Мөлшер үстеулері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-б

ІІ НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. 5-б

1.1Үстеу сөздердің лексика –семантикалық сипаты

1.2 Үстеу сөздердің морфологиялық ерекшеліктері

1.3 Бейімбет Майлин шығармаларының көркемдік
тәсілі-

үстеу сөздер

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 20-б

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21-б

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-б

Кіріспе

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тіл – тілдің өзара бір – бірімен байланысты
екі жағы болады. Оның бірі – тілдің сөздік, екіншісі – грамматикалық
жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл құралы да,
айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете
алады. Сондықтан, сөздік құрам мен грамматикалық құрылыс үнемі бірлікте
жұмсалады. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен қызметтері
болады. Лексикологияда сөз, оның мағынасы ашылса, морфологияда осы сөздің
қай сөз табына жататыны, олардың жасалу жолы мен түрленуі сөз болады. Қазақ
тіліндегі сөздер мағыналық, грамматикалық белгілері мен сөйлемде атқаратын
қызметіне қарай топтастырылады.

Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз таптарының ішінде үстеу сөздер
ерекше орын алады. Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін
және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін үстеу сөз табын зерттеу өте ерте
кезеңнен басталып, бүгінгі күнде әр түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарының
нысанасы болып, жекеленген еңбектер мен журнал беттерінде әр түрлі
тақырыпта ғылыми мақалалар жарық көруде. Алайда, осындай жетістіктерімізге
қарамастан, үстеу сөз табы жан-жақты зерттеліп болды деп айту ертерек.
Себебі, әлі де тыңғылықты түрде қарастыратын мәселелер аталмыш сөз табы
аясында кездесіп отырады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – үстеу сөздердің әлеуетін анықтау,
өрісін айқындау, тіліміздің сөздік құрамын байытудағы атқаратын қызметін
көрсету, сондай – ақ, үстеу сөздердің жасалу жолдарын, амал – тәсіл
түрлерін анықтап, мағыналық ерекшеліктерін айқындау, көркемдік-стильдік
тәсілін талдау.

Үстеу сөздер қалыптасуы, грамматикалық құрылысы жағынан ешбір
сөз табына ұқсамайтын, бірақ қазақ тілі грамматикасында ерекше орын алатын,
күнделікті өмірде жиі кездесетін, өз алдына жеке сөз табы ретінде басқа сөз
таптарына қарағанда кейін қалыптасқан.

Үстеу сөз табының грамматикалық, стилистикалық, сыр-сипатын
зерттеген ғалымдар: Аханов К.Тіл біліміне кіріспе ,[А.1991] Әлкебаева
Д.Қазақ тілінің прагмастилистикасы, [А., 1991]Бектұров Ш. К., Қазақ тілі,[
А.,1991]. Исаев С.М., Қазіргі қазақ тілі Өнер[А.,2007] ИсаевС. Қазақ
әдеби тілінің тарихы, [А.,1989] Искаков А. Наречие в казахском языке,
[А.,1950] Қараев. М., Қазақ тілі,[А.,1991] Қазақ тілінің грамматикасы.І.
Морфология. [А.,1967] Қазақ тілі. Энциклопедия. [А.,1998] Қазақ тілінің
грамматикасы. [А.,1967]. Төлеуов Ә., Сөз таптары, [А.,1982] Ысқақов А.
Қазіргі қазақ тілі, [А.,1991].

Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін
(некен – саяқтап қана түрленетін ), лексика – семантикалық жағынан өз
алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын
сөздерді айтамыз.

Басқа сөз таптары сияқты, үстеудің мағынасында да, тұлғасында да,
сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.Үстеу сөздерге
жататын сөздердің грамматикалық белгілерін таныту басқа сөздерге қарағанда
күрделірек, абстрактылы болып келеді.

Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым – қатынасқа
түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік
қызметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше
болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін,
үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.

Негізгі бөлім

1.1 Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі – семантикалық
сипаты болып табылады. Ол қимылдың іс-әрекеттің әр алуан мезгілдік,
мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын
т.б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы
морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының
жоқтығы.[C.Исаев] Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да
жалғанады: жоғары – рақ, төмен – ірек, тез – ірек, ақырын – дау, әрі – рек,
ерте – рек, бері – рек, дәл – ірек т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай
жұрнақтары кейбір мекен үстеулеріне де ( жоғары – рақ, әрі - рек), мезгіл
үстеулеріне де (кеш – іре, ерте – рек ), сын – қимыл үстеулеріне де ( тез
– ірек, ақырын – дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің
ешқайсысы да толық түріне шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен
үстеулерінің (әлдеқайда, жол – жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл
үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын – қимыл
үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай
жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі " негізгі үстеулердің көпшілігіне шырай
катетегориясы жасалады" ( А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді.
Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық
үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық
негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет
мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым
үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар
көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып
келеді. Бұның өзі тарихи жағынан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес
екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің
семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс
– әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен
тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұрады.

Үстеудің мынандай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын
– қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, мақсат үстеуі, себеп – салдар
үстеуі, топтау үстеу.

Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін
білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі
етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады,
таңертең тұрады, бұрын жүреді, күні бойы дайындалды, жазғытұрым келді, т.
б.

Мекен үстеу. Мекен үстеуі іс - әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп,
қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен
етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды
– артынан орады, әрі – бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б

Сын – қимыл( бейне) үстеуі қимылдың, іс – әркеттің амалын, сынын,
бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға
жауап береді. Сын – қимыл(бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп
жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан
құлады, балаша мәз болды, емін – еркін отырды, бостан – бос жүрді, т.б. Сын
– қимыл үстеулері де құрамы жағынан негігі я туынды түбір немесе күрделі
түбір бола береді.

Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік
дәрежесін, шама – шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап?
және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері
бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама – шарқын білдірсе, енді
бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша
жараспайды, анағұрым көбейді, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді,
өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап
беріп, қимылдың шама - шарқын білдіріп тұр. Мөлшер үстеулері құрамы
жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.

Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс – әрекеттің
белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер
көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп
сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі,
тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б. Құрамы жағынан күшейткіш
үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс – әрекеттің болу мақсатын
білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат
үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т.б
сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды,
қасақана үндемеді, т.б.

Себеп – салдар үстеуі. Себеп – салдар үстеуі қимылдың, іс- әрекеттің болу
себебін немесе салдарын білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген
сұрақтарға жауап береді. Себеп – салдар үстеуіне: босқа, құр босқа,
амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансыңт.б. топтау үстеуі қимылдың,
іс – әрекеттің мөлшерлік, көлемді мәнін білдіріп, қаншалап? нешелеп? қалай?
деген тәрізді сұрақтарына жауап береді. Мысалы: үшеулеп, он – ондап, аз –
аздап, топ – тобымен, рет – ретімен, т.б.

Үстеу сөйлемде көбінесе баяндауышқа қатысты болғандықтан,
пысықтауыштың қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ештен кеш жақсы ( мақал).

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй – жайларын
және сынның белгілерін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше
ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы,
көсемшелер) арқылы да білдіреді. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш
болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің
бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған
сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде тұрады және Мен
мынау колхоздан пана таптым, енді орным осында( М. Әуезов) деген
сөйлемдерді алсақ, бірінші сөйлемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса,
екінші сөйлемдегі пысықтауыш – осында деген сөз.

Шежіреде қазіргі әдеби тілде кездесетін үстеулердің біразы ғана
қолданылған. Олардың ішінде осы күні кең қолданылатын –ша жұрнағы арқылы
жасалатын туынды үстеулер де бар. Мағыналық жақтарын ескергенде шежіреде
төменгі үстеу түрлері кездеседі:

Мекен мәнді үстеулер. Мекен үстеуінің негізгі түрі шежіреде өте аз
кездеседі. Мекенді білдіру қажет болған жағдайларда, негізінде, мекен мәнді
жалғаулы есім сөздер қолданылған. Бұл функцияда әсіресе соң, әрі шылаулы
есімдік жиі кездеседі. Мұндай тіркестер қазіргі тілдегі сияқты контекске
қарай бірде мекенді білдірсе, енді бірде мезгілдік мағынада қолданылған.
Мысалы: Андан бағы садда хытай тұрұр. Байроқ ханны оңда оқ басты, өлтүрді.
Мұндағ оқ қалдылар. Өнгә йақ көңүл берділәр. Анлар билән бірге иберді.

Мөлшер үстеулері. Онша жиі болмағанымен шежіреде қазіргі әдеби тілде
кездесетін мөлшер үстеуінің кейбір түрі де қолданылған. Мысалы: Мұнша
ләшкәр биләнлар хытай уалаятыға иберді. Хытай уалаятыдан онча уалаятлар
бақындырып ерді. Мұнча қауымлар пайда болды. Анча анларның атлары мағлұм
тұрұр.

Мезгіл үстеуі шежіреде жиі кездеседі. Бұған соң, соңыра, соңыратын, ілгері,
бұрын, әуел, тез, күзгісін, йазғысын, қышқысын тәрізді сөздер жатады.
Шежіреде қолданылған мезгілдік үстеу ішінде қазіргі әдеби тілімізде
кездеспейтіні соңыратын үстеуі: Соңыратын аға ұғлы Тағайға берді. Бірақ
қазіргі әдеби тілімізде соңыратын демегенмен ілгертін, ілгертінде деп
атайды. Қазіргі әдеби тілдегі сияқты мезгіл үстеуі мағынасында мезгіл мәнді
зат, сан есімдер де әр түрлі септік жалғауларында айтылып қолданылған.
Чыңғыс хан бұ йазғысын Сары – Қаһарда Оңхан билән кеңәш қылдылар.

Бейне үстеулері қазіргі әдеби тілдегі тәрізді негізгі түбір кейде, -ша
жұрнағы арқылы басқа сөз таптарынан жасалған туынды күйде де кездеседі.
Мысалы: Күзгісін йана қатла тоқуш қылмаға уалаят Таңқутқа атланды.

Қазіргі әдеби тілдегі мақсат үстеулерінің мағынасы
екі–үш жерде келер шақтық көсемше мен –ғалы, -мақ жұрнақтары есімшенің
барыс жалғаулы түрі арқылы берілген(тоқұшмаққа атланды, тоқышқалы атланды
т. б.).

1.2 Морфологиялық құрамы жағынан үстеу негізгі түбір үстеулер( ерте, еш,
сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері ( балаша, соншалық,
жасырын, т.б.), күрделі түбір үстеулер ( бүгін, биыл, қолма – қол, жапа –
тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып
бөлінеді.
Негізгі үстеулер морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі
бір формада қалыптасқан сөздер: әрең, азар, ұдайы,үнемі, нақ, дәл, дәйім,
әбден, өте ,аса ,ең, тым, тіпті т.б.
Негізгі үстеулердің үш түрлі ерекшеліктері бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады:-рақ,-рек,-
лау,-леу ; Мысалы: бұрынырақ,өте кейін-кейінірек,ілгерілеу т.б.
2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеоназм жолымен
қабаттаса да қолданылады: құр босқа,бекерден-бекер,тектен-тек,құр
бекер т.б.
3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да,басқа
сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді: азар деп,
әдейілеп, бұрынды-соңды, енді-енді, жоғарылы-төменді т.б.
Туынды үстеулер - басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы,
сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы,сондай-ақ,кейбір
сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған сөздер.
Үстеудің жасалуы төмендегідей:

1. Семантикалық (морфологиялық) тәсіл: -ша, -ше: қазақша, қысқа – ша,
есік - ше; -лай, -лей,-дай, -дей, -тай, -тей: өлердей, шикі – лей, қыс
– тай, т.б. -дайын, -дейін: тоты - дайын таранған; -шалық, -шелік,
-шама, -шеме: сон – шалық, осыншама; -дайлық: сон - дайлық; -шаң,
-шең: көйлек – шең, етік - шең; -сыз, -сіз: қаннен қапер – сіз, ысырап
- сыз: -ын, -ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын, -сін: кешкісін,
ертеңгісін; –ы, -і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.

2. Лексика - семантикалық тәсілі:

а) басқа тілден еңген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.

ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған
үстеулер: соң (зат атауынан дегеннен соң), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте,
лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.

3. Семантикалық – синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір
сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану
(семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі
түрлі процесс, бірі – қосымша үстеулі, екіншісі – семантикалық процесс
(таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл
қосымшалардың үстеу тудыру – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр.
Олар: а) барыс септік арқылы: басқа, жатқа, артқа, т.б. ә) жатыс септік
арқылы: мұнда, түнде, алда, т.б. б) шығыс септік: шетінен, тосыннан,
қатеден, төтеден, кеңінен, т.б. в) көмектес септік: жайымен, жөнімен,
шынымен, кезекпен,-лап, -леп ,-дап, -деп, -тап,-теп,ойыншылар,жездейшелеп
т.б.

4. Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл
жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің
қосарлануы: жата – жастана, аунап – қунап, жапа – тармағай, бірте – бірте,
бет – бетімен, аз – аздап. б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер:
ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.

1.3 Үстеулердің стилистикалық мәнін олардың грамматикалық формалары
анықтайды. Қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс – әрекеттің әр түрлі
белгілерін жүзеге асыру тәсілін, мекенін, мезгілін, жай – күйін білдіретін
сөздер, бұл сөздер әр стильде өзінің белгілі стильдік салмағымен
ерекшеленіп отырады. Сөйлемде пысықтауыштың рөлін атқаратын етістікпен
жанасып, кейде сын есім, үстеу түрінде келетін сөздер табиғатын стильдік
жағынан талдау оңайлыққа түспейді. Үстеулер табиғатында бірнеше сөз табының
қызметін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезгіл устеулері
Үстеу
Үстеудің қалыптасу тарихы, үстеу түрлері
Сөйлемнің пысықтауыш қызметі мүшесі - үстеу сөз табының негізгі синтаксистік қызметі
Үстеу жайында
Үстеу. Еліктеу сөздер
Қазіргі мезгіл үстеулер
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
Мектепте үстеуді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері
ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер