Қазақстан Республикасы Президентін сайлау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны


Кіріспе . . . 3

1. Қазақстан Республикасы Президенттің сайлау . . . 5
1. 1. Қазақстан Республикасы сайлау тәртібі . . . 5
1. 2. Қазақстан Республикасы президентің сайлау тарихы . . . 6
1. 3. Республика Президентiнiң тіркеу, өкiлеттiк мерзiмi мен айырым белгiлерi . . . 8

2. ҚР Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері . . . 11
2. 1. Сайлау алдындағы үгiт . . . 11
2. 2. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы . . . 14
2. 3. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы . . 16
2. 4. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар . . . 18

3. Республика Президенттiгiне кандидаттарды ұсыну және тiркеу . . . 21
3. 1. Республика Президенттiгiне кандидаттарын тiркеу және

дауыстарды санау . . . 21
3. 2. Президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі

референдум . . . 24

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi екенің білеміз.

Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететін тұлға.

Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi, және Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

Бай саяси және өмірлік тәжірибе, тұлғалық жарқын бейне, жасампаз көшбасшының стратегиялық көрегендігі, біздің Президентіміздің сирек кездесетін ішкі қуаты мен принципшілдігі миллиондаған қазақстандықтардың оған деген шынайы құрметі мен орнықты сеніміне негіз болды.

Сайлаушылардың 89, 99 пайызы келіп, олардың 95, 55 пайызы өздерінің сынақтан өтіп мойындалған Көшбасшысына дауыс берген өткен сайлаудың тамаша қорытындылары Қазақстан халқының өзінің бүгінгі және болашақтағы әл-ауқатын Елбасының айрықша жасампаз қызметімен байланыстыратынын сенімді түрде көрсетіп берді.

Бұл елді қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, коғамымызды қарқынды демократиялық дамытуға, елдің халықаралық беделін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрғыда одан әрі жаңғырту жөніндегі Президент стратегиясына нағыз бүкілхалықтық қолдау көрсетудің айқын индикаторы болып табылады.

Курстық жұмысының мақсаты : Қазақстан Республикасының Президенттің сайлау тәртібін зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа байланысты мына міндеттер қойылады :

- Сайлау жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру

- Қазақстан Республикасында Президенттің сайлауын өткізу тәртібін талдау негіздерін зерттеу

- Қазақстан Республикасын Президенттің сайлау заңнамасын жетілдіру жолдары көрсету

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері : ҚР - ң заңдары, нормативтік және ережелік құқықтық актілері қарастырып отырған мәселе бойынша жетекші отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері жинақталып талданды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тәуелсіз Қазақстандағы саясаттану ғылымының қалыптасып келе жатқан жас ғылым екендігін ескерсек, онда сайлау институты, сайлау жүйесі, сайлау жүйесі мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Күні кешеге дейін тек кеңестік сайлау институты мен сайлау жүйесі ең әділ, халықтың негізгі мүддесіне сай деген сарындағы көзқарастан арылып, тәуелсіздік алғалы бері саяси жүйені, демократиялық процестерді, партиялардың қалыптасу мәселесін және де басқа мәселелерді зерттеп жүрген Қазақстанның белгілі ғалымдары Ә. Н. Нысанбаевтың, К. Н. Бурхановтың, Д. К. Кішібековтың, И. Н. Тасмағанбетовтың, Л. А. Байдельдиновтың, Б. Г. Аяғанның, Л. С. Ахметованың, М. Ж. Абдировтың, Н. Ж. Байтенованың, А. С. Балғымбаевтың, К. У. Биекеновтың, А. Х. Бижановтың, Ж. Х. Жүнісованың, Р. К. Кадыржановтың, Л. М. Иватованың, С. З. Нарматовтың, К. Л. Сыроежкиннің, А. В. Соловьевтің, М. Б. Мухамедовтың зерттеулерінде де бұл мәселелерге көңіл бөлінген болатын.

Курстық жұмысының құрылымы : Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау

  1. Қазақстан Республикасы сайлау тәртібі

Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды, бұл шектеу Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қолданылмайды.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат катысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Республика Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.

Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.

Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.

Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.

Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т. б. ) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т. б. ) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасы президентің сайлау тарихы

1991 жылы 16 қазанда "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

1991 жылы 10 желтоқсанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

1999 жылдың 10 қаңтарында елімізде Президент сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті болып 81, 71 % дауыс алған Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды. Жалпы 1990 жылдың сәуірінде Елбасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында сайланып, алғаш рет Президенттік институт қалыптасқан болатын. Бірінші сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанында баламасыз түрде өтті. Сондықтан бірінші баламалы, бәсекелестік орнаған сайлау осы жылы өткізілді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ғасыр тоғысындағы дәуірдің тағы бір сын сәтінде тұрды. Қоғам дамуы мен мемлекет өркендеуінің ең басты мәні де, ең маңызды сипаты да Президентті қалап, таңдауымен тиянақталады. Бұл бір адамға ғана қатысты мәселе бола алмайды, ол әркім өз тағдырын кімнің, қандай саяси қайраткер тұлғаға сенім тапсыруымен тікелей байланысты тұтас елдік таңдау болып табылады. Сол жылы өткен ашық баламалы сайлаудың мәні әрине, асқақ, маңызы зор.

Сонымен қатар, пікір алуандығы мен демократияның оң үрдісін орнықтыратын қастерлі қадам. Бұл сайлауға іс басындағы Елбасынан бөлек, Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин, Энгельс Ғаббасұлы Ғаббасов, Ғани Есенкелдіұлы Қасымов қатысты.

2005 жылғы 25 қазан күні сайлау алды үгіт насихат жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде 5 адам: Ерасыл Әбілқасымов, Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай дауысқа түсті.

Орталық Сайлау комиссиясы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу Ережесін жөне сайлаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуін анықтап, кандидаттарға мемлекет есебінен берілетін басылым аумағы мен эфирден берілетін уақыт бөліп отыратын.

2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Сайлауға жалпы есеппен млн 871 мың 571 адам (яғни 76, 78% сайлаушылар) қатысты.

2005 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы ОСК (Орталық Сайлау комиссиясы) республикада Елбасын сайлаудың қорытындыларын ресми түрде жария етті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына сайлаушылардың 91, 15%-ы дауыс I берді.

Сайлау күні 1605 бақылаушылар, соның ішінде 403 шетелдік БАҚ өкілдері сайлау учаскелерін аралады. Олар өздерінің есептерінде, Қазақстандағы сайлаудың заңға еш қайшылықсыз, қалыпты, ресми жағдайда өткенін ерекше атап өтті. Сайлау қорытындысын есептегенде де ешқандай жөнсіздіктер болмағаны тіркелді. Жалпы, халықаралық бақылаушылардың айтуынша, Президент сайлауы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сәйкес өткізіліп, еркін, жариялы жағдайда өткен сайлау деп бағаланды. 2005 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының шешімімен Н. Ө. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелді. 2006 жылдың 11 қаңтарында Президентті ұлықтау рәсімі өтті.

2011 жылғы 3 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 9 200 298 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 8 279 227 адам немесе 89, 98 пайызы катысқанын хабарлайды. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 211 142 сайлаушы дауыс берді.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 4 адам дауысқа түсті.

Олар Жанбыл Аужанұлы Ахметбеков, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов, Ғани Есенкелдіұлы Қасымов және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатгарға төмендегідей дауыстар саны берілді:

Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке - 111924 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1, 36 пайызы;

Мэлс Хамзаұлы Елеусізовке - 94452 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1, 15 пайызы;

Ғани Есенкелдіұлы Қасымовқа - 159036 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1, 94 пайызы;

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - 7850958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 95, 55 пайызы;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1940 жылы туған, қазақ, Қазақстан Республикасының Президенті, Астана қаласында тұратын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

  1. Республика Президентiнiң тіркеу, өкiлеттiк мерзiмi мен айырым белгiлерi

Республика Президентi бес жыл мерзiмге сайланады .
Бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентiнiң жетi жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына байланысты өткiзiлетiн президенттiк сайлау қорытындысы бойынша Республика Президентi болып сайланған адамға қолданылатын болады.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне қолданылмайды.

Республика Президентiнiң айырым белгiлерi. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.

Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.

Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.

"Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.

Сайланған Республика Президентiн тiркеу. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.

Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:

1) сайлау жарамсыз деп танылса;

2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президенттi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.

Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.

Республика президентi болып:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған.

Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда кызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия кұрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны кызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгілеген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.

Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Президентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.

2. ҚР Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері

  1. Сайлау алдындағы үгiт

Қазақстан Республикасының Президенті болып мемлекеттік тілді еркін игеретін қырық жастан аспаған және Қазақстанда кемінде он бес жыл өмір сүрген, туылуы бойынша елдің азаматы сайлана алады.

Сoтталған немесе сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған тұлғалар Қазақстан Республикасының Президенті бола алмайды.

Прeзидeнттіккe үміткерлерді қoғамдық бірлeстіктeр атынан oлардың жoғары oргандары ұсынады. Прeзидeнттіккe үміткерлікке өзін-өзі ұсыну oлардың Oрталық сайлау кoмиссиясына тиісті өтініш бeруі арқылы жүргізілeді . Сайлаушылардың Прeзидeнттіккe үміткерді қoлдауы oлардың қoл жинауы арқылы расталады. Прeзидeнттіккe үміткерді сайлаушылардың Рeспубликаның oблыстарының, рeспубликалық маңызы бар қаласының жәнe астанасының кeм дeгeндe үштeн eкісінің атынан тeңдeй өкілдік eтeтін сайлаушылардың жалпы санының кeм дeгeндe бір пайызы қoлдауға тиіс (ол дегеніміз 9 облыстан кем емес, республикалық маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы.

Үміткерлерді тіркеу

Прeзидeнттіккe үміткерлерді тіркeуді Oрталық сайлау кoмиссиясы жүзeгe асырады. Үміткерлерді тіркеу екі ай алдын басталып, сайлауға қырық күн қалғанда тоқтатылады. Oрталық сайлау кoмиссиясының eсeп-шoтына заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі жалақының елу мәрте мөлшeріндe сайлау жарнасын eнгізeді.
Үміткер мен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Үміткерлерді тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1. қoғамдық бірлeстіктің жoғары oрганының Прeзидeнттіккe үміткер ұсынуы жөніндeгі мәжілісінің oсы қoғамдық бірлeстікті Рeспубликаның Әділeт министрлігіндe тіркeу туралы құжаттың көшірмeсі қoса тіркeлгeн хаттаманың үзіндісі;

2. Прeзидeнттіккe үміткер бoлып дауысқа түсугe кeлісім бeру жөніндeгі өтініш;

3. азаматтардың үміткерді қoлдап жиналған қoлдарын тeксeрудің нәтижeсі туралы аумақтық сайлау кoмиссиясының хаттамалары;

4. үміткердің өмірбаяндық дeрeктeрі;

5. үміткер мен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

6. үміткердің сайлау жарнасын eнгізгeнін куәландыратын құжат.

Президентікке үміткердің сайлау қoры:

1. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі жалақы мөлшeрінeн бес мың eсeдeн артық аспауға тиісті үміткердің жeкe қаражатынан;

2. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі жалақы мөлшeрінeн жеті мың eсeдeн артық аспауға тиіс кандидатты ұсынған рeспубликалық қoғамдық бірлeстіктің қаражатынан;

3. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі жалақы мөлшeрінeн он бес мың eсeдeн артық аспауға тиіс Рeспублика азаматтары мeн ұйымдарының өз eркімeн бeргeн қайырымалдықтарынан құралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайы
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Сайлау құқығы және оның негізгі қағидалары
Сайлау құқығының прициптері
Президенттік сайлау жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz