Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық
университеті
Әлеуметтік гуманитарлық факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекеті
Курстық жұмыс
Қостанай, 2018 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
1.1 Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ақ Орданың саяси құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Ақ Орданың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
II.2.Ақ Орданың этникалық және саяси тарихы
2.1 Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..19
2.2 Ақ Орданың құлдырауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
VI.СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан - жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сиппатамасын беру тарих ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Осы аймақтағы тарихи процестердің кейінгі барысына негіз болған XIII-XV ғасырлардағы кезеңін ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы кезеңдегі Шығыс Дешті Қыпшақтың аймағында орналасқан Ақ Орда тарихын жан жақты әрі терең ғылыми тұрғыда зерттеу болып табылады. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен қазақ халқының қалыптасу барысындағы этникалық кезеңді білуде-Ақ Орда тарихының маңызы өте ерекше. Осындай маңызы жоғары тақырып болса да әлі күнге дейін Ақ Орда тарихына арналған ғылыми жұмыстар жеткілікті емес. Оның себептеріне тақырыптың өте күрделілігі мен ауқымдылығы, дерек мәліметтерінің тапшылығы, қарама қайшылықты пікірлердің көптігі және т.б жатса керек. Аталған жайттар тақырыпты зерттеуге мүмкіншілік жоқ деген ой тудырмайды. Зерттеушілердің бүгінгі күнгі өкілдері болмаса да,ертеңгі күнгі ұрпақ өкілдерінен Ақ Орда тарихымен айналысатын мамандардың шығатыны сөзсіз. Жошы ұлысының тарихи жазбаларында Ақ Орда тарихын зерттейтін арнайы жұмыстар жоқ, бір жағынан Жошы ұлысының жалпы тарихы бойынша зерттеулердің көбі біржақты болып келеді.Зардыхан Қинаятұлының кітабында тарихшы Н.Н. Мингулов Ақ Орда әуел бастан-ақ саяси-экономика тұрғысынан дербес мемлекет ретінде қалыптасқанынайта келіп, алғашқы қазақ мемлекеті,Қазақ халқының қалыптасуының басты ұйытқысы болғандығын атап көрсетті. Академик М.Қ соңғы еңбектерінде Ақ Орданың мемлекеттігі тарихына байланысты тың пікірлер көтерілді.Ол 1998 жылы жасаған Отан тарихын зерттеудің өзекті мәселелеріатты баяндамасында Орыс тарихи жазылымдарында Көк Орда атанып келген Ақ Орда тарихына деген концептуалдық бағытты өзгертетін кез жеткендігін айта келіп, Ақ Орда іс жүзінде Қазақ мемлекетідеп атап көрсетті.Жоғарыда аталған еңбектердің негізінде бүгіндері Ақ Орда тарихын зерттеудің тарихнамалық мүмкіндігі қалыптасып келеді деп айтуға мүмкіндік бар. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.Осындай көкейкесті мәселелер теориялық,ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық [1, 15 б.].
Хронологиялық шеңбері. Курстық жұмыстың тақырыбы негізінен XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы,құрылуы және территориясы, сонымен қатар басқару жүйесі зерттеліп, Ақ Орда мемлекетінің жорықтары мен сыртқы қарым-қатынасы жеткізіледі.
Мақсаты: Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихының зерттелуін, ел басқарудағы, сыртқы қарым қатынасындағы ерекшеліктері қаралады. Ақ Орда мемлекетінің сыртқы қарым-қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихын жан-жақты қарастыру. Белгіленген мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды.
Міндеттері:
-Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясын анықтау;
-Ақ Орда мемлекетінің мемлекеттік басқару және саяси құрылымын талдау
-Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамын сипаттау;
-Ақ Орда мемлекетінің дамуы жөнінде ашып айту;
-Ақ Орда мемлекетінің құлдырауы және құлауы себептерін анықтау;
Тарихнамасы: Қазақстан тарихының II-томында көрсетілгендей М.П.Вяткиннің еңбектері Жошы ұлысының Шығыс бөлігін зерттеудегі жаңа тарихнамалық кезеңнің басталуын көрсетеді. П.П. Ивановтың Очерки по истории Средний Азий (XVI-середина XIX веков)еңбегінде XII-XIV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың қысқаша тарихын Ескендір Анонимі негізінде тоқталып өтеді. Хандарға сипаттама береді. Зерттеуші Ақ Орданың құрылуы мен оның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай арнайы зерттелмегеніне мән береді [2, 15 б.].
М.П. Вяткиннің Очерки по истории Казахской ССР еңбегінде Жошы ұлдарының ұлыстарының шекаралары шамамен көрсетіледі, негізгі Жошы ұлыстарының атына мән беріледі. Ақ Орда мемлекеттік статус беріп, тәуелсіз саясат жүргізді деп көрсетеді. Қазақстан тарихының II- томында көрсетілген Белая Орда и ее падение еңбегі алғаш рет Жошы ұлысының тарихы комплексті түрде барлық белгілі деректер мен зерттеулер негізінде-құрылуынан ыдырауына дейінгі тарихы қарастырылды деп айтылады. Еңбекте Ақ Орда тарихы да қаралды. Ақ Орда тарихына Жошы мемлекеті тарихымен бір контексте қарау тұрғысынан келді. Онда Ақ Орданың тарихи географиясы мен халқының этникалық құрамы мәселелері зерттелді [2, 11 б.].
Қазақстан тарихының II-томында бұл мәселенің сенін бұзғандар К.А. Пищулина және Н.Н. Мингуловтар болды деп айтылады. К.А. Пищулина әйгілі Бахр ал-асрар және Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и Рашидинегізінде Қазақ хандарының Ақ Орда хандарымен династиялық үрдіс жалғастығын айқындап, Ақ Орданы Қазақ мемлекетінің алғашқы үлгісідеп жазды [3, 4 б.].
Деректік негіздері: Курстық жұмыс барысында Ақ Орда тарихына қатысты бірнеше ортағасырлық деректерді пайдаландым. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазба деректердің мәліметтеріне негізделеді. Рашид ад-диннің Жамиғат тауарих (1310-1311жж)деген тарихи еңбегі XII-XIII ғасырлардағы моңғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-дин шығармасының негізіне ресми моңғол хроникалары,моңғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығармалары,оқиғаға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған Қазақстан моңғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы,тарихи географиясы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда Ежен ұлысының тарихы, оның ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеологиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген. Ақ Орданың тарихы жөніндегі материалдар В.Г. Тизенгаузенің басылымында келтірілген [4, 25 б.].
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат міндеттеріне сәйкес ғылыми танымдық әдістер қолданылды тарихи, салыстырмалы және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылысы
1.1.Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясы
Ақ Орда атауының алғаш рет ауызға алынуы XIV ғасырдың 40-жылдарында болуы мүмкін. Т.И. Сұлтанов бұл жайтқа егжей-тегжейлі тоқталған: Ақ Орда термині кездесетін уақыты жағынан ең ертедегі деректеме, сірә, Кутбтың Хұсрау мен Шырыны болса керек. Ол Өзбек ханның ұлы,әкесінен кейін Алтын Орда тағында бірнеше ай бойы отырған Тыныбек туралы деректемелерден егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Ақ Орда Тыныбектің әйелінің атына байланысты да айтылады Ақ Орда оның патшалығы ол тақтың көркі. Бірақ дастанның 1340 - 1342 жылдары Сығанақта жазылғаны мәлім. Өзбек ханның өлген уақыты,Т.И.Сұлтанов келтірген мәліметтер бойынща,деректемелерде хижра бойынша 742 жылғы шаввал (1342 жылғы наурыз - сәуір) және 743 жыл ( 1342 жылғы маусым-1343 жылғы мамыр) деп аталады. Дастан Өзбек хан өлгенге дейін жазылып, оны Кутб Өзбек хан өзінің ұлын Орда ұрпақтарының ұлысын бағындыру мақсатымен жіберген хан өзінің ұлын Орда ұрпақтарының ұлысын бағындыру мақсатымен жіберген Сығанақтағы Тыныбекке тарту еткен болуы ықтимал. Кутбтың дастанын зерттеуші Э.Н.Наджип осылай деген жорамал айтқан. Г.А. Федоров - Давыдов бұл жорамалды онша дұрыс емес деп санаған,өйткені ол кезде сол қанатта, яғни Орда ұрпақтарының ұлысында Ерзен хан өте жақсы билік еткен еді ( хижра бойынша 720 ж. II. 1320-I. 1321-745 ж.V.1344 - V.1345 ж.). Нақ осы Ерзен ханның 25 жыл бойы ойдағыдай басқарғаны туралы Му ин ад-дин Натанзи де айтады. Ал Лэн Пуль Стэнлидің мәліметтеріне қарағанда, 1320-1344 жылдарда Шығыс Қыпшақта (Орда Үйінде) Мүбәрәк - қожа билік еткен. Ұлыстардағы жағдайдың әрқашан тұрақты болмағаны туралы мәліметтердегі бұл алшақтық Сығанақта қайсы бір кезде Тыныбектің де болуын әбден мүмкін етеді.Тыныбектің әйелі Хан-Мелек міне сол жерде, Сығанақта Ақ Орда тағының көркі болуы ықтимал, ал зор үміт күттіретін шах туралы сөздер көркемдік дәріптеу қатарына жатады,ол шығыстың лирикалық дастандарына мейлінше тән.
Ақ Орда иеліктерінің Баһадүр ханға берілуіне байланысты Әбілғазы айтқан оқиғалар басқа бір-деректеме Махмұд бен Уәлидің Бахр әл-асрар деген еңбегінде басқаша көрсетіледі. Бұл автордың мағлұматтарына қарағанда, Шайбанидің ұлы Баһадүр оң қанат ханының әмірінсіз Ақ Ордаға сол кезде ақ иелігі ретінде өзі аттанады. Шайбани ханның ұлы Баһадүрге келетін болсақ...ол әкесінің [ол өлгеннен кейін] орнына ел мен ұлысқа басшылық ете бастады. Жақын туыстарына,тайпаларына және төрт қаушынға жиналуға әмір беріп, ол қыстауы мен жайлауына Жүз Орда ретінде де белгілі Ақ Орданы таңдап алды. Бұл арада қаушындар деп Бату хан батысқа жорық жасағаннан кейін Шайбаниға бөліп берген төрт омақ (құсшы,найман,қарлұқ және бұйрақ) айтылып отыр. Інісіне Бату хан бөліп берген Шайбани ұлысының аумағы да белгілі. Егер төрт ғасыр өтіп кеткен уақыт шындығын ескерер болсақ, Әбілғазы бұл үлестің аумағын әдеттен тыс тәптіштеп былай деп сурттейді: Сен тұратын жұрт (аймақ) менің жұртым мен ағам Ежен жұртының арасында болады. Сен жазда Жайықтың шығыс жағында,Ырғыз-суық, Ор, Елек өзендерінің бойында, Орал тауларына дейін жайла; ал қыс кезінде Ара[л] құмда,Қарақұмда Сыр өзенінің жағаларында, Шусу және Сарысу өзендерінің сағалары маңында қыста. Меңгу-Темір хан Ақ Ордадағы иелікті Бату ханның өкіміне сәйкес Баһадүрге бергендіктен , ал жоғарыда аталғаннан басқа өкім болмағандықтан , осы аумақ Ақ Орда деп есептеледі [5, 103б.].
Ақ Орда термині XVII ғасырдағы екі автордан Әбілғазы Баһадүр хан мен Махмұд бен Уәлиден Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстардың атаулары ретінде қайтадан кездеседі.
XVII ғасырдағы аталған екі автордың түсінігінде, әлдебір түрік қолжазбаларынан алынған түсінікте XIII ғасырдың шындығы ретінде Ақ Орда термині даланың ауызша тарихнамасының айтуынша, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына,бірақ Шайбани ұлысына жатады. Оларда бұл Ақ Орданы,XIV ғасырдың басында Натанзиде көрсетілгендей, Орда-Ежен ұрпақтары емес, Шайбани ұрпақтары иеленгені жайында сөз етіледі.
Сонымен, XIII ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған өз ұлысының тәуелсіз патшалары болды. Ақ Орданың негізгі халқы-қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар, т.б.Ақ Орда хандары-Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар-кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді [6, 12 б.].
Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаған (1226-1253) қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы,қазақ хандарының арғы атасы Орда-Ежен 1236-1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда-Ежен, оң қанатын Бату басқарған.Осының негізінде XIII ғасырдың ортасында әскери саяси иеліктер қалыптасып,соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы ұлысының сол қанатын билеген Орда Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда құрамына енетін, ішкі сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды [7, 13 б.].
XIV ғасырда Орда Ежен тегінен шыққан әміршілердің билігі Шайбани ұлысына да таралды. Қазіргі зерттеушілердің бірқатары Қазақстан аумағында осы мемлекеттің құрылуына Көк Орда атауын теліп жүр. Олар Батый ханның Жайық өзенінің батыс жағындағы иеліктерін,соның ішінде Шайбани ұлысын да Ақ Орда деп атайды. Шайбани ұлысы Орда ұрпақтарының иеліктері құрамына енгеннен кейін Ақ Орда бүкіл біріктірілген мемлекетке көшкен болуы ықтимал. XIV ғасырдың аяғынан бастап Ақ Орда хандарының иеліктері деректемелерде Өзбек ұлысы деп атала бастаған.
Ақ Орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIV ғасырдың екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.
ХІІІ ғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIV ғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде Шағатай ұлысына, соңынан Мағолстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.
Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға тәуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресімен,кейініректе-Ақ Орда хандарының ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуымен,содан соң Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің агрессиясына тойтарыс берумен сипатталады.XIV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды.Мұны Орда-Ежен әулеті өкілдері билігінің осы аумаққа да таралуымен түсіндіруге болады, мұны мұсылман хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Сонымен, XIV-XV ғасырларда деректемелерде Жайық өзенінен Батыс-Сібір ойпатына дейінгі Қазақстан даласының, Сырдарияның төменгі және орта ағысына қоса алғандағы кең-байтақ аумағы, яғни Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жері Ақ Орда деп түсінілген. Алтын Орда жай ғана Орда немесе Еділ Ордасы деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік шығысындағы далалық аумақ Көк Орда немесе Жайық сырты Ордасы деген атаумен көрсетілген ал орыс жылнамаларында Ақ Орда ұғымы пайдаланылмаған.
Ақ Орда-моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп келе жатқан және моңғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген,сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түркі тілдес тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар наймандар, үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар және басқалар мекендеген [8, 105 б.].
1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
1.2.Ақ Орданың саяси құрылымы
Кез-келген мемлекеттің саяси құрылымын қарастырғанда ең алдымен басты назар аударар мәселеге онда билікте болған билеушілердің есімдері мен билік құрған жылдарын анықтау жатса керек. Одан кейін ғана сол билеушінің жүргізген ішкі-сыртқы саясаты,саяси құрылымның басқа да мәселелері қарастырылатыны белгілі. Жалпы алғанда, қазіргі күнде XIII-XV ғасырлар аралығында Ақ Ордада билік құрған билеушілердің есімдері анықталған және олардың тақта отырған жылдары да нақты болмаса да біршама белгілі. Дегенменде, бұл мемлекеттің екі ғасырлық саяси тарихында әлі де болса көмескі тұстар баршылық. Сондай көмескі тұстардың біріне-XIV ғасырдың соңғы және XV ғасырдың алғашқы жылдары Ақ Ордада Қойыршақ ханнан кейін және оның ұлы Барақ ханға дейін билік құрған тарихи тұлға туралы мәселе жатады. Сол себепті де біз осы жұмысымызда мұсылман деректеріндегі мәліметтер мен соларға негізделген түрлі зерттеулерде әр түрлі айтылатын тарихи тұлға туралы өз пікірімді ұсынуға тырысамын.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады,ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Ақ Орданы билеген Қазақ хандарының ата бабалары Орыс хан туралы соны деректі біз татар ғұламасы Марджанидің Шығыс халықтары туралыәңгімелерінен кездестіреміз. Автор бұл еңбегінде Орыс ханды Татар, Сарай, Бұлғар, Берке жұртының алғашқы әйгілі билеушілерінің бірі деп жазды. Марджани мұнда алғашқы деп Ақ Орданың Қазақ хандары династиясын меңзейтін сияқты. Орыс ханды Қазақ хандарының атасыдеп танитын пікірді кейінірек қазақ тарихшылары Ш.Ш.Уәлиханов және М.Тынышпаев қолдады [9, 30 б.].
Орыс хан және оның хан-ұрпақтары жайлы деректерді біз Шараф-ад-Дин Йезди және шайбанилік тарихшы самарқандық Абдразақтың еңбегінен де көре аламыз. Шараф ад-Дин Йаздидің Зафар наме атты шығармасына бір жақты қарауға болмайды. Ол сөз жоқ Әмір Темірдің өмірі мен қызметіне баға берген,тіптен оны дәріптеуге арналған ресми тарих болып табылады. Мұндағы бізге қажеттісі Темірді дәріптеген тұстары емес, еңбектің соңғы бөлімдеріндегі XIV ғасырдың соңғы ширегінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде болған саяси оқиғалар және аталған өлкелерді жаулап алу үшін Темірдің жасаған жорықтары жайлы жазған дүниелері қажет. Мысалы Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ үшін Орыс хан және оның ұлдарының (Тоқтақия және Темір Мәлік) Әмір Темірдің қолдауына ие болған Тоқтамыс қолымен жүргізген шайқастары жайлы деректі біз тек Шараф ад-Дин Йезди еңбегінен таба аламыз. Ал Абдразақтың Барақ хан туралы жазғандары қазақ тарихы үшін аса құнды деректер болып табылады.
Ақ Орда хандығы алғашында Алтын Ордаға тәуелді иелік саналғанымен ұзамай-ақ тәуелсіз мемлекетке айналды. Бұл тек Алтын Орданың өз ішінен ыдырауы нәтижесінде ғана емес, қайта соғыс жорығында бүлінген халық шаруашылығының қайта қалпына келіп жандануы, өндіріс күштердің өсуі, саяси, шаруашылық және мәдениеттің өркен жаюы, әскери күш арқылы Алтын Орда үстемдігіне зорлап бағындырылған Дешті Қыпшақ халқының осы үстемдіктен құтылып, бейбіт өмірді аңсаған тілегіне жетті. Алтын Орда мемлекетінде ұдайы жүргізілген соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстың тақсыретін тартқан, қалың халық бұқарасы Алтын Орда үстемдігінен құтылуды аңсады. Ақ Орда билеушілері халық бұқарасының бұл армандарын өз мақсаты үшін шебер пайдаланып, Ақ Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз дербес ел етуге ұмтылды,бұл қимылды халық бұқарасы қолдады. Сөйтіп Орда-Ежен тұқымынан шыққан Ақ Орда билеушілері Алтын Ордадан тәуелсіздік алып,Ақ Орданы дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына қарсы күрестерде үнемі жеңіске жетіп отырды.
Ақ Орданың күшейген кезі XIX ғасырдың екінші жартысы 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп,енді Алтын Орда тағын иемденуге күщ салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды.1377 жылы Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі-Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол,1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ 1380, 1391, 1395 жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас тартыстан XIV ғасырдың соңы мен XV бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалды.
1983 жылғы Қазақ ССР тарихының екінші томындағы Ақ Орда Алтын Орданың құлдыраған кезеңінде атты тараушада Әмір Темірдің 1395 жылы Тоқтамысты жеңгендігі және Алтын Орда тағына Орыс хан әулетінен шыққан өз қолдаушылары Қойыршақты,Темір Құтлықты отырғызғандығы туралы айтылады да, 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі, Қойыршақтың ұлы Барақ ханның қарсыластарын жеңіп,билікті тартып алғандығы баяндалады [10, 159 б. ]. Ал ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары қайта жазылған академиялық басылымның екінші томында авторлар бұл мәселеге тереңірек барып, Қойыршақтың 1409-1410 жылға дейін Ақ Орда билік құрғанын,одан кейін билікте-Шыңғыс оғлан атты тұлғаның болғанын және оны 1416 жылы Тоқтамыстың ұлы Жаппарбердінің тақтан қуғанын жазады.
Әбдіразақ Самарқанди Шыңғыс оғланды Өзбек ұлысының билеушісі деп жазса,Қазақстан тарихының екінші томында ол Ақ Орданың билеушісі деп айтылады.Бұдан шығатын қорытынды біреу, ол - Шыңғыс оғланның тегін Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіндегі Шыңғыс ұрпақтарынык әулетінен,оның ішінде XIII ғасырдан бері осы аумақта үздіксіз билік құрып келе жатқан Орда Ежен әулетінен іздестіру қажет.Өйткені Тоқтамыс ханнан кейін Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіне қайтадан Орыс хан ұрпақтарының билігі орнай бастайды. Орыс ханның ұлы Қойыршақты Әмір Темірдің Ақ Ордаға отырғызуы жайдан жай емес. Билік тұрақты болуы үшін сыртқы күштермен қатар ішкі күштердің де, яғни жергілікті ру-тайпа жетекшілерінің де қолдау көрсетуі маңызды. Ал жергілікті күштердің басқа емес, Орыс хан ұрпақтарының ішінен лайықты тұлғаны таңдайтыны белгілі.
Әмір Темірден соң Ақ Ордада Едігенің саяси ықпалы артып,билікке ол қолдаған адамдар келе бастайды. Темірдің өлімінен кейін Қойыршақтың да Ақ Ордада ұзақ отырмағаны белгілі. Оның орнын Орыс хан әулетінен шыққан басқа тұлғаның ауыстыруы сол кез үшін заңды болатын. Деректе айтылған Шыңғыс-оғлан және оның Едіге бимен қатар жүруі-біздің ойымызды дәлелдей түседі. Осылайша,Шыңғыс-оғланды біз, еш жақтан емес, Орыс хан әулетінен іздестіруіміз қажет.
Тауарих-и гузида-йи нусрат нама мен Муиз ал-ансаб деректеріндегі шежірелік мәліметтерде Орыс ханның ұрпақтары жақсы тарқатылып беріледі. Алғашқы деректе Орыс ханның жеті ұлы, бес қызы болған делінсе, Т.И. Сұлтанов аударған соңғы дерек мәліметінде Орыс ханның 15 баласы, 8 ұл, 7 қыз бар деп айтылады [11, 42б.].
Муиз ал-ансабта екінші, үшінші және жетінші ұлдар: Сайдәлі, Сайдахмет және Темірмәліктің ұрпақтары көрсетілмейді. Ал қалған бес ұлдан өрбіген Орыс хан немерелерінің саны-он бір. XV ғасырдың алғашқы ширегінде олардың әрқайсысының Ақ Ордада билік етуге толық құқысы болды.
Ұрыс хан қайтыс болған соң Ақ Орда тағына үлкен ұлы Тоқтақия отырған. Осы Тоқтақиядан Әніке Болат сұлтан,одан Керей Гирей, Кирай, одан Бұрындық хан. Ал Ұрыс ханның 4-ші (Муизз ал-ансабта 8-ші ұлы) Қойыршақ, одан Барақ хан (Ақ Орданың соңғы ханы), одан Абу Саид-Жәнібек хан ( Муизз ал-ансабта Барақтың үлкен ұлы, Нұсрат-намада 3 ші ұлы делінген) болып келеді.
Ақ Ордада Ұрыс хан ұрпақтары билік жүргізіп тұрған кезде тимуридтік Хорасан аймағында Темір мен оның ұрпақтарына арналған алғашқы тарихи шығармалар жарық көреді. 1414 жылы Темір ұрпағы болған Ескендір сарайында Мұнтахаб ат-тауарихи Муини атты шығарма жарық көрді.Бұл еңбекке зерттеу жасаған орыс ғалымы академик В.В.Бартольд Ескендір анонимі деген атпен ғылыми айналымға енгізілді.Парсы тілінде жазылған бұл шығарманың авторы Муин ад-Дин Натанзи өз еңбегінде Ұрыс хан туралы да мәлімет қалдыра отырып,оны Ақ Орда билеушісі Шымтайдың ұлы екенін жазған. Осы пікірмен-ақ автор Ұрыс ханның әкесін Жошының үлкен ұлы Орда ұрпағы екенін нақтылайды [12, 656 б.].
Алайда арадан 12 жыл өтіп 1426 жылы Темірдің 4-ші ұлы әрі мұрагері Шахрұх сарайында оның тапсыруымен генеалогиялық (шежірелік) Муизз ал- ансаб фи шаджарат салатин могул атты шығарма (екінші бір атауы На саб-нама) жазылды. Бұл еңбектің анонимді авторының Натанзиге қарағанда басқадай мақсаты болған сияқты. Себебі автор өз еңбегінде Шыңғыс ұрпақтары мен Темір әулетінің тарихын жазып,онда Жошының 13-ші ұлы Тоқай-Темір ұрпақтарына тоқтай отырып Ұрыс ханды Бәдіктің (Бадақ) ұлы деп атайды.
Му ин ад-дин Натанзи де бастапқы Ақ Орда аумағын (ұлысын да) сол қанат әулетіне-Орда Ежен ұрпақтарына қарайды деп көрсеткен, дегенмен де әуеліде Көк Орданың ұрпақтары болған. Жүз жыл ішінде, XIV ғасырдың ортасына қарай, Орда-Еженнің бұрын шағын болған монғолдық Көк Ордасы жергілікті этникалық негіздері ірі державаға Ақ Ордаға айналып, ол атауымен бірге шайбанилердің кең-байтақ аумағы мен ұлысының көп бөлігін өзіне қаратып алады. XIV ғасырдың екінші жартысынан ол деректемелерде әлі де Өзбек ұлысы деп атала берді.
Бір жарым ғасыр бойы өзінің ресми емес атауын үш рет (Көк Орда-Ақ Орда-Өзбек ұлысы) өзгерткен,ресми деңгейде Орда ұлысы, одан тараған ұрпақ хандарының ұлысы деп аталған осы саяси құрылымның мемлекеттік мәртебесі де түрлі кезеңдерде өзгермей қалған жоқ [13, 204 - 208 б.].
Ақ Орда XIV ғасырдан бастап Ерзен ханның және оның ұрпақтарының кезіңде біраз дәуірлейді. Орданың орталығы Сығанақ қаласы болған кезден бастап, Сырдария бойындағы қалалармен қарым-қатынас жақсарта түсті. Алайда, Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін Шағатай ұрпақтарымен арадағы талас-тартыс күшейе бастайды. Ақ Орданың билеушілері мен Орталық Азияның арасындағы сауда қатынасы нығая түседі. Ерзен хан мұсылман дінін жергілікті халықтың арасына кеңінен тарату жолында мешіт- медреселер салдырған. Археологиялық қазба жұмыстарының кезінде Сығанақ, Сауран, Отырар қалаларына көптеген ғибадатханалардың орындары ашылған. Мәселен, Отырар қаласына және оның айиағына жүргізілген археологиялық қазба жұмысының кезінде қаланың орталық қорғанынан үш жерден мешіттің орны белгілі болса,ал қаланың оңтүстігі жағында Байылдыр селосының жанынан жұма мешіт медресенің орны табылған. Муин ад-Дин Натанзи деректері толығымен расталды. Ақ Орда хандары өз аттарынан ақша да шығара бастайды, Ал Мубарак-Қожаханның кезінен бастап (1344-1345), Алтын Ордаға тәуелділікпен мүлде бас тартады.
Ақ Орданы билеуші Орда-Еженнің орны Алтын Орданы билеген Батый ханнан жоғары болды дейді. Бұл жөнінде сол заманның тарихын баяндаған, Жамих ат тауарих атты еңбектің авторы, әйгілі парсы тарихшысы Рашиден: Алтын Орданың билеушісі ресми түрде Батый хан болғанымен,Мөңке қаған (1251-1259 жылдары) билік жүргізген моңғол империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батыйдан бұрын қойған. Әуел баста-ақ Орда-Ежен тұқымынан оның орнын басқан адам Батый тұқымынан шыққан хандарға бағынған емес, өйткені олар бір бірінен өте алыста жатты,және өзара тәуелсіз мемлекеттер құрды деп жазады. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ сағасындағы ұлы Сарай қаласа еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда-Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабындағы Алакөл маңындағы, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Сонау Еділ сағасындағы Сарай қаласында отырған Алтын Орда хандары Ақ Орданы тек сөз жүзінде ғана басқарған болды, іс жүзінде әскери,саяси күш және билік Ақ Орданың өз қолында еді. Сол себепті шығыстың тарихи деректемелері Ақ Орданы Алтын Ордамен терезесі тең және одан өзгеше мемлекет ретінде сиппатайды [14, 320 б.].
XIV ғасырдың ортасында Ақ Орда мемлекеті бұрынғы Орда-Еженге қараған көп жерді өзінің қол астында сақтап қалды. Бұл кезде оған: Дешті Қыпшақтың тұтас шығыс бөлігі Орталық Қазақстан,Торғай өлкесі,Арал теңізінің төңірегі, Сырдария алабы түгел қарады. Бұл дәуірде Алтын Ордадан бөлініп,тәуелсіздік алған Ақ Орда хандығы феодалдық мемлекет ретінде күшейіп кемеліне түседі.
XV ғасырдың басында Ақ Орда ханы Орда-Ежен ұрпақтары мен Шағатай ұрпақтары арасында Жетісу өңірі мен Сырдария бойындағы қалаларға таласқан күрес басталды. Бұл Орталық Азия мен Қазақстан өңіріндегі шұрайлы да құнарлы қоныстар болатын [15, 5 б.].
Деректемелер мен зерттеушілер Монғол империясының (Еке Монғол ұлысының) мемлекеттік құрылысына сәйкес Орда-Ежен ұлысының Бату ұлысына қарағанда әуел бастан үлкен деп саналғанын атап өтеді, Рашид ад -Диннің Орда мен Бату және олардың ұрпақтары өз ұлыстарының тәуелсіз әміршілері болып табылады деген мағлұматы жоғарыда, келтірілді.Мөңке қағанның батыс ұлыстарға Қарақорымнан жіберілген жарлықтарында алдына Орданың,содан соң Батудың есімдері қойылған. Алтын Орданың тарихи географиясын зерттеуші В.Л.Егоров: Жошының ұлысы екі қанатқа бөлінді,ол іс жүзінде екі мемлекеттік құрылымға сәйкес келетін, -деп екі хан иеліктерінің дербестігін талай рет атап өткен.
Бірақ көп кешікпей Батудың ұлысы іс жүзінде сол кездің нақты жағдайында, атап айтқанда, жаулап алушылық үлкен жорықтардың, ұлысына жаңа елдер мен халықтарды бағындырып алудың нәтижесінде күштірек болып шықты. Өзіне туыс Жошы ұрпақтарының да тәуелділігі айқындалды. Рашид ад-Дин Орда ұрпақтарында мынадай ғұрып болды: олар Батудың мирасқорларын өздерінің патшалары және билеушілері деп санайды, олардың есімдерін өздерінің жоғарыдан берген жарлықтарында жазады , -деп атап көрсеткен.
Дегенмен де XIII ғасырда Орда ұрпақтары ұлысының билеушісі Бату хан ұрпақтарына бұл тәуелділігі формалды түрде болды. Іс жүзінде екі иелік сыртқы саяси және экономикалық мүдделері әр түрлі дербес мемлекеттер еді,-деп жазады В.Л. Егоров ол Көк Орданың толық экономикалық тәуелсіздігін де атап өткен [16, 73- 74б.].
Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің 80-жылдардың аяғына қарай қалыптасқан,құрамына Қамар ад-Дин Енге төре, ал 1389 жылдан- Моғолстанның жаңа басшысы Қызыр-Қожа хан және Тоқтамыс кірген саяси одағы Ақ Орда мен Моғолстанның бытырап кеткен саяси және әскери күштерін бір жауға қарсы біріктіруге мүмкіндік алды. Одақ Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан халқын тәуелділікке түсіруге, Дешті Қыпшақ, Жетісу және Тянь-Шань өңірі аумағындағы мемлекеттердің шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға тырысқан әрекеттеріне қарсы бағытталды.
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтай отырып және дәстүр бойынша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп қонудың қалыптасқан тәртібін орнықтырды. Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді қалпына келтірді.
Ақ Орданың соңғы ханы Құйыршықұлы Барақ 1423-1428 жылдары билік жүргізді. Ақ Орданың жеке дара билігі 1226-1428 жылға дейін 202 жыл бойы үзілмей жалғасты [17, 40 б.].
Атадан қалған мирас бойынша Ақ Орда билігіне тек Орда Еженнің ұрпақтары ғана тақ мұрагері бола алды.Орда Ежен әкесі Жошыдан қалған қара шаңырақтың иесі,жеке дара билеуші болғандықтан Орда Ежен ұрпақтары Жошы ұлысы державасы билігін Әмір Темірдің әскери көмегіне сүйеніп Тоқтамыс басып алып өзі және ұрпақтары бірнеше жыл билік жүргізген.
Көшпенді өзбектер билеушісі Шайбани Әбілқайыр Ақ Орданы басып алған бірнеше жылды айтпағанда 1226 жылдан 1822 жылы Қазақтың хандық билігі жойылғанға дейін Ақ Орда және Қазақ хандығын Орда Ежен-Орыс ханнан тараған қазақ хан әулеті билеп келді. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы 1840 жылдары жүргізген қажырлы күресінің арқасында дүйім қазақтың басын біріктіріп Қазақ хандығын қайта құрды.Ол да Орда Ежен- Орыс ханның ұрпағы және қазақтың соңғы ханы.
Ақ Орда тарихы күрделі. Оның мән жайын ол тарихпен арнайы шұғылданған ғалымдар ғана көрсете алады. Ақ Орда тарихы кеш зерттелгендіктен оқу және ғылыми әдебиетте Алтын Орданың бір бөлігі есебінде қарастырыла берген [18, 15 б.].

1.3 Ақ Орданың дамуы
Монғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт өте келе біртіндеп жойыла берді. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық өңір мен Жетісудың Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары қалпына келтірілді.
Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында жергілікті түрік жіне түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті. Халық бұқарасының монғолдар тәртібіне наразылығын пайдалана отырып, Жошы мен Шағатай ұлыстарында түрік шонжарлары Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси бірлігін орнату жолында күрес жүргізді.
XIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы даланы, Еділдің батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды, және Хорезмнің солтүстік бөлігін қамтыған батыс бөлігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады; Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы кең-байтақ аумақты қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ Орда құрамына кірді.Алтын Ордада- негізінен Батый ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірдің ұрпақтары билік етті [19, 50 б.].
Жоғарыда атап өтілгендей, Орда-Еженнің иеліктері мен Алтын Орданың арасында орналасқан Қазақстан аумағы Шайбани мен оның ұрпақтарына бағынышты болды. XIV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды. Мұнда Орда-Ежен әулеті өкілдері билігінің осы аумаққа да таралуымен түсіндіруге болады,мұны мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Ақ Орда-монғолардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп келе жатқан және монғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген, сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түркі тілдес тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар наймандар,үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар, және басқалар мекендеген.
Сонымен, XIV-XV ғасырларда деректемелерде Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Қазақстан даласының,Сырдарияның төменгі және орта ағысын қоса алғандағы кең байтақ аумағы, яғни Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жері Ақ Орда деп түсінілген.Алтын Орда жай ғана Орда немесе Еділ Ордасы деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік-шығысындағы далалық аумақ Көк Орда немесе Жайық сырты Ордасы деген атаумен көрсетілген, ал орыс жылнамаларында Ақ Орда ұғымы пайдаланылмаған.
XIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің және Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру сарыны күшейді. Ақ Орда билеушілерінің әкімшілік орталығын өз иеліктерінің оңтүстік шет жағына, Сығанақ қаласына аударғаны кездейсоқ емес [20, 10 б.].
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға,Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылыған сақтап, ұстана отырып және дәстүр бойынша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп қонудың қалыптасқан тәртібін орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді қалпына келтіруге қадамдар жасады.Му ин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz