Топтар арасындағы қарым - қатынас психологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау университеті

Психология кафедрасы

Тұлға психологиясы пәні: Тұлға аралық қарым –қатынастағы: топ
мәселесі

Курстық жұмыс

Тексерген:аға
оқытушы
Болатбекова Н.Ж.
Орындаған:пх–31 тобының
студенті
Бейбіт Қымбат

Көкшетау 2006ж.

Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 - 4
I Бөлім. Теориялық бағдар.
1.1. Топтарды зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні.
... ... ... 5 – 7
1.2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және топтағы адамдардың өзара
қарым қатынасын анықтау әдісі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 -
12
1.3. Топтар арасындағы қарым – қатынас психологиясы.
... ... ... ... ... ... . 12 - 16

II Бөлім. Топ дамуының әлеуметтік – психологиялық аспектілері.

2.1. Топтар және қарым-қатьнас барысының ерекшелігі
... ... ... ... ... ... .. 17 - 22
2.2.Топтар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы үшін
ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 - 25
2.3. Топтардың дамуына жаңа көзқарас
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25 - 28

Қортынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 29 - 31
Қолданылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 32 - 33

Кіріспе.
Топтар арасындағы қарым – қатынас ойлай және сезіне
білетін адамдар арасында шынайы өмірде қалыптасатын қарым –
қатынастардың нақ өзі. Адам адаммен қарым – қатынас жасаған кезде
олардың арасында, жалпы барлығында да ортақ қызығушылық, мақсат, зат,
идея т.с.с пайда болады.
Бала алғаш өмірге келгеннен бастап, адамдармен түрлі қарым –
қатынасқа түседі, сөйтіп өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр –
салтты, мәдени мұраны т.б. меңгере бастайды. Адам адамдар қоғамынсыз
өмір сүре алмайды.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын
қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында Адам ресурстарын дамытуға баса назар аудара
отырып, Ана,бала, аға ұрпақ мәселесіне жете көңіл бөлген.
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір
әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға
ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді
шешу үшін қаражатты аямайтын болады.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта
да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Тұлға деп көп жағдайда
дербес, нақты адамды айтады. Ол - белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай
да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды – көпті тәжірибесі,
білімі, өзіне тән іс - әрекеті болады. Жаңа туған нәрестені адам
деуге болады, бірақ жеке адам емес. Өйткені жеке адам қоғамда белгілі
бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқарады. Роль жеке
адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені
оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау
процесінде қалыптасады. Қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы
мүмкін емес. Кез – келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа
кіреді.
Курстық жұмысымдағы зерттелетін мәселе - топ және қарым –
қатынас болғандықтан және ол әлеуметсіз өмір сүріп дамымайтындықтан
топтарға қысқаша тоқталғанды жөн көрдім.
Кез – келген жеке адам белгілі бір топқа кіреді. Жеке
адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әртүрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Ол
адамның қызмет немесе оқу орнындағы сондай – ақ өмір сүретін
ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Жеке адамның өзі де
қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға.Сондықтан ол белгілі топқа жатады.
Шартты топтар әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі бар. Шартты
топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне
қарай ажыратады. Бұл топтағы адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне,
ұлтына, мамандығына сәйкес бөлінуі мүмкін.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат –
мүдделердің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы.
Топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты.

Шағын топ - тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір –
бірімен тікелей қатынам жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдар
тобы, мысалы, оқушылар, самолеттегі экипаж мүшелері. Шартты адамдардың
тек қағаз жүзінде ғана бар қайымдастығы, мысалы, спорт тақырыбында
жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларын бір тізімге
топтастырады. Олар бірігіп жұмыс істемейді, тек қағаз жүзінде
топтастырылады. Нақты топ – адамдармен бір – бірімен өзара қарым –
қатынас және байланыс жасай отырып, алға қойған мақсат – міндетін
орындауға жұмылған адамдар тобы, мысалы, ұстаздар, дәрігерлер ұжымы.
Ресми топ – мұнда мінезі, темпераменті, икемділігі, қабілеті, түрлі
психикалық жағынан ерекшелігі маңызды орын алады. Қағаз жүзіне
бағынады. Ұнату, сыйласу, достасу топты нығайтады.
Ресми емес топ – отбасы мүшелері, дос- жаран, ағайын – туыс.
Көзқарасы бірдей, бауырласқан адамдар.
Референт топ – талаптары үлгі болып саналатын, ақиқат өмір сүруші
немесе қиялдағы топ. Әрбір адамды ерекше қастерлеп, қадір тұтатын,
оған әр кез бағыт – бағдар сілтеп отыратын топ.
Топтардың даму деңгейі – ұжым. Қоғамға пайдалы қызметке, ортақ
мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан
адамдар тобы.
Бұдан шығатын қортынды, жеке адам – кісінің әлеуметтік
сипаттамасы. Дамудың мұндай деңгейінде адам өзінің алдына өмірлік
маңызды мақсаттар қойып, оларды орындай алады, онда жеке көзқарас пен
қарым – қатынас, өзіндік моральдық талаптар мен бағалаулар пайда бола
бастайды.
Даралық – жеке адамның өзіне тән айрықша бір сипаттамасы. Мұны әр
адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп
түсінген жөн. Даралық – адамның басқалардан ажырататын өзіндік ерекше
өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзінше түйсініп, қабылдайды,
оның есінің, зейінінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, құштарлығы
мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұнататыны, көңіл – күйінің
ерекшеліктері, азды – көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар
дамыған ерік – жігері, түрлі мінез бітістері болады. Адамның ішкі жан
– дүниесі, яғни қол жеткізгісіз мені ең тереңде жататын барынша
нәзік те қиын бағдарланатыны.
Әр адам күрделі ішкі жан – дүниесі, даралық қасиеті тек қана оның
басындағы қасиет емес, сондай – ақ өзін қоршаған адамдардың
әрқайссының басында бар екенін түсініп, қашан да есінде ұстаған жөн.
Егер қасымдағы адам менен өзгеше болса, ол менен жаман адам деген
қортынды шықпайды. Ол жай басқа адам, сондықтан да өзіндік
ерекшеліктерімен, жақсы, жаман жақтарымен қоса, оны, басқа адамды,
түсінуге тырысу қажет.

I Бөлім. Теориялық бағдар.
1.1. Топтарды зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны
айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән.
Психология адамның даралық сираттарын қарастырып, оның кісілік
қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат белгілері-
оның еңбектену әрекеті, нәтижесінде материалдық игіліктерді
өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап,
әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты
адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең
жоғарғы сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде
ықпал етіп, дүние сырын танып – білу иесіне айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым –
қатынастарынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де,
ересек адам да, ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады.
Осындай ерекшеліктерімен қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік
қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай іс - әрекеттеріне сәйкес жеке адамның
тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -
әрекеттегібелсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді
қимыл - әрекеті оның мінез – құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт –
бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның
тіршілігінен, іс - әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын
қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі
дүниесін, психикасын сыртқа білдіріп тұрады.
Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады.
Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара
өзгешеліктерін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі,
психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс – қимылы
және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып,
жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез – құлық
ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке
адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп
отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент
ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара
адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі
құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық
қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке
адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам
бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те,
жаңа сапаларға ие болып та отырады.Жеке адамның тұлғалық сипаттарында
ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар.
Оның бірі - әрбір адамның құрылым мен жеке басындағы даралық
сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланыстытеориялық
мәселе.
Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты
азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша
маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға
негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа
берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қапсиеттер, ал
әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының,
қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның
психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.Адамның көптеген
психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық
қатынастардың тікелей әрес етуінен қалыптасып отырады. Адамның
айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан осымен бірге
оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер
адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу,
жетілу процесінде дамиды.
1.2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы және топтағы адамдардың
өзара қарым қатынасын анықтау әдісі.
Адам белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән
өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам
етеді. Мәселен жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады,
бірақ әлі де жеке адам емес. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі
дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет,
қызығуынан жақсы байқалады.
Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік
ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К.Маркстің
айтуынша, жеке адам – барлық қоғамдық қатынастың жиынтығы. Жеке адам
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам
санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс
адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі
қорғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.
Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасады.
Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен
ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек
құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған
еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі
материалдық қажеттері біртіндеп дами келеді. Адам қажеттерінің дамуы –
тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі
мақсаттар қойып отыруына себепші болады. Адам өмірі үшін рухани
қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелуімен
адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана – сезімінің өсуіне
кедергі келтіреді.
Осы уақытқа дейін адамның дамуы мен қалыптасу жағдайында әр түрлі
пікірлер айтылып келді. Атақты грек философы Платон мен Атистотель
адамның дамуын алдын – ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық
табиғатынан деп дәлелдеген. Жеке адамды жан – жақты дамыту және
тәрбиелеу жайлы ең алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф.
Энгельс болған. Олар қоғамның даму заңдылықтарын ашып, адам баласының
прогресс жолымен алға басуының мақсаты қоғамды орнату деп ашып
көрсетеді. Даму жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және
диалектикалық процесі, баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және
батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені оның
оның дамып жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Даму мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады.
Павловтың ілімі бойынша, даму - ішкі нерв процесінің және сыртқы
жағдайларының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі. Адамның дамуы өте күрделі пороцесс. Адамның дамуына әлеуметтік
және табиғи орта ықпал етеді. К.Маркс және Ф.Энгельс адамның
практика процесінде ортаға белсенді әсер ететін өз өмірін қалауынша
реттей алатын жағдайын дәлелдеп көрсетті. Жеке адамның дамуындағы
басты факторлардың бірі – тәрбие.
Жеке адам - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекетті жүзеге
асырушы нақты қоғамның мүшесі. Өзін басқалардан ажырата білетін өзінің
кім екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам қоғамнан тыс
тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның тәні де, жаны да,
айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер
жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынасына ие болады. Адам
санасының дамып, өсіп – жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп т.б.)
тығыз байланысты. Әлеуметтік әсері тимейтін әлеуметтік құрықтан шығып
кететін ешбір адам болмақ емес.
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде
Грецияда п.б. Ең әдепті кезде п.б. жайылған теориялардың бірі –
материалистік теория. Мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах,
Этекур бұл теория бойынша адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды
сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың
айтуы бойынша адам өзінің тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді
тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу жөнінде жағымсыз
сезімдерді жоюға талпынады. Неге қызығатынын ерте бастан ескеріп,
алдына мақсат қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыру үшін әрекет етеді.
Олардың белсенділігін арттырып, көңіл – күйін де көтереді. Сол
себептен жоғарғы класс оқушыларының арасындағы мамандық таңдау
мәселесі жөнінде түрлі мәселелерді әңгімелер жүргізіп, балаларға әрбір
мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін түсіндіріп
отыруы қажет және оларды жоғарғы оқу орнына алып барып ондағы
факультет, лабораториялармен таныстырып отырған жөн. Балаларды
тәрбиелегенде мынадай жағдайларды ескерген дұрыс.
1. Балаларда танымдық қызығулар дами және оқу сапасын жақсарту керек. Оқу
мазмұнды, идеялар тартымды келген жөн.
2. Баланың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру керек, себебі осы
арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады, көп білім алады, сөйтіп, оқуға
деген қызығуы артады.
3. Баланың өз бетімен дербес жұмыс істейтін жағын үйретіп, олардың
оқуының, еңбегінің мәдени түрде жүзеге асыру жағын қарастырып отыруы
қажет. Түрлі шараларды көлденең қолданып мұғалімдермен баланың сабағының
артта қалмауын қарастырған жөн.
4. Баланың білімі әруақытта жүйелі түрде де бағаланып отыруы тиіс.
Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап
отырған дұрыс.
5. Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны
жөн. Мұғалімнің оқушыға қандай қате бағасы, оларға қатты әсер етеді,
олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын
және мұғалімге сенбейтін болады. Мектеп жасына дейінгі баланың
қызығулары оның әрекетіне байланысты болғандықтан, онша тұрақты болмайды.
Олар бүгін бір нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін.
Бұл жастағы балалар көбінесе өзіне лайықты әсер еткен заттарға көңіл
бөліп қызығып отырады. Мектеп жасындағы балалардың қызығулары тұрақтала
бастайды. Олар әр нәрсеге әуес болуы, көп заттарды білгісі келіп, ол зат
неге олай екенін түсінгісі келеді. Көбінесе жүзеге асатын заттарға,
болмыстарға қызығады, бұлардың қызығуы тұрақты келеді.
Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе адамның психологиялық
құрылымын зерттеп білу басты үш мәселені қамтиды.
1. Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты, ол не
нәрсеге талпынады? Бұл жеке адамның бағыттылығы туралы, оның
қажеттіліктері мен мүдделері туралы мәселе.
2. Оның қолоынан не істеу келеді? Бұл – адамның қабілеттері туралы
мәселе.
3. Мұның өзі кім, қандай адам? Бұл – мінез бітістері туралы мәселе.
Үш мәселенің әрқайсысының мән – мағынасын түсінуде оны дербес
ашып көрсету қажет.
Адамдардың біреулері қызығады, екіншілері тіпті қызықпайды,
бәрінен де осынысымен ерекшеленеді. Қызығудың болмауы немесе олардың
жұтаң, мәнсіздігі жастардың өмірін солғын әрі мазмұнсыз етіп, жеке
басының толық қалыптасуына кедергі келтіреді. Олардың үйде де, мектепте
де жолдастарымен болған кездерінде де іші пыса бастайды. Бұндай балалар
оқуға ықылас қоймайды, істеген ісінен қанағат таппайды, тек құтылсам
болды деп санайды, өздерін ылғи да біреу көңілдендіріп отыруды қалайды.
Қабілеттілік. Бұл – іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай
орындаудан көрінетін жеке адамның ерекшелігі, қабілеттілік адамның басқа
да психикалық қасиеттері сияқты өмір мен іс - әрекет процесінде дамып,
қалыптасып отырады. Адамға тумысынан берілетін тек нышандар ғана, ал
олардың белгілі жағдайда шешек атып, жарылуы не өшіп кетуі де ықтимал.
Қабілет пен қызығудың арасында тығыз байланыс бар. Қандай да болмасын
бір затқа қызығу іс - әрекеттің белгілі бір түріне ұмтылдырады, демек,
қабілеттің дамуына жағдай жасайды.
Өз қабілетін дамыту әр адамның тек жеке ісі ғана емес, қоғамдық
борышы және міндеті болып есептелінеді.
Мінез. Бұл жеке адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналадағы
шындыққа қатынасын бейнелейтін дербес қасиеттерінің сай келуі. Мінез
сипаттарының қайсысы болсын белгілі жағдайларда адамды әртүрлі қылық
көрсетуге мәжбүр етеді. Мінез – құлықтың сондай типтік, тұрақты формасы
бар адам батыл келеді. Адам мінезін жақсы білу үшін уақыт қажет.
Әлеуметтік тест (Морено).
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеу тәсілін социометрия
деп атайды. Социо әлеумент, Метрия - өлшеу. Бұл методиканың негізін
салушы психолог Джорж Морено.
Социометрия тәсілін қолдану мынандай кезеңдерден тұрады.
1. Әдейі мақсат қойып, тәжіребиеде қамтылған адамның өзара қатынасын
зерттеу.
2. Мақсатқа сай анкета жасап, оларды сын алушыға тарату.
3. Зерттеуге қатысудың шының айттыру үшін, олардың жауабын өзгелерге
жария етпейтінің ескерту. Социограммада оқушының топ ішіндегі
өзара қатынасын анықтау мақсаты қойылады. Қойылған сұрақтарды
таңдау кретериялары деп атайды. Мысалы: киноға кіммен барғын
келеді. Сыңалушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрақтарда
қойылады.
Киноға кіммен барғын келмейді. Таңдаушының дұрыс және теріс түрлерін
мынандай схемалар арқылы бейнеледі.

Мысалы: - қыздар, - ұлдар.

- дұрыс таңдау.
-
- теріс таңдау.

Топтағы адамдардың өзара таңдауын көрсететін кесте құрастырылады.
Сұрақтары: туғаг күніне бірінші кімді шақырар едің. Ол келмесе екінші
кімді шақырар едің. Ал ол келмесе үшінші кімді шақырар едің.
Кестеде 1,2,3 көрсетілген цифрлары таңдаған серіктерін білдіреді. А(-)
белгісі теріс таңдауды білдіреді, яғни партада бірге отырғысы келмейтін
құрбысын көрсетеді.
1.3. Топтар арасындағы қарым – қатынас психологиясы.
Бала дүниеге келісімен екінші бір адамды қажет етеді. Нәресте екі, үш
айлық кезінде – ақ көзге түсерлік объективтік себептерсіз – ақ мінез
көрсете бастайды да, біреу сөйлесіп, қарым – қатынас жасай бастаса,
жұбана қояды. Психологтар сол кездің өзінде ересектермен араласу баланың
психикалық дамуының , оның болашақта жеке басы қалыптасуының ең маңызды
шерттерының бірі болып табылатынын анықтап отыр. Баланың басқалармен
араласуға деген қажеттілігін жеткілікті қанағаттандырмау, келе – келе
оның сырдаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, әуел бастан – ақ дүниеге
сенімі азаюына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді
түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі
бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал
басқа біреулеріне ол самарқау күйде қалады. Бір кісілерді жақсы көрсе
екіншілерін жек көреді. Ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі
де толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы – ерекше эмоциялық күй. Қарым
– қатынас пен араласу - өзара байланысты, ажырағысыз құбылыстар. Жөні
түзу адамның басқалармен араласуы қарым – қатынассыз болмақ емес.
Эмоциялы күй – қарым – қатынас – адамның мінез – құлқынан, бет –
құбылысынан және т.б. қимылдарынан біршама анық көрінеді. Алайда сыртқы
мінез – құлық барлық кезде бірдей ішкі көзқарасқа үйлесе бермейді.
Сондықтан да адамның сезім толғаныстарының тереңдігі, олардың сыртай
көрінуіне қарап пайымдауға болмайды. Мысалы, кеде өте терең сезінетін
кісілер өзінің әсерлерін сырттай білдірмеуге тырысады, ал кейде айрықша
қиын жағдайларда білдіре де алмайтыны болады.
Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас – ойлай және сезіне
білетін адамдар арасында шынайы өмірде қалыптасатын қарым – қатынастардың
нақ өзі. Жеке адамдар арсындағы қарым – қатынас араласудың мәні, оның
өзіндік нәтижесі болып табылады. Араласу процесінде қалыптаса келіп, жеке
адамдар арасындағы қарым – қатынас, өз тарапынан оның өзіне әсер етіп,
араласудың мазмұны мен басқа да ерекшеліктерін айқындайды.
Тек араласудың нәтижесінде ғана жеке адамның қалыптасуы іске
асады. Адам іс - әрекеттер мен қарым – қатынастарға баға беруге үйренеді,
моральдық нормаларды меңгереді, бұл нормаларды күнделікті өмірде тексеріп
пайдаланады да, сол арқылы өзі өмір сүріп, әрекет ететін адамгершілік
принциптеріне дағдыланады.
Араласудың мұнан басқа маңызды жағы – адам бойында әр алуан
танып – білуге қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетіндігінде: ол
өз бетімен біліп алуға итермелей немесе керсінше мүлдем кері кетіре
алады.
Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде
араласса да, адам қарым – қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ
онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын, тұрақты кездесулер де түкке
тұрғысыз қарым – қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Өз
ара қарым – қатынасты (қызмет бабында,жұмысқа байланысты) және жеке
бастың ісі. (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа бөлуге болады.
Жұмысқа байланысты қарым – қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық
қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім – шәкірт, бастық
– қарамағындағы қазметкерлер, дәрігер – емделуші және т.б. Жеке адамға
байланысты қарым – қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да
мүмкін.
Алғашқы топтың қарым – қатынастары праволық және моральдық
(мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың
арасынан алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың рольі
үлкен. Ал жеке бастың қарым – қатынастарын негізінен моральдық нормалар
белгілейді де, әдетте, мүдделер орталығымен екі жақты ықыласпен, құрмет
сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы
ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты өмірде қарым – қатынастардың бұл екі түрі бір – бірінен
онша алшақтамайды. Мысалы, кез – келген класта оқушылар арасындағы қарым
– қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділеу жүйесі
немесе іс бабындағы қарым – қатынастар (топ басшысы, т.б.) екіншіден,
достық немесе жай таныстық қарым – қатынастар жүйесі. Бұл екі жүйе бір
– бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық үйлесіп
кетпейді.
Қарым – қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір – біріне қояр
талаптары да әр басқа, мысалы, сынып старостасы немесе таныс таңдаудағы
көзқарастары да әрқилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы
және тиісінше талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қасысты қарым –
қатынастар жүйесінде оқушының класта қаншалықты танымал болуы оның өз
тобында жоғары бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.
Өзара қарым – қатынастар адамдардың бір – біріне ықыласының
тереңдігі мен сырластығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Таныстардың,
достардың, жолдастардың қарым – қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде
Аристотель достықтың үш түрін: достық игілігі үшін, өзі қанағат табу
үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық достық деп бөлген
еді.
Адамдар тек қана таза достық аясында ғана емес, сондай – ақ қарым –
қатынастардың басқа түрінде де бір – бірімен қарым – қатынас тереңдігі,
мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым –
қатынастардың ең терең түрі – бір – бірін сүйген адамдар арасында болады.

Адамдар арасындағы қарым – қатынас адам адамға дос, жолдас және
бауыр деген принципте құрылатын біздің елімізде адамдардың жаппай бір –
біріне жат болуы мүмкін емес. Алайда, әр түрлі себептерге байланысты,
бізде де жалғыз жүретін, достары жоқ, басқалармен қарым – қатынас жасауды
ерекше қажет ететін адамдар кездесуі мүмкін.
Адамдар арасында дұрыс қарым – қатынастарды орнатуда өзара
қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен. Оған адамдарды құрметтей білу,
мейірімділік, шыдамдылық және т.б. мінез сипаттарынан басқа сыпайылық пен
әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді.
Сыпайылық – бұл мінез сипатының негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
Ұжым психологиясы мәселесі
Әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы
Психология жайлы түсінік
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Топ және ұжым психологиясы
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологиялық әдістердің түрлері
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
Пәндер