Үстеу бар сөйлемдер
Жоспар
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлім
Үстеудің мағыналық топтарын оқыту
2. 1 Үстеу туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. 2 Үстеудің мағынасына қарай бөлінуі ... ... ...9
2. 3 Үстеудің мағыналық топтарын оқыту ... ... 11
2. 4 Сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ...26
І. Кіріспе
Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы
тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім
беру – оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді
жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе.
Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу қазіргі кезеңдегі
өмірдің басты талабы, өзекті іс болып отыр.
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық
үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі
мұғалімдерінің алдында сан алуан міндеттер тұратыны да белгілі. Мұғалімдер
бұрынғы қол жеткен табыстарды негізге ала отырып, бір-бірінен оқыту әдіс-
тәсілдерін үйреніп, жаңа әдістермен толықтырып, ұстаздық тәжірибесін
жетілдіре түсу - олардың көптен келе жатқан дәстүрлі құралдары қаншама
жеткілікті болғанымен, білім оқушыларға өздігінен беріле салмайды. Білім
деңгейі, ой-өрісі, түсіну қабілеті, ынтасы түрлі-түрлі болатын шәкірттердің
өзіндік өзгешеліктеріне қарай жұмыс жүргізетін қазақ тілі пәнінің мұғалімі
- мектептегі ірі тұлғалардың бірі. Қазақ тілі мұғалімі – оқушыларға тіл
адам өміріндегі қарым-қатынас құралы, ғасырлар бойындағы ойлаудың нәтижесі,
халқымыздың рухани байлығы екенін ұғындыратын үлкен күш.
ІІ 2.1. Үстеу сөздер табиғи жағынан етістіктермен біте қайнасып жатқанмен,
қызметі жағынан сын есім мен сан есімге (мөлшерлік үстеулер) сырттай ұқсас.
Оқушылардың үстеу мен сын есімді шатастырып алуларының себебі де осыдан.
Олар сын есім мен үстеуді шатастырып алмау үшін мұғалім заттың, қимылдың өз
ішінде алуан түрлі табиғи ерекшелігінің барын нақты мысал төңірегінде
түсіндіруі қажет.
Мысалы: гүл деген зат есімді алып, гүл сөзі белгілі бір нақты зат
екенін, оның ақ, көк, сары, қызыл, кіші, майда түрлері болатынын және аз,
көп сөздерімен гүлдің сан мөлшерін (екі гүл, он гүл) нақты көрсете
алатындарына көздерін жеткізіп, ақ, көк, кіші, майда, екі, он сөздері
гүлдің табиғи сындық, сандық қасиетін білдіріп тұрғаны аңғартылады. гүл
өседі, – деп сөйлем құрап, гүл қайтеді? – өседі, олай болса, өседі
сөзі гүл затының қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Ал гүлдің өсуі алуан
түрлі жағдайда болады. Атап айтсақ, кейбір гүлдер тез, шапшаң, енді бір
гүлдер баяу, ақырын, жай өседі деп, гүлдің өсу қимылының алуан түрлі табиғи
ерекшелігін танытып тұрған тез, шапшаң, баяу, ақырын, жай сөздерінің сын
есім емес, үстеу сөздер екенін айту керек.
Үстеу – қимылдың, сынның белгісін білдіретін сөз табы. Үстеу басқа
сөз таптарынан да жасалады. Үстеудің басқа сөз таптарынан жасалуы түбір
сөзден де жұрнақтар мен септік жалғаулары арқылы болады. Кейбір сөз
тіркестері де үстеу мәнінде қолданылады. Үстеудің грамматикалық белгілерін
білумен қатар, оның орфографиясын үйренудің маңызы зор. Үстеуді тіл дамыту
үшін де пайдалануға болады.
Үстеудің басқа сөз таптарынан жасалатыны сияқты, оның өзінен де
басқа сөз таптары, әсіресе шылау сөздер жасалады.
Үстеуді түсіндіргенде мұғалім түрлі әдістер қолдануына болады. Атап
айтсақ, сыныптың белсенділігі мен қалай түсінгендігіне қарай жаңа сабақты
талдау жұмысынан бастап, соңынан ереже шығаруына, керісінше, ең алдымен
үстеудің не екендігін айтып алып, оны дәлелдеуді әңгіме, талдаудан
бастауына болады.
Үстеудің мәнін оқушыларға жете түсіндіру үшін, үстеуі жоқ сөйлемге
үстеу қосып, екі сөйлемді салыстырып үстеуі бар сөйлем арқылы сол үстеудің
мағынасын түсіндіру керек.
Үстеусіз сөйлемдер Үстеу бар сөйлемдер
Бұл топта Дәрменнің қасынаБұл топта Дәрменнің қасына
...кеп қосылған сенімді әдейі кеп қосылған сенімді
серік, жұбын жазбас серік, жұбын жазбас
жолдасы – осы Әбді. жолдасы – осы Әбді.
Егеубай апалақтап кіріп, ...(М.Әуезов)
сәлем берді. Егеубай апалақтап кіріп,
Мал бағуды ол ... таңдаған сасқанынан сәлем берді.
жоқ еді. (Б.Майлин)
Астарындағы аттары Мал бағуды ол еріккеннен
аяқтарын... басады. таңдаған жоқ еді.
Ол бір құт сиыр ... (Ғ.Мүсірепов)
бұзаулаған. Астарындағы аттары
Төстік кемпірдің сөзін ... аяқтарын мысықша басады.
шешесіне айтады. (С.Сейфуллин)
... бейнет көріпсің Ол бір құт сиыр ерте
өлеріңнің шағында. бұзаулаған.
Көңілі ... өсіпті. (І. Жансүгіров)
Төстік кемпірдің сөзін
түгелімен шешесіне айтады.
Мұнша бейнет көріпсің
өлеріңнің шағында. (Қазақ
эпосы)
Көңілі әбден өсіпті.
(Қазақ эпосы)
Үстеусіз және үстеулі сөйлемдерді осылайша қатар жазып салыстырғанда,
үстеулі сөйлемдердегі үстеулер арқылы олардың қандай қызмет атқаратыны анық
көрінеді, олар сол сөйлемдегі ойдың мақсатын, себебін, қимылдың бейнесін,
мезгіл-мекенін, мөлшерін, күшею белгісін білдіретіні байқалады. Осылайша
мысалдар арқылы ереже шығару (жалқыдан жалпыға қарай түсіндіру, индукция
жолын қолдану) оқушылардың үстеуді ұғынуына жәрдемін тигізеді. Осындай
түсініктен кейін Қазақ тілі грамматикасындағы (1 бөлім) үстеуге берілген
анықтаманы ұғу жеңіл тиеді.
Үстеудің мән-жайын түсіндіргеннен соң, класта немесе үйде орындау
үшін оқушыларға тапсырма беру қажет. Ол үшін оқулықтағы және жаттығулар
жинағындағы үстеуге арналған жаттығуды немесе мына төмендегі жаттығуды
орындатуға болады.
Тексті дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар да, үстеулердің астын сызыңдар.
1. Майбалық пен Шабақтыға әдейі арнап келген жөн. (М.Иманжанов). 2
Ежелден менің жырым елге арналған (Жамбыл). 3. Халық сөзі қашаннан жалған
болмас. 4. Білімді жастан сімірдім. (Х.Ерғалиев). 5. Ол әлі сөйлеп тұр.
(Ә.Әбішев). 6. Енді малды жайылымға шығару керек. (А.Тоқмағанбетов). 7.
Алғадай, ылғи алда бол! 8. Күнде-күнде құлпырды, Алатау, сенің бауырың.
(Жамбыл). 9. Әлі де оқығым келеді. (С.Көбеев). 10. Ертең істелетін басқа
жұмыс бар. (Ә.Нұрпейісов). 11. Біз шайқалмас, мызғымас сеніммен ілгері баса
береміз. (Ә.Тәжібаев). 12. Бұлттың әрісін әрі, берісін бері серпіп жіберсең
болмас па еді? 13. Бізге неге сонша аяған жүзбен қарайсың? (С.Сейфуллин).
14. Дәмежан, шамыңды бері көтерші! (М.Әуезов). 15. Түні бойы төпеген боран
таң ата ашылды. (С.Мұқанов). 16. Балалар тілді ең алдымен шешесінен
үйренеді ғой. (Ғ.Мүсірепов). 17. Жәукенің жүзі кенет күлім қақты.
(Б.Майлин). 18. Көрінді ат, келе жатыр көк ат алда, Қамшылап шырылдайды
бала зорға. (І.Жансүгіров).
Үстеулер басқа сөз таптарына қарағанда көп өзгермейтін категория,
дегенмен морфологиялық жағынан өзін танытатын арнаулы тұлғалық белгілері
мен өзіндік ерекшелігі бар.
Үстеулер құрамына қарай негізгі, туынды болып бөлінеді. Бұлардың бір-
бірінен ең басты екі айырмашылығы бар: 1) негізгі үстеу ешқандай қосымшасыз
жалаң түбір күйінде қолданылады; 2) негізгі үстеуге сын есімнің
салыстырмалы шырайының жұрнақтарын қосып қолдануға болады.
Негізгі үстеудің осы ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсету қажет.
Негізгі үстеулер: жоғары, төмен, кеше, кем, кілең, аса, ең, тіпті, орасан,
керемет, ылғи, талай, жорта, қазір, ілгері, кейін т.б.
Кейбір негізгі үстеулерге салыстырмалы шырайдың – ырақ, - ірек, -рақ,
-рек,
-лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу жұрнақтары жалғанатыны ескертіледі.
Оқушыларға жоғарыда берілген тізімді ұсынып, салыстырмалы шырайдың жұрнағын
қабылдайтын үстеулерді теріп жазу тапсырылды, бұл төмендегіше орындалады.
Мысалы: жоғары –рақ, ілгері – рек, әрі – рек, бері – рек, дәлі - рек,
тез – ірек, әрмен – ірек, кейін-ірек, жоғары-лау, ерте-леу, ұзақ-тау.
Туынды үстеулердің түрлі жолмен жасалатыны ескертіледі. Бірінші жолы
түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Жұрнақ арқылы жасалатын
туынды үстеулер төмендегі кесте бойынша түсіндіріледі:
Жұрнақтар Мысалы
- ша, - ше бұлбұлша, кемеше
- лай, ( - лей, - дай) осылай, жаздай
- дей, - тай, - тей, күздей, қыстай
- дайын, - дейін, қырандайын, түлкідейін
- тайын, - тейін, бұлақтайын
- шаң, - шең, тақияшаң, көйлекшең,
- шама, - шалық соншама, соншалық
Әрбір сөйлемнен бастауыш пен баяндауыштарды таптырып, бастауыш
қызметінде жұмсалып тұрған су, банды, даусы деген сөздердің зат есім екені
анықталып, үйірді, ұшып түсті, естілді, сөздерінің қимыл, іс-әрекетті
білдіріп тұрғаны қайтті сұрағы арқылы танытылады:
- Су селді қалай үйірді?
- Су селді допша үйірді.
- Банды қалай ұшып түсті?
- Банды қашан шалқасынан ұшып түсті.
- Банды қашан ұшып түсті?
- Банды сол сәтте ұшып түсті.
- Даусы қалай естілді?
- Даусы әрең естілді.
- Даусы қайдан естілді?
- Даусы алыстан естілді – деген түрде сұрақ-жауап әдісі арқылы допша сөзі
үйірді қимылының бейнесін, сол сәтте ұшып түсті тіркесі қимылының қай
кезде болған мезгілін, мекенін, сынын білдіретін сөздер екенін жинақтап,
мұндай сөздер үстеу деп аталатыны ескертіледі.
Үстеу – іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгіл, амалын, мақсат-себебін)
білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында
етістіктермен тіркесіп тұрады.
Мәселен, Ол ерте келді. Ұшақ жоғары ұшты. Бұл сөйлемдердегі ерте және
жоғары сөздері қимылдың мезгілі мен орнын аңғартып келіп, ұшты сөздерімен
тіркесіп тұр.
Үстеулер жеке сөз табы ретінде морфологиялық белгіге ие. Үстеудің
морфологиялық белгісі – түрленбейтіндігі. Үстеулер қандай сөзбен тіркессе
де формасын өзгертпейді. Үстеу сөздер мағынаға бай келеді, сол себепті
үстеулер сөйлемде пысықтауыштың түрін көбейтеді.
Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай екі топқа бөлінеді:
1) жалаң үстеулер;
2) күрделі үстеулер
Жалаң үстеулер екіге бөлінеді:
1) түбір үстеулер
2) туынды үстеулер
Түбір үстеулерге: тез, ал, бері, жылдам, ерте, әдейі, жорта сияқты
сөздермен қатар қосымшалары сіңісіп, қазір мүшеленбейтін дәрежеге жеткен,
бұрынғы мағыналары ұмытылып барып, үстеу қатарына қосылған бірге, зорға,
төтеннен, т.б. сөздер де жатады. Ал туынды үстеулер мына жұрнақтар арқылы
жасалады: - ша, - ше; Бұл жұрнақ зат есім, есімдік, сын есімге жалғанып,
үстеу тудырады: батырларша, көзінше.
- лай, - лей, - дай, - дей, - тай, - тей; осылай, екіншілей, жаздай,
қыстай, күздей.
- дайын, - дейін, - тайын, - тейін; қырандайын, жорғадайын, бөрідейін
т.б.
- шама, - шалық жұрнақтары сілтеу есімдіктеріне жалғануы арқылы үстеу
жасайды. Мәселен, осыншама, осыншалық, соншама, соншалық т.б.
Үстеулер сөздердің бірігуі арқылы да жасалады. Бұл тұста біріккен
сөздерді де қайталап өтуге болады. Мәселен, 1. Кеше ғана құлазып тұрған
сары бел бүгін жер шұрайы, ел мекені, еңбек кіндігіне айнала бастапты. 2.
Былтыр бесіктегі бала биыл жүріп кетті, тілсізіне тіл бітті. (Ғ.Мұстафин).
3. Әрдайым мені жақтайтын апам. (С.Мұқанов). 4. Әңгіме арагідік саябырлаған
кезде ғана, көздерін көлге қарай бір-бір жалт еткізді. (М.Иманжанов). 5.
Айыбын бетіне айтып, мойындатып, ендігәрі (ендігіден әрі) соны істетпеуге
тырысатын адам секілді. (М.Майлин).
2.2 Үстеулер қимыл-әрекеттің мезгілін, мекенін, мөлшерін, сын-
бейнесін, мақсатын білдіреді. Үстеу мағынасын қарай жеті түрге бөлінеді,
оларды көрнекі түрде былайша көрсетуге былайша көрсетуге болады:
1. Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың
уақытын аңғартады. Мысалы: бүгін, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-
санда, күндерде бір күн т.б. Мезгіл үстеулері: қашан? қашаннан?
деген сұрақтарына жауап береді.
Мәселен: Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
2. Қимылдың орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? сұрауларына жауап
беретін үстеулерді мекен үстеулері деп атаймыз. Олар: ілгеріде, бұрын,
кейін, жоғары, төмен, алға, мұнда, осында т.б.
Бұрын, кейін, жақында, ілгеріде сияқты үстеулер сөйлемде қолданылуына
қарай бірде мезгіл үстеудің, бірде мекен үстеудің сұрақтарына жауап беруі
мүмкін. Мысалы: 1. Жақында Алматыға сонау Орал бойынан, Ақ жайық жағасынан
бір қария көшіп келді (С.М.) 2. Шалдың қызы жақында тұрады деген сөйлемдегі
жақында сөздері әр түрлі сұраққа жауап береді. Сондықтан алғашқысы мезгіл
үстеуі болса, кейінгісі мекен үстеуі болып есептеледі.
3. Мөлшер үстеу. Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама?
қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен: сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыруар,
анағұрлым т.б. Мәселен: Айтысқандар менімен талай-талай жеңілген.
4. Сын-бейне үстеу. Қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып,
қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мәселен: бірден, тез,
жылдам, бірте-бірте, астыртын, емін-еркін, қолма-қол, құсша т.б. Мәселен:
Он жігіт белге байлап арқан жіпті,
Мысықша өрмелесіп шыңға шықты.
5. Мақсат үстеу. Қимылдың мақсатын білдіріп не үшін? не мақсатпен? деген
сұрақтарға жауап береді. Мәселен: әдейі, жорта, қасақана т.б. Махамбеттің
көлденең тартқан атынан бас тартқан Исатай жау ішінде жорта жаяу қалып тұр.
6. Себеп-салдар үстеуі. Қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді не себептен?
неге? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: лажсыздан, шарасыздан,
бекерге, босқа, құрбосқа т.б. Мәселен: Далада жаңбыр жауғандықтан,
амалсыздан үйге кірдім.
7. Күшейткіш үстеулері қимылдың бейне белгілерін бірде солғындатып, бірде
күшейтіп көрсетеді. Олар: қандай? қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
Күшейткіш үстеулердің де тізімі беріледі.
Күшейткіш үстеулері: өте, аса, тым, тіпті, сәл, кілең, ең, мүлде,
орасан, әбден, нағыз, нық, дәл, нақ, керемет т.б.
Күшейткіш үстеулерінің сын есімнің күшейткіш шырайын жасаудағы басты
бір тәсіл екенін еске түсіру керек.
- Күшейтпелі шырай қалай жасалады? – деген сұрақ қойылып күшейткіш
шырайдың, күшейткіш үстеулер мен негізгі сын есімдермен тіркесіп келетіні
айтылады да күшейткіш үстеулер негізгі сынның қасиетін бірде асыра, бірде
өте кем көрсететіні аңғарылады. Мәселен: өте жақсы, тым биік деген
тіркестегі өте, тым үстеулері жақсы, биік деген сындарды күшейте түсіп тұр.
Өткен материалды жаңа материалмен байланыстыра қайталай кету үшін күшейткіш
үстеулерді өтер алдында, сын есімнің күшейтпелі шырайын еске түсіру керек.
Онда күшейтпелі шырайды жасау үшін күшейткіш үстеудің керек екені
айтылған. Сонымен, оқушыларға күшейткіш үстеу бұрыннан таныс.
2.3 Үстеудің бұл тобын өткенде, оқушылардың осы жөніндегі білімін
тереңдете түсуге тиіспіз. Ол үшін ішінде күшейткіш үстеуі бар бірнеше
сөйлем келтіріп, олардан бұл үстеулерді тауып, олардың күшейткіш мағына
беріп тұрғанына оқушылардың көзін жеткізу керек. Осы мақсатпен күшейткіш
үстеуі жоқ сөйлемдерді күшейткіш үстеуі бар сөйлемдермен салыстыра талдау
жүргізу керек. Сонда күшейткіш үстеудің мәні айқын көрінеді.
Күшейткіш үстеуі жоқ сөйлемдер Күшейткіш үстеуі бар
сөйлемдер
Қобыландыны Көбікті ұйықтап жатқан Қобыландыны Көбікті
жерінде тоғыз қабат тор салып, ұйықтап жатқан жерінде
бекітіп, ... байлады. тоғыз қабат тор салып,
Анығында Дәрменнің келісі бекітіп, әбден байлады.
...асығыс-ты. Анығында Дәрменнің
келісі тым асығыс-ты.
Кәрібайды білуші ме едіңіз? ...Әуелі
соның кәрі шешесі өлді. Кәрібайды білуші ме
Осы белгінің бәрі де Семейдің қысы ...едіңіз? Ең әуелі соның
түскенін сездіреді. кәрі шешесі өлді.
Осы белгінің бәрі де
Семейдің қысы мейлінше
түскенін сездіреді.
Осылайша, көрнекті түрде, салыстырып түсіндіргенде, әбден, тіпті,
тым, ең, мейлінше деген үстеулердің күшейткіш мағынасын оқушылар жеңіл
ұғады.
Оқушылар ауызша және жазбаша тілін дамыту үшін ішіне аса, нағыз,
шымқай, орасан, сәл, мүлде, әбден өте, тым, ең деген күшейткіш үстеулерді
келтіріп, сөйлемдер құратудың зор пайдасы бар.
Үстеудің барлық түрін өтіп болғаннан кейін төмендегіше өздік жұмыс
істету керек.
Тексті оқып шығып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz