Бөтен мүлікті ашық жымқыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ұрлықтың түсінігі . . . 4
1. 1 Ұрлықтың жалпы сипаттамасы мен белгілері . . . 4
1. 2 Қылмыстың объектісі мен қылмыстық қол сұғушылықтың пәні . . . 9
1. 3 Ұрлықтың субъектісі және оның объективтік және субъективтік жақтары . . . 13
2 Ұрлықтың классификациялық түрлері . . . 21
2. 1 Адамдар тобының алдын ала сөз байласып ұрлық жасауы . . . 21
2. 2 Ұрлықтың бірнеше рет жасалуы . . . 24
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе
«Соттың шешімінсіз ешкімді де өз
Мүлкінен айыруға болмайды»
Кез келген мемлекетте меншік материалдық негіз және халықтың өзінің материалдық (мүліктік) және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі болып табылады. Мүлік өзінің міндетін атқару үшін қылмыстық қолсұғушылықтардан жақсы қорғалынуы тиіс.
Мемлекет әрқашанда иеленуші тұлғаның мүлкіне жасалатын қолсұғушылықтармен ең шешімді күрес жүргізу керек деген ойды ұстанды. Қорғаудың барлық түрлерін күшейту, иеленуші түлғаның мүлікті қатыгездікпен қолсұғушы тұлғаларға заңға сәйкес қатаң жаза қолдану, қылмыспен келтірілген мүліктік залалдың орнын толтыру сияқты сұрақтарды шешу міндетті алға қойып отырмыз.
Қазақстан Республикамызда мүлік мемлекеттік және жеке болуы мүмкің. Ол материалдық (мүліктік) және интеллектуалдық (мүліктік емес) құндылықтардан құралады. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтарға, шетел азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, ұйымдарға, т. б. иеленушілерге өздерінің мүліңһк құқығын жүзеге асыруға және қорғауға тең жағдайлар ұсынады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабына сәйкес «Қазақсатан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл заңды түрде бекітілген ереже қылмыстық құқықтағы меншікке қарсы қылмыстардың жұйесіндегі өзгерістерге бастау салды.
Мысалы «Меншікке қарсы қылмыстар» бұрын 22. 07. 59 ж. Қабылданған ҚазССР қылмыстық кодексінде ІІ тараумен реттелінді және де қылмыстық қолсұғушылықтың объектісіне негізделеді де, мүлік мемлекеттік және жеке меншік болып бөлек қарастырылады. Сонымен қатар заңда адамның жеке мүлкін ұрлауға қарағанда мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау үшін қатаңырақ жаза қолданылады. Соның ішінде 76-5б. «Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ірі мөлшерді ұрлау» немесе 76-6б. «Мемлекеттік, қоғамдық мүлікті ұрлаудың қайталануы» сияқты баптар қарастырылады. Осыған орай ҚазССР Қылмыстық Кодексінің ІІ тарауы меншіктің басқа түрлерін , криминализациялағасын өзгеріске ұшырап және ІІ тараудан VI тарауға көшірілді. Мүлікке қарсы қылмыстардың ішінде ұрлық - ең көп тараған түрі, жыл сайын ұрлықпен жасалған қылмыстар саны күрт өсуде. Осыған дәлел болып ҚР-ның ІІМ статистикалық мәлңметтері бола алады.
2016 жылдың 6 айында Сотқа дейін тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 2015 жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылық 2, 0% төмендеді (2016 жылы - 207 440; 2015 жылы - 211 715) .
Кісі өлімінің саны - 11, 9 пайызға, алаяқтық - 8, 0 пайызға, тонау - 12, 2%, бұзақылық - 38, 7%, есірткі қылмыстары 9, 9 пайызға азайды.
Алайда, ұрлық қылмысының 7, 3 пайызға (былтыр- 110 691; 2015 жылы - 103 150) өсуі байқалып отыр.
«2015 жылы қылмыстық қудалау органдары жаңа қылмыстық-процестік заңнама аясында қылмыстық істерді тергеп-тексерудің тәжірибесін жасады.
Осы ретте биылғы жылы сотқа жіберу немесе ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеру 30 пайызға артық аяқталған», - деп атап өтілген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінде.
Бөтен мүлікті иеленумен байланысты қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрайды. Атырау облысында барлығы 4 442 қылмыс тіркелген. Бөтен мүлікті ашық жымқыру бойынша 270 қылмыс. Тонау ашық жасалатындықтан, ұрлыққа қарағанда анағұрлым сәтті тергеледі. Көбіне жәбірленушілер тонаушыларды суреттей алады. Ұрлық оқыстан және жоспарланған болып келеді. Тұрғын - жайға ену, сумка мен қалтадан ұрлау бір топ адамдардың қатысуымен жасалады. Аталған қылмыстар орта және ауыр санаттағы болып бөлінеді, ауырлық дәрежесі жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын соммасына байланысты анықталады. Атап айтқанда, ұрлық үлкендер үйде болмаған және балалардың сабаққа кеткен уақытында түскі уақытта жасалады. Ұрылар қылмысқа мұқият дайындалып, пәтерде қанша тұрғын тұратынын, олардың үйде қай уақыттарда болмайтынын бақылайды. Олар пәтерге әр-түрлі жолмен ену үшін сәйкес кілттер жасатып, пластик терезелерді майыстырып, балкон, форточка арқылы кіреді.
2016 жылы Атырау қаласының №2 сотының өндірісіне бөтен мүлікті жасырын жымқырумен байланысты 69 қылмыстық іс түсіп, олардың 27-сі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Мысал ретінде, үйлерге пластикалық терезелерді майыстыру жолымен енген Атырау қаласының бес тұрғынына қатысты қылмыстық істі келтіруге болады. Олардың қылмыс құралы тергеу кезінде анықталмаған темір заты болған. Полиция ұзақ уақыт бойы қылмыскерлердің ізіне түсе алмаған. Ұсталғаннан кейін олардың 8 эпизод бойынша ұрлыққа қатыстары бар екендігі анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы төрт миллионнан астам теңгені құрады.
Ұрлық - бүгінгі күнде сот және тергеу тәжірибесінде ең таралған қылмыс түрі. Оның пәні болып және адамның еңбегі сіңген кез-келген мүлік болуы мүмкін. Қылмыскер сатуға не тез пайдалануға, ыңғайлы барлық мүлікті ұрлайды. Қылмыстан кейін ұрылардан сатып алумен немесе қайта сатушы тұлғалардың сұрасын ұрлық кезінде таңдау жасағанда негізге алатыны байқалды. Тәжірибе көрсеткендей ұрлық пәні болып жиі бағалы мүлік болып келеді. Ұрлық негізінде жәбірленушіге ірі мөлшерде келтіріледі. Сол себепті, бұл қылмыс түрі терең зерттеуді, салалас қылмыстардан ерекшеліктерін зерттеуді қажет екені сөзсіз.
1 Ұрлық түсінігі
1. 1 Ұрлықтың жалпы сипаттамасы мен белгілері
Ұрлық қылмыс құрамы ретінде 16 шілдеде 1997 жылы қабылданған ҚР ҚК 188 бабында қарастырылған.
Ұрлық мүлікті «хищение» болып келетіндіктен, ұрлықты «хищения» түсінігімен, ерекше сипаттаушы белгілермен қарастырғанымыз жөн.
Жалпы теориялық түсінікпен «ұрлау» пайдакүнемдік ниетпен айыптының өзімен немесе басқа адамдардың пайдасына белгілі бір тәсңлдермен меншік иесінің мүлкімен қасақана, құқығына қайшы әрекет жасау. «Ұрлау» туралы істер бойынша сот қызметін жүзеге асыру кезінде ұрлаудың түсінігі қалыптасып, өзінің көрінісін ҚР Жоғары Сот нормативтік қаулысында көрініс тапты. 11. 07. 03 №8 «ұрлауды» ісі бойынша сот тәжірибесі «Пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру болып табылады. Бұл анықтамадан ұрлау келесідей негізгі белгілерін, яғни қайтарымсыздығы, пайдакүнемдік мақсат, құқыққа қайшылық, қылмыспен міндетті түрде залал келтірілуі, өзінін немесе басқа тұлғалардың пайдассын өтуі сияқты белгілерді байқаймыз. Осындай белгілер ұрлыққа да тән болып келеді.
Ұрлаудың нысандары дегеніміз: «Пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру негізінде қоғамға қарсы әрекеттерді жасау тәсілдері, әдістерің ҚР ҚК қылмысқа қолсұғушылық тәсіліне байланысты ұрлаудың алты нысанын бөліп қарастырылады.
1) Ұрлық (ҚР ҚК 188 б. ) ; 2) тонау (ҚР ҚК 191 б. ) ; 3) қарақшылық (ҚР ҚК 192 б. ) ; 4) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189 б. ) ; 5) ұсақ-түйек жымқыру (ҚР ҚК 187 б. ) ; 6) алаяқтық (ҚР ҚК 190 б. ) ;
- Ұсақ ұрлау, ұрланған мүліктің құны қылмыс жасалған күнге ҚР заңнамасымен бекітілген 10 АЕК құнынан аспасаү
- Ірі мөлшерде ұрлау қылмыс жасалу сәтіне ҚР заңымен белгіленген АЕК-тен 500 есе асып түсетін мүліктің құны мен заладың мөлшері.
«Егер де бір созылмалы қылмыс бірнеше хищ. эпизодтарынан құрылатын болса, оны ірі мөлшерде келтірілген ұрлық деп саралауымыз қажет. Егер де қылмыскердің ниеті ірі мөлшерде ұрлағаны бағытталса, бірақ та ұрлық одан тәуелсіз жағдайлармен жүзеге асырылмаса, жасалынған қылмысты, фактілі ұрланған мүліктің бағасына қарамай, ірі мөлшерде ұрлық деп саралауымыз қажет. Басқа біреудің мүлкін ұрлау әр түрлі ниеттегі эпизодтармен жүзеге асырылады, ұрланған мүлікті жалпы санау рұқсат етілмейді. Ұрланған мүліктің құнын есептеу кезінде қылмыс жасалу сәтіне оған мемлекеттік белгілерді бағалауды ескеру қажет. Ал егер де жәбірленуші ұрланған мүлікті рыноктық бағамен немесе комиссиялық бағамен сатып алса, онда сол бағалармен. Бағасы болмағанда, ұрланған мүліктің құны эксперт мамандардың қорытындылары негізінде белгіленуі мүмкін.
Жасырындылығы мен күш қолданылмауы
Ұрлық - иеленуші мүлкін хищ. нысаны. Бұл екі топ таралған пайдакүнемдік ниеттегі мүліктік қылмыс. Заң ұрлықты бөтен біреудің мүлікті жасырын алу деп белгіленді. Бұндай қылмыс әрекет ету үшін ҚР ҚК 188 бабында қылмыстық жауаптылық көзделген. Жасырындылық туралы сұрақты шешкенде, сот айыптының жағдайды сезілуін ескеруі қажет. Егер де айыпты өзінің әрекетін басқалар үшін көрінбейтіндей жасадым деп сезінсе не ойласа, ал егер де тіпті де мүлік иесі немесе басқа тұлға оның әрекетін бақыласа, бұл әрекет ұрлық деп танылуы тиіс. Егер де жоғарыда айтылған тұлғалар мүлікті алу әрекетін көріп, бірақ оны қылмыс сипатын түсінбесе де, әрекет ұрлық деп саралануы қажет. Егер де қылмыс айыпты тұлға туыстық қатынастағы, достық қатынастағы немесе жеке сипаттағы басқа қатынастағы адамдар қатысуымен жасалынса және де соның негізінде айыпты оның әрекетіне кедергі келмейтініне және құқық қорғау органдардың болмауына сенімі болса да, бұл әрекет ұрлық ретінде саралануы қажет.
Қылмысты саралау кезінде ұрлықтың күш қолданусыз жасалатын қылмыскерлер қатарына жататындығын ескергеніміз жөн. ҚР ҚК «Ұрлық туралы» нормаларға жүйелі түсініктемесінен көреміз. Егер де қылмыс күш қолданумен немесе күш қолдану жасырын алудың алдында жасалса, әрекет ұрлық ретінде саралай алмаймыз.
Қылмыс кезінде қылмыскерден ұрлық әрекеттерін бақылауға мүмкінсіз болатындай мүлікті иеленуші тұлғаға күш қолдану әдістерін жасау (басқа жерге апарып тастау, бір жерде қамау, санадан тыс жағдайға келтіру т. б. ) да ұрлық ретінде сараланбайды.
Ұрлықтың субъективтік, оюъективтік мазмұны болып, яғни айыпты (ұрлық жасаушы) ұрлық объектісі болып тұрған мүлік иесімен немесе күзетшісімен, әрекеттерін көріп қалып, оған кедергі келтіруі мүмкін, қарсы әрекет жасауы мүмкін басқа да адамдармен кездеспеуге тырысады.
Ұрлаудың барлық нысандары арасында ең қауіпті емес деп танылуы мүмкін, себебі:
1. Қарақшылық пен тонауға тән физикалық немесе психикалық күш қолданумен ұштаспайды;
2. Айыпты ұрлық жасағанда мүлікке деген құқығын немесе қызметтік жағдайын қолданбайды.
3. Мүлікті ұрлау үшін алдау әдісін қолданбайды.
Құқыққа қайшылық.
Ұрлық әрқашан да айыптының құқыққа қарсы әрекеті. Біріншіден, ұрлық жасаушы ұрланатын мүлікке құқығы жоқ және де өзінің әрекеттерінің заңға қайшы екенін ұғынады. Екіншіден, ұрлық мүлік иесі немесе күзетшісі көрмейтіндей, білмейтіндей жүзеге асырылады.
Тәжірибеде мүлік күзетшісі білетіндей және келісімімен де ұрлықтар жасалады. Мұндай «келісім» бірлесіп ұрлық жасауға сөз байласу болып танылады.
Алып қою.
Ұрлық - мүлікті иеленуші тұлғаның шаруашылық билік ету аясынан қылмыс объектісін алып қоюдан тұрады. Заңды иесінен мүлікті айыру, соның арқасында иеленуші тұлға мүлікке билік ету мүмкіндігінен айырылады. Алып қою - иеленуші тұлғаның билігінен мүлікті айыптының пайдасына көшіру. Алып қойылған құндылықтар ұрының немесе үшінші тұлғалардың заңсыз билік етуіне айналдырылады. Ұрлық арқылы айыпты алып қойған құндылықтарды өзінің билігіне айналдыруға жіне өзімен заңды мүліктің заңды иесінің орнын басуға ұмтылады. Бірақ та онымен жасалған құқыққа қайшы әрекеттері ұрыда мүлікке меншік құқығының пайда болу негізін туындатпайды алып қойылған мүлікке оның билігі заңмен қорғалынбайды, ал мүлігі ұрланған иеленуші тұлға заңмен мүлікке деген өзінің меншік құқығын сақтайды. Бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына айналдыру - құқыққа өайшы билігіндегі мүлікті алу немесе оны ысырап ету. Заңдағы «алып қоюы және айналдыру ұғымдар бір-бірінен ерекшеленеді, әрқайсысының мазмұны бар, тығыз байланыста болып келеді және бірін-бірі толықтырады.
Осы екі сөз мынаны көрсетеді кінәлі адам бөтен адамның мүлік аясынан мүліктік құндылықтарды алып қояды, осы әрекетімен ол меншік қатынас сияқты әлеуметтік қатынасты бұзады, бөтен біреудің мүлкіне өзінің билігін орнатады, сырттай өзінің әрекеттеріне заңды нысан келтіреді. Сондықтан жоғарыда айтылған ұғымдар ұрлаудың ұрлық нысанының объективтік жағын сипаттауға ең жарамды болып келеді.
Қайтарымсыздығы.
Бөтен біреудің мүлкін қайтарымсыз алып қою мынадай жағдайларда саналады, егер де кінәлі тұлға мүлікке ақысыз түрде билік орнатады, тиісті орнын толтырусыз. Бөтен біреудің мүлігін қайтарымсыз алып қою меншік иесіне немесе басқа иесіне мүліктік залал ретінде қоғамдық қауіпті салдарды тудырады. Қылмыстық құқық ғылымында залалдың толығымен ақшалай немесе басқа нысанда өндірмеуінсіз бөтеннің мүлігін алып қою сияқты ұрлаудың түсінігі қалыптасқан. Бірақ қайтарымсыздың жалпыны қамтитын түсінік емес, тәжірибеде меншік иесіне оның мүлкін алу кезінде оған еріксіз түрде ақшалай эквивалентті төлеу жағдайларын қамтымайды. Егер де заңға қайшы әдіспен, мүлікке алуға құқығы болмай алып қойғанда және меншік иесінің мүлігін алып қою әрекеттеріне қандай да бір нысанда бағыттарын білдірмесе, еркіне қарсы жүргізілсе, бұл әрекет ұрлаудың немесе ұрлықтың ісін мән жайына байланысты басқа нысандары ретінде саралау қажет.
Ұрлық пайдақорлық мақсатпен жүзеге асырылатын қылмыс. Пайдақорлық дегеніміз тұлға басқа бір тұлғаның өзінің билік ету және пайдалану мүмкіншілігін бұза отырып, заңсыз түрде мүлігін алып қою. Қылмыскер қылмыс жасай отырып өзінің мүліктік қажеттіліктерін қанағаттандырады. Құқықтық әдебиетінде С. В. Скляровпен хищенияның міндетті белгісі ретінде пайдақорлық мақсатты алып тастау сияқты ұсыныс жасалынды. Соның арқасында жауапкершілік мәселесі шешілгенде айыптының кейін мүлікке билік етті ме, етпеді ме оны ескермей, тек қана мүлікті заңсыз алып қою фактісін анықтау жеткілікті деген ұсыныс жасайды.
Пайдақорлық - көп аспектілі әлеуметтік құбылыс болып келеді және соның құрамына тұлғаның көптеген ұрлықтары кіреді және сол үшін айыпты тұлға мүлік немесе басқа иесіне залал келтіреді. Дисеертант осы жоғарыға ұсынылғанға қарсы шығып және де өзінің білдірген ойының ұрлықтың құрамының шегін белгілемеуге және де ұрлықты басқа қылмыстардан ерекшелеуге мүмкіндік болмайтынындай екенін дәлелдейді. Полимотивация жүргізілсе пайдақорлық ниеттің болуы қылмысты ұрлық негізінде санаға бірден бір негіз.
Қылмыс арқылы меншік иесіне зиян келтңру. Алып қою арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіріледі. Залал ұсақ мөлшерді, не ірі мөлшерде келтірілуі мүмкін. Залалдың мөлшерін анықтау қылмыстық құрамдағы ұрлықты әкімшілік ұрлаудағы ұсақ-түйек ұрлаудан айыруға мүмкіншілік береді. Ұрлықтың залалы ұрланған заттардың құнымен есептелінеді. Мүліктің құнын анықтаған кезде меншік иесінің мүлігін бөлшектеп, рыноктық әлде комиссиондық бағалармен сатып алғаны туралы сұрақ шешу керек. Мүлік иесінде сөздерін растайтын құжат болуы керек. Бағасы белгісіз болған жағдайда, ұрланған заттың мөлшері туралы дау туған жағдайда «залалға» комплексті семантикалық және құқықтық анализ жүргізсек, ұрлау әрқашанда объективтік түрде жәбірленушінің еркі мен есінен тыс оған залал, зиян келтіріледі. Меншік иесі мүлікке баға беруі субъективті түрде жүргізіледі.
Егер де мүлігін алып қоюға меншік иесінің келісімді ұрлық жасалғанға дейін жүргізілсе, онда әрекет қылмыс ретінде сараланбайды. Сондықтан ҚР ҚК 188 б. Ұрлау анықтамасынан мына көрсетілгенді алып тастауға болады. Мүліктің меншік иесінің немесе басқа да иесіне талап келтіру.
Кейде мүлік иесі белгілі бір мүлікке құқықтардан айыруды белгілейді, бірақ жүзеге асыруға үлгірмейді және де сол мүлік ұрлық объектісіне айналған жағдайлар тәжірибеде кездеседі. Соларға теоретикалық пайымдау жасалып, құқықтық баға берілуі тиіс. Басты қатысушысы өзі көңіл бөлмейтін қоғамдық қатынасты қылмыстық заң қорғайды. Мұндай әрекеттерді декриминализациялау басқа меншік нысандарының қорғалу деңгейінің төмендетілуіне әкеелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер тиісті емес объектіге қол сұғу деп бағаланады, қылмысқа оқталу деп сарануы қылмыс жасалғаннан кейінгі ауырлыққа теңестірілуі мүмкін.
Ұрлық дегеніміз пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына қасақана, заңсыз, қайырымсыз, жасырып және күш қолданусыз алып қою және айналдыру танылды.
Бұл анықтамадай келесідей белгілерді анықтауға болады:
1) бөтеннің мүлкін бөтеннің иелігінен заңсыз алып қою және билік ету;
2) жәбірленушіден ұрыға мүліктің өтудің жасырын және күш қолданусыз әдісі;
3) әрекеттердің пайдақорлық ниеті және арнайы пайдақорлық ниет - иелену.
1. 2 Қылмыстың объектісі және қылмыстың қолсұғушылықтың пәні.
Ұрлықтың объектісі болып қылмыстық заңмен қорғалатын меншіктің қоғамдық қатынастары.
Типтік объектісі - қатынастарының кең ұғымы, яғни мүліктік құндылықтарды алмастыру және өндіру қоғамдық қатынастар және де олар ұжымдық және жеке тұтынулыға бағытталады; объективті құқық нормалар жүйесімен бекітілген және реттелінетін қатынастар.
Тікелей объектісі - нақты меншік нысандағы қоғамдық қатынастар, меншік иесінің мүліктік қызығушылығы. Объектіде құқықпен бекітілетін және қорғалатын қоғамдық қатынастардың заңи табиғаты көрініс табуы тиіс. Қылмыстың пәні - қылмыстың объектісін, элементі, оған әсер ете отырып айыпты адам қоғамдық қатынастарға залал келтіреді және де оның абстрактілі сипаты жоқ. Қорытындылай келе меншік қатынастар объект ретінде, ал мүлік ұрлық пәні болып есептелінеді.
Қылмыстың қолсұғушылықтың объектісін анықтау әдетте қиындыққа соқпайды: ұрланған мүліктің қай субъектісі тиесілі екені анықталады (мемлекеттік кәсіпорын, жеке фирма, мүлік меншік құқығына тиесілі болған жеке тұлға) және де қылмыс жасалу сәтіне оның фондарында болғаны анықталынады.
Меншік иесінің мүлігін ұрлау кезінде айыпталушы қоғамдық қатынасқа емес, оның элементіне қол сұғады, ол меншік құқығы болып табылады, ол бойынша билік ету, пайдалану және иелену жүргізіледі.
Қылмыс пәні
Меншік иесінің ұрланған мүлігіне анализ жасалғанда тек қана объектілерді ажырата білу ғана емес, сонымен қатар қылмыс пәнін, яғни ұрланатын мүлікті ажырата білу керек.
Мүлікті құқықтық қолсұғушылықтың пәні ретінде қарастырғанда, оны қылмыстың объектісінен тыс зерттеуге болмайды. Пән және объект өте тығыз байланысты болып келетін ұғымдар. Заттар мүліктік қатынастардың алғы шарты болып келеді, қолсұғушылықтың пәні қылмыстың объектісінің элементімен, құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс, себебі меншік қатынастары мүлікпен қатынассыз мүмкін емес. Мүлікке әсер ету нәтижесінде меншік қатынастарына зиян келтіріледі. Заттарға қатысты мүлік бөлшегң ретінде болып табылған меншік қатынастары бұзылады. Бөтен сөбен айтқанда, иеленуші белгілі бір зат билік ету, иелік ету, пайдалану құқығынан айырылады.
Осындай көзқарасқа қарсы М. П. Михайлов қарсы шықты. Оның айтуы бойынша, ұрлықтың объектісі мен пәнін бөлу қателік деп санайды, оның схоластикалық сипаты бар деп санайды. Оның айтуы бойынша, ұрлықтың объектісі болып материалды өмірдің аттарының жиынтығы болып табылады және де ол құқық бұзушылықпен меншік құқығына ешқандай залал келтірмейді дейді.
Басқа авторлардың айтуы бойынша, ұрлық кезінде залал меншік қатынастарына қылмыс объектісіне әсер ету жолымен тигізіледі. Меншік қатынасы ұрлануы, жойылуы мүмкін емес, меншік қатынастары бұзылуы ғана мүмкін.
Ұрлық кезінде залал мүмкін емес, меншік қатынасына келтіріледі. Қылмыс субъектісі (ұры) меншік құқықтың қатынастарына қол сұғылады, яғни меншік құқығына, сыртқы өмірдің материалдық заттарға емес. Сөзсіз Б. С. Никифоров мүлік жайлы «сыртқы өмірдің материалды заттардың жиынтығы деп пайымдауы дұрыс».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz