Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері
Мазмұны
І. Кіріспе.
Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері.
ІІ. Қазақ фольклоры және оның түрлері , өзіндік ерекшеліктері.
а ). Ертегі, жанрлық түрлері, олардың өзіндік ерекшелігі.
б ). Мифтік және олардың түрлері.
в ). Тұрмыс –салт жырлары.
г) Қазақ эпосы
д) Айтыс поэзиясы.
ІІІ. Жазба әдебиетінің қалыптасуы.
а) Шоқан Уәлиханов еңбектерінің жазба әдебиеттегі орны.
ә) Ыбырай Алтынсарин әдебиет негізін қалаушы.
б) Абай Құнанбай шығармаларының әдебттегі маңызы.
Фольклор – халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың
сыр сипатын, жұмбағын, Қоғам өміріндегі түрліболмыстың мәні мен
мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-
диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз
өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы
жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы фольклорлық
шығармаларынан танып біледі.
Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастағңан фольклор
шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған
біз Халық аукыз әдебиеті деген атауды да қосып жүрміз. Халық
әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де
образдық ойдың көрінісі, осының тікелей жемісіболып табылады.
Бұлардың жасалу жолдары бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының
белгілі бір сатысында жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да,
оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас дәстүрлі әдеби әдіс
стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылар
болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлаумен көркем сөздің озық
үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушалыр халық арасынан шығып
отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдеибеті сабастасып,
қатар дамып, көркем әдебиеттің аналары екі саласын жасаған. Кейде
олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде далалық сипатқа ие
болса, енді бірде қалалық мәдениетке жақын көреніде. Бұл екі
араның басты айырмашылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиеті
былай қойғанда, ауыз әдебиетін өзін фольклорлық шығармаларының
қатарына қойу кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзідік ерекшеліктері болады. Ең
алдымен, фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-
салты , театр, сөз, би және ән-күі өнері бір-бірімен дараланбай,
тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні
белгілі орыс фольклорисі А.Н. Веселовский де айтқан еді.
Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болсақ , ол
фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әліде болса дәстүрлі
байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклорлық шығармалын
орындаушылар отбас, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды
біз халық позициясының қарапайым жасушалары дейміз. Сонда
фольклор шығарламаларының жасушалары да, айтушылары да халықтың
өзі болып шығады. Өнер өрге жүзген дарын иелерінің ауызынан
шыққан үлгілі де, ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар
іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған.
Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе,
жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс- салт, айтыс сияқты ұсақ
формалы өлеңдерді кіші-кігірім айтушылар тудырып, көпшілікке
ортақ рухани мұраға айналдырып отырған Осы ретпен туып, атадан-
балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның
айтылуы және орындалуы ерекшеліктерін фольклорлық дейміз.
Ғылымда халық позициясының фольклорлық, ал оны зерттейтін
ғылым саласын фольклористика деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф.
Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды
білдіреді. Осы пікірді (Foik – халық, lore– білім, даналық)
ағылшын ғалымы У.Дж. Томста дамыта түсіп, фольклорды ел арасында
туған өлең жыр, ертегі, аңыз түрлері наным-сенімдерді жинақтайтын
термин ретінде ұсынған.
Халық поэзия төңірегінде айтылған Н.Г. Черныйшевский, В.Г.
Белинский, Н.А. Доблоюбов піріклері де қызықты. Мысалы: Н.Г:
Черныйшевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы
жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір
адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В.Г. Белинский оған қарама-
қарсы Фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз
авторы әрі кез халық деген тұжырым жасайды.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің
тұмыс-тіршілігімен тығызх байланысты болған. Әр ел өз басының
өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды, олай болса, фольклор
шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар, кез-
келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол
жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сезімдерін
дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорларының тарихилығының
басты бір көрнісі осында.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі –
образдары есте қалғышта, тілі ерекше, көркем тартымды әрі
қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі – әрбір өлең
жыры, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуен мен
музыкалық мақамының болатындығы. Ақын жыраулардың
импровизатциялық дәстүрлі поэзиямен музыка өнерінің синкреттік
бірлігіне негізделіп, қобыз немес домбыра аспабымен айтылған.
Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана
Алпамыс немесе Көрұғлы жырын он төрт түрлі мақаммен
жырлаған.
Фольклорлық шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген
қайғы-қасіреттерімен мұңы-зары, келешектен күткен арман тілектері
айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық
өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн
қосқан. Әрбір айтушы – импровазатор өз тыңдаушысына ұстаздық
жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған.
Мұндай өлең жыр мен ән күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды.
Оған қазақ фольклорларының көтерген мәселелері мен тақырыбы айғақ
бола алады.
Қазақ фольклорларының ұнамды образдары үнемі халық ортасында,
коллективтік рухқа жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік,
адамгершілік – бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аяз би
жаман атасына да , хан жарандарынан озып шығады. Алдар көсе ,
тазша бала бейнелері – халық тапқыолығының жарқын көрнісі.
Эпостық жырларға келетін болсақ, ондағы образдар ұлғайту, ұлы
қаһармандар дәрежесіне жеткізілген. Баян , Қозы, Қобыланды,
Құртқа, Алпамыстар – жалпы халықтық образдар болып шыққан.
Олардың іс-әрекеті , ой-ұжданы мен арман мүдделері халық
санасымен әркез бірге.
Қазақ фольклорларының образдары жанды әрі шынай болып
келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор
туындыфлары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерін шет жырланған емес.
Оның басты айтар ойы – халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек
пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор , дұшпанға берік бол,
жаста болсаң , елге ағалық көрсете біл, өмірден үйренде, өрге ,
өренге ұмтыл дейтін ғибрат.
Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың
мінез-құлықтары, психологиясы бір-біріне қарсы қойылған. Онда
бірлікпен араздылық, достық жаулық сарындары шендескен. Мұны біз
халық гуманизмінің фольклордағы көрнісі дейміз. Тұлғасы сом, жаны
–дүнсеиі таза, рухы күшті ірі образдаржасаудағы халық поэзиясының
сүйенген арқауы – осылар. Шоқан мұның бәрін қазақ
фольклорларының халықтық сипатына жатқызып, қазақ эпосының
образдары Европаның жазба әдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын
айтқан.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз
зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен қазақ фольклоры жанр жағынан
да аса ірглеі, қомақты еді. Жанр байлығына келгенде, қазақ
фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену
жырлары той бастар, жар-жар, сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату
болып жіктеле жөнеледі.
Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық , бәлдки
одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің экономикасы,
салт-санасы, халық тілі біршама дамып, семьямен рулық құрылыс
күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен.
Қазақ аңыздарында құт басы – еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар
әр түлік малдың өз иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл
қара, Зеңгі баба жайында аңыздар туғызған. Қазақ ертегілерімен
эпостық жырларына ертеден енген бұл нанымдар халық санасының сәби
кезеңдерінен хабар береді. Өмір, қоғам, ой-сана ылғы даму үстінде
болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінінің тіршілігімен іс-
әрекеттерін жақтаған.
Кейінгі замандарда туған ертегі , эпостық жырлардың тақырыбы
өмірге терең еніп, енлдік, халықтық мәселелерді қозғайды. Оның
басты тақырыбы – әлеумет теңсіздігі, әлет-ғұрып қайшылығы, ел
қорғау, махаббат еркінждігін жырлау, тарихи оқиғаларға үн қосу,
қоғам , ел жағдайын жақсарту сарындары болып отырады.
Фолъклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба
әдебиетке жол салған. Дәрия басы – бұлақ демекші, қандайда
болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі фольклор. Ауыз әдебиеті ,
ондан соң жазба әдебиеті туғанда оның көптеген сюжеттері
фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де
бар. Мысалы, М. Әуезовтың Қара қыпшақ Қобыланды, Қалқаман
–Мамыр , Айман – Шолпан, Еңлік-Кебек, Ғ. Мүсірепов Қозы
Көрпеш – Баянг сұлу сияқты пьессаларының сюжетімен образдары
фольклордан алынған Мұны фольклор мен әдебиет арасындағы табиғи
органикалық байлапнысдейміз. Жазба әдебиеті сияты ауыз әдебиетінде
де өмір шындығының сәулесі бар. Фольклор – тарихи оқиғалар ізімен
қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының
басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор, мәдени мұра.
Фольклористика тарихы туралы. Фольклор – халық даналығы
тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін
ғылым фольклористика дей аталады. Оның зерттейтін объектісі –
фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен
қабысып жама ма, әлде адамсапасындағы түрлі ұғымдардан алына ма?
Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихылығы,
жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде? Фольклор
мен әдебиет арасындағы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық
неде? Фольклорды жалғастырушылар кімдер? – деген мәселелер.
Ал фольклорға келетін болсақ, фольклордың құрамына мифология
әлементі де сөз болады. Қазақ фольклорында мифология элементі
айтарлықтай елеулі емес. Ол көбінесе ерте кезеңдерде туған қиял
–ғажайып ертегілерінде ғана кездеседі. Қазақтың төл ұғымында
туған мыстан, жезтырнақ, қарақұлақ образдары жамандық иесі болып,
бірде адам, бірде аң түрінде кездесіп отырады. Адам кейпіндегі
көптеген мифтер – Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар т.б. еңбекпен
байланысты туған. Бұлап адамның досы, қолқанаты. Ал ислам
санасымен бірге келген дию, жын , пері образдарының табиғаты
бұлардан өзгешелеу. Бұл тұста халқ өмірде барадам мінездерін,
әлеумет теңсіздігін, діни ұғымдарды мифтік образдардың көмеігімен
көрсетеді.
Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз
ұғымына жақын. Мысал, болашақты болжау наным-сенімдеріне
келетін болса, алтысты көретін айна, ұшатын кілем, шөл жүйрігі
– Желаяқ образдары арқылы көрсете білген. Осынының барлығы
халықтың қиялынан туған сюжеті бар образдар. Алайда фольклор
ғылыми тұрғыдан зерттеу дегеніміз күні өтіп кеткен анайы
ұғымдарды, ескі әдет-ғұрып пен салт-сананы иедалдау емес, ел
тарихын зерттеп білу, оның ой-санасының қалай туып, есейгендігін,
қазақ халқының бүргінгі зор прогреске, мәдениетті өмірге қалай
жеткенін материализм ізінде танып білу болмақ.
Батыс Европаның эпостық сюжеттері түркі-монғол тайпаларының
эпостық жырларынан алынған делінген. Басқаша айтар болсақ, бұл
тұжырым бойынша ертегі, эпос басында бір елде туып, келе-келе
басқа елдерге тарап, көшіп жүреді. Мифология қисынынан гөрі
мұның өмірге жақындығы бір табан елгері көрінеді. Осы
себептен мифологияны жақтаушылар көбірек болады.
Қазақ фолклористикасының атасы саналатын Шоқан Уәлиханов ХІХ
ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген белгілі ағартушы ғалым.
Шоқанның негізгі әдеби-ғылыми пікірлері фольклор шығармалары
туралы айтылған. Ол кезе қазақтың жазба әдебиеті әлі туа қойған
жоқ еді. Шоқан шығыс халықтарының поэзиясы туралы бірнеше арнаулы
еңбек, зерттеулер жазған. Шоқанның еңбектері қазақ
фольклористикасы мен этнография ғылымына жол салған қымбат
ғылыми мұралар деп саналады.
Фольклор туындыларының танымдық сипатына келгенде, Шоқан
оларды зерттеудің зор ғылыми-этнографиялық мәні бар екенін баса
көрсетеді. Осы ойларын қырғыз эпосы жөніндегі пікірлерімен
тереңдете түсіп: Алатау қырғыздарының поэзиялық ең басты және
жалғыз десе де болғандай данышпандық халық шығармасы Манас
туралы дастан туралы екенін күмәнсіз. Манас – бір кезеңге
және бір адамның – Манас батырдың төңірегіне топтастырылған барша
халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін
жәнк салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің
энциклопедиялық жинағы дейді. Автор Манастың негізгі
геройларын да халық батырлары ретінде бағалайды.
Қазақтардағы шамандықтың қалдығы деген этнографиялық
еңбегінде Шоқан қазақтың әдет-ғұрып, фольклорынан ертеден орын
алған түрлінаным-сенімдерді тиянақты түрде сөз еткн. Шаманизм,
Шоқанның пікірінше, табиғат пен адамды қасиеттеуге негізделсе,
әруақа сыйыну, кие, кесір, көз тию, аластау, түрлі ауруға тас
бұзатын сиқырлы сөздің қуатымен ем іздеу, қазақтың тым ерте
кезеңдеріндегі отқа, көкке табынудан қалған космологиялық
ұғымдары мен төрт-түлік мал жайындағы жырлары бірде материализм,
бірде діншілдік түрінде халық фольклорына еніп отырған. Осындай
ғылыми мәні мен сипаты жағынан бұлеңбек қазақ этнографиясының жыл
құсы болып саналады. Шоқан осының бәрін халық мәдениетінің
тарихын танып, білумақсатында зерттеу қажеттігін айтқан.
ХІХ ғасырдың екіншіжартысынлда көрінген үлкен ағартушы
педагогтың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақ халқының
фольклоры мен этнографиялық материалдарын жинап, солардыхалық
тәрбиесіне құрал еткен.
А. Алтынсариннің қазақ фольклорына қатысты арнайы зертеулері
болмаса да, ол халық мұрасын аса жоғары бағалаған. Өзінің Қазақ
хрестоматиясы атты оқу құралында ол қазақ фольклорының көптеген
үлгілерін қамтыған. Соның қатаында Марабай жыраудан жазып алған
Қобыланды жырынан үзінді (Қобыландымен Тайбурыл), қиял-ғажайып
(Қара қылыш, Алтын айдар), шыншы-реалистік ертегілер (Тазша
бала, Қара батыр, Жиренше шешен), көптеген мақал-мәтелдер де
бар. Ы. Алтынсариннің төл шығармаларының тілі ғана емес,
образдары да халыққа аса жақын тәрбиесі мол шығаралар.
Қазақ фолклорының халықтық сипатын жақтаған Ы. Алтынсариннің
фольклор материалдарын педагогикалық мақсатта қолдануы өз кезеңі
үшін зор жаңалық болды.
Қазақ ұлы ойшылы, әрі ағартушысы – Абай Құнанбаев. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ол – әдебиетші емес,
көбіне ақын, өз заманының асқан ойшылы ретінде танылған адам.
Оның фольклористикаға арналған еңбектері де жоқ. Бірақ Абай
Семейдегі географиялық қоғамға мүше болып, көптеген этнографиялық
материалдар жинаған, қазақтың әдет-ғұрпына байланысты заң
шығарған.
Абай поэзиясының тілі мен өлшеуі де халық дәстүріне
негізделген. Онда жыр, , қара өлең өлшеуімен жазылған лирикалық
кестелер көп. Кейде ақын шұбыртпалы ұйқасты да қолданған. Абай өз
өлеңдерін де халық санасын ояту үшін жазған. Осыың бәрі
білгенжігінің белгісі болмақ.
Қазақ халқының музыка фольклорын көптеп жинаған А.В.
Затаевичтің ардақты есімі сияқты, қазақ фольклорын зерттеуге
айрықша еңбек сіңірген ғалымдар ішінен В.В. Радлов, Г.Н: Потанин,
Ә.А. Диваев еңбектерін үлкен ілтипатпен айтамыз.
А.М. Горький халық фольклорының табиғатына тоқтала келіп,
оның көркем сөздің басы екендігін, жаратушысы үстемтап ортасы
емес, еңбекші халық, өйткені оның еңбек процесінде туатынын,
фольклордың басқаһарманбарының дахалық арасынан шығатынын,
мазмұнында таптық күрестің таңбасы болатынын, қанаушылар мен
езілгендер үнемі өзара тартыста көрінетінін кеңінен толғап
айтады. Сонымен қатар, А Горький фольклордың халық санасымен
жасалғандығын, оның образдары айрықша әсерлі, мінезі есте қалғыш
болатындығын айтады. М. Горькийдің мифтік образдары ж айында
айтқан ойлары да мәнді. Бұл мәселе төңірегінде ол : Миф – ойдан
шығарылған нәрсе. Ойдан шығару дегеніміз шын тұрмыстың негізгі
мәнін алып қорытып, образ жасау деген сөз. Реализм осылай туған.
Егер шын тұрмытан алынған сол ойға гипотеза логикасы бойынша
фантазия қосылса, образды бұрынғыданда сомдай, ірілей түсуге
болады, – сонда мифтің негізгі романтизм келіп шығады..., ол өмір
шындығына революциялық көзқарасты өршітеді, осыдан барып, әлемді
өзгертетін жаңа қарым-қатынас туады, –дейді.
Қарапайым халық сан алуан ертегі, аңыз, мифтерді ойлап
шығарып, табиғаттың адамға жау тілсіз күштерімен күрескен, сның
сиқырын, сырын білуге тырысқан. Сөйтіп өзінің тіршілігі мен
тұрмысын, қиялын байытып, сиқырлы күш табиғатта емес, адам
бойында деп ұққан.
Фольклор мен ауыз әдебиетіінің арасында ежелден-ақ байланыс
болған.
Фольклордың халықтық сипаты – көркем тілін. Мысалы, қазақ
эпосының тілі жазба әдебиеттен қалыспайды. Эпос тілі мен өлшеуі
көп заман бойы Бұқар, Доспамбет, Махамбет, Балқы Базар сияқты
толғау ақындарына төтелей мектеп болған.
Халық поэзиясына деген ыстық ықылас Совет жазушыларының І
съезінде М. Горькийдің фольклор мұрасытуралы айтқан ойларынан соң
өзгеше өрістейді. Сол жылы Қазақстанда халық ақындарының
республикалық слеті өткізіліп, Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Кенен
т.б. көптеген халық ақындары қазақ мәдениеті мен әдебиетіне
келеді. Сол негізде жаңа өмірге негізделген халық поэзиясы туады.
Отызыншы жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре
бастайды. Батырлар жыры, Алдар көсе, Сексен өтірік атты
жинақтарды айтпағанда, С. Аманжоловтың Жұмбақтар. Ө.
Тұрманжановтың Қазақтың мақал-мәтелдері, М. Әуезов тапқан Қозы
Көрпеш – Баян сұлу жырының жаңа нұсқасы , айтыстың бірінші
кітабы басылады.
Қырқыншы жыдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы
зерттеуле саны күрт өсе түседі. Қ. Жұмалиев пен М. Ғабдуллин
ауыз әдебиетіне байланысты оқу құралдаын жазса, Ә. Марғұлан
қазақ эпосының түп-тегіне қатысты көптеген этнографиялық
мақалалар жариялайды.
Бұл кезеңде Қазақстанның көрнекті ғалымдары – М. Әуезоы, Ә.
Мағұлан, Е. Ысмайлов, Қ. Жұмалиев, М.Ғабдуллин, М. Сильченко, Б.
Кенжебаев және осы жолдар авторының қазақ ссовет
фольклористикасына қосқан үлестері елеулі болды. Әсіресе М.
Әуезовтың еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық.
1948 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының алғашқы томы
қазақ фольклорының барлық жанрларын қамтыған күрделі еңбек болды
Ертегі, жанрлық түрлері, олардың өзіндік ерекшелігі.
Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол
мұрасы. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда
еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, мұңы,
арман-мұраты бейнеленеді. Қазақ ертегілерін академик Мұхтар Әуезов
үшке бөледі.
1) Мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер.
2) Хайуанаттар. (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер.
3) Реалистік (тұрмыс-салт ) ертегілер.
Солардың ішіндені ең көнесі қиял-ғажайып ертегілер.
1) Мифологиялық ертегілері. Қиял-ғажайып ертегісі өте көне
жанрлардың бірі. Ол шығу тегі жағынан алғашқы қауымдағы мифтермен
наным-сенімдік рулық замандағы көптеген салт-дәстүрлермен
байланысты. Бұл ертігелір тым ерте замандарда, адам табиғат
сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрнісі аздау
болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас
үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол
дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған.
Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым
адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін
қастерлеген. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу,
матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдеріндетуса керек.
Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-құстардың
сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған.
Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің наным-
сенімдері болмақ.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем
болған Табиғаттыңтілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған
адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған.
Мұндай ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-
қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері
– Ер төстік, Еділ – жайық, Құла мерген, Аламан мен Жоламан,
Күн астындағы Күнікей қыз, Алтын сақа, Керқұла атты Кендебай
тағы басқалар.
Қиял-ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады. Иелері
Мыстан кемпір, Жалмауыз, Жезтырнақ, айдаһар, Жалғыз көз тағы
басқалар. Қиял дегеніміз – ойдан шығару, ғажайып – қиялдан дамып,
көркемделген түрі.
Мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі
ой-нанымдарының таңбасы басым болады. Оны бірде ертегі мазмұнындағы
қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән жемісі деп
білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халыққиялы сан-алуан
мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын, өмір
мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың
мифтік (қиял-ғажайып) ертегілері – Алтын сақа, Күн астындағы
Күнікей қыз , Жерден шыққан Желім батыр, Ұшар ханның баласы,
Аламан мен Жоламан, Керқұла атты Кендебай, Ер төстік , Еділ –
жайық. Бұл ертегілер тотемизм сарыны азайған ертегілер.
Мифологиялық ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер,
дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп
жүретін мергендер, аты жоқбалалар, Ер Төстік, Оынң Желаяқ,
таусоғар, Көлтауысар сияқты достары жүреді.
Мифологиялық ертегілердің бас геройы – мерген балалар. Ондағы
батырлыққа келетін болсақ ол – қиял-ғажайып ертегілерінің ерекше
түрі. Мұнда қиял-ғажайып е элементтері өте көп. Бірақ
айырмашылығы – мұнда бас кейіпкер қаһармандық іс-әрекеттер көп
болады. Бұл ертегіде қаһармандық жасайтын екі түрлі батыр болады.
Біріншісі ежелгі замандағы мифтік ұғымдардағы батырлық, ол әртүрлі
мақұлықтарды жеңеді. Ал екіншісі шын өмірдегі жаумен соғысатындар
Олар біде кемпір мен шал, бірде бай, бірдехан баласы, кейдеатасыжоқ,
тек кемпір баласы делінеді.
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне
табиғат пен адам арасындағы тартыстарға құрылады.
1) Хайуанаттар жайындағы ертегілері. Мифологиялық ертегілерден кенже
туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты
бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер
дейміз. Мұнда алғашқы қауымдарға тән этимологиялық мифологиялық
өзгеру түрі бар. Аңдарды қасиетті деп түсіну ұғымдары бар.
Сондықтанда да бұлардың ең көнесі жануарлар. Алғашқы қауым адамы
мифтік сананың бірінші екінші кезеңдерінде аңмен тығыз байланыста
деп саналған.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де
көп. Мысалы, Түлкі мен бөденен, Арыстан мен түлкі, көп
жағдайда түрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер
арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу
түлкіге,. Ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған.
Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де
болғандай. Бұл реттен Түйе, арыстан, қысқыр мен түлкі
ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе,
түлкі, қасқыр, арыстан – қанаушылар бейнесін суреттейді.
Хайнаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосылабастайды.
Мақта қыз бен Қотыр торғай оқиғалалары еңбек процесімен
тікелей байланысып жатады. Хайуанаттар ертегілерінде сатира
сарыны да бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz