Темперамент және жеке тұлға
Жоспар
Кiрiспе.
1.1.Темпераменттiң физиологиялық негiзi.
1.2.Темпераменттiң психологиялық мiнездемесi.
1.3.Темперамент және жеке тұлға.
2.Темпераменттi зерттеу әдiстерi.
2.1.Темпераменттi зерттеудiң әдiстемелiк жолдары.
2.2.Зертханалық әдiс.
2.3.Темпераменттi зерттеудiң анамнестикалық әдiсi.
3.Темперамент төңiрегiндегi отандық және шетел психологтарының зерттеулерi.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
КIРIСПЕ
Темпермамент – нерв жүйесiнiң тума қасиеттерiнен туындайтын адамның
жеке өзгешелiгiнiң бiрi.
Темперамент жеке адамның қозғалысын сипаттайды, бiрақ оның
қызығушылығын, көзқарасын, сенiмiн көрсетпейдi, жеке адамның құндылық
көрсеткiшi бола алмайды, оның мүмкiндiгiн көрсете алмайды (темпераменттi
мiнез немесе мүмкiндiк қасиеттерiмен араластыруға болмайды). Темпераменттiң
мынадай негiзгi белгiлерiн атауға болады:
1). Нерв жүйесiнiң қызметi және адамның мiнез
құлқының белсендiлiгi мына жағдайда көрiнедi:
әртүрлi дәрежедегi белсендiлiк, қоршаған ортаны қайта құру және игеру,
өзiн әртүрлi қызметте көрсету.
Жалпы белсендiлiк әр адамда әртүрлi көрiнiс бередi. Екi түрлi ұшқарылықты
атауға болады: бiр жағынан – енжарлық, бойкүйездiк, екiншi жағынан –
қуаттылық, белсендiлiк, талаптану. Осы екi белдеудiң арасында әртүрлi
темперамент иелерi орналасқан.
2). Қозғалу және сөйлеу органдарының белсендiлiгiн адамның қозғалысы
көрсетедi. Ол адамның сөйлесуiнен, күшiнен, бұлшық еттер қозғалысының
үдемелiлiгiнен және оның сыртқы қозғалысынан байқауға болады.
3). Эмоционалдық белсендiлiк адамның эмоционалдық әсерiнен, яғни көңiл-
күйiнен, импульсивтiлiгiнен көрiнедi.
Темперамент адамның мiнез-құлқынан, қызметiнен және iшкi сезiмiнен
көрiнедi. Осындай тұрақты белгiлерiне қарап темпераменттiң кейбiр
қасиеттерi туралы белгiлi бiр деңгейде қарастыруға болады. Ү ғ. өмiр сүрген
Ежелгi грек данышпаны Гиппократ темпераменттiң төрт түрiн сипаттаған,
оларға мынадай атаулар берiлген: сангвиник темпераментi, флегматик
темпераментi, холерик темпераментi, меланхолик темпераментi.
Ол темпераменттiң негiзгi түрлерiне сипаттама берген, бiрақ ол
темпераменттi нерв жүйесiмен байланыстырмай оны адам ағзасындағы
сұйықтармен үйлесiмдiлiгi бар деп тапқан.
Темпераменттi ең бiрiншi топтастыруды ұсынған Гален болатын, ал оның
топтастыруы бiздiң заманымызға аз-маз өзгерулермен жеттi. Темпераментке
берiлген соңғы, қазiргi психологияда пайдаланылып жүрген сипаттаманы немiс
философы И.Кант жасаған.
И.Кант адам темпераментiн екiге бөлген: сезiм темпераментi және
қозғалыс темпераментi.
Сол уақытта қажеттi материалдардың жетiспеушiлiгi бiлiмнiң ғылыми
негiзiн жасай алмады,тек И. П. Павловтың адам мен жануарлардың жоғары нерв
қызметiн зерттеуi ғана нерв үдересiнiң негiзгi қасиетi темпераменттiң
физиологиялық негiзi екенiн белгiледi.
1. ТЕМПЕРАМЕНТТIҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГIЗI.
Ғалым И.П.Павловтың iлiмi бойынша жеке мiнез-құлықтың психикалық
қызметiнiң даму ағысы жеке адамның жүйке жүйесiнiң қызметiне байланысты.
Нерв қызметiнiң жеке ерекшелiгiнiң негiзi – екi негiзгi жүйке үдерiсiнiң
қозғағыштық пен тежегiштiктiң пайда болуы.
Қозғағыштық пен тежегiштiк үдерiсiнiң үш түрлi қасиетi анықталды:
1) Қозғағыштық пен тежегiштiк үдересiнiң күшi;
2) Олардың бiрқалыптылығы;
3) Олардың қозғалысы.
Жүйке жүйесiнiң үдерiс күшi нерв клеткаларының қысқа уақытты немесе
ұзақ мерзiмде, бiрақ шоғырланған қозғағыштық пен тежегiштiк қасиеттерiн
өткiзуiмен анықталады. Бұл нерв клеткасының жұмысқа қабiлеттiлiгiн
анықтайды. Жүйке жүйесiнiң нашарлығы нерв клеткаларының ұзақ және
шоғырлығы нерв қозғағыштық және тежегiштiк қасиеттердi қабылдай
алмауынан көрiндi: өте күштi тiтiркендерiштердiң әсер етуiнен нерв
клеткасы қорғау тәжегiштiгi жағдайына көшедi. Ослайша әлсiз нерв
жүйесiнде нерв клеткалары төмен жұмыс қабiлеттiлiгiмен ерекшеленедi,
олардың күш-қуаты тез таусылады. Бiрақ әлсiз нерв жүйкесi жоғары
сезiмтал: тiптi әлсiз тiтiркендiргiштердiң өзiне реакция бередi.
Жоғары нерв қызметiнiң басты қасиетi: нерв үдерiсiнiң тепе-теңдiгi,
яғни қозғыштық пен тежегiштiк қасиеттерiнiң үйлесiлiмдiгi. Кейбiр адамдарда
бұл екi үрдiс өзара тепе–тең, ал кейбiреулерде бұл тепе-теңдiк сақталмайды,
екi үдерiстiң бiреуi басым болады.
Жоғары нерв қызметiнiң негiзгi қасиетiнiң бiрi – нерв үдерiсiнiң
қозғалғыштығы. Нерв жүйесiнiң қозғалғыштығы қозғағыштық және тежегiштiк
үдерiстерiнiң қозғалыс шапшаңдығы, пайда болу және жоғалу шапшаңдығы
(жағдай талап еткен кезде) нерв үдерiстерiнiң қозғалыс жылдамдығы
(иррадиация және концентрация), тiтiркендiргiшке қарсы жауап ретiнде нерв
үдерiсiнiң пайда болу шапшаңдығы мен сипатталады.
Нерв үдерiсiнiң жинақталған қасиеттерi жоғарғы нерв қызметiнiң негiзi
болып саналады. Қозғыштық пен тежелу үдерiсiнiң тепе-теңдiгiне байланысты
жоғарғы нерв қызметiнiң төрт негiзгi түрiн анықтайды.
Әлсiз тип: Жүйке жүйесiнiң әлсiз түрiнiң өкiлдерi күштi, ұзақ және
шоғырланған тiтiркендiргiштерге төтеп бере алмайды. Қозу және тежелу
процестерi әлсiз. Күштi тiтiркендiргiштердiң әсерiнен шартты рефлекстердiң
тежелуi болады.
Күштi, ұстамды тип: Күштi жүйке жүйесiмен ерекшелене отырып, олар нерв
үдерiсiнiң тепе-теңдiк қалпын сақтамайды, тежелу үдерiсi қозғалу үдерiсiнен
басым.
Ширақ тип: Тежелу және қозғалу үдерiсi жақсы және тепе-теңдiк
деңгейде, бiрақ олардың шапшаңдығы, қозғалғыштығы, жүйке үдерiсiнiң
тұрақсыздығы жүйке байланысының тұрақсыздығына әкеледi.
Күштi инерттi тип: Бұл тип-нерв үдерiсiнiң төмен қозғалғыштығымен
ерекшеленедi. Бұл типтiң өкiлдерi ұстамды, бiр қалыпты адамдар.
Жоғары нерв қызметi табиғи жағынан жоғары типке жатады, бұл оған тән
қасиет. Бұл физиологиялық негiзде түрлi шартты жүйе пайда болады, бұл өмiр
процесi әрбiр адамда әртүрлi қалыптасады және жоғары нерв қызметiнiң типi
осыдан көрiнедi.
Адамның мiнез-құлқын, әдетiн, бiлiмiн, қызығушылығын, әрекеттерiн
анықтайтын адамының психикалық қызметiнiң ерекшелiгi адамның жеке өмiрiнiң
үдерiсiнде тәрбие барысында қалыптасады. Жоғары нерв қызметi адамның
өзiндiк мiнез-құлқын, iс-әрекетiн моральдық тұрақтылығын анықтамайды.
2. ТЕМПЕРАМЕНТТIҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МIНЕЗДЕМЕСI
Павловтың көзқарасы бойынша, темперамент адамның өзiндiк ерекшелiгiнiң
негiзгi белгiсi болып саналады. Оларды төмендегiше топтарға бөледi:
сангвиник, флегматик, холерик, миланхолик. Темперамент пен жоғарғы нерв
қызметiнiң арасында тәуелдiк бар екендiгi анықталды.
Жоғары нерв қызметiнiң және темпераменттiң өз ара қатынасын мына
таблицадан көруге болады.
Нерв жүйесiнiң Қозғалғыштығы Темперамент
Күшi
типтерi
Күштi Ұстамды Қозғалғыш Сангвиник
Баяу Флегматик
Күштi
Ұстамсыз Холерик
Күштi
Меланхолик
Әлсiз
Сангвиник темпераментi: Сангвиник адамдармен тез тiл табысады, бiр
қызметтен екiншi қызметке тез ауысады, бiрiздi жұмысты ұнатпайды, өзiнiң
сезiмiн бақылай алады, жаңа ортаға тез үренедi. Оның сөзi жылдам,
сөйлегенде ым-ишара жағы басым келедi, көбiнесе эмоциялы болады. Бiрақ бұл
темпераменттегi адамның көңiл күйi жиi өзгергiш, көп нәрсеге қызығады. Тез
қозу жағдайында ол өзiн белсендi, қызу қанды етiп көрсетедi. Егер де әсер
ету ұзақ, бiр сарынды белсендiлiктi талап етпесе, онда сангвиниктiң
қызығушылығы бәсеңдейдi, онда енжарлық, бойкүйездiк пайда болады.
Сангвиникте қайғы, қуаныш, бауыр басу, жаугершiлiк сезiмдерi тез пайда
болады, бiрақ бұл сезiмдер тұрақты емес, ұзақ және терең сақталмайды. Олар
қалай тез пайда болса, солай тез жоғалуы мүмкiн, тiптi қарама – қарсы
түрлерiмен алмасуы мүмкiн. Көңiл күйi жиi өзгергiш.
Флегматик темпераментi: Флегматик темпераментiндегi бала сабырлы,
орынсыз асып-саспайды. Қызметте табандылық, ойлылық көрсетедi. Бастаған
iсiн аяғына дейiн жеткiзудi ұнатады. Флегматиктiң барлық психикалық үдерiсi
баяу. Сезiм сырт әлпетiнен көрiнбейдi. Бұның себебi-салмақтылық пен нерв
процесiнiң баяулығы. Адамдармен қарым-қатынаста баяу, бiр қалыпты, көңiл-
күйi тұрақты. Өмiрдегi құбылыстар мен жағдайларда флегматик темпераменттi
адамның сабырлығын көруге болады, ол салқын қанды, сезiмiн сыртқа
шығармайды. Осы темпераменттiң осал жерi – қимыл – қозғалыстың баяулығы
өмiрде болып жатқан оқиғаларға солқы қарауы, сол себептен бұл адамда
белсендiлiк, қимыл-қозғалыс шапшаңдығын белгiлi жағдайларда қалыптастыру
қажет. Кейде бұл темпераменттегi адамда еңбекке, қоршаған ортаға, тiптi
өзiне де енжарлық пайда болады.
Холерик темпераментi: Бұл темпераменттегi адамдардың қимыл-қозғалысы
шапшаң, батыл өте сезiмтал болғандықтан, түрлi әсерлерге тез берiледi,
ызақор, ашуланшақ. Олар тез, қызу сөйлейдi, шапшаң қимылды, ұстамсыз.
Холерик темпераменттi адамның сезiмi күштi, көңiл-күйi тез ауысады.
Халерикке ұстамсыздық тән және қызмет кезiнде айқын көрiнедi. Ол кез келген
iстi орындауға белсене кiрiседi, барлық ынтасын салып орындайды. Бiрақ
бұндай адамның энергия қоры жұмыс барысында тез таусылуы мүмкiн, сол кезде
оның көңiл-күйi түсiп, белсендiлiгi төмендеуi мүмкiн. Адамдармен қарым-
қатынаста холерик ұстамсыздық, шапшаңдық көрсетедi, бұл оның басқа
адамдардың әрекетiн объективтi бағалауға мүмкiндiк бермейдi, осы негiзде
ұжымда жанжалдасу туғызады. Тiк мiнездiлiк, қызу қандылық, шыдамсыздық
мiнездерi бұндай адамдардың ұжымда болуына қиындық туғызады.
Меланхоликтiк темперамент: Меланхоликтерде психологиялық үрдiс баяу
өтедi, тiтiркендiргiштердi әзер қабылдайды, ұзақ және күштi әсер, бұл
темперамент иелерiнде баяу қызмет тудырады. Қызметте меланхоликтер енжар,
көбiнесе қызығушылығы аз. Сезiм мен эмоционалды жағдай өте баяу пайда
болады, бiрақ тереңдiгiмен, ұзақтығымен ерекшеленедi. Меланхоликтер
өмiрдегi оқиғаларды бәрiн үлкен әсермен қабылдайды, тез көңiлiне алғыш,
бiрақ сырт бейнесiнде көңiл-күйiн көрсетпейдi. Бұл темперамент өкiлдерi
тұйық, жеке болғанды ұнатады, жаңа адамдармен, аз таныс адамдармен қарым-
қатынасты ұнатпайды, жаңа ортада өзiн ыңғайсыз сезiнедi. Барлық жаңа,
ерекше жағдайлар меланхоликтерде тежелу жағдайын қалыптастырады. Тыныш,
үйренген жағдайда олар өздерiн бiр қалыпты сезiнедi, тыңғылықты жұмыс
iстейдi. Меланхоликтерде оларға тән сезiм тереңдiгi мен тұрақтылығын дамыту
және қалыптастыруға болады.
Психологтардың анықтауынша, нерв жүйесiнiң әлсiздiгi терiс қасиетке
жатпайды. Күштi нерв жүйесi өмiр заңдылықтарының бiрiмен күрессе, әлсiз
жүйке жүйесi басқасымен. Әлсiз нерв жүйесi – сезiмталдығы жоғары нерв
жүйесi, бұл оның өзiндiк ерекшелiгi. Адамның психикалық қызметiне әсер
ететiн темпераменттi бiлу, туа бiткен неров жүйесiнiң ерекшелiгiн бiлу,
мұғалiмге оқу-тәрбие жұмысында өте қажет. Адамдардың темпераменттерiн төрт
түрге бөлу шартты түрде екенiн есте сақтау қажет.Темпераменттердiң өтпелi,
аралас, аралық түрлерi бар, көбiнесе адамның темпераменттерiнде
темпераменттiң түрлi белгiлерi де қосылады. Таза темперамент өте сирек
кездеседi.
3. ТЕМПЕРАМЕНТ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА
Темперамент – жеке тұлғаның психологиялық белгiлерiнiң пайда болуның
табиғи негiзi. Психологиялық зерттеулер мен педагогикалық тәжiрибелер
темпераменттiң өзгеруiне тәрбие мен өмiр талабының әсер етуi мүмкiн
екендiгiн көрсеттi. Сонымен қатар темперамент өзiн-өзi тәрбиелеу барысында
да өзгеруi мүмкiн. Тiптi үлкен адамның өзi де өз темпераментiн өзгерте
алады.
Мысалы, А.П.Чеховтың салмақты, қарапайым, сыпайы адам болғаны бiзге
мәлiм. Бiрақ, мына бiр қызықты мәлiмет оның өмiрiнен алынған. Өзiнiң әйелi
О.Л.Книппер – Чеховаға жазған хатында Антон Павлович мынадай бiр мойындау
жасайды:
Сен менiң мiнезiме таң қалатыныңды жазасың. Менiң табиғатымнан
мiнезiм тiк, ашуланшақ және т.б. Мен өзiмдi ұстауды үйрендiм, себебi
тәртiптi адамға мұндай қылықтар жараспайды. Өткен өмiрiмде мен не
iстемедiм. Көптеген адамдар өз темпераментiнiң ерекшелiгiн тани отыра, оны
басқарудың белгiлi әдiстерiн меңгередi. Мысалы, дәл осылай А.М.Горький
өзiнiң темпераментiнiң қатты көрiнiсiн баса бiлген. Ол үшiн жазушы саналы
түрде өз назарын әртүрлi қосымша әрекетке аударып отырған. Өз көзқарасына
қарсы пiкiр айтқан адамдармен ол өзiн салмақты ұстауға тырысқан.
Темпераменттiң физиологиялық және психологиялық негiзiн түсiнгеннен
кейiн темпераменттi зерттеу әдiсi туралы айтуға болады. Оның қатарына
зертханалық және анамнестiлiк әдiстердi айтуға болады.
2. Темпераменттi зерттеудiң зертханалық, кешендi , табиғи әдiстерi
және бақылау әдiстерi туралы.
Темпераменттi зерттеуде әсiресе Павлов түсiнiгi бойынша, зертханалық
эксперимент әдiсi кеңiнен танымал болды. Оның жақтастарының пiкiрi бойынша,
жасырынған әсерден құтылудың ең тиiмдi жолы. Бұндай экспериментте әсер ету
факторының нақты өлшеммен алуға болады, бұның уақытша сипаттама алу үшiн
мiнез –құлық қуатының өлшемiне баға берудiң маңызы зор.
Тек зертханалық жағдайда ғана субъектiнiң санасын бақылай алмайтын
және сондықтан да өзiне тән темперамент ерекшелiгiн ашатын ырықсыз
реакцияны өлшеуге болады. Лабораториялық эксперимент жағдайының
маңыздылығын нерв жүйесiнiң түрлерiн зерттеумен айналысатын психологтар
атап көрсетедi. Темперамент диагнозын қою зертханалық әдiстер арқылы жүзеге
асуының кемшiлiк тұстары бар, ең бастысы өлшеу мерзiмiнiң аздығы, сол
себептен оның нәтижелерi кездейсоқ болуы мүмкiн. Бұл темпераменттiң
физиологиялық механизмi, бiз атап көрсеткендей, өте күрделi реакцияның
үдемелiлiгiн анықтайтын нерв жүйесiнiң тонусы әр деңгейде әртүрлi. Кейбiр
реакциялар тек жеке адамның темпераментiнен ғана емес, сонымен қатар басқа
да қағида бойынша бiр мезгiлде бақылауға көрiнбейтiн басқа да факторларға
байланысты.
Бұл қиыншылықтарды жеңу үшiн комплекстiк, полифункционалдық зерттеулер
қолданылады, онда темпераменттiң көрсеткiшi мен әртүрлi реакция тiркелген.
Бұндай зерттеулер қолданылған аппаратураны есепке алғанда өте қымбат және
тәжiрибе өткiзушiден дайындықты талап етедi.
Көптеген зерттеушiлер, әсiресе балалар темпераментiн зерттеушiлер
темперамент диагнозын анықтау үшiн табиғи тәжiрибе жасайды, тәжiрибе жасау
әдiсiнiң негiзгi белгiлерi бар, сонымен қатар ол бақылау әдiсiне жақын.
Бұл әдiс темпераменттiң жүруiн және шартын бақылауға мүмкiндiк бередi,
оны басқаруға сонымен қатар бұл қызықтыратын мәселенi табиғи жағдайда
қарастырамыз, ол баланың күнделiктi өмiрiне жақын. Бала өзiнiң бақылау
объектiсi екенiн, оның мiнез-құлқы және реакциясы тiркелiп, арнайы
жоспарланған тәжiрибеге бағытталғанын сезбейдi. Бала темперментiн зерттеу
үшiн зерттеушi әртүрлi қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруы қажет. Эксперимент
шарттарын қанағаттандыру үшiн ойынның барысы мен ережесi зерттеушi
тарапынан қатаң бақыланып және тiркелiп отыруы шарт.
Психологтардың арасында да аса белгiлi емес, бiздiң ғасырымыздың 30ж.
Польшадағы алғашқы пионерлердiң бiрi С.Валегурскийдiң темпераменттi зерттеу
әдiсiне қысқаша түсiнiк бере кетсек:
Қозғалыс импульсын өлшеу үшiн белглi бiр бұйрыққа адамның шапшаңдығы
есепке алынады. 3-4 жастағы қыз балаларды бiр қатарға қойып, оларға
тапсырма түсiндiрiледi. Олар бұйрықтан кейiн экспериментаторға қарай
жүгiрулерi керек, бiрақ тек үш деген бұйрықтан соң ғана жүгiру керек
екенiн ескерттi. Тәжiрибе бес рет қайталанды. (Өзiн-өзi ұстай бiлу
И.П.Павловтың шартты тежелу күшi өлшемiнiң осыған сәйкес). Қозғалыс
импульсының көрсеткiшi болып уақыттан ерте реакция есептелiндi, тәжiрибеге
қатысушылардың импульсивтiгiн команда аяқталмай-ақ жүгiрiп кеткендiгiмен
есептелiндi. Уақыттан ерте реакциядан тежелу жолы (бiзде бүгiн өлшенiп
отырған), И.П.Павловтың шартты тежелу күшiн өлшеу түрiнiң сәйкестерiн еске
түсiредi.
Басқа жағынан темпераменттiң реакция жылдамдығы, әсер ету қарқыны
сияқты қасиеттерiн С.Валигурса бұйрық берiлген уақыттан орындалғанға
дейiнгi уақытпен өлшеген. Мысалы, екi кубиктi ал, оның бiреуiн орындыққа
қой да, екiншiсiн маған бер! деген бұйрық берiлген. Тапсырмалар әртүрлi
қиындықтармен болды. Осындай сегiз бұйрық берiлдi, олардың орындалу мерзiмi
жиынтық және жеке уақыт бойынша есептелiнедi. Келесi бiр тәжiрибеде дәл осы
мақсатта маржанды тiзу және фасольдi бұршақтан айыру секiлдi тапсырмалар
берiлдi.
Екi тапрсырмада да баланың осы жұмысты орындау барысындағы жылдамдығы
есептелiнедi. Осылайша автор көрсеткен темпераменттiң шыдамдылық,
ұстамдылық, батылдық сияқты түрлерi де өлшенедi.
Қалыпты жағдайда өткен қарапайым ғылыми тәжiрибе темпераменттiң
кейбiр қасиеттерiнiң сандық сипаттауына жағдай жасайды, бiрақ қолданылған
тапсырмалар өте жеңiл не қиын болмауы керек, әр балаға жеке тұрғыдан келу
керек. Педагогикалық жұмыс барысында оқушының психологиялық ерекшелiгi мен
темпераментiнiң дагностикасын жасаудағы әдiстiң бiрi – бақылау. Бiрақ жеке
тұлғаның темпераментiн және басқа да анықтау үшiн оның мiнез-құлқын бақылау
жеткiлiксiз.
Оқушының жалқаулығын, өтiрiк айтуы не өмiрге деген қызығушылығын
айқындау оның темпераментi туралы еш мағлұмат берiлмейдi, себебi бұл
ерекшелiктер баланың мiнезiне, қызығушылығына байланысты. Сонымен қатар бiз
баланың өзне тапсырылған iстi тез атқаратынын, кездейсоқ өмiр
жағдайларындағы және қиын жағдайлардағы мiнез-құлқымен танысамыз,
байқаймыз көптеген осындай бақылауларды негiзге ала отырып, олардың
темперамент ерекшелiктерi туралы айта аламыз.
Темпераменттi танудың ең нәтижелi жолы – бағытталған бақылау, оның
көмегiмен темпераменттiң жоғары және төменгi деңгейдегi ерекшелiгiн
көрсететiн мiнез-құлық үлгiсiн тiркеуге болады. Арнайы дайындығы жоқ
адамдарға мұндай бақылауды жүргiзуге бақылау бағдарламасын құрайтын бақылау
кестесi көмек бередi. Бұл кесте мiнез-құлықтың қай үлгiлерi мен
жағдайларына баса назар аудару керектiгiн нұсқайды.
2.1. ТЕМПЕРАМЕНТТI ЗЕРТТЕУДIҢ ӘДIСТЕМЕЛIК
ЖОЛДАРЫ.
Жүйелiк салыстыру және физиологиялық және психологиялық зерттеулер
үйлестiрiлiмi психологиялық зерттеулердiң барынша сенiмдi әдiстемелiк
жолдарының түйiнi болып табылады. Темпераменттi психологиялық зерттеуде бұл
әдiстемелiк жол негiзiнен жемiстi болып келедi. Кез келген психологиялық
үдерiс немесе жеке адам қасиеттерiнiң нейрофизиологиялық негiзде қарағанда
темпераменттiң нейрофизиологиялық негiзi көбiрек зерттелген . Нерв
жүйесiнiң жалпы түрi – жоғары нерв қызметiнiң физиология облысындағы ерекше
бiр түрi. Бiз мұнда көптеген тәжiрибелiк деректерге және практикалық
тұрғыдан зерттелген тәжiрибелiк қолданыстарға негiзделген теорияға
сүйенемiз. Соңғы кезде теорияның жалпы түрi және оны зерттеу әдiстерi
адамға байланысты да кең түрде жоспарланған. Бiздiң қолымызда адамның нерв
жүйесiнiң жалпы түрiн зерттеу жөнiндегi әдiскерлiк мысалдардың бай қоры
бар. Нерв жүйесiнiң жалпы түрiн физиологиялық тұрғыдан зерттеу
темпераменттi эксперименталды-психологиялық зерттеудiң жаңа әдiстемелiк
жолдарын ашады. Темпераменттiң психологиялық мәлiметтер қасиетiн, яғни
арнайы психологиялық сипаттамасын анықтау үшiн, жоғарғы нерв қызметi мен
темпераменттiң арасындағы байланыс деңгейiн анықтау қажет. Бұл үшiн екеуiн
әрине салыстыру керек. Темпермент қасиетiнiң қалыптасуындағы антенаталдық
және постананталдық жайттардың рөлiн анықтау да салыстыруды талап етедi.
Қасиеттiң жалпы түрiнiң көрiнуi әне өзгеруiн, қай деңгейде
өзгеретiндiгiн, сыртқы жағдайларға байланысты өзгеретiндiгiн анықтау
керек. Бұл арқылы бiз темпераменттiң өзгеру қасиетi мен оның көрiнуiн және
оны өзгертуге тәуелдi, себептерi мен талаптары туралы болжамдар жасай
аламыз. Бұл болжамдарды анықтау үшiн психологиялық зерттеу жүргiзудi талап
етедi.
Жалпы түрiн және оның кейбiр қасиеттерiнiң жеке тұлғаға қатысын
салыстыра отыра, бұл қатынастардың мiнез-құлық белгiлерiмен iс-әрекет
түрлерiнен көрiнуi және т.б. психологиялық зерттеулерде басшылыққа алатын
жеке тұлғаның қасиетi мен темпераментiнiң байланысының гипотетикалық
заңдылығын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Олай болса, темпераменттi зерттеудiң негiзгi әдiстемелiк жолы –
физиологиялық және психологиялық зерттеулердiң мәлiметтерiн салыстыру.
Мұндай салыстырудың негiзгi әдiстемелiк қағидасы қандай болу керек
(В.С.Мерлин, 1957)? Әрбiр шартты реакция физиологиялық шартты-рефлекторлық
механизммен белгiлi психикалық көрiнудiң көрсеткiшi болып табылады.
Сондықтан да психикалық және физиологиялық салыстырулар арқылы бiз сыртқы
көрiнiстердiң көрiнуiн емес мысалы двигателдiктiң секреторлықпен немесе
секреторлықтың двигателдiлiкпен салыстырамыз деген қорытынды шықпауы керек.
Салыстыру кезеңiнде iшкi көрiнiстердi емес (сыртқы көрiнiстердi салыстыру
керек) психикалық және нейрофизиологиялық үдерiстердi iшкi көрiнiстерiнiң
мәлiметтерiне сүйенетiн, яғни сыртқы процестi салыстыруымыз керек.
Физиологиялық психикалық салыстырулар екi жағдайда да толық немесе жартылай
сәйкес келетiн сыртқы көрiнiстердi талдау арқылы өтедi. Осымен бiрге сыртқы
көрiнiстiң психологиялық талдау тәсiлi мен мiнезi физиологиялық талдау
тәсiлi мен мiнезiнен ерекше.
Физиологиялық талдауда сыртқы көрiнiсi нейрофизиологиялық үдерiстi
анықтайтын белгiсi ретiнде көрiнедi. Мысалы, сiлекей бөлiнуiнiң күшеюi бұл
тiтiркендiргiште қозудың күшеюi мен тежелудiң әлсiреуiнiң белгiсi, ал
сiлекейдiң бөлiнуiнiң әлсiреуi нерв үдерiсiнiң қарама-қарсы жолымен өтедi.
Психологиялық талдауда сыртқы көрiнiс психикалық қызметте көрiнiс беретiн
белгi ретiнде танылады. Мысалы, қызару немесе қуару эмоционалдық әсердiң
белгiсi ретiнде көрiнедi. Дегенмен, психологиялық талдауда сыртқы
көрiнiстер спецификалық рөлде көрiнедi. Адамның iс-әрекетi мен қимылы
белгiлi бiр мақсатқа, түсiнiкке, бейнеге негiзделген. Бұрын тек қана
дәрiптеу түрiнде – адамның ойында болған нәрсе кейiн шынымен материалдық
жағдайда, қимылда, қызмет жағдайында, iс-әрекетте жүзеге асады. Iс-әрекет,
қимыл, қызмет – бұл түсiнiк бейне, қалаудың азды-көптi көшiрмесi болып
табылады. Сондықтан да қимыл iс-әрекетке қарап бiз тек қана қандай да бiр,
тiлектiң бар екенiн бiлiп қана қоймаймыз, сонымен қатар олардың мазмұны
жөнiнде де сараптай аламыз. Психикалық қызметтiң мазмұнын талдау
психологиялық талдауда негiзгi, анықтаушы, туындаушы болып табылады.
Психикалық үдерiстiң белгiлi бiр сапалы ерекшелiгi белгiлi бiр
психологиялық мазмұнмен байланысқанда ғана нақты мағынаға ие болады.
Сыртқы көрiнiстер, егер белгi ретiнде қарастырылса өте көп мағыналы
болады.
И.П.Павловтың тұжырымдамасынан, нерв жүйесiнiң жалпы түрiн
темпераменттiң басты физиологиялық негiзi түрiнде қабылдаймыз. Осы орайда
жалпы тип нерв жүйесiнiң конституциондық түрi ретiнде, яғни нерв үдерiсiнiң
тежелу және тiтiркендiргiш қасиеттерiнiң белгiлi бiр жиынтығы ретiнде
қабылданады (П.С.Купалов 1954). Дегенмен, темпераменттiң көрiнуi орталық
жүйеден тыс жатқан, ағзаның жалпы конституциясынан немесе эндокриндiк
жүйенiң жеке қасиеттерi сияқты физиологиялық шарттарына тәуелдi болуы
мүмкiн.
И.П.Павловтың зерттеулерi бойынша, жеке психикалық ерекшелiктердi
жүйелi түрде жалпы нерв жүйесiмен және оның қасиеттерiмен салыстырып отыру
қажет. Бұл жерде ненi салыстыру керек?
Cattell факторлық тұжырымдамасының көзқарасы бойынша, тип ұғымы мүлдем
қате. Жеке тұлғаның кейбiр белгiлерiнiң арасында ешқандай байланыс жоқ.
Олардың арасындағы байланыс көпмағыналы. Сондықтан да Cattell темпераментi
және жеке тұлғаны зерттеу кезiнде тип ұғымы пайдаланылады. Ол фактор ұғымын
пайдаланады. Фактор ұғымының астарында ол бiр-бiрiмен берiк байланысатын
белгiлi бiр кешен белгiлерiнiң қасиетiн түсiнедi.
Факторлық тұжырымдама түсiнiгi бойынша, Гиппократ iлiмi бойынша,
жоғары нерв қызметiнiң жалпы типi ғылымға дейiнгi ешқандай статистикалық
дәлелдемелерсiз тұрмыстық түсiнiктер бойынша алынған. Әрине, бұл ой
негiзiнде жалпы нерв жүйесiнiң типi мен темпераменттiң типiн салыстыруға
мүлдем болмайды.
Егер бiз нерв жүйесiнiң жалпы типi мен темпераменттiң типiн Павлов
зерттеулерi бойынша түсiнсек, жағдай басқаша болады. И.П.Павловтың тұжырымы
бойынша жалпы типтiң кейбiр қасиеттерiнiң арасында заңды және қажеттi
байланыс болады. Заңдылық пен қажеттiлiктiң байланысы физиологиялық
тәжiрибеде белгiленген.
Темпераменттiң бөлек психологиялық қасиеттерiн жоғарғы нерв қызметiнiң
жалпы түрiмен салыстыру, егер психикалық ерекшелiк қандай да бiр
физиологиялық қасиеттiң бiр түрiне емес, бiрнешеуiне тәуелдi болса ғана
қажет. Мысалы, И.М.Палей нерв жүйесiнiң жалпы түрi мен тежелудi салыстыра
отырып оның тек тежелу күшiне ғана емес сонымен қатар қоздыру күшiне де
тәуелдi екенiн көрсеттi.
Темперамент қасиеттерiн басқа жеке психикалық ерекшелiктерден ажырату
үшiн мұндай салыстыру қажет. Бұдан шығатын қорытынды, темпераменттiң
физиологиялық негiзi – нерв жүйесiнiң жалпы түрi. Сондықтан берiлген
психикалық негiз толық нерв жүйесiнiң түрiне тәуелдi болмаса, онда ол
темперамент көрiнiсi бола алмайды. Осындай жолдар арқылы Л.Б.Ермалаева-
Томинаның және А.И.Ильиннiң жұмыстарында темпераменттiң түрлi бүркемеулерi
көрсетiлген.
Нерв жүйесiнiң жалпы түр-түрiне бiрiңғай тәуелдi болуын анықтау өте
маңызды, дегенмен бiз барлық физиологиялық ерекшелiктерiн, құрылым түрiн
және спецификалық рөлiн толық бiлмеймiз. Жалпы түрге бiрiңғай тәуелдi болу
өте маңызды тәжiрибелiк мағынаға ие, әсiресе қызмет адамға бiрiңғай қатаң
талаптар қоййғанда. Бұл ғарышқа ұшатын кандидатты таңдауда өте жақсы
байқалған. Мұндай кезеңде қызметке көндiгу өзiңе лайық түрiн таңдау жолы
арқылы мүмкiн.
Нерв жүйесiнiң жалпы түрi мен темпераменттi салыстыру темпераментке
байланысты сұрақтарды толық шешуге жеткiлiксiз. Бөлек физиологиялық
қасиеттер түрi мен жеке психикалық ерекшелiктер арасында көптеген байланыс
болуы мүмкiн. Бiр физиологиялық қасиет түрiне бiрнеше психологиялық
ерекшелiк тәуедi болуы мүмкiн, не керiсiнше, белгiлi психикалық ерекшелiк
бiрнеше түрлi физиологиялық қасиетке тәуелдi болуы мүмкiн. Мұндай жағдайда
басты мақсат, бұл екi байланыстың қандай деңгейде екенiн анықтау, яғни
аподиктикалық емес, стохастикалық байланысын анықтау. Бұл физиологиялық
қасиеттi жеке, психлолгиялық ерекшелiктердi жеке салыстырғанда және алынған
мәлiметтi, статистикалық жолмен талдау арқылы ғана iске асады. Мұндай
статистикалық талдау жеке функционалдық ерекшелiгi ортақ зерттеу жолы
арқылы ғана мүмкiн болады. Мұндай жағдайда факторлық талдау толық құқылы
және мақсатқойғыш. Дегенмен, статистикалық өңдеу жолы арқылы бiз зерттелген
көрiнiстер арасындағы мүмкiндiктер деңгейiн анықтайтынымызды, олардың
арасындағы себептi тәуелдiк емес екенiн есте сақтау керек. Себептi тәуелдiк
нақты эксперименталды талаптардың талдауының көмегi арқылы ашылуы мүмкiн.
2.2. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДIСТЕР.
Зертханалық әдiстерде жүйке жүйесiнiң жалпы түрiн зерттеудiң бiр
ерекшелiгi –жоғары нерв қызметiнiң қасиетi мен механизмi, үдерiсi туралы
бiздiң iшкi көрсеткiштiң ерекшелiгi арқылы бағалауымыз. Осы белгiлер арқылы
бiз қозғалыстық, вегетативтiк, фотохимиялық, респираторлық, секреторлық
т.б. көрсеткiштi әдiстердi ажырата аламыз.
Жануарларға тәжiрибе жасау арқылы бұл әдiстiң өзiндiк ерекшелiгi
көрiндi.
Жүйке жүйесiнiң жалпы түрi мен жеке типтiк қасиеттерiнiң физиологиялық
зерттеулерi жеке тұлғаның және темпераменттiң психикалық қасиеттерiн
психологиялық зерттеулермен салыстыру қажет. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz