Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және зейіннің бала өмірінде алатын орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе бөлімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..2
– 3
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерінесипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 4 –8

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..9 - 17
2.2. Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және
зейіннің бала өмірінде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... .. .17 - 21
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
...29 – 30
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..31

Кіріспе.
Қазіргі қоғамдық - әлеуметік мәселелердің бірі- білім сапасын арттыру
екені белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынанан көптеген
жұмыстар жасалуда: оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық т.б технологияларды
енгізу, мұғалімнің білімін біліктілігін арттыру.
Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына,
білім сапасын көтеруге тигізетін әсері мол. Сонымен қатар оқушылардың
білімді менгеруіне зейіннің алатын орны ерекше.
"Адамға бас, көз, құлақ қандай керек болса, білім алуда сондай
қажет"-деп ұлы әдебиетші, ағартушы А.Байтұрсынов пайымдағандай, бастауыш
сынып оқушыларына сабақты меңгеріп әрі қарай дамыту үшін зейінді болуы
шарт.
Зейіндегі елеулі алға қарай жылжулар бала мектепке барғаннан кейін
болып өтеді, өйткені өмір мен іс әрекеттегі жаңа жағдайлар мектепке дейінгі
балалық кезең жылдарына қарағанда баланың зейініне неғұрлым жоғары талаптар
қояды. Мұғалімге сыныптың ықыласын қажетті деңгейде ұстау үшін елеулі күй
жұмсауға және шығармашылық пен іске кірісуге тура келеді, бұған сабақтың
эмоциялық толыққандылығы, бейнелеу материалының үлкен көлемі, мазмұнның сан
алуандылығы іс әрекет түрлері ықпал етеді.
Бала бастауыш мектепке арнайы психофизикалық және психикалық іс
әрекеттерді меңгереді, олар жазуға арифметикалық амалдарға, оқуға дене
шынықтыруға, сурет салуға, қол еңбегі мен оқу қызметінің басқа да түрлеріне
қызмет етуі тиіс. Оқу қызыметінің негізінде оқытудың қолайлы жағдайларында
және баланың ақыл ойының жеткілікті деңгейінде теориялық сана мен ойлаудың
шарттары пайда болады. (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)
Кіші мектеп жасы кезенінде баланың адамдар мен қатынасының қайта
құрылуы болып өтеді. Л.В. Выготский көрсеткендей, баланың мәдени дамуының
тарихи, нәтижесіне қарай " мінез - құлқының жоғары формаларының социогенезі
ретінде анықталуы мүмкін, ұжымдық өмірдің қойнауында ғана дербес мінез
құлық пайда болады. Оқу қызметінің басталуы баланың ересектер мен және
құрдастарымен қатынасын жаңаша анықтайды. Нақты түрде әлеуметтік
қатынастардың екі саласы болады: "бала - ересек", және "бала - балалар".
Бұл салалар бір бірі мен иерархиялық байланыстар арқылы өзара әрекеттеседі.
Бастауыш мектеп оқушыларының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана
байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына балабақшада бөлу
болмауына, тұрақтылық жағдайына табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға т. б.
жағдайларға байланысты.
Балалар бастауыш мектепте оларға мұғалімдер ұсынған жаңа
жағдайларды қабылдайды және ережелерді бұлжытпай сақтауға тырысады. Мұғалім
бала үшін оның психологиялық ахуалын тек сыныпта ғана емес, сыныптастарымен
қатынас жасау денгейінде де анықтайтын тұлғаға айналады, оның ықпалы
отбасыдағы қарым-қатынасқа да бейнелейді. Отбасындағы бала мен дәстүрлі
қарым-қатынас мазмұнында оның мектептегі өмірінің бүкіл ікезендері
енгізіледі.
Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі кезде оқушылардың әсіресе бастауыш
сынып оқушыларында зейіннің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы
белгілі.
Еліміздің көптеген мектептерінде аталған мәселенің шешілу жолдарын
қарастыруда. Сондықтан да осы аталған мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосу
мақсатында курстық жұмысымның тақырыбын " Бастауыш сынып оқушыларының
ерікті әрекеті - зейінін қалыптастыру ерекшеліктері " деп алдым.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама.
Бастауыш мектеп өскелен ұрпаққа білім берудің бастамасы.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп
өркендеуіне, ел талап- тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың
психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына
қарай өрістету міндеттері қойылады. Еліміздің егемендігі мен тіліміздің
тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды.
Бала психологиясын жан жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық
ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да
құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне
ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына,балабақшада болу-
балмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы
басқа жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл
кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері,
сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел
бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің
жетілуі баланың психикалық іс әрекеттері мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл
атқарады.
Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың
бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі.
Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың
қасиеттері мен сапаларын менгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге
бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай
алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады.
Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті
нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейіннің
дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор.
Зейіннің дамуы, сондай ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын
әрекетінің алуан түрлері мен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіңде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың
барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс әрекет белсенділігін көрсете
отырып, ақыл ой еңбегіне зейін арқылы жүзеге асырады
Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап
етеді мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті
едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі -
есте сақталынатын материалдың мазмұнына іс әрекет сипатына, материалды есте
сақтау және қайта жанғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне
байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау
мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан
елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш
жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп
кезеңінде алған білімдері бала өз іс әрекетінде қолдануға машықтанады.
Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен
ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет
жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде
байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы
практикалық әрекетті орындауды үренеді.
Оқу үрдісіне ой операциалары да іске асады. Елестету бойынша
заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру
байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай
алу, себебі салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне
бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой
әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан
жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы
арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым
қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі
келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әнгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе
білу жатады.
Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады.
Сөйлеудің коммуникативтік, сигникативтік функцияларын қолдана алады. Өзін
қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы
өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас,
талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір (
көркем жазу ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің
граматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік
береді.Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі
сезімдер түғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әр мектептегі жаңа
талаптарға негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке
басындағы адамгершілік, жауапгершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбектілік
сияқты қасиеттерді ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: бір бірінің,
жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және
өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден,
ұзақ уақыт күщ жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында
өзін өзі менгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы- оқуы мен
танымдық әрекеттің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен
адамгершілік қасиеттерінің қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер
мен қарым қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.
Бастауыш сынып оқушыларының недәуір мүмікншілігі бар. Себебі
олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.
Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын анғарып көрмеген қабілеті
бар екені анықталып отыр.Осыған сүйеніп кеңес психологтары қазіргі күнде
беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар
мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін
толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді. Егер осы
жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып
баланың психикалық дамуын ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге
ұшырауының себебі ойыеға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.
Соңымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбылары мен қатынас жасап,
осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны
ажырата бастайды. Деген мен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала
әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар
кездеседі: біріншіден бала мектептің жағдайына бейімделе алмай қиналады.
Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден мұғалымнің
өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым қатынас жасауға үйрене
алмағандықтан бала қиналады, сыныатың мұғалымі қанша жақсы болғанымен, бала
оған бата алмай, бірденені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы
партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен
болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын
тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке шешелеріне
еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше
көңіл бөлуді талап етеді.
Үшіншіден бірінші сынып оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл
келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге
жетелемейді, дегенмен бала оқиды, оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған
қызық көрінуінен мектепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған
баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің
жағдайына қызығу балада бірте - бірте сенеді де, оқуға немқұрайды қарайтын
болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып,
тапсырмаларды бірте - бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл
келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете
алмағандықтан үлгерем деуден күдеу үзіп, одан бас тартатың болады.Осы екі
жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін
қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе,
тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі
азды - көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға
қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін
бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы ( екінші
үшінші) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта
қалай оқығанына байланыты. Әдетте, баланың бірнеше обьектіге қызығуы мен
оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бірнеше обьектінің бір
жағы сырттай біреуге ұнайтының айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі
де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске
берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бірнеше нәрсеге
құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы
мәселеге бірінші сыныпта мән беруі қажет. Жалпы алғанда екінші үшінші
сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі,
біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегі тілінің ұшында болып тұрады.
Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін
мүдіртпей орындайтын болады.

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерінің бірі – зейін
ерекшелігі.
Төменгі сыныптағы балалар зейінің ерекшелігі олардың нерв
жүйесінің дамуына байланысты. Төменгі сынып оқушыларының үлкен мисыңарлары
қыртысында болатын қозу мен тежелу процестерінің ауысуы біршама жылдам
өтеді. Балалар сырт әсерлерге өте сезімтал келеді, әрбір
тітіркендіргіштерге зейінінің тез ауып кетуі де осыдан. Сондықтан мидың
қыртысында пайда болған жаңа қозу алабы, баланың бұрын жасап отырған
нәрсесінен көңілін аудартып жібереді. Зейіннің өздігінен бір нәрседен
екіншіге еріксіз ауысуы оның аздап тұрақсыздығын байқатады. Бұған күшті
дамыған барлау рефлексі себепкер болады.
Баланың сезімталдығы мынаған саяды: бейнелі, жарқын, көрнекі оқу
материалдары мен тартымды, әсерлі баяндау төменгі сынып оқушыларының
зейінін туғызады.
Бала мектепте оқи бастаған алғашқы айларында әр түрлі жұмыстарға
біркелкі зейін қояды, өйткені оны көбірек қызықтыратын оқу материалының
мазмұны емес, жалпы оқу процесі ғана.
Бірте - бірте оның зейіні кейбір пәнді өту кезінде немесе оқу
жұмысының бір түрімен көбірек айналысқан уақытында шоғырлана түседі. Бұл
оқушының дифференциациялық қызығуының дамуына байланысты.
Сонымен балалардың ырықсыз зейіні үлкен роль атқарғандығы мен,
мектепке дейінгі жасында ақ олардың ерікті зейіні дами бастайды. Бұл
тәрбиенің, балалардың ересектермен араласуының, олармен бірге жасаған іс
әрекетінің нәтижесі.
Балаларға ерікті зейінді ұстай білу көбінесе қиынға түседі,
бұл оның өз еркіне күш сала білмейтіндігінен емес: асықпай сабырмен жұмыс
істей білу деген әлі оларда жоқ. Бұл әсіресе балалар есептің шарттарына зер
салғанда байқалады. Егер бала көңіл аударып үңілмесе, оқу тапсырмалары
сыныпта болсын, үйде болсын орындалмай қалады. Балалар бірте бірте зейін
қойып еңбектенуге дағдыланады, сөйтіп оның үйреншікті зейіні дами
бастайды.
Кіші оқушының зейіні әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге
бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні
алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем
бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінінен
мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Осы бөтен
болмағанымен, сабақтын барлық жағын қызықтырамын деп баланы осыған
әдеттендірсе, оның ерікті зейінін қалыптастыруға кедергі жасайды. Кіші
оқушыда 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес,
бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бола алады. Баланың ерікті
зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп, тапсырманы
қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет. Тек сонда ғана ол осындай
нұсқауды орындауда зейінді болуға ұмтылады. Мұның солай екені мынадан:
зейінсіз болудың өзі берілген тапсырманы қалай орындауды білмеуден
кездеседі. Әдетте, еріксіз зейін сыртқы обьектіге байланысты болып келсе,
ерікті зейін баланың іштей іске ұмтылуына пайда болады. Бұл жерде іштей
ұмтылу деп отырғанымыз баланың оқу үстінде өзін өзі меңгере алуы. Кіші
оқушы өзін өзі іштей меңгере алуы әлі жөнді дамымағанынан, өзін өзі күштен
обьектіге еркіті зейін қоюы онша дамымаған.
Кіші оқушының зейінінің көлемінің және бір мезгілде бірнеше іске
зейінін бөле алуының оқу үшін үлкен маңызы бар. Мысалы: оқушы тексті оқып
отырғанда өзінің соны қалай оқып отырғанына және құрбылары сол кезде оның
оқуын тындап отырғанына бір нәрсе жөнінде жасаған өзіне деген ескертулерін
естіп, өзінің қатесін дер кезінде түзете алады. Төменгі сынып оқушыларының
мұндай тәжірибесі өте аз. Сондықтан да балалар бірнеше обьектіні назарында
ұстай алмайды. Төменгі сыныптағыларға оқу ісінде бірнеше санды қосып одан
шыққан қорытындыны тексеру қиынға соғады, мысалы 4+3+2. 2 санын 7- ге
қосқанда, 7 нің қайдан келгені оның есінен шығып кетеді, өйткені ол үшін
санның үшеуіне бірдей зейінін бөле алмайды. Есепті екі амалмен шығарғанда
да әлгідей болады. Есептің шартын ол қайталай алады, ал бірақ екі амалды
бірдей зейінінде ұстау алғашқы кезде оған қиынға соғады. Әсіресе 7 жасар
балаларда байқалатын зейін көлемінің тарлығы мектепке келіп, мағлұматы
молая бастағанда, тез жойылады.
Зейіннің бөлінушілігі 1 сынып оқушыларында жеткілікті түрде
дами қоймаған. Егер оқушы тапсырманың жауабын тапса болады, өзінің тәртібін
қадағаламай орнынан атап тұрып, қолын жоғары көтереді, олай істеуге
болмайтынын ұмытып кетеді. Дәл осылайша, жазу тұсында дұрыс отыру оған
қиын: ал оның сөз жазу процесіне өте ұқыпты болуы керек, өз жұмысының
мазмұнына қарап өз дәптері қалай жатыр, қаламсапты қалай ұстап отыр, өзі
қандай қалыпта отыр, партаға кеудесімен жатып алған жоқ па, осылай отырған
жөн бе ?т. б. қадағалауы керек. Сондықтанда мұғалімнің мектептегі оқушыны
жазу кезінде дұрыс отыруға үйретуі үшін, біршама күш пен уақытын кетіруге
тұра келеді.
Баланың, зейінін бөле білмегендігін, педагог кейде оқушының
алаң болушылығы немесе тәртіпсіздігі деп қате ұғынады. Егер әнгімені одан
әрі оқып жалғастыруға шақырылған бала жолдасының тоқтаған жерін тез тауып
ала алмаған жағдайда, мұғалім ол баланы бөтен бірдеңемен айналысқан екен
ғой деп ойлайды. Ал расында мектеп оқушысына өз ішінен оқып және жодасының
не оқып жатқаның қадағалап отыруы қиынға соғады. Бұл аз да болса зейіннің
бөлінуін талап етеді.
Осы айтылғандардан төменгі сынып оқушылары үшін зейіннің бөлінушілігі
қол жетпейтін нәрсе деуге болмайды. Үйде және сыныптағы оқу жұмысы осы
қасиетті тез дамытады, сөйтіп балалар өзін өзі байқап, мұғалімді көріп және
тыңдап, тақтаға шыққан жолдасының не жазып жатқаның байқап, еңбектенуге
дағдыланады.
Кіші сынып оқушыларының зейіндерінің шоғырланушылығы, жинақтылығы
әсіресе қызықты жұмыс үстінде жеткілікті түрде қарқынды болады. Бұл
сәттерде ол айналасында не болып жатқанын аңғармайды. Алайда зейіннің
тұрақтылығы әлі дами қомаған. Кейде бір түкке тұрмайтын факт, басқалардың
көзіне іліне бермейтін нәрсе, балалардың зейінін аударады. Бірде мұғалім
әдетте сабақ кезінде көңілдерін сирек бөлетіе балалардың зейінінің болмай
кеткеніне иаң қалады. Оқытушы мұны кейін білді, балалардың жұмысқа салқын
қарауының себебі, сабақта пайдаланылмаған столда тұрған арифметикалық жәшік
екен. Мұғалімді тыңдаудың орнына, олар осы жәшіктің ішінде не бар екен,
оның ішіндегіні бізге қашан көрсетер екен деген оймен отырған.
Оқу материалының өзі – ақ кейде балаларда қажетсіз сезім туғызып,
содан барып олардың зейінінің басқаға ауып кететін кездері де болады.
Бірінші сыныптағыларға сабақ беруші мұғалімнің, қандай да болмасын бір зат,
не фактінің балалардың ойын теріс бағыт бермеуін, жұмыстан олардың көңілін
бөлмеуін қадағалағаны жөн.
Бір нәрседен екінші бір нәрсеге зейіннің аударылуы жөнінде де осыны
айтуға болады. Оқу жылының бастапқы кезінде бірінші сыныптағыларға
қоңыраудан соң бірден сабаққа кірісіп кете алмайды, сондықтан мұғалім
оларды тәртіпке салып, жұмысқа жұмылдырады. Сыныптағы жаттығулардың ауысуы
да бірталай уақытты кетіреді. Кейіннен балалар өзінің үзіліс кезіндегі
демалысынан сабаққа немесе бір сабақтан екінші бір сабаққа зейінін тез
аударуға дағдыланады.
Мектептегі төменгі сынып оқушысына алаң болушылық тән. Ол зейіннің
тұрақсыздығына байланысты.
Баланың қабылдауындағы кемшіліктердің болу себебін оның алаң
болушылығынан деп білу қажет, бірақ оның өзі де бала қабылдауының
ерекшелігіне байланысты. Қабылдаудың жеткіліксіздігіне ұқсас заттарды дәлме
дәл айыра білмеушілік жатады, соның салдарынан балалар кітап оқығанда
буындар мен әріптерді шатастырып бұрмалайды. Мысалға отар деген сөзді
отыр, немесе ана деудің орнына апа т.б. осы сияқты етіп оқуы мүмкін.
Соны мен қатар балалар жазылған әріп пен сөзге зейін салып, үңіліп жатпй,
долбарлап оқиды. Бұлайша оқу қате жіберуге душар қылады.
Алаңдаушылық оқушының шаршағандығынан да болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда балаға дем алдырып, көңілін аулау қажет. Төменгі сынып оқушысының
аландаушылығына баланың қандай да бір ойдың шырмауынан шыға алмау жағдайы
себеп болады. Бұл өмір тәжірибесінің аздығынан және қажетті білімнің
болмауынан туады.
Бір мектеп оқушысы бір тексті көшіріп жазып отырып, былай деп
жазды. Өзен далаға қарай ағады, ал кітапта өзен кері ағады деп
басылған. Балаға кітапқа қарап тексеріп, жазғанын жөндеу тапсырылғанда, ол
ешқандай қате таппай қойды, өйткені кері деген сөз оның бұрын естіп
білмеген сөзі екен.
Зейінді тәрбиел. еуЗейіннің (ырықты, ырықсыз) екі түрі мектептің
төменгі сынып жасында дамытуды қажет етеді, міне сондықтан мұғалімге көп
еңбек етуге келеді. Зейін жаттығулар арқылы дамиды.
Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы
жағдайдың атқаратың маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін
аударатын қоздырғыштардың (шу, баланың әзірлеп отырған сабағына қатынасы
жоқ, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмау керек, қажетті
гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық).
Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін, мектеп оқушысының танымдық ықыласын
дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы ақыл ойы өскен
сайын, оның ырықсыз зейінің дамуы да күшейе түседі.
Мектепке келген балада мұғалімді тыңдау, оқу материалының мазмұнына
үңілу сықылды зейінділік әдеті болмайды. Зейінді тәрбиелеудің бірден бір
жолы мектепте оқудың алғашқы аптасындағы әңгімелер мен ертегілерді
мұғалімнің оқып беруі. Сонымен қатар бұл оқу мұғалімге оқушылардың
қайсысының зейіні зор, қайсысынікі шамалы екендігіне құнды бақылау жасауға
мүмкіндік береді. Балалардың зейін ерекшеліктерін білген мұғалімге олармен
сабақ өткізу жеңіл болады.
Зейінді аударып, оны тарта білудің маңызды шарты сабақты жақсы
ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың жоспарын ойластырып,
уақытты есептеп т.б. мұқият зірленуі қажет. Сабаққа қажетті заттар өз
орнында, рет – ретімен тұруы керек. Сабақ басталар кезде, қажетті құралдар
болмай, соны іздестіріа, не ұмыт қалған сынып журналына, борға балаларды
жұмсап т. б. әбігершілік жасау мектеп оқушысының зейінін қатты бөледі.
Сабақ басталарда, оның мақсатын айтқан пайдалы, өйткені оқушылар өзінің
міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыруы қажет. Осындай күні
бұрын ескерту, балалардың ойын жинақтап, іске қатысы жоқ нәрсені ұмытып,
жұмысқа кірісуіне берілген ескерту болады. Жұмыс басталарда балаларды алда
тұрған істі қуанышпен күтетіндей дәрежеге жеткізген пайдалы. Бұл олардың
зейіні сабақ үстінде күні бойы қандай формада берілуінің маңызы зор:
мұғалімнің белгілі мөлшердегі жарқын, эмоцияға толы, нақтылы фактілер мен
мысалдарға құрылған қызықты әңгімесі, иллюстрациялар көрсету, көрнекі
құралдарды пайдалану. Көрнекілік әсіресе бастауыш сыныптарда өте қажет. Ал
бірақ оны тым асыра сілтеуге болмайды. Бала тек көз алдында заттар мен
құралдар тұрғанда ғана зейін аударып қоймай, оның үнемі зейінді болу жағын
қарастыру қажет. Бала өзінің ойы мен елесін қадағалай білуі керек. Баланың
үнемі көз алдыеда тұратын, таратылып берілетін нәрсені әрдайым санатып
үйретудің қажеттігі шамалы. Мынандай бір әдістер қолданған дұрыс: мұғалім
кубиктерді қолына алып Балалар, мен мына бес кубикті қағазбен жауып,
столдың үстіне қоямын. Ал оған тағы төрт кубик қосамын. Сонда қағаздың
астында неше кубик жатыр?, - дейді . Бұл жағдайда балалар алдымен
кубиктерді көрді, сонан соң оларды ойша елестетуі және қосуы қажет. Мұнда
ішкі зейінді тәрбиелеуге көмектесетін көрнекіліктің ерекше түрі бар.
Толқудың пайда болуы, зейіннің аууы, тез шаршауы балаларға
жиі дем алдырып, сондай ақ сабақты әлсін - әлсін өзгертіп отыруды талап
етеді. К.Д.Ушинский былай деп жазған: Балаға жүр деп, мәжбүр етсең – ол
тез шаршап қалады, секір, тұр, отыр десең де – ол бәрібір шаршайды; ол күні
бойы осы әрекеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Оқушылардың бойында зейін процесінің дамуы
Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Зейін және оның қасиеттері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Пәндер