Шөже жеті жасынан көзден айрылған ақын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі.

Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Қазақ әдебиеті кафедрасы.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шөже Қаржаубайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Орындаған: 2-
ҚБ студенті

Ш. С. Шакенова
Тексерген:
Педагогика ғылымының

кандидаты, аға оқытушы
З.
Н. Молдахметова
Баға:

КӨКШЕТАУ- 2005ж.

Жоспар.

І Кіріспе бөлім.

ІІ Негізгі бөлім.
Шөже Қаржаубайұлының өмірі және шығармашылығы.

2.1 Шөже ақын өмірі.
2.2 Шөже ақын шығармаларындағы өмір қайшылықтарының көріністері.
2.3 Шөже –айтыс ақыны.

ІІІ Қорытынды бөлім.

ІҮ Қолданылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе бөлім.

Біздің қазақ әдебиетіміздің қайсібір кезеңі болмасын бәрі де
белгілі тарихи - әлеуметтік жағдайларға айланысты дамыды.
Ол өз кезеңі ұсынған басты мәселелерге үн қосып, өмірдің өзекті
сұрақтарына жауап беруге ат салысты. Бұл орайда небір қилы
сүрлеулерден , қилы шатқалдардан өтуге тура келді. Осы тұста 19
ғасыр осындай қилы сүрлеулермен, шатқалдарға толы еді.
19 ғасырдағы қазақ әдебиеті 15 –18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінің
деңгейіне қарағанда тен сандық тұрғыдан емес, сапалық жағынан да
көп. ілгері қадам басты. Соның бірсыпыра нышандары әдебиет
мәселелерінде көрініс тапты. Қазақ халқымен ғасырлар бойы бірге
жалғасып келе жатқан жыраулық поэзия өз орнын 19 ғасырдың екінші
ширегінен бастап ақындық поэзияға жол бере бастады. Өйткені , осы
тұста қазақ даласына бірсыпыра жаңалықтар дүниеге келді. Соның
ең бастысы - қазақ жері түгелге дерлік Ресей құрамына енді. Соған
байланысты ел басқару дәстүрлері мен заң жобаларына өзгерістер кіре
бастады. Бұрын ұлан ғайыр территорияны мекендеген , халықты
билеген хан – сұлтандар тұқымының айбыны кеміді. Сондықтан олардың
төңірегінде болған жыраулар қауымы да біртіңдеп ығыса бастады.
Бұлар өз бастарының қамын қорғаудан, қамдаудан аса алмады. Сол
себепті бұлардың шығармаларында елдің тарихын ардақтай жырлаған,
соның мүддесі үшін күрескен үлкен кемеңгерлік болған жоқ. 7, 118-
119
Бірақ, дәуір сахнасынан жыраулар кеткенмен елдің қамын ойлайтын,
оның арман – мүддесін паш ететін, тарихынан тағлым алуға шақыратын ,
бойында ақындық оты мен патриоттық намысы бар ақындар аз болған
жоқ. Олар: Махамбет пен Шернияз, Абай мен Ыбырай, Сүйінбай мен Шөже,
Орынбай мен Майлықожалар еді. Бұлардың жарық жұлдыздай шашыраған жыр
әлеміне үңілсек, әрқайсының өзіндік сәулесі бар. Әсіресе сол
сәулесін Көкше жеріне аямай шашып паш еткен ақындардың бірі -
Шөже Қаржаубайұлы.
Шөже айтыстың ғаламат пірі, оның бейнесі жан –жағына сәулесін
шашып, кемпірқосақ бауындай мың құбылып көрінеді.
Шөже - шамасына шан жұқпайтын, жыршы, әнші, композитор, ақпа
–төкпе шешен. Жасынан жетім өсіп, тағдыр қиыншылығын молымен бастан
кешірсе де , ешқашан мойымайтын майталман ақын. Ақын дүниені өз
көзімен көрмесе де , көре алмаған зағиптығына назаланғанымен, көзі
көргендей заман шындығын айқара ашып көрсете білген. Ақын өзі
жайлы:
Атым Шөже баласы Қаржаубайдың,
Үйде жарлы болсам да түзде баймын.
Асығымнан алтынға бөлесең де,
Дүние жүзін көрмеген сор маңдаймын -
дейді.
Шөже шығармалары өткірлігімен, шынайылығымен , сыңшылдығымен көзге
түседі және осы қасметтерімен бағаланады.
Шөже сөз өнерін аса қадірлеген, құрметтеген:
Қызыл тілге келтірсе бір құдайым.
Жұмаққа да барармыз дәм бұйырса.
Шөже жеті жасынан көзден айрылған ақын. Сол себепті ақынның
қарсыластары жүйелі сөзбен жеңе алмайтының біліп, оның басындағы
жалғыз мінін алдына келе көлденен тарта береді, бұған Шөже:соқыр
қылды көрмесің деп, жамандықтың сонына ермесің деп оларға уәжді
сөзбен орынды тойтарыс береді.
Шөже ірі эпик ақын.Қозы – Көрпеш Баян сұлужырының ең көркем
нұсқасын, халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілерімен ел шежіресінің
асқан білгірі екенін кезінде Ш.Ш. Уалиханов атап көрсеткен. 1,501

Шөже зар заманның өзіне деген қайғы - қасіреттерін мол көріп,
соларды өз шығармаларында шындықпен көрсетіп жеткізген 19
ғасырдың ұлы ақыны. 19 ғасыр ақындарының көбі сияқты елім, жерім
деп шырылдаған ақындардың бірі. 3,34-38

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Шөже ақын өмірі.

1808 жылы ұлу жылының жазында Қаржаубай шанырағын да бір көбеген
көбейтті. Айы- күйі толмай , жеті айлығында шала туды. Бір ғажабы
, екі аяғы да башпайдан дін аман , әдейілеп қырқып тастағандай
шолақ. Ал енді баланың әлжуаз нашарлығы соншалық, бесікке
бөлемекті қойып, қолға ұстауға да келмейді. Сонсоң атасының тымағына
салып, керкгенің басына іліп қойған емес пе. Осы да отыққан
қозыдай жетіліп, адам қатарына қосылар –ау деген үміт ешкімде де
жоқ.
Тіпті ел қатарлы елеп азан шақырып қойған атта бұйырмаған ғой.
Шөже торғай, Шөжетай деп жүреді де, содан өз- өзінен Шөже
аталып кете берген...
Өзін жан баласы елеп, көзге ілмегенге ерегісіп, өш алғысы
келгендей –ақ , бала бұл алашта жоқ зар жылауақ болған және де
даусы жер жарғандай әлемет ащы да болды. Өзі және жаның жеген
мейілінше пысық еді. Еңбекткнуге жарағаннан- ақ керегенің көзінен
өтіп кетіп, анасы байғұсқа көрешекті көрсете жүріп аяғын басады,
былдырлап тілі шығады.
Шөже есін алдұр- бұлдыр білер- білместен анасы дүние салады.
Қаржаубай екінші рет үйленеді. Өгей шеше Шөжеге жыланша жиырыла
келген соң, қайтерсің.
Шөже де әліне қарамай , қайсардың қайсары, тілінің ащылығымен
безер , тілазарлығы жамалған үстіне жамалса, түспесе титтей кемуі
жоқ. Сөйтіп жетім қозы тас бауыр, түңілнр де отығар дегендей,
жылап жүріп күн өткізіп, өсіп келе жатты.
...Естіген бойда қағып алатын зердесі, ғажап жүйріктігі елді таң
қалдырып жүрді. Және де өзге балалардан өзгешелігі- домбыра мен
қобыз десе ішкен асын жерге қоятыны.
Домбыра не өобыз тартылған , ән, қисса- жыр айтылған жерден қусан
дағы кеттіре алмайсың. Сол үшін өгей шешеден өлердей таяқ та жей
жүріп , не керек домбыраны, әсіресе қобызды мүлтіксіз үйреніп алады.
Әттең , дүние қу тағдырдың тарттырған тауқыметіне дауаң қане, ит
жылы елге келген шешек ауруы жеті жасар Шөженің екі көзін
бірдей алып кетеді176
Шөженің соқырлығы жайында да деректер біркелкі емес.
Туа соқыр екен , жеті- сегіз жасынан шешектен соқыр болды деген
версиялар бар. Дегенмен , Жасымнан қорасаннан көзім кетіп деген
сөзі шындыққа жақын болып табылады .
Академик Ә. Марғұлан Шөженің туған , өлген жылдарын1803-1895 деп
көрсетсе, зерттеуші Ғ. Әбетов 1805-1891 жыл, ал Қазақ Совет
энциклопедиясы 1808-1895 жылдар деп көрсетеді.
өнерде бр өнердің жүйріктері саналатын Орынбайдың бәйбшесі Бибатпа
, балалары Омар, Оспанның айтулары арқылы жеткн дерекке
қарағанда Шөже Орынбайдан бір мүшлдей үлкен.
Орынбайдың 1816 жылы А. Янушкевичпен кездесенде 30 жасында екенің
білеміз. Сонда 1846 жылы туған Орынбайдан Шөже бір мүшелдей
үлкен болса , оны 1803жылы туды деу шындыққа жақын.
Ал, ақынның өлген жылын анықтауға кесек, ұзақ өмір кешкен белглі
халық ақыны Доскей Әлімбаевтың айтуынан жазылған материалдарда
Шөже осыдан дәл 56 жыл бұрын Ақмоланың түбінде Қырауқамыс деген
жерде Зауқара ауылында қайтыс болды делінеді. Сонда ол 1884
жылы қайтқан болып шығады.
Ақынның туған жерін Көкшетау облысының Қызылту ауданына
Қарасты жерді атаса , екінші біреулер Солтүстік Қазақстан облысы
дкп көрсетеді. Яғни , Шөже ақынның нақты туған жылы - 1803 жыл
деп қарауымыз керек. 4, 126-128.
Шөже ризық- несібесіз жаратылмаған екен. Домбырасын
алып, өлеңге жыр қосып айтқанда елді аузына еріксіз қаратады.
Өз жанынан өлеңді суырып салып айтып та жібереді. Ел оны осы
қабілеті үшін ақын бала деп атап кетеді. Атандым жеті жастан
Шөже ақын дейтіні осыдан.
Атақ - даңқы елге тым ерте жайыла өсіп келе жатқан Шөженің
жасөспірім шағы , қазақ елін Абылай жеткізген тұтастық пен
тыныштық дәурен шағы, аласапыранға айналып, Ресей империясы
жалмауыздай аран ашып, төңіп шет пұшпақтап жұта бастаған құралы -
қасіретті кезенні басымен тұспа - тұс келіп еді.
1824 жылдың қой жылында Көкшетау станциясын орнатуға мылтығын
кезкңіп , зенбірегінің өңешін үңірейткен патша жендеттері казкк
–орыстар келіп жетті. Алымбай ауылы қасқыр тиген қойдай дүркіреп ,
Абылай тарту еткен құт қонысты тастай қашты. Тағдыр тауқыметі ,
егіз жүректі қақ жарғандай , бір әулетті екіге жарды да жіберді.
Шабақтан тарағандар 1 сурет Атбасар жеріндегі Балуанкөл ,
Шойынкөл маңына жетіп тоқтады да, Төлен ұрпақтары Есіл өзенінің
Қараөткел тұсынан кесіп -өтіп , Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар
деген жерге табан тіреді. Шөженің Нұра бойында туды деген жаңсақ
пікір төркіні де осыдан шыққан деседі.
Балта Шөжемен айтысқанда: Қараөткел Көкшетауды жеген соқыр - деп
екі дуаң елге теңтеліп сөйлеуінің мәнісі де осында жатыр.17 , 5
.
Шөженің тегі, қоғамдық ортасы , омірі жайлы деректер әр қилы.
Қуаедық Алтай, Қарлықты араладым, тыңдадым ел жақсысын сараладым,
Сүйіндік туған елдей жақындатқан , -деп, ақынның өз айтуы жай сөз
емес болса керек. Оның үстіне:
Әкем аты – Қаржаубай , Шөже – атым
Алатау ар жағында қырғыз затым.
Атадан туа болған жүйрік едім ,
Аталған жеті жаста Шөже ақын- деуі де оның арғы тегі
қырғыз екеніне ешбір шүбә келтірмейді. 4, 125-126 .
Мұнын үстіне, Шөжені қанғырған қырғызсың,
Қазаққа келіп тойындың деп, - деп те
айыптайды. Бұған қарағанда, Шөженің арғы аталары қырғыз елінде
тұрып, кейін қазақ жеріне ауысқан келімсек болуы ғажап емес.
Кемпірбай мен Шөже айтысында , Кемпірбай Шөжеге:
Тұрғаның Алатауда, түбін қырғыз
Ит соқыр, туған жерін одан да арман, - десе,
Шөже өз бабалары туралы Кемпірбайға былай деп жауап береді:
Кемпірбай , мен сөйлесем шын емес пе?
өзен күпірлік сөз күнә емес пе
Жайықтың әкем Қаржау ұлы емес пе?
Қараның шешем жаман қызы емес пе?
Жаралған екеуінен біздей болып,
Жиені Қазыбектің мен емес пе?
Туыпсың Бөгенбайдан қисық- қыныр,
Жіп жаққан тұқымында сен емес пе.
Бұл жерде екі ақынның біріне –бірі асыра айтушылығы да болуы
мүмкін, бірақ өмір фактілерін берерлік дерек те жоқ емес.
Шөженің әкесі де, шешесі де, өзі де қазақ екені, оның өлендері де

Қазақ тілінде шығып, қазақ арасында сақталғаны күмәнсіз. 1, 503
Ақын биографтардың айтуынша қырғыз – қазақ ұрыстарының бірінде
Шөженің арғы аталарының біреуі қазақтар қолына түсіп, сіңіп
кетеді.Ол өзі ес біліп, ақылдық даңқы алысқа жеткен шағында
көбіне көп аталған ел –жұрт арасында көп өмірін өткізеді. Шоқанның
ақынды Атығай руының жаңа қырғыз бөлігінен дегенің осы өреде
түсіну қажеи. 4,123
Ал ақын бәйітінің қайда екені туралы бір ұдай пікір жоғарыда
Доскей көрсеткен жерге байланысты болса, екіншісі - Шәймерден
Торайғыровтың айтуынша, Желтау сыртындағы Абылай Жартас деген
жерде. 4,126.
Өмір жолын аз сөзбен түйе шолып шыққанда, қабылдаған қасіреті де
жетерлік, екінші жағынан, мәртебе мерейі детүгелдей толыұзақ ғұмыр
кешкен Шөженің ел -елді көп аралаған сапарының соңы –1885 жылы қой
жылында тұйықталады. Дәм тартып Қарқаралы төңірегіндегі ағайындарына
барғанда қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Сол
жатқаннан қайтып оңамай, дәм – тұзы таусылмай, кәміл сексен жеті
жаста дүние салды. 17,4
1895 жылы қайтыс болып, сүйегі Айыртаудағы Абылай жотасында
жерленген.

2.2 Шөже ақын шығармаларындағы (арнау, толғаулары бойынша )
өмір қайшылықтарының көріністері.

Шөже айтысқа ғана түсіп қоймай, кезінде арнау, толғау өлендер де
айтқан. Оның бізге жеткен бірнеше толғаулары бар. Олар: Арқадан
шығып едім Ноғайға еріп, Домбыра шыққан таңқылдан, Жиылған көп
жамағат оиыр қоршап, Ассалаумағалейкем, қара Бәйтік, Бәйтікке, Кім
өлсе соған түсер заман ақыр, Қосқұлаққа, Ерден батырға және
тағы басқалары. Шөженің бұл аталған толғаулары мен кейбір
айтыстарын алғаш рет Сәкен Сейфуллин жинағында 1931 жылы
басылды. Шөженің аталған толғаулары негізінен арнау өлендер.
Мұнда ақын көбіне адамгершілік идеяны көтереді. Мейірімді , әділ
болуды ұсынады. Шөже шығармаларының басым бөлігі әлеуметтік
мәселеге арналып, онда ақын көбіне иелі ойлар қозғап, келісті
пікір айтады. Шөже өмір сүрген заман қатыгез заман болған. Ақын
пейілді, мейірімді, адамгершілігі мол, кемтарға қол беретін,
ағайыншылдығы мол ерді арман етеді.
Жағымсыз, қара ниетті адамдарға қарсы шығады.
Пейілі кеткен адамда
Еш береке болмайды.
Дәулеті қашқан байларға
Ырыс келіп қонбайды.
Ата –елін зарлатса,
Зарлатқан жігіт оңбайды –деген екен.

Бірде Тоқаның байлары: Шоң, Әлсен, Асқар үстеріне келе қалған
Шөжені келемеждеп, үшеуімізге жамандап үш ауыздан тоғыз ауыз өлең
шығаршы, ол үшін біз сені жазғырмай, сыйлап қайтарайық - депті
дейді. Әлсен - меңмең, маңсапқор, Асқар семіздіктен бойын
көтере алмастай жуан, ал Шоң патшашыл ұлық екен. Осыны білген
Шөже Өлең удан уытты, оттан ыстық болушы еді, үшеуінді тоғыз
ауыз өлең етсем, бүкіл Тоқа күйіп кетер , бір -
ақ аузын айтайын -депті де:
Содырлы Әлсенді мылтықпен атар ма еді,
Асқарды шошқадай сойып сатар ма еді,
Арбаға шоқынды Шоңды байлап тастап,
Қойнына Айымның Шөже жатар ма еді – дегенде, Шоң
сасқанынан: Япырмай, мына соқыр біздің Айымның сұлу екенің қалай
көріп қалған -деп жағасын ұстапты. Шөженің тапқырлығын,
өткірлігін, суырып –салмалығын осындай өлеңдерінен байқауға болады.
Шөже ақын біреуді сыңауға, мінің айтуға келгенде ешкімнен де
именбеген, шындықты көзіне айта білген.
Аға сұлтан Ыбырай Шөжеге: Құдай бері тұрғанда әркім мақтайды,
менің менімді айтшы ,- депті. Сонда ақын:
Қошқарбайдың құлы едің қайқы төстек
Қолағаштай мұрының мұңдар естек,- дегенде Ыбырай
шыдай алмай жөтеліп жіберіпті. Әрі қарай ақын:
Құл болсан да құдайға жаққан құлсын
Бас –басына айдадың мың-мың мәстек,- дегенде Ыбырай:
Мақтағанына бір ат , жамандағанына бір ат ,- депті.
Шөже тек қазақтвң байлары мен билерін , не бектерін ғана емес,
патша чиновниктерінің де озбырлық істерін аракідік көре жәңе
сыңай білген, ең болмағанда оларға өзіндік ренішін білдіріп
отырған.
Жандарал ақырады пошел-кет деп,
Сөзіңді болысына тапсырам деп.
Білмеген заң- закүнді қазақ сорлы,
Қақпадан шыға алмайды төңіректеп,- дейді ақын
қазақтардың дау жанжалына қараған әкімшіл чиновниктер жайлы.
Шөже ақын есейіп, кемелігіне кеген шағында да жоқшылық пен
кедейшілікиен құтыла алмады , бірақ сонда да ақындық өңерімен
күн көреді, өз тұсының біліеті, биікті Әбілқайыр, Құсбек,
Жамантай, Шоң, Мұса, Секербай, Ерден және тағы басқалары сияқты
сұлтан, қазыларды сағалап, сапардың маңайынан көп ұзамайды.
Оның Жасымнан жақсыларға болдым жуық дейтіні де негізінен
осылар.
Бірақ, қандай атақты билеушілерді жағаласа да, Шөже өмір бойы
жоқтықтан арылмады, ел аралап тіршілік етті.
Балықтан байымайды көлден алған,
өлеңшіге жақпайды елден алған
Ошақтың үш бұтындай болмайды екен
Бет-бетімен кетеді желден алған,- деп оның өзі
айтқандай, талай мырзаларды жұрт көзіне асыра мақтап,
мақтанқұмарлық сезімін қоздырып алған нар мен қалы кілем бастатқан
тоғыздар ақынның қолын байлыққа жеткізбейді, ол ел
аралауын бұл үшін тоқтатпайды.
Мұнда өңер қуушылықтың да үлгісі аз емес. Ақын боп туған,
өлеңнен басқа кәсібі жоқ, қызығы, тірлігі де жоқ. Шөже
үйде қамалып отыра алмайды , өзіндей өнерліні , өңерге толы
және құмар қалың ортаны, ойын – тойды , көпшілік бас қосқан
жиынды іздейді. Шын мәніндегі өңер иесі қай кезде болмасын,
қиындықтарға қарамастан өзің тыңдайтын, қадірлейтін қауымға
талпынған, өз аудиториясын іздеген, иапқан. Әрбір ірі ақынның
төңірегінде ақиқатпен бірге аңыздың дамол өріс алатыны
белгілі. Сондай аңыздардың бірінде Шөже әншейінде көп
сөйлемейтін, сөйлей қалса, тұтығып, кекестеніп қалатын әсіресе,
біреудің сөзі тисе, оған жауап беру орнына , ымдап,
босағада сүйеулі домбырасын көрсететін де , домбырасы қолына
тигесің, оны қағып – қағып жіберіп, айқайға басатын, содан
-соң ғана көкейіндегі жауап сөз жыр болып төгілетін
деседі.1,504-506
Сөйтсе де ақындықты сирек өңер деп танып, оған зор үлес
қосқан майталман жүйріктердің бірі Кемпірбайдың :
Бағасы жоқ соқырмен айтысам деп,
Жығылдым төрт аяғым көктен келіп,- деуі де
кездейсоқ емес. Бұл сөз білген, ақындық өңердің таңызын
терең түсініп, қадірлеген адамның берген бағасы, қызғанышпен
емес, өнерге , өнер иесіне деген құрметтен туған баға.
Олар мұны аяп жеңілмеген, амалсыздан жеңілген, Шөже өзінің
де , өзгенін де көркем сөз жасаудағы еңбегін дұрыс түсініп,
жоғары бағалаған.
Қызыл тілге келтірсе бір құдайым,
Жұмаққа да барармыз дәм бұйырса,- деуіне қарағанда,
ол өзінің замандас ақындарының алдындағы қатарында танылған. 4,132-
134
Шөженің сың – сықақ ретіндегі айтылған өлеңдері де аз емес.
Олар:
Ералыға, Секербайға, Құнанбайға, Басентин еліне, Балдайға, Айманға,
Шандыбас байға, Орынбайға және басқаларға арнап шығарылған
өлеңдер. Бұл арнаулардан көрінетін ақынның ерекшелігі- адамды
бетіне басып жамандау, ерлігін айқын көрсетіп мадақтау шеберлігі,
әсіресе сарандық пен опасыздықты мысқылдау шеберлігі.
Байлардың сараңдығын Шөже әр түрлі сипаттамалармен өте шебер
береді. Ол бірін надан, сараң десе, екіншісін өз дәулетінің
қызығын өзі көре алмай, қалтырап жүрген пайдакүнем дейді.
Шандыбас деген байды сыңаған мына өленнің шығу әдісі де қызық.
Шандыбас деген байды ақын оның әкесіне де бір қой сойып , ас
бере алмағаның күлкі етеді. Ал шығу тегі бұлай болған: ақын түс
көрген болады, түсінде сол байдың өлген әкесін көреді. Шөже
осыны Шандыбайға келіп , сенің әкең маған мынандай сөздер айтты
дейді:
Әкең Лаба түсімде аяң берді,
Білмеймін менің балам надан дейді.
Мен өлгелі берген жоқ бір қой сойып,
Соқыр –ау , не береді саған дейді.
Шөже ойда жрқта кісінің мінін тауып мысқылдауға шебер ақын дедік,
бұл ақынның көп өлендерінен көрінеді. Алшынбай деген болыс
Шөженің аяң айтып отырған үстіне келіп, оны кекете сөйлейді.
Мынау не сұрап зарлаған соқыр ,- деп мұрнын көтереді. Осыдан
ақын өзінің Алшынбайға деген өленің шығарады.
Дүрілдеп сөз сөйлейсің , Алшынбай таз,
өлең айтпай қайтейін дәлетім аз.
Май мен бағын болмаса , ақылын аз
Екі сөздің бірінде соқыр дейсің,
Шыныменен жаратқан құдай болсаң,
Былшылдамай алдыменен өз басың жаз,- деп оның таз
екенің бетіне басады.
Басентин елінің саудамен байыған Сатыбай деген қуына арнауы да
мәнсіз емес. Онда уақ – түйек, айна- тарақ сатып байыған
саудагерді мадақтайды.
Атаң сенің белгілі Басентин,
Қара жатақ ойдағы жатқан жиын.
Айна сатқан баққалшы ел болған соң,

Деген сөзі емес пе бес - он тиын .
апай деген тағы бар ұрғашы аты,
Қаржау күшік оңған жоқ, қозы бақ бәрін.

Еркектігі жоқ болып әйеліне

Апай болып атанған атаң сенің-деп,
Сатыбайдың өз басы мен ата тегін қоса жамандап, оның жер –
жебіріңе жетеді.
Ақын өзінің көптеген өлеңдерінде қазақтың емін, жерін ,
батырларын дәріптейді.
Біреуі жеті мойын Қанжығалы,
Ерлігі Бөгенбайдың иаң қылады.
Ту ұстап, тұлпар мінген ердің бірі
Қазақтың жауын жеңіп тан қылады...
Кеше өткен арыстандай Дұған палуан,
Ұл туды Сүйіндіктен неше алуан.
Садақты Баян батыр он жетіде
Қалмақтың қалын қолын жалғыз қуған.

Шөже өзінің көңілінен шыққан адамды, мырзалығы үшін , пейілдігі
үшін мақтайды. Олар мейлі бай, мейлі жарлы жатақ болсын, оның
тегіне қарамайды. Адамгершілікті бірінші орынға қояды.
Жағымсыз қара ниетті адамдарға қарсы шығады.
Шөже - дәулеттілерден, барлардан олжаны аз алмаған. Сұрайтың
жерінде еш қысылып - қымтырылмастан, сұрағанда алатын жерінде
еркіне қоймай алатын. Оған дәлел ретінде:
Алты алашқа әйгілі Шөже ақын өз заманында Қарқаралыны билеп
тұрған Жамантай төреге қатысып тұрыпты. Осындай кездесулердің
бірінде Жамантай Шөжеге бас жылқышысы Тыржабайды шақырып, ат
әкеп бер дейді. Тыржабай атты әкеліп сыртқа байлап қояды.
Шөже сыртқа шығып аттың сауырын сипап көреді де, жүні
қаттты ұйпалақ кәрі жылқы екенің біліп алады. Сырттағы
кісілерден аттың тұрпатын сұрап, біліп алады да:
Тақсыр –ау , берген атың сары ат па еді?
Аузында бір тісі жоқ кәрі ат па еді?
Иіскескм аузы атандай сасып кеткен,
Тұсында атаң Бөкен бар ат па еді.- деген екен. Сонда
Жамантай намыстанып, Бөкеннің аруағын шулатып қайтеміз
дейді.
Әй, Тыржабай не бүлдіріп жүрсің , Шөжекен мына атыңды
кәрісінді ғой. Басқа жөнді ат әкеп бер дейді. Таржабай
мына атттың кәрі екенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ. Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Ежелгі дәуір әдебиеті
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы ақпарат
Қазақ зиялылары
Айтыстың ерекшелігі
Пәндер