Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
жОСПАР

Кіріспе
3
І. Шет тілі оқытуда ауызша қарым – қатынас немесе коммуникативті оқыту
технологиясы
4-6
І.1. Ауызша қарым – қатынас қажеттілігі, коммуникативті әдіс
4
І.2 Коммуникативтік оқыту технологиясының мақасат, міндеттері
5-6
ІІ. Ауызша қарым қатынас жасауға уйрету, оның құралдары мен әдістері 7-13
ІІ.1 Ауызша қарым – қатынас құралдары мен әдістері
7-9
ІІ.2 Коммуникативті қарым қатынас жасауға үйрету жолдары
10-12
ІІ.3 Сабақ үстінде коммуникативті оқыту технологиясын қолдану 13-
15 ІІІ. Келешек ұстаздың коммуникативті оқыту технологиясын қолдану 16-
19
ІІІ .1. Келешек ұстаз бойндағы коммуникативтік оқыту технологиясы және
сабақта қолдану
16
ІІІ .2. Ауызша қарым – қатынасты ұжым арқылы дамыту
17-19
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі – Ағылшынша үйренудің жаңа тетігі Қазақсан
Республика Президенті Нұрсылтан Назарбаев 7 ақпан күнгі халыққа жолдауныда:
Үкімет тілдердің үш тұғырлы мәдени жобасын іске асруды жеделдету тиіс
деп атап айтты. Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу
жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік
қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік
танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу
дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу
формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің
жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі
тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Қазіргі кезде
оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру. Баланың кез келген жастағы адамдармен еркін тіл табысып,
қарым-қатынас жасай алу қабілетін дамыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- коммуникативті әдісті қолданудың тиімді жолдарын көрсету.
- оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған технологиялар жүйесін анықтау.
- Оқушылар тілін дамыт ды ұжым арқылы жүзеге асыру.
Теориялық құндылығы - Сөйлеу (аудирование), оқу және жазумен
тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-
бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты.
Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну,
сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан
тілде қарым-қатынасын қалыптастыру деген сөз. Бұл бағытты ағылшын тілін
оқытуда кеңінен пайдалануды үйрету курстық жұмсының теориялық маңызын
құрайды.
Практикалық құндылығы - Курстық жұмысының нәтижелерін бастауыш
мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті
мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Курстық жұмысының
нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскер ғалымдар
қолдана алады..

І. Шет тілі оқытуда ауызша қарым – қатынас немесе коммуникативті әдіс

І.1. Ауызша қарым – қатынас қажеттілігі, коммуникативті әдіс.

Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі,
тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің
бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы
сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда
жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі
үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед
лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген
ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.б
Л.Щерба: Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі
мен тыңдаудан тұрады, – деген.Т.Аяпова: Адам баласының сөйлеуі – баланың
алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа
байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды, – дейді.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру
жүйесіне қазіргі кезде көптеген өзгерістер жүруде. Осыған орай еліміздің
мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды
енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр. Жеке түлғаның қалыптасуын
қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-
коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту
технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның
өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға
қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға
қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып
табылады.
Елімізде қолданылып жүрген технологиялар қатарында ағылшын тілін
оқытуда коммуникативті оқыту технологиясы маңызы зор. Қоғам талабына сай
шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті
бағытта үйрету.

І.2 Коммуникативтік оқыту технологиясының мақасат, міндеттері

Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір
алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі
мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Коммуникативті оқыту технологиясы
дегеніміз пікір алысуға негізделген әдіс. Коммуникативтік – оқыту
процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол тіл дамыту жұмыстарының бір түрі.
Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам айналасындағы дүниені
таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі кеңейеді.
Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар- оқу үрдісі
оңайдан қиынға қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті өмір
шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген.

Коммуникативті оқытуда білім беру- оқушының өзін ауызша ( тыңдап түсіну,
сөйлеу) және коммуникацияға(оқу және жазбаша) тарту, яғни оқылып жатқан
тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру. Коммуникативтік әдіс
ағылшын тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міндеттерін
қамтиды. Басты көңіл бөлінетін нәрсе ол сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу
мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу арқылы дұрыс
нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп , тілді қатынас
қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті технологияны пайдалана отырып
сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау
жұмысының маңызы зор. Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп:
-басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі
-тілдік серіктестің шынайы болуы
-өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі.
Топтық жұмыс кезінде:
-оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады
-топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін
тигізеді
-өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді
-оқушылардың іскерлік қабілеті артады
-белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу
-қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту
-монологты дамыту
-мәселелерді анықтау, көтеру және шешу.
Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу,
мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды
талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға
байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау,
өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады.

ІІ. АУЫЗША ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА УЙРЕТУ, ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Ауызша қарым – қатынас құралдары мен әдістері

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, қазақ тілі
де мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте дағарадай мәртебе
ғана беріп қоймай, елімізді алға тартатын білікті де білімді азаматтарды
оқытып тәрбиелеу . Осыған орай мектептерде шет тілі пәніне көңіл де, ықылас
та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары
бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Шетел тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру,
бір жылғы мәселе емес, сондықтан шет тілін оқыту ісімен шұғылданатын
мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: шетел тілінде өз ойын ауызша және
жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін
қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқушының оқу іскерлігін дамыту үшін мәтін кеңінен қолданылады. Мәтін -
негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол
сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны
білу керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауға болады. Оқушыны
еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге
үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға
үйрету де басты назарда болу керек.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог –
(гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін
ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ
бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара
байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде
көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның
көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және
байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.
Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден
көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта
сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.
Біліктіліктері:
Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын жеткізе білу;
Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;
Сөйлесушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру;
Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы
қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен
диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы
сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та,
жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы
ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу
коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы
болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал
жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым
іс-әрекетімен ұштастыру;
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің
көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-
тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі
бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-
өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың
“Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”),
Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға
мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-
күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп
те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-
коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.)
кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді.
Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді.
Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп
қолданылады.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын
ауызша сөйлеу әрекеті.

Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де
кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір
адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау,
синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау,
біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің
сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз,
тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай
(сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс
береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы
баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалық
ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді
болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата
сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды
(тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене
араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада,
әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді
ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен
оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар.
Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды
келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде
де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы
тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.
Тыңдап - айту. Сөйлеу үшін тыңдап түсінудің маңызы зор. Диалогты,
әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі
әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған
тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 2-5% таныс емес сөздер
қосуға болады. Тыңдалған әңгіме бойынша сұраққа жауап алу, сөз мағынасына
назар аудару, сөз тіркестерін жазу,мәтінге ат қою, жоспар құру, ауызша
қысқаша мәтіннің мазмұнын беру, әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру.
Аударма – тілдік және мәдениет аралық қарым – қатынас құралы болып келеді.
Аудару уақытында оқушылар сол тілде оқиды, сөйлейді, аударады осы
процестермен бірге сөздік қоры дамиды және білімі жетіледі.
Бұл әдістер әр мұғалім әр сабақта қолданады. Диалог, монолог, тыңдап
түсіну, аудару өз ара тығыз байланысты әдістер болып келеді. Оларды тиімді
пайдалану әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

ІІ.2 Коммуникативті қарым - қатынас жасауға үйрету жолдары

Әр мұғалім өз пәнін өмір талабына сай жетіліп білу және әр сабақты
балаға қызықты, қөңіл күйін тартатындай өз шеберлігіне байланысты
ұйымдастыра алу керек. Сабақ жоспарлағанда әр түрлі технологияларды тийімді
етіп пайдалану сабақ нәтижесін жақсартады.
Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру және ауызша қарым –
қатынасты дамыту негізіндегі педагогикалық технологиялар.
1. Ойын технологиясы. - Педагогикалық ойындар технологиясы
дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен
тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген
жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойын кезінде оқушылар дайындықсыз кенеттен сабақа қатысады. Осы кезде
олардың ауызша еш бір дайндықсыз сөйлеу, немесе іс әрекет жасауға тура
келеді. Ойын технологиясы – әр дайым тиімді себебі баларды қызықтыру ол
олардың ойларына, қоршаған әлеміне жол ашу.
2. Проблемалық оқыту технологиясы - проблемалық оқыту- мұғалім
басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз
беттері мен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері
дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Проблемалық оқыту технологиясы өз ойын, шешімін ортаға салу және проблеманы
шеше отырып оқушылардың өз кажетілігін ояту үшін тиімді әдіс. Проблеманы
ұжымен бірге шешу жақсы нәтиже береді.
3. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып,
перспективалы оза оқыту. (С.Н. Лысенкова) Бұл технологияда материалды
меңгеру үш кезеңде жүреді:
- алдын ала;
- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
- оқу іс - әрекеті және ойлау әдістерін дамыту;
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға
мүмкіндік береді. Ырықты ұзақ сақталып әр дайым қолдану нәтижесінде ырықсыз
үнемі пайдалынылады.
4. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін
ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер,
т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі Мұғалім мен оқушы бірлесіп жұмыс атқарады,
оқушы сөйлеуге қысылмайды және бұл қалып бара жатқан баларды тартудың
тйімді әдісі.
5. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) - оқу процесінде адамдарды өзара және
жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
6. Топтық технология. - Бұл класста оқу жұмысын ұйымдастырудың
үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі – бір тапсырманы
бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың
өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
7. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын
дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен
даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір
модельдерді пайдалануға негізделеді. Сонымен қатар мектепте алған білімді
өзінне өзі әрі қарай издену нәтижесінде жетілдіреді.
8. Мәдени диалог - Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог
түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі
түрлерінің тарихи бір ізділігі. Оқу негізгі таңдану нүктесі айналасына
орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады.
Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі
дидактикалық құрылымын қайта құру.
9. Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан- жақты
активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына
негізделген.
Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология.
Технологияның мақсаттық бағыты:
- бірінші класс оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау;
- екінші, үшінші кластарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз).
- үшінші класта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп).
- орфографиялық сауаттылықты арттыру;
- қайталап айтуға үйрету;
- білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру;
10. Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу. Мақсаттық бағыты:
- сауатты оқырманды тәрбиелеу;
- келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны
құру;
- шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып
отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті;
- дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу;
Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі
ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі.
11. Өзіндік дамыту технологиясы ( М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан- жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Бұл
бәріне белгілі әрі үйреншікті құралдар мен әдістер болып келеді.
12. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. - Мақсат пен міндеттердің
орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік
қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Технология енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;
- класта қайырымды білім атмосферасы қалыптасады
- Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту
процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту
құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Классты, топтарды оқытуға әр түрлі
қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-
психологиялық және ұйымдастыру – басқару шаралары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Жоғары сынып оқушыларының жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Пәндер