Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы


Кіріспе
Өзектілігі
. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі - қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы - Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата) . Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.
Х ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Араб және парсы авторлары Қарахандықтардың өздерін «әл-хаканийа», «Афрасиаб ұрпақтарының әулеті» деп атайтындығын жазған. Соңғы зерттеулер бойынша, Қарахан мемлекетін құру, оны нығайтудың алғашқы кезеңінде қарлұқ конфедерациясы құрамындағы чигил және ягма қатарлы белгілі тайпалар үлкен рөл атқарды. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағұлматтар мен деректемелерде сақталмаған деуге болады, осы мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай отыр. Алғашқы Қарахан туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Дегенмен де, Қарахан Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулетінен.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір мен иағмалардан құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.
Қарлұқ қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.
942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды деген де ақпарат сақталған. Қарахандар мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінген. Еншілік иелерінің хұқтары зор болатын, олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгертуге дейін дәрежелері болған. Вассалдық жүйесі бағзы бір кездері көппбасқышты болып келетін. ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ибраһим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді. Бірінші орталығы Бұқара болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мауереннахрды қосыпп алған Батыс хандығы, екіншісі, қамтуына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы, оның астанасы-Баласұғын қаласы болған. Сонымен қатар Қарахан мемлекетіне Ислам дінімен қоса халық ішінде, ең бастысы, көшпенділер арасында тәңірге табынушылық сақталып қалды.
Қарахан әулеті басқарған мемлекетте мемлекеттік тіл негізінен «қаған тілі» болған. Орыс ғалымы В. Григорьев және француз ғалымы Гренар Қашғар тілі, яғни «қаған түрікшесі», қарлық тілі екенін дәлелдеген. ХІІ ғасырда қарлық түрікшесі Ферғана, Ташкент, Самарқандқа дейін Қарахандықтардың орналасқан аймағында, ал түркі тілі тобының басқа бір лексикасын құрайтын- оғыз, яғни батыс лексикасы Сырдариядан Хорасанға қарай қалыптасты. Сондықтан қалықтың негізгі бөліктері қаған тілінде сойлеген деп тұжырымдауға болады.
Сонымен қарлық мемлекетінің Қарахандар әулетіне өту кезеңіндегі қарлықтардың тайпалық бірлестігінде болған этникалық өзгерістерді, хандар атақтарының шығу түп-тамыры, мемлекеттік тілі мен сол кезеңде болып жатқан саяси оқиғаларды қарастыру арқылы Қарахандар әулеті мемлекеттің негізін қарлықтардың ру-тайпалық конференциясының құрғанын көреміз. Сондықтан «Қарахандар әулеті» немесе «Қарахандар мемлекеті» дегеніміз сайып келгенде мемлекеттің іштей дамуының нәтижесі, яғни жаңа дамыған бытыраңқы қала мемлекеттерге ұласуы.
Жазба деректер қарлұқтардың қалалары болғандығы туралы хабарлайды. «Худуд әл- аламның» деректеріне қарағанда, қарлұқтар жері - барлық түрік жерлерінен бай және халық жиі қоныстанған жер. Онда қалалар мен ауылдар бар. Осы дерек бойынша, қарлұқтар елінде 20-ға жуық қала мен ауыл бар деп есептелінеді. Құлан, Меркі, Атлалиг, Тузун, Балық, Барысхан, Талғар, Тонгу, Пенчул, т. б. Әсіресе, қарлұқтар қағанының қаласы ерекше болған, оны әл-Идриси «халқы көп, бекінісі мықты, әскері, қару-жарағы мол қала» ретінде сипаттайды. Көптеген қалалар Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан. Қазақстанның оңтүстістігіндегі аса ірі сауда орталықтары: Исфиджаб, Кедер, Отырар, Янгинкент, Тараз, Баласағұн, Талған, және Қойлық қалалары болып табылады.
Тарихнама.
Жалпы курстық жұмыстың дерек көзі ретінде қаламтартқандардың бірі Сыздықов С. М. өзінің Қарлық-Қарахан мемлекеті саяси тарихы және мәдени мұралары атты монографиясында Қарахан мемлекетінің даму үрдісі кейін Орталық Азияда, Қазақ, Қырғыз, Түркмен және Өзбек хандары және халықтарының қалыптасуына алып келді. Хғасырдан баста Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап, қарлық бірлестігінде этникалық процестердің жаңа кезеңі басталғанын баяндаған. Бірінші жағынан Ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан ХІ ғасырда шығыстан келген миграция толқыны Қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық процестерді одан әрі күрделендіре түсті деп баяндаған [1] .
Сонымен қатар тағы бір қаламтартушылардың біріБерденова К. Ә Қазақстан тарихы оқу құралында Ортағасырлық авторлардың айтуынша, Қараханидтердің алғашқы территориясы ретінде Орталық Тянь-Шаньның Оңтүстік шығысы және Қашғардың солтүстік бөлігі саналады. Мемлекет пен әкімшілік құрылымы отырықшы және көшпелі облыстардың ерекшеліктерін байқататын. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтар негізінен Саманидтер кезінде өмір сүрген құрылымдарды сақтап қалды. Жетісу мен Мәуереннахрдың көгалды жерлерінде әлі де ауыл және қала әкімдері билік етті. Ал далалық аймақтардағы мал шаруашылығына негізделген жерлерде басқару жүйесі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделгенмен, көшпелі қауымдастықтардағы әкімшілік билік олардағы ру-тайпа басшылары арқылы шешіліп отырды, көбінесе оны ильчи-баши (иль-халық, ел, мемлекет) негізінен өздерінің вассалдары бар бай әрі ақ сүйек бектер шығыпп, олардың өкілеттілігі өте үлкен болды деп баяндаған [2] . Қарахан мемлекеті жайында Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» ежелгі және ортағасырлық кезең атты монографиялық зерттеуінде Қолөнер кәсібі жайында археологиялық зерттеулер Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс аудандарында қыш өндірісінің дамығандығын баяндайды. Қала мәдениетін дамытуда ислам маңызды рөл атқарды. ІХ ғасырдың бас кезінде яғни 960 жылы Исламды мемлекеттік дін де жариялаған. Бірінші кезекте ислам діні қалаларда таратылғанын, ал жазба деректерінде Қарахан мемлекетінле түрлі мешіттер болғандығын да айтып қеткен [3] .
В. В. Бартольд қарахандықтардың тегін іздеуде үш тайпаны қарлұқ, яғма, шігіл атаумен шектеледі. Осылардан белгілі болғаны - шігілдер мен яғмалар, түркештер тайпаларының бірі, тухсилер, орхон түркілерінің қалдықтары қарлұқтар одағының құрамына кірді және бұл тайпалардың одағы тарихта IX ғасырдан бері бірге деп есептелінеді. Сонымен Қарахан мемлекеті қарлұқ, шігіл мен яғма тайпаларынан құралды депп баяндаған. [11]
Қарахандар шежіресіне көп коңіл бөлген Ә. Марғұлан: «Тағы да бір шындық, Қарахан тұқымдары туыс жағынан қарлықпен байланысты екенін тарих беттері ашып айтады. Қытай жазушыларының көрсетуі бойынша, олардың шежіресі Түрік қағанаты кезінен басталады, өйткені бірінші Қарахан (Хэли хан VI ғасырдың орта кезінде жасап ) Бесбалықты орда етіп көтерушілердің бірі болған», де жазған.
Осындағы бірінші Қарахан Хэли өзін Ышбара хан (Шаболо хан Хэлу) деп атаған Халлығ болатын. Ол «Он оқ» елін біріктіріп, VII ғасырдың ортасында Қытайдың империялық саясатына ымырасыз күрес жүргізген атақты хан еді. Міне осы «Хэлу Халлығ» аттары мен «шеғу», «жабғу» атақтарынан оның Қарлық елінен шыққан адам екенін байқауға болады деп жазған.
Дереккөзі.
ІХ-ХІІ ғасырларда ислам дінінің кең тарауына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен пайдаланылды. Осы тілде ғылыми және әдеби шығармалар жазылды. Хғасырда аса ірі ғалым
Әбу Насыр әл-Фараби ат-Түрки
ғұмыр кешті. Ол Фарабтан шыққан, әкесі түріктердің әскер басшысы болған. Әл-Фараби тамаша білім алып, ежелгі грек философтарының еңбектерін зерттеді және түсіндірді. Ол 150-ге жуық еңбек жазды, олардың арасында Аристотельдің «Метафизикасына түсініктемелер», «Оргонон», «Инабатты қала тұрғындарының көзқарастары туралы», музыка, математика және астрономия жайындағы тракттаттар бар. Бұларда Әл-Фараби танымының мәні туралы, адам қоғамының табиғаты туралы мәселелерді зерделеді және өз ғылыми көзқарасын баяндап жазды[4] .
ХІ ғасырда Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының тұрмысын зерттеуде
Махмұд Қашқаридің
«Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінің маңызы зор. М. Қашқари Бағдадта тұрды, Орта Азияға және Иранға көп саяхат жасады. М. Қашқаридың еңбегі тек лингвистикалық сипатта ғана емес, ІХ-ХІ ғасырдағы түрік халықтарының орналасуы мен тайпалық құрамы туралы бай мәліметтер қалдырған[5] .
ХІ ғасырда ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» атты өсиет жазды және бұл еңбегін Қарахан билеушісі Боғра ханға сыйға тартты. Ж. Баласағұн география, тарих және философия саласындағы оқымысты адам болған. Оның жырлары өсиет-танымдық сипатқа ие және Қарахан қағанатындағы мемлекеттік басқару істері туралы саяхат, қоғам өмірі, тіл ерекшеліктері, Қарахандық түркілер идеологиясы турал материалға бай [6] .
Қарахан заманында Иасы қаласында сопылық бағытта белгілі ақын әрі ойшыл
Қожа Ахмет Яссауи
ғұмыр кешкен. ОЛ Исламды дәріптеген және алғашқы түріктік насихаттық орасан зор маңызы бар «йисавийаның» -Иасауи танымының негізін қалады. Күллі түрік әлемінде Қожа Ахмет Яссауи өзінің Диуан-и - хикмет (данышпандық туралы кітап) өлең жинағымен белгілі. Жинақ түрік тілінде жазылған. «Диуан-и- Хикметте» ислам көзқарасының негіздері туралы, исламды уағыздаушылардың өмірі туралы, Алла мен мінәжаттық қарым-қатынас жасап, жетістікке жетудің жолы туралы баяндалады. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи моласының басына жиһангер Әмір Темір бұйрығымен сағана (мавзолей) тұрғызылған. Ол осы күнге дейін Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының тәуіп ететін орны болып табылады[7] .
Мақсаты. Қарахан мемлекетінің құрылуымен қатар саяси- тарихи жағдайын саралап, жүйелеп қарастыру.
Міндеттері:
- Қарахан мемлекетінің құрылуы, этникалық құрамын көрсету;
- Қарахан мемлекетінің Мәуереннахрды жаулап алуын айқындау;
- Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету;
- Мемлекеттің шаруашылығы және кәсіпшілік түрлерін зерделеу;
Зерттеу әдістері:
-аналитикалық (әдістемелік әдебиеттерді талдау, жүйелеу, жалпылау, т. б. ) ;
-суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Курстық жұмысында негізгі деректер мен құжаттарыдан, оқуықтардан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан, әлеуметтік желісінен алынды.
- Қарахан мемлекетінің құрылуы, этникалық-саяси тарихыҚарахан мемлекетінің құрылуы, этникалық құрамы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz