой дегенді тілге тиек етпей, үлкен жауапкершілікті
өзімізге жүктеп, шығармашылық жұмысты жандандыруға тура келеді. Ынта болса
да, қиын іс жоқ ғаламда деген халық даналығы тығырыққа тірелген қиын
тіршілікке шығудың жолын көрсетпей ме?
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған, халықтық педагогиканы тәлім-
тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұйымының да басты
борышы.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы
ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми – педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар – ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірбиесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді,
педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогиканы дәуірдің кейбір қатал сыңынан өтіп, жаңарып,
жаңғырып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте
қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына.
Қазақ халқының ұлы педагогы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және
педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген. Мәселен,
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш атты әңгімеде әкесі он жасар баласымен далада
жүріп келе жатып бірнеше сұрақтар қояды:
- Балам, анау өрмекшіні көремісің? Ол не істеп жүр?
- Көремін әке, өрмек тоқып жүр.
- Анай құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында тістеген бидайы бар.
- Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда әкесі: Олай болса, шырығым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі
соған ғибрат: өрмекші, маса, шыбынға тұжақ құрып жүр, ұсталған соң өзіне
азық етеді; құмырсқа бала – шағаларына тамақ тасып, тапқанын өзі жемей,
аузына тістеп, қуанғаннан ініне жүгіріп кетіп барады; қарлығаш балаларына
ұя салуға шөп жинап жүр. Міне,көрдің бе, жұмыссыз жүрген жәндік жоқ. Бәрі
де жұмыс істеп жүр. Сен де ертеден кешке дейін уақытынды босқа жіберме,
еңбек етуге әдеттен. Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның
жоғарғы қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік, ақыл-ой
тәрбиесінің ерекше орын алатының атап көрсетті.
Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық
мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ
халқының мәдениеті мен салт- дәстүрінің қайта жаңарту кезінде кең
мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімннің борышы болуы қажет.
Информатика пәнің оқытуда және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде
шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-
дәстүрлері, әдет- ғұрыптары туралы түсінік беруге әбден болады.
Информатика сабағын халық педагогикасымен байланыстырудың өзіндік қиын
жақтары көп. Оның басты себебі мектептегі информатика оқулықтарының
орыс тілінен аударылуы, оның ішіндегі мысалдар мен жаттығулардың
біздің халыққа тән еместігі.
Информатика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары
бар. Ойынды сабақтың басында қолдану, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын
сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-
күйін сергіту, шаршағанды ұмыттырып, ер-жігерін дамыту. Ойын сабақтын
басында болса, тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау
мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда
ойынды оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында қолданып келеді.
Еліміздің мектептерінде информаиканы оқыту кең қанат жайып келеді. Ал
информатиканың негізгі объектісі ақпарат болып саналады. Мектептегі
оқытылатын Информатика және есептеу техникасы негіздері пәні оқушыларға
компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін үйретуге
бағытталған. Компьютердің мүмкіндігі аса мол екендігіне байланысты, әрине,
оларды үйретіп, оқытудың әдіс-тәсілдері де көп болуы заңды. Мәселен мұны
белгілі бір тәрбиелік жұмыстармен де байланыстырып жүргізуге болады.
Компьтердегі программалардың бірі MS Word мәтіндік редакторы. MS
Word –мәтіндік құжатты дайындауға, редакуциялауға және қағазға басып
шығаруға арналған программа. Оқушыларға оссы программаны оқытып, үйрету
барысында ұлттық тәрбие элементтерін енгізу мақсатында сабақта қазақтың
салт-дәстүрлері жазылған мәтіндік карточкамен таратып берген жөн.
Оқушылардан мәтіндерді жазып, осы карточкадағыдай етіп форматтау талап
етіледі. әр тақырыптағы карточкалар оқушыларға оқытылып, мәтіннің мазмұны,
мәні осы жазылған салттың біздің өміріміздегі маңызы түсіндіріледі. Содан
оқушылар MS Word –ты қазақша мәтін жазуға бейімдеп, карточкадағы мәтінді
теріп, форматтаулары керек.
Бұл шәкірттерге бүгінгі заман техникасын үйретумен бірге оларды
халқымыздың салт-дәстүрлерінен хабардар етуге, сол арқылы тәрбие ықпалын
арттыруға мүмкіндік береді.
Басты мақсат- техникаға негізделген информатика сабағында оқушыны өз
ұлтының салт-дәстүріне, тіліне, мәдениетіне қызығушылығын ояту.
Халықтық педагогиканың құрамы

ұлттық ойындар тек баланы алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың
жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлықтарының тапқырлығын
қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Информатика сабағында ұлттық
ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін
жетілдіру мен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата-
мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады.
Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі
тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп,
бүгінімізбен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - өмір қажеттілігінен
туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.
Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ, Білім туралы заңның, Білім берудің
мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы, олардың Қазақстан 2030
стратегиялық бағдарламасының өмірге жолдама алып, іске асуы, білім сапасын
және тәрбие жұмысын жақсартудағы толып жатқан іс-шаралар еліміздегі
мұғалімдер армиясын шәкірттерді оқыту, тәлім-тәрбие жұмысына жаңаша, жаңа
тұрғыдан қарауына, оқыту мен тәрбиенің ұлттық формаларын енгізуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдырады.
Информатика мұғалмдерінің алдында да оқушылардың бойына ұлттық
болмысты сіңіру, дамыту, қалыптастыру бойынша мектепте енгізіліп жатқан
оқытудың алуан түрлі инновациялық технологиялардың оның ішінде компьютерлік
технологиялардың кеңінен қолдану мақсаты тұрды. Осы бағытта мектеп
мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің отбасындағы ұлттық
тәрбиеден бастап, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізудің, сабақ
үстіндегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың, жекелеген оқушылармен
жұмыстарын жүргізудің, сабақ үстіндегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың,
жекелеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың алдыңғы озық тәжірбиелерін
өз жұмыстарына енгізіп жақсы нәтижеге жетккендері көп.
Қазіргі мектептің тек қана дарынды балаларды оқытуға көшу барысында
істеліп жатқан жұмыстары жоғары жақтан да қолдау тауып, мектеп таңдама,
мұғалім таңда- деген қағидамен өз балаларын әкелуші ата-аналардың саны
көбеюде. Бұл-мектепте шебер мұғалімдер мен тәрбиешілердің санының артып
келе жатқандығын көрсетсе керек. Компьютерлік технологияның оқу-тәрбие
үрдісіне енгізудің қаншалықты тиімді екендігіне көзі жеткен мұғалімдердің
осы технологияны пайдаланып өздерінің жұмыстарын қызықты, әрі ғылыми
тұрғыдан мазмұнды етіп, өткізіп, жүргендері жалпы мектептегі жұмыстарғы игі
әсерін тигізуде. Компьютерлік технологияны пайдаланбай, бұрынғыша дәстүрлі
сабақ, іс-шаралар өткізіп жүрген мұғалімдер, тәрбиешілер, бұл технологияның
тиімділігіне көздері жетіп, оны меңгеруге және қолдануға жаппай бет бұра
бастады.
Компьтерлік технологияны дұрыс, мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның
мүмкіншіліктері көп. Компьютерлік технология арқылы оқушылардың бойына
ұлттық болмыстарымызды қалыптастыруға арналған жаттығулар: әуелі компьтерде
бума жасалу керек. Ол буманың ішінде алған тақырыпқа қарай бірнеше бума
орналасуы тиіс. Әр буманы тышқанмен шерту арқылы ашып, орналасқан
тақырыптарды сілтемелер арқылы оқып – үйренуге болады. Мысалы: Ұлттық
ұғымдар- негізгі бумасын қарастырайық. Оның ішінде Жеті санымен
байланысты ұғымдар, Қырық санымен байланысты аңыздар, ұғымдар. Төрт
күнә, Бес парыз, Бес намаз, Бес борыш, Бес қару, Үш арсыз, Үш
даусыз, Үш байлық, мүшел т.б бумалар орналасуы мүмкін.
І. Жеті санымен байланысты ұғымдар. Мұнда Жеті атасын білу, Жеті
қазына – жеті ырыс, Аптаның жеті күні, Наурыз көже, Жеті амал,
Жеті жұрт, Жеті қарақшы, жеті қат көк, Жеті жетім сияқты тақырыптар
орналассын.
а) Жеті атасын білу.
Жеке-жеке файлдарға жетінші атасынан бастап
өзіне дейінгі аралықты толық жазып шығады.
Әрқайсысының аты-жөні, туған және қайтыс болған жалдары,
ол туралы есте қалған аңыз-әңгімелер, ұлағатты сөздері,
ақыл-кеңестері толық жазылу керек. Ұл балалар бірнешеу болса,
әрбір буынға сонша төртбұрыш сызу керек.
Оның баласы деген төртбұрышты сол бала

жазған файлға гиперсілте қою керек.
Қаріптерге формат арқылы
әртүрі анимация жасау оның әсерлілігін арттыра
түседі. Әртүрлі
анимациялық эффектілермен жасалынған. Бұл жұмысты жанды
сөзбен, музыкалық әуендермен безендіріп, DVD арқыл көшіріп,
отбасының игілігіне айналдыруға болады.

ә) Жеті қазына. Мұнда да әрқайсысы турала жеке-жеке файл-ашып, олар туралы
сипаттама беру керек. Олардың суреттерін қоса орналастыруға да болады.
Керекті тақырыпты басып, ол туралы жазылған, әртүрлі эффектілермен
безендірілген, анимациялары бар мәліметтерді гиперсілтеме арқылы экранға
шығарып отырады.
Төрт түлік малдың миф иелері: түйенікі-Ойсылқара, жылқы иесі-Қамбар
ата, сиыр иесі-Зеңгі баба, қой иесі-Шопан ата. Ал мылтық- мықтылықтың иесі,
жаудан қорғанудың құралы болып есептелген. Ертеде, Тәуке ханның тұсында
жаудан қолдан қазан мылтықты түсіріп, шаңырағын сындырса, ол кек қайтарудың
белгісі болған. Ал. Оларды сындырмай қайтарып берсе, онда тыныштық орнап,
екі жақ татуласып, бір қазаннан дәм татып, кеуде қағып, тарайды екен.

Ел ішінде айтылып жүрген жеті қазынаның бір түрі: жүйрік ат, алғыр
қыран, жүйрік тазы, түз мылтық, қара қақпан, алмас кездік, қыз тұзақ.
ІІ. Қырық санымен байланысты аңыздар, ұғымдар - бумадағы тақырыптар:
Қырық өтірік, баланы қырқынан шығару, қырық күн шілде, Үрккердің қырық күн
көрінбей кетуі - киелі күн, Қырықтың бірі Қыдыр, Қырық бір құмалақ,
Қырымның қырық батыры.т.б.
ІІІ. Бес парыз - Құдайдың бірлігі мен Мұқамбедтің пайғамбарлық
қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр-садақа беру, қажылыққа
бару.
IV. Бес намаз - Таң намазы, бесін намазы, екінді намаз, ақшам
намазы, жашиық намазы.
V. Бес борыш - Аллаға, пайғамбарларға байланысты борыш. Алланың
өзіне байланысты борыш. Мемлекет пен халыққа борыш. Үй-іші жақындарға
барыш. Адамгершілік әлеміне борыш.
VI. Бес қару - садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
VII. Бес қатер - От, жау, борыш, ауру, сөз.
VIII. Үш арсыз - Тамақ, ұйқы, күлкі.
IX. Үш даусыз - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Халық педагогикасы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Пәндер