Абай мен Әл-Фарабидің тәңір түсінігіндегі сабақтастықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Әл-Фараби және Тәңір . . .

1. 1 Әл-Фараби философиясындағы болмыс концепциясы . . .

1. 2 Әл-Фарабидің «алғашқы себеп» түсінігі . . .

1. 3 Бар болуы міндетті және мүмкін болмыстар . . .

2. Абаймен әл-Фарабидің тәңір түсінігіндегі сабақтастықтары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Әлем жұртшылығына белгілі Абу Насыр әл-Фараби бүкіл әлемге өзінің шығармалары арқылы кеңінен танымал болғаны барлығымызға мәлім. Менің ойымша рухани-имандылық тәрбиеге сұраныс арта бастаған өлкемізде ұлы бабамыз әл-Фарабидің рухани адамгершілік және имандылық тәрбие мұрасын танып білу, оны жас ұрпаққа үйрету маңызды бір іс болып табылады. Сонымен қатар елімізде болып жатқан мәдени-этикалық, әлеуметтік және тағы басқа өзгерістер халыққа білім мен тәрбие беру жұмысын өзгертіп отыр. Мәдени-этикалық білім берудің негізгі мақсаты қалыптасқан рухани құндылықтарға әділеттілікті уағыздап, даналарды құрметтеу негізінде адамдарды тәрбиелеу болып табылады. Бұндай мақсаттар кейінгі жастарға тәрбие беру жүйесін толықтырып, жетілдіруді қажет етеді. Егеменді ел болуымыздан алдын діни тәрбие жүйесі Кеңес Одағы идеологиясы үстемдігінде болғаны анық. Ол кезде халыққа тек атеистік тәрбие ғана берілді. Жетпіс жыл көлемінде халыққа берілген мұндай тәрбие кері әсерлерін тигізді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана рухани-имандылық тәрбие принциптері үйретіле бастады. Тәуелсіздікті нығайтуда жас ұрпақты осы айтылған адмгершілік және имандылық тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы Кеңес Өкіметі уақытында жоғалтқан имандылықты қайта жаңғырту маңызды бір іс. Мұндай жауапкершілікті қажет ететін маңызды істер бұрын қалыптасқан даналық бай рухани тәжрибеге сүйенуді керек етеді. Соның ішінде ұлы дана бабамыз әл-Фарабидің рухани имандылық тәрбие мұрасы ерекше орын алады.

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ

топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл талай адамзаттарды бүкіл шығыс-араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу-Насыр әл-Фараби. Бұл зеріттеу жұмысымызда әл-Фарабидің

тәңір туралы көзқарасын қолға алып отырмыз. Шығыс және батыс ойшылдарының шығармалары негізгі тақырыпты түсінуде бізге көмек болғандықтан оларға белгі қалдырдық. Қазіргі таңдағы философиялық ағымдар сыртқы әлемнің жаратылысы мен байланысты көзқарастарға сүйенген астрономиялық зерттеулерде де тәңір тартысылатын бір тақырып болып табылады. Ислам философиясы дегенімізде ақылға бірінші келген әл-Фараби болғандықтан бұл тақырыпта оның пікірлерін талқылау өте маңызды болып отыр. Біз бұл жұмысымызда Әл-фарабидің тәңір туралы көзқарасын түсіндіру үшін алдымен оның болмыс туралы пікірлерін қарастырдық. Бұл бізді оның философияға ие болған мүмкіндік (мумкину’л-вужуд) және бар болуы міндетті (уажибу’л-вужуд) болмыстар терминін зерттеуге жетеледі. Осылайша ортаға шыққан бұл екі түр болмыс арасындағы қатынастың уақытын білдіру үшін уақытты да қарастырдық. Осыдан кейін Әл-фарабидің тәңір туралы пікірлері мен оған берген анықтамаларын қарастыруды мақсат еттік. Негізгі бөлімде тәңірдің бар болуының дәлелдері және Әл-фарабидің «алғашқы себеп» түсінігін қарастыруды мақсат еттік. Біз әл-Фарабидің ілімі мен еңбектерін не үшін зеріттеуді мақсат етіп отырмыз және олардың дүние танымын зерделеп, оны жастарымызға танытуға тырысамыз? Себебі бұл біздің тарихымыз, өткеніміз және бүгініміз. Біз одан қол үзіп кете алмайтынымыз ахиқат. Адамзат әлемінде өз болмысы мен тәңірін таныта алмаған ұлт, ата-бабасының ізденістері мен еңбектеріне құрмет көрсетпеген ұлт болып табылады. Біз сол тұлғалар арқылы әлемге өз мәдениетіміз бен тарихи жетістіктерімізді таныта аламыз.

Негізінде әл-Фарабидің тәңір туралы көзқарасын жақсылап түсіну үшін ойшылымызға үлкен әсерін тигізген көне грек ойшылдарының, оның ішінде Аристотельдің болмыс көзқарасын қысқаша атап өткеніміз жөн болар. Аристотель «Метафизика» атты еңбегінде болмыс тақырыбын зерттеген. Оның ойынша болмыс екіге бөлінеді. Олар міндетті болмыс және мүмкін болмыс. Аристотель біріншісінің болмысына екіншісін дәлел ретінде көрсетеді. Аристотельдің ойынша мүмкін болмыс бар болуы мен жоқ болуы мүмкін болған болмыс болып табылады. Ал міндетті болмыс болса, бар болуы міндетті болған болмыс болып табылады. Яғни міндетті болмыстың жоқ болуы түсініксіз бір жағдайға әкеледі. Осы міндетті болмысқа Аристотель тәңірді жатқызады. Сонымен қатар Аристотель Тәңір көзқарасында бір алғашқы әрекет еттіруші болмыстан сөз етеді. Яғни тәңір барлық нәрсенің тек алғашқы себебі ғана болып табылады. Оның ойынша тәңір: 1. Тәңір әрекет жасайды. 2. Тәңір ешнәрсеге мұхтаж емес. 3. Тәңір жалғыз, оның екеу немесе оданда көп болуы мүмкін емес. Егер тәңір екеу болса, онда олардың арасында келіспеушіліктер туатын еді. Сол себептен де тәңір жалғыз.

  1. Әл-Фараби және Тәңір

1. 1Әл-Фараби философиясындағы болмыс концепциясы

Әл-Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар аңыз-шыны аралас болып келеді. Фарабидің толық аты-жөні Әбунасыр Мұхамед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарда (Арабтардың Бараба-Фараб деп атап кеткен) дүниеге келген. Осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Кейде оны жәй ғана «Тархани» деп те атайды. Кейбір деректерде қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылдыққа ауысқан Түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басшысы болған. әл-Фараби оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін одан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмар болған зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, медецина мен мантықты хрестиан оқымыстысы Юханна Ибн Хайлана, ал жаратылыстану ғылымдарымен грек тілін атақты аудармашы Әбу Барш Маттадан үйренеді. /1/12-бет. Фараби түркі, араб, парсы, грек, және т. б. тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 72 тіл білген деп те айтылады. Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, орасан зор табыстарға жеткен ойшыл. Ол, әсіресе грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотелдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Бір аңыз бойынша ол Аристотелдің «Жан туралы» дейтін еңбегін 100 рет, «Табиғи гормониясын» 40 рет, «Риторикасын» 200 рет оқыған көрінеді. Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, «дүние жүзінің ұстазы» деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істеді, кейіннен Дамаскіде, содан кейін Алеппода «Сирия» әміршісі Сайф әд-Дауланың қарамағында болды. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылданған. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезде күндіз қала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, түнде тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. /2/23-бет. Шығармаларымыздың кейбірі Фарабидің, Шамда өмір сүруі үшін бір бақшаның қарауылы болғанын айтса да, бұл туралы болмауы мүмкін. Өйткені Сейфу-д-Девле ал-Хамадани сияқты бір сұлтанның қарамағында болған және айтылғандай одан әр күн төрт дірхам айлық алған Фараби сияқты ғалымның бұған мұқтаж еместігін көрсетеді. Кейбір жазушылардың Фараби жайында осындай бір аңыз айтуларына себеп, айтылғанына қарағанда оның әсіресе Шамда сопы сияқты өмір сүруі және кітаптарын жазғанда шәкірттеріне фәлсафа дәстүрін бергенде су басында, ағаштардың астында отыруы да мүмкін. Фараби қарапайым өмір сүрген, жұпыны киініп ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан. Фараби көп дәріс алған. Тіл білімі, философия, музыка, математика, астрономия т. б. заманының ғылымдарын үйренген. Фәлсафа ғылымында жетік және үлкен мәртебесі себебімен Аристотель біріншісі болып, өзіне Ислам әлемінде «Әль-Муаллиму-с-сани» екінші ұстаз деген мағынада Латын әлемінде де лақабы берілген. /3/ 103-бет. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. «Мұсылман ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-фарабидің шығармашылығында антик замандағы дәстүрдің және «бірінші ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері неоплатонизмнің, несторионшылдықтың әсері мен исламның әсері Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше болғаны оның Аристотель ілімінің формальдік жағын ғана емес, сонымен қатар диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі. Сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді. /4/174-бет.

Фараби Аристотельдің, Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Риторика», «Метафизика», «Герменевтика», «Поэтика» және тағы басқа еңбектеріне түсіндірмелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды.

Қорытындылай келе: Фараби түрік сияқты өмір сүріп, түрік сияқты жүретін еді. Орта ғасырдағы әрбір Европалы ойшыл еңбегін, Европаның ортақ мәдени тілі болған латынша жазғаны секілді, Фарабидің де шығармасы араб тілінде жазылады. Фараби хижри 339 жылы Ражаб айында, милади 950 жылы желтоқсанның аяғында Дамаскіде қайтыс болған. Тарихшы ибн Халлаканың айтуынша, Дамаскінің «Баб ас- Сағир» (кіші дарбаза) мазарына қойылған көрінеді. Фарабидің өлімі Сейфуд - Дефлеге оңай тимеді. Осы сұлтан Түрік философының жаназа намазына қатысқан екен. /5/13-бет.

Фарабидің шығармалары:

Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу керектігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар» және тағы басқа сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық және логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шыққан. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізген. Фарабидің метафизика, тіл білімі, логика, психология, география, этика және тағы басқа ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуына із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер шындығында адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың қатарына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын Иран, Үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл сондықтанда ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. /6/12-бет.

Әл-Фараби әлемнің философиялық концепциясын «метафизика» деп атаған. Метафизика болмыс пен білімнің негізгі принциптері туралы оқытуды негіздейді. Фараби метафизиканы кейде «Тәңірлік ғылым» деп те атайды. Ол таңдаулы түрде Аристотельдің түсінігі бойынша неоплотондық компоненттерді ашықтайды. Оның жазбаларында Аристотельдің екі түрі бар: бірі неоплотондық; екіншісі еркін болған; бұл екеуінің пайда болуы да кездейсоқ емес. Негізінде әл-Фарабидің философиясында эманацианизм мен неоплатонизмнің ізі де жоқ. Аристотельдің неоплатондық вариантын Фараби «Платон мен Аристотель секілді екі философтың ортақ көзқарастары» атты трактатта айтады.

Неоплатонизмге келсек, ол да араб халифатының рухани өмірінен орын алады. Неоплатонизм болмыстың иерархиялық құрылысы, ерекше әлем концепциясы, рухтың өлімсіздік концепциясы мұсылмандық рухына жауап берді (яғни осылар жағынан ұқсас болды ) . Бірақ кейбір нәрселерде айырмашылықтары болды. Исламда абсолют өзінше тұлға. Ал неоплатонизм абсолюттың жеке тұлғалық жағын терістейді. Неоплатонизм әлемнің мәңгілік екенін айтады. Ал ислам болса әлемнің жоқтан жаратылып соңы бар екенін айтады.

Негізінде метафизика үш бөлімге бөлінеді. Біріншісі бар болған заттар мен нәрселерді қарастырады; екіншісі теориялық жеке ғылымдардың негізгі дәлелдерін қарастырады, бұл ғылымдардың әрқайсысы ерекше болмыстарды қарастырады; үшіншісі белгілі бір дене бітім формасы болмаған, өмір сүретін материалды емес заттарды қарастырады. Үшінші бөлімнен діннің дүниетанымдық принциптері ортаға шығады. Негізінде неоплатонизмде де Фарабиге жақын тенденциялар бар. Бұның ішінде ең негізгісі барлық болмыстан, барлық танымнан жоғары тұрған Бірлік идеясы. Философтардың әлемнің өмір сүруін түсіндіргенде себептілік принципіне жүгенуі нәтижесінде болмыстың алғашқы себебіне келіп тоқталады. Бірақ алғашқы себеп болмыстың бір бөлігі болып табылады. Оның құдіреттілігі материалдық әлемде емес, интеллектуалдық потенциалда пайда болып жатқан. Мұндай пікірлер ислам теологтарының ашуын келтірген. Әл-Газзали былай деген: «Философтардың қайсысы болмасын және қандай дәрежеде болмасын барлығында да күдікшілікпен құдайсыздық бар». Шынында да күдікшілік, дінді логикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан көптеген философтар да болған. /7/33-бет.

Ислам догматтарымен алғашқы болып каламшылар айналысқан. Олар алғашқы және кейінгі болып бөлінген. Алғашқыларын мутазилиттер деп ал кейінгісін мутакаллимдер деп атаған. Мутазилиттер (терістеушілер) исламның негізгі принциптерінің кейбіреулерін қабылдамаған. Бірақ олардың сенімдерінде ешқандай атеистік көзқарастар жоқ. Олар таза монотеистік көзқарасты ұстанған және Тәңірдің әділдігін қабылдап, антропоморфтық жағын терістеген. Яғни олардың пікірі бойынша Тәңір жамандықты жаратпаған, егер жамандықты жаратқан болса онда ол мейірімді және кәміл(толық) болмайтын еді дейді олар. /8/41-бет.

Негізінде 19-шы ғасырда өмір сүрген түріктің атақты ғалым философы Саид Нурси былай деген: «жамандықты жарату, жамандық болмайды; тек оны кәсіп қылып сонымен айналысқан жамандық болып табылады». Мысалы: Адамзатқа көп пайда тигізген жаңбыр, егер біреуге зиян тигізетін болса, ол адам жаңбырды зиянды нәрсе деп айта алмайды. Яғни үлкен бір пайда үшін кішкене зияндықтар қабыл етіледі. /9/451-бет.

Әлемнің жаратылысы туралы мутазилиттердің ойынша Тәңір әлемді еркімен жаратқан, бірақ уақыт ішінде жасалған. Әлемде өмір сүру мен бар болуды ажырату керек. Тәңір болмысты жарата отырып оған өмірді берген. Болмыстар Тәңірден жан алғаннан кейін (яғни өмір сүре бастағаннан кейін) өзінің заңдылықтарымен дамиды. Ал Тәңір оның ісіне араласпайды. Алғашқы өмір сүруші барлық өмір сүрушілердің алғашқы себебі болып табылады. Ол барық кемшіліктерден пәк, ал одан басқа барлық нәрседе кемшілік бар. Алғашқы болмыстың алғашқы себебі тек ол үшін сыртқы себептің болмауы мен ғана дәлелденеді. Сол үшін әл-Фараби былай деген: «Ол басқа бір нәрсе үшін өмір сүрмейді, басқа нәрселер де одан басқа нәрселер үшін өмір сүрмейді». Алғашқы өмір сүруші өзінде шындықты, тіршілікті және өмірді қамтиды. Барлық нәрсе содан бастап шығады.

Әл-Фарабидің эманация теориясы неоплатонизммен ұқсас болған. Бірақ кейбір жерлерде айырмашылықтары да бар. Неоплатондықтар эманацияны материяның түбіне жетіп қараңғылыққа айналып кетеді деген. Ал әл-Фараби оны әрекетті ақылмен шектеп, материалдық әлемді жарық және қозғалыс күштерімен толы деп анықтайды. Білімнің универсалды(әмбебапты) пайда болуы Тәңірлік болмыстың эманациясы арқылы болады. /10/36-бет.

Платонның ойынша болмыс бар болуы міндетті және шектеулі болмып екіге бөлінеді. Ол бұл әлемді шектеулі болмыс деп санайды. Себебі ол әлемді жамандық немесе жоқтық(бос) деп санамайды. Ал идеялар әлемін міндетті болмыс деп санайды. Ол да болса әлемді соңсыз, жақсылықпен сұлулық ретінде көрудің нәтижесі болып табылады. Платонның ойынша идеялар әлемінен болған барлық нәпсі, жіберілу байланысы және бөлшектердің бірінде бұл әлемге қатысты болады. Соңында Платон бұл әлемнің бар болуын идеялар әлеміне сүйендіреді. Адамдардың бақытты болуы да идеялар әлеміне байланысты дейді.

Аристотель өзінің «метафизика» атты еңбегінде болмысты бар болуы міндетті және мүмкін деп екіге бөліп қарастырады. Мүмкін болмыс ортаға шыққан кезде басқа бір нәрсе арқылы болады. Себебі егер ортаға шығу жағынан өздігінен болса, ақылдың алдын-ала ойлауы керек болады, ал өздігінен болған нәрсе кейінге қалмайды, кейіннен болмайды. Ол бар болу жағынан басқасына мұхтаж болады. Болмыстың болу мүмкіндігі мына келесі мағыналарға келеді: 1. Бар болу үшін қабілетті болу, бар болған уақытта да бір түрден басқа түрге ауыса алу. 2. Бар болған уақытта әрекет жасау; т. б. Аристотель мүмкін болмысты материя және заттың негізі деп те атаған. Материя мен негіз пайда болу мен ойлану үшін бір қабілет болудан басқа ешнәрсе емес.

Ал міндетті болмысқа келсек, ол мына мағыналарға келеді: 1. Ол әрекет жасамайды; ал уажиб(міндетті) болса әрекетті түрде бар, ортаға шыққан. 2. Басқасына мұхтаж емес, ол өздігінен бар; 3. Ол бір қалыпты тұрады, яғни өзгермейді. 4. Ол жалғыз, егер көп болса арасында қайшылықтар болатын еді. Яғни міндетті болмыс әрекетсіз болу керек, өздігінен бар, ешкімге және ешнәрсеге мұхтаж емес, бір ғана жағдайда қалу керек және жалғыз болу керек. /11/137-бет.

Негізінде философия тарихшыларының ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдық саяси ой-пікірлердің нағыз көшбасшысы әл-Фараби болған дейді. Фарабидің өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп, алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз заңдылықтарымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген деген идеяны қуаттайты. Бұл әрине мутакаллимдердің жақсылық та жамандық та құдайдан деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты күпірліктері, қателері үшін Фарабиді қудалаған кездері болған. Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастары нақтылы тарихи жағдайда, белгілі дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктерін дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қоймаған болатын. Сондықтан орта ғасыр заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек Фарабидің философиялық ілімі негізінен дүниені бар құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. /12/17-бет.

Әл-Фараби мен имам Газалидің еңбектерін салыстыра келіп Ш. Маржани мынандай қорытындыға келеді: Бұл екеуіде ғылымда, адамдық жолында, шындықты іздеуде біріне бірі ұқсас, бірін-бірі толықтыратын ғұламалар. Екеуіде бағыттары басқа бола тұрса да ұлы ұстаздар. Газзалидің Фарабиге тым қатаң сөздер айтуы оның адамдық басына емес философия атына деп білу керек. Бірақ философияны сынап, оған қарсы бола тұрып Газзалидің өзі сол философияға зор қызмет көрсеткен. /13/89-бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Абай құнанбайұлы туралы
Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz