Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . .

І ТАРАУ. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылық ортасы

1. 1 М. Х. Дулатидің балалық шағы мен өскен ортасы. .

1. 2 М. Х. Дулатидің шығармашылығы . . .

ІІ ТАРАУ. Мұхаммед Хайдар Дулати қалдырған мәдени мұра

  1. «Тарих - и Рашиди» дастанының зерттелу тарихы мен

мазмұны . . .

  1. Жақсыдан қалған жәдігер «Жаһан - наме» поэмасының зерттелу

тарихы мен мазмұны . . .

Қорытынды

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Орталық Азияның XVI ғасырдағы атақты тарихшысы, әдебиет майталманы Мұхаммед Хайдар Дулаттың (1499-1551) өмірі мен шығармашылығын зерттеу мен зерделеу әдебиеттану, тарих, философия, дінтану, лингвистика ғылымдары алдындағы үлкен міндет.

Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы оның қазақ тарихы мен әдебиетін және мәдениетін өткен түркілік дәуірмен, исламдық тарихи кезеңмен сабақтастыра алуы болды.

Тақырыптың өзектілігі. «Тарих-и Рашидидің» әдеби-көркемдік жағы әлі де болса толық зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Еңбекті зерттеген ғалымдардың көпшілігі оған әдеби шығарма ретінде емес, тарихи еңбек ретінде қарап, бағалады.

Фольклортанушы, академик С. Қасқабасов: «Жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің бейнесін жасады, -дей келіп, - өздерінің монолог түріндегі айтылатын толғауларында жырлаулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар заман мен қоғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, сондай-ақ имандылық пен қайрымдылық, өмірдің өткіншілігі мен адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқты моральдық, этикалық, фәлсафалық проблемаларды көтеріп, қоғаммен байланыстыра жырлап отырады» деп жазған болатын [3, 8 б. ] . Осы айтылған ғұлама пікірдің Мырза Хайдар шығармашылығына түгелдей қатысы бар. Өйткені, ХVІ ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы да, Қазтұған да, Шалгез де Мырза Хайдардың замандасы, ұлысы басқа болғанымен ұлты бір қандастары. Олар да Мырза Хайдар Дулат секілді Әз Жәнібек хан, Битемір, Ораз-Мұхаммед сынды қазақ хандары мен Ноғай әмірлерінің сарайы маңында тіршілік етіп, әміршісі мен заманының күрделі де келелі мемлекеттік маңызды тақырыптарын сөз етті.

Мырза Хайдар «Тарих-и Рашиди» еңбегінде 1346-1546 жылдар аралығындағы Орталық Азия, Тибет, Ауғанстан, Кашмир, Иран, тіпті Иракқа да қатысты көптеген тарихи оқиғаларды, сондай-ақ автор өзі өкілі болып табылатын қазақ өмірінің де бірқатар деректерін сол дәуір шындығына сай баяндайды. Ғұмырнамалық әдеби еңбегін жазу барысында Мұхаммед Хайдар қоғамдық шындықты басты принцип ретінде ұстайды, сонымен бірге өз шығармасының көркемдік-әдеби жағына мұқият назар аударады. Ислам дінін дәріптеуде мадақ, мінәжат сынды әдеби тақырыптарды молынан пайдаланады. Оқиғалардың, адамдардың психологиялық мінез-құлқын ашуда Құран-кәрімнің қағидаларын, әдеби детальдарды пайдалана отырып, психологиялық талдау жасайды. Рубаи, мүфрәд, ғазал, қита, суырып салу (фи бәдаиһ) сынды шығыстық жанрларды да тиімді пайдаланады. Еңбектің тағы бір ерекшелігі: парсы тілінде жазылғанымен араб және түркі өлеңдерін әңгімесіне арқау еткен. Бір ғажабы шығармада қазіргі уақытқа дейін сол қалпында, сол мағынада қолданылып келе жатқан көптеген қазақ сөздері де кездеседі.

Ғұмырнамалық шығармалар әлем тарихында өзіндік орын алады. Мәселен, француз жазушысы Сен-Симонның (1675-1755) «Естеліктері», американдық саясаткер ғалым Б. Франклинның (1706-1790) «Менің күй-жайым», германиялық жазушы-ақын И. В. Гетенің (1742-1832) «Поэзия және ақиқат», Мырза Әлихан Әмин-әд-дауленің (қайтыс болған жылы 1909) «Саяси естеліктері», Абдолла Мостуфидің (1876-1950) қажарлар билік еткен кезеңнің қоғамдық және басқару тарихына арналған «Менің өмірбаяным», орыс жазушысы А. И. Герценнің (1812-1870) «Былое и думы», С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың (1908-1973) «Менің мектептерім», Д. Қонаевтың (1912-1993) «Өтті дәурен осылай» атты еңбектері ғұмырнамалық шығармалар қатарына жатады.

Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде өзі өмір сүрген тұстағы тарихи-саяси ахуал, ислам дінінің сол дәуірде түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне жасаған ықпалы анық көрінеді. Әдебиет - заманның көркем шежіресі десек, әр дәуірдің тарихы өз кезіндегі тарихи оқиғалар мен сол қоғамның саяси-идеологиялық өрісінен оқшау қала алмайды.

XV-ХVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы дидактикалық, саяси-әлеуметтік сарынды, сондай-ақ, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағымды әдеби тарих жалғастығы тұрғысынан қарастыру да бүгінгі күннің қажеттілігі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» шығармасы тұңғыш рет тарихи дерек ретінде ирандық ғалым Әмин Ахмет Рази 1593 жылы жазған «Һәфт ықлым» еңбегінің Кашмир, Қашғар және Хотанның жағдайы, билеушілері мен тарихы туралы тарауларында пайдаланды [5] .

Әкбар шахтың (1556-1605) тапсыруы бойынша, пайғамбардың қайтыс болған жылынан бастау алатын ислам әлемінің жалпы мың жылдық тарихын баяндаған «Әлфи тарихы» (Мың жылдық тарих) атты тарихнамасында пайдаланды [6] . Осыдан бастап Үндістан тарихына қатысты зерттеулерде Мырза Хайдардың еңбегі негізгі әдебиеттер қатарында ғылыми айналымға түсті. Солардың бірі - Мұхаммед Қасым Үндішах Истерабади Феріштенің Үндістанның жалпы тарихына арнаған «Тарих-и періште» (Гүлшән Ибраһими) атты еңбегі еді.

Еуропада «Тарих-и Рашидиді» аударуды алғаш қолға алушылардың бірі - ағылшын ғалымы Вилиям Ерскин болды. Сондай-ақ, француз зерттеушісі Рене Гроссе, орыс ғалымдары В. В. Вельяминов-Зернов, В. В. Бартольд еңбектерінде Мырза Хайдар Дулат шығармалары жөнінде бірқатар бағалы пікірлер жазылды.

Қазақ ғалымдары арасында «Тарих-и Рашиди» мен оның авторы туралы тұңғыш ғылыми көзқарас білдірген Шоқан Уалиханов екені мәлім. Бұдан соңғы уақытта С. Аспандияров, Ә. Марғұлан сынды ғалымдардың зерттеулерінде Мырза Хайдар қазақ халқының төл тарихшысы ретінде бағаланды.

ХХ ғасырдың 60-жылдары Кеңес одағындағы - «Қызыл кезеңнің» идеологиялық қиын жағдайына қарамастан халқымыздың тарихын зерттеуде Қазақстан шығыстанушылары С. Ибрагимов, В. П. Юдин, М. Минегулов, Т. Султанов, К. А. Пищулиналар өздерінің еңбектерінде Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасының қазақ халқының тарихы үшін аса құнды еңбек екендігін көрсетті.

Кеңес дәуірінде өзбек оқымыстыларынан Р. Г. Мукминов, С. Ә. Әзімжанова, Х. Хасанованың және тағы басқалардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегін өзбек ғалымдары А. Урунбаев, Р. П. Джалилов, Л. М. Епифанова парсы тілінен орыс тіліне аударды.

Мырза Хайдар Дулаттың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған еңбектердің анықтамасы «Өмірбаяндық-библиографиялық, анықтамалық» атты құнды жинақта топтастырылып жарық көрді. Онда негізінен 1829-1999 жылдар аралығында қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрік, парсы, орыс тілдерімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдерінде жарық көрген әдебиеттерді қамтыған бұл кітап Қазақстанда шығыстану ғылымының негізін қалаушы ғалым Ә. Дербісәлінің еңбегінің арқасында баспадан шыққан-ды [7] .

«Тарих-и Рашиди» еңбегінен Қазақстан тарихшылары Мингулов пен Пищулина үзінділер аударды [8, 4 б. ] . Ал, «Тарих-и Рашиди» парсы тілінен тікелей қазақ тіліне Өзбекстан нұсқасы бойынша тәржімаланды. Ғалым Ә. Дербісәлі «Қазак даласының жұлдыздары» атты еңбегінде көлемді тарау арнаған. Әрі «Жаһаннаме» атты дастанын көне түрік (шағатай) тілінен қазақ тіліне тәржімалап, оның түсініктемелік сөздігін де жазып, шығарды [36] .

Ғалым Үндістанның Кашмир штатындағы, Сринагар қаласындағы «Мазар-и-Салатин» (Сұлтандар мазары) қабірстанынан Мырза Хайдардың мазарын тауып, оны «Ислам және Заман» атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазып, оның зерттеу жұмысына зор үлес қосты [9] .

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты Мырза Хайдар Дулаттың еңбегінің ғұмырнамалық шығарма ретінде тарихи ерекшеліктерін айқындау, исламдық шығыс тарихының түркі тарихымен байланысын нақтылау, олардың қазақ тарихындағы сабақтастығын анықтау болып табылады. Осы және басқа да мақсаттарға жетуде төмендегідей мақсаттар мен міндеттер шешімін табуы қажет:

Мырза Хайдардың ғылыми ғұмырнамасын жасау;

Мырза Хайдардың исламдық дүниетанымының шығармаларындағы көрінісін анықтау;

1346-1546 жылдар аралығында өмір сүрген Шағатай, Әмір-Темір, Шейбани, Дулат әмірлігі, қазақ хандығы жайындағы авторлық деректер мен түпнұсқа деректерді, әлемдік зерттеу жұмыстарын және қазақ ғалымдарының зерттеулерін салыстыра отырып нақтылау;

Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегі ғұмырнамалық тарихи шығарма екендігі анықталды;

Мырза Хайдар еңбегінде кездесетін тарихи мәліметтер қазақ тарихы мен мәдениетінің және діни-ағартушылық тарихының басты қайнар көздерінің бірі;

Мырза Хайдар шығармасының поэтикалық деңгейі жоғары, ол тек қана прозашы емес, ақындық дарыны да, кемелденген қаламгер ретінде саналады;

Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалық тарихи шығармасы стильдік, жанрлық тұрғыдан алғанда өз дәуірінің озық туындысы және ол әдеби-тарихи һәм эстетикалық құнары мен маңызы жөнінде де әлемдік өркениет пен мәдениеттің алтын қорына қосылатын аса бағалы мұра.

Курстық жұмвстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңғейі, мақсаты мен міндетінен тұрады. Бірінші тарауда Мұхамед Хайдар Дулатидің өмірі мен өскен ортасы және шығармашылық ізденістері жазылған. Екінші тарауда «Тарихи - и Рашиди» дастанының жазылу тарихы мен мазмұны мен маңызы қарастырылған. «Жаһан - наме» поэмасының жазылу тарихы және мазмұны мен маңызы қарастырылады. Негізгі курстық жұмыстың жоспары осылай болып келеді.

1. 1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен өскен ортасы

Ғалым- тарихшы, ойшыл, мемлекеттік қайраткер, аұын, түркі өркениетінің өкілі Мұхаммед Хайдар тек отпндық тарихты ғана емес, сонымен қатар біртұтас Орталық Азия аймағының халықтары мен біздің халықты жақындастыра түскен Орта Азия, Шығыс, Түркістан, Тибет, әсіресе Үнді елдерінің тарихын зеттеуге өлшеусіз үлес қосты. Оның Кашмирде көтерген көптеген проблемалары Қазақстанның және басқа да көлемді континенттердің өткеніне қатысты бар өзінің жеке өмірлік қызметі секілді бүкіл Индияның дамуына сөз етті.

М. Х. Дулати жазған Орталық Азияның тарихы жөніндегі ХҮІғ. ескерткіші «Тарихи-и-Рашиди» ғылыми ортада кеңінен танымал және ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының назарында болып отыр. Оның өмірі жайлы мәліметтерді біз негізінен Мұхаммед Қасым Фириштидің (ХҮІғ. ) «Тарих-и-Фиришти», «Акбарнама» арқылы білсек те, бұл еңбек жазылған сәттен бастап Азияға кең тарады. ХҮІғасырда «Хафт ықылымды» жазарда Амин б. Ахмет Рази, ХҮІІғасырда «Тарихи-и-Хайдариді» жазарда Хайдар Малик, Махмуд б. Малик, ХҮІІІғасырда Шах МахмудЧурас және басқа көптеген ғалымдар осы еңбекке сүйенді. Батыс Европа ғалымдарының арасында Мұхаммед Хайдар шығармаларын тұңғыш рет «Хумаюнның басқаруындағы Индияның тарихы» атты еңбегін жазар үстінде, 1854жылы Уильям Эрскин өз зерттеулерінде пайдаланып, оның тағдыры жөнінде мәлімет қалдырып кетті. Бұдан кейін «Тарих-и-Рашидидің» материалдарына Г. М. Элиот пен Ф. Скрайн арқа сүйейді. Шығыстанушы орыстардан В. В. Вельяминов-Зернов, В. И. Масальский, В. В:Бартольд және құнды түпнұсқа ретінде қолданды, Кейінгі кезеңдерде бұл еңбектегі мәліметтер В. М. Вяткин, К. А. Пищулина, Т. И. Сұлтанов, А. Абусеитова және басқа да қазақтар жайындағы белгілі зерттеушілердің жұмыстарына да өзек болды. Өзбектің шығыстанушы ғалымдары А. Уорунбаев, Р. П. Джалилова, Л. М. Епифанова 1996жылы «Тарих-и-Рашидиді» орыс тіліне аударып, басып шығарды. Әсіресе, қазақ ғалымы Ә. Дербісәлиевтің зерттеуін ерекше атау керек. Сол зерттеулерден кейін барып М. Х. Дулатидің тарихи мұрасын таныту мүмкіндігі құлшын кеңірек жайды.

Ғылым осы уақытқа дейін М. Х, Дулати мен Захириддин Бабырдың, оның ұлдары Хумаюн мен Камраның, сондай- ақ Моғолстанның әмірі Сұлтан Саидтың, Әбдрашит хан мен басқалардың арасындағы ғалымның бүкіл тағдырымен сабақтас арақатынасы сияқты өзекті мәселеге жауап бере алмай келеді. Бұл аспектілер, тарихи тұрғыдан алғанда, Бабырдың Дулатидің тәрбиесіндегі және тұлға ретіндегі қалыптасуындағы рөлін қамтиды.

Орталық Азиядағы, Индиядағы ХҮІғ. 20-30ж. ж. қоғамдық-саяси ахуалын зекрттеу Дулатидің Бабырдың ұлдары Хумаюн мен Камраның Саид ханмен, Әбдрашит ханмен байланысы толық ашылмағанын байқатады.

Беделді отбасынан шыққан белгілі кашмирліктер өз елін басқару үшін неге Мұхаммед Хайдарды шақырды, аймақ дамытудағы бұл шешімге қандай әлеуметтік себептер әсер етті? 1540пен1551жылдар аралығында Кашмир өмірінің вассалдармен арақатынасы қандай еді? Ғалымның өліміне әкеп соққан оның бұрынғы әріптестерінің 1551жылы Кашмирдегі бүлікті туғызуының салдары түпкілікті анық емес.

М. Х. Дулатидің «Кашмир даласының әлеуметтік-саяси, шаруашылық-мәдени дамуына» үлесі Орталық Азия аймағында, Индияда түркілердің тарихи, мәдени, сауда байланыстарының қанат жаю проблемасын тағы да көтерер еді. Тарихи әдебиетте Бабырдың, Хумаюнның, Акбардың, Шах Жаһангердің, басқа да ұлы Моңғол әміршілерінің әлемдік өркениетке, Индияның дамуына қосқан үлесі белгілі, ал Дулатидің Кашмирдің дамуындағы қызметтінің маңызы туралы мәселелері әлі зерттелмей отыр.

Біз Мұхаммед Хайдардың тағдырындағы белгі- бедерлерді қалпына келтіру үшін оның жолын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлдік.

1499жылдан 1514жылға дейін бірінші кезең балалық шағын, есею жылдарын және тұлға ретіндегі қалыптасу тұсын қамтиды. Дулатидің Моғолстан қоғамының жоғары дәрежелі тобына жататын оның болашағын айқындайды. Анасы жағынан Индиядағы Бабырлықтар мемлекеті әулетінің негізін салушы Захиридин Мұхаммед Бабырдың немере ағайыны еді. М. Х. Дулати дулат тайпасының білікті, зиялы отбасында туылып, тәрбиеленді. Бұл тайпаның әмірлері мемлекеттің жетекші күші болып есептелінеді. Сондай- ақ олар эканомикасы жағынан дамыған Қашқария ауданын билеп тұрған . Ура-Тепе, Ташкент және оның айналасы оның әкесі Мұхаммед ХусейнГурган мырза Дуглаттың мұрагерлік иелігінде болатын. Саяси оқиғалардың белсенді мүшесі еді. Осыған байланысты Бабыр өзінің «Жазбаларында» бірнеше рет еске алады.

Әкесіз қалған Мұхаммед Хайдар Кабулға 1509-1512 жылдар аралығында келіп, Бабыр сарайында тұрақтайды. 1512 жылы Мырза Хайдардың нағашы ағасы, Моғолстан ханы Сұлтан Саидхан Бабыр патшадан Мырза Хайдарды өз қолына алады. Әкесіз жетімдік баланың мінезіне әсер етеді. Сондықтан оның бала кезінде мінезінің тік, әрі ұстамсыз болуы әбден мүмкін. Бабырдың сарайында Дулати тамаша білім алады, қолөнердің көптеген түрін және әскери істі меңгереді, «Бабырнама» авторының естелігінде «оның қолы бәріне икемді еді, өлең жазатын дарындылығы да бар-тын» дейді

Ол алуан қырлы, күрделі де күйбең өмірдің жетегінде кетпеді. Ана тілін, туған жерінің тарихын, мәдениетін ұмытпады. Онымен мақтанды. Сөйте жүріп өзге елдің дәстүрін, ерекшелігін кемсіткен жоқ. Мінезі жағынан жауынгер болды, өмірден икөрген-түйгенін де ұшан-теңіз еді. Сол кездің өзінде-ақ әскери іс-қимыл өнерін игерді. Ертерек көзге түсіп, он бес жасында Моғостан мемлекетінде жоғарғы қызметтер атқарды.

Дулати өмірінің екінші кезеңі Моғостан ханы Сұлтан Саидтың отбасымен байланысты. Ұлы Бабыр бастаған тәрбие бұл үйде заңды жалғасын тапты. Соның нәтижесінде тұлғалық келбеті, моральдық-этикалық көзқарастары одан сайын дамып, қалыптасты. Болашақ қолбасшылықтың, мемлекет қайраткерлігінің негізі осында қаланды.

Үшінші кезең 1533жылдан 1540жылға дейін созылды. Сұлтан Саид ханның өлімінен кейін М. Х. Дулатидің тағдыры күрт өзгеріп, ол екі бөлікке бөлінді. 1533-1536жылдары бұдан кейінгі тағдыр жолын таңдау, өз орнын анықтау, өткен өмірдің қорытындыларына баға беру кезеңі болып есептелсе, 1536-1540жылдары ендігі тағдырын Бабырдың ұлдары: Хумаюн мен Камран шаңырақтарымен байланыстарымен бел буады.

1533жылы Моғолстан тағына отырған Әбдрашит ханның (939-978), (1533-1570) дулаттарға өте өшпенділікпен қарағаны белгілі, әуелі ол Саид Мұхаммед мырзаны және өзінің бауыры Сикандар ханзадаға адал деген күмәні бар ғалымның басқа туыстарын өлтіреді. Оның себебі мықты да ықпалды дулаттар Моғолстандағы билікті тартып алады. немесе таққа Сикандарды отырғызып қояды деген үрейден туындағаны анық.

Осы кезде Тибет пен Кашмир сапарынан қайтқан Хайдар мырза өз отанындағы жаңа саяси жағдайларды білген соң өз өмірін қауіпке байламады. Бадахшандағы және басқа жерлердегі көптеген сынақтардан кейін бұдан былайғы өмірінің жаңа мүмкіндіктерін табады, жаңа таңдау жасап, тағдырын түбегейлі өзгертеді.

1536-37жылдары ол тарихи шешім қабылдайды, Индияға кетіп, Бабырдың мұрагерлері Хумаюнмен, Камранмен тағдырын байланыстырады, алдына жеке мақсат емес, мемлекеттік маңызды - Индиядағы Моғостанды біртұтас орталықтан басқаруды сақтап қалу мүддесін көздейді. Адамгершілік тұрғыдан алғанда да Дулатидің империяның территориясы үшін өзара жауласып, соғысқан Бабырдың ұлдарын ынтымақтастыру ойын түсінуге болады. Бұл жерге көз тіккен ауған әміршісі Шер Шахтың соғысқа араласып кету ниетін тереңдетпеудің бір жолоы да осы болатын.

«Тарихи-и-Рашидиде» М. Х. Дулатидің 1540жылдың қарашасына дейін Бабырдың ұлдары - Камраның, сосын Хумаюннің қызметіңде болғаны және олардың Дулатиді, оның еңбегін жоғары бағалап, патшалық мейірім білдіргені жайлы мәлімет бар. Мұхаммед Хайдар өз жылнамасында: «Осы уақыттың ішінде мен мүмкіндігіншн мемлекет ісін басқаруға жете көңіл бөлдім. Әмірлік жүргізу, салық жинау, асауға тұсау салу, бүлікшіліл шекараны күзетке алу, ислам негізін нығайту тәртібіне түгелдей бақылау жасадым» дейді.

Кейінірек 1539-1540жылы Мұхаммед Хайдар Аграда таныстықтың басында - ақ достық қатынасқа ұласқан Хумаюнмен бірігеді. Ол жөнінде М. Х. Дулати «Тарих-и-Рашидиде» айтады. Мұхаммед Хайдар тағдырындағы бұл күрделі мезгілдің қорытындысы ретінде Солтүстік Ирландиядағы бабырлықтардың билігінің уақытша жоғалуын айтуға болады. Индиядағы Моғолстанның билігін сақтап қалуға бағыииалған Бабыр ұлдарының мемлекеттік қызметі, бабырлық әулеттің басын біріктіруге жұмсалған Мұхаммед Хайдардың күш - жігері, бұл іске Шер шахтың белсенді араласуы нәтижесінде шығармады.

Мұхаммед Хайдардың тарихи шешімі оның өзінше әрекет жасап, Кашмирді жаулап алуымен өлшенеді. Бұл жоспарды жүзеге асырудың алғы шарты ертеректе жасалған, Кашмирдің ықпалды адамдары 1536-37жылдары басқару жұмысына шақырған.

Оның өмірінің ең маңызды төртінші кезеңі 1540жылы М. Х. Дулати жеке саясаткер ретінде Кашмирдің билігіне келгенде басталды. Міне, осы уақытта, бес жылға созылған мерзімде (1541-1546ж. ж. ) ол даңқты «Тарихи-и-Рашиди» еңбегін жазады.

Бүгінгі күнге дейін тарихи әдебиетте оның бұл өмір кезеңі тереңірек зерттелген деп есептеледі. М. Х. Дулатидің Кашмирге билік жүргізген уақытын көптеген дәлсіздіктерге қарамастан бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мезгілдің дөп келмеуі, тарихи оқиғаларды суреттеуде, оның қызметі мен өмірінің тұстарындағы кейбір болжамдар да түбіне жеткізіліп дәлелденбеуі мүмкін.

Бірінші бөлім өзінің әміршілік құқықтарын жүзеге асыра бастаған алғашқы жылдары десек, ол 1540 жылы Надир шахтың атынан басқару кезеңімен байланысты. Мұны біз «Тари-и-Рашидиден» таппаймыз, себебі кітаптың жылнамасы осы оқиғаның алдында ғана аяқталды. Бірақ оның дәлелдерін біз Сринагар қаласындағы археологиялық және басқа мұражайларда сақталған М. Х. Дулатидің сол кезеңде шығарған теңгелерінен және У. Эрскиннің еңбегінен табамыз. Сондай - ақ, ғалым К. Э. Босворт «Хронология және генеалогия жөнінднгі анықтамалықта» Надир шахтың билік жүргізген мезгілдерін қазіргі жыл санау бойынша былай келтіреді: 1527-1529, екінші рет 1540, үшінші рет 1551-1552жылдары. Бұдан щығатын қорытынды - бұл кезең ұзаққа емес, небәрі бір - ақ жылға созылған. Міне сол уақытта М. Х. Дулати Кашмирде ақша реформасын жүргізелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz