Мұнай секторындағы құлшыныс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті
Халықаралық қатынастар және тарих кафедрасы

Халықаралық қатынастардағы мұнай-газ жүйесі

Курстық жұмысы

Халықаралық қатынастар теориясы пәні бойынша

Орындаған:
ХҚ- 41 тобының студенті Жакитова Г.

Тексерген:
.

Көкшетау 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I ТАРАУ. АЛҒАШҚЫ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫ МЕН МҰНАЙ ЭКСПОРТЕР ЕЛДЕР ОДАҒЫНЫҢ
(ОПЕК) ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Мұнай секторындағы құлшыныс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.ОПЕК, ОАПЕК- тің құрылуы, негізгі
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
II ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРДЫҢ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. 1973 жылғы Энергетикалық дағдарыстағы ОПЕК елдерінің жалпы жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.2. Халықаралық қатынастардағы жалпы энергетикалық фактор ... ... ... .16
2.3.Энергетикалық дағдарыстан кейінгі энергетикалық
фактор ... ... ... ... .20 III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ ПОТЕНЦИАЛЫ ШАРТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ИГЕРІЛУІ МЕН
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1. Қазақстан Республикасының Мұнай-газ потенциалы шарттарының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...22
3.2. Мыңжылдықтар тоғысындағы
Каспий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .28 ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.30

КІРІСПЕ

Алғашқы онжылдықта әлемдік экономикадағы болып жатқан өзгерістер,
өндірістік процесстердің интернационализациясына, сыртқы экономикалық
қатынастардың либерализациясына, экономиканың көбісінің ашықтылығына
байланысты және де бұл шетелдік пен Ресей ғалымдарының қарастырылуына
негізгі салаларының біріне айналды.
70- ші жылдардан бастап халықаралық қатынастардағы қарқынды ролді
араб елдер аймағындағы мұнай өндіруші елдер атқарады. Бұл процесс өз
бағытын элемдік саяси экономикалық жүйедегі исламдық модельдің дамуында
тапты. Сондықтан да бұл модельдің негізгі ерекшеліктері жаңа ғылыми
ашылыстың құрылуына маңызды болып табылады.
Қарастырып отырған тақырыбымыздың өзектілігі: біріншіден, қазіргі
кездегі мұнай картельінің дамуына байланысты экономикадағы маңыздылығы;
екіншіден, Жер шарындағы мұнай кен орны мен өндіріске бай араб елдерінің
стратегиялық маңыздылығы сақталды. Бұл фактор жылдан жылға өсуде, оның
салдары, әлемдік экономиканың мұнай мен газ өнімдерінің сұранысы, сонымен
қатар бұл өнімдердің экспорттық жағдайының жақсаруы және тағы басқалары.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты халықаралық қатынастар жүйесіндегі
мұнай саясатын талқылау.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Алғашқы мұнай кен орындары мен мұнай экспортер елдер одағының (ОПЕК)
құрылуын зерттеу;
- Халықаралық қатынастардағы энергетикалық фактордың рөлін талқылау;
- Қазақстан республикасының мұнай-газ потенциалы шарттарының құрылуы:
игерілуі мен дамуы – деген сияқты мәселелерді зерттеп қарастыру болып
табылады.
Мұндағы мұнай саясаты дегеніміз тек қана мұнайдың сасаяттағы ролі емес,
сонымен қатар оның алғашқы қорлары, өндірісі, өнімділігі, маңыздылығы, жыл
сайынғы сандық пайыздары болып табылады. Мысал үшін, ОПЕК- тің құрылуы,
ОАПЕК- тің құрылуы, олардың негізгі мақсаттары мен уставтары, дағдарыс
кезеңінен өткен кездері және тағы басқалары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. История международных отношений под
редакций Г.В. Каменской. Тура осыған ұқсас басқа әдебиеттерге қарағанда,
осында көбінесе хронологиялық аспектілерге көп мән берген. Сыртқы саяси
мәселелер тарихи, мәдени, әлеуметтік, экономикалық жағынан талқыланған.
Әлемнің глобализация процессіне және геосаяси қайта құрылуына байланысты
халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа тенденциялардың дамуы ашылады.
А.В. Торкуновтың Современные международные отношения и мировая
политика атты кітабында - әлемдік дамудағы көпуақыттық тенденциялардың
мәні мен өзектілігін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі мен құрылымының
дамуын, әлемдік саяси дамудың заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл кітабында
қауіпсіздік мәселесіне, сонымен қатар этносаяси қақтығыстар, терроризмге
қарсы күрес, баршалықты жою қаруын тарату сияқтыларға көп назар аударған.
Қазіргі әлемнің негізгі аймақтарындағы халықаралық қатынастар дамуын
нақтылап көрсеткен және де сыртқы саясаттағы ең негізгі мәселелер мен
сұрақтарды қарастырған.
Восток, Запад, Север, Юг атты кітабының авторы Гейр Лундестад
Ослодағы Нобель институтының директоры, аса танымал халықаралық қатынастар
бойынша норвеждік маман. Гейр Лундестад өз кітабында қырғи- қабақ соғыстан
кейінгі әлемдегі жағдайға көп көңіл бөлген. Бұл әрине, глобализация
процессі, ұлы державалардың арасындағы қатынас, жергілікті соғыстар,
этносаяси қақтығыстар, халықаралық терроризм және тағы басқа сол сияқты
мәселелерді қарастырған.
А.М. Родригес Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы атты кітабында
Азия және Африка елдерінде болып жатқан этносаяси, әлеуметтік- экономикалық
жағдайларды қарастырды.
Н. Ә. Назарбаевтің Сындарлы он жыл атты кітабында Каспий мәселесі
мыңжылдықтар тоғысындағы Каспий бөлімінде толық қарастырылып, көрсетілген.

А.Д. Воскресенская редакциялаған Восток, Запад атты кітабы
Ресейден, Қытайдан, Үндістаннан алынған авторлардың ұйымымен құрылған.
Бұнда халықаралық қатынастар жүйесіндегі геосаяси сұрақтарды қарастырады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қосымша
мәліметтерден тұрады.

I ТАРАУ. АЛҒАШҚЫ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫ МЕН МҰНАЙ ЭКСПОРТЕР ЕЛДЕР ОДАҒЫНЫҢ
(ОПЕК) ҚҰРЫЛУЫ

1.1. Мұнай секторындағы құлшыныс

Мұнай секторындағы құлшыныс 1950 жылы, Арамко Сауд Аравиясымен
табысты 50х50 негізінде бөлісіп алуға келісімін берген кезде орын алды.
Чилида да христиан демократы Эдуардо Фрей 1970 жылы билікке Альенде
келгенше дейін, солтүстік американдық мыс кен компанияларының мешіктеуін
жүргізе бастады. Уақыт өте келе де, керітартпа лидерлер өздерінің түбегейлі
басқару істерін жалғастырады. 1953 жылы Ирандағы Мосаддык лауазымынан
түсірілді; Иран шахы қолбасшылығындағы жаңа батыстық үкімет мұнай
компанияларының табысындағы елдік үлесін 1954 жылы 68 пайыздан 1970 жылда
80 пайызға дейін ұлғайтты. Венесуэладағы Хименес диктаторы және Бетанкур
сияқты реформистік күштері үлестің 1950 жылы 51 пайыздан 60 жылдарғы дейін
70 пайызға дейін ұлғаюына өз ықпалдарын тигізді. [1, 337 б.]
Африкадағы Юниливер ағылшын – голландиялық топтың қызметін
зерделеген тарихшы Дэвид Филдхаус күшті үкіметтер трансұлттық
компаниялардың қызметіне зор ықпалдарын тигізе алатыны туралы тұжырымдама
жасады. Егер де үкіметтер осындай талап пен қабілеттерін танытпаса, әрине,
нәтижелер де болмас еді. Үкіметтер шетел капиталының, болашақта оның
жергілікті капиталмен серіктесуі үшін кіргізу шарттарын ескеретін болды.
1951 жылға дейін осындай шектеулерге үшінші әлемде қызмет етіп келе
жатқан, американдық компаниялардың 17 пайызы ғана түскен еді. 1971 – 1975
жылдар аралығында осы санатқа жаңа американдық нақты шамалы
кәсіпорындарының 38 пайызы түсті. Еуропалық фирмалардың сәйкес келетін
көрсеткіштері сәйкес 15 және 49 пайыз болса, жапондық фирмалар үшін – 29
және 82 пайыз болған еді. [1, 337 б.]
Сөйтіп, 1982 жылы үшінші әлеммен сауда – саттыққа Батыс елдерінің
индустриалды экспортының 25,2 пайызы және олардың импортының 27,2 пайызы
келген кезде, аталған осы елдер Оңтүстік экспортының 66,5 пайызының және
оның импорт көзінің 61,2 пайызының сатып алушылары болып келді. Соңғы
жылдары Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы тәуелділіктің белгілі азаю
тенденциясы айқын байқалғанымен, әлі де араларындағы дисбаланс анық
бейнеленеді. [1, 337 б.]
Бірақ бір қатар көрсеткіштер бойынша кері тәуелділік байқалған еді.
Солтүстік Оңтүстікке қарағанда кейбір стратегиялық тауарлар, мысалы, мұнай,
хром, мыс, марганец, никель, қалайы, фосфаттар және т.б. облысында аса
осалды. Жалпы айтқанда, Жапония Батыс Еуропаға қарағанда, аталған
тауарларға аса тәуелді, ал ол өз кезегінде Құрама Штаттарына қарағанда аса
осал келеді.
Күштердің өзгертілген сәйкестігі өзінің соңынан маңызды өзгерістерді
елітеді, әсіресе мұнай жөнінде іс қозғалған шақта. 1960 жылы дамып келе
жатқан елдер қатарындағы мұнай өндірушілері мұнайды экспорттайтын елдер
Ұйымына (ОПЕК) бірікті. Батыстың өнеркәсібі жағынан дамыған елдерінде
мұнайды пайдалану үнемі жоғарлай түсті. Өнеркәсібі жағынан дамыған елдерде
өзіндік өндіру бойынша мұнайға деген сұранысты қанағаттандырмағандықтан,
сәйкес импорттауға деген тәуелділік жоғарлай бастады. Бұл жоғары дәрежеде
ұзақ уақыт өз мұнаймен базар болған, бірақ 1977 жылы олармен
пайдаланылған көлемнің жартысындайын импорттауларына тура келген Құрама
Штаттарыны әсерін тигізді [16,95 б].
Бұл 1973 жылғы таяушығыстық дағдарыс кезіндегі араб елдерінің
ынтымақтастық әрекеттерінің нәтижесінде ұлғайған ұзақ мерзімді тенденциялар
ірі бағамдардың жоғарлауына әкеліп соқтырды. 1973 – 1974 жылдары ОПЕК
бастамасымен бағалар төрт есеге дейін жоғарлады. 1978 – 1979 жылдары
бағамдар таға да екі есеге жоғарлатылды. Бұл жолы стимул болып шахты
құлатудан кейінгі иран мұнайы экспортталуының күрт түсуі табылды.
Мұнай соққысы өнеркәсібі жағынан дамыған елдерді есенгіретті. Мұнай
бағасының жоғарлауы бірнеше жыл аралығында өсіп келе жатқан инфляция
қарқынының одан әрі жоғарлауына әкеп соқтырды.
Мұнай өндіруші елдердің 1973 – 1974 жылдардағы бағамдарды белгілеу
бойынша оң әрекеттері басқа да ауыл шаруашылық және минералды шикізат
өндірушілердің арасында да зор күтімдерді туындатты. Мыс, бокситтер, темір
рудасы, мәуіз және кофе сияқты өнімдерді өндіруші картелдері құрылып, қайта
жасақталды. Дамыған елдер жаңа экономикалық тәртіпті орнату үшін шикізаттық
факторды пайдалануды тырысып көрді.
Бірақ уақыт өте келе, ОПЕК іс - әрекетін қайталау ешкімнің қолынан
келмейтініне көздері жетті. 1974 – 1975 жылдардағы экономикалық құлдырау
Батыс елдеріне айталықтай әсерін тигізгенде, басқа картелдер жоғары
бағамдарды сақтап қала алмады. Өндірушілер арасында айталықтай
келіспеушіліктер туындады. Сөйтіп, бокситтерге қатысты Ямайка, Суринам және
Гайана бағамдарды жоғарлату үшін өндіруді азайтса, Австралия мен Гвинея,
керісінше, өндіруді ұлғайтты. Басқа картелдерде өнімдердің жылдам бүлінуіне
немесе өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің алмастырушыларды пайдалана алу
мүкіндіктеріне байланысты қосымша қиындықтар туындады.
1980 жылы шыңға жетіп, мұнайдың бағамы келесі онжылдықта түсті. Бұл
көптеген факторлармен түсіндірілді: жоғары бағамдарға байланысты сұраныстың
төмендеуі, экологиялық проблемаларды шиеленісуі, ОПЕК ішіндегі
ынтымақтастықтың нашарлауы, мұнай жеткізушілердің артықтығы, ОПЕК құрамына
кірмейтін елдермен мұнай өндірудің елеулі ұлғаюы және т.с.с. Мұнай
бағамдарының тербелісі көптеген индустриалды елдердің бағаға тәуелді болу
проблемаларын сезінуге мәжбүрлетті [1, 338 б]. Бірақ индустриалды елдердің
мұнайға тәуелділігі дамып келе жатқан елдердің бір немесе бірнеше
экспортталатын өнімдердің бағамдарға нақты толық тәуелді болуымен
салыстырғанда сондай күшті болған жоқ.
Көптеген дамып келе жатқан елдер импорт, сондай – ақ азық – түлік,
бірінші кезекте бидай тауарларымен зор тәуелділікке душар болды. Егер де
кейбір ірі Азия елдері өзіндік қамтамасыз етуге қол жеткізсе, ал Африкадағы
жағдай ушығып тұрды. Африкандық елдермен бидайды импорттау 1960 – 1963
жылдарда 1,2 млн. тоннадан 1980 жылы 8 млн. тоннаға дейін өсті. Бұған
қарамастан, Африка елінің 60 пайызы 200 млн. адам күнделікті аз калория
пайдаланады. Бұл БҰҰ нормаларына шаққанда, өмір сүру үшін жеткіліксіз.
Әсіресе, 1983 – 1985 жылдар аралағындағы Эфиопия және Судан елдерінде
жағдай өте ауыр болды. Ауыл шаруашылық дағдарысының борыштық
дағдарыстағыдай көптеген себептері болды. Жоғарыда айтылғандай, колониялды
елдер экспортқа басымдық танытты; Африка қатты құрғақшылыққа тап болды;
түрлі үкіметтер қала және тұтынушылар мүдделеріне қолайлы және
африкандықтардың 60 пайызы ауыл шаруашылығымен қамтылып отырғанына
қарамастан ауыл мен ауыл шаруашылық өндірушілердің мүдделеріне қысым жасау
саясаттарын жүргізді. [1, 337 б.]

1.2. ОПЕК, ОАПЕК- тің құрылуы, негізгі мақсаттары

Мұнай экспортер елдер одағы (ОПЕК) 1960 ж. Багдат конференциясында
құрылған. Оның жарғысы бір жыл кейін Каракаста (Венесуэла) бекітлген, ал
1965 ж. толық қарастырылған. Қазіргі кезде ОПЕК – ке 12 мемлекет кіреді:
Алжир, Венесуэла, Габон, Индонезия, Иран, Ирак, Катар, Кувейт, Ливия,
Нигерия, Араб Эмираты, Сауд Арабиясы. Бұл одақтың нақты мүшелері тек қана
қалаушы мемлекеттер болып саналады және елдердің өтініштері ОПЕК – тің
жоғары мүшесімен қабылданған елдер бола алады. Әрбір ел өзінің негізгі ішкі
мұнай өндірісі, ықыластары ОПЕК – ке қатысушы елдермен ұқсас, олардың
шарттары бойынша көпшілік 34 дауысымен, әрине ұйымдастырушылар дауысын
қосқанда, нақты болуы мүмкін.
ОПЕК келесі мақсаттарды мәлімдейді:
- мемлекет мүшелердің саясатын үйлестіру және бірлестіру
- олардың мүдделерін жеке және бірлескен қорғану амалының ең
нәтижелісін табу
- әлемдік мұнай тұрақты бағасын қамтамасыз ету
- мұнай өндірушілер мемлекеттеріне назар салып және қажетті түрде
олардың орнықты өндірісін қамтамасыз ету; нәтижелі, рентабельдік
жүйелік тұтынушы елдерді жабдықтау; инвестицияданай
өнеркәсіпшілерге әділетті табыс ету; болашақ және қазіргі
ұрпақтарға қоршаған ортаны сақтау.
ОПЕК – халықаралық мұнай картелі, оның мандаты өзінің бес құрушы
мүшелерінің тәуелсіздігін және мұнай құқығын қорғау болып табылады
[2, 400б].
1976 ж. бұл одақ ОПЕК – тің халықаралық даму қорын ұйымдастырды (штаб-
пәтері Венада; басында ол арнайы ОПЕК қоры деп аталды). Бұл даму облысында
жан- жақты қаржы институты, ОПЕК мемлекет- мүшелерімен басқа дамушы елдер
аралығында қарым- қатынасын қамтамасыз етеді. Қор қолдауын нашар елдерге
көмектесуші халықаралық қаржы институттары және ОПЕК – ке кірмейтін
өркендеген мемлекеттер пайдалана алады. ОПЕК қоры үш негізгі түрде қарыз
бере алады: проектқа, бағдарламаға және төлем балансын қолдауға. Қаржы
қорының қаражаттары ОПЕК мемлекет- мүшелерінің еркін жарнасынан және
кредитпен, қордың инвестициялық операциясынан жинақталады. [2, 404 б.]
Бірнеше жылдар бойы халықаралық мұнай нарығы бағаның тұрақсыздығынан
зардап шекті. ОПЕК бірнеше рет сыннан өтті: сұраныстың секірмелі түрде
көтеріліп және құлаған кездер, қатысушыларға қауіп төніп, оларды қаржысыз
қалдырып және мұнай саласын қатты соққыларға әкелген кездер еді. ОПЕК өз
тарихында көп санды әрекет механизмдерді іске қосты, ол нарық
әуестігін осы апаттан құтқару үшін енгізілді, бірақ мінезді
қиыншылықтармен саланың тармақталғандығынан коньюктура тұрақсыздығы әлде
де сақталуда. Жақын арадағы уақыттан бері әлем тұрақсыздықтың жаңа
циклын әсерленуде, ол нәтижелі қарсы әрекеттің болмауынан мұнай бизнесына
қатысушыларды апатты жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Бүгінгі күннің басты
мәселесі әлемдік экономикадағы негативтік тенденциясы болып табылады. 1998
ж. ОПЕК бұндай жағдаймен кездескен еді, бірақ ондағы мәселелер Оңтүстік-
Шығыс Азия және тағы басқа елдерге байланысты еді. Сонымен қатар АҚШ – тың
экономикасы қарқынды дами берді, оған қоса Европа экономикасы өсе берді.
Бірақ бұның барлығы мұнай бағасы төмендеуінің алдын ала алмады (1 баррельге
10 долл. дейін). Автордың пайымдауынша, біз бүгін бүкіләлемдік мәселемен
кездесудеміз. 2000 ж. ОПЕК мұнай шығару көлемін үш рет төмендетті,
оның әсері - 3,5 млн. барр.тәу. дейін қысқартылуына әкелді. Бірақ бұл
акциянын нәтижесі экономика өсуінің баяулауынан құнсызданды. Сонымен,
өндірісшлерге сенімсіз уақыттар қыркүйектегі жаман оқиғаларға дейін келді.
Содан кейін қарастырылмаған жағдай қалыптасты, оның салдары АҚШ
экономикасын толығымен абыржушылыққа ұшыратты. Сонымен қатар, мұнай
саласына тиген соққы өте ауыр болды. Ол барлық экономика секторындағы
мұнай өнімдерінің сұраныс болжамын сапырылыстырды. [2, 404 б.]
2001 ж. ақырғы үш айының мәліметтері бойынша мұнай шикізатының
әлемдік сұранысы 650 мың барр.тәу. дейін өткен жылдың көрсеткішіне
қарағанда төмендеді. Бұның барлығы үшінші кварталдағы сұраныстың 530 мың
барр.тәу. дейін қысқаруынан кейін болды. Бұндай тенденция 2002ж.
бірінші және екінші кварталдарындағы көрсеткіштерге қарама – қарсы,
әлемдік сұраныс өсуі 700 мың барр.тәу. және 610 мың барр.тәу. өсуін
көрсетті. 2001 ж. салыстырғанда, 2003 ж. сұранысы шамамен 400 мың
барр.тәу. көтеріліп 76,25 млн. барр.тәу. жетті. Бұл факторлар
әлемдік экономика дамуының индикаторы сияқты, реактивтік жанармай
және жолаушы авиация жанармайларының тұтыну тенденциясы сияқтыы
ақпараттың көбейуінен бұл көрсеткіштер міндетті түрде өзгереді. Мұнай
бағасының жалпы экономиқалық жағдайына қиын уақыттар туды, ол
2002ж. қыркүйек айынан бастап бағаның төмендеу тенденциясы болып
табылады. [2, 404 б].
Мұнай экспортер Араб елдер одағы (ОАПЕК) 1968 ж. Кувейт, Ливия
және Сауд Арабиясы елдерінің арасындағы келісімнің негізінде
кұрылған. Бұл одаққа кіретін елдер: Алжир, Бахрейн, Египет, Ирак,
Катар, Кувейт, Ливия, БАЭ, Сауд Арабиясы, Сирия, Тунис. Кез келген
Араб елдері ұлттық табысының негізгі бөлігі мұнай болып танылатын,
34 мүше елдерінің оған қоса үш кұрушы елдерінің келісу шартымен
ОАПЕК мүшесі бола алады.
ОАПЕК-тің негізгі мақсаттары: мұнай өнеркәсіп саласындағы түрлі
экономиқалық әрекеттерінің ынтымақтасуы; бұл өнеркәсіп саласындағы
жеке және бірлескен мүше елдерінің құқықтық мүдделерін қорғау
жолдарын табу; әділетті шарттары бойынша, мұнаймен қамтамасыздандыру
күштерін біріктіру; қатысушы елдердін мұнай өнеркәсібі даму
технологиясына капитал салу үшын қолайлы жағдай құру.
ОАПЕК келесіге демеушілік жасайды: Кувейттегі мұнай теңіз
транспортының Араб компаниясына (1972ж.), Бахрейндегі кеме құрастыратын
және кеме жөндейтін Араб компаниясына (1973ж.), Даммандағы мұнай
өнеркәсібін инвестициялайтын Араб корпорациясы (Сауд Арабиясы, 1974ж.),
Триполидағы мұнай өнеркәсіп саласында кызмет көрсететін Араб
компаниясына (Ливия, 1977ж.), Бағдадтағы мұнайшы - мамандарды
дайындайтын Араб институтына (Ирак, 1978ж.). [2, 404 б.]

II ТАРАУ.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРДЫҢ РӨЛІ

2.1. 1973 жылғы энергетикалық дағдарыстағы ОПЕК елдерінің жалпы
жағдайы
ХХ ғасырдың ағымында мұнай, әсіресе Батыстың индустриалды елдерінде
көмір мен басқа шикізаттарды ығыстыра отырып, бүкіл әлемнің
энегробалансында нақты жетекші орын алды. Осыған қарамастан мұнай химиялық
және мұнайлы – химиялық өнеркәсіптердің шикізаты болып, ал оны өндеуден
пайда болған өнімдері – түрлі көліктердің жанар – жағар майы болып
табылады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдер, негізінен,
дамып келе жатқан, оның ішінде Таяу және Орта Шығыс, сонымен қатар Мексика,
Индонезия, Нигерия, Венесуэла және т.б. елдерде импортталатын мұнайды
пайдалана бастады [1, 330 б].
Импорттық мұнайдың құны табиғи себептерге (кен орындарын пайдаланудың
төмен шығындары, әсіресе Сауд Аравиясы кен орындарында – мұнай қабаттарының
жақын жатуы), сондай – ақ Семь сестер деп аталатын жеті ірі американдық
және ағылшын – голландиялық бірлестіктер – халықаралық мұнай картелімен
(ХМК) өткізілген бағалық саясатының нәтижелеріне байланысты арзан болатын.
Картель бірлестіктері әлемдік мұнай нарықтарында монополиялары болатын,
себебі дамып келе жатқан елдерде (сондай – ақ АҚШ және т.б.) мұнайды
өндіру, қайта өңдеу және мұнай мен мұнай өнімдерін үлестіруде концессиондық
және т.с.с. келісімдер жасасу жолдары арқылы бақылау жасаған еді. Осыған
қоса, картелге бәсекелермен (картелге кірмейтін көмір, мұнай компаниялары)
күресу құралы ретінде мұнай бағасын уақытша түсіру және өнеркәсіптің түрлі
салалары үшін мұнай және мұнай өнімдерін шикізат ретінде өткізу тиімді
болатын.
Әрине, дамып келе жатқан елдер – мұнай экспортерлері мұндай жағдайға
көңілдері толмай, мұнай нарығын өз бақылауына алып, бағалық үйлесімдіктерін
өзгертуге тырысты. Бірақ олардың ұзақ уақыт бойы бұны орындауға
мүмкіндіктері болмады – дамып келе жатқан елдердің Шығыс елдеріне жалпы
саяси – экономикалық тәуелділігі және ұлттық, техникалық, сондай – ақ
экономикалық кадрлардың жоқтығы өз себептерін тигізді. Осындай әрекеттерде
Шығыс пен ХМК бірлестіктерінің кедергілері өте күшті болды. Сөйтіп, 1951
жылда меншіктелген Ағылшын – ирандық мұнай компаниясының кәсіпшіліктері бар
Иран әлемдік нарықта өз энергия ресурстарымен өздігінен пайдалануға
мүмкіндік алған жоқ [3, 481 б].
Сөйткенмен де, мұнай экспортер – елдері өз құқықтары үшін ХМК қарсы
күрес жүргізді. Ол үшін 1960 жылы мұнай экпортерлері елдерінің Ұйымы (ОПЕК)
құрылды. Қазіргі кезде ОПЕК негізін ТОШ және Солтүстік Африка елдері құрады
– Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Ирак, Катар, ОАЭ, Алжир, Ливия. Бұлардан
басқа ұйымға Венесуэла, Индонезия, Нигерия, т.б. (барлығы 13 ел) кіреді.
Ұйым қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары: мұнай өндіру табыстарынан
мұнай өндіру мемлекеттерінің үлесін ұлғайту, мұнай бағамын өсіру және мұнай
концессияларын меншіктеу, ал кешіректеу – энергия ресурстарының әлемдік
нарықта реттелуі [8 ].
60 – шы жылдар бойы ОПЕК ұйым ретінде топтасты және монополиялармен
күресуде белгілі тәжірибелер жинақтады. Ұлттық мұнай компанияларын құру,
техникалық мамандар мен басқарушы кадрларды дайындау және Шығыстың
(картелге кірмейтін) тәуелсіз мұнай компанияларымен күштерін бірлестіру,
мұнай сатудың әлемдік жүйесінің трансформациясы үшін жағдай жасады. 1973
жылы ОПЕК елдерінің біріккен күштерінің арқасында бастапқы мұнай сатудың
әлемдік жүйесі қиратылды [6, 223б ].
Антиимпериалистік танымды ізімен қамтығандар Алжир, Ливия және Ирак
режімдері монополиялармен түбегейлі күресін жүргізіп, 1970 – 1973 жылдары
концессионды компаниялардың меншігін меншіктеді, мұнай секторында жұмыс
істейтін шетел компанияларына салықтарды және мұнайдың анықтамалық
бағаларын жоғарлатты. Олардың үлгілерімен басқа да ОПЕК мемлекеттері
әрекет етті. 1980 жылдары барлық елдерде мұнай өндіру мемлекет пен ұлттық
мұнай компанияларының бақылауында болды. Аталған кезеңде (1970 – 1973
жылдары) ОПЕК конференцияларында мұнайдың анықтамалық бағалары баррель
үшін 1,8 доллардан 3,63 долларға жоғарлатылды. [3, 481 б.]
1973 жылы жоғарыда атап көрсетілген тенденцияларға Батыс пен жапонияда
экономикалық жандануға байланысты мұнайды пайдалану өсіміне қол жеткізілді,
ОПЕК елдерінің біразында өндіру қысқартылды және араб – израилдік соғыспен
(Египет – Сирия және Израиль арасындағы 1973 жылдағы қазан соғысы) АҚШ,
Нидерланд және басқа да батыс елдеріне қарсы, араб мұнай экспортер
елдерінің Ұйымына біріккен араб елдерінің мұнай эмбаргосына қауіп төнді.
Суэцк арнасы жабылып, Еуропаны ТОШ мұнайымен жабдықтау қиындады. Желтоқсан
айында ОПЕК конференциясы мұнай бағасын 1 баррель үшін 12 долларға дейін
өсірді.
Мұнайдың әлемдік нарығында бағалар революциясы туындады. Нарық мұнай
өңдейтін, мұнайды экспорттайтын мемлекеттердің бақылауына ауысты, мұнай
нарығы сатып алушылар емес, сатушылар нарығына айналды. Әлемдік нарықта
мұнай өңделуінің 45 – 70 пайызын және экспортталуының 70 – 90 пайызына
жақынын бақылайтын ОПЕК, бағаларды таңатын монополист болды. [3, 481 б.]
Бағалардың күрт жоғарлауы және отынның тапшылығымен білдірілген
энергетикалық дағдарыс Еуропа, Жапон, азшылық дәрежеде АҚШ, сондай – ақ
мұнайды импорттайтын дамып келе жатқан елдердің экономикасына ауыр соққы
болды.
Мұнай импортерлері елдерінің ішкі нарығындағы бағалардың күрт
жоғарлауында меншіктеу шығындарын өтеу мақсатымен біле тұра бағаларды
көтерген, АҚШ – тағы өңдеулерді қысқартқан, импортер елдердің ішкі
нарығында мұнайды алып сатқан, мұнай ашаршылығы туралы басылымдар жасау
жолдары арқылы үрей араңдатқан ХМК бірлестіктерінің саясаты өз рөлін
атқарды.
ОПЕК елдері мен мұнайды дәстүрлі экспорттайтын мемлекеттерден басқа
1970 жылдары әлемдік нарыққа жетекші мұнай жеткізушілердің бірі болған КСРО
да дағдарыстан ұтысқа ие болды.
1974 – 1978 жылдар аралығында салыстырмалы тұрақтанудан кейін әлем
1979 – 1981 жылдарда Ирандағы исламдық революция және иран – ирактық
соғыстың басталуымен байланысты мұнай бағамдарының өсу және энергетикалық
дағдарыстың кезекті орамын бастан кешірді. Осы кезеңде бағалар ең жоғарғы
деңгейге жетті – 1 баррель 38 доллар. 1982 жылдан бастап 1990 жылы (ирактық
– кувейттік дағдарыс) және 1990 жылдың аяғында (1998 жылы азиялық қаржылық
дағдарыстан кейін өңдеудің төмендеуі) жоғарлау ауытқуларымен мұнайға деген
әлемдік бағамдардың төмендеу тенденциясының кезеңі басталады. Бұған
қарамастан, инфляцияны есепке ала отырып та, қазіргі кезде 1973 жылға
дейінгі кезеңмен салыстырғанда, мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым жоғары
және де бұл баға өндірушілермен, яғни мұнай өңдеуші елдермен анықталады.
[3, 481 б.]
ТОШ үшін әлемдік энергетикалық дағдарыстың басты салдары болып аймаққа
мұнай долларларының басым ағымы болып табылды. 1973 – 1982 жылдар
аралығында аймаққа Батыс елдерінен қаржы құралдарының ағымы анағұрлым кері
ағымнан артық болды, дамыған елдерде монопольді жоғары бағалар есебінен
жасалған қосалқы құнының бөлігі қайта бөлінді. Шартты түрде, ОПЕК елдері
мұнай импортер елдердің пайдаланды деп айтуға болады [9, 86 б].

2.2. Халықаралық қатынастардағы жалпы энергетикалық фактор

XX ғасырдың аяғында халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі
энергетика саласында мемлекетаралық өзара қатынасы мен реттеуінің рөлі
күшейе түсті. Бұл, 1997 – 2000 ж. мұнай нарығындағы бағаның кенет
телбіренуінен байқала бастады. 1970 ж. энергетика саласындағы дағдарыстан
кейін бұл фактор әлемдік саясатта әскери саясаттан кем емес роль алып
жатты. Бұл әлемдегі дамушы елдердің сыртқы энергетикалық саясаттың,
сонымен қатар оған байланысты дипломатияның одан әрі дамуына әкелді.
Қазіргі энергетикалық дипломатияның ең басты ерекшелігі – ол сыртқы саяси
ведомствалардың және жанармай- энергетика кешені (ЖЭК) компаниясының өзара
қатынастары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігі қызметіндегі тарифтерді анықтау
Сұйық минералды тыңайтқыштар несімен бағалы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері
Тұрғын үй бағасының өсуі
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Қазақстан Республикасының Мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігін бағалау
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне Қазақтүрікмұнай ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
Жарнаманың тарату құралдары
Салықтық және салықтық емес бюджет түсімдерінің мағынасы, рөлі мен сипаттамасы
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері
Пәндер