Дауысты дыбыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен оқыту жолдары ... ... .5
2.2.Алфавит, дыбыс пен 8
әріп ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
2.3.Дауысты дыбыстарды 9
оқыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
2.4.Дауысты әріптердің емлесін 12
оқыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2.5.Фонетикалық жаттығулардың өзіндік 18
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ..
2.6.Екпіннің дыбыстарды оқытудағы 18
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

III.Қорытынды ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер 22
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .

Қосымша

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздердің мағынасын айырып, сөз етуде
тіл дыбыстарының орны ерекше. Түбі бір түркі тілдерін біріне-бірін
жақындатып, бірінен – бірін алыстатып тұрған да, алдымен, осы дыбыстар,
дыбыстар тіркесі. Тілдегі дыбыстардың санын, сапасын айыру, дыбыстық
заңдарды білу, сөзді буынға бөліп, дұрыс жазу және дұрыс айту – тілді
меңгерудегі ең негізгі шарттар. Қазақтың 99 пайызы тіл меңгеруді мектептен
аяқтайтынын ескерсек, фонетикалық білім, біліктілік маңызын жете түсінуге
тиіспіз. 
Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп
қалыптасқан. Фонетиканың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл
ғылымының, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын,
олардың құрамын, тілдегі дыбыстың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тілдегі лексикалық
және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі
фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. Тілдердің
дыбыстық құрамының өзіндік сипатын, заңдылығын білудің мәні зор. Тіл
дыбыстары - тілдің материалдық көрсеткіші оның барлық басқа да салдарының
бастапқы негізі, өйткені тіл дыбыстарының сипатын, онда болып тұратын
өзгеріс құбылыстарының өзіндік заңдылықтарын білмейінше, тілдің лексикалық,
грамматикалық құбылыстарының қыр-сырын түсіндіру мүмкін емес.
Тума талант, ғұлама ғалым, профессор Қ. Жұбанов қазақ тіл білімінің
барлық салалары бойынша пікір айтып, құнды зерттеулер қалдырған. Қазақ
тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін алғаш қолға алған,
пән ретінде қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасаған. Ғалым өз өмір
сүрген кезінде фонетиканың ғылымдағы орны дәл анықталып болмағанына
қарамастан ғылыми фонетиканың объектісін дұрыс тани білді. Ол дыбыстарды
тіл дыбыстары ететін олардың лингвистикалық (фонологиялық) қызметі екенін,
тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана зерттеу керектігін айта келіп,
фонетика - дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым
дейді. (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.А., 1996). Қазақ фонетикасының
ғылыми курсын жасаушы атты мақаласында профессор Ә. Жүнісбеков былай деп
атап көрсетеді: Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тілінің дыбыс жүйесін
фонетикалық және фонологиялық тұрғыдан дербес-дербес қарастыруының өзі әлі
күнге дейін көп зерттеушілердің қолы жете алмай келе жатқан жай: оның дыбыс
пен фонемаға берген анықтамалары фонология теориясын еркін
пайдаланғандығының куәсі. Қазақ тіл білімінің алғашқы кезеңінде –ақ ғалым
тіл танудың іргелі мәселелерін дұрыс шешіп, теориялық терең тұжырымдар
жасауы нәтижесінде оның ұсынған ғылыми қағидалары уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өзінің өміршеңдігі мен заман талабына сай екендігін дәлелдеп, кейінгі
зерттеулердің бұлақ бастауына айналды. Бізге сақталып жеткен ғылыми
ізденістерінде ғалым тіл проблемаларын зерттеп танудың дәйекті үлгісін
көрсетіп, қазақ тіл білімінде тарихи салыстырмалы және салыстырмалы
типологиялық зерттеу тәсілдеріне де жол көрсетті.
Ғалым қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша іргелі ғылыми
еңбектер қалдырды десек, солардың ішінде фонетикаға қатысты зерттеулердің
маңызы ерекше зор деп білеміз. Қ.Жұбановтың 1936 жылы баспадан шыққан
Қазақ тілінің грамматикасы оқулығының І бөліміндегі фонетикаға қатысты
тарауы, Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар атты еңбегінің
баспадан шығып үлгерген Қазақ тілінің фонетикасы деп аталатын бөлімі,
Буын жігін қалай табуға болады?,
Қ. Жұбановтың фонетика жайлы теориялық еңбектерінің ішінде
Қазақ тілі грамматикасының фонетика бөлімін ерекше атауға болады. Онда
дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауысты - дауыссыз дыбыстар, олардың
артикуляциясымен акустикасы, дыбыстау аппараты, буын, сингормонизм, екпін
туралы жүйелі баяндалады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының ішінде сөзді дыбысқа,
буынға бөле алмау және дыбыс пен әріптің арасын ажырата алмау сияқты
кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері: 
1. Фонетиканы зерттеген және іскерлік пен дағдыға байланысты оқулық
авторларының еңбектерін жинақтау;
2. Баспасөз басылымдарындағы озат тәжірибелі мұғалімдердің
жұмыстарымен танысу;
3. Мектеп оқушыларына фонетиканы меңгертудегі іскерлік пен дағдыны
қалыптастыруда ойлау қабілетін дамыту жолдарына мектепте тәжірибе жасау.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен оқыту жолдары

Фонетиканы оқыту жолдары дыбыстардың жіктелуін дедукция әдісімен
өткенді тиімді деп таниды. Сондықтан әуелі дауысты және дауыссыз туралы
жалпы ұғым беріледі. Одан соң жалпыдан жалқыға қарай келу жолымен дыбыстар
өз ішінде қандай түрлерге ажырайтыны таныстырылады. Оқыту процесінде
дыбыстардың әр түрлі өз алдына жеке-жеке қарастырылып қалып қоймайды.
Олардың алғашқы өтілгендері келесі түрлерімен байланыстырылып қаперден
шығарылмайды. Демек үдетпелі әдіс қолданылып, кейінгі оқылатын дыбыс
жөніндегі мағлұматтар ілгеріде өтілгендермен ұштастыра беріледі.
Дыбыс мағыналарын айтылу және жазылу нормаларын саналы түрде берік
меңгерту үшін тәжірибелік жұмыстар орындатудың ерекше маңызы зор. Сол
арқылы оқушылар өздері ұғынған теориялық білімдерін іс жүзінде қолданып
бекітеді. Фонетиканы өткенде жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар мынадай:
1. Орфографиялық, орфоэпиялық жаттығу.
2. Фонетикалық талдау.
3. Сұлба, кесте құру.
4. Ойын элементтерін жүргізу.
Жаттығу жұмыстары оқулықта беріледі. Онда әрбір тақырыпқа орай жұмыстың
міндеті, оларды орындау шарттары және кейде орындау үлгілері көрсетіледі.
Мысалы:
а) Тапсырма кейбір сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті тауып
жазуға беріледі.
ә) Текстегі белгілі бір дыбыстар арқылы жазылатын сөздерді бөлектеп
көшіру.
б) Белгілі бір әріптер қатысатын сөздерді не өз ойынан, не текстен
теріп жазу.
в) Берілген сөздерге лайықты қосымшаларды тиісті ережеге сәйкес
жалғап жазу.
г) Тапсырманы орындағанда тиісті объектінің астын сызып көрсету.
Фонетикалық талдау ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Талдау жеке
материал бойынша (әр түрлі) арнаулы түрде немесе өтілген бүкіл тақырыпты
қамтып жинақ түрде жүргізіледі. Мысалы, арнаулы талдау жасатқанда берілген
жаттығу тексіндегі жуан дауысты дыбысы бар сөзді бір бөлек, жіңішке дыбыс
қатысқандарын бір бөлек жаздырып, ондағы дауысты дыбыстардың астын
сыздыртады. Ал жинақ талдау жасатқанда, тапсырмадағы дауысты дыбыстарды
барлық белгілері бойынша сипаттап жазу талап етіледі.

Үлгі:
А Ү

1. Дауысты дыбыс. 1. Дауысты дыбыс.

2. Жуан дауысты. 2. Жіңішке дауысты.

3. Ашық дауысты. 3. Қысаң дауысты.

4. Езулік дауысты. 4. Еріндік дауысты.

5. Барлық буында жазылады. 5. Басқа буында жазылады.

Сұлба, кесте-жалпы қазақ тілін оқыту процесінде жиі
қолданылатын көрнекі құрал. Сұлба негізінде сабақ барысында зерттелген
объектілерді жинақтап, бір үлгіде түсіріп жазу түрінде пайдаланады.
Кесте негізінде жаңа материалды түсіндіру, кезінде қолданылады.
Оны да мұғалімнің ізденісі тиімді деп бұйырғаны бойынша түрлендіріп жасауға
болады. Онда тиісті объектілер өзге бояумен (қызыл) ерекшеленіп
көрсетіледі. Бұл дағдылық жұмыс түрлерін үй тапсырмасы бойынша да орындатып
отырған пайдалы.
Орфография, фонетика, грамматика сабақтарында оқушылардың ой
қозғау, белсенділік жағдайын жақсарту үшін ойын элементтерін ендіріліп
отырады. Онда белгілі тақырыпқа орай оқушыларды ойландыратын тапсырма
беріледі, сұрақ қойылады. Фонетика тарауынан үндестік заңдары өтіледі. Бұл
арада әуелі дыбыс, оның түрлері мен емлесі жөнінде бұрын өтілген білім мен
берілген дағды қайталанып, біраз пысықталады. Үндестік заңынан меңгерілетін
білім мазмұны мынадай: үндестік заңы туралы түсінік, оның буын үндестігі
және дыбыс үндестігі болып екі түрге тарайтыны, дыбыс үндестігінің
ілгерінді ықпал және кейінгі ықпал деген екі түрі болатыны. Осы
мәселелерден теориялық білім беріледі. Анықтама, ережелер ұғындырылады.
Көптеген тәжірибелік дағдылар жасатылады. Ережелер бойынша сөздегі
буындардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болатындығы буын үндестігі
деген терминмен оқытылады. әсіресе буын жасайтын дауысты дыбыс екендігіне
оқушылардың назары аударылады. Осы жайға байланысты буын үндестігі
дегеніміз, шын мәнісінде, дауысты дыбыстар үндестігі дегенге сиятынын
аңғартқан жөн. Сонда оқушылардың буын үндестігінің негізіне жете түсінуіне
жеңілдік келтіреді.Келесіде дыбыс үндестігін таныстырғанда бұл заңдылықтың
термині мен білім мазмұны бір екенін байқату керек. Сонымен, буын
үндестігін оқытқанда, дауысты дыбыстардың дыбыс үндестігін оқытқанда
дауыссыз дыбыстардың үйлесуіне, үндесуіне назар аударылады. Дауысты
дыбыстардың жуан, жіңішке болып келетініне орай буын үндестігі бойынша
сөздегі буындар да жуан буынды, жіңішке буынды болатыны ұқтырылады.Дыбыс
үндестігін оқытқанда, сөздің айтылу нормасы (орфоэпия) мен жазылу
нормасының сәйкес келетін, я болмаса сәйкеспейтін фактілерін ұғындыру
керек. Ол үшін айту мен жазу үлгілерін өрнектелген кестелерді жиірек
жасатқан пайдалы. Сонда сөз ішіндегі жағдайлар айқын танылады. Ықпалдардың
түбір мен қосымша аралығында, біріккен сөз сыңарлары аралығында және сөз
тіркесі арасында кездесетініне көбірек жаттықтырады.
Бастауыш класс оқушылары буын туралы бастапқы білім алып,
онымен тәжірибелік жұмыста үнемі істес болып келеді. Сөзде неше дауысты
дыбыс болса, сонша буын болады. Буынның ашық, тұйық және бітеу болып үш
түрге ажыратылуы 5-сыныпта өтілетін негізгі білім мазмұны болып табылады.
Демек, сөз белгілі затты, құбылысты білдіретін мағыналы ұғым
екендігін, ал өзі дыбыстардың тіркесінен жасалатыны әңгіме әдісімен еске
түсіріледі.Сондай-ақ сөз құрамында дауысты және дауыссыз дыбыстар болатыны,
буын жасауда дауысты дыбыстардың рөлі артықша екендігі жөнінде оқушылардың
түсінігі бекітіледі. Ендігі мәселе буын түрлерін таныстыруға ұласады.
Сөйтіп ашық, тұйық, бітеу деген ат қойылғанына аудартылады. Осы арада буын
жасайтын дауысты дыбыс болғандықтан, мысалға алынған буындардағы дауысты
дыбыстардың орындары зерттелінеді. Ашық буын жалаң дауысты дыбыстан
болатынын немесе дауысты дыбыстың буынның соңын аяқтап тұратыны
байқатылады.
Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын
білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу
ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру
мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл
дыбыстарын ғана тексереді.
Орта мектептерде фонетика грамматика курсының бір саласы болып
өтіледі. Мектеп курсында фонетика көлемі жағынан морфология мен синтаксиске
қарағанда шағын, ол – бесінші класта оқу жылының басында өтіледі.
Көлемі жағынан фонетика шағын болғанымен, грамматиканың басқа
салаларын (морфология, синтаксис) өткенде, солармен байланысты ұдайы
қайталанып отырады. Сонымен бірге фонетика емле, сөз дамыту, мәнерлі оқу
жұмыстарымен де тығыз байланысты.Мектеп оқушылары 4(5) класта фонетиканы
оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің
түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.
Адам баласы бір-бірімен сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір
алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы жүзеге асады. Буын
жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем – сөздерден құралады. Демек, дыбыс –
сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз – сіз, соз – сөз немесе тал –
сал, бал – қал, бала – дала десек, бір дауысты, не дауыссыз дыбыстың
өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы
элемент екенін дәлелдейді. Дыбыс тілі – күрделі құбылыс, оның әр түрлі
ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерді негізге ала отырып, дыбыс тілінің
физиологиялық, акустикалық, функционалдық ерекшелігін түсіну керек.
5 класта фонетика тарауы бойынша мынадай теориялық мәліметтер
беріледі: дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты айыру. Дауыссыз дыбыстардың
қатаң, ұяң, сонар болып айырылуы. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке;
еріндік, езулік; ашық, қысаң болып бөлінуі. Дыбыс пен әріп, оның айырмасы.
Дыбыстың сөз жасауда, сөз мағынасын өзгертудегі қызметі туралы. Сөздің
соңғы буынының жуан, жіңішке болуына байланысты қосымшалардың жуан не
жіңішке болып жалғанатындығы. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жалғанатын
қосымшаның да қатаң дыбыстан басталатындығы. Түбір сөздегі ы,і дыбыстары,
дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанғанда түсіп қалатындығы (орын
– орны, бөрік – бөркі, ерін – ерні т.б.)
Бірінші сабақтан бастап – ақ фонетика гректің фоне ( дыбыс ) деген
сөзінен алынғандығы айтылады. Фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ілім
екендігін мұғалім нақты мысалдармен көрнекі әдістер қолдану арқылы
түсіндіреді. Оқушылар тіл дыбысының не екенін бірден түсіне қоймайды. Адам
аузынан шыққан дыбыстар барлығы бірдей тіл дыбысы бола алмайтындығын,
мағыналы сөз жасай алатын дыбыстар ғана тіл дыбысына жататындығын мұғалім
көрнекі әдістер арқылы үйретеді. Мысалы, жол, жел, жал немесе тас, бас,
қас, жас деген сөздерді тақтаға жазып, әрбір сөздің құрамында бірнеше дыбыс
бар екендігін, олар бір – біріне ұқсас емес екенін айтып түсіндіреді.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы айтқанда, мұғалім ең алдымен,
дыбыстау мүшелерімен қысқаша таныстырып, олардың дауысты және дауыссыз
дыбыс жасауда алуан түрлі қызмет атқаратындығын баса көрсетеді. Дыбыстау
мүшелерімен таныстыру үстінде үн, салдыр, кедергі деген терминдердің ұғымын
үйрету керек.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқушылар әбден түсініп болған соң,
дыбыс пен әріп туралы мағлұмат беріледі.

2.2 Алфавит, дыбыс пен әріп.

Алфавит жайлы тақырыпты түсіндіру үшін мұғалім қазақ алфавиті жазылған
плакатты пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіруі керек. Мұғалім кез
келген бір оқушыға алфавмтті оқытқызып шығып, ал оқушының алфавиттегі
әріптерді дұрыс айтты ма, әлде қате айтты ма, соны бақылап, сол бақылаудың
негізінде жаңа сабақты бастап жіберуі керек. Өйткені кейбір оқушылар ббе,
гге, сэс, тте деудің орнына ббы, ггі, ссы, тты деп қате айтады.
Дыбыс пен әріпті оқытуда мұндай кемшіліктер болмау үшін тіліміздегі
дыбыстардың дұрыс айтылуына ерекше тоқтаған жөн, оның ешбір артықшылығы
жоқ.
Тіліміздегі әріптердің рет – ретімен тізілуін алфавит дейміз. Алфавит
деген сөздің грек тілінің алғашқы екі әрпінің ( альфа, бетта ) атынан
алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а,ә,е,и,о,ө,у,ұ,ы,і
), екі дыбыс болып та айтылатынын ( е –йе, ю – йу, я – йа ) түсіндіру
қажет.
Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік(ь)
белгілердің бар екндігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек
орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана кездесетінін ерекше атап өткен жөн.
Өйткені кісі аттарын қазақша жазғанда еш уақытта жіңішкелік белгісі
жазылмайды. Мысалы, Айгүл, Гүлнар, Кемелбек т.б.
Алфавитті жатқа білудің үлкен практикалық мәні бар.
Әрбір тіл дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік
ерекшелігін ажырату – тілді игерудің негізгі жолы. Әдетте, оқушылар мен
студенттер арасында дыбыс пен әріпті шатастырып, бірінің орнына бірін
қолдану жиі кездеседі. Дыбысты айтамыз, естиміз, ал сол дыбысты әріппен
таңбалаймыз.
Оқушының дыбыстау мүшелерін және оның әрқайсысының атқаратын қызметін
жақсы біліп, дұрыс меңгеруінің маңызы зор. Дыбыстау мүшелерінің қызметін
жақсы түсінген оқушы кейін дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуін тез,
саналы түрде түсінетін болады. Ондай оқушы фонетикалық талдауды да жылдам
меңгеріа кетеді.
Жоғарыда атағанымыздай, жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты
таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс – табиғи құбылыс, әріп
– жасанды құбылыс.
Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі
болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болу керек. Әріп пен дыбыстың сандары
бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады.
Мұғалім дыбыс пен әріпті өткен кезде белгілі бір мысалды тақтаға
жаздырып, дыбыс қайсысы, әріп қайсысы, бұл сөзде қанша әріп бар екенін
көрнекі құралды көрсете отырып талдату керек. Мысалы, мұғалім тақтаға сия,
қияқ, ою, статья, съезд сияқты сөздерді жазса, оқушылар әр сөздің өзін жеке
– жеке талдап, қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін айтып беруі керек.
Дыбыс пен әріпті жете түсінбегендіктен, әрқайсысының өзіндік
ерекшелігін білмегендіктен, оқушылар арасында әріп жазылады деудің орнына
айтылады, дыбысты айтамыз деудің орнына дыбыс жазылады деп өрескел қате
жіберетіні болады. Міне, мұндай жағдай болмас үшін мұғалім Дыбыс пен
әріп, Алфавит тақырыптарын оқытуға байланысты олардың әрқайсысының
негізгі ерекшелігін таныта отырып, тілдің дыбыстық жүйесін жақсы меңгерту
үшін әр сабақты жүйелі, мазмұнды өткізу арқылы көзін жеткізу керек. Сонда
ғана мұғалім алдына қойған мақсатына жете алады.

2.3. Дауысты дыбыстарды оқыту

Қазақ тілінің фонетика тарауынан бастауыш клас оқушыларына негізгі
білімдік мағлұмат пен практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі. Дыбыс
пен әріптер үш класта да өтіледі. Қазақ тілі бастауыш курсында дыбыс, әріп,
олардың мәні, жазылу емлесі, алфавит, буын және тасымал жайлы бастапқы
ұғымдармен танысады.
Балалар қазақ тілі дыбыстары ерекшелігін мектепке келгенше
практикалық тұрғыда әжептәуір игереді. Бірақ олар жеке сөздегі әрбір
дыбысты саналы түрде ажырата алмайды. Әліппені өту кезеңдерінде сөзді,
буынды талдау жолымен дыбыстарды айырып үлгереді. Дыбыс пен әріп тақырыбы
ең негізгі мәселеретінде бірінші класта оқытылады да, екінші – үшінші
кластарда ол меңгерілген білік пен дағды тереңдетіліп, бекітіле түседі.
Сондықтан бұл тақырып материалдарын бірінші класта мұқият танытуға
мұғалімдер білімі мен әдіс – тәсілдерін сарқа пайдаланады.
Дыбыстар бастауыш кластарда төмендегі ретпен бөлініп оқытылып жүр.
Бірінші класта жеті дауысты дыбыс (а,е,о,ө,и,й,ү,ұ) және олардың
емлесі. Екінші класта дауыстылардан и,і,у,ю,я дауыссыздардан
(б,п,д,т,к,қ,л,р,н,ң) және олардың емлесі. Үшінші класта дауыстылардан :
е,э дауыссыздардан в,ф,х,һ,у,ч,щ,ъ,ь дыбыстары мен әріптер өтіледі, емлесі
үйретіледі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін
сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң,
еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде он екі дауысты дыбыс бар
(а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша
түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай
сақтала бермейді.
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде
4 – клас оқулығындағы рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете
отырып, жуан дауысты – а,о дыбысын айтқанда тілдің қандай қалыпта тұрғанын
көрсете түсіндіріледі. Осыдан кейін дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай
жіктелетінін мына түрде берген жөн. Оны оқушылар дәптерлеріне жазып алулары
тиіс.

Тілдің қатысына қарай а,о,ұ,ы жуан
ә,ө,ү,і жіңішке

Бұл схемаға ал – әл, ауа - әуе, от - өт,ыз – із, тыс – тіс түрінде
жуанды – жіңішкелі тіркесте келетін мысалдарды пайдалану қажет. Е,э
дыбыстарына да (ерекше, электр) айрықша тоқталынады.
Ал қазақ тіліндегі и,у дауысты дыбыстары айтуда қосынды дыбыстар
екенін тиісті мысалдар (жазұу,келүу) беру арқылы еске түсіріледі. Дауыст и,
у дыбыстары жуан да, жіңішке де айтыла береді. Ол ерекшелікті мына схема
арқылы түсіндіру орынды:

қи, қиын, жиын ширақ (адам)

И

ки, киім, жиі ширек
(ғасыр)

алу, қу, ағу, басу қону

У

білу, үгу, егу, есу көну

Қазақ тілінде и, у дауысты дыбыстарының бірде жуан, бірде жіңішке
айтылуына екі түрлі жағдай әсер етеді. Дауысты и, у дыбыстарының жуан не
жіңішке айтылуы сол сөз ішіндегі дауыссыз қ – ғ, к г дыбыстарының әсерінен
болады. Өйткені қазақ тілінде жуан буынды сөзде ( қағаз, ғалым, жаңа ) – қ
– ғ, ал жіңішке буынды сөздерде ( керек, гүл, ереге ) к – г әріптері
жазылады.
Дауысты дыбыстың тіл қатысына қарай жуан не жіңішке болып бөлінетіні
сияқты жақтың қатысына қарай, яғни ауыздың ашылуына қарай ашық, қысаң болып
бөлінетінін үйреткенде көрнекілікті ( таблица, схема ), әсіресе
магнитофонды пайдаланып, оқушылардыңдауысты дыбыстың айтылуына және құлаққа
естілу заңына ерекше назар аударту қажет. Себебі, а, е, о, ө, э – ашық
дауыстылар, ы, і, и, ү, ұ, у – қысаң дауыстылар деп жаттап алады.
Дауысты дыбыстың ашық, қысаң болып бөлінуі оқушының есінде жақсы
сақталуы үшін бір ашық, бір қысаң дыбыспен келетін сөздерді магнитофоннан
бірнеше рет тыңдата отырып ( а – ы, ә - и ), оқушылардың өздеріне қайталату
тиімді.
Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік ( о, ө, ұ, ү, у ),
езулік ( а, ә, э, е, ы, і, и ) болып бөлінуін түсіндіру ешбір қиындық
келтірмейді. Өйткені о, ө, ұ, ү, у еріндіктерін айтқанда, еріннің қандай
қалыпта ( күйде ) болатынын осы дыбыстарды өздеріне айттырып байқатуға
болады. Ерінге салмақ түсірмей, ерінді қимылдатпай, - о, ө, ұ, ү, у
дыбыстарын айта алмайсың. Яғни еріндік дыбыстың ерін арқылы айтылатындығы
ап – айқын. Міне, осы ерекшелігіне негіздей отырып, еріндік, езулік
дыбыстарды оңай түсіндіруге болады.
Ашық, қысаң дыбыстардың және дауысты дыбыстың еріндік және езулік
ерекшелігін байқату үшін салыстыру әдісін қолдану пайдалы. Яғни, бір
еріндік, бір езулік дыбысты қосақтап ( о – а, ұ – ы, о – е ) айтсақ,
дыбыстың еріндік, езулік болып жіктелу қасиеті бірден байқалып тұрады.
Мұғалім дауысты дыбыстардың жіктелуін толық үйретіп, оқытып болғаннан
кейін төмендегідей схеманы толтырту керек.

Ерін қатысына қарай Езулік дауыстылар Еріндік дауыстылар
Жақтың
қатысына
Тілдің
қарай
Қатысына қарай
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар

Схеманың толық болып шығуына қажетті сөздерді ыңғайына қарай отырып,
өздері түгел толтырып шығулары керек. Мұғалім тақтаға мына сөздерді ғана
жазуы қажет:

Жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік








Мұндай схемаларды толтыру арқылы оқушының әрқайсысы өз бетімен жұмыс
істеуге дағдыланады, дыбыстардың жіктелуін саналы түрде меңгереді,
логикалық ойын дамытады.

2.4.Дауысты әріптердің емлесін оқыту.

Оқытушыларға дауысты дыбысты оқыту ісінде бірінші класта берілетін
білімді берік негіздеуге көңіл бөлінеді.Өйткені, дыбыс пен әріп туралы,
дауысты дыбыстар және олардың жуан, жіңішке түрлері жөнінде бірінші класс
оқушылары әліппені өту кезеңінде бастапқы түсінік алады. Енді бірінші класс
қазақ тілі пәнін оқуға кіріскенде сол материалдар қайталанады.Бұл кездегі
сабақ оқушыларды тегіс қатыстыра отырып, оларды оқығанын қайта еске
түсіруге, тілдік фактілерді бақылай білуге және түсінген ұғымдарын
өздігінен жинақтап, қорытынды шығара алуға бейімдеу жолымен жүргізіледі.
Дауысты дыбыстар мен олардың емлесі үш класта да өтіледі.Тілімізде
дауысты дыбыс әріптері 15 десек, солардың жетеуі бірінші класта
оқылады.Олай болса, бұл тақырып материалдарын дұрыс меңгерту ісіне осы
класта негіз салынады. Сонда ғана оқушылар келесі кластарда жеңіл үлгеретін
болады. Дауысты дыбыстарды үйреткенде қолданылатын негізгі әдістер дыбыстық
естілуін тыңдап бақылату, сөйлеу арқылы жаттықтыру, дыбыстың мәнін сөздерді
салыстыру тәсілімен таныту, әріптердің жазылу емлесін талдау, жаттығу
жұмыстары бойынша меңгерту болып табылады. Бұл әдіс-тәсілдер қалыпты
жүйемен жүргізіліп, оқушылардың практикалық дағдысына ендіріледі.
Сонымен қатар, тіліміздегі дыбыстардың емлесін оқытуға байланысты
оқулықта берілген материалдардың жүйесін сақтай отырып, сондай-ақ қосымша
методикалық көмекші құралдардағы кейбір әріптердің емлесін үйрету үшін
алынған мысалдарды пайдалану қажет.
Әрбір әріптің емлесін үйретуде тек сөздің басында қолданылатыны ғана емес
(алмас, алманы, арпа), сол әріптердің сөздің басында, ортасында, аяғында
келетінін де мысалдар арқылы дәлелдей түсу қажет. Мына мысалды шашыраңқы
сызықпен беріп, қазақтың байырғы сөздерінде қолданылатын нақты мысалдармен
алған жөн.

ар, аласа, алқа                                             ән,
Сейсенәлі, мә

А Ә

автор, анализ, алгебра термин сөзде жазылмайды

қазақ сөздерінде жазылмайды

Э

электр, дуэт, алоэ
Сабақты түсіндіру кезінде оқушының өзіне мысал ойлатып, сабақты
жандандыруға, оқушыларды белсенді түрде жұмыс істеуге дағды беру көзделінуі
тиіс.
Кейбір емлелік жағынан айрықша ерекшелігі барсөздерді дәптеріне
жаздыртып қою керек. Мысалы, мына сөздердің жазылуын есінде сақтау, куә,
кінә, сірә, іре, мә, жә, мәрмәр, іңкәр, зәмзәм, зәбір, зәру, зәулім,
жәбірлеу, жәдитше, кәде, кәмшат, кәмелет, мәжбүр, мәңгі – бақи, мәре –
сәре, рәсуә, бейкүнә, бәсеңсу, бәсіре, тәуекел, уәде, уәкіл, уәзір, уалаят
т.б.
Дауысты дыбыстардың емлесін өткен кезде әрбір дыбыстың айтылуы мен
жазылуын қатарластыра айтып отырған жөн, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы мәлімет
Қазіргі қазақ фонетикасы
Қытай тіліндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы
Дыбыс сөздің материалы
Буын. Зерттелуі және түрлері
Буын
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Қазақ тіліндегі буын
Транскрипция және транслитерация мәселелері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Пәндер