Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
2.1 Фразеологизмнің зерттелу тарихы
2.2 Тілдегі фразеологизм құбылысы
а) тұрақты сөз тіркестеріне тән белгілері мен түрлері;
ә) фразеологиялық варианттар мен синонимдер;
б) фразеологияның пайда болу себептері мен жолдары;
2.3 Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдер
а) культтік фразеологизмдердің құрылу сипаты;
ә) культтік фразеологизмнің семантикалық топтары;
3. Қорытынды

1. Тіл байлығы дегенде сөз қорының молшылығы, әрі оны
ұтымды пайдалану деп білеміз. Сол мол дүниенің бір көрінісі -
фразеологизмдер.
Фразеологизмнің тілдегі қызметі сөз өнерімен, яғни
шығармашылықпен тығыз байланысты.
Әдеби шығарма мен фразеологизмдер - ажырамас бірліктер.
Себебі олар әрдайым бірін-бірі толықтырып, дамытып, жетілдіріп
отырады.
Әрине, фразеологиялық тіркестердің жеке тұрғанда өзіне тән
барлық қасиеттері (жаңа мағына тудыру, жаңа мағыналы сөз жасау,
термин жасау, сөз таптарына қатысы) мен белгілері (қолданылу
тиянақтылығы, мағына тұрақтылығы, мағына тұтастығы) анық көрініс
таппайды.
Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы еңбектер 40 жылдан кейін жарық
көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, татар
т.б.) зерттеуде алғаш рет ат салысқан қазақ ғалымы І.Кеңесбаев болатын.
Алғашқы кезеңде әр ұлттың өз тіліндегі тұрақты сөз тіркесінің негізін
айқындау, саралау бағыты тұрады.
Қазақ фразеологиясының көш бастағанынан кейін-ақ (І.Кеңесбаев), ұйғыр
тіліндегі тұрақты сөз тіркесін - Ч.Сайфуллин, әзірбайжан фразеологиясын -
А.Байрамов, өзбек фразеологиясының мәселесін – Ш.Рахматуллаев т.б.
зерттеумен жарық көрді.
Фразеологиялық орамдар тілдік единица ретінде лексика – семантикалық
жағынан сан қырлы. Бұл мәселелерді теория жағынан дамыту толық шешімін
тапты деу қиын. Кейбір зерттеулер фразеологиялық тұлғалардың әдеби тілдегі
стильдік қолдану жүйесіне арналса,енді біразы жеке жазушылардың
шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастырады.
Қазақ тілі білімінде І Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің
басты 3 белгісін:
1) қолдану тиянақтылығы;
2) мағына тұтастығы;
3) тіркес тиянақтылығын қарап, осы 3 критерийді бір-бірінен жырып алмай,
тұтасымен басты арқау еткенде ғана фразеологизмдік единицаның ерекше
белгілерін тани аламыз дейді.
Фразеологизмді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең
мағынада түсіну деген ғылыми ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар
мағынада түсінуді жақтайтындар мақал-мәтел, нақыл сөздерді фразеологизмдер
(І.Кеңесбаев, Т.Байрамов, З.Ураксин) қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада
түсінуді негізге алатын зерттеушілер (С.Мұратов,Г.Ахунзянов) терминдерді,
күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтел, газет
айдарларын фразеологизмге жатқызады. Орыс тіл білімі мамандарының арасында
бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы
кезде В.Виноградов бастаған зерттеушілер бұрыңғы классик зерттеу үлгілерін
қайта қарауды ұсынады. Олар фразеологизмді тану үшін бөлек бітілуі мен даяр
қалпында жұмыс істеу белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологиялық
құрам – лексиканың ең бай құнарлы көзі. Фразеологизмнің жаңа ұғым,
түсініктермен көбейіп қалыптасуы – сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және
ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін көрсетеді.

2.1. Лингвисткадағы фразеологизмдер ұзақ тілдік қолданыс
негізінде тұрақтылыққа ие болған. Демек, тұрақты сөз тіркестері
тарихи категория. Фразеологизмдер - өзіне тән ерекшеліктері мен
зерттеу нысаны бар тілдің саласы. Дегенмен, тілші ғалымдар (
Н.М.Шанский, В.В.Виноградов, К.Аханов, М.Балақаев, Ә.Болғанбаев.)
фразеология саласын лексикологияның құрамында қарастырып келді.
Жалпы тіл білімінде фразеология термині екі түрлі мағынада
жұмсалады. Бірінші мағынасы, тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін
тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі – бір тілдегі фразеологизм
байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. [1.148] Тілдегі
тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы ретіндегі
фразеология ХХ ғасырдың басынан бастап лингвистердің назарында жүр.
Осы ретте, фразеологизмдердің келесідей мәселелері қарастырылды:
- фразеологизмнің сөз байлығынан алатын орны;
- фразеологизмге тән шартты белгілер;
- сөз табы болу қасиеті мен сөйлемдегі қызметі;
- фразеологизмнің ақын – жазушылар тіліндегі қолданысы;
- эмоционалды – экспрессивті реңкі;
Демек, фразеологизм лингвистикада тілдегі сөз байлығының, лексиканың
құрамында біте қайнасып кеткен тілдік көрсеткіш ретінде танылуда.
Жалпы тіл білімінде фразеологияның зерттелуіне бастау болған
француз ғалымдарының бірі – М. Бреаль.
Ғалым тілдегі фразеология саласына сипаттама береді: Как есть
колесо шестерни, которые мы привыкли видеть прилаженными друг к
другу, так что уже не представляем их в раздельном виде, так и
в языке есть слова, которые употребление соединило так тесно, что
они более не существуют для нашего сознания в изолированном
виде. [2.172.]
Француз ғалымы Ш. Балли 1905 жылғы Французская стилистика
деген еңбегінде фразаның тілдегі қызметіне тоқталады. Тілші, біздің,
сөзбен емес, фразамен ойлайтынымызды айтады. [3.31.]
Б. Кроче 1920 жылғы Эстетика деген еңбегінде жаңа әсерлермен
қатар жаңа мағына, жаңа тіркестер тілге еніп отыратындығын айта
келе, тілдің моделін іздеу, қимылдың тұрақтылығын іздеумен бірдей
деген философиялық ой қорытады. [4.168.]
Қазақ тіл білімінде фразеологизмнің зерттелуі кенжелеп қалды
дей алмаймыз. Синхрондық, әрі диахрондық тұрғыдан да зерттелуде.
Тілде әсіресе фразеологизмнің жеке қырлары зерттеулерге арқау болып
жүргені белгілі.
Олар:
а) Синхрондық тұрғыда:
- фразеологизмнің тілдегі орны;
- қазақ фразеологизмдерінің ішкі мағына әр түрлілігі;
- фразеологизмдерге тән ерекшеліктер;
- шығарма тіліндегі фразеологизмдердің эмоционалды - экспрессивтілігі
мен жаңашылдығы;
- фразеологизмдердің түрлері;
ә) Диахрондық тұрғыда:
- халық ауыз әдебиетінде қолданылған фразеологиздердің образдылығы;
- түркі фразеологизмдерінің әр ғасырларда қолданылу практикасы;
- түркі фразеологизмдерінің өзара сабақтастығы;
Аталған мәселелер бойынша алғаш зерттеген қазақ лингвистері
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Болғанбаев, С.Аманжолов, К.Аханов,
І.Кеңесбаев, Е.Жанпейісов, М.Балақаевтар болса, Р.Сыздықова, Ә.Қайдар,
А.Нұрмаханов, Г.Смағұлова сынды ғалымдардың еңбектері дәстүрлі
жалғастығын тапты.
Көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлы өз зерттеуінде Сөз өнерінің
ғылымы, Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі атты бөлімдерге
тоқталады. Осында өрнекті сөйлемдер, өлеңді сөйлемдер, шешен сөз,
дарынды сөз, ділмәр сөз деп сөйлем мен сөз түрлерін ажыратады.
Ғалым А.Байтұрсынұлы қазір фразеологизмнің ерекше бір түрі деп
танылып жүрген мақал - мәтелдерді "өрнекті сөйлем" түріне жатқызады.
[8.250.]
1974 жылғы "Қазақ тілінің стилистикасы" атты еңбектің
авторлары М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев сынды
ғалымдар тілдегі фразеологизмдердің қыр - сырын ашуда елеулі еңбек
атқарды. Ғалымдар ерекше қалыптасқан сөз тіркестері мен
сөйлемшелердің жиынтығын фразеологизмдерге жатқызады. Бұл
фразеологизмдердің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, жалпыхалыққа
түсінікті болып кеткен дейді. [9. 81]
Қазақ тілінің мәдениеті атты еңбектің авторы М.Балақаев: Тілдегі
әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы тұрақты тіркестер: мақал-
мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер дейді де [10.125]
осылардың ішінде фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту
үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар
идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп 2-ге бөлінеді деп түйіндейді.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында тілдегі фразеология мәселелерін көтерген, жан-
жақты зерттеген бірнеше еңбектер жарық көрді. Ә.Болғанбаев жоғарыдағы
аталған зерттеуінде І.Кеңесбаев сынды ғалымның еңбегін ерекше атап өтеді.
Академик І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі
(1977 ж) атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл
түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады- дейді. [10. 99]
К.Аханов өзінің Тіл білімінің негіздері атты еңбегінде
“фразеологиялық оралым” терминін қолданады. Ғалым: Сөздердің еркін
тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан, оған
қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу,
ат-тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы
жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен,
дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары ешкімнің еркіне көнбей, өзінен өзі
тіркесіп қойған тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер “еріксіз тіркес”
немесе “фразеологиялық оралым” (фразеологический оборот) деп аталады,- деп
тілдегі ерекше құбылысқа салыстырмалы түрде сипаттама береді. [11.166]
К.Аханов тілдегі фразеологизмдерді классификациялау мәселесіне де
тоқталды. Ғалым орыс әріптестері В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің
жіктелуін қолдай келіп, келесі бөліністі ұсынады:
1. фразеологиялық тұтастық;
2. фразеологиялық бірлік;
3. фразеологиялық тізбек;
4. фразеологиялық сөйлемше;
Бұл төртінші түрін Н.М.Шанский енгізген болатын. [5.170-176].
М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары атты еңбегінде
фразалар мен идиомаларды сөздік қордың бөлшегіне жатқызып, оларды
фразеологизмдер деп атайды. Олардың әрқайсысы жеке сөздерден құралып,
күрделенген номинатив орайында жұмсалады да, толық мағыналы сөздердің
мазмұнына ортақтасып, экспрессивті–эмоциялды бояуларымен сөйлеу тілінде де,
әдеби тілде де жиі қолданылады дей келе, фразеологизмдердің қолданылу аясын
айқындайды. [12.170]
Сондай-ақ, М.Балақаев 1967 жылы Қазақ тілінің грамматикасы атты
еңбегінде көп құрамды сөз тіркесін “күрделі сөз тіркесі” деп атайды да,
құрамындағы түйдекті тіркесті екіге бөледі.
Лексикалық тіркес ;
Грамматикалық тіркес;
Бірқатар лексикалық тіркестер құрамы еркін болмай, тиянақты берік
болатынын ескертіп, келесі мысалдарды келтіреді:
Жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу, қабырғасымен кеңесу, жарғақ
құлағы жастыққа тимеу. [13. 9-10].
2.2 Тілші Г.Смағұлова: Тілдегі фразеологиялық құрам-лексиканың ең бай
құнарлы көзі. Фразеологизмдердің жаңа ұғым түсініктермен көбейіп қалыптасуы
сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін
көрсетеді,- деп айтса, айтулы түркітанушылар қазақ тіліне келесідей баға
береді:
С.Е.Малов: Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа
түркі тілдерінен әрдайым ерекше бөлшектеніп тұрады,-десе, татар ақыны
Хасан Туфан: Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл - қазақ тілін ғасырлар
бойында қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге, бек зор
рахмет,- деп осындай тілдің барлығына ризашылдығын білдіреді.
В.В Радлов: Қазақтың тілі жатық та шешен, әрі өткір деп нақты
анықтама береді.
П.М.Мелиоранский: Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі
ең бай тіл,- деп оң баға беріп, түркі тілдерінің ішіндегі орнын
айқындайды.
М.Жұбанов: Қазақтың сары даласы да кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі
тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ,-деп кесіп
айтқан.
Тілдегі фразеологизмдердің дамуы ұлт тілінің дәрежесімен өлшенеді.
Ендеше, ұлы ғалымдар жоғары баға берген қазақ тіліндегі фразеология
құбылысының орны ерекше.
Фразеология құбылысын тану үшін, ең алдымен, оған берілген
анықтамаларға көңіл аударсақ: Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық
байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолданылуы дәстүрге айналған
тұрақты сөз тіркестері тіл білімінде фразеологиялық орам немесе
фразеологизмдер деп аталады. [9.81]
Фразеология - тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз
өнерінің асылы. [9.82]
Тіл тілдегі сан алуан фразеологиялық единицалар астарлы, образды
мағынада қолданылады да, олардың мәнерлеп бейнелеуші қызметі өте күшті
болады. Олардың көпшілігінің эмоциялық болуы басым болып, айрықша образды,
экспрессивті қызмет атқарады. [15.179]
Фразалық тұрақты сөз тіркестері мақал-мәтелдер сияқты тиянақты ойды
білдіріп, сөйлемді аяқтамаса да, әрбір қалыптасқан сөз тіркесі көненің
көзіндей ертеден келе жатқан салт-дәстүрді, үрдіс-әдетті, заманды, адамды,
мезгілді және олардың іс-әрекеттерін алдыңа жайып салады. [14.96]
Фразеология-жылдардың емес, ғасырлардың жемісі. Тарихи даму
кезеңдеріне қарай А.Нұрмаханов фразалық тұрақты сөз тіркестерін 2-ге
(алғашқы және кейінгі) бөледі де, мысал келтіреді:
1. Көз жұму (етістікті тіркес) алғашқы мағынасы-көзін тек қана жұмуға
айтылған болуы мүмкін. Біздің дәуірімізде бұл тіркес екінші, үшінші
мағынасымен қалыптасқан.
2. Көз жұму-өлу
3. Көз жұму-тәуекел ету (қорықпау) [14.204]
Фразеологизм құбылысының толық сипаттамасын ашу үшін, оның тілдегі
қызметі мен әдеби шығармадағы қолданысы арасындағы байланысты анықтау
қажет.
Р.Сыздықова да: ...белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік қазынасын
және көркемдік байлығын зерттеуде, оның фразеологиясын тауып, тану ерекше
орын алады дей келе, осы ойды дәлелдейді. [16.95]
а) Фразеология құбылысының басы ашық мәселесі-оған тән белгілер мен
фразеологиялық оралымның түрлері. Бұл туралы ғалым І.Кеңесбаев
Фразеологизмдер-тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан
да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән
ерекшеліктер бар,- дейді. [17.589]
Тілдік тұлғалардан, бөлшектерден фразеологизмдердің бас белгілерін
(релеванттық қасиетін) ерекшелеуде, лингвистер бір бағытты ұстанады.
1. Мағына тұтастығы (белгілі бір фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да, бір
бүтін мағына береді);
Мысалы: Қабырғасынан күн көрінеді. М: Арыған, жүдеген жануардың
қабырғасынан күн көрінеді, тұяғы тұяғына сүрінеді (А.Т.) [17.302]
2. Тіркес тиянақтылығы (белгілі бір фразеологизмнің ішіндегі сөздер
бір- бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық
жағдайда дерлік бір шоқ тіркесу өз қалпын сақтайды);
Мысалы:Ерні кезерді-шөлдеді. М:Аузы құрғап, ерні кезеріп қайтты. (М.Ә.)
[17.165]
3. Қолдану тиянақтылығы (белгілі бір фразеологизм әрдайым айна-қатесіз
өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады.
Мысалы: Бесіктен белі шықпаған.- Қаршадай, кіп-кішкентай. Бесіктен белі
шықпаған жасы өсіп, теңелді. (Д.Б.) [17.113]
Ғалым І.Кеңесбаев бұл белгілерді үш принцип, үш критерий деп
атайды. [17.590]
Бұл үш критерий тең дәрежеде басшылыққа алынады. Әрі,
фразеологизмнің жеке пән, лингвистиканың дербес объектісі бар саласы
екендігін мойындау, аталған үш принципке тікелей қатысты.
Қазақ тілінің стилистикасы атты еңбектің авторлары М.Балақаев,
Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар фразеологизмге тән қасиеттерді
қарапайым тілмен түсіндіреді:
1. екі сөзден кем болмайды;
2. мағына бірлігі сақталады;
3. жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
4. дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
Екі сөзден кем болмайтын қасиет жалпы сөз тіркесіне тән екенін ескерген
жөн.
Тілдегі фразеологизм құбылысын осы аталған басты үш принципке сүйене
отырып, В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, І.Кеңесбаев, К.Аханов сынды ғалымдар
келесідей классификациялайды.
В.В.Виноградов: ...естественнее всего выделить тип фразеологических
единиц, абсолютно неделимых, неразложимых, значение которых совершенно
независимо от их лексического состава, от значений их компонентов,- дей
келе, фразеологиялық тіркестің бұл түрін фразеологиялық тұтастық
фразеологическое сращение деп атайды. Кейде оны идиома деп те атайтынын
ескертеді. [6.121]
Фразеологическая единица, в которых целостное значение мотировано
являясь произведением, возникающим из слияния значений лексических
компонентов, можно назвать “фразеологическими единствами”. [6.131]
Фразеологизмнің бұл түріне тән келесі белгілерді көрсетеді:
1. ауыспалылығы;
2. экспрессивтігі;
3. құрамындағы сөздердің синонимдермен алмастырылмауы;
Фразеологические сочетания не являются безусловными семантическими
единствами. В них слово с несвободным значением допускает синонимическую
подстановку и замену, идентификацию. [6. 137]
Академик В.В.Виноградов фразеологизмнің 3 түрін көрсеткен.
1. Фразеологическое сращение (фразеологиялық тұтастық немесе идиома);
2. Фразеологическое единство (фразеологиялық бірлік);
3. Фразеологическое сочетание (фразеологиялық тізбек);
Орыс тіл білімінің ғалымы Н.М.Шанский фразеологиялық тіркестің
төртінші түрі-фразеологиялық сөйлемшені (фразеологическое выражение) қоса
отырып, академик В.В.Виноградовтың пікірін қолдайды. [5.76]
Ғалым Кеңесбаев он мыңнан аса фраза қамтылған сөздігінде: Бүкіл
қазақ тілінің құрамындағы фразеологиялық единица құбылыстарын ең негізгі
үлкен екі арнаға бөлеміз,- дейді.

Схема түрінде көрсетсек:

Фразеологиялық единица

Фразеологиялық түйдек фразеологиялық тіркес

түйін тіркес түйіс тіркес

Фразеологиялық түйдек әуел бастағы негізгі лексикалық мағынасынан
айырылып, бәрі жиылып, бір ұғымды түйдегімен бір-ақ білдіреді.
Мысалы: жаны күйді, ит арқасы қиянда, жүрегінің түгі бар.
Фразеологиялық тіркестің бір түрі-түйін тіркес-әуел бастағы еркін
тіркесті ауыс мағынада қолданудан туған фразеологизм.
Мысалы: ернінен ене сүті кетпеген, пышақ кескендей тиылды.
Түйіс тіркес те әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан
туған. Бірақ фразеологизм сыңарларының бастапқы мағынасы бұнда
көмескіленбей, тек солғындап айтылады.
Мысалы: құмырсқадай құжынаған, ортан қолдай, көзді ашып-жұмғанша, асқар
тау, қыпша бел. [16.591]
1971 жылғы Қазақ тілінің мәдениеті атты еңбегінде М.Балақаев
фразеологизмдердің түрлерінің ішінен фразеологиялық тіркесті ерекше атай
келіп, оның 2 түрі барлығын айтады:
1. идиомалық тіркес;
2. фразалық тіркес; [10.127]
Осы аталған идиомалардың мағыналарына құрамындағы сөздердің мағыналары
қатынаспайды. Сол тұрақты күйінде әсерлі, көрікті ойды жеткізудің құралы
болып табылады.
Мысалы:
1. Ұртын көптірді. Менменсіді, кеудесін керді.
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды.
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса.
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.
(М.Ө)
[17.543]
2. Жаны бар. Орынды, қисынды, жөн. М: Бүйтсек байға жем болмаймыз.
Ақымызды да көтереміз. Сендерді жеп жүретін өңшең подрядчикпен де
құтыласыңдар. Жаны бар сөз. Жөн-ақ –деді жігіттер. (Х.Е.) [17.184]
Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады.
Олардың идиомалық тіркестен айырмашылығы-құрамындағы сөздердің (не
біреуінің) тура мағынасы тіркестің беретін мағынасына қатысты болуы.
Мысалы,
1. Жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Қатты шаттанды. (Табан астынан
күтпеген жерден болған жақсылыққа қуанғанда айтылады). Атына міне сала,
жерден жеті қоян тапқандай шауып барады. (Ғ.Мұс.) [17.199]
2. Қабырғалы қалың ел. Күшті көп халық. Қазақ деген қабырғалы қалың ел
ғой. (Ш.С) [17.302]
Салыстырсақ, ұртын көптірді, жаны бар деген фразеологизмдердің
беретін мағынасы (менменсіді, орынды) оның құрамындағы ұрт, көптіру,
жан, бар сөздердің мағынасымен жанаспайды.
Ал, жерден жеті қоян тапқандай қуанды, қабырғалы қалың ел
фразеологизмдерінің құрамындағы сөздердің біреуі болсын өзінің лексикалық
мағынасын сақтаған. жерден жеті қоян тапқандай қуанды деген фразаның
құрамындағы қуанды сөзі өзінің бастапқы мағынасын сақтаған, қабырғалы
қалың ел деген фразеологиялық тіркестің құрамындағы ел сөзі де өзінің
бастапқы мағынасында тұр.
Осындай табиғатына қарай ғалым І.Кеңесбаев тілдегі тиянақты
тіркестерді тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес өмір сүретін айрықша
категория деп таниды. [17.591]
Орыс ғалымдары В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің пікірімен келісе
отырып, К.Аханов та тілдегі фразеологизм құбылысын біртұтас мағынасы мен
оның сыңарларының мағыналарының арақатысы жағынан топтастырады:
1.Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын,
біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық
оралымның түрі.
Мәселен, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар (өте батыл, ештемеден
қорықпайтын), қол қусырып (бостан-босқа), аузы-мұрны қисаймастан
(ұялмастан, шімірікпестен);
Демек, фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің эквиваленті қызметін
атқарады.
2.Фразеологиялық бірлік. Фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы
құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің бір тұтас келтірінді
мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады.
Демек, құрастырушы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан пайда болған
образды, келтірінді, астарлы мағына.
Мәселен, тілі қышу, қолға алу, бел буу.
3.Фразеологиялық тізбек. Ерікті мағынасындағы сөз бен байлаулы
мағынасындағы сөздің тіркесі.
Мәселен, мидай дала, шалқар көл, тас қараңғы, аталы сөз, су жаңа.
4.Фразеологиялық сөйлемше. Ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ
құрамы мен қолданылуы тұрақты тіркес.
Мысалы: құрғақ қасық ауыз жыртар, тауықтың түсіне тары кірер.

[11.170-177]
Фразеологизм құбылысының ерекше түрі-мақал- мәтелдер.
Ғалым Н.М.Шанский оны фразеологиялық сөйлемше деп атаса, [5.76] ұлы
жазушы М.Әуезов: Мақал- мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық
формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы
осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының өзінің де асқан
ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы,- дейді.
[18.234]
Зерттеуші М.Ғабдуллин мақалды образ арқылы берілген логикалық ой
қорытындысы деп есептейді. [19. 78]
Түркітанушы А.Нұрмаханов мәтелдердің біразын сөз тіркестерінің
қатарына жатқызуға болатындығын айтады. (Бірақ олар бір мағынаны білдіруі
шарт).
[14. 204-205]
Мәселен, Шаранасы кетпеген[тазармаған]. Ес білмейтін жас нәресте,
ернінен енесінің сүті кетпеген. Шаранаңнан тазармай жатып не бетіңмен
келдің деймін?! (С.Ш) [17.559]
Сондай-ақ, кейде тұрақты тіркес мақал-мәтелдердің құрамына еніп,
олардың ажырамас бөлігіне де айналып кететіндігі де байқалады ,- дейді.
[14. 204-205]
Мысалы: Таяқ жеу.- Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.
Жаны ашымау.- Жаны ашымағанның қасында басың ауырмасын. Демек, мақал-
мәтелдердің тілдік көрсеткіш ретіндегі өзіне тән белгілері:
- белгілі бір ой түйіні болуы;
- сөздердің орналасу тәртібінің тұрақты болуы;
- қайталау, теңеу, күшейту, кішірейту, салыстыру сияқты айшықтау
тәсілдерінің, көркемдеу тәсілдерінің дыбыс үндестігімен үйлесуі;
- әрбір мақал-мәтелдің интонация арқылы аяқталып, тиянақталуы;
- одағай, еліктеуіш, шылау сөздердің мақал-мәтелдерде қолданыс таппауы;
Мысалы: Іріген ауыздан шіріген сөз шығады. Мәдениетсіз адамның сөзі де
жаман деген мағынада. Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деп, осы жаман-ақ
қайдағыны тауып айтады. [17. 580]
Ғалым Ә.Қ.Ахметов өзінің Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер
атты докторлық диссертациясында фразалық тіркестердің идиомдар және
фразалар болып екіге бөлінетіндігін айта келіп, олардың бір-бірінен
айырмашылығын атайды: Идиомдардың құрамына кіретін сөздер өздерінің тура
мағынасынан айырылып қалады да, бір-бірімен жымдасып, басқа мағынаға ие
болады.
Керісінше, фразаның мағынасы сол фразаны құрайтын сөздердің тура
мағыналарынан туындайды. [20.53]

Мысалы,

Идиомдар Фразалар

Қабырғаңмен кеңесу. Жақын Ата жолын қуды.
кісілермен келісті, ақылдасты; Бабалардың, әкелердің салып

өз-өзімен ойласты. [17.301] кеткен жолымен, айтып кеткен

Біздің Марияға айтарымыз, өсиетімен жүрді. Шоңмұрын:
адаспа, сабаңа түс. Жолдас–жораң, Ата жолын қусам, ізімен
қабырғаңмен ақылдас, жүрсем неге қыңылық
әлі де кеш емес демекпіз.[17.301] болады.

Тонның ішкі бауындай Өте Ыстық сезім Бұл жерде
жақын, өз адамындай. Сағынған көңіл,іштей
толқу
Біреулерді тонның ішкі бауын- айтылып тұр.
дай көріп, жақын тартады. Ахмет барлақ айналадағы кең
(Т.Н.) [17. 505] дүниеге, әсіресе,
мынау
өзі туған
сахараға, өлке
белдеріне
соншалық
бір
туысқандық ыстық
сезіммен,
кешіріммен де

қарайды.(М.Ә.)
Лингвистикада фразеологизмдердің түрлерін әртүрлі терминмен
атағанымен, (В.В.Виноградов-фразеологиялық тұтастық, І.Кеңесбаев-
фразеологиялық түйдек, М.Балақаев-идиомалық тіркес) барлығы
фразеологизм құбылысын үлкен 3 топқа бөледі.
Әрі, бұл топтардың бір-бірінен айырмашылықтарымен қатар ұқсастықтары
да бар. Себебі, бұлар бір фразеология құбылысының әртүрлі көріністері.
Олар:
1. Идиома.
2. Фраза.
3. Мақал- мәтел (фразеологиялық сөйлемше- Н.М.Шанский).

Келесі схемаға назар аударсақ:

Идиома, фраза Мақал- мәтел

Ұқсастықтары:

Мағына тұтастығы Қолдану тиянақтылығы

Айырмашылықтары:
Фразеологизмдердің әр түрлілігін, әр түріне тиесілі ерекшеліктерін,
қасиеттерін сипаттау негізінде олардың бір-бірімен ұқсастықтарын
жинақтаумен қатар, айырмашылықтарын саралау, дифференциялау арқылы аталмыш
құбылыстың толық сипаттамасы шығады. Фразеологизм құбылысы дегеніміз не
деген сұраққа сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелі жауап бола алады.
Фразеологизм сияқты қыр-сыры мол құбылыстың толық сипаттамасын тек
барлық қызметін (варианттылығы, синонимдігі, қалыптасуы, пайда болуы,
эмоционалды- экспрессивтілігі суреткер тіліндегі қолданысы) танып білген
уақытта ғана бере аламыз.
ә)1976 жылы шыққан Фразеологическая система языка деп аталатын
жинақта Л.П.Каменева: Для развития фразеологической теории важно изучение
вариантности, которая в высшей степени присуща фразеологизмам и их
отличительным признаком от слова дей келе, варианттылықтың 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизм және оның зерттелуі. Қазақтың би-шешендерінің тіліндегі фразеологизмнің қолданылуы
Неміс және қазақ тілдердегі сан есімге (3;7) қатысты фразеологиялық сөз тіркестері
І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ ҚОЛБАЛА ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Фразеологиялық тізбек және оған ұқсас бірліктер
Соматизмдер мен фразеологизмдердің құрылымы және қызметі
Фразеологизм мен сөз және фразеологизмнің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Тұрақты тіркесті мезгіл пысықтауыш
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Сөйлеу тілінің лексикасы
Пәндер