Жоғары сезімдер


Мазмұны
Кіріспе . . .
І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі - эмоция.
1. 1 . Эмоция және сезім . . .
1. 2. Жеке адам - қасиеті . . .
1. 3. Жеке адамның эмоциялық шеңбері . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы - қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік бүгінгі қоғамдық жағдайға тән құбылыс болып отыр. Сондықтан психолог маман осы эмоциялардың адам бойында жағымдыларын қалыптастыру саласында еңбек етеді және түрлі себептерге байланысты туындаған немесе байқалған жағымсыз эмоциялардың денсаулыққа зияндығын анықтап, оны жою жолдарын қарастырып зерттеу бүгінгі психолог маманының негізгі міндеттерінің бірі.
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жек көрушілік тудырады Сезім түрі сан - алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамнын белгілі эмлциясына себепші болады. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек болуы эмоцияның тууына себепші келеді. Эмоция аукымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену - мұндай сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамнын қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз ө мір-өшкен өмір ұлы ғұлама А. Науаи «Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек»- деген екен. Көп сезімдерге адамнын өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялык ашырқауға» келіп, онын орнын толтыру үшін ән күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қигаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ онын тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезімінің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамнын ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердін сезімге әсері, ал органикалық процестер- эмоциянын салдары ғана.
Эмоцияның казіргі заман тарихы У. Джемстін 1884ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі-сыртқы ырықты коғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінін бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздің кайғыруымыз - жылағанымыздан; корқуымыз - калтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден» /У. Джемс/. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі / перифириялык/ органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінін қара дүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған касірет сезімін басуға болады
І. Бөлім . Жеке адам қуаттарының бірі - эмоция.
1. 1. Эмоция және сезім.
Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды жөне ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де коғамдық сипатта болып, сөзімнің мазмүнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дүрыс айыра білмеушілік, бүл екеуінің мәнін бірдей деп үғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялык сипаттағы қүбылыс, бүл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив (солгын ) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сөзімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бүлардың баяу, солғын түрлерін астеникалык деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбатшлық т. б. жатса, екшшісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. сезімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нактылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуаггы, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мөселен, қорқыныш сөзімі кейде бір адамньщ буынын босатып, пәрменсіз етсе, еіщі бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбатгылыққа (күппі сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу . Бүл да сезімдердің қарама-карсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емшханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешупіі кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жүмылдырады. Осы кезең откен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі үдайы қинала беретін болса, оның діңкесі қүрьш, берекесі кетеді. Адамның осьшайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс 83 деген термиғімен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа тусуін куш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мүндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі кадағалап, ретгеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысш. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-күлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады. Стен - грек сөзі, қазақша күшті деген мағынада. Астения - бұл да грек сөзі, қазақша әлсіз деген мағынада. Стресс - ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, емір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солгын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, кеңіл қоштық т. б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді . Бұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан монерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы . Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы андармен) айқасқа түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы андармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мүндай көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып табылады. Мүндай ебедейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бүған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар біртабан жақын түрады. Адамдардың сана-сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көи. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дір-ілдеп қалшылдайды, піашы үрпиіи, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры - үрейі үшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.
Күрделі эмоциялар
Курделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не кеңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т. б. деп ажыратады. Адамның кеңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мөселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің түрақты болуы жүмыс қабілетін арпыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу - мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төменгі сынып оқушыларының мүғалімінің кдсы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз, 224
кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір турі - аффекттер^'. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бурқ етіп қатты көрінетін эмоцияның турі. Аффектгер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бүзып, мәнерлі қозғалыетарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді (Мөселен, зәре үшу, қорку, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т. б. ) . М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:
Орынсыз жан таласып кейде бекер, Жүламын итмүрынды қолым жетер . . . Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап, Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сүлап. Кеміріп жердің дымқыл топырағын, Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бүлақ.
Аффекг кезінде адамның «есі шығып» кешейді. Дені сау адамдарда болатын аффектгерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бүл - адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мүндай үшқалақтықка, лепірмелшсе бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек», деп Абай дүрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффеклтерін (патологиялық аффекгтер) ажырату қажет. Мүндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бүзылғандықтан, екінші сигаал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффектгерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Қумарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер гылым мен өнерге, еңбекке қумарлықты унамды десек, дуние қумарлық, бақ қумарлық, ойын қумарлықты унамсыз қумарлық дейміз. «Қүмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міңцет борышты етеді, бүлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол, » 85 - деп Абай адамға қажетті қүмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин. Аффект - латынша аффектус деген сөз, қазақша жан ушыру, куйіп-пісу деген мағынаны білдіреді.
А. Құнанбаев. Шығармалар бір томдық толық жинағы. Алматы,
«Сараң сері» драмасында Альбертгің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның «қүмарлығын» былайша суреттейді:
Е, менің өкем үшін ақша малай да емес,
дос та емес,
Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді, Еткенде қандай десеңші! Алжирдің нағыз қүлындай, Шынжырлаулы төбеттей! Иттің суық жатағында түрады. Қорегі оның қара су мен кепкен нан, Көз ілмейді түн бойы, жүгіреді арсылдап, Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай . .
Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сөзімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-қүлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмүны да, қүрылымы да күрделі келеді. Бүлар ең алдымен қоғамдық мәнді жөне жеке көңіл күйге байланысты моральдық сөзімдер болып бөлінеді. Бүл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мүның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, үят т. б. жатады. Ар-намысты қорғау - адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау - адамның тек өз басын қадір түтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-үятты қастерлеу, намысқа тырысушылық - екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша - кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай . . . үйқыдан, тамақтан қалатыны да болады». К. Маркс үятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай үяттың екі түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын, екіншісі - жагымсыз іске, теріс қылыққа үялу. Оның үғымынша, үялмас нәрседен үялу бүл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын үят ақыл-парасаттың ісі. «Өлімнен үяткүшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның үялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айьшын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мүндайда қатты үялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары мен үяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мүндай адам үятты болады дейді Абай. Үялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге түту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті бүл секілді сезімдердің мазмүнына күшті әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен ар-намысты қорғау адамның түрақты сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бүзса, оны ожданы көтермей, қатты қиналады да, бүларды орындай ал, са, оған жақсы рақаттанып, масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.
Жогары сезімдердің екінші бір турі - эстетикалық сезімдер.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сүлулықты сөзінуі. Бүл текті сөзімдер сүлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-енердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сүлулық сезімдері адамның дүрыс, сүлу, лөззат іздеуіне, сүлу нәрсеге сүйініп, керексіз нәрседен жиренуіне . . . жақсылыққа үмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді» (М. Жүмабаев) . Эстетикалык, сезімдер, сондай-ақ, сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді әл-Фараби, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нөр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету». Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын С. Торайғыров былайша сипаттайды: «Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мүң-мүқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен қүйқылжытып түрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары кдйнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шарт ташүрт қол шапалақтасып . . . тарқайды» 88 .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz